Материалдар / Гибридті соғыс: идеологиялық соғыс технологиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гибридті соғыс: идеологиялық соғыс технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми мақалада қазіргі XXI ғасырдағы «Гибридті соғыс» ұғымына саяси әлеуметтік анықтама беріліп, сараптама жасалып көрсетілген. Қазіргі замандағы мемлекеттердің «Гибридті соғыс» жүргізу түрлері мен технологиялары анықталып, «Гибридті соғыстың» адамзат болашағына төндіріп тұрған қаупі анықталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2018
979
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тұран» университеті

Ғылыми мақала



Пәні: Әлеуметтік үрдістерді басқару

Тақырыбы: Гибридті соғыс: идеологиялық соғыс технологиялары















Орындаған: Шегебаев Мақсат Талғатұлы.

Қабылдаған: Тейженбетова Айгуль Бижановна.



Алматы – 11.03.2018 ж.

Түйін

Бұл ғылыми мақалада қазіргі XXI ғасырдағы «Гибридті соғыс» ұғымына саяси әлеуметтік анықтама беріліп, сараптама жасалып көрсетілген. Қазіргі замандағы мемлекеттердің «Гибридті соғыс» жүргізу түрлері мен технологиялары анықталып, «Гибридті соғыстың» адамзат болашағына төндіріп тұрған қаупі анықталған.

Резюме

В этой научной статье был проанализирован современно политический термин XXI века «Гибридная война». И были выявлены виды ведения «Гибридной войны» и их технологии в нынешних социально-политических стран мира, а так же научно проанализировано проблемы и угрозы «Гибридной войны» для жизни человечества.

Summary

In this scientific article the modern political term of the XXI century "Hybrid war" was analyzed. And the types of conducting the "Hybrid War" and their technology in the current sociopolitical countries of the world were revealed, and the problems and threats of the "Hybrid War" for the life of mankind were scientifically analyzed.



Гибридті соғыс: идеологиялық соғыс технологиялары



Түйін сөздер: әлеуметтік, адамзат, жахандық заманауй, әскери - жаханды үрдісті, тактикалық соғыс, саяси соғыс, асимметриялық, теория, фактор, санкциялар.

Ключевые слова: социальный, человеческий, глобально современный, военно-неосведомленный процесс, тактическая война, политическая война, асимметричность, теория, фактор, санкции.

Keywords: social, human, globally modern, military-ignorant process, tactical warfare, political warfare, asymmetry, theory, factor, sanctions.



Тарихи кезеңдегі адамзаттың өмірінің басталуынан бері, әлеуметтік тұрғыда әрдайым адамзат қоғамына қауіп-қатер тудырған құбылыстардын бірі – соғыс болып табылатыны бәрімізге де белгілі. Қазіргі тарихи деректер, адамзат тарихтың бастан кешке қандай да болмасын соғыстардың ешбірі, қатыгездік пен қантөгіс өтіп болмағанын көрсетті. Бұл тұрғыда қоғамның жахандық заманауй өзгеріп, дамуымен соғыс, және оның құралдарының сапасы мен саны да әскери - жаханды үрдісті өзгеріп отыратыны құпия емес. Осының негізінде өткен онжылдықтардағы мемлекеттердің өзара үлкен тактикалық соғыс жүргізу тәсілдерінің бір түрі «Гибридті соғыс» болып табылады.

Ал енді осы әскери - жаханды үрдісті заманауй саяси соғыс түрінін тұжырымдамасын анықтайық. Мәселен әлеуметтік желідегі уикипедияда «Гибридті соғыс» ұғымына мынадай анықтама берілген; Гибридті соғыс (ағыл. hybrid warfare) – қандай да дұшпандықтың тұрғысында қарсыласына соғысты жүргүзуде шынайы классикалық әскери шапқыншылық түріне жүгінбейтін, керісінше қарсыласының жолын кесу мақсатында, жасырын операцияларды пайдалана отырып, диверсиялық, киберсоғыстық және сондай-ақ жау аумағында қарсыласты бүлікшілерге қолдау көрсетумен сипатталынған соғыстың бір түрі.

Бұл тұжырымдама негізінде, шабуылшы осы әрекеттердің стратегиялық үйлестірілуін жүзеге асыра отырып, оның қақтығысқа қатыстылығын мойындауға болады. 20-шы және 21-ші ғасырдың басындағы гибридтік әскери әрекеттердің классикалық үлгілері Ауғанстандағы соғыстар (Ауған соғысының алғашқы кезеңінде (1979-1989 жж.), Сондай-ақ АҚШ-та моджахедтерді қолдау және Талибанға қарсы қарулы күресте болған әрекеттер) атап қарастырсақ болады.

Гибридтік соғыстың басталуына асимметриялық соғысты да атап көрсетуге болады, осы негізде қандай да бір бүлікшінің бүлікті соғыс жүргізуінде, әскери тактикалық шеберлігі арта түсіп, гибридті соғыс негізіне айналуы мүмкін. Мәселен, Н. Попеску пайымдауынша, 2000 жылы «Хезболла» Израиль армиясына қарсы әрекет гибридтік соғыс нұсқасы болды [1].

Осы аталмыш мәлімдемелерге сүйене келе, Гибридті соғыс:

  1. Жетілдірілген әскери тактикалар мен әдіс-айлалардан;

  2. Кибер соғыстан;

  3. Ақпараттық жасырын операциялардан;

  4. Жасқа да ұрыс жүргізудің стандартты емес,

әдістерінен тұратын қазіргі заманғы соғыс түрі болып қарастырылатынын атап қарастырсақ болады.

Осыған орай «Гибридті соғыс» ұғымы, соңғы уақытта өзінің дәстүрлі мағынада соғыс сипаттамасынан әлдеқайда асып түсер әсері мен ықпал ету күшін, өз контурын анық және сенімді түрде баяндаған шындыққа айналды.

Бұл негізде гибридті соғыстыңаталмыш тұжырымдамаларының әр қоғамдық тұрғыда атаулары көп, соның бір атауы түрі «Жұмсақ соғысты» қарастырып өтейік.

«Жұмсақ» соғыс  бұл мемлекеттің құндылықтары мен ұлттық қауіпсіздігіне қарсы ең әсерлі, ең сындарлы, шығыны аз, ең қатерлі әрі ең шиеленісті қоқан-лоққы саналады. Өйткені бұл соғыс ең аз қаржы және әскери шабуылсыз-ақ мақсатына жете алады. «Жұмсақ соғыс» кезінде дұшпан нақты әрі алдын ала жоспарланған үгіт-насихаттар мен қоғамдық пікірге әсер ету тәсілдерін пайдаланып, нысанаға алған қоғамға өзінің наным-сенімдерін, мәдениетін, саясаты мен сезімдерін, қалауларын, іс-қимылдары мен ой-пікірлерін қабылдатқысы келеді. «Жұмсақ соғысты» баршаға белгілі соғыстардан айырмашылығы онда әскери қару-жарақтың қолданылмауы болып табылады. Мәселен Америкалықтар «жұмсақ» күшті пайдаланып, Польша, Грузия, Чехословакия, Қырғыз Республикасы, Украина мен Тәжікстанның саяси жүйелерін өзгертті. Бұл саяси өзгерістерде қатыгездіксіз, «жұмсақ» күш пен ақпарат құралдарына сүйеніп, құндылықтар мен әрекеттердің үлгілері өзгертілу арқылы билік басындағы саяси режимдер заңсыз деп жарияланып, халықтық қозғалыстар және саяси тұрақсыздықтың арқасында бұл мемлекеттердің саяси билігі ауысты. Сөйтіп, «жұмсақ» соғыс және «жұмсақ» күш деген терминдер әлемнің саяси әдебиетіне кіріп, сол кезде оған әртүрлі анықтамалар берілді.

Британиялық тарихшы әрі әскери сарапшы Фоллер «жұмсақ соғыс» құбылысын баяндаған бірінші адам болды. Ол бұл құбылысты «психикалық» соғыс деп атап, 1920 жылы қолданған болатын. Бірақ сол кезде Фоллердің «психикалық» соғыс деген терминді пайдаланғанына Ұлыбритания мен АҚШ-ның әскери және ғылыми топтары аса көңіл бөлмеген еді. 1940-шы жылдың қаңтарында «Психикалық соғыс және оны жүзеге асыру жолдары» деген мақаланың жарық көруімен  бұл термин бірінші рет АҚШ-тың саяси әдебиетіне енді. Бұл мақала бойынша психикалық соғыс әскери мақсаты бар бір топтың рухы мен әрекеттеріне әсер ету үшін кез келген құралды пайдалануын көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл термин Вебстердің сөздігінде тіркеліп, сол кездің саяси және әскери терминдерінің бір бөлігін құрады. «Жұмсақ» соғыс негізінде қоғам немесе арнайы топқа қарсы қолданылатын психикалық және үгіт-насихаттық әрекеттер болып есептеледі.

Ал енді альтернативті тұрғыда негіздей келе, гибридтік соғыстың асимметриялы соғыс элементтерімен тұрақты («симметриялық») әскери операцияларды біріктіретін соғыс сияқты тағы бір анықтамасы бар. Мысалы, Дж. Маккуен гибридтік соғысты «симметриялық және асимметриялық соғыстардың тіркесімі» деп анықтайды. Осы анықтамаға сәйкес проблеманы анық айқындай отырып, Маккуен осыны - «барлық соғыс - ықтимал гибридті екенін мойындауымыз керек» [2] деп анықтап көрсеткен. Гибридті соғыстарда асимметриялық компонент асимметриялық ойыншылардың рөлі (мысалы, партизандық) алыс ұрыс бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жау күшін бұру болып табылады дәстүрлі соғыс, айырмашылығы, ұрыс сыни операциялық маңыздылығы болып табылады: Осның аясында Ф. Хоффман бұл тұжырымдаманы жетілдіруді ұсынады. Бұндай тұжырымдамаларды болашақта шатастырмас үшін, Хоффман объективті асимметриялық компонент соғыс негізгі театр және әскерлер басқаруға қиындықтар құру жау күшін тартып соғыс пайдалану, терминін «Аралас соғыс» негізін ұсынды.

Гибридті соғыс жүргізу технологияларын атап қарастырар болсақ, оларды былай тұжырымдамалап, қарастырсақ болады:

  1. Ақпараттық соғыс;

  2. Биологиялық қарулы соғыс;

  3. Химиялық қарулы соғыс;

  4. Психологиялық соғыс;

  5. Экономикалық қарулы соғыс;

  6. Идеологиялық соғыс.

Осы аталған гибритті соғыс жүргізу технологияларының арқайсысына әлеуметтік анықтама беріп, сараптама жүргізіп көрсетейік.

1. Ақпараттық соғыс.

Қазіргі таңдағы ақпараттық соғыстар теориясының негізін қалаушылардың бірі Мартин Либики пікірінше, ақпараттық соғыс – бұл өзіндік ақпараттарды және ақпараттық жүйелерді қорғай отыра, қарсыластың ақпараттарын бұрмалай отыра өзіне қарсы бағыттау болып табылады.

1995 жылы АҚШ Ұлттық қорғаныс институтында жарияланған «Ақпараттық соғыс дегеніміз не?» атты еңбегінде Мартин Либики ақпараттық соғыстың жеті түрін айқындайды:

  1. Ұжымдық басқару;

  2. Барлау;

  3. Психологиялық;

  4. Хакерлік;

  5. Экономикалық;

  6. Электрондық;

  7. Кибер соғыс[3].

Ақпараттық соғыстың ерекшелігі, мұнда бірыңғай стратегиялық мақсат ерекше айқындалып, тактикалық деңгейдегі нақты жоспарлаудың болмауы қарастырылған . Және ядролық соғыстың жер шарының жойылып кету ықпал етуіне байланысты, ақпараттық соғыс қазіргі таңда идеологиялық, саяси, экономикалық текетірес барысында қолданылатын соғыстардың ең ықтималды түрі ретінде қабылданып отыр. Ақпараттық қоғам дәуірінде әлемнің геосаяси мәні толыққанды өзгеріске ұшырап отыр. Ақпараттану дәуірінің негізгі қайнар-көзі ретіндегі ақпараттар және ақпараттық технологиялар, дәстүрлі геосаяси факторларды ығыстыра отырып, алдыңғы шепке шықты. Ғаламдық ақпараттық-телекоммуникациялық желілердің пайда болуымен, құрлықтық және теңіз державаларының ашықтығы немесе оқшаулануы, қашықтық факторлары түгелдей өзгеріске түсті. Халықаралық сахнаға трансұлттық провайдерлік корпорациялар геосаяси қатынастардың жаңа субъектілері ретінде еніп отыр.

Мұндағы ақпараттық соғыстардың мақсаты – ғаламдық деңгейде ақпараттық құралдар, жаңа коммуникациялық технологиялар арқылы ғаламдық бақылау орнату. Ақпараттық соғыстар негізінен түрлі-түсті революцияларда кеңінен пайдаланылуда. Атап айтқанда Украинадағы толқу, 2011 жылы басталған «араб көктемінде» Египет, Тунис жастарын алаңға «Фейсбук» желісі арқылы жинақтау түрінде көрініс табуда.

2. Биологиялық қарулы соғыс.

Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

Биологиялық қару, бактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Мысалы, осының негізінде ең қауіпті 5 биологиялық қару түрлеріне міналар жатады: оспа, антракс, ботулотоксин, чума, химера вирусы және т.б. жатады.

3. Химиялық соғыс қаруы.

Химиялық соғыс ерекшелігі, өзі аты атап тұрғвндай химиялық қару негізінде тактикалық соғыс жүргізілуі негізінде іске асады. Бұны кейбір химиялық қару түрлерінің тактикалық мінездемелері негізінде қарастырып, байқауымызға болады.

Мәселен, Жүйке-жансыздандыратын әрекетті УЗ – Зарин GB – түссіз не сарғыш сұйық. Исі жоқ, қыста қатпайды. Тұрақтылығы  жазда – бірнеше сағат, қыста – бірнеше тәулік. Зарин тыныс органдары, тері, асқазан-ішек жолы арқылы ішкі ағзаға түсіп жүйке жүйесін зақымдайды.

Заринмен  зақымданғанда: түкірік тоқтамау, қатты терлеу, жүрек айну, құсу, паралич, қорқыныш және естен тану сезімі, бірнеше сағатқа созылып сіңірдің тартылуы, қатты улану кезінде өлімге әкеліп соқтырады. Зоман GD – түссіз және иіссіз сұйықтық. Қасиеттері жағынан заринге ұқсас. Тұрақтылығы заринге қарағанда жоғары: адам ағзасына 10 есе күшті әсер етеді. 

V-газы VX (ви-икс) – ұшпалы емес түссіз сұйық,исі жоқ, тұрақтылығы 7-15 тәулік жазда  қыста- шексіз.   Жүйке-жансыздандыратын әрекетті УЗ ішінде V-газы100-1000 есеге улы .Зақымдау әрекеті тері қабаты арқылы күштірек болады. Тері қабатына түскен ұсақ тамшының өзі  адамды өлтіреді.

Қорғаныш құралдары ретінде:противогаз,қорғаныш киім, және пана.

АМК ретінде противогаз кигізіп,антидот енгізу. Терідегі  не киімдегі УЗ зақымдалған жерлер химияға қарсы жеке пакеттегі (ХЖП-8) сұйықпен өңделеді.Асқазанға түскенде құстыру керек немесе 1% ас содасы ерітіндісімен не таза су ішкізіп шаю керек,көз зақымдалса 2% ас содасы ерітіндісімен не таза сумен жуу керек.

Тері-іріңдік әрекетті УЗ-Иприт HD,

Иприт-аздап сарғыш не қара қоңыр сарымсақ (чеснок) немесе қыша (горчицы) исі шығып тұратын,суда нашар еритін сұйық. Тұрақтылығы: жазда  7-14 күн, қыста – бір ай және одан көп.Иприттің білдірмей әрекет ететін кезеңі болады (2 сағат және одан көп уақыттан кейін білінеді). Теріге тиген кезде бірден сіңеді. 4 – 8 сағат соң тері қызарып қышиды.  Бір тәуліктен кейін ұсақ қолдырағандар шығып кейін тұтасып барып жарылады да,жазылуы қиын жараға айналады.Қолдырағандар пайда болған кезде әлсіздік пен дененің қызуы көтеріледі.Иприттің аз мөлшерінің өзі көзге әсер етеді.(10 минут уақытта).Көзге бірдеңе түскендей болып жасаурайды,жарыққа қаратпайды,бұдан әрі көз бен қабақтың кілегейі ісініп қатты былшықтанады. Ауру 10 – 15 күнге созылып,одан кейін жазылуы мүмкін.Асқазан-ішек жолына түссе,30-60 минуттан кейін асақазан қатты ауырадытүкірік көбейіп,жүрек айниды,құстырады,одан әрі іш өтеді (кейде қан араласады).Әрі қарай –  паралич, әлсіздік және зорығу басталады. 3 – 12 тәулік ішінде толық әлсіреу мен зорығудан адам өледі [4].

4. Психологиялық соғыс.

Психологиялық соғыс – әр түрлі әдістермен адамдарды психологиялық "өңдеу" және саяси диверсия (саяси, әскери, экономикалық қоқан-лоқкы, әр түрлі арандату, қорқыту, шектен тыс жалған информация т.б.) жүргізу. Сенімсіздік туғызуға тырысқан елдер кез келген жолмен адамдардың көңіл-күйіне, көзқарасына, сезіміне барынша теріс әсер етуге тырысып бағады. Саяси және идеологиялық диверсияларды дайындау мен іске асыруға мемлекеттердің арнайы қызметтерінің белсенді катысуы, олардың үгіт-насихат орындарымен тығыз әрекеттестігі психологиялық соғысқа тән ерекшелік болып табылады.

Тарихи жағдайларға байланысты психологиялық соғыс әдістері өзгеріп отырады. Шындықты бұрмалау, ұлттық араздықты қоздыру, діни және басқа да ғұрыптарды өршіту жолымен іштен шалуға бағытталған Бүлдіру әрекеттерінің неғұрлым қара ниет әдістері қолданылады. Бұл мақсатта бұқаралық ақпарат құралдары, туризм, сауда, ғылым, мәдени және т.б. байланыстар түгел жұмылдырылады.

5. Экономикалық соғыс.

Көбінде соғыстың және заңсыз араласушылықтың орнына қолданылатын әрекеттердің бірі экономикалық санкциялар болып табылады.

  Анықтама бойынша, экономика саласында санкция салу – саяси мақсаттарды қамтамасыз ету үшін экономикалық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтарға кедергі жасау. Шын мәнінде экономикалық санкциялар бір немесе бірнеше мемлекет саяси мақсаттарына жетуді көздеп, нысанаға алған мемлекеттің ішінде қайшылықтар туындаған кезде қолданылатын сыртқы саясаттың құралдарының бірі саналады. Саяси мамандардың пікірі бойынша, экономикалық санкциялар екі мақсатты көздейді: бірінші мақсаты нысанаға алған елдің саяси тәртібін тұрақсыздандыру. Бұл мақсат санкция салушы және санкция салынған мемлекеттердің стратегиялық мүдделерінің қайшылығынан туындайды. Санкцияның бұл түрі нысанаға алған мемлекеттің режимін өзгертуді көздейді. Экономикалық санкциялардың келесі мақсаты нысанаға алған елдің саяси немесе экономикалық қарым-қатынастарын өзгертуге шоғырланады. Санкцияның екінші түрі біріншісіне қарағанда біраз жұмсағырақ. Мемлекеттер бір елдің жүйесін өзгерткісісі келген кезде санкциялардың бірінші түрін қолданып, елдің мүддесіне ауыр нұқсан келтіреді. Расында санкцияның бұл түрін қолдану соғыстың орнына экономикалық санкция салу болып табылады. Экономикалық санкциялар көбінесе екі жол арқылы салынады: сауда және қаржы саласындағы санкциялар. Сауда санкциялары экспорт мен импортқа шектеу немесе тыйым салумен қатар жүреді. Қаржы санкциялар салынған кезде нысанаға алған елдің қаржы қарым-қатынастарына шектеу салынып, қысым көрсетіледі, яғни бұл елдің инвестициялары мен қаржы мәмілелеріне қысым көрсетіледі.

6. Идеологиялық соғыс.

Идеологиялық соғыс – бұл қандай да бір мемлекеттің заңды негізінде тұжырымдамалып қабылданған саяси – әлеуметтік негінде, өзге мемлекеттердін ұстанған идеологиялық наным сенімдеріне қарсы соғыстық саяси тактикалық гибриттік соғыс түрі.

Біз саясаттағы және экономикадағы жаман соғыстық әрекетттерді қарастырып көрдік, ал енді саяси тұрғыдағы соғысты қарастырар болсақ. Саясат - бұл мәңгілік ілгерілеушіліктер деп шетеледі, ал экономикалық тұрғыда - жасар әділетсіздік, кейбіреулер бай, басқалары – кедей деген тұжырымдамада қарастырылған. Және мұнда революция, соғыстар және бәрі негізделген. Үшінші элемент - идеология, әдетте, күмәнданбайды, дін, ғылым, мәдениет - бұл адамдарды біріктіреді, оларды мейірімді, ақылды, ұлы етеді ...

Бірақ шынымен де солай ма? Идеологиялық сала соншалықты зиянсыз ба? Түс, діни және мәдени құндылықтардан туындаған соғыстың арқасында құнарлы жердің немесе теңізге шығудың орнына қорқыныштығы аз.

Теория заманауи соғыстардың басым көпшілігі идеологиялық сипатқа ие екендігі туралы мәлімдейді, өйткені олар соғысушы адамдардың материалына немесе саяси жағдайына тікелей тәуелді емес, тек қана соғыс рухы, яғни идеологиялық мемлекет.

Осылайша, бұл мемлекеттің тек 12 жылдық идеологиялық идеясының ортасында тұрған әскери артықшылығы бар. Соғыстар теориясы, оның қажеттілігі туралы ұзақ уақыт бойы сөйлеген ырғағы, шындыққа айналады.

Соғыстардың басты көзі әрқашан империялық ритмге ұшыраған империя болады. Және бұл империалисттардың зиянды ниеті емес, олар көгершіннен гөрі бейбіт болуы мүмкін. Бірақ империяның бар екендігі Батыстың ырғағы бойынша, тоталитарлық әріптес деп аталатын, псевдо-империялық монстрты өмірге әкеледі. Ал тоталитарлық әріптес соғысты мүмкіндігінше тезірек ашуға тырысады [5].

Қорта келе, гибридтік соғыс кез-келген адам құқықтарын елемеуінее негізделген XXI ғасырлық жаңа әскери терминдік соғыс түрі екенін білдік. Оның ортақ мақсаты - зардап шеккен мемлекеттің сыртқы басқаруға беруі. Мұны істеу үшін саяси, әлеуметтік-экономикалық, ақпараттық-насихаттау және басқа да көптеген күштер азайып бара жатыр. Гибридтік соғыс стратегиясы қазіргі үкіметтің тұрақсыздығына және наразылық қозғалысының ұйымдастырылуына бағытталған. Стратегияның негізгі қағидаттары саяси және әскери басшылықты, әлеуметтік-экономикалық құрылымдарды және мәдени-дүниетанымдық саланы тұрақсыздандыру мақсатында барлық күштерді елдің тар және осал жерлеріне шығарып тастау көзделеді. Мұның бәрі мемлекеттің бөлінуіне және оның сыртқы күштерге берілуіне әкеледі.

Алайда бұл тек тұжырымдамалық негізде қарастырылған ғылыми мақала болғандықтан, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Popescu, Nicu. Hybrid tactics: neither new nor only Russian. EUISS Issue Alert 4 (2015).

  2. McCuen, Джон Дж. гибридных войн. / Военный Обзор 88.2 (2008): 107. (англ.).

  3. Мартин Либики. «Что такое информационная война. Саяси – әлеуметтік пайымдау. Ғылыми тұжырымдалған мақала. – АҚШ: 6 авг. 1999 ж.

  4. Кунцевич А. Д., Назаркин Ю. К. Химическая война США в Индокитае, 1987.

  5. http://www.xsp.ru/sh/pub/outpub.php?id=583

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!