Мәтінмен
жұмыс.
Оқулықтан 3 топқа тапсырма
беріледі:
«Қысым» тобына: гидравликалық
машинаның құрылысы
«Күш» тобына: гидравликалық
машинаның жұмыс істеу
принципі
«Аудан» тобына: гидравликалық
машинаның қолданылуы.
Гидравликалық машиналардың
құрылысы мен жұмыс істеу принципі Паскаль заңына
негізделген.
Гидравликалық машиналар
– іс-әрекеті қозғалыс заңдары
мен сұйықтардың тепе-теңдігіне негізделген
машиналар.
F2=P2·S2
екі поршеньнің астындағы
қысымдар бірдей болғандықтан, яғни
Р1=Р2 алынады. Осы қатынас
күштен ұтыс болатынын көрсетеді.
Мұны
күштен
ұту деп
атайды.
Гидравликалық машинаны
пайдаланып күштен ұтуға болады. Сол себепті техниканың көптеген
салаларында қолданылады. h1S1=h2S2
немесе
және
= өрнектерін
салыстырсақ = . Күштен біз қанша есе ұтсақ,
орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз.
Гидравликалық
пресс. Материалдарды қысыммен өңдеуге
арналған бұл машина сығылатын сұйық арқылы әрекет
етеді.
Гидравликалық престің
құрылысы:
Г
идравликалық престер күштен үлкен поршеньнің ауданы мен кіші
поршень ауданының қатынасына тең ұтыс береді.Оларды өсімдіктен май,
шырын сыққанда қолданады.
Гидравликалық престер
металлургиялық заводтарда металл бұйымдарды соғу, штамптау, престеу
үшін, табақ беттерді және құбырларды жасау үшін
қолданылады.
Тапсырма – топпен
жұмыс
«Қысым»
тобына:
Гидравликалық престің кіші
поршенінің ауданы 10см2. Оған әсер ететін күш 200Н.
Үлкен поршеньнің ауданы 200см2. Үлкен поршеньге қандай күш
әсер етеді?
«Күш»
тобына:
Ауданы
180см2
гидравликалық престің поршені
18кН күшпен әсер етеді.Кіші поршеньнің ауданы
4см2. Кіші поршень престегі майға
қандай күшпен әсер етеді?
«Аудан»
тобына:
Гидравликалық престің кіші
поршені 500Н күштің әсерінен 15см төмен түсті.Бұл жағдайда үлкен
поршень 5см-ге көтерілді. Үлкен поршеньге қандай күш әсер
етеді?
Марапаттау: «Басбармақ әдісі»
арқылы
Оқушылар гидравликалық
машиналарды біліп,құрылысымен танысып, талдау
жасайды.
«Қысым»
тобына:
Суретте берілген гидравликалық
престің жұмыс жасау принципін
түсіндіріңдер.

Дескриптор:
1.Гидравликалық престің
құрылысын сипаттайды.
2.Гидравликалық престің жұмыс
істеу принципін түсіндіреді.
«Күш»
тобына:
Гидравликалық машинаның жұмыс
жасауы қандай заңға негізделген?
Дескриптор: гидравликалық машина-ның жұмыс
жасау принципі Паскаль заңына негізделгенін
түсіндіреді.
« Аудан»
тобына:
Гидравликалық машиналарда
престелетін денеге қандай күш әсер етеді?

Дескриптор: -гидравликалық престер күштен
ұтыс береді.
«Өрмекшінің өрмегі»
ойыны
1. Қысымды латынның ____
әрпімен белгілейді.
2. Қысымның негізгі өлшем
бірлігі ______
3.______ Қысымды есептеу
формуласы
4.
1кПа=________
5. Газға немесе сұйыққа
түсірілген қысым олардың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі
__________ заңы.
6. Жұмыс істеу әрекеті
қатынас ыдыстардағы сұйық қысымның таралу заңдарына негізделіп
жасалған қондырғылар __________________________________________деп
аталады.
7. Гидравликалық мәшиненің
үлкен поршенінің көлденең қимасының ауданы кішісіне
_______________________ болса, үлкен поршенге
сонша__________________________ әрекет
етеді.
8.Гидравликалық машинаның
көмегімен алынған күштің ұтысы
_____________________________
|