400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гидростатикалық парадокс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл физика пәнінен факультатив сабағының материалы. Бұл физика пәндерінің мұғалімдеріне пайдалы болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Факультатив жоспары


Мұғалім: Айтқалиев Е.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Гидростатикалық парадокс.

Мақсаты: оқушыларға гидростатикалық парадокспен таныстырып, одан қалай шығатынын түсіндіріп, білім дағдыларын қалыптастыру; шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Көрнекіліктері: суреттер, слайд.

Орындалу тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІI. Факультативтің барысы:

Суретте көлемдері әртүрлі үш ыдыс көрсетілген. Олардың түбілерінің аудандары бірдей, бірақ үстіңгі бөліктерінің диаметрлері бірдей. Егер ыдыстарға бірдей сұйықтықты бірдей деңгейде құйса, онда сол жақтағы ыдыстағы сұйықтықтың массасы ең аз, ал оң жақтағы ыдыста – ең көп болады. Суретке қараңыз:

Бір қарағаннан, сол жақтағы ыдыстың түбіне түсірілетін қысым ең аз, ал оң жақтағы ыдыстың түбіне түсірілетін қысым ең көп болып көрінеді. Бірақ бұл – болжам ғана, оны тәжірибе жүзінде тексеру қажет. Ыдыстардың берік түптерін резеңке қабықшаға алмастырып, олардың қалай созылатынын байқайық. Екінші суретке назар аударыңыз:

Біз ыдыстардың түбіндегі резеңке қабықшаның сыртқа бүгілгенін көріп тұрмыз. Бұл кезде олардың қозғалыстары тілшеге беріледі. Тәжірибе, су бағанының биіктігінің бірдей болуы кезінде тілшелер бірдей ауытқитынын көрсетеді. Тәжірибе бойынша қорытынды: сұйықтықтың ыдыстың түбіне түсіретін қысымы ыдыстың пішініне, көлеміне тәуелсіз болады!

Осылайша, біз парадоксқа тап болдық (грекше «парадоксос» – күтпеген, оғаш). Толығырақ айтқанда ол гидростатикалық парадокс (грекше «гидор» – су, сұйықтық және «статос» – қозғалмайтын) деп аталады. Оның физикалық мағынасы бойынша, ыдысқа құйылған судың салмағы оның қысымынан түрліше болады (сол және оң ыдыстар үшін).

Пайда болған тығырықтан қалай шығуға болады? Яғни тәжірибе нәтижесі мен біздің масса (салмақ) жайлы болжамымызды қалай «теңестіруге» болады?

Әр ыдыстың түбіне түсетін қысымды формуласы арқылы есептеуге болады. Егерде ыдыстарға бірдей сұйықтық құйылса, қысымдары да бірдей болады, себебі сұйықтық бағандарының биіктіктері бірдей.

Сұйықтықтың әр ыдыстың түбіне түсіретін күшін формуласы бойынша есептеуге болады. Бірінші формуланы екіншіге қоя отырып, алатынымыз: . Бұл теңдіктің оң жағында орналасқан барлық өлшемдер, барлық үш ыдыс үшін бірдей. Осылайша, барлық үш ыдыстың түбіне әрекет ететін күштер де тең болады.

Көріп тұрғаныңыздай, соңғы формулада сұйықтықтың массасы да, салмағы да жоқ. Осылайша, ыдыстардың түбіне түсірілетін қысым күші аталған шамалардан тәуелсіз болады. Осылайша шешімін табамыз – бастапқыда біз дұрыс емес болжам жасадық, бұл болжамдар тәжірибе көмегімен расталған жоқ.

Қорытынды сөз: Біз бүгінгі сабақта гидростатикалық парадокспен танысып, пайда болған тығырықтан қалай шығу керек екендігімен таныстық. Осылайша, сұйықтықтың ыдыстың түбіне түсіретін қысымы ыдыстың пішініне, көлеміне, сұйықтықтың массасына тәуелді болмайтынына, сұйықтық бағанының биіктігіне тәуелді болатынына көз жеткіздік.

ІII. Рефлексия:

  1. Гидростатика грек тілінен қалай аударылады?

  2. Сұйықтықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай шамаларға тәуелді?

  3. Сұйықтықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын қандай формула арқылы есептеуге болады?



Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
1167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі