жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Гимнастика
№25 жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы:

дене шынықтыру пәні мұғалімі:
№25 ЖОББМ Т.М Туртаев
Гимнастика № Бекітемін:
Келісемін:
Өтілетін мерзімі: . 01. 201
Сынып:
Өтетін уақыты: 40 мин.
Сабақтың тақырыбы:
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалау, жауырынға тұру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалау, жауырынға тұруды үйрету. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындауға дағдыландыру және тәрбиелеу.
Дамытушылық: Гимнастика жайында білімдерін кеңейту. Оқушылардың акробатикалық сапаларын және дене қасиеттері: икемділік, ептілік,күштілік қасиеттерін дамыту.
Сабақты оқыту әдістері: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс
Сабақты өткізу әдісі: Жаппай, топтық кезекті, жеке.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш-р,таяқшалар,ысқырық,уақыт.
Өтілетін орны: Мектеп спорт залы
Сабақ жоспары
|
№ |
Сабақтың мазмұны |
Уақыты |
Әдістемелік нұсқау |
|||
|
I. Дайындық бөлімі – 13 мин |
||||||
|
|
1.Сапқа тұру, кезекші мәліметін тындау, сәлемдесу, түгендеу, сабақтың тақырыбын, мазмұнын қысқаша түсіндіру. |
3 мин |
Оқушылардың сапта тыныштық сақтап тұруын қадағалау. |
|||
|
2.Саптағы бұрылу жаттығулары: |
30 сек |
|
||||
|
А)оңға бұрыл Ә)солға бұрыл Б) кері бұрыл В)алға қадам бас командалары |
|
Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жаттығуды бірдей,бір бағытта дұрыс орындау. |
||||
|
3. Жүру жаттығулары: |
2 мин |
|
||||
|
Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге ұстап, өкшемен жүру. Қолды алға созып,жартылай отырып жүру. Қолды тізеге қойып толық отырып жүру. Осы қалыпта секіріп жүру. Спорттық жүріс. |
|
Денені түзу ұстау. Тізені бүкпеу. Басты жоғары ұстау. Денені түзу ұстау. Арақашықтықты сақтау. Толық отыру. |
||||
|
4. Жүгіру жаттығулары: |
4 мин |
|
||||
|
Жай жүгіріс. Тізені көтеріп жүгіру. Аяқты артқа лақтырып жүгіру. Қолды жанға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру. Қолды алға ұстап, аяқты алақанға тигізіп жүгіру. Қолды белге қойып, оң қапталмен жүгіру. Сол қапталмен жүгіру. Қолды белге қойып, аяқты алға созып жүгіру. Қол желкеде, аяқты артқа түзу ұстап жүгіру. Артқа қарап жүгіру. Шапшаңдықпен жүгіру. Спорттық жүріс. Жай жүріс. |
|
Жүгіріп кету. Арақашықтықты сақтау. Толық көтеру. Қолды артқа ұстау. Қолды түзу ұстау. Қолды түзу ұстау. Жоғары секіріп орындау. Толық орындау. Аяқты бүкпеу. Алға сәл еңкейе жүгіру. Ара-қашықтық сақтау. Бұрыштама Тыныс алу жаттығулары. |
||||
|
5. Бір орында жасалатын жаттығулар |
4 мин |
|
||||
|
Сапқа тұру,бір қатардан 2 лекке,3 лекке бөліну. А) Аяқ иық көлемінде қол белде. Гимнастикалық таяшамен жаттығулар. Басымызды оң жаққа 1-2 рет, сол жаққа 3-4 айналдырып. Ә)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, екі қол иықта, оң қол оң иықта, сол қол сол иықта, 1-2 иықты алға айналдырамыз. 3-4 иықты артқа айналдырамыз. Б) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол төменде, қолды ауыстырып алға артқа сермейміз сермиміз. В)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қол белде, белді оңға 1-2, солға 3-4 айналдырып, қайталаймыз. Г) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, оң қол жоғырыда ,сол қол белде, қолды ауыстырып кезек-кезек екі жаққа иілеміз. Д) Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде,қол тізеде, іщке1-2, сыртқа 3-4 айналдырамыз. Е)Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қолды алға созып отырып тұрамыз. Жаттығуды аяқтау. |
5 – 6рет 4 – 5рет 3 – 4рет 5 – 6рет 5 – 6рет 5 – 6рет 10 – 15тет |
Жаттығудың бірдей жасалуына мән беру
Денені тік ұстаймыз, көзді жұмбаймыз Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиюін және толық айналуын қадағалаймыз
Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз
Қол белде, дұрыс еңкеюін қадағалаймыз Толық еңкейеміз Толық айналдырамыз
Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз |
||||
|
II. Негізгі бөлім – 23 мин |
||||||
|
|
I.Оқушыларды сапқа тұрғызу. Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру. Алға домалау жаттығулары. Қарлығаш бейнесін жасау. 1. Жүреден отыру. 2. Алға қолды тіреп еңкею. 3. Алға домалау. 4. Тізені ұстап жүреден отыру. 5. Тұру.
Артқа домалау жаттығулары. 1. Теріс қарап жүреден отыру. 2. Тізені ұстап артқа құлау. 3. Қолмен итеріліп аударылу. 4. Қолды тіреп жүреден отыру (Бастапқы қалыпқа келу)
Жауырынға тұру жаттығулары. 1. Теріс қарап жүреден отыру. 2. Тізені ұстап артқа құлау. 3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу. 4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау.
Оқушыларды топқа бөліп, эстафеталық ойын ойнату.
|
30 сек
30 сек
7,5 мин
7,5 мин
7 мин
5 мин |
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Айналуды бастамас бұрын, оң қолды жағары көтеру.Тізені бүкпеу.Аяқты қосып, денені тік ұстау.Топтанып дұрыс отыру,айналғанда аяқты тізеден ұстау. Жаттығу үстінде жіберілген қателіктерін түзетіп отыру.
Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалап тұру .
Аяқтың ұшын тік ұстау. Белді түзу ұстау. Бастапқы қалыпқа келу денесін түзу ұстап екі қолын жоғары түзу көтеру.
Ойынның ережесімен таныстыру. Дұрыс ойнауларын қадағалау |
|||
|
III. Қорытынды бөлім – 5 мин |
||||||
|
|
|
1 мин 3 мин
1 мин
|
Тыныс алу жаттығуларын жасату.Түзу тұруына көңіл бөлу. Кемшіліктер мен жетістіктерді атап өту. Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұруды қайталау.
|
|||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген