жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар орындау
Сынып: 5 «г»
Өткізілген жері: Спорт зал
Өткізілген күні: 26.01.2018
Сабақ өткізген: Темірбаева А.Ә
Құрал-жабдықтар: секундамер, сықырғыш, доп, үлкен шар добы
Сабақтың тақырыбы: Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар орындау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды гимнастика сабағына қызықтыру. Спорттық құралдармен ЖДЖ әдісін меңгеру
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Спортық құралдармен орындалатын жаттығуларды меңгерту арқылы гимнастика сабағына қызықтыру
Дамытушылық: Оқушылардың икемділік қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа және өз бетімен шешім қабылдауға тәрбиелеу
Мазмұны |
Мөлшері уақыты |
Әдістемелік нұсқаулар |
Дайындық бөлімі |
12 мин |
|
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу. Сабаққа қатысқан оқушыларды түгендеу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақтың мақсатын таныстыру. Саптағы «Оңға!», «Солға!», «Кері айнал!» «Алаңды айналып алға бас!» жаттығулары 1) Жүру бағытында орындалатын жаттығулар Алға жүру: 1.Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру 2.Қол белде өкшемен жүру. 3.Қол желкеде жартылай отыр жүру. 4.Қол тізеде, отырып жүру, секіру
2) Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары: 1.Жеңіл жүгіріс 2.Тізені алға көтеріп жүгіру. 3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру. 4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру. 5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру. 6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.
3) ЖДЖ орнында 1.БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. 1 - қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.2-.БҚ.3-.Екінші аяқпенен де осылай жасау.4- БҚ.
2.БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады. 1 - Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді. 2 - БҚ. 3 - Екінші жаққа да осылай жасау.4-БҚ. 3. БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау. 4. БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды.2.БҚ 3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю. |
6 мин |
Саптал,түзел,тік тұр,
Арнайы киімдеріне сабаққа даярлығына және берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару.
Қолды бүкпеу, денені тік ұстау.
Кеудені тік ұстау. Кеуде тік, басты көтеріп ұстау. Жоғары секіру
Ара-қашықтық сақтау.
Тізені алақанға тигізу.
Аяқты алақанға жеткізу.
Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.
Барлығы бірге орындауын қадағалау
Аяқты бүкпей түзу жасауын Қадағалау
Аяқты бүкпеу керек. Қолдарын жібермеуін қадағалау. Арқаларын түзу болу керек.
Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау |
Негізгі бөлім |
25 мин |
|
Оқушыларды кезектесіп, жатып асылып тартылады. 1. Екі қатар сапқа тұрып бір-бірінің қолдарынан ұстап, бастарын оңға солға айналдыру 2. Бір-біріне қарама-қарсы тұрып, допты қолмен төмен ұстап, бірінші қатар - қолды алға созып,оң аяқпен алға бір қадам жасап допты беру, ал екінші қатар допты алып, қолды жоғары созып артқа шалқайып, допты қайта беру. Жаттығуды кезектесіп қайталау 3. Екі қатар сапта тұрып үлкен шар допты белден қолмен айналдырып, кезектесе жаттығуды орындау 4.Бір-біріне қарама-қарсы тұрып, оң аяқты алға созып еденге отырады. Бірінші қатар допты еденнен домалатады, екінші қатар допты еденнен қабылдайды. Жаттығуды аяқ алмастырып қайталайды. 5. Екі қатар сапта тұрып үлкен шар доппен аяқ арасына қысып, оң қапталға секіреді. Секіргеннен кейін үлкен шар допты келесі оқушыға домалатып береді.
|
|
Ара қашықтықты сақтау
Қолды шынтақтан бүкпеу, тепе-теңдікті сақтау
Қолмен допты айналдырғанда, допты дұрыс ұстауын қадағалау
Тепе-теңдікті сақтау
Секіргенде алға еңкейіп кетпеуін қадағалау |
Аяқтау бөлімі |
3 мин |
|
Оқушыларды сапқа тұрғызып. Сабақты қорытындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушыларға ескертіп түзеу.
Үйге тапсырма беру. |
|
Сапқа тұрғызу
Оқушылардың сабақ кезінде орындаған жаттығуларда жіберген қателіктерін айту
ЖДЖ жаттығулар |
Мұғалім туралы мәлімет |
|
Мұғалімнің толық аты-жөні: |
Темірбаева Аяжан Әділғалиқызы |
Лауазымы: |
Мұғалім |
Облысы: |
Ақтөбе |
Қала,аудан: |
Ақтөбе |
Мектеп атауы: |
Новый орта мектебі |
Байланыс телефоны: |
87788959780 |
Электронды пошта: |
kulov.1970@mail.ru |
Мұғалімнің сайтқа орналастырылған жұмысы туралы мәлімет: |
|
Пәні: |
Дене шынықтыру |
Тақырыбы: |
Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар орындау |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген