Материалдар / Гимназия тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гимназия тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада өзім ең бек етіп келе жатқан мектебімнің тарихы жетістіктері ,шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің нәтижелері баяндалады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2021
530
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Есбол орта мектебінің тарихы

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің 1993 жылы 26 сәуірдегі №81 бұйрығымен Кулагино ұлттық гимназиясын ашуды аудандық білім бөлімінің басшысы М.Мерғалиеваға тапсырған еді. Осы бұйрықпен тұңғыш гимназия ашылды.

Дарынды балаларды айқындау, оларды топтастырып белгілі бір сала бойынша тереңдетіп оқыту, әсіресе, ұлттық дәстүрімізбен мәдениетімізді бойына сіңіре тәрбиелеу үшін 1993-1994 оқу жылында Кулагино (қазіргі Есбол) селосындағы екі мектеп оқушыларынан барлығы 46 оқушы, 5 мұғалім өз жұмысын бастады.

Гимназияның алғаш ұйымдастырып, оның барлық қиындығын көтерген тұңғыш гимназия директоры Байбек Тайыш Ихсанұлы. Алғаш гимназия ашылған кезде оқу ісінің меңгерушісі болып Роза Дәулетова Қабышқызы тағайындалды. Жаңашылдыққа жаны құштар, оқу мен тәрбие беру ісінде тың ізденістерге ұмтылып жүрген әдіскер ұстаз. Бүгінде Индер аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне жетекшілік ете жүріп, ұстаздық тәжірибесін шығармашылық ізденісін шыңдай түсуде. Гимназия алғаш ашылғанда директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары Есенжан Ғұмаров болған еді. 45 оқушымен ашылған тұңғыш оқу орны содан бері жүздеген шәкірттерді азамат етіп тәрбиелеп өмірге қанат қақтырды.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артында тұрғандай» - деп Сократ айтқандай өздерінің ұлағаттылығымен із қалдыру мақсатында көршілес екі мектептен Кулагино орта мектебінен Б.Сұлташева, Қ.Хасанғалиева, М.Адилова және Жамбыл орта мектебінен А.Адилова, Ж.Шадуова, Р.Қанатов, М.Қабикенова, «Қарлығаш бала бақшасынан орыс тілі маманы Г.Ерғалиева білімді, тәжірибелі мұғалімдерден 1995 жылы 10 тамызда №150 бұйрықпен ауыстырылды.

Бүгінде облыс көлемінде танылып отырған Атырау облысы Индер ауданындағы Кулагино ұлттық гимназиясының шаңырақ көтергеніне он алты жыл. Осы уақыт ішінде мыңдаған шәкірттерді азамат етіп тәрбиелеп шығарған білім ордасы еліміздің әр түпкірінде еңбек етіп жүрген өз түлектері үшін мақтана алады.

Жас ұрпаққа жаңаша үрдіс бойынша тәрбие берудегі мектеп ұжымының атқарып жатқан қам-қарекеттері басқаларға үлгі етуге тұрарлық.

Облысқа танымал гимназия ошағының алғашқы іргетасын қалаған директоры Байбек Тайыш Ихсанұлы, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, мектеп психолгі қызметін атқарған, ардагер ұстаз.

2005 жылдан бастап гимназия директоры Тілекқабыл Асхат Төлешұлы. үнемі әр мұғалімнен жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу барысында үлкен жауапкершілік пен ізденісті талап етіп отырады. Ұжым мүшелері өз жауапкершіліктерін терең ұғынып, уақыт ағымына ілесіп, ұлттық мектептің өзіндік бет-бейнесін қалыптастырып келеді.

2018 жылдан бастап Кулагино ұлттық гимназиясы атауы Есбол орта мектебі болып өзгертілді.




Бастауыш сынып мұғалімі Жанесева Сауле Атырау мемлекеттік университетінде өткізілген «Оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану» ғылыми әдістемелік семинарында өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліссе, 2011 жылы Интерактивті сабағы Республикалық «Үздік сабақтар видеотекасына» енді.

Информатика пәнінің мұғалімі Даулетова Алтынайдың 2004 ж «Ауыл мектептерін ақпараттандырудың процесін жетілдіру жолдары» республикалық ғылыми тәжірибелік семинарлардың жинағы және «Информатика: іс тәжірибе, проблемалар және келешегі» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы 2005 ж өз іс-тәжірибесін Республика көлеміне танытты. Облыстық информатика пәнінен «Үздік сабақ» байқауына қатынасып «Алғыс хат» иеленді.

2021 жылы математика пәні мұғалімі А. Даулетова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

Республикалық «IQANAT» олимпиадасынан Жұбан Камшат сертификатқа ие болды. Жетекшісі математика пәнінің мұғалімі А. Даулетова.

География, биология пәнінің мұғалімі Адилова Ақмарал іс-тәжірибесін «Табиғат және география» 2007ж №4 журналына және sabak.adamzat.kz сайытында ашық сабақтары мен тәрбие сағаттары жарияланды. Өскемен қаласында өткен Республикалық алғашқы «Жас геологтар» олимпиадасына команда жетекшілері арасындағы «Геологиялық суреттер» байқауында І орын иеленді. 2006-2007 оқу жылында биология пәні бойынша Республикалық ғылыми жобалар сайысынан Қанатова Эльмира Русланқызы І орынға ие болды.

2020 жылы биология пәні мұғалімі А. Адилова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

Құқық пәнінің мұғалімі Тілекқабыл Асхат облыстық білім беру департаментінің «Алғыс хаты» 2006-2007, 2008-2009 оқу жылында аудан бойынша «Жылдың үздік директоры», 2008 жылы оқушы Төлеш Айбибі облыстық олимпиадада ІІ орын, республикалық олимпиадада ІҮ орын, сертификат. 2009 жылы Төлеш Айбибі облыстық олимпиадада ІІІ орын. 2011 жылы оқушысы Қатапова Іңкәр облыстық олимпиадада ІІІ орын және оқушылардың ғылыми жобалар сайысында ІІ орын иеленді.

Тарих пәнінің мұғалімі Кабикенова Майра Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты». Республикалық оқушылардың ғылыми жобалар сайысы. Н.Дайырова сертификат, Республикалық Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің пәндік олимпиадасында 11-сынып оқушысы Төлеш Айбибі ІІІ орын. 2006-2007 оқу жылында оқушысы Қабдолова Раушан, 2008-2009 оқу жылында Утепберген Айдана мен Төлеш Айбибі «Алтын белгі» белгісінің иегерлері.



2019 жылы тарих пәні мұғалімі М. Кабикенова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

Сұлтанова Роза «Мұғалімдердің шығармашылығын дамытудағы іскерлік ойындардың маңызы» тақырыбындағы баяндамасы облыстық педагогикалық оқуда ІІ орын. Облыстық білім беру департаментінің «Құрмет грамотасы».

Шадуова Жаңылсын Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты ІІІ дәрежелі Диплом, Құрмет грамотасы. Облыстық педагогикалық оқулар ІІІ орын. «Наша счастье-независимость» тақырыбында оқушысы Г.Хайруллинаның шығармасы облыста І орын, республикалық конкурсқа жолдама алды. Оқушылардың ғылыми жобалар жарысында оқушысы С.Шайхатова облыста ІІ орынға ие болып, жұмысы республикалық жарысқа ұсынылды.

Адилова Мамлакат Республикалық «Қызғалдақтың Отаны-Қазақстан» байқауында «Үздік шығарма» номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Б.Аралқаева І орын. 2008-2009 оқу жылында Утепберген Айдана мен Төлеш Айбибі «Алтын белгі» белгісінің иегерлері. 2003 ж облыстық бірінші әдістемелік фестивальде «Абай шығармаларын оқыту тәжірибесі» тақырыбында еңбегі жинаққа енді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында 2002 жылы №8 «Шығарма жазу үшін мамандарға көмек», 2005 жылы №3 «Қызықты грамматика» мақалалары жарияланды.

Сұлташева Балсұлу Республикалық «Алтын кілт» байқауында «Ең үздік ауыл мұғалімі» номинациясының жеңімпазы, Диплом иегері. 2006-2007 оқу жылында оқушысы Қабдолова Раушан, 2008-2009 оқу жылында Утепберген Айдана мен Төлеш Айбибі, 2009-2010 оқу жылында Халықова Ботагөз, 2010-2011 оқу жылында Қабдешева Ардақ, Мырзашева Айдана, 2016-2017 оқу жылында Нәсіпқалиева Ұлдана, 2017-2018 оқу жылында Төлеш Алтынай мен Төлеуғалиев Бектас, 2018-2019 оқу жылында Меңдіғали Бақытбек «Алтын белгі» белгісінің иегерлері. 2004-2009 оқу жылдары оқушылары халықаралық «Кенгуру» математикалық ойын сайысы мен республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонының жеңімпаздары. Облыстық «Математика пән мұғалімдерінің шығармашылық лабораториялық байқауы» ІІ орын. Облыстық педагогикалық оқу қорытындысымен «Құрмет грамотасы». Облыстық білім беру департаментінің «Құрмет грамотасы».

Избасарова Динара О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандырылған дарынды балаларға арналған Физика-математика орта мектеп-интернаты ұйымдастырған жазғы Физика-математика мектебінде химия пәні бойынша өткен олимпиадада оқушысы Б.Әлләзиев ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Халықаралық Менделеев олимпиадасының қарсаңындағы ғылыми-практикалық конференциясында «12 жылдық білім беру жағдайында химия пәнін оқытуға жаңаша мазмұн беру» тақырыбындағы баяндамасы облыста ІІ орын иеленіп жинақ кітапшасына енді.

Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Хасанғалиева Қалжанның «Балалар әдебиеті» кітабы насихаттап «Ғылыми-әдістемелік идеялар жәрмеңкесі-2009» фестивалінде лауреат атағын иеленіп, кітабы Астана баспасына жіберілді.



Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тілекқабыл Нарни облыстық «Ең үздік шет тілі кабинеті-2011» сырттай байқауында ІІІ орын иеленді.

2016-2017 оқу жылы республикалық ХХХVII халықаралық ғылыми-практикалық «Наше прошлое, настоящее, будущее» атты конференциясына оқушы дайындаған үщін Грамотаға ие болды.

2019-2020 оқу жылында III “Қашықтықтан оқытудың үздік педагогі” Республикалық кәсіби сайысына ұсынылған жұмысы негізінде Диплом II дәрежелі.

2020-2021 оқу жылы «Ең білімді педагог-2020»IV Республикалық пән олимпиадасында Диплом I орын.

Шағын жинақталған мектептер арасындағы облыстық «Үздік шағын жинақталған мектептің мұғалімі» байқауында II дәрежелі диплом.

2021 жылы ағылшын пәні мұғалімі Н. Тілекқабыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

2015-2016 оқу жылы Халықаралық «The United World»ағылшын тілінде өткен география пәнінен онлайн олимпиадасына оқушы дайындаған үшін Алғыс хат

2016-2017 оқу жылында республикалық ХХХVII халықаралық ғылыми-практикалық «Наше прошлое, настоящее, будущее» атты конференцияға оқушысы Ғусманова Аружан қатынасып «Лучший проект-2017» Дипломымен марапатталды.

2017-2018 оқу жылында оқушылары Кайратова Медина және Қонысбай Бексұлтан Халықаралық «Кенгуру-лингвист» интеллектуалдық конкурсында жүлделі II орындарға ие болды.

2017-2018 оқу жылында «Тіл-ұлт қазынасы» атты облыстық байқауында оқушысы Нәсіпқали Азиза Бас жүлдені иеленді.

2018-2019 оқу жылында аудандық және облыстық «Зерде» байқауында оқушысы Серікбай Ақбаян III орынды иеленді.

2019-2020 оқу жылында оқушысы Төлеш Айымгуль Daryn.online білім беру платформасында үш тілдікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Жас полиглот» олимпиадасында жүлдегер атанып, Диплом II дәрежелі және Сертификатқа ие болды.

2019-2020 оқу жылы Республикалық «Біз біргеміз!» Сертификатқа ие болды.

2013-2014 оқу жылының қорытындысымен Б.Нысанбаев атындағы жүлдені, «Жыр алыбы - Жамбыл» атты мектеп оқушылары арасында өткен республикалық айтыста «Алғыс хатпен», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Балаға мейірімді Қазақстан» республикалық балалар мен жасөспірімдер Форум-фестивалінде сертификатқа ие болды.

2013-2014 оқу жылында Ғұбайдуллина Жансая қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық олимпиадан, ғылыми жобалар жарысынан ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі М.Тулепова.

2015-2016, 2016-2017 оқу жылында Төлеш Алтынай физика пәні бойынша облыстық олимпиадада ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: А.Жалмукашева.


2017-2018 оқу жылында Индер ауданының 90 жылдығына және М.Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толу құрметіне орай «Елім дейтін ұланбыз» тақырыбымен өткен мектеп оқушыларының республикалық - аймақтық ақындар айтысына қатынасып, М.Мөңкеұлы жүлдесін жеңіп алып, Көкшетау қаласындағы өткен «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты республикалық жас ақындар айтысында халық ақыны Қалия Жұбандықов атындағы арнайы жүлдені жеңіп алды.

2010-2011 оқу жылында Республикалық оқушылар арасындағы үстел теннисі спартакиадасынан Әлләзиев Дәулеткерей мен Сатқалиев Әмірхан ІІІ орынға ие болды.

2013-2014 оқу жылында командалық А.Төлеш, Н.Серікбай аудандық үстел теннисінен І орын, Ұлы жеңістің 68 жылдығына орай өткізілген ауылішілік «Кіші аяқ доп» жарысынан Кулагино ұлттық гимназия командасы І орынмен марапатталды.

2014 жылы «Үстел теннисінен» 1996 жылы туылған жастар және одан кіші жастағылар арасында облыстық чемпионатта Н.Серікбай ІІ орынмен,

Кулагино ұлттық гимназия командасы «Үстел теннисінен» мектеп және колледж оқушыларының арасында VII жазғы облыстық спартакиадасында ІІІ орынға, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнап үстел теннисінен 1998-2001 ж.т. қыз балалар арасында өткен Индер БЖСМ ашық біріншілігінде І орын, аудандық оқушылар лигасына футболдан қатынасқан 5-6 сынып оқушылар арасында ұлттық гимназия ІІІ орын, аудандық біріншілігінде дойбыдан өткен жарыста ІІ орын, аудандық біріншілігінде шахматтан өткен жарыста ІІІ орын.

2015 жылы Футзалдан қыздар арасында « Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен мектеп және колледж оқушыларының арасында облыстық VII-шы қысқы спартакиадасында А.Төлеш, Г.Қабасова ІІ орындармен, «Ер есімі-ел есінде!» ұранымен ұлттық ойын тоғызқұмалақтан 2001-2002 ж.т. қыздар арасында өткізілген аудандық жекелей біріншілікте А.Төлеш, Б.Төлеуғалиев ІІІ орындармен, А.Нұрлыбекова аудандық «Күзгі кросстан» ІІ орын, Серікбай Нұрайнамектеп оқушылары арасында жеңіл атлетикадан 14-15 жас аралығында аудандық жарыста (жүгіріп ұзындыққа секіру) ІІІ орынмен марапатталды.

2016 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай З.Ахметованың жүлдесі үшін қыздар арасында Үстел теннисінен өткен аудандық ашық біріншілікте Ұлттық гимназия командалары А.Төлеш, Н.Серікбай, Г.Қабасова І орындармен марапатталса, «Үстел теннисінен» облыстық мектеп және колледж оқушыларының арасында VIII жазғы спартакиадасында І орын және ұлдар командасы Е.Серікжанов, Б.Губайдуллин үстел теннисінен ІІ орындармен марапаталды.

2016 жылы Б.Төлеуғалиев, Ұ.Сарсенғалиев, Е.Нұржанов, Д.Гиниятоллаевалар шахматтан облыстық мектеп және колледж оқушыларының арасында VIII жазғы спартакиадасында ІІІ орынға ие болды.

2016 жылы Ұлттық гимназия командасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген аудан білім беру қызметкерлері спартакиадасында волейболдан ІІІ орынмен, «Үстел теннисінен ІІ орын.

2013 жылы Мектеп мұғалімдер арасында «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен өткізілген аудандық волейболдан жарыста І дәрежелі дипломмен марапатталып, Ұлы жеңістің 68 жылдығына орай өткізілген ауылішілік «Кіші аяқ доп» жарысынан «Ең үздік қақпашы» атағына ие болды.

2014 жылы ұстаздар мерекесіне орай волейболдан М.Сиранов жүлдесі үшін өткізілген жарыста ІІІ орынмен, 2018 жылы аудандық «Жылдың ең үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі-2018» аудандық байқауында , «Жаһандық бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамытудағы инновациялық технолргиялардың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбындағы аудандық педагогикалық оқуда ІІІ дәрежелі дипломмен, аудан мектептері бойынша спорттың дамуына және оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруге қосқан зор үлесі үшін дипломмен марапатталды.

2015 жылы Футзалдан қыздар арасында « Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен мектеп және колледж оқушыларының арасында облыстық VII қысқы спартакиадасында ІІ орынға ие болды.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген аудан білім беру қызметкерлері спартакиадасында ұлттық гимназия командасы ІІІ орынға иеленді. 2017 жылы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыстық біріншілігінде шахматтан оқушылары Е.Серікжанов,А.Серіков,А.Төлеш І орынға ие болды.

2018 жылы Б.Төлеуғалиев, Ұ.Сарсенғалиев, Е.Нұржанов, Д.Гиниятоллаевалар шахматтан облыстық мектеп және колледж оқушыларының арасында VIII жазғы спартакиадасында ІІІ орынға ие болды.

2019 жылы 9-11 сынып қыздар және ұлдар арасында облыстық лигасында И.Төлеуғалиева, А.Төлеш, Е.Серікжанов, А.Серіковтер ІІ орынға ие болды

2021-2022 оқу жылында аудандық Ұлттық мектеп лигасы аясында 5-8 сынып оқушылары арасында өткен тоғызқұмалақ сайысына қатынасып жүлделі 2 орынға ие болды, жетекшісі Д. Кураков.


Мектеп директоры: А. Тілекқабыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!