Сабақтың
басы
1-2
минут
3
минут
Айтылым
3
минут
|
Cабақтың басында
жағымды психологиялық ахуал тудыру.
Балалар:
Өсеміз біз
күліп-ойнап,
Он саусақтың
саласындай.
Өсеміз біз
ойнап-күліп,
Бір адамның
баласындай! - деп шеңбер құрады. Бір-бірінің қолын ұстап, жылы
лебіздерін айтады.
«Электр» тақырыбы
қайталау үшін «Ыстық орындық» әдісімен ойын өткізіледі. Сыныптан
бір оқушы «Электр» ролін сомдайды. Қалған оқушылар оған кезек
бойынша сұрақтарын қояды.
Дескрипторлар:
1. Күнделікті өмірде
электр қуатының маңызын айта
алады;
2. Электр қуаты
арқылы жұмыс істейтін құрылғыларды атай
алады;
3. Батареяның қалай
қуатталатынын түсіндіре
алады.
Қалыптастырушы
бағалау: смайликтер
сыйлау.
Сабақ тақырыбына байланысты
оқушылардың қызығушылықтарын туғызу және оларды топқа бөлу
мақсатында «Құпия зат» әдісі
қолданылады.
Оқушыларға түрлі материалдан
жасалған заттар беріледі(мысалы: түйреуіш, шанышқы, тарақ, темір
ақша, шыны, орамал, ағаш қасық, т.б.). Әрқайсысы бір затты таңдап
алады да, қайта ортаға жинап қояды. Мұғалім ортадағы заттарға
магнитті жақындатады. Металдан жасалған заттар магнитке тартылып
қалады.
Мұғалім:
-Балалар, менің қолымдағы
заттың не екенін білесіңдер ме?- деп
сұрайды.
Оқушылар оның магнит екенін
айтып, сабақпен қалай байланысқанын
анықтайды.
Қалыптастырушы
бағалау: оқушыларды сабаққта белсенді
жұмыс істеуге ынталандыру үшін ауызша репликалар
айтылады.
Оқушыларға нені оқу керектігін
нақты түсіндіру мақсатында мұғалім сабақтың оқу мақсаттарын айтып
өтеді.
Оқушылардың таңдап алған
заттарына байланысты (магниттік қасиеті бар заттар мен магниттік
қасиеті жоқ заттар) топтарға
бөлінеді.
1-топ
2-топ
|
Көңілді
әуен
Смайликтер
Магнит, түйреуіш, шанышқы,
тарақ, темір ақша, шыны, орамал, ағаш қасық,
т.б.
|
Сабақтың
ортасы:
10
минут
Жазылым
10
минут
Айтылым
Тыңдалым
3
минут
Тыңдалым
2
минут
10
минут
Айтылым
Тыңдалым
|
(ЖЖ)
1-тапсырма: Шағын зерттеу жұмысын жүргізу
арқылы шыны, пластик, ағаш, су, топырақ және қағаздың магнитке
тартылу/тартылмауын анықтап, магниттік қасиеті бар заттардың
суретін дәптерге салу (46- оқу
парағы).
Дескрипторлар:
1. Алгоритм бойынша жұмыс
істей алады;
2. Магнитке тартылатын және
тартылмайтын заттарды ажырата
алады;
3. Магниттік қасиеті бар
заттарды дәптерге салады.
Қалыптастырушы
бағалау: «Фейерверк» әдісі
арқылы бағаланады.
(ТЖ)
2-тапсырма: Магниттің қасиеттерін анықтау
үшін эксперимент жасайды. Әр топқа жеке тапсырма
беріледі.
1-топ магниттің қағаз, тақтай
және су арқылы қалай әсер ететінін
зерттейді.
2-топ үлкен және
кіші магниттердің тарту күшін
салыстырады.
Дескрипторлар:
1. Магниттің
қасиетін анықтау үшін зерттеу жұмысын
жүргізеді;
2. Зерттеу жұмысы
барысында анықталған мәліметтерді
салыстырады;
3. Нәтижеге сәйкес
қорытынды шығарады.
Қалыптастырушы
бағалау:
«Допты лақтыру» әдісі арқылы
бағаланады. Мұғалім допты шартты түрде магнит деп атайды. Кез
келген зат атауын айтып, допты оқушыларға қарай лақтырады. Егер
айтылған заттың магниттік қасиеті болса, оқушы бопты ұстап алуы
қажет. Ал магнитке тартылмайтын зат болса, допты қайтып лақтыру
талап етіледі.
Мадақтау мақсатында
«Бас бармақ» әдісі
қолданылады.
«Балапан және
оның достары. Магнит» мультфильмінен үзінді
көрсету.
Сергіту
сәті. Бейнероликтегі жаттығу
қимылдарын орындату.
(ТЖ)
3-тапсырма: Оқушылардың алдына «Магниттік
тақта» құралы қойылады. Олар бұл құралдың қалай жұмыс істейтінін
анықтап көрулері керек. Оны топта талқылап, шешімдерін дәлелдеуі
керек. Магниттің күнделікті өмірде қалай қолданылатыны жайлы болжам
жасауы керек.
Ескерту! Егер оқушыларға
құралдың жұмыс істеу тәртібін анықтау қиындық туғызса, дұрыс шешім
шығаруға түрткі болатын сұрақтар
қойылады.
Мысалы:
-Арнайы қаламның орнына жай
қаламмен жазып көріңдер. Нені байқадыңдар?,
т.б.
Дескрипторлар:
1. «Магниттік тақта» құралының
жұмыс істеу «құпиясын» анықтайды, топ ішінде
талқылайды.
2. Шешімдерін
дәделдейді.
3. Магниттің күнделікті өмірде
қолданылуы жайлы болжам
жасайды.
Қалыптастырушы
бағалау: Оқушылардың табыстарын
мадақтап, өздеріне деген сенімін нығайту мақсатында ауызша
репликалар айтылады. «Қол шапалақтау» әдісі
қолданылады.
|
Шыны, пластик, ағаш, су,
топырақ, қағаз
Қағаз, тақтай, стаканға
құйылған су, көлемі жағынан әртүрлі магниттер, скрепкалар, темір
ақшалар.
www.balapan.kaztrk.kz
сайты
Бейнеролик
|
Қабілеті жоғары оқушылар
жасаған эксперимент негізінде қорытынды жасай алады, оны дәлелдей
алады; магниттің өмірде қолданылуы жайлы пікір айта
алады.
|
Берілген тапсырмалар арқылы
әрбір оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты меңгерілгенін
бақылаймын.
|
Сергіту сәттерін өткізу,
оқушылардың парта алдында дұрыс отыруларын қадағалау,
түзету,
оқу кабинетінде санитарлық
талаптардың (жылу, жарық режимі, тазалық) орындалуын
қадағалау
|