Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы,кейіпкерлер бейнесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқушылар романның мазмұнын,идеясын,тақырыбын ұғынады.Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығы және оның өзіндік шеберлігін таниды. Романның мазмұнын ашумен бірге кейіпкерлердің сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға түрлі көзқараста баға бере алады. Өз ойларын жүйелі жеткізе білуге, ой қорытуға дағдыланады. Алған білімдерін өмірде қолдана алады. Романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқушылар романның мазмұнын,идеясын,тақырыбын ұғынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

«Қосағаш» жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Турдалиева Айжан Балабековна

ҚМЖ,Турдалиева Айжан.

Күні: 20.04.2016ж

Тексерілді: С. Сайлауов.

Сынып

9а– сынып

Пәні

Қазақ әдебиеті

Тақырып

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы,кейіпкерлер бейнесі.

Оқу мақсаты

Романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқушылар романның мазмұнын,идеясын,тақырыбын ұғынады.

Негізгі түйінді идея

Ғ.Мүсіреповтың  шығармашылығы және оның өзіндік   шеберлігін таниды. Романның мазмұнын ашумен бірге кейіпкерлердің сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға түрлі көзқараста баға  бере алады.

Өз ойларын жүйелі жеткізе білуге, ой қорытуға дағдыланады. Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Негізгі дерек көз-

дері,көрнекіліктер,сілтеме

Оқулық, бағдарлама,әдістемелік , «Ұлпан» романы,кесте,интерактивті тақта,Формат А3,маркер,стикер

Табыс критерийлері

Барлық оқушы

Көпшілік оқушы

Жекелеген оқушы

Романдағы кейіпкерлер бейнесін ашу арқылы оқушылар романның мазмұнын,идеясын,тақырыбын ұғынады.

Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романына мазмұндық талдау жасай алады, шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі мен жазушының кейіпкерлерді сомдаудағы шеберлігін таниды.

Шығарма тіліне әдебиет теориясы бойынша талдау жасайды.Шығармашылық жұмысты орындайды.



Кезеңдер

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушы іс- әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,назарын сабаққа аудару.

Үш топқа бөлу.

Топтарымыздың аттарын бұлай деп алуымыздың себебін түсіндіру.

Бұл әйел аналардың есімдерінің маңыздылығын қалай түсіндіресіңдер?

Оқу құралдарын түгелдеп орындарына жайғасады.

1-топ. «Ұлпан» тобы

2-топ. «Сара» тобы

3-топ. «Ұлжан» тобы.

Топ аттарына өз пікірлерін білдіреді.

Кеспе қағаздар.


Интерактивті

тақта.


Ой қозғау


Ғабит Мүсірепов «Ұлпан» романының жазылуы себебі не деп ойлайсыңдар? Оқушыларды ізденіске сыни ойлануға баулу.

Өз ойларын білдіреді.



Интерактивті тақта


Үй тапсырмасын

сұрау.




Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар.


Оқушылар мазмұны бойынша дайындаған сұрақтарын бір-біріне қояды , жауап береді. Бір- бірінің сұрақтарын бағалайды.

Ұлпан» романы қашан жазылды?

Есеней Ұлпанға сөз салғанда Ұлпан қандай жауап айтты?

Есеней Ұлпанға құда түсіп келгенде,неге «Ұлпан арзанға түспейтін қыз» деді?Мұның мәні неде?

Мүсірептің әйелі кім?Ол екеуі қалай танысады?

Ұлпанның күйеу баласы кім?Ол қандай адам?

Біжікен анасына «Торсан бұзық адам екен...» деп оны маңына жолатпауын не себепті өтінді?Жазушының “Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді.

«Ұлпан арзанға түспейтін қыз» деді.

«Ұлпан» романы

Оқулық

Негізгі бөлім

«Ойлан , жұптас, бөліс » әдісі


«Кейіпкерлер әлемі» әдісі.

























Шығарманы сатылай кешенді талдату:
Шығарманың авторы:


Шығарманың аты:


Шығарманың тақырыбы:

Идеясы:

Жанры:

Кейіпкерлері:

Көркем сөз айшықтары:теңеу –

эпитет

метафора-

Портрет:


Мақал-мәтелдер:

Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау..

Басталуы

Байланысуы

Дамуы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Пролог (сөз соңы)

Кейіпкерлерге мінездеме береді,шығармадан үзінді алып дәлелдейді.

Кейіпкерлер

Оның мінезі

Шығармадан үзінді

Оқушы пікірі

Ұлпан

Ақылды, биязы да инабатты,адал жар

Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың, – деді аттанарда. 
– Жоқ, Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын. Менің құдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! – деді Ұлпан. – Сенсіз мен

кім болар едім?..». 

Ұлпан ақылы көркіне сай қыз.Ұлпанның көрмегені жоқ,ол сонда да өзін батыл ұстаған.Ұлпанның мінезі,даналығы мені қызықтырды,жарын құрметтеуі,жоғары бағалауы,еліне қамқор болуы


Шығарманы сатылай кешенді талдау:
Шығарманың авторы:

Ғ. Мүсірепов.
Шығарманың аты:

«Ұлпан» романы.
Шығарманың тақырыбы:

ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі..
Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген..
Жанры: проза (роман).

Кейіпкерлері:Есеней,Ұлпан,Артықбай,Несібелі,Торсан,Біжікен,

Мүсіреп,Шынар,Әсіреп,Науша,Жаниша,Кенжетай т.б.

Көркем сөз айшықтары:

теңеу: өзіңдей сұр бойдақ, күнімдей жарқырап, ұзақ түндей;

эпитет : найзагер батыр,сұр бойдақ,сұңғыла қыз,арзанға түспейтін қызбын,баукеспе ұры;

метафора: Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын.

Портреттер:Шымыр денелі,сұңғақ бойлы,бұқа мойын,қисық жауырын,Мұртының жоғарғы жағы таңқита қырылған,екі миығы тышқан көрген мысықтың мұртындай дірілдеп қояды.Істік мұрын.Қара төбеттей киген,шақша бас.

Мақал-мәтелдер: «Сорлының зары арлыға кездескей», «Малым-жаным садағасы, жаным -арым садағасы», «Байлық-бір жұттық, батыр-бір оқтық», «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», «Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар», «Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын», «Баласыз әйел панасыз әйел», «Жақыныңды жаттай сыйла,жат көңілінен түңілсін»

Шығарманы композициялық құрылымына қарай талдау..

Басталуы – Есенейдің көші

Байланысуы – Ескі доспен кездесу

Дамуы – 1. Құдалық

2. Ел ісіне араласқан Ұлпан

3. Ұлпан көлі

4. Есенейдің қазасы

Шиеленісуі – Ұлпанның шешімі.

Шарықтау шегі – Біжікеннің (Бибіжиһанның) ақырғы сөзі.

Пролог (сөз соңы) – жазушы естелігі

Оқулық

Кесте

Формат А3,маркер





















Интерактивті тақта

Қорытынды


«Ұлпан бейнесінің бүгінгі күнмен үндестігі» ойтолғау.

Ұлпан бейнесін бүгінгі кездегі ел басқарған әйелдермен салыстырады.

Интерактивті тақта

Үй тапсырмасын беру

Ғ.Мүсіреповтың ана тақырыбындағы шығармаларын қайталау.

Тапсырманы жазып алады

Күнделік

Бағалау


Критериалды бағалау әдісіне сүйене отырып бағалау.

Сабақты бағалау.Өзін- өзі бағалау,топтық бағалау.

Күнделік

Кері байланыс

«Бес сөз,бір сурет» әдісі бойынша.

Тақырыптан өздеріне ұнаған,әсер еткен бес сөзді жазады,бір сурет салады.

Стикерлер

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
13400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12