Гончарлы құмыра

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гончарлы құмыра

Материал туралы қысқаша түсінік
Гончарлы шеңберді пайдалана отырып, сазбалшықтан құмыра жасауды үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бимашева Гүлбақыт Берікбайқызы

Ақтөбе облысы Білім беру басқармасының Қобда ауданы

білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық

кәсіпорны «Нұр» балабақшасының тәрбиешісі



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ГОНЧАРЛЫ ШЕҢБЕРДЕ ҚҰМЫРАЛАР ЖАСАУҒА БАУЛУ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

Аңдатпа. Гончарлық өнер – бос уақытты қызықты өткізудің жолы ғана емес, ептілік пен еңбекке баулитын, ми бөліктерінің қызметін жақсартуға көмектесетін пайдалы әдіс. Сондықтан ғылыми мақала гончарлы шеңберге арналды. Дәлірек айтқанда, бұл еңбек мазмұнымен таныса отырып, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы» аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға саз балшықтан құмыралар, ыдыстар мен өзге де заттарды жасауды үйретудің маңызы жайлы ақпарат алуға болады.

Түйін сөздер: саз балшық, гончарлы шеңбер, саусақ моторикасы, ұлттық құндылықтар, біртұтас тәрбие.



Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың қыркүйек айының екінші жұлдызында жарияланған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше бағдар бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Аталған бағыттардың қай-қайсысы да халықтың кемелді келешегіне, өскелең ұрпақтың бақытты балалығы мен жарқын болашағына бастар қадамдар. Жасалған оң нәтижелі еңбектің жылдар бойы қызмет етуі ел азаматтарына айналар қазігі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан аға буын қалдырған игі істердің құнын біліп, ізін жалғар ұл-қызды тәрбиелеу – білім саласының мамандарына жүктелер басты міндеттердің бірі. Халқымыздың «тәрбие басы – тал бесік» деген мәтелі бекер емес. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, орта мектептер мен жоғары оқу орындары баланы жан-жақты дамытып, алғашқы еңбек және дене тәрбиесін қалыптастыруда үздіксіз, белсене ат салысады. Еңбекке баулу арқылы баланың бойына еңбекқорлық, ептілік, төзімділік сынды адами қасиеттер сіңірілетіні белгілі. Бұл мақсатта жыл сайын тәрбие бағдарламалары талдаудан өтіп, толықтырылып, жаңартылып отырады. Анығырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі дайындаған 2023-2025 жылдарға арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы». Бұл бағдарлама жоспарына сәйкес, әр айдың әр аптасына еңбекқорлық, білім, отбасы құндылығы, отансүйгіштік, әділеттілік пен жауапкершілік, бірлік пен ынтымақ, талап пен тәртіп, жаңашылдық пен жасампаздық, өнер, ар-намыс сынды тақырыптарды насихаттайтын қанатты дәйексөздер бекітілген. Еліміздегі балабақшалар мен мектептер тәрбие жұмыстарын осы дәйексөздерге сүйене жүзеге асыруда.

Білім беру мекемелерінің әрқайсысы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған бағдарламаға бағына отырып жұмыс істейді. Еліміздің балабақшаларының қызметтері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасына» негізделген. Көрсетілген үлгілік бағдарламаның «Мүсіндеу» деп аталатын тармағында ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектер секілді әр түрлі материалдардан түрлі тәсілдер арқылы мүсіндеуге назар аударған. Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілерінің көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттырып, кескішті қолдану арқылы жасалған бұйымдарды безендіру қабілеттерін дамытады, қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарымен таныстыра отырып, ұлттық оюларымыздың элементтерімен өрнектеуді үйретеді. Ескере кететіні – мүсіндеуге қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал.

Мүсіндеу өнерінде жұмыс істеуге ыңғайлы материалдардың бірі – саз балшық. Саз өнері халқымызға бұрыннан жақын: ертеде ата-бабамыз саздан құмыралар, басқа да ыдыс-аяқтарды жасап, мүсіндер соққан. Ғалымдардың зерттеуінше, еліміздегі мұндай қолөнер түрі сонау неолит дәуірінен басталады. Дәлел ретінде өткен ғасырдың 60 жылдарында Қарағанды облысынан табылған Ақтас саз балшық кен орнын алға тартады. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде саз балшықпен жұмыс істеу бизнес көзі ретінде дамып жатыр. Себебі қазақ халқының көне кәсібі бүгінгі таңда кейбіреулер бос уақытында айналысатын ермек көрсе, біреулер емдік қасиетке ие терапия ретінде қабылдап, тіпті қосымша үйірмелер ашылуда. Әлеуметтік желілер мен Google жүйесін ашсаңыз, бірінен-бірі өтер арт-студиялар жарнамаларын көре аласыз. Бұл – мүсіндеу өнерінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасына» дұрыс кіріктірілгендігінің айқын айғағы.

Ақтөбе облысының Қобда ауданында орналасқан «Нұр» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасына» сүйене отырып, 2024-2025 оқу жылына арналған перспективалық жоспар құрылып, бекітілді. Құрылған перспективалық жоспар мақсат-міндеттері аясында 4 жастағы балабақша тәрбиеленушілерін мүсіндеу өнеріне, нақтырақ айтқанда, саз балшықпен жұмыс істеуге баулу сағаттары жүзеге асырылуда. Соның бірі - балабақша тәрбиешілеріне өткізілген «Гончарлы шеңбер» тақырыбындағы аудандық семинар сағаты. Бұл семинардың мақсаты:

  • тәрбиешілермен аудан көлемінде тәжірибе алмасу;

  • ересек топ балаларының саусақ моторикасын дамыту;

  • ұлттық құндылықтарды насихаттау;

  • балаларды еңбекке баулу.

Неліктен мұндай мақсатқа тоқталғанымызды былай түсіндіруге болады:

  • тәжірибе алмасу мектепке дейінгі білім беру мамандарының білімі мен біліктілігін арттырып, оқу-тәрбие үрдісінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

  • саусақ моторикасын дамыту әр саусақ ұшына іс-әрекет көмегімен массаж жасау арқылы адамның бас миында орналасқан сөйлеуге жауапты нүктелерге әсер етіп, баланың тілін жетілдіруге көмектеседі.

  • ұлттық құндылықтарды бүлдіршін кезінен бала санасына сіңіру ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

  • балаларды балабақша жасынан еңбекке баулу адамның тұлғалық жеке қабілетін анықтауға, табиғатына тән еңбек кәсіпке бой бұруына көмектеседі, келешекте несібесін адал жолмен табуға тәрбиелейді.

Семинар барысында қатысушылар алжапқыш, гончарлы шеңберлер, саз балшық, гончарлық құрал-саймандар секілді барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етілді. Ұйымдастырушы тәрбиеші Бимашева Гүлбақыт Берікбайқызының нұсқаулығымен атқарылған әрекеттер келесідей кезеңдерден құралды:

  1. жұмыс барысымен жалпылама таныстыру кезеңі

  2. қолды сулай отырып, гончарлы шеңбер көмегімен заттардың пішінін келтіру

  3. дайындалған құмыраларды кептіру

  4. жасалған құмыраларды әр түрлі өрнектермен безендіру.

Жүйелі жоспармен құрылған семинар көзделген мақсаттардан бөлек төмендегідей қосымша нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді:

  • балалар жоғары қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті;

  • бүлдіршіндер мен әріптестер қиялдарына ерік беріп, қалаған мүсіндерін жасады;

  • балалар көнеден келе жатқан ұлттық өнердің бар екенін білді;

  • шыдамдылық пен сабырлылық – мақсатқа жетудің кепілі екенін түсінді;

  • балалар ептілікке икемделді;

  • жоспарланған уақыт тиімді әрі қызықты өткізілді;

  • топ мүшелері арасында жайлы жағдай мен достық қарым-қатынас нығайды;

  • қатысушы қонақ тәрбиешілер семинардыың ұйымдастырылуы мен жүргізілу барысына, нәтижесіне оң баға беріп, игі бастаманы өз балабақшаларында жалғастыратуға уәде беріп кетті.

Қазіргі таңда психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар саны жылдан-жылға күрт өсуде. Ерекше білім біру қажеттілігі бар (ЕББҚ) балалармен жұмыс істеуде олармен ортақ мәмілеге келіп, көңілдері мен сенімдерінен шығу маңызды. Гончарлы шеңберде әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасау осы санаттағы балдырғандардың тілін дамытып қана қоймай, әлеуметтену процесіне, яғни қоғамға араласуына, еңбек дағдысын қалыптастыруға да көмектеседі.

Адамның дамуы тек көркем сөйлеу мен белсенді әрекеттерден тұрмайды, яғни әр жеке тұлғаның туа біткен табиғи қабілеті, өзіне ғана тән қыры болатынын ескерсек, кейбір жан қолөнерге бейім келеді. Осындай қырларының бірін ашуда гончарлық шеңбердің пайдасы көп. Бұл өнерді кішкентайынан меңгерген ұрпақ келешекте жеке ісін жүргізіп, тіпті халықаралық деңгейдегі көрмелерде ұлттық ою-өрнектермен безендірілген қыш құмыралар мен саз балшықтардан жасалған бұйымдарды көрсетіп жатса, еліміздің абыройын асқақтатып, беделін биікке көтеруге қосқан үлесіміз болмақ.

ӘДЕБИЕТТЕР

Кітаптар:

  1. Шевнина. И. Неолит дәуіріндегі Торғай тайпаларының қыш өндірісі = Гончарство неолитических племен Торгая = The pottery of the neolithic tribes of Torgay/; ред. кеңес: З. Самашев [ж. б.]... – Астана : [б. ж.], 2014. - 235 б.

Мерзімді басылымдар мен журнал мақалаларынан:

  1. Те. М. "Говорящая" глина // Казахстанская правда. - 2021. - 17 июня (№ 113). - С. 6.

  2. Тауасарова, Д. Пішімінде мәні бар құмыралар// Дәстүр. - 2023. - № 4. - 68-69 б.

Қашықтықтан қолжетімді электронды қор:

  1. https://el.kz/ysh-myra_zhasau_-_k-neden_zhetken_m-ra_40500/

  2. https://syrboyi.kz/suhbat/dala-oenerin-kaesipke-ajnaldyrghan-92674/

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі