жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
GPON ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

GPON ТЕХНОЛОГИЯЛЫ ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІНІҢ ЕР ЕКШЕЛІКТЕРІ
Нурмагамбетова Гульмира Галимжановна,
«М.Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі» ЖШС,
арнайы пәндер оқытушысы
GPON технологиясы қолдану арқылы оптикалық қолжеткізім (қатынау) желісін
құрудың типтік архитектурасы (сәулеті) 1-суретте көрсетілген және келесі
бөлімшелерден тұрады [1]:
Сурет 1. GPON оптикалық желісінің типтік сұлбасы
1) PON желісінің станциялық бөлімі желілік торапты құрайды, онда оптикалық
тарату жақтауы (кросс) (ODF), OLT жабдықтары және т.б. абоненттік қолжеткізім
(қатынау) желісін деректерді тарату желісімен қосатын басқа да желілік жабдықтар
(әртүрлі технологиялы) мен қызмет – контенттерін ұсынатын контент
провайдерлерінің жабдықтары орналастырылады.
2) Магистральдық желі – станциялық бөлімшемен үлестіргіш бөлімше
аралығын қамтиды. Құрамына желінің байланыс жолы кабельдік қондырғылары мен

әртүрлі құру принципінде қолданатын талшықты оптикалық кабель кіреді. Мысалы:
шкафты жүйедегі тораптағы ODF пен ОРШ (ОҮШ) аралығындағы кабель, сонымен
қатар шкафсыз жүйедегі муфталы сплиттерге (МС) дейінгі магистральды кабель және
оптикалық үлестіргіш корапша (ОҮҚ (ОРК-С) аралығындағы кабель кіреді.
3) Үлестіргіш желі (үш бөлімшеден тұрады: сыртқы, ішкі үйлік, абоненттік
сымдар).
Төменде GPON оптикалық желісі бөлімшелерінің ықшамдалған бөлімшелері,
яғни станциялық, байланыс жолы және абоненттік бөлімшелері жайлы қысқаша
ақпарат береміз.
Станциялық бөлімше.
GPON желісінің (басқа да xPON желілерінің) қызмет көрсету аумағын
бақылайтын OLT станциялық жабдығы АТС немесе «Байланыс торабы» ғимаратында
орналастырылады. Активті станциялық жабдық (OLT) абоненттердің шеткері (соңғы)
құрылғыларын (терминалдарын) телефон (дауыс), Интернет (деректерді тарату),
видео деректерді жеке немесе кешенді түрде (Triple Play қызмет көрсету типі) қызмет
көрсету көздерімен жалғайды [2].
GPON жабдығының OLT байланыс порттары жоғары көлемді ODF кросстарына
оптикалық патчкордтар (шнурлар, таспалар) не шектетілген микрокабельдер
көмегімен қосылады [3].
Оптикалық кросс ODF талшықты-оптикалық кабельдерді (ТОК) белгілі
бағыттармен тарату, қайта кросстау (коммутациялау) және сплайс-пластиналар
(кассеталар мен бокстар) көмегімен станциялық ТОК-ге қосылу үшін арналған. GPON
желісінде сплиттерлерді орналастырудың екі каскадты сұлбасы пайдаланылатын
болса, онда тарату коэффициенті аз (1:2, 1:4) бірінші каскадты тікелей ODF кроссына
орналастыру керек. Оптикалық кросс OLT жабдығы орналасатын АТС ғимаратының
(автозал, цех, кросс) ішінде орналасуы қажет. Абоненттік база өскен жағдайда кросс
көлемін көбейту үшін модульді типті ODF оптикалық кроссын пайдалануға кеңес
беріледі [2].
Байланыс жолы бөлімшесі.
GPON желісіндегі байланыс жолы бөлімшесін ұйымдастыруда көптеген
пассивті құрал-жабдықтарды орналастыру үшін еңбекті көп қажет ететін құрылыс-
монтаждық жұмыстарға аса зор мән беріледі. Құрылыс жұмыстарының уақыты мен
еңбек ресурстарын үнемдеу үшін монтажға пайдаланылған құрал-жабдықтардың
бағасын тиімдендіруге көмектесетін технологиялар мен әдістерді пайдаланған жөн.
Байланыс жолы бөлімшесі GPON топологиясын қорытындылайды. GPON желісіндегі
байланыс жолы бөлімшесі талшықты-оптикалық кабельдің, сплиттері бар
шкафтардың және тораптардың қабылдау ұшындағы жабдыққа дейінгі жолда
кездескен коннекторлардың орналасуын көрсетеді [4].
GPON желінің каскадтау деңгейлерінің саны сплиттермен енгізілетін
жалпылама өшулерге, OLT интерфейсінің PON тарату коэффициентіне (GPON
технологиялы желіде 1:64) және әр абоненттің өткізу жолағына қойылатын
талаптарға байланысты болады. Сплиттерлердің каскадтау деңгейлерінің саны аз
болған сайын, абоненттік қолжеткізім қарапайым болады. Бұл болатын қателерді
жылдам уақытта түзетуге, көпсатылы сигналдар таратылуы кезінде орын алатын
кедергілерді жоюға, байланыс сапасын көтеруге септігін тигізеді. Сондықтан бір

деңгейлі сұлба желінің сенімділігі мен өміршеңдігін арттырады, ал каскадты сұлба
тарату желісінің оңтайлы құрылысын қамтамасыз етеді. Сондықтан желідегі
сплиттерлерді қосудың каскадты сұлбасын енгізу кезінде желідегі каскадтың санын
екі каскадтан артық пайдаланбау керек [1].
GPON желісіндегі сплиттерлерді қосу (каскадты) опциялары ұсынылған
сұлбаларды 2-суретінен (а, ә) көруімізге болады [2].
а – бір деңгейлі сұлба; ә – каскадты сұлба
Сурет 2. GPON желісіндегі сплиттерлерді қосудың (каскадтаудың) опциялары
ұсынылған сұлбалары
GPON желісіндегі байланыс жолы бөлімшесі магистральды және үлестіргіш
бөліктерден құралады.
Магистральды бөлімше АТС немесе байланыс торабындағы ODF кроссынан
басталып кабельдік канализация арқылы үлкен бір топ ғимараттарға таралып, ОҮШ
(ОРШ) - мен шектелетін талшықты - оптикалық кабель болады. Магистральды
бөлімше PON желісінің барлық пассивті элементтерінің ең маңыздысы болып
саналады. Магистральды бөлімшенің басты мақсаты – кабельді канализация (кәріз)
көлемі мен топологияны ескеріп, шоғырланған бір топ абонентке максимал жақын
қажетті оптикалық талшық санын жеткізу. Магистральды абоненттің ең шеткі
нүктесіне ОҮШ (ОРШ), ОҮҚ (ОРК) не оптикалық талшыққа қолжетімділігі
жеңілдетілген механикалық оптикалық муфта орналастырылады [1].
Оптикалық талшықтардың қосылу нүктелерінің, магистральды бөлімшенің
оптикалық бюджетін азайту мақсатында, құрылыс-монтажды жұмыстарға кететін
қаражатты үнемдеу үшін кәрізге (канализацияға) не топыраққа төселетін, 2 км
құрылыс ұзындығына ие арнайы модульды ТОК-ді пайдалану керек. Кабельдік

кәрізге (канализация) мен ғимараттарда ТОК-дің сауытталған (құрсауланған) түрін
төсеуге тыйым салынады [4].
Абоненттік бөлімше.
Абоненттік бөлімше немесе абоненттік сымдар – бұл желінің, оптикалық
ағытпасын (розетка) қоса алғанда, қабаттық ОРШ (ОҮҚ) - дан абонент бөлмесіне
дейінгі бөлігі болып саналады. Абоненттік бөлімшеге оператор бақылауында
болатын, GPON технологиясының негізгі элементі болып саналатын, абонент
жағында орналасатын активті жабдық (ONT) кіреді. Егер де ONT оператордың және
пайдаланушының түзетулеріне қолжетімді функциясын қолдаса, онда оператордың
бақылау шекарасы (демаркация нүктесі) жабдықтың ішкі шықпалы интерфейсімен
өтеді. Абоненттің кез-келген таңдап алынған ONT жабдығын пайдалануға мүмкіндігі
болмауы керек. Жеке абоненттік ONT терминалға PON кірмелі оптикалық
интерфейсі кіреді. ONT шеткері құрылғыларды қосу үшін әр түрлі типті FXS, FXO,
10/100/1000Base-T, El, RF шықпалы интерфейстерге, олардың кез-келген санына ие
бола алады [5].
PON (біздің жағдайымызда GPON) желісін құрастырғанда келесі логикалық
топологияларды бөледі (1-кесте) [6]:
Кесте 1
PON желілерінің негізгі топологияларын салыстыру
Топология
сипаттамалары
«Жұлдызша» тәрізді «Шина» тәрізді «Ағаш» тәрізді
Оптикалық талшықты
үнемдеу
Төмен Жоғары Жоғары
Тестілеу мен қызмет
көрсету
Орталықтан
диагностика
жасаудың
оңтайлылығы
Оқиғалардың күрделі диагностикасын жасау
мүмкіндігі
Клиенттердің орналасу
географиясы
Үлкен
бытыраңқылық
Транспорттық
магистраль бойында
орналасу
Кластерлер құру
мүмкіндігі, бытырап
орналасу
Дамудың
мүмкіншіліктері
Порттардың
максимальды
қолдану мүмкіндігі
Магистраль бойымен
шекті орналасу
Таратқыштардың
дұрыс өлшемдерінің
қажеттілігі
Қабылданған сигналдың
деңгейі
Бірдей Бір типті
таратқыштарда әр
түрлі
Түзету үшін нақты
өлшеулер қажеттілігі
Өзге артықшылықтары/
кемшіліктері
Абоненттердің
тығыз орналасқан
жағдайында көптеп
қосу мүмкіндігі
Каскадтардың саны
көп болғанда пайда
болатын жоғалтулар
Абоненттерді жаңадан
қосу мүмкінділігінің
икемділігі
- «жұлдызша» тәріздес;
- «шина» тәріздес;
- «ағаш» тәріздес.
Қызмет көрсететін АТС (байланыс торабы) ауданында абоненттер өте тығыз
орналасса онда «жұлдызша» тәріздес топологиясы қолданылады. Бұл топология
минималды оптикалық таратқыштармен және олардың тек бір жерде ғана

орналасуымен сипатталады. Бұл топологияның артықшылығы: қызмет көрсету
жағынан қарапайым; эксплуатациялық өлшеулер мен желінің бұзылған жерінің оңай
табылатындығынан жеңіл әрі ыңғайлы болып келеді. 3-суретте «жұлдызша» тәріздес
топологиялы желі құру принципі көрсетілген [2].
Сурет 3. «Жұлдызша» тәріздес топология
Абоненттер оптикалық магистральдың бойында тізбектеле орналасқанда
«шина» тәріздес топология қолданылады. Топология оптикалық таратқыштарының
шықпалы қуаттарының әр түрлілігімен сипатталады. Берілген топология біркелкі
емес таратқыштарды (қуат көздерінің біркелкі емес таралуы) таңдау үшін, әр
оптикалық қабылдағышта кірмелі оптикалық қуаты оның құрылғы сезімталдығына
сәйкес болатындай, оптикалық сигнал деңгейінің нақты өлшемдерін қажет етеді.
Топология тек пайдаланушылар магистраль бойымен сызықты орналасқан жағдайда
және каскадтардың саны көп болмағанда ғана қолданылады. «Шина» тәріздес
топологиялы желі 4-суретте көрсетілген [6].
Сурет 4. «Шина» тәріздес топология
Абоненттер бытырап орналасқан жағдайда «ағаш» тәріздес топология
қолданылады. Әр түрлі тармақтар арасындағы қуаттың оптималды бөлінуі оптикалық
таратқыштардың таңдалып алынуымен шешіледі. Абоненттік базаның кеңеюі мен
потенциалды дамуы болып жатқан жағдайда «ағаш тәріздес» топология кеңінен
колданылады. Келесі 5-суретте «ағаш тәріздес» топологиялы желі құру мысалы
берілген [5].

Сурет 5. «Ағаш» тәрізді топология
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Положение о технической политике развития сетей GPON. Проектирование и
строительство пассивных оптических сетей доступа в ОАО «Ростелеком» (Редакция
2). Москва 2012 г. с.71.
2 Технология PON - что это такое и зачем она нужна? Қолжеткізім ресурсы:
https://club.dns-shop.ru/blog/t-372-patch-kordyi-i-vitaya-para/48306-tehnologiya-pon-
chto-eto-takoe-i-zachem-ona-nujna/. Қолданыстағы күні: 02.12.2025.
3 Матузко Андрей. PON: обзор технологии. Қолжеткізім ресурсы:
https://www.proektant.kz/content/152.html. Қолданыстағы күні: 04.12.2025.
4 PON – пассивные оптические сети. Қолжеткізім ресурсы:
https://skomplekt.com/technology/pon/. Қолданыстағы күні: 05.12.2025.
5 Саитов, И.А. Основы построения современных систем и сетей абонентского
доступа. Учебное пособие / А.Е. Миронов, В.Ю. Головачев, В.В. Дворядкин. -Орел:
Академия ФСО России, 2005. -129 с.
6 Гибадуллин Р.Ф., Никитин А.П., Перухин М.Ю. Построение сети на основе
технологий gpon // Вестник Казанского технологического университета. 2017. №5.
URL: https://cyberleninka.ru/article/n/postroenie-seti-na-osnove-tehnologii-gpon.
Қолданыстағы күні: 09.12.2025.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген