Графикалық ақпаратты екілік Кодта ұсыну

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Графикалық ақпаратты екілік Кодта ұсыну

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған қысөа мерзімді сабақ жоспары Графикалық ақпаратты екілік Кодта ұсыну Бұл сабақта графикалық ақпаратты ұсыну әдістерін салыстырады,графикалық ақпаратты екілік кодта қолданудың тиімділігін сипаттайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-бөлім. Ақпаратты ұсыну

1.5. Графикалық ақпаратты екілік

Кодта ұсыну

Мектеп: Жамбыл жалпы білім беретін КММ

Күні:15.10


Мұғалімнің аты-жөні:Бейшова М.А.

Сынып: 5

Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

5.2.1.4 Екілік кодатау арқылы компьютерде графикалық ақапаратты

ұсыну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • графикалық ақпаратты ұсыну түрлері мен әдістерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • графикалық ақпаратты ұсыну әдістерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

  • графикалық ақпаратты екілік кодта қолданудың тиімділігін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология


Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі


векторлық

графика

векторная графика

vector graphics

растрлық

графика

растровая графика

raster graphics

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау.

  • Компьютерде суреттер қалай бейнеленеді деп ойлайсың?

  • Графикалық ақпараттарды қай мамандық иелері қолданады?

  • Сандарды координаталық осьте сипаттау жолдарын білесің бе?

Жазу.

Графикалық ақпаратты ұсыну түрлерін жазыңдар. Пиксель дегеніміз – ...

Алдыңғы алған

білімі

Ақпаратты екілік кодта ұсыну.

Пәнаралық

байланыс

Көркем еңбек, Математика.

Құндылықтарға

баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қосым- ша

Сабақтың басы

3 мин



10 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу.

Сыныпта көңілді ахуал орнату.

Өткен сабақты пысықтау: «Кім жылдам?» ойыны.


Оқушыларға ағылшын әріптерімен жазылған мақалдар беріледі. Оқушылар сол мақалдарды ASCII кодын қолданып, екілік кодпен жазулары керек.





А4

пара-ғы





  1. Tilinmen jugirme, bilimmen jugir.

  2. Okusiz bilim jok, bilimsiz kunin jok.


Сабақтың ортасы

3 мин




5 мин



10 мин

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

  • Компьютерде суреттер қалай бейнеленеді деп ойлайсың?

  • Графикалық ақпараттарды қай мамандық иелері қолданады?

  • Сандарды координаталық осьте сипаттау жолдарын білесің бе?

Оқулықпен жұмыс: Оқушылар оқулықтағы мәліметтермен танысады. Мұғалім жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Топтық жұмыс.

Суретте берілген екі суреттің қайсысы векторлық және қайсысы растрлық графика екенін табыңдар? Суреттің салынуына қарап, олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екеніне талдау жасаңдар.

Оқу- лық




Жеке тапсырмалар орындау

Берілген қайықтың торкөз параққа векторлық және



растрлық бейнесін түсір. Векторлық бейнесін салуда



декарттық координаталар жүйесін қолдан. Растрлық суретті



екілік код бойынша бейнелеуде 2-суретті басшылыққа



алыңдар.






Дескриптор:



- векторлық графиканы екілік кодта бейнелейді;



- растрлық графиканы екілік кодта бейнелейді.



2-тапсырма.

Ақ-қара түсті растрлық суреттің екілік коды берілген. Осы екілік кестедегі 1 саны жазылған торкөздерді параққа түсіргенде қандай кескін алынады?




Shape1





Дескриптор:


- растрлық графиканы екілік кодта кодтайды.


Жұптық жұмыс

Торкөз параққа өздерің ұнататын және күзде пісетін бір жемістің векторлық және растрлық суретін қолмен салыңдар. Екі суретті салуда қайсысы оңай болды? Не үшін?


Пікірталас! Компьютерде графикалық ақпаратты бейнелеуде растрлық әдісті, әлде векторлық әдісті қолдану керек пе? Қайсысы тиімді?


Сабақтың соңы

7 мин

«Графика» сөзіне синквейн жасау.


Kahoot, plickers программаларында электронды тест жұмысын орындату.

А4

парағы


Компью тер


Рефлекси я

2 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Оқушылар сабақ туралы жақсы түсінген екі және түсінбеген бір сұрақ қояды.

Үй тапсырмасы



Тақырып бойынша тест құрастырып келу.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.11.2021
843
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі