Материалдар / «Графикалық редактордың түрлері. Негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы» атты сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Графикалық редактордың түрлері. Негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы» атты сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспарын жазуда көмек бола алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
6103
32 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Информатика пәнінен «Графикалық редактордың түрлері. Негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы» тақырыбына «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының талаптары бойынша дайындалған сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Қазіргі таңда білім берудің басты мақсаттарының бірі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу болып табылады. Сондай техноло-гиялардың біріне «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» (ОҮӘЖ) педагогикалық технологиясы жатады. Авторы – Ж.У. Кобдикова.

Технологияның мақсаты – өздігімен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау болғандықтан, студенттің өзіндік танымдық іс-әрекетін белгілі бір дәрежеде белсендендіріп отыру.

«ОҮӘЖ» педагогикалық технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңді бөлікті қамтиды. Олар:

І кезең - жаңа тақырыпты меңгертуге қажетті бұрын өтілген материалды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан үй жұмысын талдауға барлық студенттерді толық қарастыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік беріледі.

ІІ кезең - жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту. Бұл кезеңде студенттерге тақырыпты оқып үйрену алгоритмі беріледі. Берілген алгоритм бойынша студенттер (оқулық, дәрістен т.б) жұмыс істеп, тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр студенттің танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады.

ІІІ кезең деңгейлік тапсырмаларды өздігінен орындағанда әркім қабілетіне қарай алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Бұл жағдайда әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Үш деңгейдегі тапсырмаларды сабақ үстінде орындап үлгермеген оқушылар үйде өз бетімен аяқтайды. Барлық студенттер жұмысын бір мезгілде игерудегі қабілеттеріне қарай , өз биігіне жетеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмааларын дұрыс орындағаны үшін студенттер сол деңгейде игергеніне сәйкес ұпай алады.

Технология талабы бойынша деңгейлік тапсырмаларды бағалау 12 баллдық жүйе бойынша жүргізіліп, баллдар дәстүрлі бағаларға ауыстырылып қойылады. 1-деңгейдің ғана тапсырмасын орындаған студент «сынақтан өтті» деп белгіленіп, 5 балл жинайды, бұл дәстүрлі бағаға ауыстырғанда «3» болады. Бұған қосымша 2-деңгейдің тапсырмалары үшін 4 балл қосып, барлығы 9 балл жинаған студент «4» деген баға алады. Ал 1,2 және 3-деңгейлердің тапсырмаларын толық орындаған студенттер 12 балл жинап, «5» бағасын иеленеді.

Әдістеменің ерекшелігі мен мазмұны неде?

«Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық техноло-гиясын қолдану арқылы топтағы студенттердің білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде студенттің жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.

Бұл әдістеменің тағы бір ерекшелігі, студенттердің танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журнал» қолдану аталмыш технологияның студенттерді бағалаудың ынталандыру жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады.

«Ашық журнал» арқылы әр студент орындаған тапсырмасын осы журналға тіркеу барысында олар бір-бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігіне ие болады және деңгейлік тапсырмаларды орындау дәрежесі туралы ақпарат ала алады. Сабақ құрылымының мазмұндылығы мен жүйелілігі реттеліп, тақырыпты меңгеруде студенттерде өз бетіндік іс-әрекет белсенді жүреді. Оқытушы әр студенттің білім-білік дағдысын зерттеуге мүмкіндік алады.

«Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» – технологиясымен жұмыс жасауда оқытушының теориялық деңгейі нығайып, шығармашылық ізденісі жан-жақты дамиды. Студент өзінің ілгерілеу динамикасын басқа табыстырақ студенттермен салыстыра отырып олардан қалғысы келмейді, оның табысқа итермелейтін ынта жігері артады.

Қорыта келе, «ОУӘЖ» технологияның тиімді жақтары мынадай:

- Әр студент өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

- студенттің жеке қабілеті айқындалады;

- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес студенттің ойлау қабілеті артады;

- жеке басының қабілетіне, даму темпіне сәйкес өз бетімен тиісті білім деңгейіне жетеді, білім сапасы көтеріледі;

- оқытушының басқарушылық іс-әрекеті студенттің өзін-өзі тексеріп, түзетуге, бақылап, рейтинг жүйесімен бағалауға, сол арқылы өзін-өзі рефлексивті басқаруына айналуға мүмкіндік береді.




















САБАҚ ЖОСПАРЫ


ПӘНІ: Информатика


Сабақтың тақырыбы: «Графикалық редактордың түрлері. Негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы»


Сабақтың міндеттері:

Білімділік:

Графикалық редакторлармен жұмыс жасауды игерту. Тәжірибелік жұмыстарды орындағанда алған білімдерін өз бетімен қолдана алуға дағдыландыру;

Дамытушылық:

Ойлау шеберлігінің, түйсіктің және естің дамуы; деңгейлік тапсырмалар негізінде студенттердің белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік:

Студенттердің ой еңбегін дағдылауға, өз бетімен еңбек етуге, нәтиже алуға, ұйымшылдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың тИПі: Аралас сабақ


САБАҚТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛІ: «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі», І кезең – сұрақ-жауап. ІІ кезең – а) жаңа тақырыптың теориялық материалдары бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізу; б) тәжірибеде бекіту әдісі. ІІІ кезең – үшдеңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындау.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Функцияның неден тұратынын, функциялар жиынын таниды. Электрондық кестеде функцияның есептеулер жүргізу үшін қолданылатынын түйіндейді.


Көрнекіліктер: жұмыс дәптері, ашық журнал, арнайы даярланған слайд


ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС: математика











Сабақтың құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, студенттердің сабаққа қатынасуын және аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру, жұмыс дәптерін тарату. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.


ІІ. Өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары:

«Көпір» тапсырмаларымен жұмыс. «Таңдайық, таңданбайық - жауабын бірден табайық» ойыны арқылы сұралады.


ІІІ. Жаңа тақырыпты оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын пайдалана отырып меңгерту:

1. Студенттердің жаңа тақырыптың дәрісінен жетелеуші тап-сырмаларға қажетті материалдарды ала отырып жұмыс дәптерін толтыруы;

2. Жаңа тақырыпқа қатысты тәжірибелік тапсырма құрылымын түсіндіру.


ІV. Сабақты бекіту. Кері байланыс кезеңі:

Студенттердің деңгейлік тапсырмалардың теориялық, тәжірибелік бөлігін орындауы;

Жұмыс дәптері бойынша қорытынды шығару.


V. Үй тапсырмасы:


VI. Қорытындылау. Студенттерді бағалау






















Сабақ барысы:



І кезең. Ұйымдастыру кезеңі

«Көпір» тапсырмалары


Көпір тапсырмасы «Таңдайық, таңданбайық - жауабын бірден табайық» ойыны арқылы сұралады.

а) Компьютерлік графика дегеніміз не?

ә) Компьютерлік графиканың неше түрі бар?

б) ?

в)?


ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгерту тапсырмалары

Теориясы:

«БІЛУ»


1. Дәрістік кешенмен танысу.

2. Бос орынға қажетті сөздерді жаз, сөйлемді толтырыңыз:

а) Графикалық редактор - екілік өлшемдегі суреттерді компьютердің көмегімен жасауға немесе өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарлама(бағдарламалар пакеті).

ә) Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. 

б)Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер.

в)Вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.

Теориясы:

«ТҮСІНУ»


1. Компьютерлік графика не үшін қолданылады?

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

2. Неліктен компьютерлік графика екі өлшемді және үшөлшемді болып бөлінеді?

_____________________________________________________________

3. Растрлық графика неден тұрады?

_____________________________________________________________


Теориясы:

«ТАЛДАУ»


Венн диаграммасы

Растрлық және векторлық графиканың ұқсастығын жазыңыз:


Растрлық графика Ұқсастығы Векторлық графика

Shape1







Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»


Төмендегі ұғымдарға сипаттама беріңіз:

ВЕКТОР



3D Graphics



ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР


ГРАФИКТІК ФОРМАТ 


JPEG форматы


ВМР форматы



Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»







Сызбаны толтырыңыз:

Shape2












Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

Сіз қалай ойлайсыз? Компьютерлік графиканың қажеттілігі неде деп түсінесіз?

Себебі, _____________________________________________________________

_____________________________________________________________

____________________________________________________________



ІІІ кезең. Кері байланыс кезеңі.


І деңгей (5 балл)

Теориясы:

«БІЛУ»


Тест сұрақтарына жауап беріңіз:

ГРАФИКАЛЫҚ ТЕСТ

1. Растрлық кескінмен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер
А) CorelDRAW
В) Paint*
С) Inkscape
2.
Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?
А) растрлық
*
В) векторлық
С) фракталдық
3. Векторлық кескіндер қандай пішімді файлда сақталады
А) BMP
В) SVG
*
С) GIF
4. Фотобейнелерді өңдегенде қандай графикалық редакторды қолданасыңдар?
А) векторлық
В) фракталдық
С) растрлық
*
5. Векторлықкескінмен жұмыс істейтін программаны көрсетіңдер
А) Corel Photo Paint
В) Paint
С) Inkscape
*
6. Қандай кескін үлкейтіп, кішірейткенде сапасын жоғалтпайды?
А) векторлық
*
В) фракталдық
С) растрлық


С


В


А


1 2 3 4 5 6

Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»


Ребусты шешіңіз:

Алатын балы

Тапсырма толық орындалған жағдайда 5 балл (сынақ немесе 3)


ІІ деңгей (5 балл+4 балл=9 балл)

Теориясы:

«ТҮСІНУ»


1. Excel программасындағы Если функциясы не үшін қолданылады?

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

2. В1:В10 ұяшықтарындағы сандардың арифметикалық орта мәнін табу үшін қандай формула жазылатынын түсіндір?

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

3. Excel-де функция шеберіндегі СТЕПЕНЬ функциясы нені білдіреді. Мысал кетіріңіз.

_______________________________________________________________

батырмасы не үшін қолданылады?

_____________________________________________________________

Теориясы:

«ТАЛДАУ»


«Сәйкестікті тап»: Компоненттердің қай категорияға жататынын сәйкестендіріңіз


ФУНКЦИЯ

СӘЙКЕСТЕНДІРУ

КАТЕГОРИЯ

PSD



CDR


ГРАФИКТІК ФОРМАТ 

Corel Draw   бағдарламасының форматы

ВЕКТОР

Adobe PhotoShop пакетінің стандартты форматы


бейнені кодтау тәсілі


объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы


Практикасы:

«Қолдану»


Төменде берілген сызбаны толтырыңыз:

Shape15 Shape14

Компьютерлік графика негізгі салалары



Алатын балы

Тапсырма толық орындалған жағдайда 5+4 =9 балл (4 жақсы)


ІІІ деңгей (5 балл+4 балл+3 балл =12 балл)

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»

(Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында

болу керек )


Сөзжұмбақтың сұрақтарын құрастырыңыз:

___________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________


Практикасы:

«Баға беру»


Растрлық және векторлық графиканы қолдана отырып тапсырмалар орындаңыз

Алатын балы

Тапсырма толық орындалған жағдайда 5+4+3 =12 балл (5 өте жақсы)




ДӘРІС «Графикалық редактордың түрлері. Негізгі мүмкіндіктері мен қолданылуы»


Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Компьютерлік  графика : 1) Екі өлшемді графика

                                            2) Үш өлшемді графика болып бөлінеді.

Графикалық редактор - дегеніміз екілік өлшемдегі суреттерді компьютердің көмегімен жасауға немесе өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарлама(бағдарламалар пакеті).
Графикалық редакторлардың түрлері:

-растрлік графикалық редакторлар;

-векторлық графикалық редакторлар;

-гибридтік графикалық редакторлар.

Графикалық редактор (ГР) әр түрлі суреттерді, сызбаларды, иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы программалардың тобын қалыптастырады. Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта кетейік: визиткалар мен хабарландыруларды, иилюстративтік және іскерлік графиктерді рәсімдейді, есептіліктердің, мақалалардың, кітаптардың суреттерін әзірлейді; нақты іс жүзінде жоқ объектілерді модельдейді; үш өлшемді сцена мен анимациялық фильмдерді құрастырады; жарнама роликтерін жасайды және т.б.

Графиктік файлдардың форматтары:

Графиктік формат – бейнені кодтау тәсілі.

ВМР- форматы (ағылш.тіл. Bit Map – «биттік карта»). ВМР – графиктік файлдың стандартты форматы.

  PSD - Adobe PhotoShop пакетінің стандартты форматы, көп қабатты бейнелерді сақтайды.

  CDR форматы - Corel Draw   бағдарламасының форматы және ол векторлық бейнемен қоса, растрлік графиканы және мәтінді сақтау мүмкіндігін береді.

РNG-форматы - ағыл.т. Portable Network Graphic Format – «желі бойынша графиканы жіберу форматы», «пинг» деп оқылады).

GIF-форматы - (ағылш.т. Graphics Interchange Format – «графиканы алмастыруға арналған формат»).

JPEG-форматы - фотобейнелерді сығып сақтауға арналған аса әйгілі формат.

Екі өлшемді графикаға: растрлық, векторлық және фракталдық.

Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint

Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .

Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жердевектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator  секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Растрлық графикалық  редакторлар  пайдаланушыға мынадай мүмкіндіктер береді:

- графикалық примитивтерді (сызықтар, төртбұрыштар, эллипстер және басқаларды) қолмен (тышқанның көмегімен) салу;

- кескіннің кез келген бөлігін кесіп алу, желімдеп жапсыру;

- сурет салу және бояу үшін кез келген түсті пайдалану;

- ұсақ бөлшектерді анықтап зерттеу үшін кескін фрагменттерін үлкейту;

- мәтінге суреттер қоса отырып, көркем  хабарландырулар даярлау;

- алынған кескіндерді сақтау және редакциялау.

Векторлық графикалық редакторларды қолданғанда қолданушы мынадай мүмкіндіктерді пайдаланады:

- обьектілермен жұмыс істеу үшін (орын ауыстыру, масштабтау, айналы бейнелеу)  қажетті әр түрлі әдістер;

- обьектілерді реттеу, біріктіру, қиылыстыруға арналған құралдар;

- графикалық эффектілер көп;

- мәтінмен жұмыс істеудің әр түрлі мүмкіндіктері;

- алынған кескіндерді сақтау.

Р астрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. 
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. 
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.

Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. 
Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. 
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда. 



Векторлық кескіндер, бұл — сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз — осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы. 



Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы — векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.  Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады. Қысқасы қарапайым тілмен айтқанда растрлык кескін компьютерге жазылғанда әр пикселдері жеке жеке сипатталып, анықталып жазылады. Яғни былай. Бірінші қатардағы бірітнші пиксел түсі қара, бірінші қатардағы екінші пикселдің түсі сары,… оныншы қатардағы оныншы пикселдің түсі ақ. Осылай осылай сурет толықтай біткенше сипатталады. Ал векторда сурет математикалық формулалар, кесінділер арқылы сипатталып жазылады. Яғни былай. Төрт бұрышты кескін, ұзындығы 10мм, ені 10мм, түсі қара.
Өздеріңіз де байқаған шығарсыз векторлы кескінді сипаттап жазу әлдеқай оңай әрі қысқа. Сондықтан векторлы кескіннің салмағы да жеңіл, әрі оңай масштабталады.

Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық формула жатады. Олар осы сызықты сызады. Векторлық графикте объектінің масштабын өзгерткен кезде әр түрлі пиксельдердің орналасу карталары емес, объектінің математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасыда пропорция дәлме-дәл сақталады. Векторлық графикалық редакторлар — Adobe Illustratot, Macromedia Freehand және Corel Draw.

Векторлық графикте қисық үшінші реттің алуан түрлілігі болып табылатын қисық Безье кеңінен тараған. Динамикалық кескін 3D Studio MAX, Corel Draw және Animator Pro редакторларының көмегімен жасалады. 3D Studio MAX программасында кескінді қалыптастырудың мына схемалары пайдаланылады: аз ғана түйінді кадрлар беріледі, ал олардың кадрларын байланыстырушы қалғандары дестені интерполяция арқылы автоматты түрде құрады. 3D Studio MAX редакторы кескіделетін объектілерді былайша түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді: берілген траекторияның ұзына бойымен жалжыту; айалдыру; деформация; морфинг. Десте объектіні жарықтандырудың бірнеше жарық көздерін және объектіні келесісіне жайлап трансформациялау.

Үш өлшемді графика: Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.

Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар: - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; Corel Draw және Animator Pro.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Конструкторлық графика - инженер - конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР – дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы (көркем графика) - деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды.



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Информатикадан 30-сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған тәжір-к оқулық. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.

  2. Компьютерный практикум по информатике. Офисные технологии. Г.В.Калабухова, В.М. Титов

  3. Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Кобдикова Ж.У.







































АШЫҚ ЖУРНАЛ


Студенттің аты-жөні





І-деңгей

«5» балл





ІІ-деңгей «4» балл





ІІІ-деңгей «3» балл

Ауд. жинаған балы

Үй жұм. балы

Барлық балы

Бағасы

1

2

3

4

5

1

2

3

4

1

2

3

















































































































































































































































































































































































































































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!