Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Графикалық сауаттылық .Онлайн олимпиада
ГРАФИКАЛЫҚ ОРГАНАЙЗЕРЛЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Жетписова Гульнур Каратаевна
бастауыш сынып мұғалімі
«Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебі» КММ
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
АҢДАТПА
Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту барысында графикалық органайзерлердің түрлерін сабақта тиімді қолданған. Графикалық органайзерлердің алғашқы шығу тарихын анықтай отырып, іс—тәжірибеде қолданған. Графикалық органайзер – ақпаратты көрнекі түрде құрылымдап, ұйымдастыруға арналған сызбалар, диаграммалар немесе кестелер, концептуалды карта тірек-сызбасы, венн диаграммасы арқылы объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырған. Хронологиялық кесте арқылы оқиғаларды уақыт ретімен орналастырып, себеп-салдар диаграммасы бір құбылыстың себептері мен салдарын талдау арқылы оқушыларға күрделі ақпаратты жеңіл түсінуге, есте сақтауға және талдауға көмектесетіні туралы жазған.
Кілт сөздер: оқу сауаттылығын дамыту, графикалық органайзерлер, сызба, кесте, концептуалды карта, венн диаграммасы, хронологиялық кесте, ақпаратты жеңіл түсінуге.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту ең негізгі қадам. Бастауыш сыныпта қалыптасқан оқу дағдылары баланың болашақтағы білім алуына, ақпаратты тиімді пайдалануына және тұлғалық дамуына тікелей әсер етеді. Оқу сауаттылығының маңыздылығы сауатты тұлға болып қалыптасуына негіз болады. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту – олардың мәтінді түсіну, талдау және өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыруды көздейді Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Оқу сауаттылығы – оқылған мәтінді түсіну, сараптау, талдау және алған ақпаратты дұрыс қолдана білу қабілеті. Бұл дағдыларды қалыптастыруда графикалық органайзерлерді қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады [1].
Графикалық органайзер идеясының алғашқы негіздері Жан Пиаже 1896-1980 жылдары швейцариялық психолог когнитивті даму теориясын жасап, балалардың ойлау қабілетінің кезең-кезеңімен дамитынын көрсетті. Ол ақпаратты схемалар мен визуалды құралдар арқылы түсіндірді. 1960 жылдары когнитивті психологияның дамуы ойлау, түсіну және есте сақтау процестерін зерттеуге жаңа серпін берді. Джозеф Новак 1932 жылы туған – америкалық ғалым 1970 жылдары концептуалды карталарды (concept maps) ұсынды. Ол бұл әдісті білімді визуалды түрде көрсету және жүйелеу үшін қолданды.
1980-2000 жылдар: Ми карталары мен оқыту технологиялары графикалық органайзерлерді пайдалану жаңа деңгейге көтерілді. Тони Бьюзен 1942-2019 жылдары – британдық зерттеуші "ми карталары" (mind maps) концепциясын енгізді. Ол бұл әдісті есте сақтауды жақсарту және шығармашылық ойлауды дамыту үшін қолданды. Графикалық органайзерлер – ақпаратты визуалды құрылымдаудың тиімді құралы. Олар когнитивті психологияның, білім беру әдістемелерінің және технологиялардың дамуымен жетілдірілді. Бүгінде оларды оқытуда, жоспарлауда және аналитикалық ойлауды дамытуда белсенді қолданады [2].
Графикалық органайзер – ақпаратты көрнекі түрде құрылымдап, ұйымдастыруға арналған сызбалар, диаграммалар немесе кестелер. Олар оқушыларға күрделі ақпаратты жеңіл түсінуге, есте сақтауға және талдауға көмектеседі.
Графикалық органайзерлердің негізгі мақсаты:
Ақпаратты құрылымдау және жүйелеу;
Логикалық ойлау мен талдау дағдыларын дамыту;
Мәтін мазмұнын терең түсінуге көмектесу;
Оқу материалын есте сақтауды жеңілдету;
Оқушылардың белсенді оқу әрекетін арттыру.
Графикалық органайзерлер оқушылардың ақпаратты тез қабылдауына, түсінуіне және есте сақтауына көмектесетін тиімді құрал. Олар әсіресе бастауыш сыныптарда оқу процесін жеңілдетіп, шығармашылық пен логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Графикалық органайзерлер және олардың маңызы
Графикалық органайзерлер – ақпаратты көрнекі түрде ұйымдастыруға арналған құралдар. Олар мәтіндегі негізгі ойларды, себеп-салдарлық байланыстарды, оқиғалардың реттелуін және мағыналық құрылымын айқындауға көмектеседі. Бұл әдіс бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну қабілетін арттырып, олардың логикалық ойлауын дамытады[3].
Графикалық органайзерлердің түрлері және оларды қолдану
1. Концептуалды карта (тірек-сызба) – негізгі идеялар мен ұғымдарды байланыстырып көрсету.
Қолданылуы: Мәтіндегі негізгі ойларды бөліп көрсетуге көмектеседі.
Оқушыларға жаңа ұғымдарды байланыстыру арқылы түсіндіруді жеңілдетеді.
Мысалы:
Оқушылар ертегіні оқығаннан кейін, негізгі кейіпкерлер мен олардың қасиеттерін концептуалды карта арқылы белгілейді.
Концептуалды карта – ақпаратты құрылымдау және жүйелеу үшін қолданылатын графикалық органайзер. Ол негізгі идеялар мен олардың арасындағы байланыстарды көрнекі түрде көрсетуге көмектеседі.
Концептуалды картаның құрылымы:
Негізгі ұғым (орталықта орналасады);
Қосалқы ұғымдар (негізгі ұғыммен байланысқан түйінді сөздер);
Байланыстыратын сызықтар мен көрсеткіштер (ұғымдардың арасындағы қатынасты көрсетеді).
Кесте №1 Концептуалды картаны қолдану кестесі
Концептуалды картаны қолдану мысалдары:
Қазақ тілі сабағында:
«Зат есім» ұғымын талдауда кім? не? сұрақтары, түрлері, мысалдар келтіру.
№ |
Сөз табы |
Сұрақтары |
Түрлері жекеше |
Түрлері көпше |
Түрлері жалқы есім |
Жалпы есім |
1 |
Зат есім |
Кім? Кімдер не? нелер? |
Ата, ана, гүл, дала |
Гүлдер, балалар, әншілер, кітаптар |
Айгүл, Ақтөс, Ақтау |
Гүл, ит, жер, тау |
Кесте №2 Ертегі құрылымы бойынша концептуалды картаны қолдану кестесі
Әдебиет сабағында:
«Ертегінің құрылымы» бойынша кейіпкерлер, оқиға орны, басты идея, сабақ.
№ |
Кейіпкерлер |
Оқиға орны |
Басты идея |
Кейіпкерлерді сипатта |
1 |
Түлкі |
Бау-бақшада |
Көрсеқызарлық, алдау |
|
2 |
Қасқыр |
|
|
|
3 |
адам |
|
|
|
Кесте №3 Концептуалды кесте «Жыл мезгілдері» ерекшеліктері туралы
Жаратылыстану сабағында:
«Жыл мезгілдері» әр мезгілдің ерекшеліктері, табиғаттағы өзгерістерін атап көрсету.
№ |
Жыл мезгілдері |
Ерекшеліктері |
Табиғаттағы өзгерістер |
Ұқсастығы |
Айырмашылығы |
1 |
Күз |
|
|
|
|
2 |
Қыс |
|
|
|
|
3 |
Көктем |
|
|
|
|
4 |
Жаз |
|
|
|
|
Концептуалды картаның артықшылықтары:
Күрделі ақпаратты түсінуді жеңілдетеді.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.
Ақпараттың логикалық байланысын анықтауға көмектеседі.
Есте сақтау қабілетін жақсартады [4].
Концептуалды карта – оқушыларға білімді жүйелеуге және терең түсінуге көмектесетін тиімді құрал. Ол әсіресе бастауыш сынып оқушылары үшін оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді.
2. Венн диаграммасы – екі немесе одан да көп объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.
Қолданылуы:
Екі немесе одан да көп нысанды салыстыруға көмектеседі.
Оқушыларға мәтіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы:
«Қызыл телпек» пен «Үш аю» ертегілеріндегі ортақ және ерекше белгілерді анықтау үшін қолданылады.
«Қызыл телпек» пен «Үш аю» ертегісі
Ерекше белгілері ортақ белгілері ерекше белгілері
3. Хронологиялық кесте – оқиғаларды уақыт ретімен орналастыру.
Қолданылуы:
Оқиғалардың уақыт бойынша ретін анықтауға көмектеседі.
Оқушыларға сюжетті дұрыс құрастыруға үйретеді.
Мысалы:
«Алпамыс батыр» жырындағы негізгі оқиғаларды рет-ретімен орналастыру.
4. Себеп-салдар диаграммасы (балық қаңқасы) – бір құбылыстың себептері мен салдарын талдау. Себеп-салдар диаграммасы «Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» әдісі
Себептері
проблема қорытынды
дәлелдері
Қолданылуы: Оқиғалар арасындағы проблеманы анықтап, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға көмектеседі. Дәлелдер келтіре отырып қорытындысын айтады. Логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Мысалы:
«Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі оқиғалар неге болғанын талдау.
5.Кластер арқылы ақпаратты топтастыру. Мұнда «Жануарлардың тіршілік ету ортасы» тақырыбы аясында оқушылар кластерді пайдалана отырып, әрбір жануардың мекен ету орнын анықтап, қоректенуін және жануарларды қорғау шараларын талдайды. Бұл оқушылардың табиғат туралы білімін жүйелеп, жануарлар тіршілігіне қызғушылықтар артады. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін топтастырады. Сондай-ақ «Қыс» мезгілі туралы түсінік қалыптастыру мақсатфнда оқушыларға кластер арқылы өыс мезгілінде тіршілік ететін жануарлары, ауа райының құбылысын, адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен киінуін және іс-әрекеттерін топтастырады. Бұл гарфикалық органайзерлер арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады. Оқушылар ақпаратты визуалды түрде түсінуді жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытады [5].
6. Оқиға желісі – әңгіме немесе ертегі сюжетінің құрылымын анықтау.
Графикалық органайзерлерді қолданудың артықшылықтары
1. Көру арқылы есте сақтауды жақсартады – ақпаратты визуалды түрде ұйымдастыру оқушылардың есте сақтау қабілетін күшейтеді.
2. Оқу мотивациясын арттырады – суреттер мен схемалар арқылы оқу үрдісі қызықты әрі тартымды болады.
3. Мәтінді талдау дағдыларын дамытады – оқушылардың мәтінді терең түсінуіне ықпал етеді.
4. Логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді – ақпараттарды жүйелеп, байланыстыруға үйретеді.
5. Жазу дағдыларын жақсартады – оқушылар өз ойларын рет-ретімен жазуға дағдыланады.
Графикалық органайзерлер бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда маңызды құралдардың бірі болып табылады. Олар оқушыларға мәтінді терең түсінуге, ақпаратты дұрыс талдауға және өз ойларын жүйелеуге көмектеседі. Сондықтан мұғалімдер оқу процесінде бұл әдісті белсенді түрде қолдануы қажет.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады. Оқу сауаттылығы – тек мәтінді оқып түсіну ғана емес, оны талдау, өз көзқарасын білдіру және алған ақпаратты өмірде қолдана білу қабілеті. Бастауыш сыныпта оқу дағдылары қалыптасатындықтан, осы кезеңде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану маңызды. Оқу сауаттылығын дамытудың ең басты қадамы мәнерлеп оқу және түсініп оқу дағдысын дамыту керек. Оқушыларға мәтінді дауыстап, дұрыс екпінмен, тыныс белгілеріне мән бере отырып оқуды үйрету. Мәтінді оқығаннан кейін негізгі ойды анықтау және мазмұнын қысқаша баяндау жұмыстарын жүргіздім. Мәтіннің құрылымын талдау мұнда; кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімін анықтау. Сонымен қатар шығармашылық тапсырмалар беру маңызды болмақ.
Оқушыларға ертегінің немесе әңгіменің жалғасын ойлап табу ұсынылады. Мәтін бойынша сурет салып, шағын әңгіме құрастырады. Рөлдік ойындар ұйымдастырып, кейіпкерлердің мінез-құлқын талдауды беру керек. Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын талдап, актерлық шеберлікке үйренеді. Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз кейіпкерлерінің іс-әрекетін анықтап, олардан жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге талпынады. Кейін мәтінді түсіну үшін «ой картасы», «кластер» сияқты графикалық әдістерді қолдану арқылы оқу сауаттылығын қалыптастырамыз. Негізгі ойды, қосымша ақпаратты және себеп-салдарды бөліп көрсету арқылы анықтай біледі.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда берілген әңгімелер мен мәтіндерді түсіне білуі, мәні мен мазмұнын түсініп тұжырым жасауы, алған білімдерін өмірде қолдана білуі, іс-әрекеттерін бағалауға негізделген. Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін берілген тапсырмаларды сауатты оқи отырып, оқыған мәтін мен әңгімелердің мазмұнын тереңнен түсіну, оны жан-жақты талдау, өмірлік жағдаяттарға сай дұрыс қолдана білуге үйретім. Мәтінді оқи отырып, оны өз сөзімен түсіндіре білуі, жазғанда қатесіз тұтас ойды аяқтап жазуы, көздеген мақсатына жетуі, сөз саптауы, өзіндік көзқарасын білдіруі осының бәріне ерекше көңіл бөлдім. Оқырманның немесе тыңдарманның көз алдына мәтін мазмұнын тұтас елестетуі үшін жан-жақты ашып көрсетуін талап еттім. Мәтінде баяндалған негізгі ойды толық түсіндіре білуі, оқи отырып мәтін мазмұнын өз қиялына елестете алу баланың шығармашылын ашты. Оқушылардың оқыған мәтінін қаншалықты түсінгенін не түсінбегенін сұрақтар қою арқылы анықтап отырдым. Оқу сауаттылығын осылай дамыту, еліміздің жарқын болашағын қалайтын сауатты тұлға қалыптастырудың кепілі екенін айтқым келеді [6].
Оқу стратегияларын үйрету үшін болжау, сұрақ қою, түйін жасау белсенді оқу әдістерін қолдандым. Графикалық органайзерлерді, сызбалар, кестелер пайдалану арқылы ақпаратты визуалды қабылдауға көмектестім. Оқушыларға ақпаратты бөліктерге бөліп, негізгі ойды табуды үйреттім. Графикалық органайзерлерді оқу сауаттылығын дамытуда қолданудың кемшіліктері мен нәтижелері
Графикалық органайзерлерді қолданудың нәтижелері оқу материалын құрылымдауға, негізгі ойларды ажыратуға және мәтін мазмұнын түсінуге көмектесетін негізгі нәтижелері:
Оқушылардың мәтінді түсіну деңгейі артады, ақпаратты визуалды түрде қабылдау есте сақтауды жеңілдетеді. Мәтіндегі басты ойды, негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға көмектеседі. Логикалық және аналитикалық ойлау дамиды. Мәтін бөліктері арасындағы байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді. Себеп-салдарлық байланыстарды ажырата алады.
Жазылым және айтылым дағдылары жақсарады. Оқушылар өз ойларын жүйелі жеткізуді үйренеді. Әңгіме құрастыру, мәтінді талдау дағдылары қалыптасады. Оқу мотивациясы артады. Суреттер мен диаграммалар оқуға деген қызығушылықты күшейтеді. Шығармашылық қабілеттері дамиды.
Графикалық органайзерлерді қолданудың кемшіліктері: Түсінуге қиындық туғызуы мүмкін. Кейбір оқушылар диаграмма немесе кестені түсіну қиындықтарына тап болуы мүмкін. Оқу деңгейі төмен оқушыларға қосымша түсіндірме қажет болады. Оқушылардың шығармашылық ойлауын шектеуі мүмкін. Дайын шаблондар кейде баланың өз ойын еркін жеткізуіне кедергі келтіреді. Белгілі бір құрылымға тәуелділік оқушылардың өзіндік ойлау дағдыларын дамытуға кері әсер етуі мүмкін. Уақытты көп қажет етеді. Кейбір күрделі графикалық органайзерлерді толтыру көп уақыт алады. Мұғалім тарапынан алдын ала дайындық жұмыстары қажет. Барлық оқушылар үшін тиімді болмауы мүмкін. Көрнекі түрде ақпарат қабылдауға дағдыланбаған оқушыларға ыңғайсыз болуы мүмкін. Кейбір оқушыларға мәтіндік форматта жұмыс істеген ыңғайлырақ болады.
Графикалық органайзерлер бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда маңызды құрал болып табылады. Олар оқушыларға мәтінді құрылымдауға, негізгі ойды табуға және материалды жеңіл есте сақтауға көмектеседі. Дегенмен, олардың тиімділігі оқушының жеке ерекшеліктеріне, тапсырманың күрделілігіне және мұғалімнің әдістемелік қолдауына байланысты болады. Оларды қолданғанда оқушылардың деңгейіне қарай бейімдеу, күрделі диаграммалар мен схемаларды біртіндеп енгізу және шығармашылықпен ойлау мүмкіндігін қалдыру маңызды. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту кешенді тәсілді талап етеді. Оқудың түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы балалардың оқу дағдысын қалыптастырып, болашақта олардың танымдық қабілеттерін арттыруға ықпал етуге болады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі оқу сауаттылығын дамытудағы басты фактор болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту бойынша ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргіздім. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ әдебиетіндегі шығармаларды оқу бағдарламасына кеңінен енгізу керек екенін баса айтқым келедң. Оқу сауаттылығын дамыту үшін озық педагогикалық әдістерді қолдану арқылы мұғалім өз еңбегінің жемісін көре алады. Сондықтан бастауыш сыныпта оқушыларыма сапалы білім беріп, болашақта өз мамандығын дұрыс таңдай білуіне, нақты қадам жасай алатын өзіне сенімді тұлға тәрбиелеуде аянып қалмадым [7].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Выготский, Л. С. (1978). «Мәдени-тарихи даму теориясы».
2.Новак, Дж. Д. (1984). Concept Mapping for Meaningful Learning. Cambridge University Press.
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (2019). «Жаңартылған білім беру бағдарламалары».
4.Пиаженің когнитивті даму теориясы бойынша зерттеулер.
6.Шульман, Л. (1987). Knowledge and Teaching: Foundations of the New Reform.
7.Drapeau, P. (2014). Creativity and the Common Core Classroom.

