«Гүл еркем, мінезің болсын
көркем»
психологиялық
тренинг
Мақсаты:Қыз балалардың
бойындағы жағымды қасиеттерін шыңдау, әр сынып қыздарының арасында
достық қасиет қалыптастыру.
Күні:13.02.2024
Сынып:
5 «А»
сыныбы
Жұмыс барысы:
«Жылулық жүректе» тренингі
Қыздар бір-біріне жылы сөздер,
ыстық лебіздерін білдіріп, тілектерін айтып, ренжісіп жүргендер бір
бірінен кешірім сұрап, мұғаілім таратқан күнделік бойынша
орындарына жайғасады.
«Достық
торы» жаттығуы. Қыз балалар
арасында достық қалыпты, достық қарым-қатынасты қалыптастыру
мақсатында өз бойларындағы ерекше қасиеттерін айтты. Бір-бірлерін
дұрыс түсіну үшін қандай қасиеттерін бойымыздан табылу керек
(келісім, сыйластық т.б.) Көптеген қасиетті айта отырып, жіпті
бір-біріне лақтырып отырды. Соңында тор шықты, торды «достық торы»
деп атап, достығымыз нығая берсін деп
қорытындыланды.
Мұғалім:
Мен қазақ қыздарына қайран
қалам
Жанары, жаны жайсаң
жайраңдаған
Қыз өссе елдің көркі деген
сөзді
Қапсысыз қалай айтқан қайран
бабам!? - дей келе, бүгінгі психологиялық тренингіміз «Гүл еркем,
қылығың болсын көркем» атты тақырыпта
өтеді
Ой қозғау: Қазақ қызы қандай
болу керек? Осыған байланысты бейнебаян ұсынамыз
Алдарында
тұрған «Қыздарға арналған психологиялық 40
кеңес» атты қағаз қиындыларын
оқиды.
1.
Өз-өзіңізді жақсы көріңіз. Сонда өмір сүру әлдеқайда жеңіл
болады.
2. Бірге жүрген қыздардың
бәрі әрқашан қасыңыздан табыла бермейтінін ұмытпаңыз.
3. Егер шынайы дос тапсаңыз,
қандай қашықтықта болса да, достық қарым-қатынасыңызды
үзбеңіз.
4. Дүниеге қызықпаңыз, ол
сізді бақытты етпейді.
5. Қандай жағдайға
кезіксеңіз де, ешкімді кінәламаңыз, қатені алдымен өзіңізден
іздеңіз.
6. Әжеңізбен жиі уақыт
өткізіңіз, ол сізге көп нәрсе үйретеді.
7.
Есте сақтаңыз: белгілі бір мәселеге тіреліп, өмір тоқтап қалмайды.
Өйткені жаңбырдан кейін де күн шығады.
8. Барлық нәрсеге шайқаса
берудің қажеті жоқ.
9. Өзіңізді өзгелермен
салыстырмаңыз, ол сіз секілді ешқашан бола алмайды.
10.
Сезіміңіз соншалықты берік болса да, махаббатқа қатты берілмеңіз.
Себебі сіз өз-өзіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
11.
Әдемі әрі сауатты сөйлеп үйреніңіз, ол сізге өмірде міндетті түрде
көмектеседі.
12. "Жоқ" деп айтудан
қорықпаңыз, оның да пайдасы бар.
13. Өмір тек бір-ақ рет
беріледі. Сондықтан оны өкінбейтіндей етіп сүруге
тырысыңыз.
14.
Жігіттердің артынан жүгірмеңіз, керісінше олар сіздің артыңыздан
жүгіруі керек.
15. Жақсы сөз - жарым ырыс
екенін естен шығармаңыз. Оны айтып та, қабылдап та
үйреніңіз.
16. Өзгелердің де, өзіңіздің
де алдыңызда адал болыңыз.
17. Жалғыздықтан қорықпаңыз.
Ол өздігіңізден дамуға көмектеседі.
18. Өз
сезіміңізді жеткізуден қорықпаңыз.
19. Дауласқыңыз келсе
дауласыңыз, бірақ 8-ереже есте болсын.
20. Білім - керемет күш.
Жан-жақты болу үшін әртүрлі кітап оқыңыз.
21.
Егер жігітіңіздің үйінде бірде-бір кітап болмаса, теріс айналып
кете беріңіз.
22. Өзіңізді қандай жағдайда
да алып шығуыңыз керек.
22. Қателіктерден сабақ
алатыныңызды ұмытпағайсыз.
23. Күніне бір рет болса да
айналаңыздағы адамдарға жақсылық жасауға тырысыңыз.
24. Тәрбиелі жанұядан
шыққаныңызды көрсетіңіз. Сонда сіз жайлы тек керемет пікірлер
айтылатын болады.
25. Тек үлкендермен ғана
емес, өзіңіздің қатарластарыңызбен және жасы кіші адамдармен де
сыпайы болыңыз.
26. Сіздің сөздеріңізден
гөрі істеріңіз сіз жайлы көп нәрсеге көз жеткізетінін біліп
жүріңіз.
27. Сезіміңізді жасырып
емес, айтып біліңіз.
28. Қарапайым заттардың
өзінен көркемдік көруге тырысыңыз.
29. Теріңізге жас кезіңізден
абай болыңыз. Күнге қарсы иісмайлар пайдаланыңыз.
30. Сізді жақсы көретін
жандармен жақын болыңыз.
31. Қандай қиыншылыққа кез
болсаңыз да, еңсеңізді түсірмей, басыңызды тік көтеріп
жүріңіз.
32. Өзіңіздің көз жасыңыздан
қорықпаңыз. Өйткені одан жаңа күш, серпіліс таба аласыз.
33. Күлкі - жаныңызға да,
денеңізге де ем.
34.
Сөзбен жұбата да, жылата да аласыз. Сондықтан сөйлемес бұрын ой
сүзгісінен өткізіңіз.
35. Кешірім сұрау кішіліктің
емес, кісіліктің белгісі.
36. Алға қойған мақсатқа
жету үшін талмай еңбектенуіңіз керек.
37. Өз-өзіңізді қамтамасыз
етіп үйреніңіз.
38. Өзіңіздің бағаңызды
ешқашан түсірмеңіз.
39. Сіз өзіңіз ойлағаннан да
жоғарысыз.
40. Өмір дегеніміз - бүгінгі
күн. Кешегі де емес, ертеңгі де емес. Бүгінгі күнмен өмір сүріп,
бақытты болыңыз.
«Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу
ойлан…» тренингі
Шарларды жару арқылы ішіндегі
сұрақтарға жауап береді.
Мақсаты: Жылдамдыққа ұшқыр ойға мүмкіндік беру.
Сонымен бірге өз – өздерін бағалау деңгейлерін
арттыру.
Нұсқау: Қыздар, мына шарларды жару арқылы сұрақтарға жауап беріп
көрелік!
Сұрақтары: Анаңмен жиі сырласасың ба?
Сенің сырларыңды кім көбірек
біледі?
Сенің ойыңша қыздар қандай
болуы керек?
Күлші...
Мінезіңнің жағымды түстарын
атап бер?
Сыныптағы балалардың саған
айтқан сөздерін өалай қабылдайсың?
«Мен басқаның
көзімен...» тренингі қыздар кезекпен тақтаға шығып, алдарында тұрған
қағаздарды таңдап алып, ашып ішінде жазылған қызға мінездеме
береді,,,
«Сенімен дос болғым келеді»
тренингі
Бұл сыныптағы қыздардың
ауызбіршілікте, бірлікте болуларына көмек
береді,
Қыз балалардың өз – өздерін
бағалау деңгейін анықтау арналған сауалнама
Қорытынды
Бабаларым қыздарды қадірлеген,
Қыз баладан басталар өмір терең Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген — деп бүгінгі тәрбие сағатымызда
қыздар тәрбиесін қыз балалардың өздері сөз еткеннен гөрі,
ұлдарымыздың сөз етуін мақсат еткенмін.
Өйткені, қыз бала тәрбиесі баршаның ісі. Қыз бала
мен ұл баланың бірін – бірі жақсы түсінуіне, бірін – бірі
сыйлауына, бір –біріне қамқор бола білуіне, қыздарымызды –қылықты,
ұлдарымызды – ұлағатты етіп тәрбиелеуге септігі мол болары сөзсіз.
Қыздарға айтарым « қазақ қызы» деген қастерлі де қасиетті атқа
лайық болыңдар. Білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап
өсе беріңдер.
Ең
соңында «Біздің достық
мұнарасы» втты стакандардан мұнара
тұрғызады.
Толығырақ
ақпарат: 8707-231-75-95 нөмірі арқылы