400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Гүл құрақ құрау" .

Материал туралы қысқаша түсінік
тігу әдісіне икемділіктерін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы «Егінсу орта мектеп - бақша» КММ

Технология пән мұғалімі Саттемирова Зеинепхан Ганитуллақызы

Сабақ тақырыбы: " Гүл құрақ құрау" .

1.Сабақтың білімдік мақсаты : гүл құрағын құрап үйрену , оған қолданылатын тігіс түрлерінің қыр-сырын, оған дайындалатын өрнек түрлерін түсіндіру.

2.Сабақтың дамытушылық мақсаты: гүл құрағының технологиясын

меңгеру , тігу әдісіне икемділіктерін арттыру.

3. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды әсемдiкке,

адамгершiлiкке, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауға және сәндікке, шеберлікке, жүйелілікке, білімдерін шеберлікпен пайдалана білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : математика, геометрия, сызу .

Көрнекiлiгi : тiгiс түрлерi, буклет, сызба.

Сабақтың әдісі: түсіндіру – безендіру, репродукциялау

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын сұрау.

-Құрақ дегенiмiз не?

-Құрақтың тұрмыстағы алатын орны ?

-Құрақ қандай бұйымдарға салынады ?

-Құрақтың түрлерiн атаңдар ?

3. Жаңа сабақ

Құрақ - мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымының бiрi. Құрақты қазақ алқы тек төсенiш ретiнде ғана емес, сонымен бiрге сәндiк үшiн жастық бетiне де салған. Сәндiкпен бiрге үнемдiктi де ұмытпаған. Үй жиһаздарының бiрi - құрақ көрпе, көрпеше ата - бабаларымыздың дәстүрлi төсенiшi болған. Тұрмысымызға беретiн сәндi бұйым болғандықтан шеберлер бар өнерiн салған. Шеберлердiң ой - қиялынан түрлi түрлерi шыққан: үшбұрышты, ромбик, жапырақша, жұлдызша, текше, мүйiз құрақ майда құрақ, гүл құрағы тағы басқалар.Слайд арқылы құрақ түрлерiн көрсету.Бүгінгі сабағымызда гүл құрағының жасалу технолологиясына тоқталайық. Гүл құрағының сызбасын жасау.Үлгiнi мата бетiне орналастыру, пiшiп қию. Қолмен, тiгiн машинасымен iс тiге бiлу. Құрақты сәндеу.

Қауіпсіздік ережесін ескеру

4 Жаңа сабақты бекiту сұрақтарын беру.

- Гүлге байланысты қандай қыз есімдерін білесіңдер?

Гүл құрағы қалай жасалады?

Гүлге, әсемдік пен әдемілікке қатысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?

- Құраққа мата қалай тандалынады ?

- Құрақ неге ортасынан басталады?

- Құрақтар бір – біріне қалай біріктіріледі?

Жиектеме не үшін қажет ?

Қандай тiгiс түрлерiн бiлесiңдер, қай жерде қандай тiгiс пайдаланады ?

5. Практикалық жұмыс. с/ж «Гүл» құрағын құрастыру. Карта

6. Үйге тапсырма: Гүл құрағын құрап жаттығу. Оқушылардың жұмыстарын салыстыру арқылы бағалау. Жiберген кемшiлiктерiн ескертiп, түсiнбегенiн түсiндiру.

7. Сабақты қорытындылау .

Құрақтың шетiн астармен көмкерiп iшке қарай бүгiп, жүн тартып қабып, көрпешенi аяқтап көрсету. Көрпеге салынатын жүн алдымен жуылып , кептiрiлiп , түтiлiп дайындалатынын оқушыларға түсiндiру. Тiгiп болған соң моншақпен, түймемен әсемдеуге болатынын айта кеткен жөн.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 мамыр
1019
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі