Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы: Көбею. Өсу және
даму
Сынып:
7
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Гүл құрылысы.Тозаңдану
түрлері. Гүлдеу және тозаңдану. Тозаңдану түрлері (өздігінен,
айқас, жасанды)
|
|
Осы сабақта қол жеткізетін
оқу мақсаттары
|
7.2.1.3 - өздігінен және айқас
тозаңданудың шамалы артықшылықтарын
сипаттау
|
|
Сабақтың
мақсаты
|
Өздігінен және айқас
тозаңданатын гүлдің құрылысын
сипаттайды
Өздігінен және айқас
тозаңданатын гүлдің құрылысының ерекшеліктерін біле отырып,
тозаңданудың түрлерін салыстырады
Өздігінен және айқас
тозаңданатын өсімдіктердің түрлерін
жіктейді
|
|
Бағалау
критерийі
|
Өздігінен және айқас
тозаңданатын гүлдің құрылысын сипаттай
біледі
Өздігінен және айқас
тозаңданатын гүлдің құрылысының ерекшеліктерін біле отырып
салыстырады
Өздігінен, айқас, жасанды
тозаңданатын өсімдіктердің түрлерін жіктей
алады
|
|
Тілдік
мақсаттар
|
Негізгі ұғымдар: тозаңдану,
өздінен тозаңдану, айқас тозаңдану
Аталық тозаңның аналықтың
аузына түсуі ..... деп аталады. Тозаңдану ...... және ........
болып екіге бөлінеді.
|
|
Құндылықтарға
баулу
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамында
еңбек өнімділігін арттыруда өсімдіктердің көптүрлілігін
танып-білуге, өсімдіктер дүниесін қорғауға
тәрбиелеу.
|
|
Пәнаралық
байланыс
|
Ботаника-өздігінен,айқас
тозаңдану, зоология- бунақденелілердің құрылысының
ерекшелігі,экология-өсімдіктердің тіршілік ету
ортасы, селекция-жасанды тозаңдану арқылы
өсімдік түрлерін алу.
|
|
Алдыңғы
білім
|
Өсімдіктердің өсімді жолмен
көбеюі және оның түрлері. Көбею тәсілдерін
қолдану.
|
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы
10
минут
|
Психологиялық
ахуал қалыптастыру
Тренинг «Жанды ассоциация»
оқушылар гүлдің мүшелерін, көбею мүшелерін атай отырып бір-бірінің
қолынан ұстап шеңбер құрады.
Топқа
бөлу Түрлі түсті күлте жапырақшалар
арқылы 3 топқа бөлінеді.
«Постер
қорғау» әдісі арқылы оқушылар
гүл құрылысын, өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі және тозаңның
түрлерін суреттеп қорғайды.
Ынталандыру әдісі:
«Мадақтау»
|
|
|
Сабақтың
ортасы
10
минут
3
минут
7
минут
|
«Ойлан – жұптас –
бөліс» әдісі
Берілген мәтін
бойынша,тозаңдану түрлерінің суреттері арқылы әрбір оқушы жеке
жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен
бөліседі, бүкіл топтық талқылауға
ұласады.
Дескриптор
-тозаңдану түрлерін
сипаттайды
-өздігінен және айқас
тозаңдануды сипаттайды
Сәйкестік
тест
Тозаңдану-дың
түрлері
|
Сипаттамалары
|
|
Жел арқылы айқас
тозаңдану
|
Тозаңдары
майда
|
|
Бітеу гүлдің
тозаңдануы
|
|
Гүлі ашық
реңді
|
|
Бунақденелілер арқылы айқас
тозаңдану
|
Аталық жіпшесі ұзын, тербеліп
тұрады
|
|
Шірнеліктері
бар
|
|
Тозаңдану бір гүлдің ішінде
болады
|
|
Тозаңдары
ірі
|
|
Өздігінен
тозаңдану
|
Аналығының аузы үлпек
қауырсынды
|
|
Гүлі хош
иісті
|
|
Гүлдері
реңсіз
|
Қалыптастырушы бағалау «От
шашу»
«Бұрыштар» тәсілі
Мұғалім оқушыларға сұрақ
ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына
орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып
тұрады. Таңдаған жауаптарын толық өздерінің дәлелімен
айтады.
Сұрақ: Өздігінен тозаңдану мен
айқас тозаңданудың айырмашылығы
неде?
Жауаптары:
А) Айқас тозаңдану бір гүлдің
аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына
түсуі
Ә) Өздінен тозаңдану бір
гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына
түсуі
Б) Тозаңдану аталық тозаңның
аналықтың аузына түсуі, тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану
болып екіге бөлінеді.
В) Табиғатта өздігінен
тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде немесе бітеу гүлде
тозаңданып үлгереді. Бір гүлдің аталық тозаңдары екінші гүлдің
аналығының аузына жел немесе бунақденелілер арқылы
түседі.
Дескриптор:
-тозаңдану түрлерін атап
шығады
-тозаңдану түрлерін
салыстырады
-тозаңданудың артықшылығын
сипаттайды
|
Қалыптастырушы бағалауға
арналған тапсырмалар жинағы биология
7(жоба)
Е.А.Очкур,М.Ж.Құрманғалиева
Биология Мектеп 2017
|
|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
Рефлексия
«Сэндвич»
Сэндвичтің дайындалу жолын
еске түсіріп,
Нан-не ұнады,ірімшік-не білгім
келеді?көкөніс-ұсыныс білдіреді.
|
|
|
Саралау – оқушыға мейлінше
қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда
қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар
бересіз?
|
Бағалау –
дескрипторы
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау
|
|
Барлығы «ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
арқылы мәтінмен, суретпен жұмыс
жасады.
Сәйкестендіру тест
арқылы көпшілігінетапсырма
берілді.
«Бұрыштар»
тәсілікейбір оқушылардың білімдерін
қорытындылауға алынды
|
Өздігінен және айқас
тозаңданатын гүлдің құрылысын
білді.
Өздігінен және айқас
тозаңданатын гүлдің құрылысының ерекшеліктерін
салыстырды.
Өздігінен,айқас,жасанды
тозаңданатын өсімдіктердің түрлерін жіктей
алды.
|
«Бұрыштар» тәсілі кезінде
оқушылар қозғалысқа түсіп орын
ауыстырады.
|