Тақырып бойынша 31 материал табылды

Гүлдене бер Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Гүлдене бер Қазақстан сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жер біздің ортақ үйіміз» атты оқушылар арасындағы Қалалық әлеуметтік-экологиялық сурет және плакат байқауы

СЦЕНАРИЙІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГИМНІ ОРЫНДАЛАДЫ

ЗЕЙІН СИГНАЛЫ (экранда туды фон ету ) Жүргізуші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім  менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің!

Армысыз, құрметті ұстаздар, оқушылар!Туған өлкенің тарихы мен мәдени ескерткіштерін құрмет тұту және рухани мұрасы, киелі мекендерін бағалай білу мақсатында өткен «Гүлдене бер, Қазақстан» қалалық өлкетану олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Тәуелсіздік- қасиетің, құнарың,

Тәуелсіздік- жарқыраған шынарың.

Тәуелсіздік – бар бақыттың бастауы,

Тәуелсіздік – ұлтың менен ұраның,-деп ортаға Ахметжанқызы Ақжанды шақырамыз.







Жүргізуші:

«Гүлдене бер, Қазақстан» қалалық өлкетану олимпиадасына 21 мектептен 43 оқушы қатысып, білімдерімен бақ сынасты. Ендеше, олимпиада жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз кезегін Қалалық жас туристер стансасының директоры Бекбергенова Алёна Исламовнаға , Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің экскурсоводы Амангелді Әсемгүл Асқарқызына және "Халықаралық тәрбиешілер мен зияткерлік балалар ғылымдар академиясы" қоғамдық қорының директоры Нурманалиев Ниязбек Энгельсовичке беріледі.

Жүргізуші:

Туған жердің болашағы, біз жастармыз

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті, киелі, туған жерім,

Үкілі үмітіңді біз ақтармыз.


Жеңістеріңіз құтты болсын, жеңімпаз жас өрен! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Барлық қатысушыларды, ұстаздарды естелік фото суретке түсуге шақырамыз.



Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала – Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,
Түсінем өзендердің саз ағыстарын.
Қалай ақын болмайын, мен түгілі
Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.
Қырандар қанатында даңқы кеткен,
Дән дала – Қазақстаным.

Сен менің шұғылаға толған даламсың,
Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.
Бабамның көздерінің қарашығы ең,
Баламның бақытына да қорған боларсың.
Жан дала – Қазақстаным.

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,
Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген.
Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,
Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.
Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12