Материалдар / «Гүлденген ағаштар»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Гүлденген ағаштар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың тілдерін, сөздік қорларын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2019
2817
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 16.04.2019ж

Тәрбиеші: Ахметжанова АМ

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Көктемдегі ағаштар» көктемдегі гүлдер

Тақырыбы: «Гүлденген ағаштар»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғаттың әсемділігін,сұлулығын сезе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың байланыстырып сөйлеуін,тілін,сөздік қорын молайту.

Оқыту: Табиғаттағы тіршілік көктемгі гүлденген ағаштар туралы білімдерін кеңейту.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер.

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): : көктем - весна, қарлығаш-ласточка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Ағаштар» (биік - аласа). Балалар бейнетаспадан көріп отырғандарыңыз ағаштар және олардың түрлері.
Ағаштар далада, орманда, бақшада өседі. Оларды өсімдіктерге жатқызамыз. Дала өсімдіктері аса күтімді қажет етпейді. Ал, бақша өсімдіктеріне көп күтім қажет. Оларды суарамыз, суарудың да көптеген әдістері бар. Ағаштың діңін ағашқа құрт түспеуі үшін ақтаймыз.
Тыңайтқыштар береміз. Өйткені күтімді уақытылы жасаса жемісті мол береді.

Бейнетаспадан «өсімдіктерді суаруды» көрсету
Ағаштардың биіктігіне қарай биік - аласа деп ажыратамыз. (бейнетаспадан
көрсетіп ажыраттыру)

Ағаштарды топтастыру
Биік аласа

Сергіту сәтін жасау. «Жаз» өлеңі

Ойын: «Қай ағаштың жемісі» Жемістерді өз ағашына қою.

Біз бүгінгі оқу іс - әрекетінде қандай тақырыпта жұмыс жасадық?
- Ағаштарға қандай күтім жасаймыз?

Ағаштарды қалай топтастырдық?

Оқу іс – әрекетіне белсене қатысқан балаларды мадақтау, қуанышты хабарлама тарату.

Шаттық шеңбері:
- Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық!




Вариативтік компонент «Эколайф»

Күні:16.04.2019

Тәрбиеші:Ахметжанова АМ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Кіші сала: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Жел,жел, сен мықтысың» Жел.

Мақсаты:желдің бағытын және күшін анықтау.

Құрал-жабдық: султанчиктар,стақан суымен, қарындаш.

Алдын-ала жұмыстар:шатырда не сепепті желдеткіштер(флигель) қойғаны туралы әңгімелеу.

Сөздік:соғады.

Билингвальдік компонент: күшті жел –сильный



Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Сипаттамалы суретегі үйге қарап, шатырындағы желдеткішке көңіл аудырамын.Желдеткіш шатырда не үшін керек?

Балалар суретті қарап, желдеткшітің не үшін екенін айта бастайды.


Ұйымдастырушылық

Ізденіс














Желдің бағытын тағы қалай анықтауға болады?


Біз бүгін желдің бағытын тағы қалай анықтауға болатынын білетін боламыз. Саусақтарыңды суға салыңдар да, алып шығып, жоғары көтеріңдер.



Султанчиктарды көрсетемін.





Балалар желдің бағытын қалай анықтауға болатынын айтады.


Балалар саусақтарын суға салады да, судан алып, желдің бағытын анықтайды.желдің бір жақтан соғып тұрғанын біледі.



Балалар өздері султанчикті қалай қолданатынын айтып, қорытынды жасайды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Құмда желді диірмен жасауды ұсынамын.

Балалар желді диірменнің суретін салып,желдің бағытын адамзат қалай пайдаланғанын айтады.



Күткен нәтиже:

Серуенде жүріп желдің бағытын анықтаудыұғынады.

Желді диірменді өз пайдасына адамдардың пайдаланғанынтүсінеді. Бақылап, қорытынды жасауды қолданады.


«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 18.04.2019ж

Тәрбиеші: Ахметжанова АМ

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет.

Өтпелі тақырып: «Көктемдегі ағаштар» көктемдегі гүлдер

Тақырыбы: «Гүлді алма ағаштары» (сюжеттік сурет)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғаттың әсемділігін,сұлулығын сезе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Оқыту: Өз суреттерінің мазмұнын ойластырып,көктем құбылыстарын бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау, ТРИЗ.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер, парақ, қарындаш,

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): көктем - весна, алма ағашы – яблоня, гүлденген – цветущая.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға ертегі айтып беру. Ертегі бойынша көрініс,
- Бір күні гүлден тұрған бау - бақшаның қасынан ұшып бара жатқан жел бір жағымды жұпар иісті сезеді.

- Бақшадан аңқып тұрған бұл қандай жұпар иіс?- деген оймен гүлдеп тұрған ағаштың біріне жақындайды.

Ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік гүлдерге таңырқай қарайды, «Неткен ғажап, әдемі еді!»- деп таңданады.

Біраз уақыт өткен соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып тоқтатады.

Бірақ жұпар иісті нәзік гүлдердің орнына хош иісті алмалардың өсіп тұрғанын көреді, Ол тағы да таңырқап «Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап екен!»- дейді,
Балаларға қандай жеміс ағаштарын және қандай жемісті ұнататындарын сұрап, жұмбақ жасырады.

1, Көктемде ақ гүл оранады,
Күзде қолға доп оралады
(алма)
2, Ортасында қызығы,
Бұтағының асығы
(алма)
3, Тіл үйірген дәмі бар
Сары алтын түс сәні бар
Жақсаң егер кептіріп
Сүйегінің дәмі бар
Баққа тұрар сән беріп,
Алқа етіп тілін ал,
(өрік)
2.Негізгі бөлімі
Балаларға Ә. Қастеевтің «Алма ағаштар гүлдеді» шығармасын атты суретті көрсетіп, алма ағаштың гүлденгенін, одан жеміс алып бергенін, алманың көлемін түсін, пішіні туралы әңгіме өткізу.

-Біз бүгін суреттші болып «Гүлді алма ағаштарың» саламыз.

Өзіндік жұмыс. Көмек көрсету.
Сергіту сәті:

Алма баққа барайық
Алма теріп алайық
Ең үлкенін дәмдісін
Анамызға сыйлайық.

«Бақ» тақпақ оқып береду.
Бақ ішінде алмалар,
Бар жемісі бағалы
Көрген адам таңданар,
Көздің жауын алады
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер»
3.Қорытынды

Балалармен бірге талдау жасау. «Алма бағы» атты көрмеге балалардың жұмыстарын қою. Соңында балаларға «Қуанышты хабарлама таратады»

























«Арман» шағын орталығы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 18.04.2019ж

Тәрбиеші: Ахметжанова АМ

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Драма

Өтпелі тақырып: «Көктемдегі ағаштар» көктемдегі гүлдер

Тақырыбы: «Қызыл телпек»

Мақсаттары: Қ/о «Гүл теру»

Тәрбиелік: Балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: Мейрімділік қасиеттерге тәрбиелеп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Ертегінің мазмұның айтып беруге үйрету.

Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, денсаулық сақтау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыптық суреттер, маскалар.

Билингвалдық компонент (ортаңғы тобы): қызыл телпек – красная шапочка, ертегі – сказка, қасқыр – волк, аңшы - охотники.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға Қызыл телпектін суретін көрсету.

-Кім айтады мынау кім?

-Бізге Қызыл телпек өзі жайлы ертегіні айтып беруді өтінеді.

2. Негізгі болімі

- Бүгінгі оқылатын ертегіміз «Қызыл телпек» ертегісі оқып, мазмұнын ашып әңгімелейміз.

Өте ерте кезде бір кішкентай қыз өмір сүріпті. Оны Қызыл Телпек деп атайтын еді. Бірде анасы:

-Қызыл Телпек, әжеңе бәліш пен бір құмыра сүт апарып берші, әрі амандығын біле кел, тек орман ішінде өте сақ бол, еш жерге бөгелме, ешкіммен сөйлеспе, - деді.

Қызыл Телпек сол сәтте-ақ әжесіне қарай жол тартты. Бірақ анасының айтқандары тарс есінен шығып кетіп, жолдан орманға қарай бұрылады. Алдынан Қасқыр шыға келді.

-Қайда бара жатырсың, Қызыл Телпек? – деп сұрады ол.

-Мен әжеме бара жатырмын,- дейді қыз,- оған бәліш пен құмыра сүт апарып беремін.

-Ал әжең қайда тұрады?

-Анау алдыда көрінген диірменнің арт жағында.

Қасқыр төте жолға түсіп жорта жөнелді. Ал Қызыл Телпек болса ұзақ соқпаққа түсіп, жол бойы гүл теріп, көбелектерді қызықтады. Ол кезде Қасқыр қыздың әжесінің үйіне жетіп келген еді.

Қасқыр есікті тоқ-тоқ еткізіп қақты.

-Бұл кім?-деп сұрады әжей.

-Бұл мен, Қызыл Телпекпін,- деп жауап берді Қасқыр даусын жіңішкертіп.

-Жіпті тарт, балам, сонда есік ашылады,- дейді әжей.

Қасқыр үйге кірді де, әжейді қылғытып жұтып қойды.

Сосын әжейдің төсегіне жатып алып, Қызыл Телпектің келуін күтті.

Артынша қыз келді де, төсектің шетіне келіп жайғасты.

-Әже, неге сенің құлағың мен көзің соншалықты үлкен?- деп сұрады Қызыл Телпек.

-Сені жақсырақ естіп, әрі көру үшін,-деп жауап берді Қасқыр.

-Әже, неге сенің тістерің осыншама ақсиған?

-Сені тезірек жеп қою үшін!-деп Қасқыр жауап берді де, Қызыл Телпекті жұтып қойды.

Осы кезде үйдің қасынан отыншылар өтіп бара жатқан еді. Олар у-шуды естіп, асыға басып үйге кірді де, Қызыл Телпек пен оның әжесін құтқарып алды.

Билингвальды компонент:  Қызыл телпек-красная шапочка, ертегі – сказка, қасқыр – во

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!