Гүлдер әлемі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Гүлдер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға гүлдер туралы айту.Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 17.05.2018 ж.

Білім беру саласы:«Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы:Гүлдер әлемі

Мақсаты:

Білімділік: гүлдердің түрлері мен таныстыру7 Гүлдердің түрлерімен таныстырып ,оларды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Гүлдер туралы тақпақ айтқызып сөздік қорларын дамыту.Гүлдер туралы жұмбақтар жасырып ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілік:  . Сөздік қорларын,ой -өрісін ,қиялын дамыту. Гүлдерді аялай білуге әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу..

Алдын-ала жұргізілетін жұмыстар:Түстер бойынша ойын ойнау

Әдіс -тәсілдері: сурет көрсету,түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.

Көрнекілік: бөлме гүлдері, дала гүлдері, бақша гүлдерінің суреттері.

Билингвальды компонент: гүлдер-цветы

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз ,

Көңілдіміз бүгін біз.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң қонақтар.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Аттарын еске түсірейік?

- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Балалар шеңберге тұрып , бір-бірімен амандасады. Жақсы көңіл -күй тілейді.

Қазір жылдың көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде 3ай бар

Наурыз,сәуір,мамыр

-Көктем мезгілінде күн жылынады,ағаштар бұршік жарады,құстар ұшып келеді,ұя салып қарсы аламыз.

Ұйымдастыру - іздестіру

Балалар енді жаймен барып орнымызға отырайық.Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ жасыру.

Адамдардың бәрі қызығады,

Ұстай берсең сәні бұзылады. (Гүл)



Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы:

«Гүлдер гүлдер әсем гүлдер»деп аталады.

Балалар суреттке қарандаршы ненің суретті қандай гүлдер?

Гүлдердің тамыры, сабағы, жапырағы күлтесі болады.

Гүлдер дала гүлдері,бақша гүлдері,бөлме гүлдері болып.

Дала гүлдері өздеріміз білетін бәйшешек, қызғалдақ,сарығалдақ,түймедақ,бақбақ гүлдері.

Бөлме гүлдеріне: фикус,қытай розасы,алоэ және оданда бас гүлдер жатады. Дала гүлдері күтімді қажет етпейді.

Ал, бөлме гүлдері күтімді қажет етеді.оны күнделікті су құйып,топырағын қопсытып,шаңын сүртіп тұрмаса гүл өліп қалуы мүмкін. Гүлдерді жайдан жай өсірмейді.Адам оған қарап шаршағанын басады.Гүлге қарап отырып демаласың.Гүлдердің емдік қасиеттері де бар .олардан түрлі-түсті жақпа майлар,күнделікті сусабын,әтір жасауға болады.гүлдердің хош иісі бар.гүлдердің адамға пайдасы мол.Ол ауаны тазартып тұрады.

Билингвальды компонент:гүлдер-цветы-flowers

Ғажайып сәт:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Гүл ханшайымы боламын.Сіздер мен туралы айтып жатыр екенсіңдер.Мен сіздерге қонаққа келдім.Менде құр келген жоқпын өзімен бірге сіздерге әртүрлі ойындар алып келдім.

-Балалар сендер гүлдер туралы тақпақ білесіздерме?

Гүлдер, гүлдер не түрлі,

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді.



Гүл ханшайымы риза болады.Олай болса мен де құр келген жоқпын сендерге ойын алып келдім.

Ойын: "Гүлдерді түстеріне қарай ажырат" Шарты:жерге гүлдерді шашып тастамын сол гүлдерді түсіне қарай екі жердегі себетке салумыз керек.

Балалар орнымызға отырып алайық. Енді Гүл ханшайымына біз әдемі гүлдерімізді құрастырып берейік

Тапсырма: "Гүл құрастыру"

Алдымызға берілген түрлі-түсті макорондардан гүл құрастырамыз.Балалар содан әдемі гүл құрастырады. Гүлханшанайымна ұсынады.



Сергіту сәті:

Гүл өсірем үйде(жоғары қол көтереді)

Су құямын гүлге(қолмен су құяды)

Гүл күткенді біледі(тербеледі)

Бойын сылап күледі( бойын қолымен сыйпайды)

Күнде гүлін ашады

Жұпарын маған шашады(қолын желпейді)

Балалар жаймен келіп орнымызға отырайық.Енді Гүл ханшайымына біз әдемі гүлдерімізді құрастырып берейік Алдымен сабағын сосын жапырағын және күлтесін құрастырамыз.дайын болған гүлдерімізді Гүл ханшайына сыйлайық.

-Гүл ханшайымы балалар менің кететін уақытым болды сендер маған әдемі гүлдер жасап бердіңіздер сіздерге көп-көп рахмат.

-Сау болыңдар балалар .





-Балалар мұқият тыңдайды.











Гүлдердің суреттері



























Мұқият тыңдайды.













гүлдер-цветы-flowers















Балалардың жауабы





















Балалар ойынды ұйымшылдықпен, қызығушылықпен ойнайды.















Иә жасап берейік.Балаллар қимылмен жасайды








Рефлексивті – түзетушілік

-Балалар бүгін біз қандай гүлдер түрі мен таныстық?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Қандай ойын ойнадық?

Жарайсыңдар !

Гүлді жұлуға болмайды.Олар күтімді қажет етеді. Оларға қарасаңдар көңіл күйдеріңді көтереді.



Балалардың жауабы



Күтілетін нәтеже:

Нені біледі:шалғын гүлдері мен гүлзарда өсетін гүлдерді ажырата білді,гүлдер туралы тақпақ

Қандай түсініктерді игерді:Гүлдің құрлысын ,ойын шартын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:күнделікті өмірде гүлдерді күтіп баптауды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.06.2018
777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі