Материалдар / Гүлдер неге әсем және қош иісті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Гүлдер неге әсем және қош иісті

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
629
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Гүлдер неге әсем және қош иісті

Мақсаты: 1. Көктем туралы түсінік беру, бақылап көру арқылы сурет салу.

2. Гүлдер мен жапырақтардың өздеріне тән белгілерін, олардың

пішінін, түсін, көлемін беруге үйрету.

3. Балалардың шығармашылығы мен қиялдарын дамыту.

Керекті құралдар: Көктемнің алғашқы гүлдері салынған сурет, акварель балу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Сабақтың барысы

1Ұйымдастыру кезеңі

Балаларға көктем туралы, көктемде болатын ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.

Сұрақ –жауап

1. Көктемде ағаштар қайтеді?

2. Ең алғашқы гүл қалай аталады?

3. Тағы басқа қандай гүлдер өседі?

Гүлдердің әсемдігі, сұлулығы туралы балаларға айтқызу. Көктемнің алғашқы дала гүлдерінің суретін көрсетіп, балалардан олардың аттарын сұрау.

Әдемі, сұлу гүлдердің иістеріде хош иісті болып келетінін айтып түсіндіру.

Жайнатамын даланы,

Қуантамын ананы.

Қызыл, жасыл гүлмін,

Бақыт сыйлап жүремін.

Осы алғашқы көктемгүлдерін бүгін біз өзімізде суретке салатынымызды айтып ұғындыру.

Суреттің салу реттілігін түсіндіріп, үлгі сурет салады

Балаларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату ұсынылады.

Балалардың жұмысын бақылап, дұрыс жасауларына көмектеседі.


Сергіту жаттығуы

Көбелек –ау, көбелек,

Әдемісің керемет.

Гүлге келіп қонағой,

Өзіңде гүл болағой.

Оқу іс- әрекет соңында балалардан салған суреттерін бір –біріне көрсетіп, талдауларын және достарының еңбектерін бағалап, жақсы салынған суреттерді үлгі етіп тақтаға өздерінің ілулерін сұрау

Сабақты қорытындылау.

1. Көктемде ауа райы қандай болады?

2. Ең алғаш қандай гүл өседі?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.






Тақырыбы: «Ар- намысым,қасіретім,мақтанышым-желтоқсан!»

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы айшықты ісіне шолу жасап түсінік беру ,1986 жылғы желтоқсан оқиғасында жазықсыз қыршын кеткен құрбандарды қашанда құрметпен еске алу керек екендігін баяндау, оқушыларды қазақ еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерін, отанын сүюге шақыру, қалыптасып қалған әкімшілік-әміршілдік тоталитарлық режимге қарсы бас көтерген қазақ жастарының ерлігін құрмет ету.

Дамытушылық: Оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи фактілерді саралап олардың себеп-салдарын анықтауға, тарихи оқиғаларды есіне сақтауға дағдыландыру.

Көрнекілігі: суреттер, презентация, ұлағатты сөздер.
Қазақстан – көк байрақты нұр едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын!

Тәуелсіздік – бұл егеменді еліміздің ең биік тұғыры. Бұл тәуелсіздік жолында қаншама ғасырды бастан кешірдік. азаматтық туы көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін самғап қалықтауы үшін өткелі қиын, бұралаң жолдардан өттік. Батырлығымыз бен жігерлігіміздің және рухымыздың жоғарлығының арқасында аңсаған тәуелсіздікке де қол жеткіздік.
Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт – дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық заңды бекітіп, айбарлы айбарымызды құрдық.
Көптеген елдермен экономикалық қарым – қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік. Ендігі мақсатымыз – бәсекеге барынша қабілетті дамыған
 30 елдің қатарына ену.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 23
 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 
Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар – намысына , сонымен бірге мақтанышына айналған - 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқын дүр сілкіндірді.Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы.

Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету исі қазақ азаматтарының игі борышы. «Желтоқсан» десе – ақ, әрбір қазақтың көкірегінде небір көріністер қоздап қоя беретін болған. Ең алдымен «Желтоқсан желі» немесе «Қарабауыр қасқалдақ» деген мұңды да асқақ әуеннің сарыны алыстан талып естілер еді.1986 жылы желтоқсанның 17 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Бұл кеңес өкіметі тұсында бұрын – сонды кездеспеген құбылыс. «Алматыда демонстрация», «Брежнев алаңында қаптаған жұрт», «Көшеде сап түзеп бара жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды.Фильм «Желтоқсан оқиғасы. 1986 жыл»

Ту тігілді халқымның бүгін бағына 
Жас өрендер желбіретіп нық ұста 
Ғасырларға жалғастырып елдікті 
Дақ түсірме ата баба рухына 
Үлгі бізге аталардың ерлігі 
Ұлағаты өнегесі еңбегі 
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Желтоқсан оқиғасы ешқашан көмескіленбейді.
 Себебі, тарихтан аларорны ерекше оқиға.









































Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы домино

Мақсаты:
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.
Есептеу дағдыларын жетілдіру; Математикалық тілде сөйлеуге, ұқыптылыққа баулу.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

Логикалық есептер
*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?
*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
*Бір айда 5 жексенбі бола ма?
*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?
*Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?
*Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?
*Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек7
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?
*Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9-ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?
*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!