2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Гүлдер тарихы

Гүлдер тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Гүлдер тарихи
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады














































Мазмұны

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Зерттеу бөлімі

ІІІ. 1.     Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихы

ІІІ. 2.     Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері

ІІІ. 3.     «Әйел бақыты», «Хлорофитум», «Бегония», «Пеперомия» гулдері туралы жалпы түсінік беру

ІІІ. 4.     Практикалық бөлім


Қорытынды


































КІРІСПЕ


Өсімдік табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік жок. Өсімдік өмір өзегі деп бекер айтылмаған. Олардың саялы да аялы жапырақтары көмірқышкыл газын өздеріне сіңіріп сыртқа оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер айналадағы ауаны, ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады. Өсімдіктер адам денсаулығын нығайтып бойына күш береді. Əсіресе бөлмеде өсірілетін гүлдер адамзатты жарқын көңіл күйге бөлейді. Олар бөлменің ауасын тазартып адам денсаулығына үлкен пайдасын тиігізеді. Бөлме гүлдері өздерінің жасыл көйлегі жəне əдемілігімен ғана емес шипалы қасиеттерімен де танымал.

Көптеген адамдар бөлме өсімдігін, тек әдемілік ретінде қабылдап, өз дәрежесінде бағаламайды. Олар адамның физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына жағымды әсер беретініне кейде сенімсіздікпен қарайды. Адам мен табиғат тығыз байланысты. Тіпті, соңғы зерттеулерге сүйенетін болсақ, Ұлыбританияның биолог мамандары «өсімдіктердің адамнан өзгешілігі жоқ, олар да адам сияқты көреді, иісті сезе алады, сонымен қатар, оларда есту қабілеті және дәм сезу қасиеті дамыған» деп тұжырымдап отыр. Әрине біз үшін бұл үлкен жаңалық. Ғалымдар аталған тұжырымды былай түсіндіреді: «жәндктердің көздің орнына ақуыздары бар, оларға кез келген электр күштері әсер етеді. Ал тамырында дәм ферменттері анықталған, өсімдік сол арқылы жерден өзіне қажетті заттармен қоректенеді. Иіс сезу арқылы өсімдіктер бір-бірімен араласады, олардың есту қабілеті бар екендігі ғылыми түрғыдан дәлелденген» сондықтан гүлмен сөйлесуге болады. Нәтижесінде гүлдер сіздерге әдемілік пен ұзақ қуаныш сыйлары сөзсіз.Бөлме өсімдіктерінің адам өміріндегі рөлінің маңыздылығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Ал осы бөлме өсімдіктері қайдан, қалай шыққандығы және әр гүлдің өзіндік қасиеті, пайдасы бар екенін біле бермейміз. Осы жұмысты оқу арқылы біз бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз

Бұнда оқушылардың бөлме өсімдіктері жайлы білімдерінің артуы арқылы өсімдік құпиясын, пайасын, оны қалай күтк керек екенін білуге қызығушылығы арта түседі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы осында жатыр

  • Бөлме өсімдіктерінің шығу тарихын білу;

  • Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау;

  • Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу;

  • Бөлме өсімдіктерінің адам өмірімен тікелей байланыстығын ашу.

Тақырыптың өзектілігі:

Бөлме өсімдіктерінің шипалық қасиеттерімен кеңінен танысу. Олардың емдік қасиеті адам ағзасына пайдасы орасан зор екенін жеткізу. Бөлме гүлдерін өсіру және зерттеу

Зерттеу мақсаты:

Бөлме өсімдіктерінің пайдасы мен адам өміріндегі алатын орнын тереңірек түсіндіре білу. Бөлме гүлдерінің шығу тарихын білу. Ғалымдардың зерттеулерін, болжамдарын саралау. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетіне байланысты, өмірде пайдалана білу. Бөлме өсімдіктерінің адам өмірі мен тікелей байланыстылығын ашу. Бөлме өсімдіктерінің ішінен Алоэ, Қазтамақ, Қаланхое гүлдерінің емдік ерекшеліктерін тиімді және насихаттау.

Зерттеудің негізгі болжамы:

Мектеп оқушыларын денін сау және салауатты өмір сүруге үйрету. Дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, оның құрамындағы заттардың ағзаға көп жақсы әсері бар екендігін қалыптастыру. Денсаулықты нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің ішінен Алоэны, Қазтамақты, Қаланхоэны пайдалану жолдарын жүзеге асыру. Бұл өсімдіктердің шырындарын әртүрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу, және оларды қолдану жолдарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері: Бөлме гүлдерінің емдік ерекшеліктері; адам ағзасына пайдасы және зияны туралы білу.

Зерттеудің практикалық мәні: Емдік ерекшеліктері бар бөлме гүлдерін пайдалану жолдарын көрсету.

Зерттеу барысында: бірнеше сұхбаттар, гүл шаруашылықтарына саяхаттар болды.

Менің ұсыныстарым:

Әрбір мектептерде шипалық қасиеті бар өсімдіктер, оның ішінде алое, каланхое, қазтамақ гүлдері көбірек өсірілсе деймін.

Мектеп асханасында: алое, каланхое шырындарынан жасалған: кәмпиттер, сусындар, коктейлдер берілсе.

Осы шырындар және дәрілік шөптер қосылған, жас балалар іше алатын дәрілер шығарылса.

Сыныптар арасында “Ең әдемі гүлденген кабинет” сайыстары өткізіліп тұрса.

Тәжірибе кезінде ашқан жаңалығым:

Табаға қантты ерітіп аламыз, оған бал мен алое шырынын қосамыз. Пайдалы әрі дәмді болу үшін апельсин, мандарин шырындарын қосамыз. Біраз араластырып, әртүрлі қалыптарға құямыз. Дайын қоспаны тоңазтқышқа қоямыз. Нәтижесінде балалар сүйіп жейтін кәмпиттер алынады.

Балалар сүйіп жейтін және имунитетті көтеретін коктейл.

Алоэнің жапырғанан 5- 6 шт. және каланхое жапырағының 1- 2 шт. аламыз. Тазалап жуып, шырын сыққышқа саламыз. Оған 2 қасық бал, 1 лимон сығындысы және 5- 6 құлпынай қосамыз. Бәрін араластырып, сығып, сүзіп аламыз. Коктейл дайын.

Асыңыз дәмді болсын!












НЕГІЗГІ БӨЛІМ


БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ


Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің бірі өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған.

Ертедегі Египеттіктерде алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесіндегі, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын Үндістандықтар 760дәрілік өсімдіктерді пайдалана біліп, гулдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйіне, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алған.

Ғалымдардың зерттеулері

Гүлдер де адам сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп жетіледі екен.

Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді «тыңдаса», жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң, оларды бірте-бірте солып қалатынын әлдеқашан дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым-қатынас жасайды, оны өсіруге қалай ықыластанады, гүл де сол адмға дәл солай «жауап беретін» көрінеді. Үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, сөйлеспесең, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады екен. Мәселен ғалымдар қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайтынын айтады.

Ал кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол сол бойда құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді. Ал бұл улы заттар адамды ішімдікке итермелейді.

Фикус гүлі қожайынын басқа адамдардан қызғанады екен. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты ол басқа жаққа кетсе, сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Ертеде адамдар зығырды еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп: «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын»,-деп айтады екен.

Ерте замандарда адамзат баласы дəрі-дəрмек деген дүниені мүлде білмеген. Олар сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал тəсілдерге жүгінетін. Сондықтан да шөптерден жасалған дəрілер бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді. Жəне де өсімдіктер адам денсаулығына əлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі таблеткалардың құрамында біздің ағзамыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мумкін табиғи жағдайларда əр түрлі болып келетін орманды, таулы, далалы . Бірақ, менің айтқым келгені бұл емес еді.Қазақстан  көп аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000ға жуық өсімдіқ түрлерін кездестіруге болады десек, оның 500 түрінен дəрілік заттар жасалады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дəрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманның адамдары шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген, əрі оларды əр түрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.

Шипалы өсімдіктерден дəрі жасау əдістері ұрпақтан- ұрпаққа өтіп бұл дəстүр атадан -балаға жалғасып отырған. Əбу- Насыр Əл- Фараби, Əбу- Əли Ибн- Сина Беруні қазақ халқының мединицинасының дамуына əсер етіп, дəрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзінде дəрілердің 40% өсімдіктерден дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу əдіс- тəсілдері үй жағдайында кеңінен қолданып жүр. Шипалы өсімдіктер қатарына əр түрлі сəнді бөлме гүлдері де жатады. Олардың көпшілігі жан жадыратарлық əдемілігімен адамның көңіл күйін көтерсе, кейбірлері, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында, біздің денсаулығымыздың серігі де бола алады. Шипалы бөлме өсімдіктері көбінесе “жедел жəрдем” қызметін атқарады десек қателеспейміз. Жанға шипа, дертке дауа дəрілердің көпшілігі өсімдіктерден алынады. Шипалы өсімдіктер қатарына əр түрлі сəнді бөлме гүлдері де жатады. Олардың кейбірлерін атап өтсек: алое, каланхое, қазтамақ.

Бөлмеде өсірілетін гүлдер және түрлері.

Гүл- небəрі үш əріптен тұрады. Солай бола тұра бүкіл əлемнің əсемдігі мен əдемілігін бойына жинаған ерекше қасиетінің мəні сонда- көпшілік көңілін өзіне аудара білетіндігі дер едің. Расында бір сəт айналаға зер салып қараңыздар. Керемет, карасаңыз көзіңіз тоймайтын гүлге көмкерілген ғажайып дүние.

Ата-бабаларымыз: “Гүл- жердің көркі”,- дейді емеспе? Десе де гүлдің де гүлі бар. Жасыл желек патшалығының төресі гүлдер жайлы олардың құпиялары, сонымен қатар адамзат өміріне ауадай қажет дəрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан- жақты ізденуге болады. Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, əдемілік жəне үйлесімділік береді.

Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайға, өскен ортасына сай болатындай етіп ,қолайлы жағдай жасау керек. Ол үшін қажетті мөлшердегі ауа, жарық, топырақтың ылғалдығы жəне температуралық режим керек. Өсімдіктердің ең басты қасиеті- олар адам өміріне зиянды микроорганизмдерді қырып жіберетін ерекше зат- фитонцидтерді өз бойынан бөліп шығарады. Сондай- ақ адам өмірі үшін ең басты пайдасы- ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады.

Бөлме өсімдіктері үйді теқ шаңнан тазартып коймай жиһаздардан жəне еден мен қабырғадағы синтетикалық жабулардан бөлінетін жағымсыз иістерді жояды.

Бөлме гүлдерін өсіру үшін, дұрыстап таңдап алу керек. Олардың өсуіне  қажет жағдайларды жақсы білу керек. Гүлдер өніп өсуі үшін, жарық, ылғал, температура қажет. Олардың әрқандай түрлері бар: жарықты сүйетін, көлеңкеге төзімді, сондай- ақ күннің нұрын сүйетін болып бөлінеді. Осы гүлдер ішінен емдік қасиеттерге өте бай үш гүл туралы айтып өтемін. Олар: Алоэ, Қазтамақ, Қаланхоэ. Бұл гүлдер, үшеуіде жарықты сүйгіштер, күннің нұрын қажет ететін гүлдер.

Сондай- ақ гүлдер: жанжал туғызатын гүлдер, табыс әкелетін гүлдер де болады.

Қандай гүлдің түрі болса да, біз бұл гүлдерді уағында суарып, жапырақтарын шаңнан тазартып, топырағын жұмсартып тұруымыз керек.



Бөлме өсімдіктерінің сырлары. 

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әртүрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде Қазтамақ ауаны ластанудың бірнеше түрінен қорғайды. Қазтамақ тұрған жерге шыбын- шіркей жоламайды. Қазтамақ гүлінің қасында 15 минут отырсаңыз жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі.

Каланхоэ.

Бұл гүл етті жапырақтары бар, әдемі гүлденген өсімдік. Оның ақсары, қызғылт, қызғылт- сары болып гүлдейтін гүлдері бар. Ол әдетте сәуірде гүлдейді, бірақ үй ішінде жыл бойы гүлдей алады. Бұл гүлдер адам бойындағы шаршағанды тез басады. Бір нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.

Алоэ.

Алоэ- жүз жылдық өсімдік. Жер бетінде алоэның үш жүзден астам түрі бар. Жəне оның əрбірінің өзіндік қасиеті бар. Алоэның Отаны- Оңтүстік Африка. Алоэ латын тілінен аударылып, “ащы” дегенді білдіреді. Алоэ көп жылдық өсімдік, жəне мəңгі жасыл болып тұрады. Биіктігі 7-12, микроэлементтер, витаминдер, фитонцидтер кездеседі. Ал ғалымдар оның құрамынан сирек кездесетін күрделі көмірсу- ацеманан тапқан. Ацеманан тұмау мен қызылшаны жəне ісік ауруларын емдеуге колданылады. Алоэ гүлін жатын бөлмеге қойған дұрыс. Себебі: Алоэ жапырағының әр қандай бактерияларды жоятын күші бар. Алоэ- үйге аурудың, бактериялардың енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.






















БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІНІҢ ГҮЛДЕРІНІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІ


Алоэ өсімдігі.

Алоэ- үй гүлдерінің королі. Алоэнің сырты әдемі болмағанымен, оның шырыны мен жұмсақ қабығы түрлі ауруларға ем. Алоэнің шырыны қосылған қоспалары көп аурулардың алдын алады.

Мысалы:

1. Иммунитет көтереді.

2. Өкпе туберкулезі.

3. Жөтел және суық тиюден қорғайды.

4. Күйіктер мен жаралар, асқазан жарасына ем.

Алоэ ағзадағы клеткалардың алмасуын жақсартып, денедегі жарақаттарды лезде жазады. Күні бойы жұмыс істеп, кешке үйге оралған кезде қатты шаршағаныңызды сезесіз. Шаршауды басуға терезе алдындағы гүліңіз, яғни алоэ жақсы көмектеседі. Өзіңізге алоэ тұнбасын дайындасаңыз болғаны:

1 стакан қайнаған суға 2 шай қасық алоэ сығындысын қосып, әбден араластырыңыз. Стаканның 4/1 бөлігін күніне 3 рет ішіңіз, бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Егерде бір жеріңізді кесіп, тіліп немесе күйгізіп алсаңыз, алоэнің жапырағын қақ ортасынан бөліп, жараның бетіне басыңыз, тез жазылады.

Алоэ шырынын ауруларға қолдану.

Қазіргі таңда экология әсерінен көп адамдардың иммунитеттері өте төмен. Оны көтеру үшін алоэны пайдалануға болады. Ол үшін, алоэның жапырағын кесеміз оны тазалап жуып аламыз да ет тартқыштан өткізіп, немесе ұсақ қылып турап, таза дәкеге салып қолымыз бен бір аз қысып шырынын аламыз. Шырынға бал, грек жаңғағын қосамыз. Осы қоспаны күніне үш мезгіл, бір ас қасықтан ішіп тұрыңыз.

Мысалы, оның жай ғана шырынымен бетіңізді сүртіп тұрсаңыз, бет терісі жұмсарып, ұсақ әжімдер азаяды.

Алоэның жапырағын жуып аламыз да ауырып тұрған тіске басамыз.

Егер сізде гастрит, асқазан жарасы болса, немесе тәбетіңізді жақсартқыңыз келсе, күніне екі- үш рет алоэ шырынын ішіңіз.

Демікпеге жас алоэны езіп, шырынын күніне үш рет, әр ретте 5 мг-нан ішеді.

Косметикалық маска жасау: жұмыртқаның ақ уызын қаймақ пен араластырып, оған алоэ шырынын қосамыз. Бұл қоспаны бетке аптасына 1- 2 рет жағып тұрса, бет терісі ағарады.

Қазтамақ- жедел жәрдем.

Қазтамақ- бөлме гүлінің 280 түрі бар. Сабағы тік, сыртын түк басқан. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында бояғыш заттар калций мен каротин, С дəрумені, жəне эфир майлары бар. Ғалымдар зерттей келе қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-қеріс болмайды екен. Ал ұрыс бола қалған жағдайда ,өсімдік адамның жүйке-жүйесіне əсер ететін зат бөлу аркылы, ұрысып қалғандарды тез татуластырады екен. Бұл өсімдік жарық сүйгіштер қатарына кіреді. Əсемдік үшін аулада өсіруге де болады.

Қазтамақ- ғажайып өсімдік. Қазтамақтың жапырағынан ауруларға қарсы неше түрлі тұнба, қайнатпа, езбе, компресс жасайды. Қазтамақ суық тиюден бастап қатерлі ісікке дейін көптеген ауруларды еш қиындықсыз, оңай емдеп жазады.

Қазтамақ:

1.Жөтел.

2.Жүйке ұстамасы.

3.Тұмау, тіс ауыру.

4.Бүйректегі тасты түсіру.

5.Остеохондроз.

6.Құлақ шаншу, қан тоқтату.

7.Қан қысымын реттеу.

8.Ревматизмге қарсы қолданылады.

Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбінен алынған тұнбаны бүйрекке байланған тасты ерітуге, буын мен бұлшық еттін ауруы, сегізкөзді емдеуге қолданады. Және де шаштың түсуіне қарсы, баспа мен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда қабылданатын ваннада пайдаланылады.

Қазтамақты косметологияда да қолданады. Гүлдің 200 грамм ұсақталған жапырағы мен гүлінің шырынын сығып, қақпағы бар ыдысқа құйып, тоңазытқышқа қояды. Дайын болған мұзды таңертең бетке уқалап жағады. Ол беттің қан алмасуын жақсартып, өңін кіргізіп, теріні жақсартуға көмектеседі.

Каланхоэ гүлін қолдану:

Каланхоэ гүлінің жапырағы өте шырынды, етті болғандықтан, оның сығындысын көптеген ауруларға қолдануға болады. Бұл гүлдің жапырағы, хлорофилдерге, А, В, С, Е витаминдерге, фитонцидтерге және жеміс кислоталары: магний, темір, цинктерге бай.

1.Каланхоэ гүлінің бірнеше жапырағын алып, жуып аламыз, оларды шырын сыққышқа салып, шырынын бөліп аламыз. Бұл шырынды: тұмау кезінде мұрынға тамызуға болады, тіс ауруына өте пайдалы.

2.Тері зақымдалса және суық тигенде шырынға өсімдік майын араластырып суық тиген жерлерге уқалап жағамыз.

3.Аяқ аурулары және көк тамырға: гүлдің шырынына, аптекада сатылатын 90% спиртті араластырып, немесе оған бірнеше жапырақтарын салып тұнба жасап аламызда, тоңазытқышта 10 күн сақтаймыз. Ағаш қасықпен араластырып отырамыз. Дайын болған тұнбаны көк тамырға күніне 2 рет жағып отырсаңыз, тигізер пайдасы мол.

4.Каланхоэ шырынын зәйтүн майымен араластырып салаттарға қосуға болады.

5.Гүлдің жапырақтары мен қиярдың езілген ботқасын, бетті ылғалдандыруға, майлы терілерге жақсаңыз бетіңіз ажарланып жұмсара түседі.

4.Каланхоэ шырынын зәйтүн майымен араластырып салаттарға қосуға болады.

5.Гүлдің жапырақтары мен қиярдың езілген ботқасын, бетті ылғалдандыруға, майлы терілерге жақсаңыз бетіңіз ажарланып жұмсара түседі.

Қазтамақ жасыл достар ішінен жедел жәрдем қызметін атқарады.

Бір жеріңізді кесіп немесе күйгізіп алғанда бірден қазтамақтың жапырағын езіп, жараға басыңыз.

1.Қазтамақ тамырынан, кепкен жапырағынан тұнба жасап, оны ішке қабылдаңыз: асқазан, ішек ауруларын емдеуге болады және бұл тұнбамен бетіңізді жуыңыз. Ісіген және майлы бетке пайдалы.

2.Бір қасық езілген қазтамақ жапырағына 250 мл. қайнаған су құйып, жай отта 5 минут ұстап тұрамыз. Жақсылап тұну үшін, 1,5 сағат қоямыз. Бұл тұнбаны ішке қабылдаса, асқазан, бүйрек ауруларына жақсы көмек береді.

3.Қазтамақ жапырақтарын жақсылап жуып, кептіріп, оларды пышақпен турап езіп аламыз. Бұл езбені теріге шыққан аллергиялық жараларға, қызарған жерлерге жағып қойсаңыз, бірнеше минуттан кейін жақсы болып қаласыз.

4.Теріге шыққан сыздауыққа, іріңдеп кеткен жараға қазтамақтың жапырағын жақсылап булап алып, жараның бетіне таңып қоясыз. Әр 2 сағаттта ауыстырып тұру қажет.
































БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІН КҮТУДЕГІ КЕҢЕСТЕР


Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».

Желөті. Гүлдер желөтінде (сквозняк) тұрып қалмау керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.

Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидиардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысу керек, себебі вибрацияның да гүлдерге кері әсері бар.

Жылу әсері. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан алысырақ ұстаған жөн.

Белгі.құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып кою керек. Өйткені гүлді көп айналдыру, оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.

Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қою керек. Салмағын көтере алмай морт кетуі мүмкін.

Суару. Гүлді таңертең суарып отыру керек, бұл қолайлы уақыт.

Зиян емес сарғайған жерін кесіп тұру қажет.

Қысқы күтім

Қыс кезінде үйге от жатқандықтан, бөлме ысып кетеді. Сондай уақытта аптасына бір-екі рет гүл жапырақтарына су бүркеп отыру керек. Гүл ашып тұрған болса, суды гүліне тигізбей бүрку қажет.

Гүлдерді шаңнан тазарту

Гүл жапырақтарын шаң басып кетсе, оның өсуі тежеледі әрі оттегіні бөле алмай қалады. Ауа тазартамын деп гүл өсіріп, онысын шаң басып тұрса, одан еш пайда жоқ. Дегенмен кейбір гүлдерге, оның ішінде гіргүл, бегония, жүсіптің сұлулығына су бүркуге болмайды. Суарғанда жапырақтарын көтеріп, топырағына су кұю керек. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, аураға тез шалдығады.

Әрбір гүлге ерекше бап керек. Кейбір гүлдерге желтоқсан, қаәтар айларында мүлдем су құймай демалдырады.

Суару.

Қарапайым үй жағдайында өсімдіктерді өсіру үшін олардың өсуіне қажетті жағдайларды (жарық ,температура, ауаның ылғалдылығы) жақсы білу керек. Өсімдіктердің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған сіды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Өсімдікке құятн судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбырсуын хлорынан тазартып алу үшін алдын ала ыдысқа құйып, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.

Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онды топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Гүлге су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп тұруы қажет. Өсімдіктері әсіресе күн ыстықта су бүркіп суары қажет


Ыдыс

Үй өсімдіктері үшін ең өолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тарелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дизенфекциялайды. Гүл отырғызылатын ыдыстың міндетті түрде суағары болуы шарт.

ТОПЫРАҚ

Үй өсімдігінің топырағы

Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты өажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құм араласқан топырақ пайдаланылады.

Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу.

Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан олардыәлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дқрыс өсіп-өнбей, жапырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін

шырмалағанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызаралдында кесек топырақ жібігенше, су құюкерек. Өсімдікті қыш құмырадай топырағымен қоса қопарып алып, сілкілегеннен кейін, оныкөшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің кқлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс.

Көшеттеп отырғызу жұмысын,әдетте, көктемде (наурыз, сәуір) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Күшкен қыш тостақ түбіне дөңес жағын жоғары қаратылған шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе үсақ тас салады.оның үстіне туралған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалмауын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлап, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыстарға көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақтытаяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдіке су құяды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйге) құяды.

Тыңайтқыш

Шикі етті жуған су өсімдікке жақсы тыңайтқыш болып табылады.



БЕГОНИЯ (лат. Begonia) — Бегония тұқымдасының біржылдық және көпжылдық өсімдіктөрі мен бұта не шала бұта түрінде өсетін өсімдіктердің бір туысы. Бегонияның 1000-нан астам түрлері бар.

Сабағы түкті, жапырағы түрлі түсті көпжылдық шөптесін өсімдік. Бегонияның биіктігі түріне қарай әртүрлі, тіпті 3-4 см болатын өте аласа түрлері де бар.

Жапырағы әдемі түрлерінің жапырағы: жасыл, қызыл, сары, күміс түстес, ою-өрнекті, көркем, аралас түсті, жиектері аратісті болып келеді. Беткі қабаты түкті жапырақты түрлері де кездеседі.

Гүлдерінің түсі сан алуан. Оларды жазда гүлзарға біржылдық гүл ретінде отырғызып, әдемі композициялар жасауға болады.

Бөлме өсімдігіне жататын бегония гүлі алғаш гүл өсіріп бастағандарға да қиындық туғызбайды. Себебі оған айтарлықтай көп күтім қажет емес, әйтсе де, оның ерекшелігі жыл он екі ай бойы гүлдеп, сұлулығымен сізді қуантып тұрады.

Ол алғаш 1687 жылы табылды. Антиль аралдарында Мишель Бегон ғылыми экспедиция жасады, сол зерттеуге қатысу барысында Шарль Плюмье осы гүлді тауып, Бегон құрметіне осы атауды берді.

Қазір бұл гүлдің 2000-нан астам түрі бар. Барлық түрі 3 топқа бөлінеді:

түйнекті бегония (түйнек арқылы көбейтіледі);
– жапырақты бегония (қалың тамыры арқылы көбейеді);
– бұталы бегония (жоғарғы тармағы және тұқымы арқылы көбейтіледі).

Бегония – жылу сүйгіш өсімдік, оны +15+20°С температурасында ұстаған дұрыс, қысқы мезгілде де +15°С температурадан төмен болмауы керек. Бірақ жылытқыштың, батареяның алдына қоюдың қажеті жоқ.

Жақсы жарықтанған жерге орналастырыңыз, бірақ күн көзі тіке түспейтіндей болсын, себебі жаз мезгілдерінде ол жа күнге күйіп, гүлдері қарайып кетуі ықтимал.

Бегонияны қысы-жазы үздіксіз суару керек. Суарған кезде жапырағына су тимеуін қадағалаңыз, әйтпесе қара дақтар пайда болады.

Бегония отбасында сүйіспеншілік пен татулықтың символы бола алады. Мұны көбінесе қарттар мен аурушаң адамдардың бөлмесіне де қояды. Зиянды заттарды жояды, депрессиямен күресуге көмегі бар. 


ХЛОРОФИТУМ (гүл) — бөлмеде өсетін гүл.

Грек тілінен аударғанда «chloros» - жасыл, «phyton» - өсімдік деген мағынаны білдіреді.

Отаны — Оңтүстік Африка. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда — Оңтүстік Америка, Африка, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Азия, Австралияда тараған.

Хлорофитум тұқымдасына жататын өсімдіктердің 215-ке жуық түрі бар.

Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ, төрт күлтелі, ақ түсті болады.

Ғалымдар хлорофитумның ауаны формальдегид пен улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл гүлді әсіресе ас бөлмесінде өсіру керектігін айтқан.

ХЛОРОФИТ КҮТІМІ

жарықтандыру

Жарқын шашыранды

Температура

+ 20-27 градус, (қыста +10 градустан төмен емес)

Суару

Жазда мол, қыста қалыпты.

Азықтандыру

Наурыздан қыркүйекке дейін айына 2 рет күрделі ұрықтандырумен

Шашырату

Күнделікті, жылы жұмсақ су

Трансплантация

Жыл сайын немесе ол өсіп келе жатқанда



Пеперония гүлі бөлме гүлдері арасында танымалдығы жоғары гүлдердің бірі.Бұл гүлдің 1100түрі кездеседі.Бізге пеперония Оңтүстік Америка елінің қалың ормандарынан əкелінген.
Бұл гүлдің əр қайсының əр түрлі мінездемесі бар.
АМПЕЛЬНЫЕ- 50СМ ДЕЙІН ӨСЕДІ.
КУСТОВЫЕ -30СМ
жапырақтарыда əр түрлі. Олар алтын түстес күлгін көк жəне ақ, ала, көк түсті түрлері бар.
Жаз айында аптасына бір ал қыс айында айына бір рет 10-25 күнде су құйасыз.Су бөлме температурасында болуы керек. Неге бұлай десеңіз,бұл гүлдің жапырағында запас су қоры болады.
Пеперония гүлі тіке түскен күн сəулесін көтере алмайды. Жəне де қара көлеңке де де өспейді. Жарық молынан тусетін жерге қойғаныңыз жөн. Уйдегі температура қыста +15°....+18°С, ал жазда +25°С болғаны абзал. Одан асып кеткен жағдайда гүл ауыра бастайды.


СПАТИФИЛЛУМ немесе «ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ» гүлі – бұл нағыз шаңсорғыш өсімдік. Ол ауаны жақсы тазартып, оргтехника сәулесінен келетін зиянды бәсеңдетеді. Сондықтан бұл гүлді кеңсеге өсіруге кеңес беріледі. Ал үй ішінде қонақ бөлмеге немесе жұмыс істейтін, компьютер мен теледидер тұрған бөлмеге қойған дұрыс. Халық арасында әйел бақыты гүлі туралы түрлі әңгіме бар. Соның бірі - бұл гүл көңіл күйдің өлшемі саналады. Яғни егер үйде, кеңседе үнемі ұрыс-керіс болып, түсінбеушіліктер орын алса, онда гүлдер солып, гүлдемей қалады. «Әйел бақыты» гүлінің күтімі Бұл гүлдің отаны Оңтүстік Америка болғандықтан жылуды өте жақсы көреді. Ол үшін ең дұрыс температура +18 бен +25 градус, ал бұдан төмен болса, онда олар ауыра бастайды. Тікелей түскен күн көзін ұнатпайды, бірақ жарықты жақсы көреді. Сондықтан бұл гүлді шығыс жақтағы терезеге қойған дұрыс. Ылғалды топырақты өте жақсы көреді, бірақ батпақты болмауы керек. Егер гүлге күнделікті су бүркіп тұратын болсаңыз, онда қанық жасыл түсті жапырақтарымен сізді қуантатын болады. «Әйел бақыты» гүлін көктем мен жаз айларында (сәуірден қыркүйекке дейін) екі апта ішінде бір рет тыңайтқыш жиынтығымен қоректендіріп отыру керек. Ал күз, қыс айларында гүлге тыңайтқыш беруді тоқтатқан дұрыс. Гүлді өсіру кезінде қандай мәселелер орын алуы мүмкін Егер «әйел бақыты» гүлі гүл ашпай, жапырақтары ашық түске ене бастаса немесе солып тұрса, мұның бірнеше себептері болуы мүмкін: Жарықтың дұрыс болмауы. Егер жарық жетіспесе, онда жапырақтардың ұшы сарғайып кетеді, ал егер жарық тым артық, тікелей күн көзі түссе, онда жапырақтарды қара дақтар пайда бола бастайды. Артық суғару. Жарырақтары ұшынан бастап қарайып, тамыры шіри бастайды. Қажетті мөлшерден суды аз құю. Жапырақтар тым кішкентай әрі солыңқырап тұрады. Зиянкестер. Өрмектор кенелері бұл гүлді өте жақсы көреді. Сондықтан егер жапырақтар бұралып, жапырақтар сарғайып кетсе онда оны фунгицидпен өңдеу қажет. «Әйел бақыты» гүлін басқа ыдысқа ауыстыру Бұл гүл тығыздықты жақсы көреді. Тамыр тығыз болған сайын молынан гүлдейді. Ал егер гүл тамыры топырақтың сыртына шығып, тым тарылып кетсе онда оны жаңа ыдысқа ауыстыру керек. Ең дұрысы мұны көктемде жасау және алдыңғысынан қатты үлкен ыдыс таңдаудың керегі жоқ. Басқа ыдысқа отырғызған соң 5-6 күнге дейін суғармаған дұрыс. Астындағы топырағы толық кепкенін күту керек. Ал оған дейін күніне 2 рет жапырақтарға су бүркіп тұрыңыз. АНТУРИУМ немесе «ЕР БАҚЫТЫ» гүлі – отаны Оңтүстік Америка және бұл гүл сырт келбетімен тартымды. Халық арасында «еркек бақыты» гүліне де қатысты біршама сенім нанымдар кездеседі. Бұл гүл ер азаматтардың күшін арттырады деген сенім бар. Сондай-ақ «ер бақыты» гүлі иесіне сәттілік, ақша шақырады екен және ауырпалықпен күресуге көмектесі деген сенім бар.






Зерттеу:

1 тәжірибе. Топырақ әкеліп, оны жақсылап қопсытып, арнайы гүл ыдысына салып біраз күн қойып қойдым.

2 тәжірибе.Гүл отырғызу жұмыстары басталған кезде менде дайындап қойған ыдысқа алғашқы гүлді отырғыздым.

3 тәжірибе.Гүлді күнделікті бақылап қарап жүрдім, күн аралатып су құйдым.

4 тәжірибе.Гүл тез тамырланып кету үшін күннің көзіне қойдым.Осыдан кейін гүлдерге деген қызығушылығым арта түсті.



Қорытынды.

Ғылыми жобамды зерттеп, әр қандай тәжірибелерге сүйене отырып, гүлдер адамға жақсы әсер етіп, жақсы ниетке жетелейтінін ұғындым. Олар да тірі ағза емес пе, адам жанын түсіне білетін адал дос секілді. Мұңайған кезде сырыңызды айтып бөлісіңіз, ауырған кезде жапырағын, тамырын, шырынын пайдаланыңыз. Бөлме өсімдіктерінің емдік ерекшелігін пайдалана отырып, көптеген аурулардың алдын алыңыз.

Бабын тапсаң, байлық жерде”, “Дана- көптен шыққан, дәрі- шөптен шыққан”,- деп халық бекер айтпаған. Осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге адамдар мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе шипаны алыстан іздемейді. Бір сөзбен айтқанда өсімдіктер алуан түрлі дәрілік заттарды бойына жинаған. “Қойма” біз ауырып қалғанда көмекке келетін “жасыл жәрдемшілер” деп толық айта аламыз.

Мінеки, терезеңіздің алдында өсіп тұрған қарапайым гүліңіздің осыншама пайдасы бар екендігін біліп алдыңыз.

Бөлме өсімдіктерін көп өсіріп, үйіңізді шипа- жайға айналдырыңыз.

Гүлдер көп өсірілген жерде оңай тыныс алуға болатының байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаны био аумағын тазартады. Бөлме гүлдері көп болса біздің көңіл- күйіміз әрқашан жадыраңқы жүреді. Гүлдерде адам сияқты, оларды жақсы көргенің сезеді.





Жариялаған:
Джамалова Айдын
14 Қараша 2024
176
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі