Материалдар / ғылыми жоба

ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобаға тақырып
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





Мазмұны:


І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Республикада баспасөздің қалыптасуы мен дамуы

2.2. Қазақ жастарының баспасөзі


ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.1. Баспасөздің кеңестік қоғамда саяси-идеологиялық сипат алуы

3.2. Облыстық баспасөздің қалыптасуы мен одан әрі дамуы


ІV. Қорытынды


V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


























Аңдатпа

Тақырыптың өзектілігі: Мен өзімнің ғылыми жоба тақырыбымды «Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің мәселелерінің ХХғ. 20-30 жылдардағы баспасөздегі жарияланымдары» деп таңдадым. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық – саяси, әлеуметтік – рухани салалардағы қозғаушы күш ғана емес, ол өткен уақыттың жылнамасы да. Белгілі бір кезеңнің болмыс бітімін тану үшін сол кезеңдегі баспасөзді терең зерттеу арқылы орасан зор мәлімет алуға, тарихи оқиғаларға баға беруге болады. XX ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1917-1918 жылдары бағыт-бағдары, мақсаты мен мазмұны «Айқап», «Ақжол», «Қазақ» және басқа ұлттық басылымдардан өзгеше большевиктік басылымдар пайда болды. Қазақстанда Кеңестер билігі орнағаннан кейінгі кезеңдерде ұлттық негіздегі мерзімді басылымдар біржола жабылды да олардың орнын большевиктік басылымдар ұзақ уақытқа орнын басты. ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы Қазақстанның саяси - әлеуметтік және мәдени үрдістерінің баспасөзде жарияланған мағлұматты өсіп келе жатқан жас ұрпаққа насихаттағым келді.

Мақсаты: ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы Қазақстанның саяси - әлеуметтік және мәдени үрдістерінің баспасөзде орын алуын зерттеу.

Міндеттері:

  • ХХғасырдағы 20 – 30 жылдардағы баспасөздегі саяси мәселелерді зерделеу;

  • Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірінің баспасөзде көрініс табуын анықтау;

  • Мәдени үрдістердің негізгі ошақтарының баспасөздегі орнын пайымдау;

  • Қазақ баспасөзіндегі көтерілген басты мәселелер туралы мағлұматтарды толық айқындау;

  • Қазақ зиялыларының баспасөздегі алатын рөлін зерттеу;

Зерттеу объектісі: ХХғ. 20-30 жылдардағы баспасөздегі жарияланымдар

Зерттеу әдістері: сипаттау, баяндау, талдау.

Гипотеза: ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы Қазақстанның саяси - әлеуметтік және мәдени үрдістерінің баспасөзде орын алуын зерттеп, жас ұрпаққа насихаттау.

Зерттеудің жаңалығы: Жұмысты Қазақстан тарихы бойынша арнаулы орта білім беретін орындар мен мектептердегі дәрістерде және қосымша мәліметтер ретінде сабақтарда қолдануға болады.

Жұмыстың нәтижесі мен қортындысы:

- ХХғ. 20-30 жылдардағы баспасөздегі жарияланымдарға байланысты ғылыми-теориялық және әдістемелік еңбектер;

-Зерттейтін мәселелер жөнінде кітапханадан, ғалымдардан, ғаламтордан, мамандардан мәліметтер жинақтау.

Зерттеу кезеңдері: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады



Аннотация

Актуальность темы: Я выбрал тему своего научного проекта «Проблемы общественно-политической жизни Казахстана в ХХ веке. Публикации в прессе 20-30-х годов» выбрал я. Это связано с тем, что средства массовой информации являются не только движущей силой в общественно-политической, социально-духовной сферах, но и летописью прошлого. Чтобы узнать состояние существования определенного периода, можно получить большой объем информации и дать оценку историческим событиям путем глубокого изучения прессы того периода. В начале ХХ века, а точнее в 1917-1918 годах, появились большевистские издания, отличные по направленности, цели и содержанию от «Айкап», «Акжол», «Казах» и других национальных изданий. В период после установления Советской власти в Казахстане периодические издания по национальному признаку были окончательно закрыты, и их долгое время заменяли большевистские издания. Мне хотелось донести до подрастающего молодого поколения опубликованную в прессе информацию о политических, социальных и культурных тенденциях Казахстана в 20-е и 30-е годы 20 века.

Цель: Изучение политических, социальных и культурных тенденций Казахстана в 20-30 годы ХХ века в прессе.

Задачи:

- изучение политических вопросов в прессе в 20-е и 30-е годы 20 века;

- определить отражение общественно-политической жизни Казахстана в печати;

- судить о месте основных очагов культурных течений в прессе;

- Полное уточнение информации по основным вопросам, поднимаемым в казахстанской прессе;

- Изучение роли казахстанской интеллигенции в прессе;

Объект исследования: 20 век Публикации в прессе 20-х и 30-х годов

Методы исследования: описание, повествование, анализ.

Гипотеза: Исследование возникновения политических, социальных и культурных течений Казахстана в 20-х и 30-х годах 20 века в прессе и популяризация их среди подрастающего поколения.

Новизна исследования: Работа может быть использована на лекциях по истории Казахстана в средних специальных учебных заведениях и школах, а также в качестве дополнительной информации на занятиях.

Теоретическая и практическая значимость исследования:

- ХХ век. Научно-теоретические и методические работы, связанные с публикациями в печати 20-30-х гг.;

- Собирать информацию по вопросам исследований из библиотеки, ученых, Интернета, экспертов.

Этапы исследования: состоит из введения, основной части, заключения





Abstract

Relevance of the topic: I have chosen the topic of my scientific project "Problems of social and political life of Kazakhstan in the 20th century. Publications in the press of the 20-30s" I chose. This is because the mass media is not only a driving force in the social-political, social-spiritual spheres, it is also a chronicle of the past. In order to recognize the state of existence of a certain period, it is possible to obtain a great deal of information and evaluate historical events through a deep study of the press of that period. At the beginning of the 20th century, to be more precise, in 1917-1918, Bolshevik publications, different in direction, purpose and content from "Aykap", "Akzhol", "Kazakh" and other national publications appeared. In the period after the establishment of Soviet power in Kazakhstan, periodicals on a national basis were permanently closed, and they were replaced by Bolshevik publications for a long time. I wanted to promote the information published in the press about the political, social and cultural trends of Kazakhstan in the 20s and 30s of the 20th century to the growing young generation.

Purpose: Study of the political, social and cultural trends of Kazakhstan in the 20s and 30s of the 20th century in the press.

Tasks:

- study of political issues in the press in the 20s and 30s of the 20th century;

- To determine the reflection of public and political life of Kazakhstan in the press;

- Judging the place of the main foci of cultural trends in the press;

- Full clarification of information about the main issues raised in the Kazakh press;

- Study of the role of Kazakh intellectuals in the press;

Object of study: 20th century Publications in the press of the 20s and 30s

Research methods: description, narration, analysis.

Hypothesis: Investigating the occurrence of political, social and cultural trends of Kazakhstan in the 20s and 30s of the 20th century in the press and promoting them to the younger generation.

Research Novelty: The work can be used in lectures on the history of Kazakhstan in special secondary education institutions and schools, and as additional information in classes.

Theoretical and practical significance of the study:

- XX century. Scientific-theoretical and methodological works related to publications in the press in the 20s-30s;

- Collect information on research issues from the library, scientists, the Internet, experts.

Research stages: consists of introduction, main part, conclusion









Кіріспе

Қарастырып отырған кезеңде шығып тұрған «Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Социалды Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Народное хозяйство Қазақстана», «Большевик Қазақстана» және тағы басқа басылымдар қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалардан халыққа ақпарат жеткізу міндетін атқарса, уақыт өте келе елімізде коммунистік дикататураның орнау, әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасу және орнығу тарихының құнды дерек көзіне айналды.

Елімізде өте күрделі әлеуметтік – экономикалық және саяси реформалар жүзеге асырылған XX ғасырлардың 20 – 30 – жылдарындағы мерзімді басылым материалдарының негізгі бағыттарын шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады.

Бірінші бағыт- ұлттық мәселе, ұлттық мемлекет құруға көзқарас.Аталған бағыт Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М. Дулатов және басқа алаш зиялылары мен сол жылдағы өлкелі партия комитетының бірінші хатшысы Ф.Голощекин «алаштың жас буыны» деп баға берген С.Сәдуақасов. Ы. Мұстамбаев, Ж. Сұлтанбеков, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және «либерал-комунист» Н.Нұрмақовтың баспасөз беттеріндегі мақалаларынан танылды. Ф.Голощекин алаш зиялары жөнінде «оларды жұмысқа қосып, партияға ала тұрсақ та, олардың байшыл, ұлтшыл салт санасына қарсы күресу керек» деген бір жақты пікір ұстанды. Бұл пікір тек бірінші хатшының ғана емес, жалпы коммунистік партияның «ескі» интеллегенция туралы ұстанған бағыты болатын. Сол себепті де алаш зиялыларының қоғамда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерде, ұлт мәселесіне көзқарасы большевиктік басылым беттерінде толық жария етілмеді.

Екінші бағыт – қазақ ауылында жүргізіліп жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістерге, оны іске асыру әдістеріне көзқарас. Бұл мәселе төңірегінде үкімет органдарының шығарған қаулы – қарарларынан бастап, жауапты орындарда отырған мемлекеттік және партия қайраткерлерінің сөйлеген сөздері, ауылшаруашылық мамандары мен ғалымдардың, елдің әулеметтік экономикалық ахуалы өзін бейжай қалдырмайтын әр түрлі мамандық саласы қызметкерілерінің ғылыми теориялық, публистикалық мақалалары жарияланды. 1925 жылы Ф.Голощекин Қазақстанға келгенге дейін де ерекше мәселе болып көтерілген дәстүрлі малшаруашылығын өркендету (көшпелі немесе отырықшы салты), Өлкелік партия комитетінің «Ауылға бет бұр!» үндеуін халықтық қолдау, қазақ ауылын зерттеу тақырыптарын, онан кейін кезеңдерде егіндік және шабындық жерлерді бөлу, байларды тәркелу, отырғышыландыру, ұжұмдастыру мәселелері төңірегіндегі әр түрлі көзқарастарды қамтыды.

Аталған авторлардың жазғандары қалыптасып келе жатқан әміршіл-әкімшіл жүйе саясатына сай жазылды. Баспасөз бетінде шындық бұрмаланып, бірінші хатшының ұстанған бағытына сәйкестендіріліп берілді. Большевиктік басылымдарда жарияланған әр түрлі бағыттағы материялдар қарама - қайшылықты кезеңнің қыр - сырын аша отырып, сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйенің елімізде қалыптасуын түсінуге ықпал ететін дерек көзі болуымен бағалы. Алайда, мұндай мерзімді басылым материалдарын тарихи дерек көзі ретінде пайдаланғанда, зерттеуші автордың жеке қоғамдық-саяси көзқарасын ескергені, әсіресе, тап мүддесін көздеген коммунистер тарапынан ұлт мүддесі үшін қызмет атқарған зиялы қауымға партиялық тұрғыдан баға берілгенін ескергені жөн. Баспасөз бетіндегі жарияланған дерек көздерін басқа да деректермен (мұрағат құжаттары, мемуарлар, күнделік, хаттар және т.б.) салыстыра қарастыру зерттеліп отырған мәселеге сенімді түрде қорытынды жасауға мүмкіндік беретінін де айта кеткен орынды.





























ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Республикада баспасөздің қалыптасуы мен дамуы

Қазан төңкерісінен кейін қазақтың кеңестік интеллигенциясының пайда болып, өсуінің басты алғышарты – саяси биліктің Ленин бастаған коммунистік партияның қолына көшуі болды. Бүкіл Ресейде – метрополия мен отарларда біркелкі әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі, әскери күшке сүйенген казармалық тәртіп орнатыла бастады. Билік басына келгеннен соң большевиктер бастапқыда қазақтың ұлттық шығармашылық интеллигенциясын қажет етпеді, тіпті оның өкілдеріне тиісті көңіл де бөлмеді. Азамат соғысы жылдары ақтардан босатылған жерлерде қазақтарды өз жағына тарту үшін олардың сауаттыларын, беделді адамдарын кеңестік-партиялық қызметке шақырды. 1919 жылы Алашорда қайраткерлеріне кешірім жасалып, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары Коммунистік партия мүшелігіне кіріп, оқу-ағарту, мәдениет, баспасөз істерімен қызу айналыса бастады.

1920 жылдың 22 қаңтарында қазақ ревкомы өлкедегі бүкіл интеллигенттік күштерді кеңес жұмысына жұмылдыру (мобилизациялау) туралы қаулы шығарды. Оқыған азаматтарды уақытша болса да өз жағына тарпайынша көздеген мақсаттарына жетудің мүмкін еместігіне көздері жеткен жаңа билеушілер ауыл мектептерін, бастауыш қазақ-орыс мектептерін бітірген сауатты адамдарға іздеу салды. Кеңес жұмысынан бас тартқан оқыған адамдар революция жауы ретінде соғыс жағдайындағы заңдар негізінде жауапқа тартылды. 1920 жылдың 24 маусымында Казревком Орал облысындағы қазақ интеллигенциясын жаппай мобилизациялау туралы шешім қабылдады. Бұл жұмысты іске асыру П.И.Струппе төрағалық еткен (комиссия құрамында белгілі зиялылар Мұхаметжан Қаратаев, Есенғали Қасаболатов болды) арнаулы комиссияға жүктелді. Азамат соғысы біткенімен, соғыс жағдайын тән төтенше қимыл жасап, облыстағы барлық қазақ оқығандары есепке алынып, еріксіз кеңес жұмысына жегілді.

Қазақ қайраткерлерінің ұлттық тәуелсіздікке деген ұмтылысы Алаш қозғалысынан айқын көрінді. 1917-1920 жылдардың аралығында қазақ оқығандары мемлекеттік тәуелсіздік алу үшін күресті. Империя құрамында Алашорда аталған автономия құруға көп күш салды. Деректерге қарағанда, Алаш қозғалысында ұлттық шығармашылық интеллигенциясының өкілдері жетекші рөл атқарды.

Алашорданың көсемі Әлихан Бөкейхан, Батыс Алашорданың жетекшісі Халел Досмұхамедов, Алаш идеологтары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов және т.б. қайраткерлер ұлттық шығармашылық интеллигенциясының аса көрнекті өкілдері болып сол кездің өзінде-ақ танылған еді. Есімдері аталған азаматтардың іс-әрекеттері Алаш қозғалысының тағдырында да, бүкіл қазақтың ендігі уақыттағы тағдырында ерекше рөл атқарды. Халқының болашағын ойлаған Ахмет Байтұрсынов бірінші болып қызылдармен сөз табысып, коммунистермен одақтасты. Алайда оның Казревкомдағы қызметі бұрынғы алаш мұраттарына берілгендігін ұлттық идеяларды берік ұстағандығы айқын көрсетті[1, 125].

Қазан төңкерісіне дейін, жиырмасыншы ғасыр басында қазақ ағартушылардың рухани жетекшісі болған Ахмет Байтұрсынов революциядан кейін де осы игілікті істің басы – қасында болды. Ахмет Байтұрсыновтың үлгісі, іс-әрекеті мен жалынды сөздері ескі ағартушы-ұстаздарды оқыту жұмысын жаңа жағдайда жалғастыруларына үлкен ықпал етті. Қазақ интеллигенциясының алдына елдегі жаппай сауатсыздықты жою міндеті қойылды. Сауатсыздық дегенде мұсылманша оқығандар сауаттылар қатарында саналмады. Еуропалық үлгідегі оқу орындарын, мектептер мен училищелерде оқығандар, орысша білетіндер ғана сауатты адамдар саналды. Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен жер-жерлерде облыстық, уездік халық ағарту мекемелері құрылып, бұл істің мамандары жұмысқа келді. 1921 жылы 18-25 қаңтарда Орынборда болып өткен халық ағарту қызметкерлерінің бүкіл Қазақстандық бірінші конференциясы Ахмет Байтұрсыновтың баяндамасы бойынша Азамат соғысында тоз-тозы шығып қираған оқу орындарын қалпына келтіру, мүмкіндігінше көбірек мектептер мен курстар ұйымдастырып, балалар мен ересектердің сауатын ашу, жан-жаққа тентіреп кеткен мұғалімдерді оқу-ағарту жұмысына қайтадан жұмылдыру сияқты бірінші кезекте атқарылатын шараларды белгіледі.

1921 жылғы 9 тамызда республика Халық Комиссарлар Кеңесі Халық ағарту халкоматының қызметі жөніндегі Ережені бекітті. Осы Ережеде Оқу халкоматына «Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, басқару, халық ағарту және денсаулық қорғау салалары бойынша Қырғыз (Қазақ) республикасына қажетті мамандарды даярлау ісіне жалпы басшылық жасау» тапсырылды. Шын мәнінде 1920-1930 жылдары Қазақтың шығармашылық интеллигенциясын қалыптастыру мәселесінің барлық ұйымдастырушылық, қаржылық жұмыстарымен айналысқан бірден-бір халкомат болды.

1922 жылғы 1 маусымда Сейітқали Меңдешев Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің қазақ тіліндегі баспа ісін жақсарту туралы қаулысына қол қойды. Бұл қаулыда республиканың Халық Комиссарлары Кеңесіне барлық халкоматтары өз салалары бойынша қазақ тілінде кітаптар, плакаттар, оқулықтар шығаруын қадағалау тапсырылды. Бұл міндетті орындау үшін қажетті қарды көздерін тауып, қазақ интеллигентерін осы игілікті іске жұмылдыруды тапсырды. Өзге халкоматтарға қарағанда жұмыстың көп бөлігі Оқу Халық комиссариатына жүктелді. Оған әр түрлі дәрежедегі оқу құралдарын шығарумен бірге, әдеби, ғылыми, саяси-үгіт мазмұнды кітаптарды даярлаумен қатар орыс тілінен көп санды басылымдарды қазақшаға аудару ісін ұйымдастыру тапсырылды. Бұл кең ауқымды мәдени іс-шраларды жүзеге асыруға тиісті жоғары білікті мамандар жетіспеді. Сондықтан болар, кітапханаларадың сирек кездесетін кітаптар қорларында сақталған жиырмасыншы жылдар басылымдарының сауаттылығы төмен болып келеді. Бұл олқылықты қазақ зиялыларының өздері де терең түсініп өз еңбектерінің нәтижесіне деген талапкершілікті күшейтумен болды. Мәдениет саласында жетістіктерге жету үшін оқу-білім беру жүйесінің жұмысын орнықтыру қажет болды[2,119].

1913-1915 жылдары Оралда және Торғайда «Айқап» журналы шығады.Бірақ мұның бәрі жаңалыққа ұмтылған қалың көпшілікке аздық етеді. Сондықтан бүкіл халықтың мүддесін қорғайтын басылым ретінде 1913 жылдың ақпанынан апталық «Қазақ» газеті шыға бастайды. Ол Орынбордағы Каримов – Хусаиновтың жеке меншік баспаханасында басылады. Онда ғылым-білімнің және мәдениеттің дамуы туралы мәселелер көтеріледі. Бұл газетті ұзақ жылдар бойы Ахмет Байтұрсынов редакциялайды[3,75].

1905 жылы Мәскеуде өткен 1 мемлекеттік Дума қарсаңындағы съезде Ә.Бөкейханов баяндама жасайды. Негізгі көтерген мәселесі-қазақ тілінің қолдану аясын шектемеу,қайта оған мүмкіндік беру,жергілікті ұлт тілдер хұқығын аяққа баспау.

Осы ұсыныстарын нақты іске асыру үшін Ә.Бөкейханов қазақша газет шығармақ болады. Бірақ патша өкіметі ізінен қалмай қудалаған соң оның бұл арманы орындалмай қалады. Ол Павлодар, кейін Самар түрмелеріне жабылып,онда 1917 жылдың ақпанына дейін қамауда болады.Ал қазақ халқы, Столыпинның 3-маусымдағы реакциялық заңына байланысты өзінің өкілдерін мемлекеттік Думада ұстау құқығынан айрылады.

1918 жылдың ортасына қарай Қазақстанда 12 газет шығып тұрған. Бұл уақытта алғашқы кеңес газеттерінің бірі, шаруа депутаттарының органы «Қазақ мұңы» да шаңырақ көтереді.

1919 жылы «Ұшқын» баспасы жарық көреді. Сол кездегі астана Орынборда «Қазақстан» баспаханасы құрылады. Үлкен губерниялық қалаларда басқа да баспаханалар ашыла бастайды. Қазақ тіліндегі кітаптар Мәскеуден, Қазаннан, Ташкенттен шығып тұрады. Қазақ тіліндегі газет, журналдардың таралымы өседі[3,143].

«Жас қазақ» журналымен бірге 1924 жылдың ақпанынан бастап «Лениншіл жас» газеті шыға бастайды, ол жастарды тәрбиелеуге көп көңіл бөледі.

1925-1928 жылдары «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп», «Жас қайрат», «Ауыл тілі», «Жұмысшы», «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі», «Жаңа әдебиет» іспетті газеттер мен журналдар шыға бастайды. Тіпті «Жағы» деген атпен комсомол газеті де ұйымдастырылады.

1928-1930 жылдары Қазақстанда әкімшілік-территориялық бөлініс енгізіледі. Губерниялар мен болыстардың орнына округтер мен болыстардың орнына округтер мен аудандар құрылады. Әуел баста газеттер әрбір округтерде, соңынан әрбір ауданда, науқан кездерінде үлкен колхоздарда, совхоздарда да шыға бастайды.

Республика баспасөзінің дамыуна елеулі үлес қосқан кәсіпкер журналистер М.Сералин,Е,Алдонғаров,С.Есова.Ш.Қожахметов және тағы басқалар өз алдына бір төбе.

Сәбит Мұқанов өзінің журналистикаға келу жолын мұғалімдер курсының қабырға газетінен бастайды.Мұның бәрі болашақ жазушының журналистикаға деген ұмтылысын арттырады,әдебиетке деген құштарлығын күшейтейді.С.Мұқановтың тұңғыш әңгімесі 1922 жылы «Еңбекші қазақ»газетінде (қазіргі «Егемен Қазақстан») басылады.

Ол өзінің журналистік тәжірибесіндегі болған күлкілі жәйтты былай деп әңгімелеп еді. Орыс тіліндегі бір материалда оған «труженик» деген бейтаныс сөз кездеседі. Оның мағынасы не екенін бір жолдасынан сұрайды, екіншісінен сұрайды. Үшіншісі де анықтамасын дәл бере алмай қабағын түйіп, ойлана бастайды. Орыс тіліндегі сөздің мағынасын түсіну үшін, оның түбірін іздеу керек. «Труженик» дейсің бе? Оның түбірі қандай сөз? Мүмкін «трус» шығар?» Солай шешіледі. Газетке «Егінжайдың қорқақтары нағыз ерлік көрсетті»,-деп басылады.Әрине бұл аудармасынан кейін С.Мұқанов Сәкен Сейфуллиннен қатаң сөгіс естиді[4].

Мұндай күлкілі оқиғалар алғашқы жылдары аса жиі кездескен.Соның бірі – Н.И.Ановтың «Степная правда» газетінле істеп жүрген кезіндегі оқиғасы. Қаржы-қаражат мәселесін шешу үшін редакция оны Қоянды жәрмеңкесіне «Жәрмеңке хабаршысын» шығаруға жібереді.

Орыс тілінде шығарылған хабаршыны қазақшаға Иса Байзақов аударады. Бәрі дұрыс жүріп жатқанда жәрмеңкеге үш ақын келеді. Олар құлақтандыру жазып, САППтың (Семей пролетариат жазушыларының ассоцияциясы) мүшелері сөз сөйлейтінін хабарлайды.

Нәтижесі мүлде басқаша болып шығады. Ел арасында «жәрмеңкеге сап (жылқыны қырғынға ұшырататын аурудың түрі) тарапты» деген қаңқу шығады.Үрейі ұшқан кісілер жәрмеңкеге жетпей жатып аттарының басын кері қарай бұрады. Ағаттықты жөндеу үшін көп жұмыс істеуге тура келеді.

Сарғайған газет тігінділерін ақтарғанда ел ішіндегі басқа да құпияларға қанығасың. Өткені баспасөз-халықтың рухани өмірінің бөлінбес бөлшегі.


2.2. Қазақ жастарының баспасөзі

Қазақ баспасөзінің тарихында жастарға арналып шығарылған газет, журналдардың алатын орны үлкен. Жастар баспасөзінің өз тарихы, өз даму кезеңі бар. Оның өзіндік көрінісі, өзіндік мазмұны бар. Бұл тарих өзіне арнайы пікір айтуды артық көрмейді. Қазақ тіліндегі жастар баспасөзі тек қазан революциясынан кейін, кеңес үкіметінің жастарға деген зор қамқорлығының арқасында ғана пайда болады. Жастар баспасөзі де өмір қажетінен, тұрмыс талабынан туды. Қазан революциясы жеңгеннен кейін шығыстың халқына кеңес өкіметінің мақсат сипатын, лениндік партияның ұстап отырған саясатын түсіндіріп, саяси үгіт жүргізу ілгері міндеттердің бірі болды. Артта қалған халықтың санасын, мәдениетін көтеру үшін партия мен үкіметіне мектептер, ағарту мекемелерін, баспа орындарын ашуды қажет деп тапты. Солар арқылы өз ана тілінде ауызша баспасөз үгітін күшейтуді міндеттеді.

Бұл кезде қазақтың еңбекші табынан шыққан революция ісіне берілген оқығандары аз еді. Сондықтан тұңғыш шыққан жастар газетті «Жас алаш»деп атады. Олар реті келгенде ұлтшылдықты, кеңес рухына жатпайтын пікірлерді үгіттеді. Сондықтан « Жас алаштың »өмірі ұзақ болмады. Аз номерлері шыққан соң жабылды. Жастар баспасөзін сөз еткенде, қатесі болса да, оны атамай кете алмаймыз. Өйткені, жастардың кейінгі газеттері өзінің шығу тарихын, шығу жылын содан бастап есептейді. «Жас алаш» жабылған соң жастар тағы да газетсіз қалды. Оларға партия баспасөзі арқылы үгіт-өсиет айтып, ұйым болуға шақырып отыруға тура келді. Бірақ партиялық газет, журналдарға өз міндеті мен жастарды тәрбиелеу ісін бірдей жүргізу ауыр тиді. Ал, жастардың ұйымдасуға құштарлығы, тәрбие - білім алуға ынталығы күшті болды.

Газет жастарды тәрбиелеуде, оларға білім беруде едәуір еңбек етті. Мораль - этика мәселелерін үзбей жазды. 1923 жылғы 1маусымдағы номерінде «Шын кісілік неде?» деген мақала жариялады. Бұл сұрауға «шын кісі болу - саулық, табандылық, ақылдыллық пен бейімділікпен болды» деп жауап берді. «Кісілер қандай болу керек» деген бір үзіндісінде газет былай деп жазды: Кісі өз қамын қарастырып, өз жайын жайландырылғанымен ешуақытта шын кісіге саналмайды. Оның кісілігі теңізден бір тамшы алған сықылды ғана тар. Ал басқарақ қылып айтсақ бүтін жер шарында миллиард жарымға бөлсек, сонан кісі басына қанша үлес тисе, әлгі кісінің кісілігі де сол шамалы - ақ. Әркім өзі жер шарының шын қожалары пролетариат пайдасын көздеуге, олар қайғырғанда қайғырып, сүйінгенде сүйініп, олардың бақытын өз бақыты қылып санауы тиіс. Ол үшін әржақтан сау болуға, пролетариат тәрбиесін алуға, пролетариатқа пайдалы білімдермен қарулануы керек. Міне, шын кісілік осында. Басқа материалында да газет жастарды игі істерге үндеді. Жарияланған өлеңдер сапалық жағынан деңгейі төмен болғандығына қарамастан, сол жылдар талабына, сұранысына сай келді. Онда науқаншылдық, ұраншылдық, таптық әр беру, таптық сипатына баса назар аудару айқын көрінді. Баспасөздегі бас мақалалар, өлеңдер, шағын әңгімелер мен хабарламалар да пролетарлық бағытта, жарлы жақыбайларды теңдікке жеткізу ұстанымында тұрды. Жастарды білім алуға, қоғамдық істерге араласуға, тап ісін қолдауға, жастар ұйымына өтуге, ел бастауға шақырды. «Нағыз түзу амал» деген өлеңде:

Жастарым - ау, а, жастар!

Алға қадам жолдастар

Ертең бе иә бүгін бе,

Сеңдерсіңдер ел бастар, - деп жастарды оқуға, білімге өздерін ел жетекшісі етіп даярлауға шақырды. Сөйтіп «Жас қайрат» Түркістанның мың - мыңдаған жастарын ұйымдастыруға, олардың бетін комсомолға қарай бұруға көп себепші болды. Бұрын сенімсіз қарап, жолына түсіне алмай жүрген жастар лек - легімен комсомол ұйымына кіре бастады. «Жас қайрат» газеті отыз шақты номерінен кейін журнал болып шықты. Б.Кенжебаев «Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер» деген кітапшасында «Жас қайрат» журналы 1923 жылдың күзінен бастап шыға бастады дейді. Осы дәл емес сияқты. Журналдың 8-номері 1924 жылы қарашада шығарылыпты. Егер ол 1923 жылы күзде шыға бастаса, ай сайын шығатын журналдың 6 номерінің келесі жылы қарашада шығуы мүмкін емес. Және сол номерде «Бірінші жыл шығуы» деп жазылған. Сонымен бірге «Лениншіл жас» газеті 1924 жылы 23 ақпандағы нөмерінде «Жас қайрат» журналы шықты деген хабар берді. Осында «Ташкенттегі орта Азия әм Түркістан аймақтық комунист жастар комитеті айлық «Жас қайрат» журналы шығарып отыр. Бірінші номері келді», - деп жазды. Осы жайларға қарағанда, бұл журнал 1923 жылы күзде емес, 1924 жылдың басында шыққан сияқты. Қазақстан жастары «Жас қайрат» журналын жақсы қарсы алды. «Лениншіл жас» газеті әлгі хабарында: «Жас қайратта» көп үміт күткізетін қуаттың барлығы көрінеді. Ұйымдаспай, бытырап жүрген, езілген жастарды сүрінбей, тура бастап дегеніне жеткізер, тілегенін берер деп сенеміз.

Алға батыл басатын,

Асудан биік асатын,

Дұшпан мысын басатын,

Байға кәрін шашатын,

Тау суындай тасатын

Өмірлі бол» «Жас Қайрат»! – деп игі тілек білдіреді[5, 87 ].

Журнал «Ақ жол» редакциясы жанынан шығып тұрды. Ол қазақ, қырғыз жастарына арналды. Мазмұны жағынан саяси, ғылыми, әдеби журнал еді. Ол кеңес үкіметінің мән - сырын, қазан революциясының маңызын тәуір түсіндірді. Мысалы, 1924 жылғы 6-номерінде «қазан төңкерісі қазақ-қырғызға не берді?» деген мақала жариялады. Онда қазан революциясы қазақ - қырғыздың халық екенін танытты. Олардың саяси, шаруашылық құқықтарын білдіріп, оны өз қолына берді, өз ата қонысына өзін ие етіп, басын қосып, мемлекет етті деп жазды. Кеңес өкіметі елде жаңа мектеп ашып, қырғыз - қазақ жас буындарының өнер білім алуына кең жол ашты; әйелдерді малша сатылудан құтқарып, адамдық құқық берді деп көрсетті. «Бұл күннің қадірін қазақ, қырғыздың кедейлері, жаңа өспірім жастары ұмытпайды» деп журнал қазан революциясын мадақтады. «Жас қайрат» әдебиет мәселелерін, ел ойындарын, күлкі, сықақ, жұмбақтарды мол жариялап отырды. «Ел әдебиетінен» деген рубрикамен фольклорлық шығармаларды көп берді. Жаңағы 6 - номерінде Жиренше шешен әңгімелерін, «Соқыр мен көзді кісі», «Уақытсыз ораза» деген сияқты ел аңыздарын жариялады.

«Жастар журналы» 1925 жылға дейін шығып тұрды. Газет кезінде де, журнал болып тұрғанда да оған Ғани Мұратбаев тікелей басшылық етті, өзі үнемі мақалалар жазып қатысты. Түркістанда «Жас қайрат» шығып жатқанда Қазақстан жастарының өздеріне арнаулы баспасөз керектігі тағы айтылды.

Осы ел тілегін ескеріп, Қазақстанның аймақтық жастар комитеті 1923 жылы қазаннан «Жас қазақ» журналын шығарды. Оны алғаш шығарушылар Е.Алдонғаров, А.Оразаева, А.Сегізбаевтар болды. Журнал 1925 жылға дейін өмір сүріп, 13 номері жарық көрді. «Жас қазақ» бірінші номерінде «Оқушыларымызға» деген хат жазып, өзінің мақсатымен таныстырды. «Тұнық суға лақтырған тастың суды толқындандырып, үйрілткені сықылды, қамсыз, қаперсіз, ұйымдаспай жатқан жалпы надан, кедей жастарымыздың ортасына барып салмақты адал сөзін айтсын. Жолбасшылық қылып еркіндікке, адамшылыққа жеткізетін түзу жолды көрсетсін деп «Жас қазақ» атты журналды шығарып отырмыз... Бұл журнал - жауыз дұшпандарымызды қайткенде жеңетін амалды дұрыс сілтейтін, адастырмайтын қазақ жастарының қыбыланамасы (компасы)», деп жазды ол хатта. Журнал бірінші номерінен бастап жастарға өз міндетін түсіндірді. Оларды ұйым болып, тап жастары болып бірігуге үндеді. «Жастардың міндеті» деген мақаласында «Заман заңы бойынша, болашақ - жастардікі...жастар бала емес, аға болады» деп, олардың болашағына зор сенім білдірді. Жастарды оқуға, өнерге шақырады[6, 180].

Бұл кезде партия мен үкіметіміз ауылды кеңестендіру, шаруашылықты, мәдениетті социялистік жолмен өркендету шараларын жүргізіп жатты. Жастар бұл ұлы істерге белсене қатысты. Журнал жергілікті жердегі жастар ұяларының осындай жұмыстарын үнемі хабарлап отырды. Ауыл жастарына шаруашылық ғылыми үйретіп, социализм негізінде құрылған өкіметтің құрлысын, кооператив, совхоз, артель, кедей ұйымдарын ашу жолдарын түсіндірді.

1925 жылға дейін еліміз күйзелген шаруашылықты қалпына келтіру ісімен шұғылданды. Ал 1920 жылдардың ортасынан бастап оқу - ағарту ісіне қарай бет бұрды. Партиямыз Қазан революциясының он жылдығына дейін ел жаппай хат танысын деген ұран көтерді. Өйткені халықты надан күйінде қалдырып, социализм жеңісіне жету мүмкін емес еді. Партия ұранына үн қосып, халық оқу, білімге бет қойды. Надандықты жоюға аттанды. Жас ұрпақтарды оқытуға, тәрбиелеуге жұмылды.

Міне, осымен байланысты тәрбие құралы – жастар әдебиетін, жастар баспасөзін тағын кеңейту қажеттігі туды. 1925 жылы қаңтардан бастап «Пионер» журналы шығарылды. Ол «Аймақтық Қазақстан пионерлерінің бюросы мен халық ағарту комиссариатының тілі» болды. Журналдың редакторы Е.Алдоңғаров бірінші номерде «Тарихтың жаңа бетін аштық» деген бас мақала жазды.

Дәл осы кезде Сырдария губерниясының өзіндік не жастар, не партиялық газеті болмады. Партия орындары 10 мындай жастарды, мыңдаған коммунистерді газетсіз қоюға болмайды деп тапты. Сөйтіп, Қызылордада шығатын «Еңбекшіл қазақ», «Ауыл тілі», «Жас қайрат» газеттерін өлкелік партия, комсомол, атқару комитеттерінің ғана емес, Сырдария губерния комитеттерінің де тілі етіп шығаруды ұйғарды. Сол ұйғарым бойынша, «Жас қайрат» газеті 1926 жыл 11- сентябрьдегі 40 - номерінен бастап Қазақстан өлкелік жастар комитеті мен Сырдария өлкелік жастар комитетінің газеті болып шықты. Бірақ, газет үлкен қиыншылықтарға кездесті. Әсересе қаржы, баспахана жағынан көп кемтарлық сезді. Кейде тіпті жеті сайын шыға алмай қалып жүрді.

«Жас қайрат» газеті 1926 жылы 30 – қыркүйегінде 57- номерімен шығуын тоқтатты. Бұл жөнінде газет былай деп жазды: «Жас қайраттың» жабылу себептері: бірінші – қаражаттың аздығы, газет қымбатқа түсіп, көп зиян келтіретіні, соңғы кезде «Жас қайраттың» белсенділерге қарай ауып кетіп, жалпы ауылдағы еңбекші жастардан қашықтай бастағандығы, олардың біліміне, тілегіне үйлесімді болмауы; үшінші – газеттің мезгілімен ел жастарына таратылмауы».

Жоғарыда айттық, мұның алдында «Лениншіл жас»журналы жабылған еді. Жастардың баспасөзсіз қалуын орынсыз тауып өлкелік партия комитетінің баспасөз бөлімі енді екі жетілік «Лениншіл жас» журналын шығаруға нұсқау берді. Оның үш кісіден шығарушылар алқасын бекітті. Солардың бірі Бейсембай Кенжебаев болды. «Лениншіл жас»журналының 1-2 номері 1926 жылдың қарашасында шықты. «Ауыл жастарының екі жетілік жалпы саясат, шаруашылық, әдебиет, өнер - білім журналы» деп аталды. «Журналымыздың мақсаты» деген бас мақаласында басқарма газетінің орнына журнал шығарудың пайдасын түсіндірді, журналдың бөлімдерімен таныстырды. Оның тілі ауыл жастарына түсінікті, жеңіл болатынын айтты. «Журналымыз ауыл жастарын тәрбиелеп, олардың саяси сезімдерін көтеру жөнінде еңбек етпек »деп мақсатты аңғартты. «Лениншіл жас» журналы алғаш айына екі рет шығып тұрады. Бірақ 1927 жылы көктемінен бастап қаржының жоқтығынан, жазушыларының аздығынан, баспахананың нашарлығынан бір айда, бір жарым айда бір рет шығып жүрді. Сондықтан ол әрбір мәселені жастар арасына кезінде жеткізіп отыра алмады. Қажетті материялдар мезгілін өткізіп, маңызын жойып қойып отырды. Ел - елден түскен хабарлар кезінде жедел жариялана алмады. Сондықтан да жер - жердегі жастар журнал орнына газет шығару керек деп тілек қойды.

ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.1. Баспасөздің кеңестік қоғамда саяси-идеологиялық сипат алуы

Қазақстанның партиялық басшылығы ауыстырылып, Голощекиннің авторитарлық билігі орныған жылдары қазақ әдебиеті мен ұлттық баспасөзі күрт өзгерістерге ұшырады. Бұл кез әдебиеттің көркемдік-эстетикалық мәні екінші кезекке шығарылып, ең алдымен шығармалардың саяси мазмұны бағаланатын тәртіп орнатылған заман болды. Бұл дәуір, сонымен бірге шығармашылық қызметі төңкеріске дейін басталған ақын-жазушылардың мәдени өмірден ысырылып шығарылып, олардың орнын «пролетар» қаламгерлер басқан кез болды.

Сәбит Мұқанов Қазан революциясына дейін қазақта әдеби бірлестікке ұқсайтын жалғыз топ – Абай төңірегіне жиналған ақындар, «Қазақ» пен «Айқап» маңындағылар ұйымдық жағынан бірге алмады деп дұрыс атап көрсетті. Оның пайымдауынша, 1917 жылы қазақ әдебиеті екі бағытта бөлінді, бірі – Сәкен Сейфуллин жетекшілік еткен төңкерісшілер, екіншісі – Мағжан Жұмабаев бастаған Кеңес өкіметінің жаулары болды [7].

Сәкен Сейфуллин тобы 1925 жылы КазАПП атты ресми ұйымға айналды, ал Мағжан бастаған топ «Алқа» атты ұйым құруға тырысты, бірақ бұл ұйымның мақсаты советтік құрылысқа, яғни тап тартысы арқылы социализм ісіне қарсы болғандықтан, мезгіл – советтік жағдай болғандықтан, «Алқаның» идеясын жеке мақалаларда айтқаны болмаса, ұйым ретінде қимыл жасай алмады. «Ұйым болмады» дегенімен (бұл сөздер кейін айтылды), замандастары «Алқаны» мойындауға мәжбүр болды. Сәбит Мұқанов жоғарыда айтылған өзінің байламын өзі жоққа шығарып, Қазақстан Жазушылар одағының құрылатын күніне қазақ жазушылары бірі – ресми ашық түрдегі (КазАПП), екіншісі – бүркенішті түрде («Алқа») екі-ақ ұйыммен келді, Жазушылар одағына КазАПП-тың барлық мүшелері кірді, ал Алқадан бірлі-жарым адам қосылды, сәл төменірек «Алқадан» жалғыз Мұхтар Әуезов қана келді» деп мойындайды.

Қазан төңкерісі мен Ұлы Отан соғысы аралығындағы қазақ прозасының әңгіме, повесть сынды шағын жанрларын дамытқан бірталай жазушылар өсіп шықты. Аталған кезеңде жергілікті басылымдарды есептемегенде, республикалық «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» және «Қазақ әдебиеті» (1934-1939), газеттері мен «Жаңа әдебиет» (1928-1932), «Әдебиет майданы» (1932-1939) журналдарында ғана жарияланған әңгімелер мен повестердің авторларын есепке алғанда жазушылардың саны 100-ден асады.

«Тар жол тайғақ кешуді» - «тарихи-публицистикалық кітап» деген Есмағамбет Ысмайылов, «тарихи очерк» деген Бейсенбай Кенжебаев «мемуарлық роман» деген Сәбит Мұқанов, «тарихи хроника» дейтін Тұрсынбек Кәкішев те, Сәкен Сейфуллинді тұңғыш кеңестік романның авторы деп таннтын Мұхаметжан Қаратаев, Серік Қирабаев, Темірғали Нұртазиндердің көзқарасына біршама қайшы пікір айтты. Біздіңше, дұрысы – Сәкен Сейфулиннің «Тар жолы» белгілі бір әдеби жанр таланттарына сай келмейтін тарихи-құжаттық шығарма. Біз үшін тағы бір талассыз нәрсе – «Тар жол...» қазақ әдебиетіндегі мемуарлық жанрда жазылған үлкен шығармалардың тұңғышы.

«Тар жол, тайғақ кешуімен» Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетінде мемуар жанрының бастамшысы болса, Сәкен Сейфуллиннің әсерімен, «Тар жолдың» үлгісімен жазылған Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романы осы жанрдағы екінші үздік еңбек болды. Қазақ жазушысының қаламынан туған хроникалық жағынан екінші еңбек болғанымен, «Өмір мектебі» өзінің тарихи-танымдық мәнімен, әдеби-көркемдігімен өте тартымды әрі құнды дүние болып шықты. Бұл шығарманың алғашқы тараулары 1930 жылы «Жаңа әдебиет» журналында басылып, бірінші кітабы 1941 жылы жарық көргендігі белгілі[8,156].

Көркем әңгіме мен повестің асқан шебері Бейімбет Майлин (1894-1938) де 1930 жылдан бастап роман жанрын игеруге кірісті. 1930 жылы «Жаңа әдебиет» журналында оның тұңғыш романы «Азамат Азаматычтың» жеке тараулары жариялана бастады. 1935 жылы «Қазақ қызы» деген атпен «азамат Азаматыч» сияқты «Қызыл жалау», «Қоңсылар», «Тартыс» романдары аяқталмаса да оның ардақты есімі қазақтың алғашқы романистері қатарында аталуға тиіс. Журналистік қауырт жұмыстар, әдебиеттің өзге жанрларындағы қызметі, одан соң репрессияға ұшырауы Бейімбетке романдарын бітіруге мұрша бермеді. Бейімбет Майлиннің прозада атқарған мол еңбегі оның қазақтың кеңестік әдебиетінің негізін қалаушы аталуына себеп болды. 1932 жылы 5 наурызда Бейімбет Майлиннің шығармашылық қызметінің жиырма жылдығы аталып өтті. Бұл Мұхаметжан Қаратаевтың естелігі бойынша, қазақ әдебиетінің тарихында ресми түрінде аталған алғашқы мерейтой еді.

Қазақтың алғашқы кәсіпқой әдеби сыншысы Ғаббас Тоғжанов (1900-1937) болды. Ташкентте САГУ-де, Мәскеуде Г.В.Плеханов атындағы халық шаруашылық институтында оқыған, терең білімді Ғаббас Тоғжанов жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің сын жанрында көшбасшы қызметін атқарды. Оның «Жаңа жұртшылық» (1925), «Мағжан Жұмабаевтың ақындығы және Жүсіпбек Аймауытовтың сыны» (1926) атты шығармалары әдеби сын саласындағы қазақ тіліндегі тұңғыш кітаптар болды. Әдеби шығармашылықпен айналысатын адамдардың бәрі оның пікірімен санасты. Оның үстіне Ғаббас Тоғжанов Қазақстан басшылары Голощекин мен Мирзоянның сеніміне ие болған коммунистік идеолог ретінде «Еңбекші қазақ» газетының редакторы (1926-1934), Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы (1935-1936), Халкомдар Кеңесі жаңындағы өнер істер жөніндегі Басқарманың бастығы (1936-1937) болды.

Алғашқы радиожурналистері 20 жылдардың аяғында пайда болды. 1931жылы 4мамырда қазақ тіліндегі тұңғыш «Еңбекші қазақ» эфирге шықты. Оны дайындауға сол тұста БК(б)П Қазақ мәдени-үгіт бөлімінің нұсқаушысы, дарынды журналист Сұлтан Лепесов басшылық етті. Ол 1933жылдың шілдесінде «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары болып тағайындалды.

Бірден айта кету керек, «ескі интеллигенция» терминін пайдаланғанда біз ғасыр басында, Қазан төңкерісіне дейін білім алған, шығармашылық қызметі революцияға дейін басталған қазақ оқығандарын айтамыз. Жиырмасыншы жылдары бұл ұғым коммунистер тарапынан саяси астар беріліп айтылды. Ал біз зерттеуімізде жиырмасыншы-отызыншы жылдары қолданыста болған өзге де терминдермен қатар оны шартты әрі қысқа сөз тіркесі, «бұрынғы интеллигенция», «Алаш зиялылары» ұғымдарының баламасы ретінде қолдандық.

Туған халқына қандай жағдайда болмасын қызмет етуді адамгершілік парызы санаған қазақ зиялылары кеңестік заманда да ел-жұртына пайдалы істермен айналысуды дұрыс деп санады. Өздерін шығармашыл интеллигенция өкілдері болып қалыптасқандығын төңкеріске дейінгі жылдары танытқан қалам қайраткерлері, өнер иелері, халық ағарту қызметкерлері кеңестік жұмыстарға жегілді, кейбірі коммунитсік партияға мүше болып та кірді.

Ұлттық шығармашылық интеллигенция қазақ мектептеріне ауадай қажет болған оқулықтарға деген сұранысты өтеуге кірісті. Әуелде орыс тіліндегі оқулықтарды қазақ ұғымына лайықтап «Арифметиканы» - «Есеп-қисап», «Геометрияны» - «Кескіндеме» деп аударумен айналысқан Елдос Омаров (1892-1938) кейін төл оқулықтар жазуға кірісті. Ғалым-лингвист ретінде ол ана тілінің тазалығы үшін аянбай күресті. Бұл іске Ахмет Байтұрсынов бастаушы болып Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Т.Шонанов, М.Жолдыбаев, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, А.Әлібаев, Ж.Күдерин белсене қатысты.

Алаш қозғалысының ірі қайраткері, Ташкенттегі Қазақтың халық ағарту институтының оқытушысы Мырзағазы Есболов (1896-1936) «Талап» қоғамын құрушылардың бірі, «Түркістанда келімсектер орнаған аудандардағы жер мәселесі» атты өте құнды зерттеу кітабының авторы болды. Аталған кітапты жазуда ол өзін білікті экономист әрі тарихшы ретінде танытты. Осы кітапты жазу үстінде ол патша өкіметінің ресми құжаттарын, статистикалық материалдарын, Гаврилов, Кауфман, Васильевтердің зерттеулерін пайдаланып қорытты.

Қазан университетінің түлегі, аса дарынды дәрігер Мәжит Шомбалов өзінің жерлесі Қазан университетін бітірген дәрігер Махмұт Шолтыровпен (1884-1965) бірге ол төңкеріске дейін-ақ Бөкей губерниясында чума сияқты мыңдаған адамдардың өмірін қиып кететін індетке қарсы шаралар ұйымдастырып, аурудың алдын алуға белсене әрекет жүргізді. 1923-1929 жылдары Мәжит Шомбалов Қазақ АКСР Денсаулық сақтау халкомының орынбасары қызметін атқарып, талай ізгі істердің басы-қасында болды. 1924 жылы 24 - сәуірде болып өткен РК )б)П Киробкомы алқасының хаттамасына қарағанда ол республикадағы медицинаны ғылыми жолға қоюға әрекеттеніп, басшы органдардан бұл жұмысқа айрықша назар аударуды табанды түрде талап еткен қайсар әрі білгір қайраткер болған. Ол Киробкомнан ел ішіне көшпелі медициналық отрядтар жасақталып жіберуіне қолдау көрсетілуін сұрап, бұл отрядтардың міндеті, бір жағынан бұқараға медициналық көмек беру болса, екінші жағынан республика халқының денсаулығы жайында аса құнды деректер жинау болып табылатындығын атап көрсетті.

Орталық Азия республикаларының белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен қоғамдық саяси, мемлекеттік қызметін қарастырғанда қайраткердің еңбектері жиі басылып тұрған ұлттық мерзімді басылымдардың алатын орны ерекше.

Сұлтанбек Қожанов алғашқы еңбегін «Бірлік туы» газетінде жариялаған. Қайраткердің аталған басылымдағы еңбектерін оқып-саралай отырып, олардан сол кезеңнің рухын толық сезінуге болады.

Қу заман, ит тіршілік қорладың ғой,

Көрсем де қанща икемдеп болмадың ғой.

Жете алмай дегенімнің жалғызына,

Талап көп, талайсыз боп сорладым ғой, -

деп басталатын «Қайтейін» өлеңінде С.Қожанов сан желілі ойлардың ұшығына жете алмай сергелдеңге түседі[9,122].

Әйтсе де ол өзінің отаншылдығын, ұлтына деген сүйіспеншілігін, әсіресе, отарлық әдет, пиғылға төзбеушілігін анық та, айқын баяндайды.

«Түркістанда орыс съездері» мақаласында өлкеде Қазан төңкерісінен кейін болып жатқан келеңсіз құбылыстарға, әсіресе, үкімет билігіне деген наразылығын ашық айтады және сол наразылықты қолдауға халықтың қамын жеген азаматтарын шақырады.

Түркістандағы асыра сілтеушіліктер мен тұрпайысоциологияны әшкерелеумақсатында бірнеше мақалаларын «Большевиктер»,«Өзіміздің большевиксінгендерге» деген атпен жариялаған.«Осы күні Русия мемлекетін бір үлкен ауру әлсіретіп отыр. Бұл аурудың шын аты – надандық, өтірік аты – большеуизм (большевиктік)» деп жазды «Өзіміздің большевиксінгендерге» деген мақаласында. Адамзаттың негізгі арманы өзінің тіршілігін оңдап, тұрмысын көркейту болса, «Русияда осы күні халықтың бәрінің тегіс құрдас болуы мүмкін болса, бәрі де бірдей қу кедей болып құрдас болады» деп, «жарлысы мен байы тең, жабысы мен тайы тең» қоғамды құрудағы саяси тәртіптің салмағын таразылайды. Барынша ашына отырып, төзбеушілік сезіммен жазады.

1918 жылы 9-сәуірде қайраткердің «Түркістаннан» деп аталатын мақаласы «Бірлік туында» жарық көрді. Мақала өлкедегі 1917-1918 жылдардағы жергілікті халық басынан кешірген ашаршылық жайында жазылған. «Көшелерде шұбырып жүрген аш қазақ. Екінің бірінің аштықтан көзі іскен, беті іскен. Ана жерде де, мына жерде де аштан өліп жатқан адам. Осы кезде өлікті жинап алуға да шама келмей бара жатыр. Ақыры не болары белгісіз. Бұл бетпен бара берсе, Түркістанда қазақтан тұқым, ұрпақ қалуына көз жетпейді»деп, жүрек шыдамас жан шошырлық жағдайды осылай суреттейді.

Өлкені жайлаған ашаршылық жағдайында арсыздық пен ақымақтыққа, жоқшылық пен жетіспеушіліктің үстіне алдау мен арбауға жол беріліп, тыйым салынбай отырғанын автор күйіне жазады. Аштарға көмек көрсету үшін құрылған азық-түлік комитетінің өз арасынан алаяқтар шыққанының өкінерлік екенін айтады, соған шіміркенеді.

Қожановтың «Бірлік туы» газетіндегі еңбектерінен сол кездегі Түркістанның жергілікті халықтарының арман-аңсары мен талап-тілегінің көрінісін байқауға болады. Ол осы басылымда ұлттық теңсіздікті жою жолында, патшалық Ресейдің отарлау саясатын жалғастыруды жақтаушылармен жан аямай күреседі. Оның жанайқайы осы «Бірлік туы» газеті арқылы халқына жетіп отырған.

С.Қожановтың көптеген еңбектері, мақалалары, аудармалары алғашында Ташкент қаласында, кейіннен Шымкенттен шығып тұрған «Ақ жол» газетінде жарық көреді. 1921 жылдан 1924 жылға дейінгі аралықта қайраткердің 115-ке тарта еңбегі аталған газетте жарияланыпты[10,73].

Оқу-ағарту саласындағы түрлі жағдайлар да С.Қожановтың назарынан тыс қалмаған. Өнер-білімнің адамзат дамуындағы алатын орнын, оқу-ағарту деңгейі жоғары ел қатарына кем қалмайтынын, өзгеге көзтүрткі болмайтынын ескерткен. Осы мәселеге орай ол «Оқытушыларды ескеру керек» мақаласында, халыққа саяси қайраткерлер мен ел басшыларының көбіне оқушылар қатарынан шығатынын айтады. Хат танитын халықтың саны 40-тан 80 процентке дейін жететін Армения мен Грузияның оқытушыларға ықыласын мысалға алып, Ресейдегі мектептерге, ондағы мұғалімдерге ерекше қамқорлық жасалып, олардың жағдайларын жақсартуға көңіл бөлініп жатқанын үлгі етеді. Қазақ халқын, оның үкіметін оқытушыларды көбірек даярлап, қадірлеуге шақырады.

«Жас буын, жаңа жұрт жаңа жолға түссін» деген мақаласында «Қырғыз-қазақ тұрмысының ең үлкен кемшілігі – шаруа түрінің орнықсыздығы әлі олардың еркіндікте болып, табиғи жолмен ілгері баса алмағандығы. Қазақ-қырғыз ... не мал шаруасын өркендете алған жоқ, не орнығып отырып, алаңсыз егіншілікпен айналысқан жоқ, не қолөнері кәсібін дамытпады, не сауда үдесінен шықпады»деп, ел-жұрттың тыныс тіршілігіне сын көзбен қарап, орынды өкпе айтты.

Осы тақырыпта тағы «Қырғыз-қазақ институты һәм мектеп жұмысы» мақаласын жазады. Мұнда қазақ-қырғыз халықтарын сауаттандыру ісіндегі ірі кемшіліктердің бетін ашады. Халық әлі қараңғы, ұлт мектептері жоқ. Соңғы кезде ұлттықты діншілдікке жеңдіретін «мұсылман мектебі» деген тарай бастады. Еуропалықтар мектебінде тәрбие алып, мұғалімдікке әзірлегендер қала тұрмысына жаттығып, қазақ тұрмысына жуыса алмай, үйкүшік ботадай тамды айналақтап жүр. Оларды қызықтырып алып кететін қазақтын тұрмысында қызықты түк жоқ. Осы кемшіліктің емі қырғыз-қазақ институтынан табылмақ. Нағыз оқытушы қайраткерлер содан шықпақ. Ақыреттің дозағы мен намазға айдаудың орнына, дүние тұрмысы, шаруа талабы жұртшылыққа бас-көз болып, ел ішіне сіңіп, елмен бірге жасап, көсемдік қылатын ұлт мұғалімдері, кеңес жұртшылығының ұлт әдебиетінің қайраткерлері қырғыз-қазақ институтынан шықпақ деп, үлкен сенім білдірді. Ол кадр мәселесіне айрықша көңіл бөледі.

Оның осы тақырыпта сөз қозғаған «Жалаң ұрандардан іске көшу керек» мақаласы. «Осы күнге дейін шаппай-ақ озып, білмей-ақ атаққа ілініп, сырын ұстатпай келген қазақ қызметкерлері, қазақ оқығандары белгілі болды... Қазақ арасында көп жерде тап күресі деп жүргеніміздің көбісі бақ таласы болып шықыты, білгіштеріміздің бұрыңғы сөзі мен соңғы сөзі басқа-басқа болып кетті» деп, ұлтжанды болғанымен қазақтың ұлттық сезім-болмысын, халықтың намысын пайдаланып өзіне ұпай жинайтын екіжүзді қайраткерсымақтардың бет-пердесін сыпырып қатты сынайды.

Мақала соңында «Орталық өзгерді, Ақмешітке көшіп, қалын қазақ арасына келдік. Шарт өзгерді, уақыты өтті. Жаңа қоныста жаңа істерге кірісейік» деп, жұртты еңбек етуге, берекелі бірлікке шақырады.


3.2. Облыстық баспасөздің қалыптасуы мен одан әрі дамуы

Семейде ана тіліндегі большевиктік тұнғыш газеттің жарыққа келуі онда Совет өкіметінің қайта орнауымен тығыз байланысты. 1919 жылы 1 желтоқсан күні большевиктер бастаған жұмысшылар мен гарнизон әскерлері ақгвардияшыларды талқындап, өкіметті әскери - революциялық комитетінің қолына берді. Қала колчакшыл бандалардан тазартылысымен, яғни 4 желтоқсаннан Семей губкомы мен губаткомының органы – «Қазақ тілі» газеті жарыққа келді. Кейін Саду Машақов осы тарихи фактіні былай деп жырға қосты:

Қысқы таң түрде пердесін,

Декабрь кенет жылынды.

Самалға тосып кеудесін,

Байлаған жеңге қызылды.

Айбынды топ, қалын лек

Советті қорғап, басқарды

Бойларын кернеп жалын кек

Жапыра қуды ақтарды.

Аттанған ерлер құралмен

Дамыл алмай түн қатты.

Ел кезіп, жылы ұранмен

«Қазақ тілі» ұн қатты.

Алғаш газет жетісіне бір рет, кейінрек 3 реттен, екі жарым мындай тиражбен тарап тұрды. Бұл полиграфиялық хал - жайдың да, тарихи жағдайдың да қиын кезі еді. Бірінші қиындық туралы «қазақ тілі» газетінің алғашқы номерлерін шығаруға қатысқан Мұқсын Қордабаев былай деп жазады: «... Толып жатқан нүкте құйыршықтарының көбі мұжылып қалған араб әріптерімен жұмыс істеу қиыншылықтарды екі есе көбейткендей. Газеттің бастапқы екі беті басылып, машинадан шыққаннан кейін, соңғы екі беті басылып, машинадан шыққаннан кейін, соңғы екі бетке жетпей қалған тапшы әріптерді суырып (теріп) алып, сол соңғы екі бетке тізбектеуге тура келетін. «Қазақ тілі» деген газет атын арапша ірі әріп болмағандықтан қолы шебер бір етікшіге ағаштан ойғызып алып, басып жүрдік»[11,79].

1928 жылы уездер таратылып, округтер құрылғанда «Қазақ тілі» газеті «Жаңа ауыл» деген атпен округтік газет болып шыға бастады. Ол өзінің мақсатын «Ауыл шаруашылығын коллективтендіру, байларды конфискелеу, өнеркәсіпті өркендету, партия ұиымдарын теріс жолға салмақ болған оңшыл, солшыл әрекеттерге қарсы күресу» деп жазды. Колхоздастыру ісіндегі қателіктер мен бұрмалаушылықтарды әшкереледі. «Жаңа ауыл» тыныштықты, бейбіт еңбекті жақсы жырлады. 1929 жылғы 25 наурыздағы номерінде: «Совет өкіметі әрқашан бейбітшілік саясатын бұлжытпай іске асырып келеді. Совет өкіметі бұл жөнінде бүкіл дүние жүзі еңбекшілеріне үнемі мәлімдеп келді және қазірде өзінің бейбітшілікті берік сақтау саясатын жариялап отыр», - деп жазды. «...Біз екі қолды бос салып, жайбарақат отыруға тиісті емеспіз. Өз Отанымыз – Советтер Одағын қорғауға әр сәтте әзір болуымыз керек...Қажет болған шақта жауға тойтара соққы беру үшін еңбекшілерді соғыс ісіне үйретуге міндеттіміз» - деп отан қорғау мәселесін күн тәртібіне тұрақты қойып отырды.

1930 жылы округтер қайта таратылып, аудандар нығайтылғанда «Жаңа ауыл» Аякөзге көшіріліп, соның аудандық газеті етілді. Бұл жөнінде әлгі Мұқсын Қордабаев былай дейді: «Онда мен «Жаңа ауыл»газеті редакциясының жауапты секретары болдым. Қазақша газет тағдыры Семей окружкомында шешілді. Окружком бюросына Крайком секретары Глощекин қатысқан еді. Сол кісінің ұсынысы бойынша «Жаңа ауыл» Аякөзге көшірілді...Газеттің Аякөзге көшуіне тағы бір себеп: ол - бесжылдықтың тұңғыш болған Турксиб жолының ортанбелі еді. Мен «Жаңа ауылды»барлық полиграфиялық жабдығымен Аякөзге алып келдім де, сол газеттің редакторы, баспахананың басқарушысы болып қызымет атқардым».

Қаланы қазақша газетсіз қалдыруға болмады. Сол жылдың 21 ноябрьінен Семейде «Қызыл дала» атты қалалық газет шығарыла бастады. ... «Қызыл дала» газеті, - деп жазды редакция –даланың қызарған күн нұрына бөленген кезінде туып отыр. Сондықтан қазіргі гулденген қызыл даланы жырлау, қызыл даланың қызыл күнін әлемге жеткізу – «Қызыл дала» газетінің ірі міндеті. Қызыл даланың қызыл ерлері, жердемдесіп көмек көрсетуге, сендер де жедел кірісіндер». Газеттің бүкіл бағдары, идеясы алғашқы номеріндегі:

«Қызыл дала»,

Келдің жаңа

Өзің туған аулыңа.

Қу байларды,

Қу молданы,

Жоғалт көзін,аяма.-

деген жыр жолдарынан айқын аңғарылады. Осы орайда тарихшы, ғалым Мұсатай Ақынжанов кезінде былай деп жазды: «Қара шаңырақ орында шыққан газет «Қызыл дала» деп аталып, оны басқаруды маған жүктеді. Мен горрайкомда әрі хатшылық қызыметін, әрі редакторлық қызымет атқардым. Ол кездегі партия, совет жұмысының ең маңдай алды күрделісі ауылда, «далада» жұмыс жүргізу - батыраңқы шаруаларды колхозға ұйымдастыру болатын - ды... Көлемі шағын болғанымен тілі өткір болып, «Қызыл дала» колхоз ұйымдастыруда ұйымдастырушылық, үгітшілік қызметін іс жүзінде мүлтіксіз орындалады. Бұл газетте жастар өміріне көп көңіл бөлді. Ол да бір бетін «Жас большевик» деген атпен комсомол газеті етіп шығарып тұрды. Жергілікті жердегі жастар тұрмысын жан - жақты жазды. Оларды социялистік құрылысқа кең тартып, қиыншылықтарды жеңуге, тың табыстарға жетуге баулыды. 1931 жылы Семей ет комбинаты салына бастады. Бұл өте ірі құрылыс еді. Оны салушылардың көбі ауылдан келген қазақтар болды. Соларды тәрбиелеп, өнімді еңбекке жұмылдыру, комбинат құрылысының барысын тұрақты да мазмұнды көрсету үшін «Қызыл дала» өзіне қосымша ретінде «Ет алабы» атты газет шығарып тұрды[12].

«Социалды Шығыс»газеті 1935 жылы атын «Екпінді»деп өзгертті. Бұл газетте алғашқы бесжылдықтар шежіресін жасады. «Бесжылдық тынысы», «бесжылдықты төрт жылда» деген тұрақты рубрикалар Семей ет - консерві комбинаты, Ленинагор және Зырян полиметалл комбинаты, Глубскийдегі мыс қорыту заводы құрлыстарының барысында бақылау жасады. Ұлы Отан соғысы жылдарында «Екпінді» газеті майдан мұқтажы, жеңіс қамы үшін елді ерен еңбекке жұмылдырылды. «Колхоз-ана, түздегі әскер-балаң, анасы бар балада болмайды алаң. Аға, іні, қарындас, келін, жеңге, келгенінше еңбек ет, тылда шамаң» (25 сәуір 1943 ж.)деп үгіттеді. Астық жинаудың жауапты кезеңдерінде Ақсуат ауданында көшпелі редакция ұйымдастырды. Еңбекшілердің жеңіс жолындағы игі істерін кең көрсетті. Мысалы, 1943 жылғы 20 тамыздағы номерінде Төлеген Тоқтаров туралы:

Арыстандай айбатты,

Қаһармандай қайратты.

Қамқорлы болған халықтың

Тоқтарұлы Төлеген.

Жай лғындай жарқылдап,

Жауға шаптың алқымдап.

Қазақ атын айқындап

Шыққан ерім келеден,-

деп жырлады.1945 жылы 9 мамырда кезектен тыс номер шығарып, «Бүкілхалықтық мереке – жеңіс күні жасасын.»-деп ұрандады.

Соғыстан кейінгі жылдары газет халық шаруашылығын қалпына келтірудің жалынды үгітшісі,тегеурінді ұйымдастырушы болды. Жаңа соғыс өртін тұтандырмақ болған қанқұмарлары әшкерелеп, бейітшілік үшін күресті

Басшы партия қызыметкерлері Сыдық Абланов, Үсіп Сатыбалдинов және басқалар Әулиеатаға келген журналисті қолқалап қоймады. Оған халық мұғалімі Шарап Балтабаевты көмекші етіп белгілейді. Жаңа баспаханаға Шәріп Сандыбаев, Өмірзақов және Халметов деген қазақ жігіттерін жұмысқа алады. Алыстан келген журналист бұдан соң газеттің шығарушысы болуға келіседі». Ұлт кадрының жоқтығы, қағаз, қаржының жетіспеуі екі тілде бір - ақ газет шығаруға мәжбүр етеді. Сөйтіп Түркістан Комунистік партиясы Әулиеата уездік - қалалық комитеті мен уездік атқару комитетінің органы орысша «Вольная беднота», қазақша «Кедей еркі» газетінің тұңғыш номері 1922 жылы 1 мамыр мерекесі күні жарық көрді. Редакция баспахана базасының әлсіздігіне байланысты аптасына үш - ақ рет қана шығатының ескертеді. Өзіңе сәт сапар тілеген «Жел сөз» атты өлең жариялады. Оның авторы:

Жарық етіп шыға келді «кедей еркі»,

Тәңірім ұзақ қылсын өмір жасын.

Өз халқына жарасып шыға келген,

Деп айттық: «Кедей еркі» құтты болсын

Күзеттер ақын кісі сөздің көркін.

Кедейлер, жақсылап күт «Кедей еркіні» - деп құтықтады, игі тілек - ниет білдірді. Уезд еңбекшілері ана тіліндегі тұңғыш газетін құшақ жая қарсы алады. «Қызыл газет, - деп еске алады дербес пенсионер Жақыпбек Дибеев, - қызыл үгітшілердің, қызыл шешендердің қолдан түспес құралы болған еді. Он комсомолецке, он қосшыға бір - бір данадан ғана берілетін еді ол. Қызыл шайханада, қызыл отауда оны дауыстап оқитын едік». «Кедей еркінің» барлығы 180 номері жарық көрген. Уездік комитет 1924 жылы оны тек қазақ тілінде тарату жайын қарастырады. 9 маусымдағы мәжілісінде «Еңбек» деген жаңа атпен газет шығаруды ұйғарады. Оның редакторы етіп Құлжабаевты бекітеді. Ол, журналист Ә.Доспанбетовтің жинаған деректеріне қарағанда, әулиеаталық етікшінің баласы. Жастайынан орыс кулактарының, саудагерлерінің жалшысы болған. 1916 жылы қара жұмысқа алынып, Минск теміржолында істеген.

Ақтөбеде Совет өкіметі 1918 жылы 8 қаңтарда орнады. Сол күнмен бастап, солдат, шаруа және мүсулмандар депутаттары атқару комитеттерінің екі рет шығатын «Ақтөбе бюллетені» жарық көрді. 18 маусымнан «Ақтөбе вестингі» деп атын өзгертті. Ол азамат соғысы тұсында еңбекшілерді Отан қорғау, революция жеңісін баянды ету ісіне жұмылдырылды. Осы тұста гарнизон әчкерлерінің арнаулы «Известия» газеті жарық көрді. 1919 жылдың күзіне қарай, қала хаупсіздікке көшкеннен кейін, ол жабылып, 8 қазаннан Ақтөбе Революция Комитетінің органы «Красная звезда» газеті шықты.

«Кедейдің» тұңғыш номері 7 шілде күні Ақтөбеннің сол кездегі Сталин және Фрунзе атындағы көшелерін бұрысындағы 16-үйде жарық көрді. «Тап күресі» деген бас мақаласында жекеменшіктің шығуынен байланысты таптың пайда болғанын түсіндірді. «Қысқасын айтқанда, бүгінде жер жүзінде жасайтын адамзат екі тапқа бөлінеді. Ресейде 1917 жылы билікті өз қолына алып, арадағы жалмауыз байлар табын жоқ қылып, қугын-сүргенге салып отыр.

Республика астанасы 1926 жылы Орынбордан Қызылордаға көші- ірілді. Қазақ АССР-нің орталық органы «Еңбекші қазақ» газеті сол жылғы 559 номерінен бастап РК/б/П Қазақстан кәсіподақ Советінің, әрі РК/б/П Сырдария губерниялдық комитеті мен губерниялық атқару комитеттірнің органы етілді. Осымен байланысты «Ақ жол» өзінің тоқтатты[13].

Бұл бірінші басжылдық жоспарларын жүзеге асыруға жұрттың жұмылдырған жылдар еді. Партия саясаты ашық таптық күрес ашып, күштеп коллективтендіру жұмыстарын жүргізді. Тон жамылып колхозға кіріп алған табы жаттарды өшкерелеу керек деп ұран тастады. Бұл қазақ еңбекшілерін, ауыл тұрғындарын жіктеді. Бір біріне қарсы қойып бөлшектеді. Газет беттеріндегі мақалалар айыптау, әшкерлеу сипатында жарияланды.

Қазақстан Орталық Комитеттінің 1932 жылғы ақпандағы екінші сессия сының шешімі бойынша, республикамызда құралған 6 облыстық басылымның бірі Оңтүстік Қазақстан газеті еді. Оның алғышқы редакторы – Қазақ мемлекеттік университетінің арада көптеген жылдар өткен соң профессоры болған, ғалым филология ғылымның докторы Бейсенбай Кенжебаев еді. Оның орынбасары қызметін ақын Жақан Сыздыков атқарды.

1934 жылдың 24 желтоқсанына дейін «Оңтүстік Қазақстан» газеті өлкелік партия комитеті мен өлкелік Совет атқару комитетінің әрі Шымкент облыстық партия комитетінің органы болды. Бұл тұста ол Шымкент облыстық партия комитетінің органы болды. Бұл тұста ол Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарын тарап тұрды, барлығы 764 номері жарық көрді. «Оңтүстік Қазақстан» 9634-номерінен бастап қайтадан облыстық газет ретінде шыға бастады.

ІV. Қорытынды

Қазан төңкерісінен кейін қазақтың кеңестік интеллигенциясының пайда болып, өсуінің басты алғышарты – саяси биліктің Ленин бастаған коммунистік партияның қолына көшуі болды. Бүкіл Ресейде – метрополия мен отарларда біркелкі әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі, әскери күшке сүйенген казармалық тәртіп орнатыла бастады. Билік басына келгеннен соң большевиктер бастапқыда қазақтың ұлттық шығармашылық интеллигенциясын қажет етпеді, тіпті оның өкілдеріне тиісті көңіл де бөлмеді. Азамат соғысы жылдары ақтардан босатылған жерлерде қазақтарды өз жағына тарту үшін олардың сауаттыларын, беделді адамдарын кеңестік-партиялық қызметке шақырды.

«Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек» атты мақала 1923 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 14-нші саныңда басылған. Онда қазақ ауылдарында оқуды жаңа талаптардың негізінде қалай ұйымдастыру керек екнндігін баяндалған. Мұнда көтерілген келелі пікірлер дәл осы күні де мәнін жойған жоқ.

Журналист, әдебиет сыншы ретінде танылған Жәкен Сәрсенбин өзін театрдың жанашыры ретінде көрсетті. Мұны 1925жылдың басында Жүсіпбек Аймауытов екеуінің пікірталасынан байқауға болады. Жәкен Сәрсенбин қазақ тілінде театр кітабы жоқ деп, өркениетті елдерден үлгі алып ұлттық шығармашылық интелегенцияны осы жаңа бағытта белсене қимылдауға шақырады. Оған Жүсіпбек Аймауытов біздің «жоғымыз» көп. Оқу коммиссариаты баспалардың жоспарына тек қана оқулықтар мен саяси әдебиеттерді ғана кіргізеді, жалпы өкімет тарапынан жанашарлық көрінбейді: «Әдебиеттің керектігін, әдебиет тіршілік жүзінде зор құрал екендігін бағалап назар салып, көтермелеп отырған жан бар ма? Әдебиетке қамқор көзқарас болмай, әдебиетшілерге тәрбие-тәлім берілмей, жазушыларды қара жұмысқа салу қойылмай, қай түрде болсын, әдеби сөз, әсіресе театр кітабы тумақ емес», өзінің екі-үш пьесасын жарыққа шығарамын деп бос әуреленгендігін тілге тиек етеді де, «Басылмайтын, не елге, не өзіме пайдасы жоқ сөзді жазып жаным бар ма? Көрмегенім театр кітабы болсын. Әуелі – тағам, екінші –қалам» деп молдалар айтатын, күнелту үшін, күн көріс үшін ұсақ-түйек нәрселермен, аудармамен айналысу мәжбүр болғандығын айта келіп: «Әдебиетті бағалайтын ел ақынға етік тіккізбес болар» деп түйіндейді.

Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық – саяси, әлеуметтік – рухани салалардағы қозғаушы күш ғана емес, ол өткен уақыттың жылнамасы да. Белгілі бір кезеңнің болмыс бітімін тану үшін сол кезеңдегі баспасөзді терең зерттеу арқылы орасан зор мәлімет алуға, тарихи оқиғаларға баға беруге болады.






V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Әбжанов Х.М. Қазахстан: Тарих; Тіл, Ұлт. «Ана тілі-Ата тарих» баспа-зерттеу орталығы ЖШС., –Астана. -2007. 125 б.

2. Сембаев Ә.І Қазақ совет мектебінің тарихы. Алматы, 1967, «Мектеп» баспасы. 119 б;

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі-А. 1981. 75б

4. Искаков П. Төреғожиншылдықтың әдіс негіздері. «Қазақстан большевигі». 1931 №10-11)

5. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. -Алматы. 1964.

6. Зауал. Мақалалар мен естеліктер. Алматы. 1991, 91-б. О прошлом – для будущего. Алматы. 1990, С. 182.

7. Сулейменов Р., Бисенов Х. Социалистический путь культурного прогресса отсталых народов. Алматы. 1967. C. 37.

8. Сахара сұңқары: Мемлекет және қоғам қайраткері, жаңа заманғы қазақ әдебиетінің көшбасшысы Сәкен Сейфуллинге арналады. Құраст. Д.Ж.Омарбекова. –Алматы, 2004. –406 б.).

9. Мамажанов М. Асыл мұра. Алматы, 1993. 96-б.

10. «Еңбекші қазақ» 1931. 22 қазан –№210.

11. С.Дильманов Пресса-как источник Ұлт тағылымы-2002 №2. с.79-85






















































Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі