ғылыми жоба

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми зерттеу жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтоғай ауданы білім беру бөлімі Махмет Қайырбаев атындағы ЖОББМ КММ













Қазақтың ырым-тиым сөздері









Бағыт: Қазақтың ырым – тиым сөздерін насихаттау,дамыту.


Орындаған:Бауыржанова Айым 3 «Г» сынып


Жоба жетекшісі: Махмет Қайырбаев атындағы ЖОББМ қазақ тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дулат Рина











2024-2025 жыл
















Аннотация




Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі —тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Бұл — балалар мен жастарға «жирен жаман әдеттен» дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар адамды теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырады.





























І.Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Кай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Бала тәрбиесіне , терең мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие – тәсілімдері мен тәжірибелері өте көп Қазақ халқы - әдет, әдеп – ғұрыпына өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.Белгілі қоғам қайраткері, заңгер М.Шайкенов: « Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдын ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрін, өнегені әдеп – ғұрыппен, үлгіні жөн – жосықпен , әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайрымдылық , жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.

Халқымыздың өзіне тән салт – дәстүрлерінің өмірдегі қолданылмалы көріністеріне айналған ырым мен тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Ырым мен тыйым сөздерді ұлтымыздың қоршаған ортаға, табиғатқа және адамдардың ара – қатынасына берген философиялық тұжрымы, түйіндеген қағидалары.

Қазақ халқы ұл – қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралы мінез – құлық ережесі түрінде қалыптастыруға тырысқан. Жас ұрпақ бойына тек адамгершілік, қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пен инабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іске асып отырған.

Осынау асыл мұраларымыз біршама уақыт ескілік сарқыншағы саналып, елеусіз қалып келді. Сондықтан да тәрбие қөзі ретінде пайдалану үшін бұларды ең алдымен бір жүйеге жіктеп келтіру қажет.

Орыс жазушысы Н.Г.Чернышевский : «Ұлттың ең бастысы капиталы – халықтың адамгершілік қасиеті» - деген. Яғни , тәрбие мен педагогикалық үрдістің негізі міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттерін дарыту, оларды гуманистік өнегелі нормалдарға тәрбиелеу. Адамның адамгершілігінің оның айналасындағы әр нәрсені қадірлеп, қастерлей білуінен, қатыгездік пен көргенсіздіктен аулақ.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Халқымыз ежелде ұрпақ тәрбиесінде жемісі үзілмей келе жатқан көне салт – дәстүрді, әдет – ғұрыптарды, шешендік өнерді, мақал – мәтел, ырым – тыйым сөздерді кеңінен пайдалаңған. Қазіргі кезде сол тілімізді, тарихымызды, әдет – ғұрыптарды, ұмыт бола бастаған ырым – тыйым сөздері мен шешендік өнерді жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.

Біздің мақсатымыз ұлттық тәлім – тәрбие мәселесіндегі ырым – тыйым сөздерінің алар орнын ашып қөрсету.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Тақырыптық ғылыми негізділігін арттыру

  • Дана халқымыздың ұлттық тәрбиесінің бірі – ырым, тыйым сөздерімен таныстыру.

  • Мағынасын түсіндіру.

  • Нақыл, ырым, тыйым сөздер арқылы оқушыларды тәрбиелеу және оларды шешендік өнерге бейімдеу.

  • Дұрыс қолдана білуге үйрету.

  • Оқушыларды имандылыққа , мейірімділікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

  • Балалар өсиетін өмірде жүзеге асыру.

Зерттеу жұмысының нысаны: Негізгі орта мектепте ырым-тиым сөздерді үйртудің әді с-тәсілдері;

Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.




1.1.Тыйым сөздер мен ырымдардың жалпы мағынасы

Ырым - Халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт, дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт – дәстүрлермен, әдет – ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор.Жас ұрпақтың өзін өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым – тәрбиелік мәні бар сенім – наным, жосын жоралғылар көп.

Ырым- ешқандай ерсілігі , оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер – белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған алда болуы мүмкін ,істерге психологиялық – эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер [1].

Тыйым - Халықтың тәлім – тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл – кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» - деген мақал осыған байланысты шыққан.

Тыйым – жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа елінтеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер – белгілі бір іс- әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Тыйым — қауымдық дəуірдегі адамдардың мифтiк-дiни наным-сенімі негізінде, табиғаттағы ие- киелердің, табиғи жұмбақ күштердің, тылсым заттар мен құбылыстардың белгісіз қатерінен, пəле- жаласынан, түрлі кесапаттан сақтандыру, олар туғызған үрейден арылу немесе мейіріне ие болып, қолдауына жету мақсатында қалыптасқан, сөзсіз орындауға тиісті қағида-ережелерінің жиынтығы. Атап айтқанда, тыйым адамдарға нені атауға, нені істеуге, неге соқтығуға болмайды дегенді үйретіп, оларды оғаш сөз-қимылдан тежеп, белгісіз қатерден сақтану мақсатымен алдын ала жасалған іс-шара болып табылады. Тыйым, əдетте, тыйымдық субъекті (тыйымды орындаушы адам), тыйым нысаны (тыйылатын нəрсе немесе іс-қимыл) жəне тыйым мақсаты (белгісіз бақытсыздықтан сақтану) сынды үш фактордан құралады [1].

Тыйым алғашқы қауымдық қоғамда наным-сенімнің туындысы болып, өркениет үрдісінің əр кезеңінде толығып, кемелденіп отырған. Бағзы дəуірде адамдар тек табиғатқа сүйеніп, ғұмыр кешетін, тіршілік тəсілі аса қарапайым да əлсіз еді. Түрлі табиғи апаттар екінің бірінде оларға қауіп төндіріп отыратын. Десе де, адамдардың өмір тəжiрибесi біртіндеп молая түсті де, неден тыйылуды тəжiрибе жүзiнде ұғына бастады, бір-ақ не себептi тыйылатынын бiле бермедi. Сөйтіп, бұл жұмбақтың жауабын мифтiк, дiни қисыннан іздеді. Олар табиғаттағы барлық заттардың ие-киесі бар, өмірге, тіршілікке қауіп-қатер төндіріп отырған осы ие-киелер деп жорыды, оған əрі үрейлене, əрі ізетпен қарады.

Қорытып айтқанда, қазақ тыйымдары өркениет үрдісінің əр кезеңінде ұдайы толығып, сараланып, кемелденіп отырумен бірге, ұлттық тұрғыда барлығына ортақ, адам мен табиғат, адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы қатынастарды реттеп, сол арқылы қоғамдық тəртіпті сақтап, жарастықтың орнауына қызмет ететін, тежеп-шектеу күшіне ие, əлеуметтiк қағида-ереже болып қалыптасты. Тыйымды қоғамдағы адамдар барлығы қатаң сақтауы, бұлжытпай атқаруы қажет, олай болмағанда, өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық-əлеуметтiк өмiрдiң талғам-талабымен санаспағандық болып есептеледi. Адамдар тыйымды бала кезден бастап естіп, үйреніп біледі, əрі өле-өлгенше орындауға міндетті болады.

Тыйым сөздер

Қазақ өмірінде бір бөлім сөздер ежелгі мифтiк, дiни наным-сенімге байланысты өз атымен тура аталмай, басқаша мағынада аталады. Міне, тілде осындай атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тыйым сөздер (табу сөздер) деп аталады [3]. Тілдегі тыйым сөздер — ата-бабаларымыздың зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар, «тіл киелі», «тілдің де иесі болады» деп қарайтын ежелгі мифтiк наным-сенімнің бейнесі болып, тілде реалды өмір сүріп отырған дəстүрлі мəдени құбылыс. Тыйым сөздер де, жалпы тыйымдар сияқты қоғамдық өмірді, іс-қимылды үйлестіру, үндестіру, ретке салып, тəртіпке келтіру рөлін ойнаумен бірге, тілдің əдепті, қимылдың ибалы да ізетті болуы сынды қоғамдық моральдың қалыптасуына, жарасымдықтың орнауына қызмет етеді. Қазақ тіліндегі тыйым сөздер қолданылу мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:


Shape1


Ырымдар



Shape3 Shape2



Shape4 Shape5

Адамға тиісті

Табиғатқа тиісті




Shape6 Shape7

Сәби балаға

Жан-жануар


Shape8

Қыз-келіншекке



Shape9 Shape10

Жолға

Денсаулық


Shape11

Үй-тұрмысына


Shape12

Су-егіншілік



Shape13












Көк жемісті жұлма. Айға қарап дәреттенбе. Жалғыз ағашты кеспе. Жұлдызды санама. Айды қолыңмен көрсетпе.

Мал қораға дәрет сындырма. Малға зәбір жасама. Малды аттама. Жылқыға теріс мінбе. Малды теппе. Қамшыны аттама. Малдың, қойдың арасынан бойлап өтпейді

Шәкірттеріңді өз балала- рыңдай сүй. Қызғаншақ болма. Еріншек, жеңілтек болма. Дұшпанға сенбе. Жақын адамыңды өкпелетпе.

Көп сөйлеме. Ата-анаңа карсы келме. Орынсыз күлме. Жұрт көзінше кекірме, қасынба. Жаман әдетті үйренбе.






Shape15 Shape14 Shape17 Shape16

Экология

Шаруашылық

Танымдық

Этикалық



Shape18 Shape20 Shape19 Shape21

Қазақтың тыйым сөздері


Shape25 Shape24 Shape23 Shape22

Адамгершілік

Ар-намыс

Тазалық

Тұрмыстық


Кісі мініне, кемтарға күлме. Жақын адамға пышақ, тұз сыйлама. Әйеліңе күш көрсетпе. Маңдайыңды, басыңды ұрма. Бей уақытта кісіге көңіл айтпа


Shape29 Shape28 Shape27 Shape26

Ұйятсыздан аулақ жүр. Шақырмаған жерге барма. Рұқсатсыз үйге кірме. Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа. Бей уақыт ұйықтама. Досыңды сатпа.

Нас, лас болма. Итке ожаумен ас құйма. Ақты төкпе. Бетіңді сызба. Саусағынды аузыңа салма. Тырнағыңды тістеме. Сол қолмен тамақ ішпе.

Сыпырғыны тік койма. Пышақ жүзін жалама. Түнде қоқыс шығарма.Үйді сыпырма. Босағаны керме, құшақтама. Бос бесікті тербетпе.












ІІ. Тәжербиелік БӨЛІМ. Қазақтың ырым-тиым сөздерін үйретудің әдіс-тісәлдері

2.1. Қазақ ырымдары мен тыйым сөздерінің тәрбиелік мәні

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін қағазға түсіріп ұсынып отырмыз.

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. Осы тұрғыда біз Айым екеміз оқушылар арасында қазақтың ырым тиым сөздері туралы «Қазақтың тиым сөздерін білесің ба ? деген сауалнама өткіздік.Сауалнаманың қорытындысы төменгі көрсеткіште көрсетілгендей, көп оқушылар қазақтың ырым, тиымдарын білмейді, тіпті қолдану аясында түсінбейді. Әрине бұл көңіл қынжытарлық жағдай. Келесі тәжербиемізді отбасында қолдануды жөн көрдік, бірақ ол тәжербиемәзде көңіл толтыралық нәтижие көрсетпеді. Қорыта келгенде бала отбасында не көрсе соны алатдегендей отбасы үйретпесе, бала қайдан үйренеді.






Жұмыр жерді мекендеген барлық халықтардың ғасырлар бойы жинақталып, сұрыпталған ұлағатты, даналық сөздері мен ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлер бар. Бұл ұлағатты сөздер өмір шындығы, халықтың тұрмыс-салты  мен тіршілігін, ұлттық психологиясын, қоғамдық  дамуын дәл де шебер, мәнді  бейнелеуімен  құнды. Ұлы адамдардың  әр түрлі тақырыпта  айтқан ой-пікірлеріне, өнегелі  сөздеріне  ой жүгірте отырып,  олардың тамыры  салт -дәстүрлер мен тамырлас ырымдар мен тыйымдарда жатқаны күмәнсіз. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, ұлағатты ұл мен инабатты қыз тәрбиелеуде  ата-бабаларымыз ертегілер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздермен қатар бүгін сөз қозғағалы отырған тыйым сөздер мен ырымдарға да көп көңіл бөлгенін байқау қиын емес.

Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Бұл — балалар мен жастарға «жирен жаман әдеттен» дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар адамды теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырады. Мәселен, халық ұғымында тізені құшақтау — жалғыз қалудыңүлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, қолды төбеге қою — ел-жұрттан безінудіңасты төгу — ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады

*Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым болғандықтан.

*Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды– өйткені ит иесіне тілеулес, сондықтан итті қуса, берекені қашырады, жолы болмайды  деп санайды, сондықтан жолы болар деп, жақсылыққа жориды.

*Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды – өйткені қазақта тек мал мен қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды және адам басы азаяды дегендей ұғым бар.

*Белін таянбайды – себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.

*Жақты таянбайды – қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп таянады. 

*Бетті басуға болмайды  – қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін бас


Қорытынды


Халқың сүйген адам, салтын да сүюге тиіс. Әр халықтың өзінде, тарихында ұлт салт- дәстүрдің ортасы мен қызметінің орны өте жоғары. Оны ештеңемен теңеуге де айырбастауға да болмайды. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу сатқындардың белгісі дейді батыр Бауыржан Момышұлы. Не істейсің қазір өз ұлтын силамайтын , салт-дәстүрден ада қазақтар өте көп.

Халықтың сан ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазыналарын ұрпақ санасына жеткізуде, мектеп пен ата – аналардың қарым – қатынастары, ынтымақтастық , мектепте өткізілетін тәрбиелік мәні жоғары іс – шаралардың орны ерекше.

Әсіресе салт – дәстүрлерге арналған ырым – тыйым сөздері мен сенімге арналған ырым сөздерінің тұрмыста молырақ пайдалануын көздеген жөн.

Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесіндегі кемшіліктерді, ұлттық сананы қалыптастыруда ырым – тыйым сөздерінің алатын орны ерекше.

Сондықтан да құрметті білім алушылар, ата-бабамыздың бізге қалдырған мұрасын құрметтеп, оған терең үңіліп, мағынасын ұғайық. Салт-дәстүрімізді сыйлайық. Қазақ халқы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға бай халық, әрбір тыйым мен ырымның біздің өмірімізде, тәрбиемізде алатын орны ерекше, сол себепті де әдептен озбайық, өнегелі болайық.

Әрине, «әркімнің өзіне ылайық үлгісі бар, ол біреуге — тар, біреуге кең келеді» дегендей, әр ұлттың өз ерекшелігі бар. Әрбір ұлттың дүниетанымы сол халықтың өмір өзегінен, тұрмыс-тіршілігінен туындаған. Өресі кең халықтың салт-дәстүрі салауатты, өнеге-тәлімі өрелі болады. Құдайға шүкір, қазақ халқының рухани болмыс-бітімі, адами қасиеттері, этикалық қағидалары көзін тауып, ретін келтіріп қолданса, бүгінгі күннің талай кем-кетігін толтырары сөзсіз. Тегінде, қазақ деген халық тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді, шайқалса да, құламайды. Халықтың зердесінде, тарихында, рухани мұрасында небір інжу-маржан жатыр. Сол асыл қазыналарымыздың қасиетін, мән-мағынасын ұрпағымыздың бойына жұғысты етіп, ертеңгі күнге жалғастыра ұқтырсақ, ұл-қыздарымыздың келешегі де жарқын болар еді.




Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақ менталитеті : кеше, бүгін, ертең - Алматы «Ғылым» 1999ж.

  2. Қазақ халқының салт – дәстүрлері – Алматы «Руан» 1994 ж.

  3. Дала өрнектері – Алматы «Баллауса» 1994ж.

  4. «Жеті қазына» Сейт Кенжеахметұлы - «Ана тілі» ЖШС Алматы 2005ж.

  5. Қазақ халқының туыс туғандық жүйесі, ұрпақ өсіру, тәрбиелеу дәстүрі – Алматы «Өнер» 2005ж.

  6. Жыл – он екі ай №4 (15) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2006 ж.

  7. Жыл – он екі ай №6 (25) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2008ж.

  8. Жыл – он екі ай №2 (27) Талғат Айтпайұлы – Алматы 2009ж.

  9. Балдырған – шілде 7 2009ж.

  10. Қазақы тыйымдар мен ырымдар/ Құрастырушы авторы

Құралұлы А. – Алматы «Өнер» 1998ж

  1. Үй тұрмысындағы тыйым сөздер Әуесбай Т. – «Ана тілі» газеті

49 , 8 маусым 1995ж.

  1. Тыйым Сейдімбеков А.– «Ана тілі» газеті №51 , 21 желтоқсан 1995ж.

  2. Халықаралық « Сейтен тағылымдары» - интернет 2009ж.

  3. Ата дәстүр – Қазақстан әйелдері 1996ж.

  4. «Балқаймақ» - № 11 2009ж.

  5. Сейіт Кенжнахметов / Абай. Ақпараттық порталы – интернет 2009ж

  6. Ізгілік – интернет 21.10.2009ж

18. Харламов Н. Педагогика. М., 1990.

19. Əбеʜбаев С.Ш. Сыʜып жетекшісі. Алматы: Дарыʜ., 2004.

20. Педагогика жəʜе психология. Қазақ тілі термиʜдеріʜің салалық ғылыми түсіʜдірме сɵздігі. Алматы, 2002.

PAGE \* MERGEFORMAT 1 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2025
28
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі