Материалдар / Ғылыми жоба 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Аталған материал 7 сынып оқушыларының ағылшын тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолданып, оларды қазақ тіліндегі мақал-мітелдермен салыстырып, аударма жасап, ой-өрістерін кеңейтуге көмектеседі,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2021
2257
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МАЗМҰНЫ


Кіріспе..................................................................................................................3


1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі................................................5

1.2.Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі..........................................7

2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің мағыналық ерекшеліктерін анықтау...................................................................................................................10

2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің мағыналық ұқсастықтарын анықтау...................................................................................................................13

3. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:

3.1. Сауалнама нәтижесі.......................................................................................19

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................21


















КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: «Мақал-сөз мәйегі» дегенді қазақ халқы бекер айтпаса керек. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың бағытын мақал-мәтелдерге қатысты етіп алдық. Мақал-мәтелдер қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасқанынан бері, сол ұлтпен біте қайнасып, жасап келеді. Қазақ елінің мағыналы ой берер қаншама мақал-мәтелдері барын бәріміз де жақсы білеміз. Мақал-мәтелдер —сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. Мақал-мәтелдерді біздің елімізде жүйелеп, жинақтап келер ұрпаққа аманат етіп қалдырып жүрген азаматтарымыз баршылық. Дегенмен мақал-мәтелдерді  сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы. Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған. Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады деп ойлаймын.

Тіл – қандай тілде сөйлемесін адам үшін құдірет, байлық, халық даналығы, мәдениеті, тарихы. Тіл үйрену арқылы адам өзге ұлттың мәдениетін, тарихын, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпын танып біледі. Меніңше, ағылшын тілін меңгеруге тек сол тілдің лексикасы, грамматикасы, фонетикасын білу жеткіліксіз. Шынайы тіл білімі сол тілдің халқымен, салт – дәстүрімен танысу, өз тіліндегі мақал – мәтелдермен салыстыра отырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу, оларды өмірлік жағдайларды қолдана білу.

Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы зор. Адамдардың ойлау қабілетін де жетілдіреді. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Адамдар мақалды неғұрлым көп білсе, соғұрлым сөздік қоры баий түседі. Ал, мақал-мәтелдердің біздің, яғни оқушылардың жан-жақты және адамгершілігі мол азамат болуына ықпалы зор. Ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі болып келген мақал-мәтелдер қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің ықшамдығымен, әрі түсінікті даналық сөзімен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де ағылшын тілі сабағында біз мақалдардың қазақша баламасын, екі тілде жаттап үйренеміз. Ағылшын мақал-мәтелдері мен қазақ мақал-мәтелдерін салыстыра отырып, мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді.

Сөздік қорымыздың кең әрі мазмұнды болуы үшін мақал - мәтелдердің алатын орны ерекше. Сондай-ақ Қазақ елінің мағыналы ой берер қаншама мақал-мәтелдері барын бәріміз де жақсы білеміз

Зерттеудің мақсаты: қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету; қазақ, ағылшын халықтарының мақал-мәтелдеріндегі ортақ ойлау жүйесінің  көріністерін көрсету;

Зерттеу пәні: қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі.

Зерттеу әдісі: жинақтау, салыстыру, талдау, сауалнама, сұхбат жүргізу.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Зерттеу  жұмысында мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін  қолдана отырып ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда қандай тиімді жолмен ұсынуға болатындығы туралы мәселелерді қарастырдым

Зерттеу гипотезасы: қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің аудару ерекшеліктері мен ұқсастықтарын зерттеу оқушылардың сөйлеу мәдениетін, мәнерлілігін, тіл байлығын анықтайды деген болжам.

Зерттеудің жаңалығы: мақал-мәтелдер арқылы қазақ, ағылщын халықтарының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің әртүрлі ерекшеліктері талданады.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс 21 беттен тұрады. Ол кіріспеден, негізгі бөлімнен, практикалық бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


















1. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1.Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі.

Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде менің алға қойған мақсатым ағылшын тіліндегі мақал- мәтелдерді қазақ тіліне аударудың мүмкіншіліктерін, жолдарын және ерекшеліктерін қарастыру болды.Олардың ішінде нақты еңбекке баулу тақырыбындағы мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу, олардың баламаларын табуға тырысу.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалға айтатын болсақ, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М. Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев т.б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.Жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы ғалымдар-Н.Н.Амосова,А.М.Бабкин, В.П.Жухов, М.Нагиев, М.А.Филиповская, А.Н.Кожин т.б.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

1.2. Ағылшын тіліндегі мақал – мәтелдердің  зерттелуі. Ағылшын мақал–мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет.

Ағылшын мақал–мәтелдері мың жылдан астам тарихы бар халықтың өсіп – дамуының нәтижесі. Оларды тек көркем сөз құралы демей, ағылшын қоғамынан хабардар ететін білім қайнары деп те қараған жөн. Бұл жағдай да қазақ мақал - мәтелелдеріне сөзсіз тән қасиет.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы "A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue" атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe "Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes", 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) "Paroemiologia Anglo-Latina", 1640 жылы Дж. Хербергтің "Outlandish Proverbs", 1659 жылы Дж. Хауэльдің "Proverbs", 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің 'English Proverbs" атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Үрилә Кеңесбаеваның 2004 жылы басылып шыққан «Ағылшын халқының мақал–мәтелдері» атты кітабында ағылшын мақал - мәтелдерінің қазақ тіліне түп - нұсқадан аударып, балама табуға талпынған алғашқы қадамы болды. Кітапқа ағылшын халқының қазіргі ауызекі тіл мен баспасөзде көркем әдебиетте жиі қолданып жүрген 1500 - ден астам мақал – мәтелдері енді. Шекспир, Диккенс, Оскар Уайльд сияқты әдебиет класссиктерінің шығармаларынан шығып, нақыл сөзге айналып кеткен афоризмдерді де жиі кездестіруге болады. Жинақталған ағылшындардың ұлттық ерекшелігін көрсетіп, мінез – құлқын ашатын, ел танып, жер білуге көмегін тигізетін мақал–мәтелдерді көптеп кездестіруге болады.

Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері:

  • халықтық,

  • библияның пайда болуына байланысты туындаған,

  • басқа тілден енген;

  • мақал-мәтелдер ретінде жазушылардың цитаталарының пайдаланылуы.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

Ағылшын тіліндегі мақалдардың шығу тегі мен көздері әртүрлі және ағылшын тілінің тарихи динамикасының ерекшеліктері, британдық мәдениеттің ұлттық ерекшелігі және әлемдегі басқа да мәдениеттермен байланыстың нәтижелерімен анықталады. Оның шығу тегі бойынша ағылшын тіліндегі мақалдар (басқа еуропалық тілдердегідей) дәстүрлі түрде төл және кірме деп бөлінеді (көбінесе латын және француз тілдерінен. 1-кесте).

Ағылшын мақалдарының шығу тілі

Пайыздық көрсеткіш

Британдық ағылшын

59 %

Латын

20 %

Француз

7 %

Көне грек

6 %

Американдық ағылшын

2,5 %

Итальян

1,5 %

Шотланд

1,5 %

Ирланд

0,5 %

Испан

0,5 %

Неміс

0,5 %

Белгісіз

0,5 %

Қытай

0,25 %

Парсы

0,25 %

1-кесте.






Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

  • С.И.Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған.

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап,  жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы «Book of Proverbs in the Old Testament» атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы «Collectanea» (818 MM), 1508 жылы Венецияда «Chiliades» (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.





























2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ.

2.1. Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің мағыналық ерешеліктерін анықтау.

Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын тiлiндегi мақал- мәтелдерде тек ағылшын халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз. Ағылшын тiлiнен қазақшаға аударуда қиыншылықтар кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде басқа тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу, ағылшын тiлiндегi мақалды немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз туған тiлiнде түсiндiруге және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие болу мiндетi қойылады. Екі тiлдегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуiне елеулi көмек көрсетеді. Қазақ, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан-жақты қарастырылып талданады. Мәселен: 1. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланады; а) Адам және оның қасиеті; ә) Еңбек және кәсіп; б) Ғылым-білім.


Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланады; а) Мақал-мәтелдердің (қазақ, ағылшын) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы; Мысалы: Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.
One drop of poison spoils the whole tun of wine. Расында да бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы әр түрлі, бірақ мағынасы бір. ә) Мақал-мәтелдердің 2 (қазақ, ағылшын) тілде сөздік баламасының дәл келуі; Мыcалы: Білім қуат. Knowledge is power. Бұл мәтелде 2 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!