
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми жоба " Қасиетті 7 саны" 5 сынып
І.Кіріспе
«ХХІ ғасырда білімін дамыта
алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа
арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің
келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт
өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен
дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден
көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады.
Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін
бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман
талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі
биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем
болмақ.
Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді.
Заман өзгергенмен халықтың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан киелі сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ. Міне менің зерттеу тақырыбыма арқау болып отырған да осы киелі сандардың бірі жеті саны және оның қасиеті. Қазақ елінде жетінің киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7 – нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб – парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған. 7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Ғылымдар мен дін қағидаларының болжамдарға сай келе бермеуі де мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз.
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Ендеше ұлтымыздың сан ғасырлар бойы сенімі мен ұстанымы болып келген сандар сырының киелі ұғымдарына шолу жасап, олардың өмірдегі қолдану аясына, күнделікті тұрмыстағы атқаратын роліне тоқтала отырып, тұжырым жасау әрбірімізді қызықтырары сөзсіз.
Зерттеудің мақсаты: 7 санының шығу тарихын біле отырып қолдану аясына назар аудару. Қазақ халқының 7 саны туралы наным – сенімдеріне көңіл бөлу. Қазіргі кезде қолданылуын оқып үйрену. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.
Зерттеудің міндеттері:
-
Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру;
-
7 санының сандар қатарында орнын көрсету;
-
7 санының қасиетін және 7 санының басқа сандардан ерекшеленетінін анықтау;
-
7 санына қатысты ұғымдарға тоқталу.
ІІ. Зерттеу бөлімі
-
Сандардың шығу тарихы
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика. Оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндістанда пайда болған. Әуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Алғашында олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, одан кейінгі кездерде нөл саны пайда болған. 0 – «цифр» деген мағынаны береді. Ежелгі Үнді жерінде цифр – «сунья», арабтарда «сифр» сөзімен түсіндіріледі, яғни «бос орын», «түк жоқ» деген мағынаны білдірген. Цифр дегеніміз – сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Ғылым мен өнердің қайта өркендеген дәуірінде (ХV - ХVІ ғасырларда) математикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Нөл таңбасы басқа сандарға елеулі өзгерістер әкеліп, санау, есептеу, сату және уақытты белгілеп берді.
Бәрімізге белгілі, ерте кезде біздің заманымыздан бұрын миллиондаған жылдар бұрын адамзат сандарды таяқша, қолдың саусақтары арқылы санап, жазып жүрді. Көптеген уақыт өткеннен кейін біз араб цифрын пайдалана бастадық. Бар жоғы 10 цифрды жазу үшін бір үлкен тақтай кетсе, 35 деген санды жазып көрсету үшін бұдан көп тақтай кетері белгілі.Цифрлардың жазылуына байланысты 7 цифрының қандай құпиясы бар екенін зерттедім. Зерттеу нәтижесінде төменгідей мәліметтерге қол жеткізіп отырмын.
Қасиетті 7 цифрын талдасақ. Түзулердің қиылысунан пайда болатын жеті сүйір бұрышты сызба. Жеті бұрыш екі жарты жазықтыққа теңдей бөлінбейді, сондықтан 7 : 2 = 3,5. Яғни 7 саны тақ сан.
Адамзат тағылымының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады.
Адамзаттың өзі мен өмірі сандарға бағынышты. Біріншіден, ақшаға тәуелді. Екіншіден, адамзат жаратылысынан секундтардан басталып, ғасырлар мен мыңжылдықтарға созылатын уақытқа тәуелді.Сырғанаған уақытты не тоқтата алмайды немесе оның шеңберінен тыс өмір сүре алмайды. Яғни өмірінің ұзақтығы, ішіп-жегені барлығы да санмен өлшенеді. Тіпті ағзасының әрбір клеткасы, қанының құрамы мен сүйегінің салмағына дейін есептеулі. Міне, осы секундтармен, ай, жылдармен өлшенетін адамның өмірінде сандардың атқарар өз рөлі бар. Осы сан алуан сандардың сіз білмеген, біз білмеген сырлары көп екен:
0 саны: Бұл сан абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек ретінде белгіленеді.
1 саны: 1 санын Пифогор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі тік сызық.
2 саны: Пифогорлықтарда 2 саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл жұмсақтық және дәлдік. Ол жылылық пен суықтық, мейірімділік пен қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұтшылдықтың арасында жүреді.
3 саны: Пифогорлықтарда 3 санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда 3 саны есептеудің соңы деп саналды. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан бақытты деп саналса, Ежелгі Вавилонда үш құдайға: Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім нанымдарда, ертегілерде 3 саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады (1+2=3) үш өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.
4 саны: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славьян символикасында – Жер. Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіп, сәтсіз сан деп түсінеді.
5 саны: Пифогордың аса көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген, ертеде оны тәуекелге бару символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және тәуелсіздікті жатқызды. Санның дұрыстығы 5-жай сан, 5- саусақ – санау жүйесінің бестігі, 5 – тармақты жұлдыз, 5 – сезім (көру, есту, тітіркену, сезіну, тепе - теңдік). Ислам дінінде әр мұсылман баласы күніне 5 мезгіл намазға жығылуға тиіс.
6 саны: 6 саны дүниенің жаралуын білдіреді. Әрине Пифогор оны ерекше сан деп есептеген, басқа сандардан ерекшелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1,2,3 – ке бөлінеді. Оларды қосып немесе қоссақ қайтадан 6 саны шығады. (1+2+3=1*2*3=6) Мұндай қасиет басқа еш бір санда қайталанбайды. 6- шығармашылық сан.
7 саны: Бұл сан өмірлік екі санның 3 пен 4-тің қосындысы деп қарастырылды. 3 адам - әке, шеше, бала өмірдің негізін қалайды. Ал 4 - бұл жарық, жел, жаңбыр, ылғалдылық жерді жеміс беруге дайындайды. Пифогордың ой қорытуы бойынша, 3 пен 4-тің қосындысы (үшбұрыш пен төртбұрыш символдары), аяқталғанның, тәмамдалғанның, қорытындының белгісі деп саналған. Сондықтан 7 саны қасиетті сан, өйткені адам баласы қоршаған ортаны (жарықты, дыбысты, иісті, дәмді) басындағы 7 «тесік » арқылы түйсінген (2 көз, 2 құлақ, 2 мұрынның екі танауы, аузы ). Мұсылмандарда Алланың қасиетті орны жеті қат аспан деп саналады. Жеті саны - халық ұғымы бойынша қасиетті сан. Жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, жеті күлше тарату, әлемнің жеті кереметі, апта күнінің саны жетеу,ғарыш әлеміндегі «жеті қарақшы».
8 саны: Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. 8 санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. 8 саны - мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2).
9 саны: Қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 9 санының қасиетіне тоқталсақ, ана құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт-дәстүрлері мен наным -сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген (тоғыз шелпек, тоғыз құмалақ, қалың малға үш тоғыз, т.б.).
10 саны: Ол орта ғасырлық Европада 1+2+3+4 сандарының қосындысы ретінде есептелінген.
12 саны: Он екі санының қасиеті өз алдында. Бір жыл он екі айдан тұрады. Кейде бұл сан теңеу тіркес ретінде қолданады. «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген тұрақты тіркес пәк, бейкүнә деген ұғымды білдіреді. Әр жылға он екі жануар, хайуанаттар аты берілген.
40 саны: Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас.Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзбаған, қырқында қыр аспайды» дейді. «Қырықтың бірі - Қыдыр» деп қонағын күтіп қалғанды айтады. [1]
Ежелгі гректер арифметика деп натурал сандардың қасиеттері жөніндегі ғылымды атайтын («аритмос» - сан деген сөзден шыққан ). Карл Гаусс математиканың сан салаларын сарапқа сала келіп арифметиканы математика патшасы деп бағалаған. Ал арифметиканың негізгі ұғымы – сан. Ендеше, сол сан ұғымының қалай пайда болуын ашу, білу – ғылыми мәселелердің бірі.
Атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен.Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады.
-
Жеті саны қасиетті сан
7 саны - жай натурал сан. Жеті саны ертеден сиқырлы болып саналады. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.
Алла Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» - да “Мұхаммед пайғамбар жыл санауымыздың 621-жылы 7-айдың 27-күні түнде елшімен бірге жеті қабат аспанды аралайды. Соңынан ол осы түнді ислам дінінің Мереке күні – Мирад деп белгілейді. Христиан дінінде де “Христос жетінші күні аспанға ұшып барып, жетінші күні қайта дүниеге келеді” деген уағыз бар. Үнді Мәдениетінде де “жеті” киелі сипат алған сандар қатарына жатады. “Жеті жан”, “жеті мүше” ұғымын көне Үнділер таратқан. Будда дінінің ертедегі әдебиет нұсқаларында “жеті”-ге байланысты құбылыстар көп кезігуде. Парсы мәдениетінен түркі халықтары қабылдаған «жетілік апта» деген календарлық ұғым ертеден бері жалғасып келеді. Шындығында жеті күнді бір апта деп белгілеуді вавилондықтар тапқан. Жұлдызшы астрономдар бір аптадан жеті күннің әр күнін сол кез киелі санап, жеті аспан шырағының санына сәйкес етіп, апта күндерін белгілеген және «аптадағы әрбір күнді аспан тәңірлері басқарады» деген ұғым қалыптастырған. Жетілі апта мәдениеті жалпы шығыс халықтарының, олардың ішінде парсылардың әсерімен ХІ- ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерлерінде де тараған. Қытай мәдениетінде де «жеті» саны – киелі сан. Мәселен, қытайлар адамды қайтыс болғаннан соң 7 – ші, 21 – ші күні, 49 – күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар «жетісі», «үш жетісі», «жеті айы» деп атап «аруақтар күндері» деп есептейді. Басқаларға сыйлық ұсынғанда жеті саны қатысты зат беруге болмайды. Жапондықтар да «жеті санын» киелі деп санайды, олардың ойынша «жеті» саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты «жетінің» киелі ұғымы, немесе басқа да жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол т.б халықтарда да бар. Демек «жеті» - нің киелі мән алуы түркі халықтарына ғана тән болып қана қоймай, дүниедегі көптеген басқа халықтарға да тән құбылыс.
Жеті санына байланысты ұғымдар:
Жеті ата. Қазақтардың таным - түсінігінде жеті ата – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты - жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: бала, әке, ата, үлкен ата, баба, түп ата, тек ата.Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз:«Жеті атасын білмеген - жетесіз», «Ататегін айтқанның айыбы жоқ» - деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен.
Жеті қазына: Ер жігіт (1- сурет), Сұлу әйел (2- сурет), Ақыл - білім, Жүйрік ат (3 - сурет), Құмай тазы (4- сурет),Қыран бүркіт (5 - сурет), Берен мылтық (6 - сурет).
Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады:
1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. 3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі) 4. Денсаулық 5. Ақ жаулық 6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені) 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі).
Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады) 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі) 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады) 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ) 6. Жер (тіршілік анасы) 7. Ит. [3]
Жігіттің жеті қазынасы:
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі.
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы.
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті.
Жеті ырыс: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы 2. Денсаулық 3. Ақ жаулық (ердің жары) 4. Бала (өмір жалғасы) 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды) 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл») 7. Ит.
Жетісу - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын тарихи-географиялық аймақ. Тарихи деректемелер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше болжам бар. [2]. Кейінгі болжам бойынша Жетісудың 7 өзеніне мыналарды жатқызады: Ақсу, Қаратал, Көксу, Лепсі, Іле, Шу, Тентек. (7 сурет)
Жеті ру - Кіші жүз құрамындағы тайпа: Кердері, Тілеу, Жағалбайлы, Рамазан, Табын, Тама және Керейіт рулары.
Жеті жоқ: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім.
Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы – ақыл,
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы –кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық. (Саққұлақ би)
Жеті шәріп (Жеті әулие): Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран).
Жеті ғалам: Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік, Аспан (жоғары ғалам), Жер (орта ғалам), Жер асты (төмендегі ғалам).
Жеті амал: 1. Күннің тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердің батуы
4. Мұздың қатуы
5. Киіктің матауы
6. Қыс тоқсан
7. Ай тоғамы.
Жетіқарақшы - аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады.(8 - сурет)
Аптаның жеті күні: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті күн: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678-1718) (9 - сурет) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы (10 сурет). Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай: 1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір -әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін».
3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады».
4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».
5. « Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек».
6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі».
7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан.
Жеті жұт: құрғақшылық, құт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну).
Қазақтың жеті кереметі: 1. Таңбалы тас суреттері. Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады (11 – сурет).
2. Алтын Адам. 1960 жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құстардың бейнелері жапсырылған (12 - сурет).
3. Қазақтың киіз үйі - көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі (13 - сурет).
4. Домбыра - халық даналығы. Ол халқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным-сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды (14 - сурет).
5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі - Түркістан қаласында орналасқан. Қожа Ахмет Йассауидің кесенесіндегі тайқазан 7 түрлі металдан құйылған (15 - сурет).
6. Маңғыстау жерасты мешіті. Бекет Ата жер асты мешіті - Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген тұмсығының үзіліп қалған Оғыланды шоқысына қашалған тарихи-сәулет ескерткіші. Үш - төрт қанат киіз үйдің көлеміндей үш бөлме. Дерекке сүйенсек, Бекет ата 1750 жылы туылып, емші, көріпкел ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған. Бұхарада оқып, ілім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Жергілікті дін ғұламаларының арасында атақ-даңқы өсіп, Пір атанады. Пайғамбар жасында дүние салады. Бекет атаның мүрдесі осы жерасты мешітіндегі бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған (16 - сурет).
7. «Бәйтерек» монументі - Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның астанасы Астана қаласында орналасқан. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние - төбесіндегі алтын күн, 97 метрлік биіктігі, және аспан әлемінің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Әлемде бірінші рет диаметрі 22 метрлік және салмағы 300 тоннадан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа (әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша) ие болды. Әлемдегі ең үлкен шардың ең биіке көтерілуі бойынша Қазақстан астанасында асқақтаған бұл «терек» жаңартулардың сәулеттік символы, тәуелсіз Қазақстан символы ретінде орын алады. Бәйтеректің негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді (17 - сурет).
Жеті қат көк : Жеті жұлдызға байланысты атаулары: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн.
Жеті қат жер: тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көк өгіз, жер.
Әлемнің жеті кереметі. Алғашқы жеті керемет: Египет пирамидасы (18 - сурет), Вавилонның аспалы бағы (19 - сурет), Ертедегі Артемида ғибадатханасы (20 – сурет),Зевстің мүсіні (21 - сурет), Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы (22 - сурет), Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні (23 - сурет), Александрия маягі (24 - сурет). Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет: Рим колизейі (25 - сурет), Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар, Қытайдың ұлы қорғаны (26 - сурет), Англиядағы алып тас қорған, Италиядағы Пиза қисық мұнарасы (27 - сурет), Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара (28 - сурет), Стамбулдағы әулие София ғибадатханасы (29 - сурет).
Өлімге себепкер жеті күнә: тамақсаулық, жалқаулық, нәпсіқұмарлық, өркөкіректік, ашу, қызғаншақтық, сараңдық. Бұл жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша бейнелеген (30 - сурет).
Жеті тозақ: Сағир , Лазо , Сақар, Жахим, Жаһаннам , Хауия , Хатома
Жеті континент: Африка, Антарктида, Австралия, Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка (31 - сурет).
Кемпірқосақтың жеті түсі: қызыл,қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке тек арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Кейбір мамандар кемпірқосақта алты түс бар деп есептейді, бірақ оқымысты Исаак Ньютон тағы бір түс-көк түсті қосты. Енді кемпірқосақта жеті түс бар (32 - сурет).
Жеті құртақан: немістің XIX ғасырда өмір сүрген жазушылары ағайынды Гриммдердің (Якоб пен Вильгельмнің) атақты "Ақшақар мен жеті құртақан" атты ертегілері ертегілер жинағына кіргізілді. 1973 жылы түсірілген Уолт Диснейдің мультфильмінде әрбір құртақанға ат қойылды (33 - сурет).
Адамның жеті жасы: (Шекспирдің "Калай сендерге ұнай ма?" пьесасынан) сәби,жылауық,оқушы,ғашық адам,сарбаз,судья, ақымақ және балалық пен ұмытшақтық (өлім). [4]
Имандағы жеті парыз - Алланың барлығына, бірлігіне сену, иман келтіру, періштелеріне сену, пайғамбарларына сену, ахирет күніне сену, жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан деп сену, өлгеннен кейін қайта тірілуге сену.
Шығыстағы жеті жұлдыздар - Омар һаям, Низами, Жәми, Науаи, Фердауси, Сағди және Физули.
Жеті ғалам - күн-шығыс, күн - батыс, түстік, терістік, аспан - жоғарғы ғалам, жер асты – төменгі ғалам.
Жан - дүниені жадырататын жеті жәйіт: әкімдердің шарапаты, ғұламалардың шариғаты, байлардың салауаты, кедейлердің қанағаты, үлкендердің ұлағаты, жастардың инабаты, азаматтардың ар-ұяты. [2]
Нота жеті дыбыстан тұрады: до, ре, ми, фа, соль, ля, си (34 - сурет).
Сан құдіретіне қатысты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Ислам дінінің бірінші талабы бойынша жасы жетіден асқан мұсылмандар үшін бес мәрте намаз оқу парыз. Тұрмысқа шығатын қазақ қыздарының сәукелесі жеті нәрседен тұруы шарт.
Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады.
Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде жеті санының мәнін мынадай ұғымдармен байланыстырады: жеті атасынан қара (көне арғы аталарынан бері қарай аты шулы бай, шынжыр балақ, шұбар төс); жеті басты дәу [жалмауыз] (ертегілерге тән жеті басты мақұлық, кейіпкер); жеті ғалам (бүкіл- дүниежүзі, шартарап); жеті кентті құртты (неше түрлі жақсыны жалмады, жойды); жеті қабат [қат] жер астында (тым тереңде); жеті қараңғы түн (тастай қараңғы беймезгіл уақыт); жеті нан (кездескен қиындықтан сақтауын тілеп, нан пісіріп жеті үйге тарату); жеті түнде [жеті түн ішінде] (түн ортасында, мезгілсіз кезде); жеті тылсым (құпиясы мол, қауіпті). Ал тілімізде “жеті” санының ұйытқы болуымен жасалған өлшемдер мынадай:
-
Жеті дарияның ар жағы – өте алыс жер.
-
Жеті қабат жер асты – алыс жер.
-
Жеті қабат тау үсті – адам аяғы әзер жетер қиын, алыс жер.
-
Жеті қырдың асты – алыс жер.
-
Жеті қараңғы түн, жеті түн – тастай қараңғы түн, түн іші, беймезгіл уақыт. [9]
Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі. [5] Қорыта келгенде, «Жеті» қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. «Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай.
2.3 Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары
Сылдырмақ. Сылдырмақ – сақпан, асатаяқ, тоқылдақ, қоңырау сынды сілкімелі аспаптардың қатарына жататын қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Шулы-сілкемелі сылдырмақ аспабы тұтасымен қола, мыс, жез секілді металлдар мен шырша, емен, үйеңкі сияқты ағаштардан жасалады. Үн-үйлесіміне байланысты «күлдіреуікті», «сәлпеншекті» деген түрлері бар. Сыртқы келбеті ұстауға ыңғайлы әрі жеңіл болады. (35 - сурет)
Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ.
Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған.
Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған.
Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған (36 - сурет).
18 ғ-да қазақ даласын аралаған саяхатшы-этнографтар И.Лепехин, И.Георги, т.б. екі ішекті домбырадан басқа көп ішекті аспаптардың да болғандығын жазады. Ал саяхатшы А.С. Паллас 1786 жылғы қазақ даласын аралаған сапарында осы күнгі жетігеннің көне түрін кездестірген. “Бұл аспап шыршадан жасалған шағын ғана жәшік, оның түбі ғана бар. Оған ішектер ешбір құлақсыз керілген. Бұл аспапты құлақ күйіне келтіру үшін әрбір ішектің астына кішкене тиек — қойдың асықтары қойылады. Музыкант ішектің ұзын жағын сол қолымен тартады да, оң қолымен дишкантта ойнайды”, — деп жазған. Этнограф-саяхатшылардың осы секілді жазбаларына қарағанда, Жетіген аспабы қазақ халқы арасында 19 ғ-дың ортасына дейін сақталып, бертін келе жоғалып кеткен. Осы этнографиялық сипаттамалар бойынша қалпына келтірілген немесе жетілдіріліп жасалған жетігеннің алғашқы үлгісі өмірге қайта келіп, өнеріміз бен аспаптық музыкамызда орын ала бастады. 1817 жылғы “Сибирский вестник” журналында жазылған анықтама бойынша белгілі шебер Оразғазы Бейсенбекұлы 1966 ж. Жетіген аспабының алғашқы нұсқасын қалпына келтіріп жасап шықты. Бұл алғашқы үлгінің дыбыс ауқымы бір жарым октава болып, 13 ішек тағылып жасалды. Оның ұзындығы 1060 мм, шанақ ені 250 мм болып, бетіне екі-үш жерден тиектер қойылып жасалды.
Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым-зерттеуші Б.Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші-өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т.Сарыбаев, Е.Құсайынов, С.Мерекеев, т.б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2,5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. Оларды О. Бейсенбекұлы, Н. Әбдірахманов, Д. Шоқпарұлы, С. Ділманов секілді аспапшы шеберлер жасап шықты.
Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған шек салып, тиек қойып, “Қарағым” күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші шек тартып, “Қанат сынар” деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол “Құмарым” күйін, төртінші ұлы Бекенге “От сөнер”, бесінші ұлы Хауасқа “Бақыт көшті”, Жүлзарға “Күн тұтылуы” атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші шекті тартып, “Жеті баламнан айрылып құса болдым” атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй-пьеса түрінде бізге “Жетігеннің жетеуі” деген жалпы атпен жеткен. “Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән” - “жетіген” деген ұғымды береді. [4]
-
Жеті санының сыры
Натурал сандарды 7 санына бөлгендегі ерекшелік:
... ... ...
...
... ... ...
...
... ... ...
...
... ... ...
...
... ... ...
...
. ... ... ...
...
... ... ...
...
Алты қатармен берілген натурал сандарды жетіге бөлгенде бөліндінің мәнінің бүтін бөлігі 1 бірлікке өсіп отырады да, ал қалған қосымша бөлігі сәйкес бірдей болып келеді. Натурал сандарды 7 –ге бөлу үшін бағандап бөлмей –ақ, тез әрі тиімді әдіспен жоғарыда көрсетілгендей бөлуімізге болады. Бұдан біз 7 –нің көбейту кестесі секілді натурал сандарды 7 – ге бөлу кестесін де шығара аламыз және де айта кететін бір ерекшелік бөліндінің мәнінде 5714 санының қайталануы. Сонымен қатар бүтін саннан кейінгі сандар әрбір жеті саннан кейін қайталанып отырады. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақал жеті санының осы қасиетіне байланысты шыққан болар. Бұл мақал асықпа, ойланып істе, бірнеше рет өлшеп, әбден дұрыстығына көзің жеткенде ғана әрекет жаса деген мағынада. Жеті санына байланысты басқа да мақал – мәтелдер көптеп кездеседі. Мысалы, « Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті», «Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас», «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» «Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл, Құлағы мен жағын жер», «Айла алтау, ақыл жетеу», «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», «Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады, Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады» т.б. [7]
Шехризада санының жеті санымен байланысы. Шехризаданың әйгілі саны - 1001 саны. 1001 саны немен ерекшеленеді? Бір қарағанда қарапайым болып көрінеді. Бұл сан қалдықсыз 7 - ге, 11 - ге, 13 - ке бөлінеді, яғни, ол осы үш жай сандардың көбейтіндісі болып табылады. 1001= 7 × 11 × 13 мұнда таңданарлықтай ештеңе жоқ. Таңданарлық жай мынау: осы санға үш орынды санды көбейткенде, көбейткен санның өзінен тұратын, тек екі рет қайталанатын нәтиже шығады. [4]
Мысалы: 777 × 1001 = 777 777
207 × 1001 = 207 207
Ер жігіт
-
сурет
Сұлу әйел
-
сурет
Жүйрік ат
3 - сурет
Құмай тазы
-
– сурет
Қыран бүркіт
-
– сурет
Берен мылтық
-
– сурет
Жетісу
7 - сурет
Жетіқарақшы
8 - сурет
Әз Тәуке хан
9 – сурет
Жеті жарғы
10 – сурет
Таңбалы тас суреттері
11 – сурет
Алтын адам
12 – сурет
Қазақтың киіз үйі
13 – сурет
Домбыра
14 – сурет
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
15 – сурет
Маңғыстау жерасты мешіттері
16 - сурет
Бәйтерек
17 - сурет
Египет пирамидасы
18 - сурет
Вавилонның аспалы бағы
19 - сурет
Артемида ғибадатханасы
20 – сурет
Зевстің мүсіні
21 – сурет
Мавсол патшаның табытханасы
22 – сурет
Күн Құдайы Гелиостың мүсіні
23 – сурет
Александрия маягі
24 – сурет
Рим колизейі
25 – сурет
Қытайдың ұлы қорғаны
26 – сурет
Пиза қисық мұнарасы
27 – сурет
Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара
28 – сурет
Әулие София ғибадатханасы
29 – сурет
30 - сурет
Жеті континет
31 – сурет
Кемпірқосақтың жеті түсі
32 – сурет
Жеті құртақан
33 – сурет
34 – сурет
Сылдырмақ
35 – сурет
Жетіген
36 - сурет
Қорытынды
Зерттеу барысында әдетте
соншалықты маңыз берілмей, өз жөнімен қолданыла беретін сандардың
бәрінің мән-мағынасы бар екеніне көз жеткіздім. Қазақ халқының
наным-сенімімен басқа халықтардың наным-сенімін салыстыра отырып
аңғарсақ, сандар сырының құпиясының соншалықты тереңде жатқанын
байқаған болармыз.
Сонымен қатар зерттеу барысында адам ғұмырының да, мінез-құлқының да, келешегінің де, қуаныш-қайғысының да бір сандармен байланысы бар екенін анықтадым. Бұл өзі Жаратқан Иемізге ғана белгілі құпия сыр .Дегенмен, сандар сырын зерттей келіп, ғаламдық даму үздіксіз өсіп отырса да әрбір адам баласының белгілі бір жағдайларда сандар құдіретіне сеніп, өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тән құпиясын сақтай орындауды әдетке айналдырғандарына толық көзім жетті. Өйткені зерттеу жұмысы барысында танысқан болжамдар, ғылыми көзқарастар, жүргізілген сауалнамалар нәтижесі кез келген адамның белгілі санды сәтті немесе сәтсіз деп қарап, өз жұмысын сол сандар жүйесіне орай жүзеге асыратындығына толық көзім жетті. Ендеше сандар жайлы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады.
Мен осы ғылыми жобаның нәтижесінде жеті санының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой - түсінігім толығып, білімге деген құштарлығым бұрынғыдан да арта түскендей. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғыну арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытуымыз керек екенін түсіндім. Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі.
«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді»,- деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені белгілі. Сөзімді түйіндей келе алдағы уақытта осы тақырып көлеміндегі зерттеу жұмыстары ары қарай жалғасын тапса деген оймен төмендегі жобаларды ұсынамын.
Ұсыныс:
-
Сандар сыры жайлы ғылыми еңбектер кітап болып басылып, көпшілікке ұсынылса;
-
Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса олар жайлы жорамал жасау қолға алынса;
-
Ұлттық ерекшелігімізге байланысты қолданылатын сандық ұғымдар құиясы мектептің тәрбие саласына арнайы енгізілсе;
-
Қазақстан Республикасында «нумерология» ғылымы дамымаған, осы ғылымды біздің елімізде дамытуды қолға алса;
Пайдаланған әдебиеттер
1. Бәрі де сандар туралы, Алматыкітап 2008жыл
2. Қазақ энциклопедиясы 3-том, Алматы 2011
3. Жеті қазына, Сейіт Кенжеахметұлы, 1 кітап
4. Интернет материалдарынан
5. Қенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Алматыкітап, 2007. 328 б.
6. Қалиев С, Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрі. Алматы: 1994.
15 – 17б
-
Ұ.Шүленбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы, Ана тілі газеті. №32.2004. 8-б.
-
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі- Алматы, 2008. -300бет
20

