Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Ғылыми жоба "Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың лингвистикалық сипаты"
Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тіліндегі идиомалардың басым көпшілігі жан-жануарлар атаулары негізінде қалыптасқан тілдік бірліктер. Бұл сөздердің, атаулардың сан алуан тіркес, тізбектерге түп қазық, ұйтқы болу себебі халықтың салт-санасымен, дүниетанымымен, тұрмыс-тіршілігімен байланысты. Кезінде еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған бұл орамдардың тілде қалыптасып, тұрақтануының негізгі тетіктерін анықтап, фразажасамдық тұрғыдан болсын, ішкі мәнін ашу – ағылшын фразеологиясының өзекті мәселелерінің бірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
13 Ақпан 2018
940
4 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ АНИМАЛИСТІК ИДИОМАЛАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Орындаған: Әбдіхалықова Гүлдана
Жетекшісі: Мамішева Жанат
Зерттеу жұмысының қысқаша мазмұны.
Ағылшын тіліндегі идиомалардың басым көпшілігі жан-жануарлар атаулары негізінде қалыптасқан тілдік бірліктер. Бұл сөздердің, атаулардың сан алуан тіркес, тізбектерге түп қазық, ұйтқы болу себебі халықтың салт-санасымен, дүниетанымымен, тұрмыс-тіршілігімен байланысты. Кезінде еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған бұл орамдардың тілде қалыптасып, тұрақтануының негізгі тетіктерін анықтап, фразажасамдық тұрғыдан болсын, ішкі мәнін ашу – ағылшын фразеологиясының өзекті мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар табиғатына тән ұқсастықтарды, ортақ заңдылықтарды, ерекшеліктерді анықтау арқылы жалпы фразеологиялық жүйедегі алатын орнын белгілеу, коннотативтік семантикасына талдау жасай отырып, тілде қалыптасу уәжін, бейнелік-аялық негізін айқындау және концептуалдық тұрғыдан саралау.
Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау арқылы мәселелерге қатысты зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиоалар жүйесін зерттей отырып, тілдегі алатын орнын белгілеу;
идиомалық мағынаның тууы мен қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлін айқындау;
Зерттеу жұмысында зерттеуге жататын теориялық және практикалық сұрақтар
Идиомалардың тіл білімінде зерттелуі
Ағылшын тіліндегі анималистік атауларға қатысты идиомалардың табиғатына тән ұлттық-мәдени ерекшеліктері
Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың коннотативтік семантикасы
Әдебиеттер тізімі
1. Амосова Н.И. Основы английской фразеологии. – Л., 1963.
2. Бабушкин А.П. Типы концептов в лексико-фразеологической семантике языка. Воронеж: Изд-во Вор.гос. ун-та, 1996. 104 с.
3. айрамова Л.К., Садыкова Г.З. Универсалии и уникалии во фразеологии//материалы итоговой конференции. КГУ, 1989. 29 с.
4. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику, 2001
5.Воркачев С.Г. Лингвокультурология, языковая личность, концепт: становление антропоцентрической парадигмы в языкознании, 2001 №1
6. Виноградов В.В. Русский язык: Грамматическое учение о слове.
– М., 1972.
7.Гринберг Дж. и др. Меморандум о языковых универсалиях//Новое в лингвистике, 1970.
8.Григорьева Г.С. Фразеологические зоонимами в аспекте теории-номинации: автореф. ..к.ф.н. – Киев., 1983, 24 с.
9. Горо Мусса. Русская фразеология с компонентом названием животного мира в аспекте лингвострановедения: автореф: канд.филол.наук. – М., -1992., 20 с.
10.Добровольский Д.О. Основы структурно-типологического анлиза фразеологии современных германских языков: дисс.раб. – М., 1990. 441 с.
11.Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. – Алматы: Ғылым, 1998.
12.Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері. Канд.дисс.А: 2003.
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................9-12
1 Идиомалардың тіл білімінде зерттелуі
1.1 Идиомалардың зерттелу тарихы және классификациясы......................13-23
1.2 Ағылшын тіліндегі анималистік атауларға қатысты идиомалардың
табиғатына тән ұлттық-мәдени ерекшеліктері........................................23-25
2 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың концептілік құрылымы жағынан саралануы, түрлі мағыналары
2.1 Концепт ұғымы. Концептілік талдау негіздері...................................26-37
2.2 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың коннотативтік
семантикасы................................................................................................38-42
Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың жағымды, жағымсыз
мазмұндағы концептілер жасауға қатысы...............................................43-53
3 Ұсыныс 54-55
Қорытынды.....................................................................................................56-57
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................58-59
Қосымша
Кіріспе
Тіл қазынасына жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын қат-қабат тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-салалы тізбектерді жинақтап, бір ізге түсіру, олардың мазмұн межесіндегі кодқа салынған әртүрлі ақпараттарды айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр. Тілдік орамдардың құрамындағы кейбір компоненттер семантикалық жағынан ерекшеленіп, ұйтқы сөз қызметін атқарады. Осындай ұйтқы сөздердің бірі – жан-жануарлар атаулары, ал олардың негізінде тілде қалыптасып, қолдануға даяр үлгілерге айналған бейнелі сөз өрнектері – жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын тіліндегі идиомалардың басым көпшілігі жан-жануарлар атаулары негізінде қалыптасқан тілдік бірліктер. Бұл сөздердің, атаулардың сан алуан тіркес, тізбектерге түп қазық, ұйтқы болу себебі халықтың салт-санасымен, дүниетанымымен, тұрмыс-тіршілігімен байланысты. Кезінде еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған бұл орамдардың тілде қалыптасып, тұрақтануының негізгі тетіктерін анықтап, фразажасамдық тұрғыдан болсын, ішкі мәнін ашу – ағылшын фразеологиясының өзекті мәселелерінің бірі.
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар белгілі бір тілдің бейнелеу, көркемдеу жүйесін, оның ұлттық нақышын бүкіл бедерімен, күллі бояуымен айқын көрсетеді. Осы бағыттағы соңғы ізденістер идиомалардың пайда болу заңдылықтарын, даму сипатын, көркемдік мәнін, стильдік қолданысын айқындауға және тіл білімін теориялық тұрғыдан дамытуға өзіндік үлес қосады. Фразеология тілдік құбылыстарды тереңнен, түбегейлі, жан-жақты зерттейтін тіл білімінің болашағы зор салаларының біріне жатады. Тілдердің фразеологизмдерін зерттеу теориялық және практикалық маңызы ерекше.
Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық т.б. жүйелерін зерттеу, негізінде, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастау алғанымен, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі, яғни дербес лингвистикалық сала ретінде қалыптасты. Ал герман тілдері, оның ішінде, ағылшын тілінде шешімін таппаған сонғы мәселелер, міндеттер баршылық. Осындай тың, қиын мәселелердің бірі – ағылшын тіліндегі жан-жануарлар дүниесімен байланысты идиомалардың кешенді түрде зерттеуі.
Жан-жануарлар атаулары тілдердің басым көпшілігінің лексикасының ең көне қабатын құрап, көптеген фразеологиялық орамның тілде қалыптасуына негіз болған бірліктер санатына жатады. Әрине, тіл-тілдегі жан-жануарлар атауларының фразеологиялық тіркестер құрамында қолданылу деңгейі, кездесу жиілігі әртүрлі.
Зерттеу нысаны ретінде қарастырылып отырған идиомалар, негізінен, ағылшын тілінде кеңінен таралған, жиі қолданылатын, өздеріне тән құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері бар, көркем ойлаудың ұлттық бояуын жинақтаған, дүниетанымның ұлттық ерекшеліктеріне қанық тұрақты тіркестер болып табылады.
Ағылшын тілі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың тілдегі көрінісін, дара белгілерін, тұрақты тіркес ретінде тілде қалыптасуының себеп-салдарын зерттеу – отандық тіл білімінде әлі қолға алына қоймаған тың дүние. Бұл тәрізді зерттеулер тіл-тілдің табиғатынан ғана емес, ұлттық болмыс, дүниетаным, сөздің бейнелілігі тұрғысынан да сан алуан мәлімет берері анық.
Қазақстан Республикасының егемендік алуына, халықаралық қарым-қатынастың субъектісі болуына байланысты мәдениетаралық қатынасы күшейіп, қостілділік, көптілділіктің қалыптасуына орай көркем әдеби шығармалар мен сан-алуан құжаттарды тікелей қазақ тіліне аудару қажеттілігі туындайды. Зерттеу нәтижелері осындай мақсат-міндеттерді іске асыруда және бүгінгі күн талабына сәйкес шет тілін үйрету барысында, аударма теориясын қалыптастыруда да өзіндік септігін тигізер деп ойлаймыз. Осы аталған мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны –ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар.
Зерттеудің пәні. Ағылшын тіліндегі құрамында анималистік атаулары бар идиомалардың құрылымын, тілдегі алатын орнын, тілдегі универсалия, фреквенталия, уникалия құбылыстарын және осыған орай ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ, анималистік идиомалардың табиғатына тән коннотативтік семантиканың қалыптасуындағы алғышарттарды айқындау.
Жұмыстың негізгі мақсаты - ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар табиғатына тән ұқсастықтарды, ортақ заңдылықтарды, ерекшеліктерді анықтау арқылы жалпы фразеологиялық жүйедегі алатын орнын белгілеу, коннотативтік семантикасына талдау жасай отырып, тілде қалыптасу уәжін, бейнелік-аялық негізін айқындау және концептуалдық тұрғыдан саралау.
Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау арқылы мәселелерге қатысты зерттеулерге шолу жасап, оларға қысқаша сипаттама беру;
ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиоалар жүйесін зерттей отырып, тілдегі алатын орнын белгілеу;
идиомалық мағынаның тууы мен қалыптасуындағы ұлт менталитетінің рөлін айқындау;
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар табиғатындағы ұлттық-мәдени ерекшеліктер, универсалия, фреквенталия, уникалия құбылыстарына дәйектеме беру;
Анималистік идиомалардың құрамы мен құрылымын талдау, құрылымдық типтері мен модельдерін көрсету;
Концепт ұғымына сипаттама беру;
Концепт пен ұғымның ара-жігін ажырату;
Концептілік талдаудың негіздерін, анималистік идиомалардың концептілік типтерін, концептілік таным тұрғысынан ерекшеліктерін анықтау;
Номинативті мағынаға коннотативтік семантиканың жалғаса өрбуінің себеп-салдарын айқындау.
Зерттеу жұмыстарының дереккөздері ретінде ағылшын тілінің фразеологиялық түсіндірме, қостілді сөздіктері мен мерзімді баспасөз материалдары және көркем әдеби шығармалар алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерге орай ағылшын тіліндегі идиоалардың фразеология жүйесіндегі алатын орнын, ауқымын, анықтау барысында дәстүрлі сипаттамалы, статистикалық, құрамын, құрылымын жүйелеуде структуралық, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін саралау барысында лингвистикалық талдау әдістері мен ғылыми талдаудың концептілік, контекстік талдау және жүйелеу сияқты түрлері қолданылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
- тілдің лексикалық қорындағы ерекше қабат саналатын анималистік атаулардың тілдегі алатын орны, фразажасамдағы ролі, мағыналық шеңбері, қолданыс аясы анықталды;
- уәж, уәждеме, ішкі форма, бейнелік-аялық негіз ғылыми атауларына түсініктеме беріліп, нақты тілдік деректер негізінде дәйектелді;
- зерттеу нысаны болып отырған тілдік бірліктердің құрамы мен құрылымдық үлгілері сараланды;
- идиомалардың ауыспалы мағынада қолдану уәждері, бейнелік-аялық негіздері анықталды;
- универсалия, уникалия, фреквенталия құбылыстары айқындалды;
- идиомалық мағынаның жасалуына негіз болатын ұйтқы сөз тізбектері, олардың қолданыс иелігі анықталды, тақырыптық, мағыналық топ ауқымы көрсетілді;
- концептіге қатысты ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, концепт пен ұғымның ара-жігін, ұқсастығы мен ерекшелігін айқындауға байланысты тұжырымдар жасалды;
- ағылшын тіліндегі идиомалардың концептілік типтері анықталды;
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Ағылшын тіліндегі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың тілдегі алатын орнына, жасалу уәжіне, концептілік типтеріне, құрылымдық, мағыналық жүйесіне қатысты тұжырым, пайымдаулар жалпы, фразеология теориясының мәдениетаралық мәселелерін айқындауға белгілі бір дәрежеде үлес қосады.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдарды Фразеология, Лексикология, Тіл біліміне кіріспе, Жалпы тіл білімі, Этнолингвистика, Лингвомәдениеттану, Лингвоелтану, Аударма теориясытәрізді пәндерді оқытуда, Салыстырмалы-салғастырмалы фразеология бойынша арнаулы семинар жүргізуде және шет тілін үйрету барысында қолдануға болады. Сондай-ақ тақырыпқа негізделіп жинақталған, жүйеленген тілдік бірліктерді, олардың бейнелік-аялық негізіне байланысты мәліметтерді әртүрлі сөздіктерді түзуде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Жан-жануарлар атауларының ұйтқы болуы негізінде қалыптасқан, мағыналық шеңбері мен қолданыс аясы кең жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар ұлт дүниетанымының, рухани мәдениетінің көрсеткіші іспеттес;
- Жан-жануарлары бар бірліктердің идиома жасаудағы белсенділігі, біріншіден, адамзат пен жан-жануарлар тіршілігіндегі, психо-физиологиялық ерекшеліктеріндегі бейнелік-аялық негізден және екіншіден, олардың семантикасындағы бағалаушы, сипаттаушы, бейнелеуші элементтердің басқа лексемалармен салыстырғанда басым келуінен туындайды;
Жан-жануарлар атуларына қатысты идиомалардың қалыптасуындағы ассоциативті қатынастар дүниені субъективті түрде бейнелейді және анималистік бірліктердің тұрақты тіркес құрамында мағыналық тұрғыдан түрленуіне, жалпы фразеологиялық мағынаның уәжделуіне негіз болады;
Анималистік идиомалар коннотациясы белгілі бір тілде сөйлеушілердің денотат пен сигнификат арасындағы ассоциативтік байланысты тіл арқылы білдіруінен туындайды;
Жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалардың тілде қалыптасу уәжі мен бейнелік-аялық негіздері жайлы мәліметтер ұлттың болмысының, тарихының, әлеуметтік өмірі мен тыныс-тіршілігінің тілдік бейнесін құрайды;
ағылшын тілі жан-жануарлар атауларына қатысты идиомалар мағынасына, тірек мүшесінің белгілі бір тақырыптық өріске қатыстылығына, құрылымына байланысты жүйелеп топтастыру анималистік бірліктің тілдегі алатын орнын, ақиқат дүниені бейнелеудегі ролін анықтауға мүмкіндік береді.
1 ИДИОМАНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Идиомалардың зерттелу тарихы және классификациясы
Қазіргі таңда тіл білімінде тілдік құбылыстарды, олардың жүйелік байланысы тұрғысынан зерттеу кең қолдау тауып отыр. Шетел тіл білімінде тілдердің лексика-фразеологиялық жүйесін тақырыптық топтарға бөліп зерттеу әдісі кең көлемде жүргізіліп, өз нәтижелерін беруде. Фразеология саласында мұндай бағыт фразеологизмдерді фразео-тақырыптық өріс мүшесі ретінде қарастырады. Зерттеуді қажет ететін аса маңызды тақырыптық топтардың бірі – жан-жануарлар атаулары негізінде жасалған идиомалар.
Зерттеу барысында үй жануарлары мен жабайы аң-құстар атауларының дүниежүзі халықтарының басым көпшілігінің ауызекі тілінде, ауызша, жазбаша әдеби тілінде абстрактілі ұғымдар мен адамның көңіл-күйін, іс-әрекетін, түр сипатын, әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды бейнелі түрде сипаттауда кеңінен қолданылатындығы байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде фауналық атаулар және зоомифтерде, англо-саксондық эпостарда, діни кітаптарда, ортағасырлық бестиярийлерде, геральдикада, ертегілер мен балалар фольклорында молынан кездеседі. Сондай-ақ тіл ғылымының ежелгі тарихына жүгінсек, XI ғасырда өмір сүрген көрнекті түркітанушы, этнограф, тарихшы ғалым Махмұд Қашқари еңбегінде төрт түлік малға, оның түр-түсі мен ен-таңбаларына, ер-тұрмандарына т.б. қатысты атаулар мен тіркестер, мақал-мәтелдер келтірілген.
Ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестерді ой елегінен өткізер болсақ, олардың басым көпшілігі жан-жануарлар атауларының негізінде қалыптасқан деп түюге болады, оның себебі де көпшілікке мәлім. Алайда, бұл тек ағылшын тіліне ғана емес, дүниежүзі тілдерінің көпшілігіне тән құбылыс. Сондықтан да болар, тірек мүшесі жануарлар атауы болып келетін фразеологизмдер тобы көптеген тілдерде, атап айтқанда, қазақ, орыс, неміс, украин, молдаван және т.б. тілдерінде әр қырынан қарастырылған. Мысалы, жан-жануарлар атауларының бейнелі қолданысының кейбір аспектілері В.В.Виноградов, Н.Д.Арутюнова, Ю.Д.Апресян, В.Н.Телия, В.А.Маслова, А.С.Аманжолов, Ә.Т.Қайдар, Р.Ғ.Сыздық, Т.Д.Жанұзақов және т.б., ал ағылшын тіліне қатысты А.Д.Молчанова, Н.Д.Петрова, Г.С.Григорьева, В.В.Тимофеевна сынды ғалымдардың еңбектерінде сөз етілді. Жан-жануарлар атауларының әртүрлі метафоралық қолданысын салыстыра, салғастыра зерттеуге арналған Е.А.Гутман, Ф.А.Литвина, М.И.Черемисина, О.А.Рыжкина, С.К.Сансызбаева және т.б. еңбектерін де атап өткеніміз жөн. Қазақ тілінде де бұл мәселе түрлі жұмыстар мен бірқатар мақалалар жүзінде қарастырылған. Алайда, зерттеу нысанының тілдік табиғаты толығымен айқындалды деп айту қиын, әрине. Ал аталмыш мәселеге қатысты зерттеулердің қай тұрғыдан алғанда да, фразеология саласына қосар азды-көпті үлесі болар деп ойлаймыз.
Жеке тұрғандағы мағынасы тіркестегі мағынасына сай келмейтін, бірінен-бірін бөліп алып қарауға болмайтын, өзге тілге сөзбе-сөз аударылмайтын түрақты сөз тіркестерін идиoмaлық тipкecтep немесе и д и o м a дейді. Егер фразеологизмдерді сөзбе-сөз аударатын болсақ, онда біз өз халқымыздың және басқа елдердің сөйлеу мен жазба әдебиетіне нұқсан келтірген болар едік. Мысалы ағылшын тіліндегі, As busy as a bee – толассыз жұмыс жасау дегенді сөзбе-сөз дәл аударсақ, ол тіпті күлкілі жұмысты арадай жасау деп шығар еді.
Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі сөйлемнің құрамына еніп, оның синтаксистік сөз тіркесінің басыңқы не бағыныңқы сыңарының қызметін атқарады. Мысалы: Қас пен көздің арасында жетіп келді – деген сөйлеміндегі басыңқы сыңары жетіп келді, бағыныңқы сыңары қас пен көздің арасында болады.Сондықтан әр фразеологизмнің мағынасына қарау керек.Және де қазақ тілінде тұрақты сөз тіркесі фразеологизмдер деп аталса, ағылшын елдерінде идиома деп аталады. Идиомалық тіркестерге goose question (с.с.а: қаз сұрақ) – ақымақтың сұрағы, enough to make a cat laugh (с.с.а: мысықты күлдіретіндей) - өте күлкілі; rat race (с.с.а: тышқан жарыс) – жанталасқан жарыс сияқты жеке тұрғандағы мағыналарынан не мүлде, не жартылай айырылып, өзара жымдасып бір ғана ұғым ретінде ұсталатын сөздердің тұрақталған, қалыптасқан тізбектері жатады. Мұндай тіркестегі сөздерді өзге тілге сөзбе-сөз аударса, ешқандай түсінік бермей сөздердің мағынасыз тізбегі болып шығады. Сондықтан идиомалық сөз тіркестерін өзге тілге жалпы логикалық мағынасына қарай аударуға болады.
Идиома - дегеніміз бір тілдің сөздік қорындағы ең қымбат қазына, байлық деп айтсақ болады. Сондай-ақ, идиомалардың жиынтығын сурет көрмесіне теңеуге болады. Өйткені, көрмедегідей әрбір идиоманың мағынасына үңіле отырып, тұтастай бір елдің салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын, аңыз-ертегілерін, табиғатын және тұрмыс-тіршілігін оқып-үйренуге мүмкіндік туады.
Идиома ағылшындықтардан келген бірлік.Әрбір идиоманың өзіне тән тарихы бар. Белгілі бір идиоманы дүниеге әкелеу үшін көп уақытты талап етеді. Мысалы: Let your hair down- деген идиома –демал,тынышталу деген мағынаны білдіреді. VII ғасырларды әйел адамдар шаштарына заколка таққанда ұйықтар алдында олар шаш қыстырғыштарын шешіп қоятын еді. Сол кезде осы сөз тіркесін айтатын болған.Қазір бұл сөз тіркесі идиомаға айналып кеткен. a clean bill of health – быть здоровым. Бұл идиома IX ғасырда коробльге моряктар шықпас бұрын санитарлық тазарту жүргізіледі екен сонда осы сөз тіркесін қолданылған. Кейбір идиомалар ақын-жазушылардан келген ал кейбіреулері Библии кітабынан ал басқа идиомалар француз , латын тілдерінен келген. 15000 ағылшын идиомасы бар қазіргі таңда. Және де Шекспирдің еңбектерінде көп кездеседі.The green-eyed monster (букв. зеленоглазое чудовище) – ревность. XX ғасырда жаңа идиомалар орын тапты. Smoke and mirrors-ашылмаған шындық.
Құрамындағы сөздердің мағыналарында метафоралық, парадигмалық ерекшеліктер болатын мәтелге бейім келетін тіркестер. Сондықтан тұрақты тіркестер құрамындағы кейбір сөздердің басқаша айтылуы көбінесе олардың нормалық сиқын өзгеріске ұшыратудың дәлелі болады.
Идиомалардың дамуының негізгі екі түрі бар:
Белгілі бір халықтың ұлттық ерекшелігіне орай жасалып, қалыптасады. Бұл әр тілдің өзіне тән ішкі даму процесімен байланысты болады.
Халықаралық қарым-қатынастың дамуы әсерінен идиомалар бір тілден екінші бір тілге ауызекі сөйлесу арқылы немесе жазбаша түрде ауысып отырады.
Идиомаларды бір тілден екінші бір тілге аударған кезде әр халықтың тілдік ерекшелігіне мән беру керек. Сонымен қатар, белгілі бір идиоманың қай тілге тән екенін және оның қалай қалыптасқанын білу қажет және де мағынасын түсінбей жатып, аударма жасауға болмайды.
Ал, идиоманың ағылшын тіліндегі анықтамасын берер болсақ: Figurative phrases, constructions, and expressions holding a different meaning from the lateral one are widely used in any language are known as idioms. An idiom is a group of words that has a completely different meaning from the meaning of each word on its own.
Идиома - дегеніміз бір тілдің сөздік қорындағы ең қымбат қазына, байлық деп айтсақ болады. Сондай-ақ, идиомалардың жиынтығын сурет көрмесіне теңеуге болады. Өйткені, көрмедегідей әрбір идиоманың мағынасына үңіле отырып, тұтастай бір елдің салт-дәстүрін, тарихын, әдет-ғұрпын, аңыз-ертегілерін, табиғатын және тұрмыс-тіршілігін оқып-үйренуге мүмкіндік туады. Мысалы, dark horse –үндемегеннен үйдей бәле шығады, white elephant –қымбат, бірақ, аса қажет емес нәрсе, bulls in china shops –ебедейсіз адам, green-eyed monsters - өте қызғаншақ адам, to let the cat out of the bag – біреудің құпиясын басқаларға жайып салу, to bark up the wrong tree –қателесу.
Ағылшын тіліндегі тіркестердің көбінің қолданыста жүрген идиомалар екені сөзсіз, әр салаға байланысты өзіне тән көптеген идиомалар қолданылады және осы идиомаларды аудару барысында біз тағы да аударма түрлеріне жүгінеміз.
Кейде, фразеологиялық сөз тіркестер толығымен еркін тіркестер арқылы жасалады. Сондықтан, аудармашының сол идиоманың мағынасын ажырату үшін контекстегі мағынасына назар аудара отырып, адекватты аударма түріне жүгінуі керек. Жалпы аударма кезінде мына жәйттерге мән беру керек:
идиоманы аударған кезде оның жалпы мағынасын беру, safe and sound – аман- есен;
- идиоманың мәндес баламасын беру арқылы аударма жасау, a quick temper – қызуқанды;
- идиоманы бір тілден екінші тілге сөзбе - сөз аудару немесе сипаттамасын
беру,
a big shot – маңызды адам;
Сонымен қатар, ағылшын тілінде көне грек мифологиясынан енген сөз образдары да көп кездеседі. Осындай сөз орамдарының ең алғаш қай тілде, қандай мағынада қолданылып, қалыптасқанын жақсылап біліп алмайынша, оларды бірден аудара салуға болмайды.
Ағылшын тілінде басқа тілдердегідей идиомалардың көп түрі қолданылады. Олардың арасында құрамы алғашқы мағыналарын жоғалтып, мүлдем басқа мағынаға ие болғандары да кездеседі. Мысалы, ағылшынның storm және teacup сөздерін біріктіріп, бір идиома шығару мүмкін емес сияқты, екеуінің мағынасы тіптен екі бөлек. Ал, енді екеуін біріктіріп, “a storm in a teacup”дейтін болсақ, елеусіз көңіл бөлуге тұрмайтын нәрсеге бола жанжал шығару, босқа қынжылу деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, бұл сөз тіркесінің өзіндік қалыптасу тарихы да бар. Мұны алғаш рет француз философы Монтескье (1755-1889) қолданған.
А.И.Смирницкий фразеологиялық тіркестерді фразеологиялық бірлік және идиома деп екі топқа бөледі. Фразеологиялық: get up, fall in love секілді етістіктерді жатқызады. Ал идиомаға ауыспалы, метафоралық мағынада қолданылатын сөздерді жатқызады. Мысалы: take the bull by the horns действовать решительно (қазақша сөзбе-сөз аударғанда өгізді мүйізінен ұстау) ал нақты мағынасы оқиғаны оздырмай бірден қолға алу. Амосова фразеологизмдерді – фразема, идиома деп екі топқа бөледі. Фраземалар – оларды құрап тұрған компоненттерінен шығады. Фразема В.В.Виноградовтың фразеологиялық бірліктеріне сәйкес келеді. Мысалы: beef tea, крепкий мясной бульон, қою майлы сорпа, knit one`s brows, нахмуриться, кеудесін қақты (жақтырмай қарады).
Жалпы қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері фразеологизмдер деп аталады, ал ағылшын тілінде фразеология немесе идиома деп аталады. Ал ағылшын идиомасын қарастыратын болсақ, оның өзіндік ерекшелігі бар.
Мәселен: фразеологиялық тіркестер және идиомалар ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көптеп қолданылады. He was brave and soft hearted деген сөйлемді алсақ, бұл жердегі soft hearted жұмсақ жүректі деп аударылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей әрбір тұрақты тіркестің (идиоманың) сөйлемдегі мағынасына ерекше мән беру.
Тұрақты сөз тіркестерінің ішінде идиомалар ерекше орын алады. Бұл ретте академик І. Кеңесбаев былай дейді: Идиомалар әрбір тілдің өзіне тән категориясы болуымен қатар, бұл категория – басқа сөз тіркестеріне қарағанда анағұрлым көнеленген категория. Басқаша айтқанда, бірнеше сөздің тобы идиома болу үшін көп замандар болу керек, өйткені, идиоманың шеңберіне енген сөздер дерексізденіп (абстрактанып) өзінің тікелей мағынасынан айрылу үшін белгілі бір мерзімдік шарт керек. Әр тілдің өзіне лайық идиома сөздері болу үшін, сол тілге бұл шарттан басқа халықтың салт-сана, әдет-ғұрып, тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек екендігі белгілі нәрсе. Идиомалар жеке сөздердің орнына қолданыла береді. Өйткені, идиомалар жеке сөздермен синонимдес болып келеді. Мысалы, қас пен көздің арасында - тез деген мағынаны береді. Идиомадағы сөздердің морфологиялық тиянақтылығынан гөрі синтаксистік тиянақтылығы басым. Идиоманың ішіндегі сөздердің орны тиянақты болғанмен, оның ішіндегі кейбір жеке сөздердің тұлғасын өзгертіп бір жалғаудың орнына екінші жалғауды қоюға болады, - дейді академик І. Кеңесбаев [1].
І.Кеңесбаев тіркес атаулының бәрін фразалық тіркес деп алады да, алдымен оны идиомдар және басқа фразалық топтар деп екіге бөледі. Идиомдарды ерекше категория ретінде өз алдына бөлек қарайды да, тіліміздегі басқа тұрақты сөз тіркестерінің бәрін (мақал, мәтел, қанатты сөз т.б.) фразаның қатарында әңгімелейді. Идиома мен фразаның негізгі айырмашылықтарын былай түсіндіреді: Идиом тобындағы сөздер өзінің жеке тұрғандағы негізгі мағынасынан айырылып қалады да, өзара жымдасып, бір ғана негізгі лексикалық ұғым береді. Басқаша айтқанда, идиом ішіндегі компоненттер өзінің лексикалық формасы мен мағынасын жоғалтады да, грамматикалық формасын сақтайды; бұлар (компоненттер) – негізгі бір кесек күрделі лексикалық единицаның грамматикалық элементтері (мүшелері) болып есептеледі.Идиоманың негізгі белгілері: біріншіден, тұтас бір ұғым жеке сөздерінің ұғымынан алшақ кетеді де, жеке сөздер (компоненттер) өзінің дербес ұғымынан не жартылай, не мүлдем айрылып қалады, екіншіден, бұл тізбектердің көпшілігі екінші тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді. Ал фраза жеке элементтердің негізгі мағынасынан барып жасалған тізбек. Идиом мен фразаның ортақ қасиеттері де бар, ол – тиянақтылық. Сөйтіп, біз идиом мен фразаның айырмасы олардың құрамындағы сөздердің жеке күйіндегі мағынасынан айрылу, айрылмауына байланысты ажыратылатынын байқап отырмыз. Авторлар мақал-мәтелдердің де негізгі қасиеттерін ашып, идиомдармен салыстыра зерттейді. Олардың ортақ белгілерінің бастысы орнықтылық, яғни бұл тіркестерді құрауға қатысып тұрған сөздердің арасына сөз қосып немесе олардың орнына басқа бір сөзді пайдалануға болмайтындығы деп көрсетілген. Бұлардың бәрін топтап келіп, жасалған мына бір тұжырымға назар салыңыз:
Мақал, фраза, идиомдарды басқа системалық күйге аударарда бұлардағы өзара негізгі айырмашылықтардың бірі айқын көзге түседі – идиом сөздердің дені сөзбе-сөз (мақал, фразадағы сөздердей) аударуға келмейді. Бұл – жоғарыда біз атап кеткен лексикалық өзгешеліктен туған қасиет Жалпы, авторлар идиома мен фразаны егжей-тегжейлі талдағанмен, мақал-мәтелді тұрақты сөз тіркесінің қай түріне жатқызуға болатынын ашып айтпайды.
Идиомдардың тағы бір ерекше белгілерінің бірі – олардың көнелігі. Сөздер тізбегі идиом болу үшін көп замандар керек. Оның құрамындағы сөздер мүлде дерексізденіп, өзінің негізгі лексикалық мағынасынан алшақтауы осындай ой туғызады. Мақалдарды қолданғанда, оны өзгертпей сол қалпында алып, басқа сөздермен араға де (деп, деген, дегендей) етістігін дәнекер етеміз. Ал идиомдарды морфологиялық өзгерістерге салуға болады да, олардың синтаксистік тиянақтылығын ешбір өзгерте алмайсыз. Морфологиялық, әрі синтаксистік беріктігі бірдей идиомдар да бар, бірақ олар көп емес. Идиомдар түгесінді бір ғана ойды білдіруіне орай, олар көбінесе бір сөздің орнына жүреді.
Идиом, фразалардың тағы бір ерекшелігі – біразының дыбыс үйлесімі. Бұл тізбектерде біркелкі не дауысты, не дауыссыз дыбыспен (аллитерация) келетін немесе не біркелкі жуан, не жіңішке сөздерден келетін идиомдар бар.
Идиом, фразалардың лексикалық мағыналарын бөлек әңгімелеу қажет.
Қазақ тілі практикалық курсында (авторлары: Н.Оралбаева, Г.Мадина, А.Әбілқаев, жалпы редакциясын басқарған проф. М.Балақаев) Лексика тарауының бір бөлімі Тұрақты сөз тіркестері деп аталған. Мұнда авторлар тұрақты сөз тіркестерін идиома, фраза, мақал-мәтелдер деп жеке-жеке бөліп талдайды. Қысқа болса да әрқайсысына анықтама беріп, нақты тұжырым айтуға тырысқан. Әрқайсысына берілген анықтамаларға жеке-жеке қарап шығайық.
а) Идиома деп іштей бөліп, жаруға келмейтін және оның тұтас мағынасы құрамындағы сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасына байланысты тумаған сөздер тобын тұрақты тіркес дейміз.
ә) Тұрақты тіркестердің енді бір түрін фраза деп атайды да, оған да нақты анықтама бермегенмен, мұның өзіндік айырмасын түсіндіреді. Авторлардың түсініктемесін берейік: Тұрақты тіркестің бір түрі – фраза. Ол да идиома сияқты түйдекті тіркес қалпында айтылады. Алайда мұның идиомадан айырмашылығы құрамындағы сөздердің бәрі не біреуі өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан айрылып қалмайды.
Шынында бұл келтірілген мысалдар құрамындағы сөздер өзінің негізгі лексикалық мағынасынан онша алшақтамайды. Ендеше идиомалар сияқты, фразалық тіркестер де сөзімізді өткір, көрікті, образды ету үшін жұмсалады деген тұжырымды әбден қолдаймыз.
Идиомаларға анализ жасап, аударма жұмыстарын оңайлату үшін грамматикалық тұрғыдан сөз таптарына бөлу және классификация жасау арқылы қарастырған өте ыңғайлы. Мысалы:
1. Ағылшын тіліндегі идиомаларды мынадай сөз таптарына бөлу арқылы қарастыруға болады:
idioms using adjectives: absent-minded – ұмытшақ адам;
idioms using nouns: the apple of someone’s eyes- біреудің көзінің қарашығындай болу (жақсы көретін адамға айтылады);
idioms using verbs: to keep a straight face – бет аузын жиырып алу (күлген кезде);
idioms using prepositions: on the dot – дәл уақытында;
2. Мынадай классификация жасау арқылы жіктеуге болады:
- Parts of the body idioms: have a sweet tooth – тәттіқұмар;
- Colour idioms: a white lie – ешкімге зияны жоқ өтірік;
- Animal idioms: an early bird – таңертең ерте тұратын адам;
- Idioms to do with health and illness: to be fighting fit – денсаулығы мықты болу;
- Idioms to do with money: to be broke – ақшасы болмау;
- Idioms to do with emotions: to be scared to death – қатты қорқу;
- Idioms to do with food: it is not my cup of tea – мен ұнататын нәрсе емес;
- Idioms to do with countries and places: to take coals to Newcastle – онсыз да өздері шығаратын нәрсені ол жаққа апарудың қажеті жоқ;
- Idioms to do with crime: launder money – заңсыз жолмен келген ақшаға банктен есеп- шот ашу;
- Idioms to do with movement and travel: thumb a lift – жолда кез келген машинаны тоқтатып, тегін жүру;
- Idioms as responses: it serves him right - өзіне де сол керек;
- Idioms in jokes: fell head over heels in love – ғашық болу;
Ағылшын тілінде әрбір идиома сөз таптарымен бірге қосарланып келеді. Мысалы: idioms are used with nouns, adjectives, verbs, prepositions және т.б.
Егерде сын есімдермен тіркесіп келетін тұрақты сөз тіркестеріне келетін болсақ, ол екі немесе үш сөзден құралады. Мысалы: light fingered деген идиомалық тіркес ұрлыққа жақын, қолының сұғанағы бар адам дегенге саяды. Long in the tooth бұл тіркестегі long сөзі ұзын деп аударылып сын есім қызметін атқарып тұр. Сөзбе-сөз аударсақ тісі ұзын кісі. Аталған тұрақты тіркес (идиома) кәрі деп аударылады. Етістікпен қолданылатын тұрақты сөз тіркестері де жетерлік. Етістік to go және зат есім song қосарланып келсе, ол тұрақты сөз тіркесіне айналады. Алайда олардың қосарланып келгендегі мағынасын болжау өте қиын. To go for a song бір зат өз бағасынан төмен мөлшерде сатылған кезде қолданылады. As no one else at the auction seemed interested іn the painting, it went for a song. Аукционда қойылған суреттерге ешкім қызықпаған кезде, көңіл аударып, мән бермеген кезде,арзансатылады. Ал, фразеологиялық тұтастықтың мағынасы тұрақты болады. Олардың жеке тұрғандағы мағынасымен жалпы білдіретін мағынасы сәйкес келмейді. Мысалы: to keep oneself in hand (өзін-өзі қолға алу), to sit on one`s hands; not to do a hands`s turn (қол қусырып отыру), not to move a finger (қолының ұшын қимылдатпау), to kill time (уақытты босқа өткізу), to kill two rabbits with one stone (бір оқпен екі қоян ату), to give up all of it (қолын бір-ақ сілтеу), to keep the eyes shut (бір нәрсеге көз жұма қарау). Идиомалар әр елдің, халықтың, ұлттың асыл қазынасы. Ата-баба қазынасы болып табылытын фразеологизмдер халықтың, бір-бірімен жалғасқан ұрпақтар арқасында міндетті түрде сақталады. Егер тілде идиомалар сақталмай, бізге жетпеген болса, халқымыздың асыл туындылары болмаса, олар бүгінгі күнге дейін сақталып жетпесе, жұртымыздың өткен өмірінен мақрұм қалар едік. Сондықтан да тілдің байлығын арттыра түсетін сөздік қордың көлемді бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер –идиомалар.
Ал ағылшын идиомасына келсек, ол да өзіндік ерекшелігі бар. Мысалға: идиомалар көбінесе ертегілерде, жай және құрмалас сөйлемдерде көп қолданылады.1.The small boy was very brave. Even when the large dog grawled at him and showed its teeth he stood and did not turn a head. Бұл жердегі идиома did not turn a head. Кішкентай ұл өте батыл болған. Ол тіпті ит үрген кезде, қорықпай бір орында тұра берген деген мағынаны білдіреді. Ал, идиомасын сөзбе-сөз аударсақ, ол басын бірде-бір қозғаған жоқ десек, сөздің мағынасы өзгеріп кетеді де, тіпті түсініксіз болып қалады.2.He was too soft – hearted and could not refuse money to his children and relatives whenever they asked for it. Бұл жердегі идиома He was too soft hearted soft – hearted деген сөзінде жұмсақ жүрек деген мағынаны білдіреді. Ал былай негізінде ойланып көрсек, жүрек жұмсақ болмайды ғой, сондықтан бұл идиома. Толық аудармасы Ол өте қайырымды адам болған. Егер балаға және өз туысқанына ақшалай көмек керек болса, ол көмектен ешқашан аянбаған.3.When the boy asked his parents to allow him to learn to play piano, they agreed because they knew he had a good ear for music. Бұл жердегі идиома good ear for music ал, оны сөзбе-сөз аударсақ good ear – жақсы құлақ. Толық, мағыналы аудармасы – бала өз әке-шешесінен пианино оқуына баруын сұрады, олар балаға рұқсатын берді, себебі балада әнге деген ынтасы, қабілеті болды.4.In the old films when he heroine was about to be foully murdered the hero always managed to rescue her just at the eleventh hour идиома he just at the eleventh hour. Ағылшын халқында идиома тағы көбінесе жай диологта пайдаланады.
Жан-жануарлар атаулары мен олардың негізінде қалыптасқан бейнелі тұрақты тіркестер тіл білімінде зоосемизм, зоосемалық фразеология, анималистік лексика/фразеология, животноводческая/скотоводческая лексика/фразеология, фауналық атаулар, зоофразеологизм, фразеозоонимдік единицалар, зоонимді/анималды ФЕ-лер, фразеологиялық зоонимдер, жан-жануарлар атауларына байланысты фразеология тәрізді алуан түрлі терминдермен берілген. Терминнің ала-құлалығының өзі зерттеу жұмысының жалғасарын, көмескі тұстарының әлі де баршылық екенін көрсетеді. Біздің ойымызша, зоо-, фауна терминдерін тіл білімінен гөрі жаратылыстану ғылымдары шеңберінде қолданған тиімді тәрізді. Ал животническая, скотоводческая деп келетін атаулар, бір жағынан, көбіне мал шаруашылығына, аңшылыққа байланысты терминдік ұғымдарды білдіруде қолданылып келсе, екіншіден, ауызекі тілде, кейде орыс тіліндегі животное, скот/скотина сөздерінің коннотациясына байланысты жағымсыз ассоциация тудыруы мүмкін.
Жан-жануарлар атауларына байланысты идиомалар дейтін тірек атауды кейбір ғалымдар ықшам емес, көп сөзді және ауызекі сөйлеу тіліне тән емес деп таниды. Сондай-ақ зерттеу нысаны етіп құрамында жан-жануарлар атаулары бар, мысалы, қазақ тілінде ит ырғын болды – мол олжаға кенелді, ағылшын тілінде every dog has his day (сөзбе-сөз аудармасы: әр иттің өз күні бар) – дүние кезек, әркімнің жарыққа шығар кезі бар деген секілді фразеологизмдерді ғана емес, сондай-ақ қазақ тілінде ақ қаптал болу, кежегесі кейін тартып т.б., ағылшын тілінде never cackle till your egg is laid (с.с.а: жұмыртқаң салынбай жатып, қытқылықтама) – істің ақырына жетпей, ерте қуанба (немесе асатпай жатып, құлдық деме), to bury one’s head in the sand (с.с.а: басын құм ішіне
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)