Материалдар / Ғылыми жоба "Ағылшын тілінен енген кірме сөздер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Ағылшын тілінен енген кірме сөздер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба "Ағылшын тілінен енген кірме сөздер"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2024
147
1 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Ағылшын тілінен енген кірме сөздер»  тақырыбын таңдап алуымның себебі, өзге тілден енген сөздердің жастар арасында кеңінен қолданылуына байланысты тіліміздің мәдениеті шұбарлануда және ауызекі сөйлеуде тілдік құрылымдар мен тіл бірліктері сауатсыз қолданылуда, бұл- жастардың сөйлеу мәдениетінің үлкен мәселесі болып табылады. Сонымен қатар ол жас ұрпақтың рухани мәдениетінің қалыптасуының, адамгершілік және зияткерлік дамуының маңызды факторы болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазіргі жастардың сөйлесу мәнерінде ағылшын кірме сөздерінің қаншалықты қалыптасқаның зерттеу

Зерттеудің өзектілігі- Ағылшын тілінен енген кірме сөздерінің алатын орны. Қазіргі заманда ағылшын тілі-халықаралық тіл болғандықтан оның мәртебесі әрине жоғары. Кірме сөздерді дұрыс пайдалана отырып, өз тіліміздің де мәртебесін арттыру.

Осы зерттеу жұмысын біз лингвистикалық зерттеулер мен салыстырулар әдістерін  қолдану арқылы жүргіздік.  Кірме сөздер туралы теориялық материалдар жинақталып, кірме сөздердің келу себептерін анықтадық. ғылыми жұмыс жетекшісі көмегімен жоғарғы сынып оқушылары арасында сауалнамалар алынды және жиі қолданылатын кірме сөздердің сөздігі құрастырылды.

Қазіргі жағдайды талқылай келе, көптеген филологтар мен лингвистер кірме сөздердің біздің лексикаға алаңдататын қарқынмен енуде екенін атап өткен. Қазіргі жасөспірімдер мен жастардың ауызекі сөйлеуінде ағылшын тілінің сленгтерін өте жиі қолдануы алаңдатушылық туғызып отыр. Өз ойларын, сезімдерін ағылшын тілінде жеткізу жастарға жеңілірек көрінеді.

Сонымен қатар бақылау, жүйелеу және классификациялау сияқты әдістер арқылы кірме сөздерді  байланыс аясына қарай жүйелеп, олардың БАҚ пен ауызекі сөйлеудегі  қолдану жиілігін анықтауға тырыстық.

Әртүрлі байланыс аясына жүгіне отыра, әрбір жасөспірім ағылшын тілді сөздерді кезіктіреді:қазіргі таңда әр түрлі салада осы сөздерді кездестіруге болады.

1.Билік, саясат. 2.Бұқаралық ақпараттар жүйесі. 3. Спорт 4.Техника. 5. Кино, музыка 6. Экономика. 7.Білім

Ағылшын тілінің кірме сөздері күнделікті өмірде ауызекі сөйлеуінде  де кездеседі, мысалы: Фаст фуд, гамбургер, чизбургер, шоппинг, пиллинг, интернет, компьютер, сканер, ток шоу сөздерін көрсете аламыз.

Оқушылардың кірме сөздерін күнделікті өмірде пайдалануының себебін анықтау мақсатында сауалнама құрастырдық.

Әлеуметтік сауал. «Кірме сөздерді күнделікті өмірде қолданудың себептері » тақырыбында мектеп оқушыларынан сауал алынды. Зерттей келе қазіргі жасөспірімдердің лексиконына шетел сөздерінің енуінің бірнеше себептері бар екен:

1.Әр түрлі құбылыстарға, жаңа заттарға және түсініктерге атау қою қажеттігі. Мысалы: ноутбук, сканер, интернет, адаптор, миксер.

2.Біздің тілімізде кейбір заттардың балама атауларының болмауынан: чипсы, бейнеклип т.б

3.Бір нәрсені сипаттау үшін сөз құрылымдарының орнына, көп түсіндіріп жатпай, англицизм көмегімен бір сөзбен ғана айтуға болады. Мысалы: пиллинг, мейк ап, уикенд, шопинг жасау т.б

Сауалнамаға 14-29 жас аралығындағы әртүрлі саладағы мамандар мен оқушылар қатысты. Сауалнама мынадай сұрақтарды қамтыды: Сіз ағылшын тілінен келген кірме сөздерді пайдаланасыз ба? Жастардың сөзінде кірме сөздерді пайдалану сізге қандай әсер әкеледі? Ең көп айтатын 10 кірме сөзді ата. Қорытынды нәтижесі бойынша, әр адамның ойлау қабілеті мен көзқарасы әр түрлі екені анықталды.

Менің зерттеу нысанына көзқарасым

Ағылшын тілінен енген сөздерді қолдану өзіндік сәнге\ модаға\ айналуы жастар ортасында стереотиптің қалыптасуымен сипатталады. Өз тілдерінде ағылшын тілінің кірме сөздерін қолдану жастарды осы американдық мәдениетке, олардың өмір сүру стиліне біршама жақындатады. Дегенмен ағылшын терминологиясына қатысты әлеуметтік айырмашылық та байқалады. Жастарға қарағанда ересектерде бөтен лексиканы қабылдау қарқыны төменірек. Қазіргі уақытта халықтың білім деңгейі жоғарлануынан, кірме сөздерді игеру жеңілірек.  Жоғарыда айтып кеткендей, біздің елімізде шетел тілін меңгерген адамдар саны артуда, әсіресе жастар арасында. Кейбір шетел сөздері жастардың тілдерінде  өз орталарында бұрмаланып қате айтылады және бұл сөздер халық арасына тез таралып кетеді

Түйіндеу:

Біздің еліміз ертеден басқа елдермен саяси, сауда, ғылыми және мәдени байланыста болғандықтан тіліміз басқа тілдермен байытылып отырған. Бұндай сөздер біздің халыққа жаңа заттар, дәстүрлер мен түсініктерге жаңа атаулар берді. Тәжірибе көрсеткендей,  уақыт өте тілдегі артық және қажетсіз сөздер өздігінен түсіп қалады.

Англицизмдерді қолданудың кейбір артықшылығын да айтып кету қажет:

-біріншіден, кейде англицизмдерді қолдану ыңғайлы, өйткені олар қысқа да нұсқа айтылады;

- екіншіден, ұзақ аудармалардан гөрі, англицизмдер бәріне түсініктірек.

- үшіншіден, бұл сөздер біздің күнделікті тілімізге енген, әсіресе жастар мен Бұқаралық ақпараттар құралдарына ;

Қорытынды жасай келе, мынадай  бір-біріне қарама-қайшылықты айта кету керек:

Бір жағынан жаңа сөздердің пайда болуы біздің сөз қорымызды байытса, екінші жағынан өте көп мөлшерде кірме сөздер тіліміздің шұбарлануына әкеліп соғады, сонымен қатар тіліміздің қайталанбас әдеби көркемдігі, тазалығы бұзылады.

Дегенмен жасөспірімдер, соның ішінде оқушылар ағылшын сөздерін күнделікті өмірде қолданады, өйткені кейбір ағылшын сөздері біздің ауызекі тілімізге әбден еніп кеткен. Ең маңыздысы-айтылған сөздердің мағынасын біліп,  оларды орынды қолдану керек

Ұсыныс: ағылшын тілінен енген кірме сөздерді қолдану бұл - заман ағымы. Болашақты өз тіліміздің тазалығын сақтай отырып кірме сөздерді қолдану.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!