Материалдар / Ғылыми жоба Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобада Әл-Фарабидің әлем ғылымына қосқан үлесі туралы жазылды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Сәуір 2024
191
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сисенгалиева Улдай Хасановна

Жалпы білім беретін Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі







Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі








Секциясы: Этномәдениеттану



















«Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі»

тақырыбына жазылған ғылыми жоба жұмысына

Аннотация

Ғылыми жоба ұлы ғалым Әл-Фарабидің философиялық және педагогикалық еңбектеріне сүйене отырып,ғалым мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде танытуға арналған зерттеу болып табылады. Зерттеу жұмысының өзектілігі.  Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгінгі мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихында маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу-кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Орта ғасырда азамат білімінің молайып, ақыл парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі-қазак топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр әл-Фараби(870-950) болды. Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу  біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына, яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат. Сондықтан да біз көбінесе Фарабидің өзінің ғылыми еңбектеріне, оның ішінде философиялық және педагогикалық көзқарастарында келтірілген деректерге сүйенеміз. Менің бұл жобаны жазудағы көздеген басты мақсатым, қолда бар материалдарға, мағлұматтарға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту болып отыр.

Зерттеудің мақсаты. Әл - Фараби еңбектеріндегі философиялық ойлардың біртұтас жүйесін түзу. Зерттеу нысаны. Әл - Фараби еңбектеріндегі философиялық және педагогикалық ойлардың мазмұны. Зерттеу бағыты: Этномәдениеттану

Зерттеу міндеттері:1.Әл-Фарабиге дейінгі философиялық және психологиялық ой-пікірлерді қарастыру

2.Әл-Фарабидің философиялық және психологиялық ,педагогикалық салаларына қосқан үлесіне айқындау

3.Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесін нақтылау.

Зерттеу объектісі: Түрік ғалымдарының еңбектері.

Зерттеу мәні: Әл-Фарабидің философиялық және психологиялық, педагогикалық көзқарастары.

Зерттеу көздері. Оқыту мазмұны бойынша тұжырымдамалар, оқулықтар теориясы, философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі.Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен , қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сілтемелер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 35 бет.


Түйін сөздер: Әл-Фараби,философиялық және педагогикалық еңбектер,оқулықтар теориясы,педагогикалық идеялар,ұстаздық шеберлік,педагогикалық мұра.



Аннотация

на тему научной работы: «Аль-Фараби и его вклад в мировую науку».

Целью данной научно-исследовательной работы является создание единой системы философско-педагогических идей Аль-Фараби. Для реализации этих целей использованы труды творческих ученых и собраны философско-педагогические идеи трудов Аль-Фараби.

Научно-исследовательная работа предназначена для широкого круга читателей.

Характеристика научной работы: На священной казахской земле родились много великих мыслителей.Ученые благодаря своему ясному уму смогли покорить арабско-персидскую культуру и прославить свои труды всему миру,оставили бесценное наследие своему поколению.

Но на карте культурного развития Отрар отмечен как родина целой плеяды выдающихся ученых, поэтов, мыслителей, среди которых по праву выделяется Абу Наср Аль-Фараби как величина мирового масштаба.
Крупнейшие историки культуры и науки отмечали величие и уникальность фигуры Фараби. Астрономия, логика, теория музыки и математика, социология и этика, медицина и психология, философия и право - таков перечень его интересов
.

Необычность и смелость его философских воззрений входила в определенное противоречие с общественным мнением, неспособным к полному восприятию греческой философии и науки. Он был поистине человеком мирового уровня, он сблизил и синтезировал в своем творчестве ценнейшие достижения арабской, персидской, греческой, индийской и своей собственной, тюркской культуры. Фараби мыслил как реформатор педагогики, стремящийся внести знания в народную толщу, соединить просвещение с развитием в людях человечности.

Цель моей научной работы создание единой системы философско-педогогических идей Аль-Фараби.

Обьект исследования: Содержание философских и педагогических высказываний Аль-Фараби.

Задачи исследования:

1) Рассмотреть и исследовать философские и педагогические суждения и высказывания философов до времени Аль-Фараби.

2) Доказать научный вклад Аль-Фараби в сферу философии,педагогики.

3) Расширить и обобщить значение трудов Аль-Фараби в мировой науке.

Обьект исследования: Труды турецких и современных ученых.

Значение исследование: Философско-педагогическое мировозрение Аль-Фараби

Источники исследования: Заметки по содержанию учения,учебники по теории, труды по философии и педагогике.

План и обьем исследование: Введение, 2 раздела, заключение и использованная литература, список пояснении. Обьем составляет 35 страниц.

Аbstract

              on the theme: "Al-Farabi and his contribution to world science."

The purpose of this scientific work issledovatelnoy is a unified system of philosophical and pedagogical ideas of Al-Farabi. To achieve these goals use the labor of scientists and artists gathered filososofsko pedagogical ideas of works of Al-Farabi.

Scientific issledovatelnaya work is intended for a wide audience.

Characteristics of scientific work: on the sacred land of the Kazakh born mysliteley.Uchenye many great thanks to his clear mind could conquer the Arab-Persian culture and celebrate their works throughout the world, left the priceless heritage of his generation.

But the map of cultural development Otyrar noted as the birthplace of the whole galaxy of eminent scholars, poets, thinkers, among which stands out rightly Abu Nasr al-Farabi as a global value.

Leading historians of culture and science marked the greatness and uniqueness figures Farabi. Astronomy, logic, theory of music and mathematics, sociology and ethics, medicine, psychology, philosophy and law - this is the list of his interests

Unusual and daring his philosophical views was part of a contradiction with the public opinion, unable to complete the perception of Greek philosophy and science. He was truly a man of the world level, he pulled together and synthesized in his work the most valuable achievements of Arabic, Persian, Greek, Indian, and his own, Turkic culture. Farabi thought as a reformer of pedagogy that seeks to bring knowledge to the people's thicker, combine education with the development of humanity in people.

The purpose of my research work creating a unified system filososofsko-Pedagogical ideas of Al-Farabi.

Object of research: Content and teaching philosophy statement of al-Farabi.

Objectives of the study:

1) To consider and explore the philosophical and pedagogical judgments and statements of philosophers until the time of al-Farabi.

2) Prove the scientific contribution of Al-Farabi in the sphere of philosophy, pedagogy.

3) Expand and generalize the value of works of Al-Farabi in the world of science.

Open Research: Proceedings of the Turkish and modern scientists.

The value of research: Philosophical and pedagogical worldview of al-Farabi

Research Sources: Notes on the content of teaching, textbooks on the theory works on philosophy and pedagogy.

Plan and volume of research: Introduction, Section 2, and the conclusion of the used literature, list of explanation. Volume is 35 pages.




Мазмұны


Кіріспе.....................................................................................................................6

І -Тарау.Әл-Фарабидің ғұламалық тұлғасындағы ақиқаттар.

    1. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және оның философиялық

еңбектері…........................................................................................................8

1.2 Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі.................................................................20

ІІ-Тарау. Әл-Фараби және педагогика философиясы

2.1 Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы педагогикалық идеялар....................................................................................................................23

2.2 Фарабидің философиялық мұраларының зерттелуі................................................................................................................ 26

Қорытынды............................................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................34 Сілтемелер тізімі....................................................................................................35

                 


































Кіріспе

Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін ғылымның өз қағидасы бар. Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі — баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу — кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті.

Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаларының бірі — қазақ, топырағынан шыққан данышпан перзент Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды.

Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайды білімпаздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді.

Қазақстан ғалымдары да бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және қазақ тілдерінде Фарабидің философиялық және әлеуметтік-этикалық трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалық, тарихи-философиялық, логикалық, жаратылыстану ғылыми еңбектері, "Птолемейдің "Алмагестіне" түсініктемелері" жарық көрді. Ғұламаның философиялық, ғылыми еңбектерін зерттеуді, түсіндіруді, насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми-зерттеу монографиялар, кітаптар, мақалалар, көркем әдеби туындылар басылып шыкты. Бұлардың ішінде осы еңбек авторының "Әл-Фараби", "Фарабидің математикалық мұрасы " (орыс тілінде), "Сөнбес жұлдыздар ", "Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері" (орыс тілінде), "Фарабидің педогогикалық мұрасы "(орыс тілінде) монография, кітаптары, "Фараби Бағдат шаһарында " атты повесі, көптеген мақалалары бар.

Ибн Аби Усейьяның айтуынша, Фараби жетпіске жуық еңбек жазған. Фарабидің еңбектері екі топқа бөлінеді. Біріншісі-логикаға қатысты еңбектер; екіншісі- басқа да білімдерге қатысты еңбектер.Екінші түрдегі еңбектері физика, метафизика, математика, ахлақ және саясатқа қатысты жасалған. Фараби өз зерттеулерінде түсініксіз мәселелерге үлкен мән бере отырып, әрбір терминге жеке-жеке тоқталып отырған. Өзіне қойылған сұрақтарға жауап ретінде бір еңбек жазып отырған. Бір мәселені шешу үшін сол мәселенің қарама-қарсылығың қарастырып отырған. [2]  Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1) Орта ғасырлардағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Бейақи, ибн Сайид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус, т.б.);

2) Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо   да   Винчи,   Спиноза,   И.Г.Л.Козегартен,   Г.Зутер,   Ф.Дитереци, К.Брокель, т.б.); 3)  20 ғасыр  әсіресе, Кеңес    одағы    шығыстанушы    ғалымдары    арқылы (В.В.Бартольд, Е.Э.Бертельс, Б.Ғафуров, С.Н.Григорьян, В.П.Зубов, А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайылы, Х.Үлкен, т.б.);   4) Қазақстан    мен    Орта   Азия    оқымысталары    арқылы    (Ә.Марғұлан, А.Машанов,   О.Жәутіков,   А.Қасымжанов,   А.Көбесов,   М.Бурабаев, Ә.Дербісалиев, Қ.Жарықбаев, М.Хайруллаев, т.б.)./4/. Фараби мұрасын зерттеуші өзбек ғалымы М. М. Хайруллаевтың айтуынша, ойшыл бабамыздың шығармаларын барынша толық тізімін, яғни 160 еңбектің атауын түрік ғалымы А. Атештің еңбектерінен табасыз. Әл - Фараби трактаттарының қолжазбаларын Каир, Дамшық, Бейрут, Ыстамбұл, Лейден, Париж, Мадрид, Лондон, Тегеран, Нью — Йорк және басқа да қалалардың кітапханаларынан кездестіруге болады./5/.  Бұлардың арасында «Әріп кітабы», «Субстанция туралы сөз», «Заңдар жайлы кітап», «Логиканың қысқартылған үлкен кітабы», «Филосифияны меңгеруге дайындық», «Физика негіздері», «Птоломейдің «Алмагеске» түсіндірмелер», «Ғылымдардың классификациясы жайлы сөз», «Ізгі қаланың тұрғындарының көзқарастары туралы»,«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету  жайлы»    секілді    еңбектері бар.  /5/. Қазақстанда, алыс-жақын шетелдерде әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасын игеру барысында философия және саясаттану институтының қызметкерлері іске асырған жарияланымдардан бөлек тағы да бірқатар монографиялар дүниеге келді. Олардың қатарында А. Көбесовтің «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы» (1974), С. Қ. Сатыбековтің «Әл-Фарабидің гуманизімі», Әл-Машанидің «Әл-Фараби мен Абай» (1990), Қ. Жарықбаевтің «Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары» (1998) секілді еңбектері бар. Сонымен біз зерттеп отырған тақырыбымыз әл-Фараби мұрасына қатысты болғандықтан, оның (870 - 950) IX ғасырда мұсылман дәуірінде өмір сүруінің өзінен, әл-Фарабидің мұрасы қазақ педагогикасы тарихына да ортақ педагогикалық мұра деп тану мүмкіндігі бар. Оның мұрасының қазақ педагогикасы тарихына қатысты өзіндік ортақ тарихи - ғылыми негіздерін атап көрсетуге болады. Ол белгілер: біріншіден, ол қазақ жерінде, Оңтүстік өңірінде Отырарда түркілік отбасында дүниеге келген. Сондықтанда оның есіміне ат-түркі деген ұғым қосыла айтылады. Екіншіден, өз еңбектерін мұсылман дәуіріндегі ғылыми (араб) тілде жазды. Өйткені әл-Фараби өзінің мұрасын, яғни ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдиниеттерінің жемістерін бойына дарытып, соны әрі қарай дамытып, бүкіл адамзаттың игілігіне айналдырды.

Сонымен біздің мақсатымыз қолда бар материалдарға, мұраларға сүйене отырып, ұлы ғалымның ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстарының, мұраларының кейбір қырларын көпшілікке түсінікті түрде таныту.


І. Әл-Фарабидің ғұламалық тұлғасындағы ақиқаттар


«Ғылым адам санасына болмысы бөлек,

ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру

арқылы ғана терең ұялайды»

Әл-Фараби


Әбу Насыр әл-Фараби ̶ Шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Онтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласында туған. Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды, сол үшін оны көзі тірісінде-ақ «Екінші ұстаз» (Аристотелъден кейінгі екінші ұстаз) атады. Тәжік академигі Б. Рафуровтың мағлұматтары бойынша Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тілдеріне (араб, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т. б.) аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті.

1.1 Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және оның философиялық еңбектері

Әбу Насыр әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) ̶ әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Бір нұсқада Фарабидің руы қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген. Бұл шындыққа жақын келетін сияқты. "Тархан" деген атаудың төркінін екі түрде топшылауға болады. Бірінші жағынан, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған (қазір де мекендеп отыр) тарихқа ертеден мелім қаңлы тайпасында "Тархан" (кейде "Дархан деп те атайды") атты ру болған (қазір де бар). Екінші жағынан Кашқари "Қанды-қыпшақтардың атақтыларының есімі" деп жазады.[5]

Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдары александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өткізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды.  Ол өмірінің соңғы жылдарында Египетке барып қайтқан. Одан бұрынырақ өз Отаны — Түркістанға да ат ізін салған секілді. Кейбір мағлұмат бойынша, сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансур ибн Нұхтың өтінуі бойынша «екінші тәлім» (Ат- талим ас - сани) атты шығарма жазған. Фараби хиджра есебі бойынша 339 жылы раджаб айында (бізше 950 ж. желтоқсанның ая

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!