Материалдар / Ғылыми жоба «Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба «Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба «Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
599
2 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















«Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті»







Жетекші мұғалім:

Жұмыс жүргізуші: Оразғали Назерке Ғалымбекқызы

4- сынып оқушысы

Жаратылыстану бағыты, биология секциясы

















Екпінді ауылы


Мазмұны


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім


1.1 Алоэ өсімдігінің шығу тарихы

1.2 Алоэ өсімдігінің сипаттамасы

2.2.Алоэ өсімдігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік

қасиеттерін анықтау


  1. Қорытынды





































Ғылыми жобаның мәні айқын ашылған аннотация


Ұсынылып отырған ғылыми жобамда оқушыға тың серпіліс бере отырып,

алоэның емдік қасиеттері тақырыбын таңдадым. Осы тақырыпта алоэ өсімдігінің басқа өсімдіктерден ерекшелігі және емдік қасиеттері туралы білдім.Сондықтан алоэ өсімдігі туралы білу, әр оқушының міндеті деп санаймын. Өсімдік тірі табиғаттың бір бөлігі, адамдар үшін емдік өсімдіктердің маңызы зор. Жобамды зерттеп, қорғау арқылы алоэның көбеюі , орны., ерекшеліктерін тиімді пайдалану және емдік қасиеттерін насихаттау.




В предлагаемой научной работе стимулируя интерес учащихся, я выбрал тему о лечебных свойствах алоэ. В ходе исследования мне пришлось получить очень много информации о лечебных свойствах и об отличительных особенностях от других растений. Я думаю, что об

этом должен знать каждый ученик.

Алоэ является частью живой природы и поэтому для людей очень

важно его лечебное свойство. Исследуя, защищая свой проект,

я пропагандирую о росте алоэ, об эффективном использовании и об отличительных особенностях, также о лечебных свойствах алоэ.



In the proposed scientific work stimulating the interest of students, I chose the topic of the medicinal properties of aloe. During the study, I had to get a lot of information about the medicinal properties and distinctive features of other plants. I think about every student should know this.

Aloe is a part of wildlife and therefore for people very

its therapeutic property is important. Exploring, protecting your project,

I promote the growth of aloe, the effective use and distinctive features, as well as the medicinal properties of aloe.













Бәйдібек аудандық білім бөліміне

«Қ Байменов атындағы жалпы орта мектеп» МКМ-ң

4 «Ә» сынып оқушысы Оразғали Назеркенің

«Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттер»і атты зерттеу

жұмысына берілген










Пікір


Оқушы Оразғали Назерке «Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері» атты

шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыстың сапалы жасалғанын айтуға болады. Зерттеу жұмыстарының берері көп екеніне көзім жетті.

Шығармашылық зерттеу жұмысына алоэның халықтық ем мен медицинадағы қолданысы, оның пайдасы, биологиялық құрамы айтылып, жұмыс қызықты мәліметтермен толықтырылған.

Зерттеуші Назерке өз жұмысын қорыта келе, алоэ өсімдігінің пайдасын

дәлелдеп, тәжірибе жасап та көрген.



















Кіріспе

Алоэ өсімдігінің емдік шипасы деген қағиданы ұстана отырып , алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бүгінгі таңдап қорғағалы тұрған тақырыбым « Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері».

Бұл тақырыпты таңдаудағы ойым жетекшім және ұстаздық жолында жүрген апам ықпал етті.Өзім бала күнімнен және мектепке келген күнімде де, бөлме өсімдіктерін күтуді ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған- түйгенімнің арқасында бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атаулының адам өміріне ,олардың денсаулығына тигізетін пайдасы орасан зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас.

Біздің қазақ халқы ерте заманнан бері, дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген. Әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Көп ізденіп зерттеу барысында алоэ өсімдігі туралы деректер жинақтап, қасиеттері туралы біле бастадым.

Атап айтылған алоэ өсімдігін орыс халқы оны столетник жүзжылдық деп

атайды. Қазіргі технологияның қарқындаған заманында ауаның түрлі себептермен ластанып кетті. Соған байланысты ауру түрлері де, көбейіп барады. Алоэ өсімдігінің тоқсаннан астам түрлері бар.

Табиғи алоэның отаны Африкадағы Капландия жері.

Бұл жерде биіктігі 20 метрдей ірі ағаш, қызғылт-сары шашақты,жағымсыз

иісті гүл ашады. Оның иісінің нашарлығы сондай, қасына барған адамның басы ауырады.

Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді деп айта аламын. Өкінішке орай аяғымыздың астындағы жатқан өсімдіктерге мән бере бермейміз.Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол аурулардың емін іздеп, мәселені шешу іздестіру қажет.

Алоэ өсімдігін зерттей келе, оның үй ішінде мәңгі өсірілетін жасыл

өсімдік екенін білдім. Сонымен қатар алоэ өсімдігі өсіп тұрған бөлменің өзінде, таза ауа болатынын байқадым. Өйткені алоэ өсімдігі өзіне көмір қышқылын тартып, оттегіні бөлетін де қасиеті бар. Алоэ өсімдігін қорғау , іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында.





Зерттеудің мақсаты мен міндеті.

Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты алоэ өсімдігінің түрлерін,

олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.Тіршілік барысында алоэ

өсімдігі ауаны тазартып, улы газдарды бойына сіңіретінін, емдік қасиеттері бар екенінен мағлұматтар алдық.

Осы мақсатқа жету үшін мына міндеттер қойылады.

  • ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау;

  • алоэ өсімдігінің биологиясын анықтау;

  • алоэ өсімдігінің өсуінің ерекшеліктерін анықтау;

- алоэ өсімдігінің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары;

- алоэ өсімдігінің адам ағзасы ұшін емдік қасиетін анықтап, емдік шипа ретінде қолдану.

Осыған орай мен алоэның отаны Оңтүстік Африкада шөл далада ,

Мадагаскарда кездесетінін білдім. Алоэ бөлме өсімдіктерінің ішінде ең

көп тараған өсімдік. Гүлдеуі өте сирек, бірақ та көп пайда келтіреді .

Алоэ үй ішінде өсірілетін мәңгі жасыл өсімдік. Жапырағы шырынды,

айналасы тікенекті келеді. Гүлі қызғылт сары түсті. Үй ішінде өте сирек гүлдейді. Алоэны Закавказье тәжірибе станциясының плантациясында өсіреді. Дәрі –дәрмек жасауға алоэның төменгі және ортаңғы жапырақтарынқазан-қараша айларында жинайды. Оның жапырақтарында

алоээмодин, алоин,наталоин,гамонаталоин, раборберон заттары бар.

Қазіргі кезде алоэдан әр түрлі преператтар даярлап көз, асқазан,ішек ауруларын емдеуге қолданады.

Бұл ауруларды емдеуге алоэ сөлі былай дайындалады : алоэның төменгі немесе ортаңғы жапырағын кесіп алып, қайнаған сумен жуып, тазалап

02- 03мм етіп уақтап,дәкеге орап , сығып, сөлін жинайды.

Осылай жинаған сөлді күніне 2-3 мезгіл тамақтанар алдында 20-30 минут бұрын 1 шай қасықтан ішу керек. Ал дәріханаларда алоэныңт сыртқы

Жараны емдеуге, ішуге арналған арнайы препараты сатылады.

Алоэның аурудың алдын алуға маңызы эор. Сондықтанда менің қорғайын деп отырған алоэ өсімдігім, адам үшін аурудың алдын алуға , емдік қасиеті бар маңызы өте зор өсімдік. Тұрақты тұрмыста қолдануға, гүл өсіруші әуесқойларға теңдесі жоқ өсімдік екеніне сенімдімін.





ІІ. Негізгі бөлім

    1. Алоэның шығу тарихы

Алоэ — лалагүл тұқымдасына жататын, қуаншылыққа төзімді көп жылдық бұта. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімдідік (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Бөлме өсімдіктері адам ағзасына өте пайдалы, бөлмеге түрлі өсімдіктер өсіруді әдетке айналдырыңдар.

Алоэнің ең көп тараған түрі — нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады. Тағыда көптеген гүл тектес, ағаш тәріздес емдік түрлері бар.



Оның құрамында глюкозид, эфир майы, дәрілік заттар бар.

Отаны – Оңтүстік Африка. Таралуы: Африка мен Индияның жартылай шөл далаларында, Мадагаскарда кездеседі. Алоэ - асфоделовтар тұқымдасының суккулентті өсімдіктер туысы, 400 түрі бар. Олар мәңгі жасыл немесеалабажақ, шөптесін, бұта, ағаштектес көпжылдық өсімдік. Суккулентті, жапырағының жиектері тегіс немесе ара тісті.

Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тарағаны. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақ та жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Алоэ, әдетте, оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1л суға 1г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады. Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп соғады. Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің су сақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды. Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады. Суды тек топырақ құрғаған кезде ғана құйған абзал.

Көбеюі: Жас өсімдікті жыл сайын отырғызады,ересектері әр 2-3 жылда жақсы топыраққа отырғызылады. Алоэының көбінесе шілде мен тамызда немесе көктемде көбейтеді.Олардың көбею мүшелері 10-12см болуы керек, сонымен қоса 1 тәулік ауада ұстаған жылытопыраққа 1см тереңдікте, бөліктер арасын 3-5 см-дей етіп отырғызады.Тамыры пайда болғанда отырғызуға болады. Алоэның тұқымы мен де өсіруге болады. Тұқымын ақпан,наурыз айларында себеді. Температурасы 250С –тан төмен болмауы тиіс. Жалпы алғанда тұқым арқылы, жанама тамырлар арқылы және жапырақ сабақтары арқылы көбейеді. Көбейту процесі тұқым, жанама тамыр және сабақты құмды топыраққа отырғызу/егу арқылы іске асады.

Алоэның пайдасы

Өкпе туберкулезі Иммунитет Тәбет ашады Ангина

Күйік Жөтел Жараларды жазу Суық тию

Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту

Рак жасушаларының өсуіне тосқауыл жасайды











    1. Алоэ өсімдігінің сипаттамасы

Алоэның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Оны Египетте, кейін Индияда, Италия, Грецияда сыртқы күйіктерге арнап қолданды. Орыс медицинасында жапырақ сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б. сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді

Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады. Ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді. Алоэ вераны жеңіл күйік пен жарақаттарды емдеуге пайдалануға боалды. Бұл өсімдіктің қою да созылмалы шырыны ауыру мен қышығанды басады. Инфекциядан жазылуға және оның алдын алуға көмектеседі.

Алоэның жапырағын кескенде дәмі ащы сары түсті шырын ағады, ол шырыннан медицинада түрлі дәрілер жасайды. Алоэ дәрісі — асқазан, ішектегі жараларға, дизентерияға, терідегі іріңдеген жараларды жазуға пайдаланылады. Туберкулез ауруына қарсы қолданады. Абайсызда қолды пышақ кескенде, іріңдеген жара шықса, алоэ жапырағын ортасынан қақ жарып жараға таңып қоюға болады.

Жапырақ сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әр түрлі микробтарға қарсы тұра алады. Химиялық медицинада алоэның шырыны жараны таңуға, әр түрлі тері ауруларына пайдаланады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданады. Халық медицинасында жаңа жапырақтарды күйікті жазуға, дерматитке қарсы дәрі ретінде қолданылады. Алоэның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады.

Picture 1

Академик В.П.Филатов алоэның жапырағын түнде яғни 4-8 рет ұстауы ескертеді, себебі осы уақытта алоэ жапырағында негізгі заттар жинақталады. Олар ұлпа жұмысын жақсартады. Бұл заттар биогенді стимуляторлар деп аталады. Осы әдіс көптеген жазылмас аурудың алдын алуға көмектеседі. Тері сыртындағы іріңді жара, күйік, қағынған жараларға өсімдіктің жапырағы мен сөлін қолданады. Көздің де әр түрлі жұқпалы аурулары үшін қолданылады. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында, асқазан ауруларына қарсы қолданады. Кейбір шырындарға қосады.

Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды.

Жинау уақыты: жыл бойы.

Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.

Алоэның қарсы көрсетілімдері

өт жолдары аурулары

бүйрек, бауыр аурулары

гипертония

-гемморой

-жүктілік мерзімі

Алоэның қолданылуы және басты ем болатынаурулары және дайындау әдістері:


2.2. Алоэ өсімдігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау.

1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.

2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.

3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.

4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.

6. Адамның тәбетін ашуға, іш қатқанда, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем.

7. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Адамдар ерте замандардан бері алоэ өсімдіктің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.

Оның дәлелі халық даналығынан жинақтаған менің сіздерге ұсынып отырған төмендегі қоспаларым:

1 қоспа

Жаңа жапырақ сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз, май, 100 бөліктей какао, алоэның жапырағының 15 бөлігін 1 шай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз.Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек


2 қоспа

Әлсіреткіш қоспа ретінде келесі қоспа дайындалады:

150 гр алоэ жапырағы (тікенімен бірге) қолмен езіп, 300 гр ыстық бал қосады, қайнағанға дейін ысытады. Тәулік ұстап, сосын ысытады.

Тамақ ішер алдында 1 сағат бұрын әр таңертең 5-10 гр қолдану қажет.


3 қоспа

Қолмен алоэның жапырағын езіп, күніне сөлін 3-4 тамшы алып, мұрын қуысы ауруына қолданады.

4 қоспа

Сөлін балмен араластырып, бронхитқа қарсы күніне 3 рет шай қасықтың 1/2 бөлігін пайдаланады.

5 қоспа

Жараларға жапырағын ортасынан кесіп, ылғал жағын таңады.


6 қоспа

Жапырағын кесіп, тазалап жуып, мясурубкадан өткіземіз. Бал қосамыз. Асқазан қыжылына 1 шай қасықтан қолданады


7 қоспа. Жапырақты кесіп, қолымен қысып сөлін алып, балмен араластырады. Бұл қоспаны суық тигенде 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы суға қосып ішеді.

Міне, осындай емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Алоэ өсімдігін пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Алоэ өсімдігі жанға шипа, дертке дауа болады. Алоэ бөлме өсімдіктер ішінде ең көп тараған. Өзінің әсемдігімен көздің нұрын алады, гүлдеуі өте сирек, бірақта жұмыс жазу барысында ұққаным өсімдік көптеген пайда әкеледі. Мен өз сыныптастарымның арасында осы өзімнің жұмысыма байланысты пікірталас жүргіздім. Алоэны сыныптастарымның арасында кеңінен насихаттадым.

Picture 2

Денсаулығымыз мықты болу үшін батпандап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін алоэ өсімдікпен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналсу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасының қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да ат салысамыз.

Ерте заманнан алоэ өсімдіктің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор. Осы дәрілік өсімдікті пайдалана отырып, мектеп жасындағы балалар және жас сәбилер жиренбей іше алатын, түрлі дәмдеуіштер қосылған, дәмі жағымды дәрілер жасалса нұр үстіне, нұр болар еді.

Зерттеу жұмыстарының оң нәтижелерін көре отырып, мынадай ұсыныстарды алға міндет етіп қойғым келеді:

мектеп оқушыларына өз жерінің дәрілік өсімдіктерін таныту мақсатында жазғы демалыстарында мамандар немесе мұғалімдер топсеруендер ұйымдастырса;

мектеп қабырғасынан емдік қасиеттері бар бөлме өсімдіктерін арнайы өсіріп, баптап, зерттеп, күтетін бұрыш берілсе;

тек дәрілік өсімдіктерді және олардың емдік қасиеттерін жарнамалайтын дәріханалар ашылса;

дәрілік өсімдіктерге түрлі дәмдеуіштер қоса отырып, жас балалар жиренбей іше алатын түрлі — түсті кәмпиттер секілді дәрілер жасалса.


Осы зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, бүгінгі тыңдармандарға және өзімнің замандастарыма, достарыма үндеу тастағым келеді.

Алоэ өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, оларға күтіммен қарауын өз достарыма ұсынамын.

Алоэ өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістері мен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.

Халық еміне байланысты қоспа жасау зертханалары ашылса.

Егеменді, тәуелсіз мемлекетте тұрып салауатты өмір салтын сақтай білейік!




«Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеті» атты бұл зерттеу жұмысын таңдап, 2018 жылдың қыркүйек айынан зерттей бастадым.

Зерттеу мақсатым: Алоэ өсімдігін зерттей отырып, емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау.

Міндетім:

  • бөлме өсімдігі алоэның ерекшелігін таныту

  • алоэ өсімдігі арқылы жасалатын қоспалары жинақтап, кітапша жасау

қоспалары жасап, қолдану.

Зерттеу нысаным: Алоэ өсімдігі

Зерттеу жұмысымның негізгі болжамым:

Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.

Зерттеу жұмысымның әдістемесі:

- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;

-Тәжірибелер жүргізу.

Зерттеудегі жаңалығым:

-Алоэ өсімдігінің емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама беру.

Нәтижесі:

-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:


2500 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!