Ғылыми жоба "Арал өлкесінің жасыл энергетикасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Арал өлкесінің жасыл энергетикасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

8 «Б» сынып

География

Өлкетану



Shape2



57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі

Жетекшісі: Жұмашова Жанар



Ғылыми жетекші: Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік

Университетінің «География, экология және туризм» кафедрасының доценті Канитаева К.П.

АБСТРАКТ



Зерттеу мақсаты: Арал ауданындағы «Жасыл энергетика» көздерін зерттеп, ұсыныстар беру.

Зерттеудің болжамы: Арал ауданы аймағындағы «Жасыл энергетика» көздерін анықтап, олардың халық шаруашылығана пайдалану жолдарын зерттеудің ғылыми болжамын айқындау.

Зерттеу кезеңдері, процедуралары: Аудан көлеміндегі жел қуаты, күн сәулесінің мөлшері, жер асты суларының температурасы, малды ауылдардағы жиналатын қи мөлшері яғни биоэнергетика көлемін анықтау.

Сараптау әдісі: Сараптау Арал аудандық «Сарбұлақ» су торабы лабораториясында жүргізілді.

Зерттеу жаңалығы:

1. Ақеспедегі жер астынан шығып жатқан ыстық суды пайдаланып жылыжай жасау.

2. Өлке аумағындағы ашық күндер мен күн сәулесінің ккал мөлшерін анықтау.

3. Биоотынды пайдалану жолдарын ұсыну.

4. Өлке аумағында болатын жел қуатын пайдалану мөлшерін анықтау

Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары:

Өлкеміздің Күн, Жел, геотермальды энергия көздерін зерттеу, биоотыннан алынатын баламалы энергия көздерін шаруашылыққа пайдалану.

Зерттеу нәтижелердің іс жүзіндегі қолдану салалары: бақшалық жылыжай, алыстағы мал ауылдары, елді мекендердегі тұрғынжайлар.









Мазмұны

I.Кіріспе



II.Зерттеу бөлімі



2.1. Жасыл энергетиканың маңызы



2.2. Өлке аумағындағы баламалы энергия көздері



2.3. Күн энергиясын пайдалану



2.4. Жел энергиясын пайдалану



2.5. Ақеспедегі ыстық су



2.6. Биоотын – ел байлығы



III.Қорытынды



Пайдаланылған әдебиеттер









Кіріспе



Зерттеу жұмысының өзектілігі

Өлкеміздегі күн, жел қуаты, Ақеспедегі ыстық су, биоотын мөлшерін анықтап пайдалана білсек, ел экономикасына айтарлықтай пайда әкелетіні рас.

«Жасыл экономика» — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай,газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты.

Өлкеміздің жасыл энергетикалық қуатын анықтау, шаруашылыққа пайдалану жолдарын қарастыру.

Міндеті:

Ақеспедегі ыстық судың қуатын анықтау, күн, жел, биоотын мөлшерін анықтау.

 Зерттеу әдістері.

Су құрамын арнайы зертханаларда физика – химиялық, яғни фотоколориметриялық әдіспен зерттеулер өткізу.













II. Зерттеу бөлімі



2.1. Жасыл энергетиканың маңызы

Заман көші алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып барады. Өндірісті дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгілі. Бұл жолдан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы – «жасыл экономиканы» дамытудың маңызы зор. Осы ретте біздерге Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі дәстүрлі емес қуат көздерін өндіруге ерекше серпіліс беріп отыр.

Қазақстанда баламалы энергия көздерін дамытудың әлеуеті аса жоғары. Мамандар еліміздің гидроэнергия, жел және күн энергиясынан алынатын қуат көзінің ресурстық әлеуеті 1 трлн. кВт/сағатқа тең келетінін алға тартуда. Ақиқат айтсақ, Қазақстанда жел энергиясының қуаты ешқашан сарқылмайды. Бұл ретте Жоңғар қақпасында толассыз соғатын қуатты жел екпінін және Алматы қаласындағы Шелек ауданындағы жел энергиясы көздерін айтсақ жетіп жатыр. Сондай-ақ, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі сарқылмас жел энергиясы да келешектегі балама қуат көздерін өндіру үшін таптырмас ресурс. Соның ішінде, біз тұратын Арал ауданы Қазақстанның батыс бөлігі. Бүгінде Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі Тұжырымдамасын дайындау үстінде. Болашақта Қазақстан бұл салаға жыл сайын бөлетін қаржылық ресурстарды жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына дейін көтеруді қарастырып отыр. Бұл ақшаға шаққанда 3-4 млрд. долларды құрайды. «Жасыл экономикаға» көшу үшін бірінші кезекте табиғи ресурстардың тиімділігін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, жетілдіру, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Бұл орайда, тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жұмысын жандандырудың да мәні зор. Тұжырымдамада тұрмыстық қалдықтарды өңдеу секторын құруға баса мән берілген. Оның халықты жұмыспен қамтудағы әлеуеті үлкен. Құжатта 2030 жылға қарай елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және санитарлық сақтау деңгейін 95 пайызға жеткізіп, оларды өңдеуді 40 пайызға дейін көтеру қарастырылған. Ал 2050 жылы елімізде тұрмыстық қалдықты кәдеге жарату 50 пайызға дейін жоғарылайды деп күтілуде. Бұл кезеңде бір ғана «жасыл экономикаға» көшу арқылы біздер 500 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтитын боламыз.

Қоғамда «жасыл экономика» сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін ел Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіленді.

Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Жасыл экономикаға байланысты мынадай іс-шаралар жүргізу көзделуде:

- экономикалық қызмет және энергетиканы әртараптандыру: өңірлік «жасыл» кластерлердің құрылысы, энергия көздерін әртараптандыру;

- әл-ауқаттың өсуін ынталандыру және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендету: ауа, жер мен судың ластану деңгейін төмендету, ең маңызды экожүйелер мен маңызы бар ұлттық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету.

  Еліміздің «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасы үш кезең бойынша іске асады деп жоспарлануда.

Бірінші кезең 2013-2020 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды пайдалануды оңтайландыру және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құру жұмыстары қолға алынбақ.

Екінші кезең - 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым базасында суды тиімді пайдалануға, жаңартылатын энергетика технологияларын дамытуды көтермелеп, ынталандыруға және оны кеңінен пайдалануға, сондай-ақ құрылыстарды энергия тиімділігінің жоғары стандарттарының базасында салуға бағдарланған ұлттық экономиканы жаңарту жұмыстары кең көлемде іске асырылмақшы.

Үшінші кезең 2030-2050 жылдар ұлттық экономиканың табиғи ресурстардың жаңартылуы мен орнықтылығы қағидаттарында пайдалануды талап ететін «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» деп аталатын қағидаттарға көше бастаймыз.Осы ретте тұжырымдама «Агробизнес – 2020» бағдарламасымен де сабақтасады және су ресурстарын басқару жөніндегі 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу жоспары да аталмыш тұжырымдаманы басшылыққа алмақ. 

Президент Жарлығына түсіндірмеде, «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды», деп аталып өтілген.

Президент ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттері деп: ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру; қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу; қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру; ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып табылатындығы атап өтілген.

2.2. Өлке аумағындағы баламалы энергия көздері

Мен тұратын Қызылорда облысы, Арал ауданы Қазақстанның оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Біздің ауылда 2000- ға жуық халық бар. Бір мектеп және бір аурухана жұмыс істеп тұр. Халықтың электр энергиясына деген қажеттілігі күн санап артып келеді. Ауылымыздың айналасында қаншама жеке мал шаруашылығымен айналысатын шағын малшы ауылдар бар. Осыларды ескере отырып неге біздің ауылдың Жасыл энергетикасын пайдаланбасқа деген ой келеді. Біздің өлкеде Күн сәулесінің қуаты да, Желдің қуаты да, биогаз жасау шикізатының қоры да мол. Әсіресе Ақеспедегі жер астынан шығып жатқан ыстық суды осы уақытқа дейін емдік мақсатта пайдаланып келе жатыр.

2.3. Күн энергиясын пайдалану

Әлемдік тәжірибеде күн энергиясын пайдалану да тиімді әдістің бірі саналады. Еліміздің табиғи жағдайы күн энергетикасын дамыту үшін аса қолайлы екендігі баяғыда-ақ дәлелденген болатын. Мәселен, оңтүстік өңірлерде жүргізілген зерттеулер қорытындысы күн сағаттарының саны жылына 2200-2300 сағатқа жететіндігін көрсетті. Жалпы, әлемде күн энергиясын электр ретінде қолдануы шынайы жүзеге асуы үшін, ғалымдарға көптеген кедергілерден өту керек болды.

Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios — күн, және энергетика) — күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй-жайларды, жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жьшу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары және т.б.) пайдалану. Мысалы, Батыс Еуропада тұрмыста күн коллекторын пайдалану.[1] Күн қуаты - шешуші экологиялық факторлардың бірі. Атап айтқанда жарық жерде өмір сүретіндердің барлығына дерлігін фотосинтез арқылы энергиямен және құнарлы заттармен қамтамасыз етеді. Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғылардың бірі – Күн батареялары. Күн батареясы немесе фотоэлектрлік генератор – Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0,5-0,55 В-қа тең және ол оның ауданына тәуелсіз (1 см² ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы – 35-40 мА). Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты. Яғни күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде, ол ең үлкен мәніне жетеді. Қазіргі Күн батареяларының пайдалы әсер коэффициенті – 8-10%, олай болса 1 м² ауданға тең келетін қуат шамамен 130 Вт-қа тең. Температура жоғарылаған сайын (25ºС-тан жоғары) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының пайдалы әсер коэффициенті кеміп, Күн батареяларының жиынтық қуаты ондаған, тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареяларының өлшемдері әр түрлі болады. Мысалы: микрокалькуляторда орнатылғандарынан бастап, ғимараттар шатырлары мен автокөліктер төбелеріне орнатылатындарына дейінгі өлшемдерде. Сондай-ақ Күн батареялары ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау жүйесіндегі негізгі электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Ал тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды – калькулятор, қол сағаты, плеер, фонарь, т.б. токпен қоректендіру көзі де Күн батареялары болып табылатындығы бәрімізге белгілі.  

Үлкен өлшемді Күн батареялары Күн коллекторлары сияқты тропикалық және субтропикалық аймақтарда бүгінде кеңінен қолданылуда. Әсіресе, әдістің осы түрі Жерорта теңізі елдерінде көп тараған. Бұл елдерде Күн батареяларын үй шатырларына орналастырады. Ал Испанияда 2007 жылдың наурыз айынан бастап жаңадан салынған үйлер Күн су жылытқыштарымен жабдықтала бастады. Ол ыстық суға деген сұранысты 30%-дан бастап 70%-ға дейін қамтамасыз ете алады.  

Жылма-жыл Күн батареяларының түрлері жаңа технологиялық тұрғыдан жетілдіріліп, толықтырыла түсуде. Соңғы уақытта Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің полимерлер және органикалық қатты бөлшектер орталығының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты Алан Хигер мен Гванджудағы Корей ғылым және технология институтының ғылыми қызметкері Кванхе Ли мен олардың әріптестері тандемдік полимерлі Күн батареяларын жасап шығарды. Жаңа батареялар авторлары спектрдің кеңірек диапазонын қолдану үшін жұтылу сипаттамалары әр түрлі екі фотоэлектрлік ұяшықтарды бір бүтінге жалғастырды. Нәтижесінде батареяның пайдалы әсер коэффициенті 6,5%-ға тең болды. Күн батареясының бұл түрі өзінің арзандылығы және оны жасаудағы қарапайымдылығымен ерекшеленеді

Ал біздің өлкеде күн сәулесінің түсу ұзақтығы мен күн радиациасының қарқынды түсуі электр энергиясын өндіруге  қолайлы. Біздің өлке 46°56′41″ с. е 61°37′01″ ш.б орналасқан. Қазіргі кезде күн батереялары қолжетімді. Бірақ өндірістік сипатқа ие емес. Менің ұсынысым: Күн панельдерін орнату арқылы өз ауылымыздың энергия қажеттілігін қанағаттандыру. Ол үшін өлкемізде гелиостанциялар жасау экономикалық тұрғыда өте тиімді болар еді.

2.4. Жел энергиясын пайдалану

Жел – қуат көзі

Қазір жекелеген үйлерді немесе елді мекендерді энергиямен қамтамасыз ету үшін әлемде жарты миллионнан астам жел энергетикасы қондырғылары орнатылған. Олардың басым көпшілігі ҚХР мен АҚШ-тың үлесіне тиеді. Жел күші арқылы электр энергиясын өндіру бүгінгі таңда ең тиімді және үнемді әдіс бола тұрса да, бұл технология әлі де барынша кең қолдау таба алмай отыр. BP Statistical Review of Word Energy агенттігінің мәліметі бойынша, балама энергетика көздерін дамыту жөнінен дүние жүзінде 5 мемлекет көш бастап келеді. АҚШ Германия Испания Қытай Бразилия.

Жел генераторлары арқылы өндірілген электр қуаты Қытай Халық Республикасында барлық электр қуатының 3 пайызын ғана құрайды.

«Казсельэнергопроект институты» ЖШС-ның мәліметі бойынша, қазір Қазақстанның 45 өңірінде жел электр стансаларының құрылысын салу жобалануда. Мамандардың пікірінше, бұл орайда, қуаты 100 кВт болатын шағын жел агрегаттарымен бірге қуаты 2 МВт және одан да жоғары болатын жел агрегаттарын салу тиімді болмақ. Осыған байланысты, еліміздің өңірлеріндегі жел әлеуеті жоғары 8 алаң таңдап алынды. Олардың ішінде Жамбыл облысының Қордай кенті, Оңтүстік Қазақстан облысының Жүзімдік кенті, Астана, Форт-Шевченко, Атырау, Ерейментау, Арқалық, Қарқаралы қалалары бар.

Қазақстанның дәстүрлі жел энергиясы қондырғыларын пайдалану кезіндегі жел энергетикалық әлеуетін пайдаланудың техникалық мүмкіндігі 3 млрд. кВт/сағ. бағалануда.

Жоңғар қақпасындағы жел энергетикалық ресурстары барынша маңызды болып табылады (17000 кВт сағ/ш.м.). келешегі бар басқа аудандардан Ерейментау (Акмола обл.), Форт-Шевченко (Каспий теңізінің жағалауы), Қордай (Жамбыл обл.) және басқаларын атап кетуге болады.

Статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жаңғыртылатын ресурстар мен энергия көздерінің теоретиялық потенциалы жылына шамамен 1820 млрд. кВт/сағ құрайды, бұл республиканың барлық отын-энергетикалық ресурстарын пайдалану көлемінен 25 есе асып түседі, ал экономикалық әлеует 110 млрд. кВт/сағ. деп бағаланып отыр, бұл ҚР энергоресурстарды жылдық ішкі тұтынудан 1,5 есе көп [31,32,33].

Және жел потенциалының бірқатар жерлердегі тығыздығы 1 ш.км. – 10 МВт құрайды. Солтүстік, Орталық, Батыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның аудандарының ресурстары жоғары, әсіресе Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізінде, сондай-ақ Астана, Форт-Шевченко және Арқалық, бұл жерлерде желдің орташа жылдық жылдамдығы сәйкесінше 7-9 м/с және 5-9 м/с құрайды [19, 24, 27, 41].

 Қазақстан аумағындағы жел энергиясының ресурсы

 N

Аймақ

Қамтитын аумақ, мың.км2

Әлеуметтік ресурстар, млрд.кВт сағ

КПД ЖЭҚ әлеуметтік есеппен, млрд.кВт сағ


Шығыс Қазақстан

277,1




Оңтүстік-Шығыс

223,2




Оңтүстік Қазақстан

499,9




Солтүстік Қазақстан





Орталық Қазақстан

762,2




Батыс Қазақстан





Барлығы

2718,1



Жел электростансалардың бірнеше жобалары дайындықтың қандай да бір сатысында тұр. Жаһандық экологиялық қордың ақпаратына сәйкес, 2015 жылға дейін жел стансаларының бірлескен қуаттылығы 250 МВт жетуі мүмкін, ал олардың электр энергиясын шығаруы – жылына 750-900 млн. кВт сағ жетуі мүмкін ( ҚР Электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 0,6%).

2030 жылға қарай бұл көрсеткіштер сәйкесінше жылына 2000 МВт және 5 млрд. кВт сағатқа. жетуі мүмкін (ҚР электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 2,7%) [18, 21].

Жылу базаларынан және электрмен жабдықтаудың орталықтандырылған электрлік желілерінен біршама қашықтықта жатқан жерлердегі жел қондырғыларын пайдаланудың да әлеуеті жоғары, өйткені отынды жеткізу немесе электр берілісінің желілерін төсеу үлкен қаржылық шығынды қажет етеді.

ЖЭС салу құрылысына зерттелген аумақтар

Аумақтың атауы

Жел жылдамдығы,м/с (80 м жоғары)

ЖЭС Қуаты, мВт


Жоңғар қақпасы

10,1

50-250


Шелек қақпасы

8,01

50-300


Кордай

6,06



Жүзімдік-Шаян

7,61

50-350


Астана

7,25



Ерейментау

8,09

50-500


Қарқаралы

5,91



Арқалық

7,52

10-50


Атырау

7,88

50-100


Форт-Шевченко

8,43


 

2.1-сурет. Жел электр стансаларын орналастыру сұлбасының картасы

Е ліміздің көпшілік бөлігі үшін (аумақтың 80-85%) жел жылдамдығының өнімді жұмысы 2,5-3,0 м/с болғанда, ал желдің жұмыстық жылдамдығы 7-9 м/с аспайтын ЖЭҚ пайдалану тиімді болмақ.

Қазақстанда қашықта орналасқан елді мекендер көптеп саналатын жағдайда, солардың көпшілігінде электр берілісі желісінің жоқтығы, орталықтан жеткізушіге экономикалық тұрғыдан алыстағы шаруашылықтарды, қыстақтарды және теміржол разъездерін, жолы қиын жерлерде орналасқан елді мекендерді, шағын фермаларды, шопандар тұрағын, кэмпингтерді және т.б. электр энергиясымен жабдықтау тиімді емес.

Бұл мәселені шешудің тиімді тәсілі нарыққа электр энергиясының конструкциясы желдің 45 м/с және одан асатын жылдамдығына төтеп беретін жергілікті көздерін қолжетімді бағамен жеткізу болып табылады.

Жел электр станциясы — желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы. Ол жел қозғалтқышынан, электр тогы генераторынан, олардың жұмысын басқаратын автоматтық құрылғыдан, оларды орнату және қызмет көрсетуге арналған құрылыстардан, ғимараттардан тұрады. Желсіз күндерде жұмыс жасауы үшін резервтік жылулық қозғалтқышпен, аккумулятор батареяларымен, гелиоқондырғылармен толықтырылады. Әдетте, жел электр станциясы тұрақты ток генераторларымен жабдықталады. Ол аккумулятор батареяларын зарядтайды. Ал тұтынушыларға қажетті айнымалы ток инвертор деп аталатын арнайы құрылғыдан алынады. Инвертор тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіретін құрылғы болып табылады. Жел электр станцияларын жел жиі тұратын жерлерде, орталықтандырылған электрмен жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мекендерде, далалық, шөлейтті, т.б. жерлерде қолданады. Жел энергетикасы қондырғысының қуаты 100 кВт-тан бірнеше МВт-қа дейін жетеді. Ең қуатты (3 МВт) жел энергетикасы қондырғысы Германияда салынған (1983). Қазіргі кезде бірлік қуаты 15 МВт-қа дейінгі жел энергетикасы қондырғысы жобалануда.[1]

Біздің өлке Орталық Қазақстанмен бірдей ендікте орналасқан. Желдің жылдамдығы 7-8 м\сек-тан артық. Жылдың 300 тәулігіне жуық жел соғып тұрады. Бұл желдердің қуаты 1 млрд кВт. Жел күшін пайдаланатын құрылғы салу өте тиімді жоба болар еді.

2.5. Ақеспедегі ыстық су

Бұл ұңғыма 1986 жылы Шымкент Георазведка мекемесі 1200 метр тереңдікте бұрғылау жұмысы кезінде ашылған. Сол жылдан бері халық ем ретінде суын пайдалануда. Бұл ыстық суда адам денсаулығына жетіспейтін пайдалы минералдар көп. Ыстық су – тері, буын, денедегі салқынға, жүйке ауруларына т.б. пайдалы.

Ыстық судың температурасы 620.

Осы ыстық суды осы уақытқа дейін қана емдік мақсатта пайдаланып келді. Менің ұсынысым: Бұлаққа жақын 2 шақырым жерде Ақеспе ауылы бар. Онда 100 дей отбасы тұрады. Ауылда мектеп, балабақша жұмыс істейді. Бұлақ маңынан жылыжай салса, жер астынан шығып жатқан жылысу арқылы қысы-жазы көкөніс өсіріліп халықты балғын экологиялық таза өніммен қамтамасыз етер еді. Қазіргі күні әлемде жылыжай кешенінің нешеме түрі бар. Бұл тарапта Голландия, Қытай және Израиль секілді елдерде жаңа технологиямен жасалған жылыжай кешендерінің құны қымбат. Шамамен 40 м2 жерден бастаса болады. Температураны бір қалыпты етіп ұстауға жылы су бар. Сарбұлақтың тұщы суы ауылға келіп тұр. Топырақты тыңайту жұмысына қажетті шикізат ауылда мол. Ендігі құрылыс материалдары мен мамандар болса болғаны.

Нәтижесінде:

  1. Жылыжай арқылы оқушылар өсімдіктер туралы білімдерін кеңейтеді.

  2. Жылыжайда биология сабағынан «өсімдіктер» бөлімі бойынша практикалық жұмыстар жүргізеді.

  3. Оқушылар жылыжайда көкіністер өсіруді , оларды күтіп баптауды үйренеді.

  4. Жылыжай мектеп оқушыларын және ауыл халқын да экологиялық таза көкіністермен қамтамасыз етеді.

  5. Өнімдерді сатудан түскен пайдаға үздік оқушыларды мадақтауға, түрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың  жеңімпаздарын ақшалай көмектесуге мүмкіндік  туады.Қалған қаражаттың бөлігі мектепте ұйымдастырылатын мерекелер мен іс- шараларға жұмсаймыз.

  6. Егер жылыжай болашақта жақсы нәтиже беріп жатса , онда біз ауданын үлкейтіп, жеміс ағаштарын, қылқан жапырақты өсімдіктерді өсіріп , ауыл халқына көшеттерді сату арқылы да пайда көреміз деп отырмыз.

  7. Экологиялық таза өнімдерімізді мектеп асханасына тапсырып , оқушыларымыздың денсаулығын нығайтуға септігімізді тигіземіз.

  8. Жылыжайда өсірілген гүлдер арқылы мектеп жанындағы оқу – тәжірибе үлескісін және мектеп дәліздерін көгалдандыруға үлес қосамыз деп ойлаймыз.

  9. Барлық оқушылар үшін мектепте арзан ыстық тамақпен ұйымдастыруға мүмкіндік болады.

  10. Жергілікті  халық  гүлдер мен көкөністердің  өсірілген көшеттерімен  (қырыққабат, сәбіз, қызылша) қамтамасыз етіледі.

  11. Ерте көктемде мектеп жылыжайында  сату үшін және оқу-тәжірибе үлескісі үшін көшеттер  өсіріледі . Жаздың алғашқы айларында  -  ақ жас жаңа піскен көкөністер ала алады.Түскен пайда мектеп асханасына және материалдық – техникалық базаны жақсартуға жұмсалады.

Біз судың химиялық құрамын сараптамадан өткіздік.

Picture 16 Ақеспе суының химиялық құрамының сараптамасы. Сарбұлақ мекемесі лабороториясында жасалды. Қорытынды көрсеткендей суғаруға жарамсыз, тұздылығы жоғары. Құрамында темір, фтор, марганец бар.

2.6. Биоотын – ел байлығы

Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын.

Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі). Биогаз – көмірқышқыл газы мен метан қоспасынан тұратын органикалық қалдықтарды (биомассалар) ашыту арқылы алынған өнім. Биомассаларды ашыту метаногенді классты бактериялардың әсерімен жүзеге асырылады. Қиды отынға айналдыру баяғыдан белгілі. Қидан отын жасаудың жаңалау әдісі -биогаз өндіру.

Біздің ауылдың негізгі шаруашылығы мал болғандықтан, малдың қиы жылда тонналап жиналып қалады. Жылда жазғытұрғы уақыттан бастап тұрғындар малдың қиын қайда жіберерін білмей, ауыл сыртына апарып төгіп тастайды. Демек, шикізат қоры шексіз деген сөз. Ал енді биогазға айналдыру техникасын енгізсек онда тиімділігі артар еді.

III.Қорытынды

Бүгінгі оқушы- ертеңгі жаңа әлем. Әлемді қайта құру жас өрен біздердің міндетіміз және қолымызда. Ғылыми жұмыста ғалымдарымыздың жел энергиясын пайдаланудағы теориялық және практикалық еңбектеріне сүйене отырып, менде жел энергиясын пайдалану , біріншіден табиғатқа зиянын келтірмейді, ауаны ластамайды. Екіншіден баламалы арзан қуат көздерін алуға болады.

Елестетіп көрейік ,бүкіл әлемнің жер астындағы көмірі қазылып алынып, ол жағылса. Қоқысы ғаламшарымызды басып, түтіні ауаны ластап, жер шарының келбеті адам шошырлық халге түсері анық. Жер астының үңірейіп қалған кеніш орындары ше?! Сол себепті адамзат алдында зор міндет тұр. Дәстүрлі энергетикалық отынның бағасына тәуелділіктен құтқаратын, экологиялық таза қуат көздері қажет. Жел энергиясын қолдануға бет бұру – өзіміздің өмір сүріп отырған ортаға деген перзенттік жанашырлығымызды да аңғартатын жаңа көзқарас.

Қазір біздің ғалымдарымыз – жыл мезгілдеріне, жер рельефіне байланысты жергілікті ауа қабаттарының қозғалу заңдылықтарын, қысымын, қызуын және ылғалдылығын зерттей келе, жер бетінен жоғары қарай вертикаль орналастырылған биіктігі жүздеген метр болатын құбырлар тізбегін жалғастыру арқылы желден қуат көзін алуға болатынын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар Күн энергиясына, өлкеміздің ыстық бұлағын жылыжай қызметіне пайдалануға, мал қиынан биогаз алу жобасы оны әр түрлі мақсаттарда пайдалануға болатындығына кішкене болса да менде өз үлесімді қоссам деймін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. [ 2.26] Физика – математика журналы № 1,2 2011ж

  2. [ 3.20] интернет желісі

  3. 1.96] физика курсы

Авторы. А.Б.Перышкин 1960ж

Қазақстанның физикалық географиясы. Ә.Бейсенова Атамұра 2016

  1. Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/damudyn-zhasyl-zholy-ekspo-2017-kormesine-kuatty-serpilis-beretin-bolady_a2563215

  2. Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/jyilyijay-salasyinyin-jagdayyi-kalay-54596
    материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

57 Е. Көшербаев атындағы орта мектептің 8 б сыныбы оқушысы Жақсылықов Мерейдің «Өлкеміздің Жасыл энергетикасы»

тақырыбында жазған ғылыми-зерттеу жұмысына



П І К І Р





«Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дәуір келе жатыр. Энергияның жаңартылатын көздері жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады.», - деп атап өткен еді Елбасы өз Жолдауында.

Қазіргі таңда табиғаттың экологиялық ахуалдарының салдары адам денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Осыған орай автор Арал ауданының баламалы энергия көздеріне зерттеу жасап, не істеуге болады, қандай мүмкіндіктері бар?- деп талдау жасай отырып өз ұсынысын жасаған.

Мысалы: Ақеспедегі жылы су негізіндегі жылыжай жобасы, ауыл маңындағы мал қиынан -биогаз өндірісі, малшы ауылдарға таптырмас энергия көзі- күн батереялары, жыл бойы соғып жатқан жел энергетикасына қызығушылық білдіруі оқушы үшін ғылымға бастар алғашқы жол дер едім.

Ғылыми зерттеу жұмысы жоғары дәрежеде жүргізілген. Жұмыстың маңыздылығы мен өзектілігі жоғары деп санай отырып, жоғары баға беруге лайықты деп есептеймін.





Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау

Мемлекеттік Университетінің

«География, экология және туризм»

кафедрасының доценті Канитаева К.П.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі