Материалдар / Ғылыми жоба. Асық-ұлттық құндылық.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба. Асық-ұлттық құндылық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың бұл ұлттық ойынның қажет екеніне көз жеткізеді. Асықтан қазіргі заманға сай ойындар ойлап табуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
2320
23 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны
Түйіндеме ..........................................................................................3
1.Кіріспе ............................................................................................5
2.Негзгі бөлім .................................................................................. 7
2.1. Асық ойынының пайда болуы мен оның тәрбиелік мәні..... ...7
2.2. Асық ойнаудың тигізер пайдасы...............................................9
2.3. Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру.....................................10
2.4. Асық ойындарының түрлері....................................................11
2.5.Асыққа жаңаша көзқарас .........................................................16
3.Қорытынды бөлім ...................................................................... 17
Суреттер............................................................................... .........18
Пайдаланған әдебиеттер .............................................................. 19

1

Түйіндеме
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Асық – ұлттық құндылық
Зерттеудің жұмысының мақсаты:
Қазақтың бұл ұлттық ойынның қажет екеніне көз жеткізеді. Асықтан қазіргі
заманға сай ойындар ойлап табуға болады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс
жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
2.Қазақтың ұлттық ойыны асық ойынын дәріптеу. Асық ойынының маңызы мен
оның түрлерін анықтау.
3.Асық ойнының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың
өзіндік сырларының (техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда
ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу.
4.Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі кезде балалар көбінесе ойнағанды
жақсы көреді.

Әсіресе

телефон, планшет, ноутбук, вертуалдық ойындарда

ойнағанды жақсы көреді. Балалар ол ойындардан жалықпай, керісінше атааналары рұқсат берсе күн демей, түн демей үзіліссіз ойнай береді. Осының
салдарынан қазіргі балаларың ауыз екі сөйлеу тіліміздің аясы қысылып, қазақ
тілімізге де біраз зиянын тигізіп жатыр. Сөздік қорлары да азайып бара жатыр.
Сол себепті мен ұлттық ойынымыз асық ойындарын ойнасақ, асықтан неше түрлі
баланың ойын дамытатын дүниелер жасасақ, балалардың асыққа деген, ұлттық
құндылыққа деген қызығушылығы артар еді.
Зерттеу жұмысының болжамы:
2

Егер, балалар асық ойындарын жақсы меңгерсе, виртуалды ойындардан біртіндеп
арылады.
Зерттеу жұмысының әдістері:
• Теориялық (анализ, салыстыру)
• Зерттеу
• Сыныптастарыма сұрақ қойып, жауап алу
• Асыққа байланысты көнерген сөздерді жинақтау, жаңа ойындар ойлап табу
Зерттеу жұмысының нәтижесі:
Асықтарды құрастыру әдісін пайдалана отырып, балалармен бірлесе
конструкция

жасауға

болады.

Ұлттық

асық

ойындарын

жаңа

заманға

сәйкестендіріп ойнауға болады. Асықты пайдаланып баланың ойын дамытатын
неше түрлі ойындар құрастыруға болады. Мәселен, асықтарды түрлі – түстерге
бояп,

есепшоттар жасауға болады. Бұл баланың ой – өрісін дамытады. Есепті

шығаруға үйретеді, әрі қызығушылығын арттырады.

3

І. Кіріспе
Барлық халықты бір ғана арнаға салуға бағытталған өктем билік орнаған
заманда қазақтың ұлттық әдебиеті де, мәдениеті де, салт-дәстүрі де қатты
қысымға ұшырап,өрісі тарылғаны мәлім.Ұлтқа тән барлық қайнарлардың көзі
тығындалып,бірте-бірте ізі өше бастады.Сондай саланың бірі –қазақтың ұлттық
ойындары.Сол өктем билік орнаған заманда ұлт ойындарының ұлттық өнермен
астасып жататынына мән бермеді. Кейіннен қазақ халқы тарихи кезеңге қадам
басты.Өзінің Тәуелсіз мемлекетіне ие болды. Кешегі күндей күркіреген кеңес
үкіметі санамыздан сызып тастауға тырысқан ұлттық ойындар ел Тәуелсіздігімен
тірге төрге озды.Паң даланың төсінде патшалық құрған қазақ ұрпағына өркениет
жауһарларын мұра етті. Оның әрбір әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ұлттық ойыны атабабаның мәйекті мәдениетімен астасып тұр.Ендігі міндет сол мемлектіміздің
экономикалық қазынасын арттыруға есе қосумен бірге ұлттық бейнесін де
танытуға барлығымызды күш-қайрат жұмсауға жетелейді.Ұлттық қасиетті,салтсананы,дәстүрді

қалпына

келтіре

отырып,ұлттық

сипатты

да

мықтап

қалыптастыру –жүрегінде жалыны бар жастардың борышы.Киіміміз қара төел
жұпыны болса да, ойынға бай едік. Ойынның неше түрі біздің халықта.Дегенмен
де, қазақ жастары ұлттық ойындардан алыстап кетті.Махмуд Қашқаридің «Түркі
тілдері сөздігінде» көне түркілердің: «Інген ыңыранса,бота боздайды» деген
мақалы бар. Мынау қайта жаңғыру кезеңінде ұлт ойындарымыз да қажетке жарап
қалар... Салт – ұлттың ғұмыр бойы жиған мәдениеті,ұлттың ұлт екенін әлем
халықтары мойындаудағы төрт белгінің бірі.Біз асылы бар, жасығы бар,құдайға
шүкір,салтқа

бай

халықпыз.Асық

–ойынысол

бай

салтымыздың

бір

дәстүрі.Кезінде қазақ шаруашылықпен жаппай шұғылданған тұсында асық –әр
үйдің, әр ауыл балаларының, жастарының да бас қосуының негізі.
Ертеде қазақ халқы асықты бала кезінде қолына алып,жас кезінен бастап
ойнай бастайды.Тіпті сәби дүниеге келмей жатып,жас нәрестеге арнап асық
жинайтындар да болған. Асық тұла бойы құдіретке тұнған күш іспетті. Сол
4

себептен де бақсы-балгерлер асық арқылы болашаққа болжам жасаған. Ол әу
баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен тараған. Сондай-ақ асықты «Астралаг»
деп ежелгі Грецияда, «Талус» деп ежелгі Римде салт-дәстүріне нақышталған ойын
ретінде санап әрі насихаттаған. Алайда, асықты қазақтың ұлттық ойыны деп
санағанмен, мұны Орта Азия халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік т.б.
ұлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді.Асық ойындарының тәрбиелік мәні
зор.Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды.
Асық

ойыны



өзінің

түрлеріне

қарай

баланыңкүш-жігерін

арттырып,мергендігін,шапшаңдығын,ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді.Бір
мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын
жанып,

«қатарымнан

озсам»

деген

талпынысты

бойға

қасиет

қылып

сіңіреді.Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет
ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады.Үнемі
отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас
балалардың

денесін

шынықтырып,аяқ-қолдағы

буын

ауруларының

алдын

алады.Қазағымның кең пейіліндей сары арқа даласында көсіле жазықта ойнаңанға
не жетсін. Үлкен мен кіші бір-біріне қамқор болып ойнасаң да, құрдас пен құрдас
бір-біріңе бәсекелесіп ойнасаң да, үлкен мен кіші бір-біріңді сынай ойнасаң да
әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің,
жеңілесің, ұтасың, ұтыласың, асыққа бай боласың, жоқ боласың.Таза бәсеке, таза
тәрбие.Өтірігі,арамдығы, жалғандығы жоқ. Болмайды да. Міне, асық ойнының
кереметі деп осыны айт.
Асық – төрт түлік мал мен аңдар тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі
аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Ешкі, қой, сиыр, түйе асығы үлкенкішілігіне қарамастан сыртқы формасы бір пішіндес, мүсіндес зат.

5

ІІ Негізгі бөлім
2.1Асық ойынының пайда болуы мен оның тәрбиелік мәні
Асық ойыны – біздің ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойыны-қазақ
халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген.Біз пәлен
ғасырдан бері мал шаруашылығымен айналысып, малға қатысты мәселенің
бәрінің майын ішкен халықпыз. Өмір салтымыз, әдет-ғұрпымыз төрт түлік малға
мейлінше байланысты. Қаншама атау, ұғым-түсінік, таным мен пайым соған
қатысты.Одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел де жеткілікті. Мысалы, қазақта
«Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп,жол болып
тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға жақса
сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға
астарында үлкен мән жатыр.
«Жасы кіші демеңіз,
Ақылы асса аға ғой.
Қой асығы демеңіз,
Қолыңа жақса сақа ғой»,- деген қазақпыз.
Қазақтың ұлттық ойындарының жалпы қалыптасу кезеңі біздің заманымызға
дейінгі VII-IX ғасырлар. Қазақ жеріндегі көшпелі тайпалардың қай-қайсысы
болмасын, қай кезеңде дамымасын олар тек өндірістік құралына пайдалануға
жарамды тас, ағаш, сүйек тағы басқа табиғи заттар осы дәуірде қалыптасқан ұлт
ойындарында қолданылады.
Асық - қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық спорттық ойындарының бір
түрі. Оны қазақтардан басқа қырғыздар, қарақалпақтар,алтайлықтар да ойнады.
Асық – төрт түлік малдың ішінде қой-ешкінің тілерсегінде, асықты жілік басында
орналасатын шымыр сүйек. Аңдардың да тілерсек тұсында болады. Қазақта асық
6

қасиетті саналады. Баласы ұл болса, бесігінің басына бөрінің асығын іледі. Бәлежаладан аулақ, шымыр-қайратты болсын дегені. Қыз болса, бесігіне еліктің
асығын (жабайт) тағады. Сұлу, көрікті болып бойжетсін деп ырымдағаны. Келіні
құрсақ салғанда, атасы мен әжесі ырымдап асық жинайды. Онысы – ұл тілегені.
Келінге көз тимесін, аман-есен босансын дегенге саяды. Мысалы, менің есім
кіргенде, біздің үйде әке-шешем жиған бір қалта асық бар.
Жаугершілік заманда бабаларымыз соғыс стратегиясын, соққы беретін тұсты
асықты шашып жіберіп түсіндіріп, жоспарлаған. Есі кірген қазақ балаларының ең
алғаш ойнайтыны да осы – асық ойыны. Асықтың түр-түрімен балалар мен
үлкендер де қызығып ойнаған (асықты қазіргі баспаларда балалар ойыны деп
жүр). Бұл жөнінде көркем әдебиеттерде де мысалдар көп. Дәлел ретінде
Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» әңгімесі [2, 53 б.]. Кезінде үлкендер бұл
асықпен иіру арқылы шешілмеген дауларын шешіп ымыраға келген күндері
болған.
Н.Жүсіп

«Тутанхамонның

асығы»

мақаласында

мысыр

патшасы

Тутанхамонның ойыншығы асық болағанын айта келе, «Асық ойнау – балалардың
дүниетанымын кеңейтетін ойын. Әркім өз асығын қателеспей тауып алуы үшін
түрлі түске бояған. Балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса
бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың рөлін қоса атқарады. Асықтарды қаз-қатар
тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап
асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады» . Сондай-ақ
асық ойыны көз мергендігіне, қол буындарының икемді болуына баулиды.
Асықты шебер ойнайтындар бір кенейді көздеп атқанда, сақасын түпте немесе
одан кейін ататын кенейіне таман жібереді. Бұл – геометриялық есеп әрі
ұқыптылық. Екінші асығын жақыннан атып алу үшін, ұту мақсатында. Әдіс
жағынан келгенде, бұл қырын бильярд ойынымен ұштастыруға болар еді.

7

2.2 Асық ойнаудың тигізер пайдасы
Ойнай бiлген адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды
мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса аяқ-қолдың қимылын жақсартып,
денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. Асық ойынына Бауыржан Момышұлы атамыз
«Асық – үлкен халықтық тәрбие» деп баға берiп, жоғары билiкке хат та жазған
екен.
Мен өз сыныптастарыма «сен асық ойнайсың ба?» деген сауал қойып көрiп
едiм, олардың жауаптары төмендегiдей болды.
25% - білеміз, 68 % - ойнап көрген жоқпыз және қалған 7 %- асық туралы
ақпараттары жоқ екенін айтты
Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке,
ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді. Шетелден келген қымбат дәрідәрмекті сатып алғанша, балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың
жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен
жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Іске епті,
жауапкершілігі мол жұмыскер шығады.. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы
емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, барлық бұлшық еттері қимылдайды.
Онда

йога

мен

биде

қолданылатын

позициялар

қолданылады.

Фитнес

орталықтарына ақша төлеп барғанша, тегін аулада асық ойнаған пайдалырақ.
Күнде компьютер алдында отырып, буыны былжырап, толудың азақ алдында
тұрған адамдарға бір мезгіл асық ойнатса, құрыштай шынығар еді денелері.
Сондай-ақ, баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа тәрбиелейді. Қайткен
күнде де «ағаларымдай шебер ойнап, ұтам бәрін», – деп талпынады.
Асықты тіпті жетіген аспабында да қолданады

8

2.3. Асық түрлерінің аталуы мен оны иіру.
1 Түйе асығы – бунасын
2 Жылқы асығы – қидасап
3 Сиыр асығы – топай
4 Қой-ешкінікі – кеней
5 Киік асығы – кигат
6 Арқардың асығы – қоңқар
7 Қасқыр асығы – бунақ
Қасқыр асығы басқа малмен жоғарыда аталғандарға қарағанда екеу емес,
төртеу болады. Артық екі аяғында екеуден, тек тәйке жағының бір жамбасы кем
болады, бір қызығы ұялас үй иттерінде төртеу емес екі асық болады.

Асық иірудің өз атаулары бар.
9

Асықты шиырып-шиырып иірсеңіз, ол сегіз түрлі жағдайда болады: алшы,
тәйке, бүге, шіге, қыңжы, тоққа, омпы, шомпы болып жерде жатады, әрине
көбінде бүгесі мен шігесі көп болады.
Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қалыпта түседі: алшы – асықтың тік
тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан
жатқан томпақ беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың етпетінен жатқан ойық
жағы.
2.4. Асық ойынының түрлері
Асық ойынының түрлері: үш табан, алты атар, шық етер, хан, арқаласпақ,
сақа атар, сасыр, құжтәйке, асық иіру, жаппай, шеңбер, омпа, қора, бес қақпай,
алшы атар, құмар, төрт асық деп аталады.
Алты атарды алты адам ойнайды. Ол үшін асық ойнайтын алаңды алдымен
сызып алады. Алаңның мөлшері алты табаннан 12 табан болып, алаң ортасында
кенейлер тігіледі. Әр ойыншы біреуден тігеді.
Шық етерде көп бала ойнаса, өте қызықты болады. Түзу сызыққа қатар
тігілген кенейлерді алыстан (бес-алты адам) кезектесіп атады.
«Хан» ойынын қыз-бозбалалар кешке қарай үйде отырып, киіздің үстінде
ойнайды. Оған 21 асық керек. Ішінде ең жеңіл асығы киік асығы кигат болса,
«хан» болады. Егер, «хан» омпа немесе томпа тұрса, ойынға қатысушылар барлық
асықты талапайлап алады. Егер қыңжы болса «ханды» асық ортасына иіреді.
Ойын үстінде асықтарды жүптегенде «хан»қалай жатса, солай жатқан асықтарды
10

сұқ саусақпен шертіп отырып тисе ғана алады, бірнеше асық тиіп кетсе, ереже
бұзылады.
Арқаласпақты екі бала ойнайды. Олар иіру арқылы кезек алысып, бірінің
сақасын бірі атады. Егер сақа тисе әлгі баланы сол араға дейін арқалап апару
керек. Бұл ойын көбінесе бір ауылдан екінші ауылға барғанда жолда ермек үшін
ойналады.
Омпа. Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе
бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға
болады.Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.Ойынның мақсаты –асық
ұту.Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, біріншісіне төрт бұрыш
жасайды.Дәл ортасындығы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді.
Тігілген

асықтардың

ортасына

бір асық

мұртынан

«Омпа»

тұрғызады.

Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз
кезектерң бойынша қолдарындағы сақаларымен «Омпаны» ата бастайды. Егер
кімде-кім омпаға тигізсе және төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі
асықты түгел алады. Ал омпаға тимесе, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт
бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық
таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын ары қарай
жалғаса береді.
Өріс ойыны. Түзу бойына алшы, тәйке кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып
атасың. Кімнің бірінші ататындығы сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра
жерге тастайды.Алшы т.скен сақа иесі бірінші, тәйке екінші, бүк үшінші, шік
төртінші болып атады.Сақа асыққа тиіп «алшы» түссе, тізілген асықты түгел ұтып
алады. Сақа асықтарды құлатып, сақа бүк түссе, шік жатқан асықтарды ұтады.Ал
сақа асықтарға тиіп, шік түссе, бүк түсіп жатқан асықтарды ұтады.Бұзылған
асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп қояды.Келесі кезектегі ойыншы сақасымен
тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда сақа асықтарға тиіп, өзі омпа
түссе,онда өрістен атылған сақалар домалап түскен жерінде жатуға тиіс.Келісім
бойынша үш рет қайталауға болады.Кімнің сақасы төрге озып кетсе, сол бірінші
11

болып кері атады. Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы қалған асықты
сақамен қосып, жерге тастайды.Ұтқан асығыңды жинап отырасың. Шебер
ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алады.
Асықты тігіп ойнау. Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап
алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты
ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы Балалардың жас
мөлшеріне қарай белгіленеді. Содан 1-1,20 см немесе 1,5 мерге дейін
болады.Мұны «Көн» деп атайды. Ойнаушылардың өзара келісімі бойынша көннен
4-5 метр не одан да көп мөлшерде асық ататын орын белгіленеді. Оны сызықпен
белгілейді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады.
Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы
алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады.Ойыншы асыққа дәл
тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерденқайта
атады. Сөйтіп, көннен шығарғандарын ала береді.Егер оның сақасы көндегі
асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.Ал тігілген асықтарды бұзып,
бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан
қалыбында атып, көннен шығарып алуы тиіс. Ойын көндегі асықтар бойынша
біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бірбірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.
Тас

қала.

Асық ойынының

ендігі

бір түрі

–«Тас

қала».

Ойынға

қатынасушыларға шек қойылмайды.Олар тегіс жерді таңдап алып, шеңбер сызады
да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды.Сонан соң
асық тігілген жерден ойынға қатынасушылардың жас ерекшелігіне орай көн
белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды.Ойынды бірінші болып
бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы бұрын алшы
түссе, ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады.Алшы
- бірінші, тәйке - екінші, бүк - үшінші, шік - төртінші.Егер ойыншының асығы
омпа түссе, ол алшыдан жоғары болып есептеледі де, бірінші орынды сол
алады.Егер де екі не үш адамның асығы алшы не бүк, не шік, не тәйке түссе, онда
12

сақалар қайта иіріледі.Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты
шеңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскендерден қайта алады.
Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе
алмаса, онда екінші ойыншы атады. Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып,
бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы» қайта
тұрғызады.Егер атушы «Тас қаланы» бұзып, бір асықты шеңберден шығарса, онда
қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді.Қалған
ойыншылар «Тас қаланың» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады.Көнде
жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.
Ханталапай.

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі –«Ханталапай».

Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы
балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты
шеңбер құрып отырысады.Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп
ортаға қарй шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз
жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың
жылдамдығын жеделдету,Жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау
қабілеттерін жетілдіру.
Құмар. Бұл да - асықпен ойналатын ойын.Бұл ойынды үлкен-кіші демей ойнай
береді.Ойынға қатынасушылардың саны 5-6 адамнан аспауы керек. «Құмар» үйде,
аулада, тақыр, тегіс жерде отырып ойналады. Ойынға төрт асық қажет. Олар
мұқият тазартылып, түрлі-түсті бояуға боялады.Ойынның кімнің бірінші болып
бастайтынын асық иіру арқылы шешіледі. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүке
үшінші, шіге төртінші т. с. с. кезек алады.Асықтың жоғарыда айтылған төрт түрлі
түсетін негізгі төрт қыры болады.Сондай-ақ оларды мал атауымен де атайды.
Алшыны - жылқы, тәйкені - түйе, бүгені- қой, шігені - ешкі деп атайды. «Құмар»
деп сол төрт асықтың бір түрлі түсуін айтады. Мысылы, төртеуі де алшы түссе –
«Құмар» болады, ол төрт ұпай алады, тәйке - үш, бүге - екі, шіге - бір ұпай алады.
Ойыншы төрт асықты уысына алады да, қолын тұқыртып ішке қарай айналдыра
еденге шаша тастайды немесе алақанына салып, қолын сыртқа қарай серпіп,
13

еденге тастай береді. Ұтылған адам ұпай төлейді. Келісім бойынша ән айтып, күй
шертеді.Ертеде терме айтып, арты отбасылық ойын- сауыққа айналған.
Атқапыл.

Мұны кей жерде «Көтеріспек» деп атайды.Бұл ойынға екі бала

қатысады.Біреуі сақасын иіріп, екіншісі сол сақаны екінші бала өз сақасы жатқан
жерге дейін көтеріп апарады.Осылайша екі бала бірінің сақасын бірі атып, бірбірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді. Бұл ойын балаларды шымырлыққа, дене
күшін жетілдіруге үйретеді.
Иірмекіл. Бұл ойын екі немесе төрт бала ойнауға ынғайлы. Ойынды екі бала
айнаса, тәртібі төмендегідей: әр балада 5-6 асықтан болуы керек. Екеуі бір-бірлеп
асық иіреді. Қай баланың асығы алшы түссе, сол осы екі асықты уыстап алады да
жерге жайлап шашып жібереді. Екі асықтың бірі алшы түссе, онны алады. Екінші
асықты иіреді. Ол алшы түссе, оны да алады. Бұдан соң екі бала тағы да
асықтарын бір-бірлеп иіреді. Асығы алшы түскен бала екі асықты сыпырып алып,
жерге тастайды. Сол кезде бір асық алшы, бір асық шіге түссе, екеуін де алады.
Осылайша асығы алшы түскен баланың тастаған асығы шіге түсіп отырса,
олұтысқа иебола береді.Асық алшы түспей, басқа ыңғайдышіге ұтысқа
саналмайды. Екі бала кезек-кезек иіріп отырып, ойынды жалғастыра береді. Бұл
ойын балалардың есте сақтау қабілетін арттырады.
Төрт асық. Бұл ойынды балаларға жас кезінде үйретеді. Төрт – бес жасар
балалардың ойнауына жақсы. Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі
пішім бар екенін және әр пішімнің әр қыры бар екенін зердесіне тез түйеді.
Ойынға қосылған балалардың әрқайсысы бір асықтан иіреді. Кімнің асығы алшы
түседі, сол бала ойынды бастайды. Қолға алған төрт асықты ақырын шашып
жібереді. Сонда төрт асық төрт түрлі болып түссе, ойынға қатысып отырған
балалардан бір – бір асық алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. Тағы да төрт
асықты жерге ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асықтың төртеуі де не алшы,
не тәйке, не шік, не бүк болып түссе, соның әрқайсысында да ойынға қатысушы
балалар ойынды бастаған балаға бір – бір асықтан береді. Ал алда – жалда төрт
асықтың пішімі төрт түрлі немесе әртүрлі болып түссе, онда ойынды бастаған
14

бала 4 асықты екінші балаға береді. Ол ойынды бірінші бала секілді қайтадан
бастап жүргізе береді. Осылайша ойынға қатысып отырған балалар асықтарынан
ұтылып біткенде ғана ойын тоқтатылады. Ұтыс есептеледі. Ұпай саналады. Ұтқан
баланың асықтары көп болса, ол қалған балаларды қатарластыра сапқа тұрғызады.
«Бір – біріңді қуыңдар, кім ұстатпай кетсе, сол ойынды бастайды», - дейді. сөйтіп
ойын ары қарай жалғаса береді.
2.5. Асыққа жаңаша көзқарас
Асық – ұлттық құндылық, асықтың жойылып кетпес үшін, мен не істей
аламын?
Осы сұрақ бойынша ғылыми жоба жұмысын жазу барысында, зерттеу
барысында бірнеше көкейкесті ойлар туындады.
Біріншіден, асықтарды құрастыру әдісін пайдалана отырып, балалармен бірлесе
конструкция жасауға болады.
Екіншіден, ұлттық асық ойындарын жаңа заманға сәйкестендіріп ойнауға
болады. Мәселен, алшы ойынында дәл ережедегідей асықтарды қаз-қатар тізіп
қойып, атуға болады, алайда ойынға қызығушылық арттыру үшін асықтардың
үстіне тәтті кәмпиттерді қойып атсақ, атылған асықтың үстіндегі кәмпит соныкы
болмақ. Осы ойын арқылы мен үйдегі інімді ойнатамын. Жинаған мәліметтермен
сыныпта бөлісіп отырдым. Бірқатар ойындар ойналып, біраз уақыт өткен соң,
сауалнама қайта жүргізілді. Нәтиже көңіл көтерерлік болды.

15

ІІІ Қорытынды
Қорыта

айтсам,

кейінгі

кездері

жастар

мен

жасөспірімдер

ойын

автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес болып барады. Кез келген
ойын автоматтарына бас сұқсаң көбіне көп қазақтың баласын кездестіресің.Ойын
автоматтарының

зиянын

атап

өтсем,

оларды

төмендегінше

жіктеуге

болады.Біріншіден, бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп.
Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп
қалады. Ал, ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып
келе жатқан асық ойыны күш-жігерді жетілдіріп, дәлдікке, мергендікке үйретеді.
Бір байқағаным, бүгінгі балалар ата- анасынан оқуқұралға емес, осындай
компьютер ойнына ақша сұрап жатады. Мұның соңы неге апарып соғатынын кім
білсін?.. Сосын ол балалардың тәбеті бірте- бірте құмаройындарына да шабуы
ғажап емес.Ал, асық ойынын кез келген жерде, қалаған уақытында ақша төлемейақ ойнай бересің. Бірақ қазір түр –түрімен жаңарып, санамызды улап жатқан
құмар ойындарының көптігінен құмарпаздар асық ойнына аса мән бермей жүр.
Уақыт өте келе асық ойнының денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті. Бір
жағынанадам денесі қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады.
Екіншіден, жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек тазалықтың ойыны дер
едім.

16

17

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 «Қазақ халқының салт дәстүрлері» авторы : С. Қалиев, М. Оразаев Алматы 1994
2 «Қырық қазына» авторы Ә. Доспанбетов Алматы 1997
3 Н. Жүсіп Тутанхамонның асығы // Егемен Қазақстан
4 Қазақтың Ұлттық энциклопедиясы 1томы.
5 . Т. Асқартегі Асық – мергендікке тәрбиелейді. // Азия тарнзит. – 2004. № 6. Б.
53-55..
6 Г.Т. Ерғожина Ұлттық ойындардың білімділік, тәрбиелік рөлі мен мәні //
Қазақстан-Заман. 2012. 22 наурыз. № 13. – 16 б.
7 Қазақ Совет энциклопедиясының 1 томы.2006. 22 наурыз. № 63. – 10 б.
8. Соқыртеке: Ауыз әдебиетіндегі балалар ойындарының үлгілері. Құрастырған
Ш.Ыбыраев. Алматы: Өнер, 1990. 176-бет.
5. Е. Сағындықов Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы: Рауан, 1991. – 176 б.
Ғаламтор

желісінен:

http://almaty.ws/blog/tvorenie_evrazija/2011-11-27-241

http://collegy.ucoz.ru/publ/59-1-0-10315 Автор: Қасқырбаева Эльмира Сейлбекқызы
http://bilimdiler.kz/adistemelik/1443-ulttyk-oyyndar-tan-men-zhan-saulygy.html
білімділер сайты

18
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!