Материалдар / Ғылыми жоба "Аю-бағалы аң"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Аю-бағалы аң"

Материал туралы қысқаша түсінік
Аю жануарының ерекше қасиеттері, аюдың ғылыми жіктелуі, жалпы сипаттамасы, тіршілік мекені мен бейнесі, маңызы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2021
596
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МАЗМҰНЫ


Аннотация


І Кіріспе:

    1. Ғылыми жіктелуі, жалпы сипаттамасы


ІІ Незізгі бөлім:

1.2 Аюдың түрлері,тіршілік ету мекені мен бейнесі

2.1 Күту күйі және көбеюі


ІІІ Зерттеу бөлімі:

3.1 Аюлар халық медицинасында

3.2 Аюларды қалай үйретуге болады? Олар жұмыс істегенді ұнатады ма?


IV Қорытынды


V Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
























Аңдатпа


Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысудағы негізгі мақсаты – баланың шығармашылық қабілетін ашу, дамыта отырып белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру, қосымша пәнге деген қызығушылығын арттыру.














Аннотация


Основной целью современного образования – воспитание талантливого,

оброзованного, самостоятельно развито, умеющего жить, делового человека.

Цель новой технологии – открыть талант учящего, учить развивая активность, развивать уверенность в себе и интерес к дополнительному предмету.

Abstract


The main (object) of modern education is to, bring up the tolanted, well and independent developed, clever, cheerful, business man.

The object of the new technology is to show the, way, to give the education active, to develop confidence and interest supplementary subjest.












































Кіріспе


Маған әр түрлі кітаптар, жануарлар туралы энциклопедиялар оқыған ұнайды. Мені жануарлар әлемі қызықтырады. Әсіресе аюлар туралы көп мәлімет жинағанды ұнатамын. Олар ертегілер мен әңгімелерде сымбатты, үлкен, ақылды, әділ немесе қорқынышты, үлкен етіп сипатталған. Ал, энциклопедиялар мен оқулықтардағы аюлардың бейнесі мүлде басқа. Менің ойымда бірнеше сұрақтар пайда болды. Осылайша мен ғылыми дәлілдерге жүгінуді жөн санадым.

Жануарлар мен өсімдіктер тірі жан иелері болғандықтан, тіршілік ету үшін оларға әл-қуат керек. Жануарлар күш-қуатты қорек жеу арқылы, ал өсімдіктер күн сәулесі мен судан алады.

Қазір біз көріп жүрген жануарлардың дене бітімі 700 милионнан 1200 миллион жылға созылған эволюцияның нәтижесінде қалыптасты.

Жануарлардың жәндіктер, балықтар, құстар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер және тағы сол сияқты түрлері көп. Бауырымен жорғалаушылар қосмекенділерден өрбіген. Ал құстар кейбір бауырымен жорғалаушылардың дамуы нәтижесінде пайда болды.

Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор. Олар адамға ет, май, сүт, тері, жүн, бал, балауыз, жібек, мүйіз, басқа да керекті заттар береді.

Жануарлар ауылшаруашылық дақылдардан тозаңдандырып, топырақты органикалық заттармен байытады. Олар бір-біріне азық болып, табиғатта қоректік тізбек түзейді. Кей жануарлар адам өміріне қауіпті болғанымен, олардың пайдасызы, артығы, керексізі жоқ. Жер бетінен жануардың бір түрі жойылса, тіршіліктің тепе-теңдігі бұзылып, бүкіл табиғат зардап шегеді.

Жануарлар –жер бетінде 0,8 миллиард жыл бұрын пайда болған тірі ағзалар. Қазір олардың 1,6 миллиондай түрі бар. Суда тіршілік ететін молюскалар, губкалар, балықтар, құрлықтағы қасқырлар мен аюлар, кесірткелер мен тасбақалар, көкте қалықтаған құстар, топырақ астындағы құрт-құмырсқалар, түрлі бактериялар-осылардың бәрі жануарлар әлеміне жатады.

Кей жануарлар тек шөп жейді. Олар «шөпқоректілер» деп аталады. Ал кей жануарлар тек ет жейді. Олар – етқоректілер. Шөп те, ет те жейтін жануарлар болады. Олар қорек талғамайтын жануарлар боп табылады.

Жануарлардың дене тұрқы да әртүрлі. Бактерияларды адам қарусыз көзбен көре алмайды, ал пілдер мен керіктерді алыстан көреді.

Арыстан, жолбарыс, аю, қабылан сияқты жануарлар - жыртқыштар.

Аюлар ет қоректілер тобына жатады. Дегенмен, әр аюдың қорегі әртүрлі. Мәселен, ақ аю итбалықтың, өзге де жануарлардың етін жейді, кейде шөпке де жайылады. Гризли аюы шөп, жидек, жаңғақ жейді. Аюларды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады.

Тақырыптың өзектілігі. Тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі. Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі артады.

Жұмыстың мақсаты: Аю жануарының ерекше қасиеттерімен таныстыру, аюдың ғылыми жіктелуін, жалпы сипаттамасын, тіршілік мекені мен бейнесін зерттеп, маңызы және ел табиғаттағы аюдың орнымен таныстыру.

Жобаның міндеті: Ертегідегі аюдың бейнесі шынайы аюмен тең келмейтінін, оның медицинада өз орны бар екенін, аюдың өті мен терісінің пайдасы туралы толық мәліметтер беру менің міндетім деп санадым. Өз қатарластарыма аюдың тек жануар ретінде ғана емес, бірнеше қалалардың ұлттық символы, 1980-ші жылы Москвада өткен 22-ші жазғы олимпиада ойындарының талисманы екендігін баяндау.

Болжам – ертегі, әңгімелердегі аюдың бейнесі, нағыз аюдың бейнесімен сәйкес келмейді.



























    1. Ғылыми жіктелуі, жалпы сипаттамасы


Дүниесі: Жануарлар

Жамағаты: Хордалылар

Табы: Сүтқоректілер

Сабы: Жыртқыштар

Тегі: Аюлар

Түрі: Қоныр,ақ,аралас

Кіші түрі: Пандалар

Латынша атауы: Ursi

Аюлар — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю,қоңыр аю,барибал,ерінді аю, малай аюы,көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Қоныр аю Еуропа мен Азияға жайылған. Қалың жынысты ормандарда өмір сүреді. Алқаптарға жем іздеп шығады. Өзі денелі болғанмен, жидектерді, жаңғақтарды жейді, насекомдар мен олардың жұмыртқаларын, балды ұнатады, балық аулайды. Жаздыгүні кез келген оңаша жерге жата кетіп ұйықтай салады. Ал қыста – апанында ғана ұйықтайды. Сол жерде жылына бір рет екі-үш қонжығын дүниеге әкеледі. Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланып келді. Қазір оларды аулауға тыйым салынған. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түрі (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Аю – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз аюдан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Аюлар етқоректілер тобына жатқанымен, өсімдіктермен де қоректенеді.

1.2 Аюдың түрлері,тіршілік ету мекені мен бейнесі

Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 метрдей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен  қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1жарым жылға дейін жүреді. Ақ аю 1976жылдан Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. 1957 жылдан бастап аулауға тыйым салынған. Түрлі деректерге сүйенсек оның 10-20 мың ғана түрі қалған.

(Ақ аю)

Малай аюы—сүтқоректі жануары. Денесі 1жарым метр, салмағы 60 кг. Бас сүйегі жалпақ, қысқа, азу тістері кішкентай. Жүні қысқа, қатты, қара. Тұмсығы сары, кеудесінде таға тәрізді ақ немесе қызғылтым дақ болады. Үндіқытай, Суматра, Калимантанның жазық және таулы аймақтарында орманды жерлерді мекендейді. Түнгі жануар. Қорек талғамайды.

(Малай аюы)

Гималай аюы-Азия ормандарында яғни Гималайда, Кореяда және Ресейде өмір сүреді, Қазір Өгем, Піскем тауларында да кездеседі, қара аюға ұқсас, себебі оның кеудесінде ақ жолақ айға ұқсас дағы болғандықтан ай аюы немесе Гималай аюы деп те атайды. Оның салмағы 600 кг-дай, бойы 1жарым метрдей. Құрлықта өмір сүреді, Суда жақсы жүзеді. Екі жылда бір балалайды. Ол ағашқа жылдам шыға алады. Өзінің азығын биік жерлерден іздейді. Сондықтан да ол жабайы қой мен тау ешкісін аулайды. Кейде өлекселерді де жей береді.

(Гималай аю)

Жалқау аю-салмағы 55-тен 105 кг-ға дейін болады. Ол ұзын тырнақтарымен жабысып, күнін ағашта өткізеді. Ал қараңғылық басталғанда қоректенетін термиттер мен құмырсқаларды іздеуге шығады. Оның ұзын тұмсығы мен өте қозғалмалы еріндері жәндіктерді өзіне жылдам тартады, сондықтан оны ерінді аю деп те атайды. Олар дауыс шығарғанды жақсы көреді, тіпті ұйықтап жатып та дауыс шығарады.

(Жалқау аю)

Көзілдірікті аю-оның жүні сабалақ келеді. Бойы 75-80см, салмағы 70-140 кг дейін болады, құйрығының ұзындығы 7-10 см-дей. Түсі қара немесе қоңыр. Көзінің айналасында ақшыл немесе сарғыш дөңгелек, оны көзілдірікті аю деп атайды. Биік пальмалардың басына жылдам өрмелей алады. Ол жапырақтарды үзіп жерге тастай береді де жерге түскенде соны теріп жейді. Жемістерді, өсімдік тамырларын, жас бұтақтарды жақсы көреді.

(Көзілдірікті аю)


Үлкен панда, бамбук аюы деп те аталады. Қытайда таралған. Жылына 1-2 қонжық туады. Бамбук ағашымен қоректенеді. 20 ғасырдың 70 жылдарында бамбуктар жойылған кезде үлкен панда саны азайды. Қытайда үлкен панда халықтың асыл казынасы болып жарияланды. Панда аю қазіргі таңда сирек кездесетін, аз қалатын және жоқ болып кетуі үлкен қауіпі бар жануарлардың тізіміне кіреді. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Құйрығы 12 см. Салмағы 30 дан 160 келіге дейін жетеді. Терісінің түсі жартысы ақ жартысы қара. Денесі ірі, аяқтары қысқа. Аюлардан айырмашылығы тіс құрылысында және құйрығы ұзын. Түсі ақ тек аяқтары, құлақ ұштары, көз айналасы, көлденең иық жолағы, құйрық ұшы қара. Арттағы сирақтары қысқа әрі жуан, тырнақтары өткір. Табандарының ерекшілігі пандаға жылтыр бамбук сабақтарында тайып кетпей берік ұсталуға мүмкіндік береді.

Батыс зерттеуші ғалымдардың арасында үлкен панданы 1869 жылы алғашқы көріп зерттеген Арман Дэвид еді. 1936 жылы панда аю Чикаго, ал 1938 жылы Лондон хайуанат бақтарында алғашқы рет әкелінді. Қытай үкіметі кейбір шет елдерге пандаларды жалға беруші еді. Алайда, 1984 жылдан кейін Қытай осындай практикадан бас тартты.

Заманауи өнерде панда аюның келбеті кейіпкер ретінде жиі қолданылады. Үлкен панда әлемге әйгілі "Кунг-Фу панда" мультфильмнің бас кейіпкері. Үлкен панда Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының символы ретінде пайдаланады.

Пандаларға жоғалып кету қаупі төніп тұр. Соңғы деректер бойынша, Қытайда қазір 239 панда адам қолында тіршілік етіп жатыр. 27 панда өзге елдердің хайуанаттар бағында жүр. Оның мекен ететін ортасы ЮНЕСКО-ның қарамағына алынған.

(Панда)

Кіші панда-денесінің ұзындығы 51-63 см, құйрығы – 28-48см. Басы домалақ, беті жалпақ, беті ақ, денесі мен аяқтары қара. Азияда таралған. Таулы жерлерде бамбаук ормандарында мекен етеді.

(Кіші панда)

Осы жоба барысында мен үшін ең қызықты болғаны Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында мекен ететін қоңыр аю. Олар Ресей, Ирак пен Иранның кейбір бөліктерінде , АҚШ та да кездеседі. Оның дене тұрқы 2 метрдей, салмағы 150 – 200 кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Қорек талғамайды. 2 – 4 қонжық табады. Аюлар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. Қазақстанда Алматы хайуанаттар бағында оның 3-еуі бар, Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында қорғауға алынған. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Шымкент қалалалық хайуанаттар бағында аюдың 3 түрі кездеседі: қоңыр аю, Гималай аюы және Тянь-Шань қоңыр аюы. Гималай аюы біреу ғана екен. Гималай аюы-Азия ормандарында яғни Гималайда, Кореяда және Ресейде өмір сүреді, Қазір Өгем, Піскем тауларында да кездеседі, қара аюға ұқсас, себебі оның кеудесінде ақ жолақ айға ұқсас дағы болғандықтан ай аюы немесе Гималай аюы деп те атайды. Оның салмағы 600 кг-дай, бойы 1жарым метрдей. Құрлықта өмір сүреді, Суда жақсы жүзеді. Екі жылда бір балалайды. Ол ағашқа жылдам шыға алады. Өзінің азығын биік жерлерден іздейді. Сондықтан да ол жабайы қой мен тау ешкісін аулайды. Кейде өлекселерді де жей бетінін білдім. Ол торда өзін еркін ұстайды, адамдарды көргенде онымен ойнағысы келгендей торды айналып жүреді екен. Ал, кәдімді қоңыр аюдың 5-еуі бар екен. Олар торда жатқандықтан бір орында қимылсыз ұзақ тұрды, осы қоңыр аюдың біреуі ішкі торда баласын күтіп жатқанын көрдік. Және олар торда болғанда белгісіз себептермен өз қонжықтарын жеп қоюы да мүмкін екендігін білдім. Өйткені бұл жағдай біздің хайуанаттар бағында орын алған екен. Ақсу-Жабағылы қорығынан алған мәліметтерімді баяндар болсам ондағы аюлар адамдарға жақындамай алыс жүреді екен. Қыста өз апандарында болып көктемнің шығатынын күтеді екен. Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес. Буаз аю жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Ал, мұражайдан кәдімгі қоңыр аюдың макетін көре алдым.

(Қоңыр аю)



Орталық мұражай Ақсу-Жабағылы қорығынан

(Шымкент қалалық хайуанаттар бағы)


2.1 Күту күйі және көбеюі.

Күту, яғни ұйықтау күйі-бұл қыста жануарлардың суыққа және тамақ жоқтыққа бейімделуі. Қыста аң ауламау үшін күшті жұмсамау үшін демалатын кезі. Олар қанша уақыт ұйықтайды? Ол тұрған жерінің ауа райына байланысты болады. Алясканың суық аймақтарында аюлар 7 айға дейін ұйықтайды. Солтүстік Америкада 2-5 айға дейін ұйықтайды. Әдетте олар желтоқсаннан наурыз немесе сәуір айына дейін ұйықтайды. Барлық аюлар ұйықтайды ма деген сұраққа жоқ , барлық аюлар қыста ұйықтамайды деп жауап берер едім. Қоңыр аю мен қара аюлар ұйықтаса, ақ аюлар ұйықтамайды. Олар суық температурада өмір сүруге бейімделген. Хайуанаттар бағындағы аюларға тамақ берілсе, онда олар ұйықтамайды. Қазіргі кезде хайуанаттар бағында аюларды қысқы ұйқыға кетуіне мүмкіндік береді, себебі, тынымсыз тамақтану артық салмақ қосуға алып келеді.

Жаздың соңына және күздің алғашқы айларында аюлар қысқы ұйқының салмағын арттыру үшін көбірек тамақтана бастайды. Бұл процесс гиперфагия деп аталады.Олар шөпті, тамырды, жидектерді, жәндіктерді, балықтарды, ұсақ жануарларды жейді. Олар аптасына 30 кг дейін салмақ қосады. Кейде олар қорегін толық жеп үлгермегендіктен тамақ ішетін орындарында тамақ сақтайды. Қара аю қыстайтын орын табуға өте шебер. Ағашқа , кәріз құбырларына, үйлердің ағаш верандасына дейін ұя сала алады. Олар ұйықтап жатқанда сергек болады. Қысқы ұйқы кезінде аю жинақталған май қорымен қоректенеді.

Күздің аяғынан бастап көктемге дейін аюлар ордада ұйықтайтынын бәрі біледі. Неліктен, мысалы, қасқыр немесе түлкі мұны жасамайды? Ғалымдар бұл сұраққа жауап алды.

Тек қатал жағдайда өмір сүретін қоңыр және қара аюлар ұйқыға кетеді. Жылы елдердегі аюлар мен ақ аюлар ұйқысыз қыстайды - оларда тамақ жеткілікті. Мысалы, ақ түсте қыста жазға қарағанда көбірек тамақ болады. Кішкентай текшелерді тамақтандыратын аналар, тіпті осы түрлерде, қыста демалуға барады.

Аюлар қалай ұйықтайды? Ұйқыға түсу үшін жануар ағаштардың түбінен немесе жерден терең терең ор тауып алып, оны құрғақ бұтақтармен және мүкпен байлап қою керек. Кейде аюлардың ұрықтары әсіресе ыңғайлы тығыздықтарды пайдаланады.

Күту алдында аю летаргиялық күйге түседі, ал ұйықтап жатқанда оның денесіндегі барлық процестер баяулайды. Пульс пен тыныс азаяды, дене температурасы 30 ºС дейін төмендейді.

Адамдар сияқты, аюлар басқаша ұйықтайды: біреу олардың жағында жатып, біреу арқаларында жатып алғанды ​​ұнатады. Түсінде олар аяқтарын жалайды, бірақ олар тамақ жегісі келгендіктен емес, терілері жаңарып, пиллинг пен қышу пайда болғандықтан. Сондықтан олар қышудан құтылуға тырысады.

Аюлар бір-бірлеп ұйықтайды, бірақ жаңадан туылған аюлар олармен бірге балапандарды қояды. Анасы ұйықтап жатқанда, олар оның сүтін сорады, ал ояту уақыты келгенде, онымен бірге есейіп, жүні қопсытылып өседі. Олар көктемнің жылуы мен аштық сезіміyнен оянады.

Аюды оятасаңыз не болады?

Аюлар өте сезімтал ұйықтайды және оларды ояту оңай, бірақ мұны жасамағаныңыз жөн. Жақсы ұйықтамайтын адамдар сияқты, сол кезде оянбайтын жануарлар орманға жаман көңіл-күймен шығып, адамға шабуыл жасай алады. Аю өз режимін сәл ғана өзгертеді, ұйықтап қалады, ал оянған кезде денесі тез серпіліп қалады. Кейбір кеміргіштер, мысалы, жер қыртыстары, қатты ұйқыға түседі, сондықтан олардың температурасы -2 ºС дейін төмендейді: бұл жануарлардың денелері ұйықтағанда мұздай суық болады.

Аюлар үш жастан бастап жетіле бастайды және 3-4 жылда бір балалайды. Аналық аю қонжығын 266 күнге дейін күтіп бағады. Туылған кезде олардың салмағы 90гр ғана болады да кейін өсе келе бірден 1000 есе салмақты қоса алады. Бір ұрықтандыру кезінде аналық аю соқыр және дәрменсіз болып туылған бірден беске дейін бірнеше қонжық туа алады. Туған кезде олардың салмағы 90-нан (панда) 680 грамға дейін жетеді. Ұйықтайтын аюдың түрлерінде олар апанында балалайды. Аюлар табиғаты бойынша моногамды, бірақ аюлардың жұптары төзімді емес, ұрпаққа тек аналық қамқорлық жасайды. 18 ай бойы жас төлдер аналарының қасында қалады, онда 3,5 (гималай аюы) мен 9 (панда) ай аралығында нәрестелер анасының сүтімен қоректенеді.


Аю өте епті және олар төмендегі заттарды жейді:

  • Саңырауқұлақтар, жидектер, жаңғақтар, әр түрлі тамырлар және жеміс.

  • Жәндіктер, ұсақ кеміргіштер, құс жұмыртқалары

  • Балық аулайды

  • Балды ұнатады

  • 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!