Материалдар / Ғылыми жоба "Ауыл мектептерінде математиканы қоршаған ортаға байланыстырып оқыту"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жоба "Ауыл мектептерінде математиканы қоршаған ортаға байланыстырып оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ауыл мектебінде қоршаған орта мысалдарын байланыстыра отырып, математиканы оқытудың өзектілігі туралы айтылады. Бұлай оқыту пәннің қажеттілігін дәлелдеп, оқыту сапасын арттыратыны көрсетілген. Мақалада қоршаған ортаға байланысты есептерден мысалдар келтірілген. Олардың тиімді шешу жолдары көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2022
710
37 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ауыл мектептерінде математиканы қоршаған

ортаға байланыстырып оқыту



Казанкапова Сагила Уркимбаевна

ШҚО білім басқармасы, Үржар ауданы білім бөлімінің,

«Қарабұлақ орта мектеп-бақшасы» КММ




Аңдатпа. Бұл мақалада ауыл мектебінде қоршаған орта мысалдарын байланыстыра отырып, математиканы оқытудың өзектілігі туралы айтылады. Бұлай оқыту пәннің қажеттілігін дәлелдеп, оқыту сапасын арттыратыны көрсетілген. Мақалада қоршаған ортаға байланысты есептерден мысалдар келтірілген. Олардың тиімді шешу жолдары көрсетілген.

Кілт сөздер: математика, ауыл мектебі, қоршаған орта, өмір, логика, оқулық, туған өлке, есеп.


Аннотация. В этой статье говорится о преподавании в сельской школе математики, связывая его с примерами окружающей среды и, о том, что такого рода обучение является стержневым подходом для проявления интереса к предмету. Также, доказывает необходимость дисциплины и способствует повышению качества знаний учащихся. В статье даны примеры задач на тему окружающей среды. Показаны пути их эффективного решения

Ключевые слова: математика, сельская школа, окружающая среда, жизнь, логика, учебник, родной край, задача.


Annotation. This article describes the basic of teaching Mathematics in rural schools, provides examples of the environment. It has shown that training proves the needing for discipline and improves quality of training. The article contains examples of environmental problems. They were shown effective ways.

Keywords: Mathematics (Maths), rural school, environment, life, logic, book, motherland, task.




Математиканы оқыту әдістемесі проблемаларының ішінде ауыл мектептері оқушыларының оқыту ерекшеліктерін ескеру мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

Оқу бағдарламалары әр түрлі өзгеріске ұшырап, оқулықтар қайта жазылып, қазақ мектептеріне арналған төл оқулықтар шығып жатқанда бұл тақырып өзекжарды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да математика пәні мұғалімдерінің алдында басқа пән мұғалімдері сияқты кезек күттірмейтін міндет оқуды өмірмен, қоршаған орта мысалдарымен байланыстыруды қамтамасыз ету.

Математиканы қоршаған орта мысалдарымен байланыстыра оқыту ең алдымен бұл пәнді оқыту сапасын және оқушылардың жалпы математикалық білім дәрежесін көтеруді, оқушыларға берік және сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.

Мектеп математика курсын оқытуды өмірмен, яғни қоршаған орта мысалдарымен байланыстыруды нығайту қажеттілігі туралы айтқанда математиканың өзіндік ерекшелігін, оның логикасын және басқа ғылымдарды дамытудағы маңызын еске алу керек. Оны білу математиканы өмірімен байланыстыру сияқты мәселелерге дұрыс жауап беруге жәрдемін тигізеді және бұл мәселер жөнінде өрескел қате жіберуден сақтандырады.

Математика адам өмірінің қай саласында болса да қолданылады. Мұғалім математиканың да басқа ғылымдар сияқты адамдардың практикалық қажеттіліктен шыққанына, оның дамуының қайнар көзі адамзат қоғамының практикалық қызметі болып табылатынына оқушылар назарын баса аудару керек.

Матемтиканы қоршаған орта мысалдарымен байланыстыруда табысқа жету мұғалім іскерлігіне байланысты.

Математиканы өмірмен ұштастыра оқытуда іс жүзіне асырудың мақсатымен оқушыларға математиканың ықпал әрекетін көрсеті үшін бағдарламаларға нұқсан келтірмей бар мүмкіндіктерді пайдалану керек.

Оқушы алдына математиканы өмірде көре білуге үйрету, оларға теориялық біліммен қоса практикалық дағдылармен қарулану мақсатын қою керек.

Қазіргі кезде ауыл мектептері көп көңіл бөлуді қажет етеді. Білім алу кезінде оқушының математикалық білім деңгейінің жетістігіне қоршаған ортамен байланысының әсері ерекше.

Ауыл мектептері оқушыларының қала мектептері оқушыларынан айырмашылығы сол, практикалық мазмұндағы есептер ауыл балаларына сөзсіз жақын болып келеді. Олар есептің мазмұнын, қолданылатын орнын толық біледі, яғни өмірде көрген. Бұл балалардың қоршаған ортаға байланысты алған әсері.

Ауыл мектептерінде оқыту оқушының жеке басының іс-әрекетіне ғана емес, олардың қарым-қатынасына да байланысты. Сондықтан педагогтар ойы: оқушылардың таным объектісімен қарым-қатынаста болуын, еңбекке қарым-қатынасы, қиындықтан шығу жолдарын өздері іздеуін, әр оқушы білім табыскері болуын тек қана мұғалімге сүйеніп емес, жолдастарына сүйеніп те іске асыруы керек.

Ауыл мектептерінің өзекті мәселелеріне оқушылардың ауыл өміріне белсенді қарым-қатынасы, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, табиғат әлемінің тамаша құбылыстарына, ауыл тұрмысына қатынасы, рухани байлыққа қатынасы жатады және толық түсінікті.

Қала мектептерінің оқушыларына қимыл, іс-әрекет жетіспейді, ал ауыл мектептерінде ондай еңбек іс-әрекеті көңіл бөлуді қажет етпейді. Өте кішкентай кезінен бастап бала жанұядағы және мектептегі еңбекке араласа бастайды, көп қозғалады, уақытының көп бөлігін таза ауада табиғат аясында және ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен өткізеді. Осы іс-әрекеттер оқу үрдісінде тек тәрбие ісінің жақсы орын алуында ғана нәтижеге жетеді. Өкінішке орай мұндай жағдай жиі кездеспейді. Оқу үрдісінде ауыл шаруашылығындағы еңбекке оқушылардың пракатикалық дайындығына үлкен мүмкіндікті математика береді.

Ауыл мектептерінде математика пәні дәл қала мектептеріндегі бағдарламалар мен оқулықтар арқылы оқытылады. Математикалық білім деңгейі мен ақыл-ой дағдысына да дәл сондай талаптар қойылады. Соңында айырмашылық математика пәнінің мұғаліміне келіп тоқталады. Мұғалімнің өз пәнін қандай дайындықпен өткізгені оқушы білімінен көрініп тұрады.

Теорияның қоршаған ортамен байланысы көрсетілмесе, мұғалім сабақты жақсы түсіндіргенімен оқыту сыңаржақты болады.

Ауыл мектептерінің ерекшеліктерін еске алсақ, онда математиканы оқытудың барлық сатысында ауыл шаруашылық еңбегімен байланыс орын алуы керек. Қазақ мектептерінде пайдаланылып келген оқулықтардың практикалық бөлім аймақтық, ұлттық ерекшеліктерге сәйкес келмейді. Есептер мазмұны ауыл балаларына таныс емес, олардың ата-аналарының іс-әрекетімен сипатталмайды. Сондықтан ол есептер мазмұнын түсіндіруге де уақыт кетеді.

Мұндай математикалық есептерді қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, ауыл оқушысының қоршаған ортасымен байланыстыру керек.

«Өмірде қажетсіз есеп болады» деген қате пікірді жою үшін қолданбалы, практикалық өмірмен байланысты есептерді көбейту керек.

Қарастырылып отырған проблемаларды ескере отырып мынандай алдан-ала болжам жасауға болады.

Ауылда өскен бала кішкентайынан еңбекке араласа бастайды. Оның қоршаған ортасы мүлдем бөлек. Ол тіпті лифт, параход, тролейбус, поезд, зоопарк, бассейн дегеннің не екенін білсе де өз көзімен көріп, іс жүзінде пайдаланып көрген емес. Мұндай ұғымдармен байланысқан есептерді шешу үшін мазмұнын түсіндіруге бірталай уақыт жұмсалады.

Ауыл баласы түйе, ат, қой, ешкі, сиыр сияқты үй жануарларын кішкентайынан көріп, айыра біліп өседі. Қойдың етін, сүтін, терісін, тіпті жүнін де пайдалануға болатынын жақсы біледі. Дәл осы мазмұндағы есептерді қала баласы да түсініп болмасы анық.

Осы айтылған ерекшеліктер ескерілген есептердің реттелген жүйесін пайдалансақ, оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыра аламыз. Ендеше математика бағдарламасын өзгертпей, соған сәйкес қоршаған ортадан алған мысалдарды оқытуды жоғарғы деңгейге көтерейік.

1-мысал: Екі түрлі шеге берілген. Диаметрлері, ұзындықтары бірдей. Ұшы қырланып келген, не дөңгеленіп келген шегенің қайсысын жұлып алу оңай, не қағу оңай? – деген сұрақтар математика пәнінің күнделікті өмірмен тіпті тығыз байланыста екенін көрсетеді.

Жауап: пирамида формалы ұшталған шеге тез кіреді және тез суырылады. Себебі пирамида ауданы конус ауданынан кіші, ендеше алатын орны да кіші.


1-сурет




2-мысал: «Шеңбер ұзындығы» тақырыбында.

Сол сияқты «арбаның алдыңғы белдігі артқы белдікке қарағанда неліктен ерте тозып, күйіп кетеді?» деген есептің геометрияға еш қатысы жоқ сияқты. Есеп шын мәнінде геометриялық. Көрінбей тұрған жерден геометриялық негізін таба білу керек.

Шешуі: арбаның алдыңғы дөңгелегі артқы дөңгелегінен кіші екені жұрттың бәріне мәлім. Белгілі бір қашықтықта кіші дөңгелек шеңбері үлкен дөңгелекпен салыстырғанда көбірек айналады. Кіші дөңгелек шеңбері үлкен дөңгелек шеңберінен кіші болады, сондықтан ол тиісті кесінді бойына бірнеше рет артық салынады, яғни алдыңғы дөңгелек артқы дөңгелектен көбірек айналатындықтан алдыңғы белдік қажалып тозатыны түсінікті.



2-сурет

3-мысал: Екі қауын. Сапасы бірдей екі қауын сатылады. Біріншісінің шеңбері 60 см, екіншісінің шеңбері 50 см. Екіншісімен салыстырғанда біріншісі 15 есе қымбат. Осы екі қауынның қайсысын сатып алу тиімді?

Шешуі: Шеңберлердің ұзындықтарының қатынасы қауындардың диаметрлерінің қатынасындай болады. Көлденең қималары бойынша олардың бірінң шеңбері 6 см, екіншісінің шеңбері 50 см болса, олардың диаметрлерінің қатынасы 60:50 болады да, көлемдерінің қатынасы Егер көлемдері бойынша есептесек, үлкен қауын кіші қауыннан 1,73 есе қымбат болуға тиіс, басқаша айтқанлда оның бағасы 73% артық болуға тиіс. Сатушы оған тек 50% ғана артық сұрайды. Үлкен қауынды сатып алу тиімді.

Жауабы: Үлкен қауынды сатып алу тиімді.



3-сурет



4-мысал: Сиырдың тірі салмағы екі айнымалының көмегімен төмендегі формуламен жуықтап жазуға болады (кг): m .

P жауырынмен есептегендегі дене орамы (см);

І – әукенің ортасынан құйрықтың түбіне дейін (см), Р 180 см, І 150 см болғандағы сиырдың тірі салмағын тап.

4-сурет

Шешуі: m

m .

Жауабы: 540 кг.

5-мысал: Аттың адымының орташа ұзындығы – 1,6 м, ал минутына 52 рет адым жасайды. 1 сағаттан кейін ат қандай ара қашықтықты жүріп өтеді?

Шешуі: 1 сағат

1,6 м

Жауабы: 4 км 992 м.

5-сурет





Жалпы білім сапасы – мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Жаңаша оқыту технологиялары мұғалімдерді жақсы нәтижеге жеткізетін құрал.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Жаңа техногияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа адами қабілеттерін дамытуға оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.























Әдебиеттер


  1. Ы.Әлиев «Өмірмен байланыстыру», Қазақстан мектебі, 1987/№9;

  2. Е.Қ.Есенжолов «Экономикалық білім берудің жолдары», Қазақстан мектебі, 1981/№7;

  3. Н.П.Ирошников «Организация обучения математике в 4-5 классах сельской школы», Москва «Просвещение», 1982;

  4. Ю.М.Колягин «Активизация обучения математике в сельской школе». Издательство «Просвещение», 1975;

  5. А.Н.Левин «Орта мектепте математиканы, сызуды оқыту тәжірибелерінен», «Математиканы оқытуды өмірмен байланыстыру туралы», Алматы, 1963;

  6. Д.Өмірзақов «Ауыл шаруашылық мазмұнды есептер», Қазақстан мектебі, 1984/№4;

  7. В.А.Петров «Математические задачи из сельскохозяйственной практики», Москва «Просвещение», 1980.

  8. Э.Р.Нурк, А.Э.Тельгмаа «Математика», 5-сынып, Алматы «Рауан» 1990;

  9. Қ.Мақсурина «Математикалық поезд» ойыны. Қ.м. 1991/№10;

  10. Қ.Өтеева «Қазақ мектебінде математиканы оқыту ерекшеліктері», Қазақстан мектебі, 1990/№2.



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!