Жоба
тақырыбы
Білім беру
мекемелері үшін робот-кеңесші жасау
Жұмыстың бастапқы берілістері
-
Әдістемелік нұсқау;
-
Ақпараттық
жабдықтау;
-
Бағдарламалық құралдар;
-
Техникалық
құралдар.
Есептік түсініктемелік жазба мазмұны
(қарастырылатын мәселелер тізімі):
-
Таңдалған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді
зерттеу, телеграм чат ботты құру және іске
қосу
-
Тіркеу,
аутентификация, сәлемдесу және нұсқаулық (чат – боттың функционалдығына және жеке
мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуға мүмкіндік беретін
модульді жасау)
-
Университетке байланысты сұрауларға жауап
беретін және кеңес беретін модуль
жасау
-
Оқу
бағдарламасы, оқу жоспары, сабақ кестесі, қосымша үйірмелер мен
жақында болатын іс – шаралар туралы толық ақпарат беретін модуль
жасау
-
Онлайн
өтініштерді өңдейтін функционалдық модуль
құрастыру
-
Білім
беру жүйелері және деректер базасымен интеграциялау: чат-ботты
дерек базасымен және қолжетімді жүйелермен интеграциялауға арналған
модульді жасау
-
Қорытынды
Негізгі әдебиет тізімі:
-
Мырзагожа
А., Әбілбаев А., Сағымбаев С. "Telegram боттарды жасау және қосу".
Алматы: Даму, 2019.
-
Осипов
Г.С., Жұмашов Б.Т., Сейлова Г.Ж. "Жасанды интеллект және сапалы
мәліметтерді әзірлеу". Астана: Елім, 2018.
-
Кошанов
А., Сеитов А. "JAVA және Telegram API арқылы Telegram бот жасау".
Астана: Жаркынбек, 2021.
Жұмыстың бөлімдеріне қатысты кеңес және нұсқау
беру
Бөлім
|
Бөлім жетекшісі, аты-жөні
|
Уақыт
|
Қолы
|
Кіріспе
|
|
|
|
|
Робот –
кеңесшінің қолданылу
маңыздылығы
|
|
|
|
Негізгі бөлім
|
|
|
|
|
|
Техникалық бөлім
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
|
Әдебиеттер тізімі
|
|
|
|
|
Жобаға дайындықтың кестесі
№
п/п
|
Бөлімдердің атауларының
құрастырылған сұрақтар тізімі
|
Жетекшіге көрсету
мерзімі
|
Ескерту
|
1
|
Кіріспе
|
|
|
2
|
Телеграм чат – боттың жасалуы, іске
қосылуы
|
|
|
3
|
Негізгі бөлім
|
|
|
4
|
Техникалық бөлім
|
|
|
5
|
Қорытынды
|
|
|
6
|
Әдебиеттер тізімі
|
|
|
Аңдатпа
Бұл жоба Java бағдарламалау тілі мен Maven
Archetype проектісін пайдалану арқылы жасалған Telegram чат-боттың
құрылуын сипаттайды. Бұл виртуалды көмекші студенттер мен
университетке түскісі келетін оқушыларға университет жайлы толық
мәлімтеттерді ұсынады.
Бот абитуриенттерге "Құжаттар тізімі",
"Мамандықтар тізімі", "Қабылдау комиссиясы" және "университет
туралы" деген төрт сегмент ұсынады. Бұл бөлімдер күнделікті
тізімдеу процесі, қажетті құжаттар, қолжетімді мамандықтар мен
университет туралы жалпы мәліметтерді алуға көмек көрсетуді
қамтамасыз ету үшін жасалған.
Ал, университет қабырғасында оқып жатқан
студенттер үшін "Академиялық күнтізбе", "Сабақ кестесі",
"Студенттік клубтар тізімі" және "Студенттерді қолдау орталығы"
деген төрт дайын сегмент ұсынады. Бұл бөлімдер студенттерге
академиялық күнтізбе, сабақ кестесі, барлық студенттік клубтар мен
іс – шаралар туралы, сондай – ақ, студенттерді қолдау орталығы
туралы маңызды мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Бірінші, Telegram қолданбасында чат-бот
құрдым, онда Telegram қолданбасының басты сервистік қызметі
@BotFather арқылы чат-ботқа API token бердім. Бұл токен боттың
серверлік бөлігіне өзгерістерді енгізу үшін пайдаланылады.
Қорыта айтқанда, Java бағдарламалау тілінің
пайдаланылуымен жасалған бұл Telegram чат – бот университетіміздің
студенттеріне және құжат тапсыруды жоспарлап жүрген түлектерге
уақытқа және мекен – жайына қарамастан, университеттің академиялық
және сабақтан тыс іс – шаралар арасында байланыс орнатып, керекті
ақпараттарға тез, әрі оңай қолжеткізуге мүмкіндік беретін көмекші
құрал қызметін атқарады.
Аннотация
Предоставленная аннотация описывает создания
Telegram чат - бота, разработанный с использованием языка программирования Java и проекта Maven Archetype. Бот
служит в качестве инструмента поддержки для студентов и
абитуриентов университета, предлагая информацию, связанную с
университетом.
Для абитуриентов бот предоставляет четыре
сегмента: "Список документов", "Список
специальностей", "Приемная комиссия" и "О университета". Эти
сегменты направлены на помощь
абитуриентам в получении необходимой информации о процессе
поступления в университет, требуемых документах, доступных
специальностях и общей информации о университета.
С другой стороны, для зачисленных студентов
бот предлагает четыре различных сегмента:
"Академический календарь", "Расписание занятий", "Список
студенческих клубов" и "Центр поддержки студентов". Эти варианты
разработаны для предоставления студентам удобного доступа к важной
информации, такой как академический календарь, расписание занятий,
доступные студенческие клубы и услуги поддержки, предоставляемые
Центром поддержки студентов университета.
Сначала, я создала чат - бот в приложении
телеграмм, далее с помощью главного сервиса Телеграма @BotFather,
через который проходит регистрация всех пользовательских ботов,
присвоили API token нашему боту, чтобы внести изменения в серверную
часть нашего бота.
В целом, этот Telegram-бот, разработанный с
использованием языка программирования Java, служит полезным
ресурсом как для абитуриентов университета, так и для зачисленных
студентов, предлагая удобный доступ к важной информации и
способствуя их взаимодействию с академическими и внеклассными
аспектами университета.
Abstract
The provided annotation
describes a Telegram bot developed using the Java language and the
Maven Archetype project. The bot serves as a support tool for
universitet students and applicants, offering information related
to the university.
For applicants, the bot
provides four options: "List of Documents," "List of Specialties,"
"Admissions," and "About universitet." These options aim to assist
applicants in accessing necessary information regarding the
university's application process, required documents, available
specialties, and general information about universitet.
On the other hand, for
enrolled students, the bot offers four different options: "Academic
Calendar," "Timetable of Classes," "List of Student Clubs," and
"Student Support Center." These options are designed to provide
students with convenient access to essential information such as
the academic calendar, class schedules, available student clubs,
and support services provided by the university's Student Support
Center.
First, I created a chatbot
in the Telegram application. Then, using the main Telegram service
called @BotFather, which handles the registration of all user bots,
we obtained an API token for our bot. This token allows us to make
changes to the server-side of our bot.
Overall, this Telegram bot
developed using Java serves as a helpful resource for both
universitet applicants and enrolled students, offering convenient
access to important information and facilitating their engagement
with the university's academic and extracurricular
aspects.
Мазмұны
Қорытынды
59
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі 60
Кіріспе
Қазіргі таңда, интернет - бұл қарым-қатынас,
ойын-сауық және қосымша білім алу үшін әмбебап орта. Қазіргі
уақытта, әлемде, бар қарым - қатынастың көптеген құралдары,
формалары мен әдістері және олардың едәуір бөлігі қандай да бір
жолмен қазіргі заманғы техникалық мүмкіндіктермен байланысты, атап
айтқанда, олар ғаламдық компьютерлік желіні пайдалану арқылы
ұсынылған. Соңғы жылдары ақпараттық және коммуникациялық
технологиялар барлық салаларда қарқынды дамуда. Көрсетілетін
қызметтер сапасын жақсарту, цифрландыру және жобалық басқаруды
арттыру мәселелері қазіргі қоғамның басым бағыттарының біріне
айналды.
Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар
біздің өміріміздің барлық салаларына, соның ішінде білім беру
саласына мықтап енді. Технологияның дамуы және жаңа мүмкіндіктердің
пайда болуымен білім беру мекемелері өз қызметтерін жақсарту және
студенттер мен оқытушылармен тиімдірек өзара әрекеттесуді
қамтамасыз ету үшін чат − боттарды пайдалануға көбірек бет
бұруда.
Чатботтар-бұл мәтіндік хабарламалар арқылы
пайдаланушылармен байланысты автоматтандыруға қабілетті
бағдарламалық жасақтама. Олар нақты уақыт режимінде сұрақтарды
өңдеуге және ақпарат беруге мүмкіндік беретін жасанды интеллект пен
машиналық оқытуға негізделген. Білім беру құрылымдары контекстінде
чатботтар сабақ кестесі, бағалар, қол жетімді курстар туралы
жаңартылған ақпарат беру, сондай-ақ студенттерге олардың
сұрақтарына жауап беру және мәселелерді шешу үшін қолдау көрсету
сияқты әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады.
Ғылыми жұмысымның мақсаты − Telegram
мессенджері үшін университет студенттері және абитуриенттері үшін
кеңес беретін көмекші чат - ботты әзірлеу. Сондай − ақ, студенттер
мен оқытушыларға өзара әрекеттесудің ыңғайлы және тиімді құралын
ұсынатын білім беру құрылымы үшін чат-ботты әзірлеу және жүзеге
асыру болып табылады. Жұмыс барысында чат-боттарды құрудың негізгі
принциптері, олардың мүмкіндіктері мен білім беру ортасында қолдану
әлеуеті қарастырылады.
Қойылған мақсатқа сүйене отырып, келесі
міндеттер қойылды:
− университет базасын зерттеу;
− чат – бот құрылымын талдау;
− технологиялар мен даму ортасын таңдау;
− Telegram платформасында чат-ботты
әзірлеу.
Қазіргі уақытта чат - боттарды электрондық
коммерцияда, өнеркәсіпте, сондай-ақ, білім беру жүйесінің барлық
салаларда кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл дипломдық жобада, мен
чат - ботты білім беру үдерісінде қолданудың кейбір маңызды
ерекшеліктерін, оларды студентке бағытталған оқыту тәсілінде
қолдану әдістерін бөліп көрсетемін. Чат - ботты қолданудың негізгі
артықшылығы, оны білім беру үдерісінде қолданудың тиімділігін
арттыруға бағытталған жалпы ұсыныстарды қалыптастыру болып
табылады. Сонымен қатар, бұл жұмыста чат - ботты оқытушылар мен
студенттердің ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелер бойынша
өзара әрекеттесуін жақсарту құралы ретінде оқу үдерісінде
қолданудың теориялық аспектілері мен тиімділігі қарастырылады.
Білім беру чат − боттары студенттер үшін
икемді және олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады. Көмекші чат −
бот арқылы студенттер мәтіндік хабар алмасу немесе суреттер,
бейнелер, аудио және басқа файлдар арқылы әртүрлі тақырыптарды
талқылай алады. Алдағы уақытқа қойған мақсат пен жоспарларға сай,
әдеттегі сабақ сияқты, чат − бот барлық қажетті оқу материалдарын
қамтамасыз етеді және бақылау тесттерін өткізіп, нәтижелерді
оқытушыға жіберетін болады.
Чатбот - оқытушының виртуалды көмекшісі болып
табылады. Өйткені студенттер жиі қоятын сұрақтарға жауап беруге
арналған виртуалды көмекшінің рөлін атқаратын қосымша. Боттардың
көмегімен студенттердің курс модульдері, сабақ кестесі сияқты
өзекті оқу материалдарын ұсынуға болады. Виртуалды көмекші арқылы
оқытушылар студенттермен тереңірек әрекеттесе алады. Студентке
бағытталған оқыту тәсілінде чат - ботты пайдалану, кез - келген
уақытта және кез - келген жерде дербестендірілген қолдауды
қамтамасыз етеді.
Бұл ғылыми жұмыстың нәтижелерін білім беру
мекемелері өздерінің ақпараттық жүйесін жақсарту және студенттер
мен оқытушыларға сапалы қызмет көрсету үшін пайдалана алады.
-
Әдебиетке шолу
-
Чат – бот дегеніміз не?
Чат – бот – бұл дауыстық командалар
немесе мәтіндік чаттар немесе екеуі арқылы адаммен сөйлесуді
имитациялайтын компьютерлік бағдарлама, адам пайдаланатын
интерфейстер арқылы белгілі іс-әрекет жасауға арналған виртуалды
робот. Чат - бот (немесе чат - робот) - бұл мәтіндік
хабарламалар арқылы пайдаланушылармен автоматты түрде өзара
әрекеттесуге арналған бағдарлама. Ол жасанды интеллект (AI) және
машиналық оқыту алгоритмдерін сұрауларды өңдеу және алдын ала
белгіленген ережелерге немесе оқытылған үлгілерге негізделген
жауаптар беру үшін пайдаланады. Chatbot, қысқасы chatterbot –
кез-келген негізгі хабарлама қосымшалары арқылы енгізуге және
қолдануға болатын жасанды интеллект (AI) мүмкіндігі. Чатботтың
бірқатар синонимдері бар, соның ішінде «talkbot», «bot», «IM бот»,
«интерактивті агент» немесе «жасанды сөйлесу нысаны».
Чатботтардың әртүрлі мақсаттары мен
функционалдығы болуы мүмкін және олар бизнесті, білім беруді,
денсаулық сақтауды және т.б. қоса алғанда, әртүрлі қызмет
салаларында қолданылады. Чатботтардың пайдалы болуының кейбір
негізгі себептері:
-
Ақпарат беру: чат –
боттар пайдаланушылардың сұрақтарына жауап бере алады және кесте,
өнімдер мен қызметтер, анықтамалық ақпарат және т.б. сияқты әртүрлі
тақырыптарға толыққанды мәліметті қысқа мерзім ішінде жеткізеді.
Бұл пайдаланушыларға қажетті ақпаратты өз бетінше, іздемей-ақ тез
алуға мүмкіндік береді.
-
Байланыс және
қолдау: чат – боттар пайдаланушыларға сұрақтарына жауап беру,
мәселелерді шешуге көмек