Мазмұны
TOC \o "1-3" \h \z \u
HYPERLINK "" \l
"_Toc115425254"Кіріспе...........................................................................................................................
PAGEREF _Toc115425254 \h 7
1 Пәндік аймаққа талдау және есептің қойлымы 8
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы 8
1.2 Электрондық сауда
10
1.3 Онлайн дәріхана үшін ақпараттық жүйе құру қажеттілігі 12
1.4 Құрылатын онлайн дәріхана ақпараттық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар 13
1.5 Web-серверлер жұмысын
ұйымдарстыру 16
2 Зерттеу бөлімі
19
2.1 Онлайн дәріхананың функционалдық
моделі 19
2.2 Деректердің концептуалды
моделін
құру 21
2.3 Деректер қорының логикалық моделін жобалап құру 22
2.4 Онлайн дәріхана ақпараттық жүйесі қосымшасын жобалау барысындағы UML-диаграммалар
24
2.5 Қолданылған интернет технологиялар
27
3 Мобильді қосымшаны және мәліметтер қорын құру 28
3.1 Мобильді қосымшаның қолданушылар
интерфейсін
әзірлеу
28
Қорытынды 31
Қолданылған
әдебиеттер тізімі 32
А
қосымшасы 33
Кіріспе
Қазіргі кезде адамның
бағалы заттарының бірі уақыт болғандықтан, ақпараттық технологиялар
адамның ресурстарын (күш, уақыт, энергиясын) үнемдеуге мүмкіндік
береді. Үлкен кезектерде тұрып, өз кезегіңізді күту немесе көлік
кептелістерінде тұру үлкен қиындықтар туғызғаннан соң, ғаламтор
желісі, ақпарттық жүйелер, мобильді қосымшалар арқылы жұмыстарды
бітіру тым оңай.
Қазіргі өркениетті қоғамда
ақпаратандыру кезеңі өзінің барлық мүшелерімен қоғамдық жағдайға
тәуелсіз ақпаратты және өзінің білімдерін қолданады, өздерінің
алдарындағы үздіксіз пайда болатын мәселелерді шешеді. Мысалы
DARYN Online Hospital
арқылы сіз үйде отырып-ақ дәрілерді сатып алып, дәрілердің
бағаларын салыстырып немесе формацевттің консультациясынан өте
аласыз. Онлайн дәріхана дамыған шет елдердің арасында өте танымал
әрі жоғары мәртебеге ие болып келеді. Денсаулық сақтау саласындағы
негізгі құрылым және экономикалық тұрғыдан тиімді салаларының
біріне фармацевтика жатады.
Бұл ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі:
ақпараттандыру, яғни адам қызметінің түрлі аймағына қазіргі
компьютерлік технологияларды пайдаланып, ақпараттандыру. Қазіргі
заманда технологиялық үрдістер өте жылдам қарқынмен дамуда.
Қоғамдағы осы жаңалықтарды тез арада және әр уақытта адамдарды
хабардар етіп тұру үшін түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Сол
ақпарат көздерінің таралу жолдары алуан түрлі болып келеді.
Ақпараттар теледидар, газет-журналдар арқылы, әр жерлердегі түрлі
жарнамалар арқылы таралады. Осы ақпарат көздерінің таралуының ең
жас, ең тиімді түрінің бірі интернет желісі болып табылады.
Интернет желісі өте жақсы дамып келеді. Оның дәлелі желі арқылы
ақпарат қана алып қоймай, сауда жасап, үйден шықпай, керек затқа
қол жеткізуге болады. Бұл жаһандану заманында адам баласының қол
жеткізген ең үлкен табыстарының
бірі[2].
Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам
баласының уақытын үнемдейді және дұрыс таңдау жасап, қаржысын
үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа пайда
болған заттың да тез арада таралып, шығарған компаниясына немесе
фирмасына тез көтерілуіне
көмектеседі.
Онлайн дәріхананың
басты мақсаты дәріхананың мобильді қосымшасын құру
және жүйені қолданушылардың уақытын
үнемдеу, тұтынушылардың қалауларын
қанағаттандыратындай қызмет көрсету. Бұл мобильді қосымша
арқылы қолданушылар өзідеріне қажетті дәрі-дәрмектерді іздеп
табумен қатар, онлайн түрде сатып алуға мүмкіндіктері болады.
Сонымен қатар, қолданушыға жақын орналасқан дәріхананы тауып,
мәліметтерге қол жеткізе алады. Өзіміз көріп тұрғандай көп
қиындықтардың шешімін мобильді қосымшалар арқылы шешуге болады.
-
Пәндік аймаққа талдау және есептің қойлымы
-
Пәндік
аймақтың
сипаттамасы
Қазіргі кезде онлайн
дәріханалар қоғамда, әлемнің дамушы және дамыған елдері арасында өз
орнын алып, үлкен даму үстінде. Сонымен Онлайн дәріхана деген не?
Және ол не үшін керек? Қазіргі онлайн дәріхана мобильді
қосымшасының жағдайы қалай? қандай деңгейде? деген сұрақтарға жауап
қарастырайық және пәндің аймаққа толықтай сипаттама берейік.
Жұмыстың
мақсаты: «DARYN» онлайн дәрі-дәрмек сату мобильдік
қосымшасын құру және жүйені қолданушылардың уақытын үнемдеу,
пайдаланушылар санын көбейту.
Жұмыстың
өзектілігі: Бұл ақпараттық жүйе арқылы қолданушылар
өзідеріне қажетті дәрі-дәрмектерді іздеп табумен қатар, онлайн
түрде сатып алуға мүмкіндіктері болады. Сонымен қатар, қолданушыға
жақын орналасқан дәріхананы тауып, мәліметтеріне қол жеткізе алады.
Осы мәселелерді шешу үшін «Онлайн дәрі-дәрмек сату» ақпараттық
жүйесі жасалынды.
Жұмыстың
зерттелу деңгейі: Ғылыми жұмысты жазу барысында
пәндік салаға байланысты танымал әдебиеттерге шолу жасалынып,
деректер жинақталды.
Қазір нарықта дәріхананың
екі түрі кездеседі, олар қарапайым дәріхана мен интернет желісі
арқылы, мобильді қосымша арқылы жұмыс жасайтын онлайн дәрі-дәрмек
сататын дәріханасы бар. Онлайн дәріхана (Online Hospital)
-
бұл қарт адамдарға, жүкті әйелдерге, көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, немесе дәрінің жедел түрде
керек болған кезде, қыстың қақаған аязында немесе жаздың аптап ыстығында дала кезіп дәрі-дәрмек іздемей, үйде отырып-ақ дәріхана жұмысшыларынан кеңес алып, дәрі- дәрмекті сатып алуға мүмкіндік береді. Демек Online Hospital деген не сұрағына келетін болсақ, ол тез және жедел арада,
оңай түрде дәрі-дәрмекке қол жеткізу болып табылады.
Онлайн дәрі-дәрмек сату
бұл мобильді қосымша сіздің қалаңыздың дәріханалары бар,
анықтамалық қызмет көрсету болып табылады. Сонымен қатар, өзіңізге
қажетті дәрі-дәрмектерді ұялы телефон, ақпарттық жүйелер және
мобильді қосымшаны қолдану арқылы табуға мүмкіндік береді. Онда
анықтамалық қызмет операторы арқылы кез – келген дәріханаға тікелей
қосылу мүмкіндігі бар. Ағымдағы өзіңіздің орныңызды пайдала отырып,
интерактивті шарлау арқылы сізгі жақын орналасқан дәріхананы табуға
көмектеседі. Сондай–ақ, мобильді қосымшада дәріхананың мекен-жайы,
жұмыс режимі, картадан орналасқан жері мен телефон нөмірі туралы
толық ақпараттарды тауып беруді қамтамасыз етеді. Қазір онлайн
дәріханалар әлемдік деңгейде даму үстінде болғандықтан, онлайн
дәріхананың мобильді қосымшасы да күннен-күнге өзгеріп, жақсаруда
және оның түрлері де өте көп.
Осы
онлайн дәріхананың сізге қай жағынан көмектесетініне және неліктен
ыңғайлы мобильді қосымша болып табылатындығына келетін болсақ:
-
жоғарыда айтылып кеткендей ең алдымен онлайн дәріхана адами ресурстарды (энергия,күш,уақыт) үнемдеуге мүмкіншілік жасайды;
-
онлайн дәріхана тәулігіне 24 сағатттан жұмыс жасайды(24/7) Қай уақытта болмасын тапсырысты үйіңізге дейін жеткізуге кепілдік береді;
-
онлайн дәріхана жұмысшылары, яғни фармацевттер сізге әрдайым кеңестер беріп, жақсы дәрі-дәрмекті таңдауға мүмкіндік
жасайды;
-
сонымен қатар, онлайн дәріхана желісінде бағаларды салыстыра отырып, өзіңізді қанағаттандыратын дәрі-дәрмекті таңдай
аласыз;
-
дәрі-дәрмекті қолданған адамдардың дәрі туралы қалдырып кеткен пікірлерін оқи аласыз және дәрінің көмегі, әсері
бар немесе жоқтығына көз жеткізе аласыз;
-
дәріханадан дәріханаға барып дәрі-дәрмекті іздеу үлкен қиындық тудырады, әсіресе дәрі сирек кездесетін түрден
болса. Ал онлайн дәріхана шет ел дәрілерін де, сирек кездесетін дәрілерді де
аздаған уақытта табуға және уйіңізге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Яғни сіздің жайлылықты және қанағаттандырушылықты сезінуді қамтамасыз етеді.
Енді осы онлай дәріхананың
мобильді қосымшасының Қазақстандағы жағдайына келсек: Қазақстанның
фармацевтика саласының бүгінгі ахуалы шыны керек, күрделі жағдайда.
Мұны осы сала мамандары отандық дәрі- дәрмек өндірушілердің жалпы
елімізде қолданылатын дәрілердің тек 15 пайызын төл өніммен
қамтамасыз ететіндігімен түсіндіріп кеткен еді. Ал отандық
мамандардың пікірінше, жалпы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін отандық дәрі-дәрмектердің үлесі кем дегенде 30
пайызды құрауы қажет. Дегенімен, импорттық дәрі-дәрмектердің
жеткізілуі есебінен елімізде фармацевтикалық өнім нарығы анағұрлым
серпімді дамуда.
1.1-сурет. Қазақстанда онлайн аптека қолдану пайызы диаграммасы
Қазақстанның фармацевтика саласының бүгінгі ахуалы шыны керек,
күрделі жағдайда. Бұл Қазақстанда халқымыздың онлайн дәріханадан
тапсырыстар жасайтын халық санының пайыздық деңгейдегі көрсеткіші.
Яғни 2015жылы халқымыздың 4-5% ғана бұл ақпараттық жүйемен
қолданса, 2018 жылы халқымыздың 19-20% онлайн дәріхана ақпарттық
жүйесін қолдануда. Бұл үлкен көрсеткіш болмаса да, 2015 және 2018
жылдардың арасында даму, қолданыстар санының көбейгендігі көрінеді.
Яғни ол халықтың ақпарттық жүйеге үйренгендігі мен
сенімділіктерінің пайда болғандығын және онлайн аптеканың да
құрылысы бойынша біршама жақсарғандығын дәлелдейтін көрсеткіш.
1.2-сурет.Қазақстанда онлайн дәріхана
мобильді қосымшасынан тапсырыс берушілердің диаграммалық көрсеткіші
Сонымен қатар айтып
кететін тағы бір көрсеткіштердің бірі ол Қазақстанда 80%
дәрі-дәрмектің барлығын ауруханалардан тапсырыс беріп алдыртса,
Қазақстанның 20% ол тұрғындардың беретін тапсырысы.
Пәндік аймақтың есептік
қойылымына келетін болсақ . Жұмыс мәселерінің шешімі:
-
алдымен ақпараттық жүйе құру кезінде қойылатын талаптармен танысу;
-
қазіргі кезде ақпараттық жүйенің бар аналогтарын, олардың құрамы мен функцияларын зерттеу;
-
дәрежелі ақпараттық жүйе дизайнын және контенттерін салыстыру және бағалау;
-
құрылымын дайындап, оны жүзеге асыру.
-
Электрондық
сауда
Электрондық сауда - бұл әлемдік интернет желісі
арқылы виртуалды дүкендер, дәріхана және тағы басқа жаңа сапамен
түрлі қызмет көрсететін бизнестің жаңа түрі. Ол тауар өңдіруші
компаниядан немесе жаңа қызмет ұсынушыдан еш делдалдың көмегінсіз,
тікелей байланысқа кіреді, сонымен бірге, сол қызмет туралы
әдеттегіден көбірек ақпарат біліп, алдын-ала шешім қабылдауға
мүмкіндік береді. Тағы да, атап айта кететін жайт, тікелей жеткізу
және ақша төлеу жүйесінің икемділігі. Осы аталған барлық циклды
еш қиындықсыз, кез-келген адам үйден шықпай іске асыра алады.
Интернет жүйесінде сауда жасау екі жақ, яғни, алушы мен сатушыға да
өте қолайлы[9]. Сатушы үшін қолайлы, себебі, тауар туралы және
компания туралы ақпаратты тек орналасқан аймақ емес, жалпы
Қазақстан немесе одан да басқа мемлекеттер көлемінде бизнесті
дамытып, өсуге үлкен мүмкіншіліктері бар. Тіпті, кішкентай
компаниялар да әлемдік масштабта бизнеспен айналысуына болады.
Сонымен бірге, тапсырыс берушінің ойын, талабын тікелей біліп
отыра алады. Қорыта келгенде, электронды бизнес қызмет
көрсетудің ең тиімді, қаржыны үнемдейтін және өсуге икемді
заманға сай бизнестің жаңа түрі.
Ал, клиенттер үшін де бұл жүйенің тиімділігі
баршылық. Оларға, тауарды басқа да ұсынушылардың ұсынысымен
салыстырып, ұтымды, ыңғайлы таңдау жасауға мүмкіндіктері бар.
Сонымен бірге, берген сұраныстарына тез жауап, ақпарат ала
алады.
Интернет арқылы бизнес жасаудың тиімділігінің
негізгі үш факторы бар: баға, уақыт және тікелей
қарым-қатынас[18].
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру
технологиялары
«Көпфункционалды интернет – қосымшалары» термині
қолданысқа бірнеше жыл бұрын енді, дегенмен оның
түсініктемесі:
-
сценарийдің алыстатылған тілі;
-
хInternet;
-
көпфункционалды Web-клиенты;
-
көпфункционалды Web-қосымша ретінде белгілі
болған.
Интернет
өте үлкен көлемді ақпарат көзі, көптеген технологиялар осы
ақпаратты жеткізу жолдарын жақсарту мен Web-те жетілдірілген және
қолайлы әдіспен сақтауға арналады. Web-қосымшалардың көбінде
өңдеудің көп бөлігі серверде жүзеге асады. Бұл үлкен көлемді
ақпарат пен оны өңдеу серверге үлкен күш түсіреді, сонымен қатар
желілік трафикке тәуелділікті жоғарылатады.
Ескі
клиент-сервелі архитектура үлкен ыңғайлы және функционалдылы
болған, бірақ Web-дәуірінде жоғалды. Бұның бір себебі
біркелкіліктің жоқтығы немесе клиенттік қосымшалардың
стандартталуы. Енді ешқандай күмәнсіз, жалпылама қабылданған
Web-құрал болып браузер табылады. Дегенмен, оған интеллектуалды
өңдеулердің мүмкіншіліктері жеткіліксіз. Осының есебіне клиенттің
қосымшаларға қолданушылардың ақпаратын жеткізу мен қарапайым өңдеу
жұмыстарын жүргізу міндеті артылған. Көпфункционалды
интернет-қосымшалар браузердің негізінде ең жақсы, тез, назар
аударарлық және функционалды қолданбалы қосымшаларды өңдеуге
мүмкіндік береді[9].
Қолданушы
интерфейсімен Web және Интернет деңгейінде байланысатын өңдеушілер
қолданушы интерфейсі деңгейінде жиі тәжірибелер жүргізеді және ең
аз сыртқы қолдаусыз нәтижелі жұмыс жасауға қабілетті әр түрлі
RIA-құралдарды байқайды. Көбінесе браузер қалыпты жұмыс істеу үшін
модульге, кеңейтуге және жүктелетін файлға қатысты біршама
қолдаулар қажет[25].
-
Онлайн
дәріхана
үшін ақпараттық
жүйе құру қажеттілігі
Ең алдымен мобильді
қосымшалар мен онлайн дәріханалар заманымыздың өзекті
тақырыптарының бірі болып табылғандықтан, оның ақпараттық жүйенің
онлайн дәріханаға құру қажеттілігін анықтап алайық. Ол үшін алдымен
ақпарттық жүйелердің негізгі түсініктеріне шолу жасау керек.
Ақпараттық жүйе − әртүрлі
күрделі жүйелердегі ақпарат ағынын талдау мәселелерін шешумен,
олардың оптимизациясымен, құрылымдануымен, ақпаратты сақтау және
іздеу принциптерімен байланысты информатиканың бөлімі.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер, ақпараттық іздеу жүйелері,
ақпаратты сақтау мен іздеудің заманауи ауқымды жүйелері (баршамызға
белгілі Internet желісі де) ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында
көпшіліктің назарын өзіне аударуда. Принциптік шешімдердің
теориялық негіздерінсіз ақпарат мухитында адасып кетуге болады.
Ақпараттық жүйелердің онлайн дәріханада қолданылатын негізгі
түсініктері және оның қолдану қажеттіліктері аясына келетін
болсақ:
Кез-келген ақпараттық жүйе не деректер қоры (оны құру көзқарасынан
алғанда) программалау тілдерінде үш компоненттен тұрады:
-
деректер файлыжергілікті компьютерде немесе серверде орналасқан өзіне деректер құрылымын ендіретін
файл. Деректер құрылымына кестелер, сұраныстар және фильтрлер, сонымен қатар сақаталатын процедуралар, қолданушы функциялары, диаграмма және триггерлер;
-
байланыс объекті –деректер файлы мен ақапарттық
жүйе интерфейсі арасында байланысты ұйымдастыратын программалау тілінің объекті;
-
ақпараттық жүйе интерфейсі − қолданушымен жүйенің әсерлесуін жүзеге асыратын құралдар кешені. Ол клиенттің де сервердің де компьютерінде орналасуы мүмкін;
Сонымен қатар ақпараттық
жүйе клиент-сервер технологиясы бойынша өңдеу бірнеше этаптан
тұрады;
-
компьютерлік желінің серверіне серверлік дерек
қорларын басқару жүйесінде орналастырылады (мысалы, microsoft sql
server, mysql, oracle),егер web-интерфейс таратылса, онда серверге web-сервер программасы орналастырылады (мысалы, apache);
-
егер клиенттік қосымша таратылса, онда желінің
барлық клиенттік бөлігіне клиенттік бөлік орналасады (бұл қадам міндетті емес және ақпараттық жүйе қолданушылары серверді басқару мүмкіндігіне ие болған жағдайда орындалады);
-
дерек қорларды басқару жүйесінің серверлік
бөлігі, керек қорларды басқару жүйесінің клиенттік бөлігі және web-сервер бапталады;
-
деректер құрылымы анықталады (кестелер арасындағы
байланыстар мен
деректер бағандарының типі), сонымен қатар сұ