Материалдар / Ғылыми жоба "Денсаулык сактау ортасын автоматтандыру" тақырыбында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба "Денсаулык сактау ортасын автоматтандыру" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба "Денсаулык сактау ортасын автоматтандыру" тақырыбында 7-11 сынып аралығындағы оқушыларға алуға болады. Информатика пәні бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2024
283
3 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

68


Мазмұны




Кіріспе 3

1 Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологияларға шолу 5

1.1 Денсаулықты сақтау жүйесін ақпараттандырудың маңыздылығы, қазіргі деңгейі 5

1.2 Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру көздері мен тәсілдері 6

1.3 Қазіргі медициналық ақпараттық жүйелерге салыстырмалы талдау 9

1.4 Зерттелу облысы бойынша автоматтандыруды талап ететін мәселелерді анықтау 12

2 Негізгі бөлім 15

2.1 Ақпаратты қорғау құралдарына жалпы шолу 15

2.2 Ақпараттық қорғау жүйесі және әдістері 22

2.3 Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері 25

2.4 Денсаулық сақтау жүйесінде ақпараттық қорғау әдістері 28

3 Техникалық бөлім 32

3.1 Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жалпы сипаттамасы 32

3.2 Жүйені математикалық суреттеу, алгоритмдерін құру 35

3.3 Жүйе құру технологиясын таңдау және деректер қорын ұйымдастыру 42

3.4 Жүйені өңдеуді қолдайтын аспаптық құралдары 49

3.5 Бағдарламаны сипаттау 54

3.6 Бағдарламада ақпаратты қорғау әдістерін ұйымдастыру 56

Қорытынды 59

Қолданылған әдебиеттер тізімі 60

Қосымша А 61

Қосымша Ә 63





Кіріспе



ҚР Елбасының бекіткен «Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдар аралығындағы денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» халықты қол жетерлік, сапалы, социалды-бағытталған және экономикалық тиімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтаудың қазіргі заманға сай жүйесі болып табылады. Бұл бағыттың сәтті жүзеге асырылуы көбінесе жоғары квалификациялы мамандардың практикалық денсаулық сақтау қажеттілігін қамтамассыз етуіне байланысты.

ҚР Перезиденті 2019 жылғы Жолдауыyнда медицина саласына мынадай баға берді: «Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл - денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды» [1]. Осыған байланысты келесідей мақстаттар қойылды: біріншіден, үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет, екіншіден , халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жетілдіру денсаулық сақтау органдарының басымды мәселелерінің бірі делінген жолдамада.

Сапаны жетілдіру мәселесі көптеген компоненттерден тұрады және де міндетті түрде аурухана көлеміндегі сенімді ақпараттық байланстарға негізделуі қажет. Егерде аурухананың бөлімдері локальдық желі бойынша байланыста болған жағдайда мәліметтердің сенімділігі мен қатар олардың қажеттілігі бойынша жедел жеткізілуіне же мүмкіншілік туындайтын еді.

Денсаулық сақтау мәселесі бойынша Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін халыққа медициналық қызмет көрсетуге бағытталған сапалы жаңа стандарттың құрылуы медициналық кластердің мақсаты болып табылады. 2010 жылға дейін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін медициналық көмектің сапалы басқару жүйесі құрылады. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үшін және де елдің социалды-экономикалық дамуына денсаулық көрсеткіштерінің жағдайы әсер етеді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ауруханадағы құжаттар айналымына негізгі кері әсері бар болатын себептерден құтылуға, мәліметтерді іздеуге, өңдеуге кететін уақыт шығындарын кемітуге және орталықтың тұтынушыларына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады. Аурухананың қызметіне кері әсері бар болатын себептер:

  • Аурухананың өзара ішкі құрылымдарымен жүргізілетін құжатар айналымындағы пайдаланатын қағаз құжаттар түрінде жүргізетін дәстүрлі технологиялардың орын алуы;

  • Ішкі аралық құжаттар санының керексіз артық болуы, мысалы түрлі папкалар, журналдар, бір мәліметерді қайта-қайта бірнеше аралық құжаттарға қажетсіз енгізу;

  • Тіркеу журналдардың басқа да құжаттардың қол жазба түрінде жүргізілуі құжаттардың баяу дайындалуына әкеледі де оның салдары ретінде көптеген қателердің болуы ықтималдығы артады (адамдық фактор).

Сонымен, аурухананың қызметтерін автоматтандыру мәселесі қазіргі таңда өзекті екені айқын болды. Осыған байланысты жобадық жұмыстың мақсаты қағаз құжаттардың орнына тиімді болатын аурухананың барлық пациенттерін тіркеу құжаттар айналымын автоматтандыру үшін мәліметтер базасы негізінде компьютерлік жүйе құру. Осы мақсатқа байланысты жоба алдындағы тәжірибеде ауруханандағы құжаттар айналымы зерттеліп, қажетті кеңестер алынды. Деректер базасын құруға қажетті мәліметтер жинақталды. Олар: аурудың аты-жөнін, адресін, диагнозын, ауруханаға келіп тұру уақытын тіркеу функциясын автоматтандырудың заманауи компьютерлік ақпараттық жүйесін мәліметтер базасын құру. Жоба жұмысы бойынша қойылған мақсатқа қарай мынадай мәселелерді шешу көзделеді:

    • Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін жобалау негіздерін қарастыру;

    • Автоматтандыру мәселелерінің ақпараттық және бағдарламалық жобалау технологияларын зерттеу;

    • Жобаны іске асыру нәтижелерін бағалау;

    • Ақпараттық қауіпсіздік және компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау мәселелеріне талдау жүргізу.

Жобалық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - барлық кіріс құжаттардағы мәліметер ортақ дереққорға енгізілетін болады және емдеу процесіндегі объекттері мен субъекттері туралы да деректер жүйеде электрондық түрде, ал мұрағатта қағаз құжатар түрінде сақталады. Және ақпаратты қорғау әдістерін пайдаланып, ақпаратты қорғау жүйесі ұйымдастырылады, яғни емделуші туралы ақпарат тек оны қабылдаған дәрігерге ғана белгілі болады.

Тәжірибиелік маңыздылығы – құрылған ақпараттық жүйе қазіргі уақытта кез келген медициналық мекемеде пайдаланыла алады, болашақта ары қарай кеңею мүмкіндігі бар. Ауруханада автоматтандырылған компьютерлік жүйені қолданудың мынадай ұтымды жақтары бар:

  • Негізгі технологиялық операцияларды (аурудың аты-жөні мен адресін, ауруханаға келген уақтысын, диагнозын бастапқы кезеңде тіркеуге алудан бастап, түрлі қажетті мәліметтерді іздеп, дайындауға дейін) орындаудағы уақыт шығындарын азайту;

  • Ауруханаға қабылданған науқастарды тез арада тіркеуге алу;

  • Мәліметтер базасында сақталатын мәліметтерге түрлі критерийлер бойынша жедел талдау жүргізу және т.б.

  1. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологияларға шолу



    1. Денсаулықты сақтау жүйесін ақпараттандырудың маңыздылығы, қазіргі деңгейі



Кез келген саналы адам халқына қандай да болса пайдасын тигізуге тырысады. Отанымызды қорғаудың, елімізді сүюдің, халықымызға қызмет ет­у­­дің бастамасы осы елдің әр азаматына қамқорлық жасап, оларға жақсы әлеу­меттік жағдай көрсету болады.

Адамзат баласының өмір сүріп, алдына қойған мақсаттарына жетіп, осы өмір­дің мән-мағынасын түсінуіне, адамның адам болып қалыптасуына, ең ал­ды­мен, денсаулық ықпал етеді. Өкінішке орай, барлық адамдарға мұндай мүм­кін­шілік беріле бермейді. Түрлі себептермен адамдар ауырып, оған қарсы ем із­дейді. Біз осы елдің азаматы ретінде көмек беруге тырысып, жақсы әлеу­мет­тік жағдай қалыптастыруға талпыныстар жасаймыз. Әрине, қазіргі кезде қызмет көрсететін ауруханалар жетерлік. Бірақ, заман жаппай компьютерленіп, ақ­параттанудыру желі арқылы тиімді болып жатқандықтан, заман ағымына сай ауру­ханаларға да желі арқылы тарайтын ақпараттық жүйе құру өте маңызды болып тұр[3]. Оның маңыздылығы сол – адамның асыл байлығын сақтап, көмек көрсететін дамыған, заманға сай ақпаратық жүйе. Бірақ, еліміз жаңа көшке ілі­н­іп жатқандықтан мұндай жүйелер жоқтың қасы. Сондықтан медицина ісі үшін ақпараттық жүйе құру өте маңызды.

Әрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң әлеуетiн анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi болып табылады.

      Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында елiмiздiң дамуының жаңа кезеңiндегi мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесiн дамыту болуы керек деп атап көрсеттi. Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым болып табылады және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.

2010 жылғы Жолдауда Елбасы таяу онжылдыққа нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан Әбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеттi.

Жоғарыда көрсетiлгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазiргi жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2017 - 2018 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi айқындалды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара iс-қимылды ескере отырып, жоспарланған iс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар көзделген. Медициналық қызметтердiң және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестiк қатынастардың нарығын құру көзделiп отыр.

Бағдарламаны iске асыру медициналық қызмет көрсетудiң шығыны аз нысандарына өту үшiн жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтiк қызметтердi енгiзуге, сондай-ақ халықтың өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқының дәйектемесi, медицина персоналының кәсiптiк және жеке өсуi, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына бейiмдеу үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн болады.



    1. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру көздері мен тәсілдері



Азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша, медициналық және фармацевтикалық ғылымды, медициналық және фармацевтикалық білімді, дәрі-дәрмек құралдарын ендіру жөнінде, медициналық көмек беру сапасын бақылау мен мемлекеттік реттеу қызметтерін атқаратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі дәрілік заттар туралы ақпараттың сапасы мен объективтілігіне көп көңіл бөлуде. Осыған байланысты 2017 жылы еліміздің барлық аймақтарында Дәрі-дәрмек ақпараттық орталықтар ашылды.

Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2017 – 2018 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.

Осыған орай бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйесінің дамуы, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау ұйымдарындағы заманауи ІТ-инфроқұрылымының құрылуы мәселелері қарастырылды.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері:

  1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері болып табылады.

  2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып табылады.

  3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет "электрондық үкімет" шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды қамтиды.

Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері:

  1. басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске асыру;

  2. денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды кеңінен пайдалану;

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  4. жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;

  5. денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету;

  6. әрбір пациент туралы ақпараттық ресурстарды персоналдауды және пациенттің персоналдық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

  7. медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету принциптеріне негізделеді.

Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету:

  1. Денсаулық сақтаудың жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстары алынуы, өңделуі мен пайдаланылуы оларды жинау мақсатымен шектелетін құпия электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады.

  2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердің) денсаулық жағдайы туралы мәлімет беру жеке тұлғаның (пациенттің) келісімімен жүзеге асырылады.

  3. Персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері оларды жария етуден қорғау (құпиялылықты сақтау) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Мұндай міндет персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жібергенге не дерексіздендіргенге дейін немесе осы деректер өзіне тиесілі адамнан оларды жария етуге келісім алынғанға дейін сақталады.

  4. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

  5. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы персоналдық медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медициналық персоналдың қолжетімділігі жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатымен ғана шектелуге тиіс.

Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;

  • денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологияларды енгізу басталды: барлық өңірлерде медициналық ақпараттық-талдау орталықтар құрылды;

  • санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, вертикальды басқару құрылды;

  • денсаулық сақтау саласындағы бақылаудағы тәуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі –ақпаратты жинау, өндеу, біріктіру және талдау бірыңғай рәсімдері негізінде денсаулық сақтауды басқарудың біртұтас құрылымын қамтамасыз ететін ортақ идеологиясымен, әдістермен, жіктегіштермен және басқа да құралдармен біріктірілген, деректерді беру тәсілдерімен бірге байланыстырылған бағдарламалық-техникалық құралдар мен технологиялар кешені.



    1. Қазіргі медициналық ақпараттық жүйелерге салыстырмалы талдау



Қазіргі кезде еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру мәселесі көзделіп отыр. Сондықтан да біздің елде барлық мәліметтер, құжаттар автоматтандыруды қажет етеді. Қазір ешбір мағлұматтар компьютердің көмегінсіз жүзеге асырылмайды. Қазіргі кезде «МҚ» және «Мәліметтер қорын басқару жүйелері» ұғымдары компьютерге қатысты қолданылады. МҚ дегеніміз – обьектілер мен олардың қасиеттерін көрсететін мәліметтер жиыны. МҚ кестелерде сақталады. Кестелер қатарлар мен бағандардан тұрады, олар «жазулар» және «жиектер» деп аталады. Жазбалар жиектері бірдей болады, ал жиектерде әр түрлі мәліметтер түрі қолданылуы мүмкін. Соңғы кезде реляциялық МҚ кеңінен қолданылады. Реляциялық МҚ-да информация бір немесе бірнеше кестеде сақталады. Кестелер бір бірімен бір немесе бірнеше сәйкес жиектерінің мәндері арқылы байланысады.

Мәліметтерді өңдеудің компьютерлік жүйесі адамның көмегімен жүзеге асырылады. Басқару процесін тиімді ұйымдастыру үшін әр саланың қызметкерлері түрлі жаңа деңгейдегі ақпараттармен қамтамасыз етілуі және мәліметтерді автоматты түрде дайындауы тиіс.

Дәстүрлі технологиялардың барлық кемшіліктерін ескеріп, яғни мұрағаттағы қағаз құжаттардың және оларды іздеуге шығындалатын уақыттың тым көп болуын жою автоматты жүйенің негізгі мәселесінің бірі. Келесі суретте пациентке қызмет көрсетудің диаграммасы көрсетілген.


1.1-сурет. Медициналық мекеменің пациентке қызмет көрсету бойынша жасалған жалпы диаграммасы


Диаграммаға кіру үшін келесі прецеденттер қанағаттандырылуы тиіс:

  • прецедент НЕ істеу керек екенін сипаттауы тиіс;

  • прецедент ЖАСАП ШЫҒАРУШЫ көзқарасы бойынша іс-әрекетті сипаттауы қажет;

  • прецедент жасап шығарушыға кейбір ХАБАРЛАМАЛАРДЫ қайтарып беруі тиіс;

  • прецедент ішіндегі іс-әрекеттердің бірізділігі бір бөлінбейтін ТІЗБЕКТІ көрсетуі қажет.

Бастапқы кезеңде концептуалды модельдің бірінші көрінісін жобалаймыз. Бұл жобада зерттелу облысының негізгі маңыздары анықталып, олардың арасындағы байланыстары анықталады. Мысалы: Пациент Оны емдейтін дәрігер 2500 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!