Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Фольклор-халық өмірінің айнасы" 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
фольклор-халық ауыз әдебиетінің бір жанры. Ауыз әдебиеті халық өмірімен тығыз байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі

51 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Ғылыми жоба





Тақырыбы : Фольклор- халық өмірінің айнасы




Бағыты : Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар

саяхат маршруттары

Секция: әдебиет

Авторы : Махатаева Анель

Сыныбы : 10 « А »

Ғылыми жетекшісі: Ешова Динара Жамбайқызы



















Дәйектеме


Ғылыми жұмыстың тақырыбы –Фольклор –халық өмірінің айнасы.Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер қорынан тұрады.

Жұмыста тақырыптың маңыздылығымен қоса, қазақ әдебиетіндегі Фольклор –халық өмір айнасы, оның тарихын, ерекшелігі мен маңыздылығын дәлелді дереккөздерге сүйене отырып саралаған.

Зерттеу жұмысы нақты ғылыми негізде жазылған.






Аннотация


Тема научной работы Фольклор-зеркало народной жизни. Научная работа состоит из введения, двух глав, заключения, библиографии.

В работе рассматривается актуальность данной темы опираясь на, достоверные источники фольклор представлен как зеркало народной жизни анализируется его история,особенность и своеобразие.Научная работа написана в точной научной основе.







Annotation


The theme of the scientific work is «Folklor is a mirror of national live». The structure of the scientific work is as follows: introduction, theoretical part, practical part, conclusion, bibliography.

In the scientific work we observe the relevance of this work based on reliable sources Folklor is presented as a mirror of national live and analyzed its history peculiarity and originality. The scientific work is written in exact scientific bases.











Мазмұны



І Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы....................................1


ІІ Негізгі бөлім


2.1.. Қазақ фольклортану ғылымы............................................................................2-6

2.2 Фольклор –халық өмірінің айнасы

......................................................................................8-10

2.3 Фольклор...................................................................11-17


ІІІ Қорытынды...............................................................18


ІV Пайдаланған әдебиеттер............................................19

V Қосымшалар................................................................20-21

Пікір............................................................................22























КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.


Тақырыптың өзектілігі. Фольклор әлі де жан–жақты зерттеуді қажет етеді

Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі Материалдарды мақсатқа сай іріктеу

Жұмыстың зерттеу нысаны. «Фольклор -халық өмір айнасы» тақырыбы ғылыми жобада бірінші рет зерттеліп отыр. 19 ғасырда жүзеге асты.В.В.РадловГ.Н.ПотанинШ.УәлихановА.Е.АлекторовА.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды.Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.сұраныстары. Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады.


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Фольклорға жаңаша көзқарас. Фольклор жанрлары және оны классификациялау. Фольклорлық жанрлар құрылымдық ерекшелігін тақырыпқа сай зерттеу. Ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні,ең алдымен,бейнелі сөзге негізділігін анықтау.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады.


Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
«Фольклор –халық өмірінің айнасы» тақырыбы тұңғыш рет арнайы зерттеліп, ғылыми айналымға енуі қарастырылып отырған тақырыбымыздың негізгі ғылыми жаңалығын көрсетеді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағы Сыпыра жырауАсан Қайғыдан бастап кешегі ЖамбылНұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп өткен жолы еді.

Зерттеу жұмысының құрылымы

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1

ІІ Негізгі бөлім

 2.1. Қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.

Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы  XVIII ғасырдың  соңымен  XIX ғасырдан басталады. П.И.РычковП.С.ПалласИ.Г.ГеоргиИ.Ф.Фальк

И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.

Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.

Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:

Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.ДиваевМ.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.

Ш.ҚұдайбердіұлыӘ.БөкейхановА.БайтұрсыновМ.ӘуезовМ.ЖұмабаевЖ.АймауытовҚ.ӨскенбайұлыX.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.

2

  • Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),

  • Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),

  • Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді.

«Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С.СейфуллинІ.ЖансүгіровБ.Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С.МұқановҒ.Мүсірепов қазақ фальклортану ғылымының жандануына барынша күш салды.

2.2 Халық шығармашылығының  айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.

Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.[1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан.

3

Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] 

Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] Ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі.


4

Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағы  Сыпыра жырауАсан Қайғыдан бастап кешегі ЖамбылНұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ.[4] Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім тағы басқы ертегілераңыздар, әпсаналар, мифтерэпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар...— міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады.



5

Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді.[5] Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей.[6] Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес.[7] Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. [8] Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты.[9] В.В. РадловГ.Н. ПотанинШ.УәлихановА.Е. АлекторовА.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді.



6

Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды.[10] Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.сұраныстары. [11] Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.[12]

Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты.[11] Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М.ӘуезовЕ.ЫсмайыловҚ.ЖұмалиевМ.ҒабдуллинӘ.ҚоңыратбаевӘ.МарғұланБ.Кенжебаев,М.Дүйсенов,Н.Төреқұл, Р.БердібаевМ.Мағауин С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман — Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтысбеташаржар-жаржәне т.б.[10]Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған. Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген.

7

Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең болауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады. Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған. Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі. Ауыз әдебиетінің түрлері Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлыө өрісін танытады.        Тұрмыс-салт әдебиетінің негізгі түрлері: • тұрмыс салт жырлары; • мақал-мәтелдер мен жұмбақтар; • лиро-эпостық жырлар; • айтыс өлеңдері; • тарихи жырлар, шешендік сөздер. Халық ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанрдың маңына топтауға болады.

Фольклор – халық өмірінің айнасы.Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы – фольклор шығармаларынан танып біледі. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, жеке авторлар шығарған әдеби туынды кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған коллектив болып творчестволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің еңбегіне, яғни халықтың ауызша шығарған әдебиетіне айналып кеткен.

8

Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, соның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет. Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар от басы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт, айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз. Ғылымда халық поэзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» деп атайды. Фольклор – халық даналығы тудырған сөз өнері болса, оның табиғаты мен тарихын зерттейтін ғылымды фольклористика дейміз. Оның зерттейтін объектісі – фольклор шығармалары қашан және қалай туды, сюжеті нақты өмірмен қабысып жата ма, әлде адам санасындағы түрлі ұғымдармен алына ма? Фольклор өмір шындығын қалайша көрсеткен, оның тарихилығы, жасалу жолдары мен көркемдік ерекшеліктері қай дәрежеде?

XIX ғасырдың басында Гегельдің идеалистік философиясынан туған еді. Гегель мәдени даму өзара тартыста болады, бірақ әр кезде күшті тіл, күшті мәдениет жеңіп шығады.

Баспа ісі жетіліп, халық әдебиетінің үлгілері жүйелі түрде жариялана бастады. Бұл дәуірде, әсіресе халық ақындары шығармашылығына ерекше назар аударылды. Республикада халық ақындарының дәстүрлі айтыстары жанданды, жер-жерде халық театрлары жұмыс істеп, халық өнерпаздарына қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары да қалыпты ырғаққа түсіп, халық мұрасын жинауға студенттер мен аспиранттар да араласты, қазақ фольклоры жанрлық сала-салаға жіктеліп, диссертациялық тұрғыдан зерттеле бастады. Екі кітабы фольклор тарихына арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» (19601964) алты томдық зерттеуі жазылды. Қазақ фальклортану ғылымы теориялық әдістемелік жағынан айтарлықтай өсіп, Р.Бердібаев,О.Нұрмағамбетова, С.ҚасқабасовЕ.ТұрсыновА.Сейдімбек Ш.ИбраевБ.Әбілқасымов, т.б. ғалымдардың фольклордың әр саласын тереңдей зерделеген жаңа еңбектерімен толықты. Қазақ фольклоры қолжазбаларының 6 томдық ғылыми сипаттамасы мен көп томдық жинақтары жарияланды.


9

Осы кезеңде фольклордың қандай саясат болса да өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін құндылық, халық шығармашылығының қайнары екендігі дәлелденді.

Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева , Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды.[2]

2.3 Фольклор — халық  шығармашылығы, яғни  аңыздарқиссалар, ертектер, мақал-мәтелдержұмбақтаржаңылтпаштар .Алғашқы қауымдық  құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. [1] Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының,этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім ертегілераңыздар, әпсаналар, мифтерэпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері.[4]. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді.



10

Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес.[7] Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Фольклор – қазіргі тілмен айтқанда «әмбебап», яғни синкретикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі – сөз, музыка, хореография және театр өнері шоғырланған. Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген. Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең болауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады. Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған.

Қазақ фольклорының бай мұраларын, оның көшпелі қазақ қоғамында билік, басқару, құқықтық тәрбие саласында атқаратын рөліне тұңғыш болып Шоқан Уәлиханов назар аударды. Өзінің жазып қалдырған құнды еңбектерінде қазақ ағартушысы фольклордың көшпелі қазақ қоғамында ерекше мәндік сипатқа ие болғанын ерекше атап көрсетеді.Оның пікірінше фольклордағы шешендік өнер - билер институтының, әділсот ісін жүргізудің ең тиімді, ұлт санасына ғасырлар бойы қалыптастырған ел басқарудағы тиімді рухани құрал, сот прецеденті.

11

Шоқан Уәлиханов халық дәстүрінің, салт- санасының, оның фольклорының қоғамдық дамуда өлшеусіз рөль атқаратындығына ерекше көңіл аударады. Ол өзінің жазған еңбектерінде тіпті сот жүйесіндегі фольклор қалыптастырған шешендік өнердің маңызының зор екеніне ерекше тоқталады. «Қазақтарда-деп атап көрсетті Шоқан Уәлиханов,-құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік  өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала береді.»

Ән – көңілдің ажары кез - келген жиын – тойдың сәні ән мен жыр екендігі белгілі. Ән айтылып, күй тартылмай, ойын – сауық болмай қазақ тойдан тарқаған емес.Қашанда әуезді ән адамның көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Ән тек қана көңіл көтеріп, қызықтау ғана емес, рухани жақтан адамға дем беріп, шабыт беріп отыратын қуатты құрал. Ән музыкалық шығарманың мәнерлеп, әсем ырғақпен, дауыстап айтылатын түрі, әуен, сазды үн.      Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани – мәдени мұраларының бірі – фольклор. Осы кезге дейінгі ғылыми әдебиеттерде фольклор – сөз өнері, халық даналығы, ел естілігі ретінде көрсетілген.

     «Кезінде ғалымдар фольклордың этнографиялық сипатын көрсетіп,   фольклортануды » өнертану ғылымымен салаластығын да көрсеткен. Осы мәселеге орай В.П.Аникин мен Ю.Г.Круглов: « Очень существенно, что отделение фольклористики как искусствоведческой дисциплины от этнографии признают и видные представители последней » ( Русское народное поэтическое творчество. – Л., 1987, 6 – б.), - деген болса, Ю.В.Бромлей « этнография мен өнертану салаларының сабақтастығын анықтауда оларды әрі эстетикалық, әрі этникалық қызмет атқаратыны ескерілуі қажет екенін ескертеді» ( Этнос и этнография. – М., 1973, 223 – б. ).

    Бұл ғылыми саласының мақсаты – халқымыздың музыкалық мәдениетін, соның ішінде фольклорлық мұрасын жете игеріп, негізгі белгілері мен сипаттарын ажырату. Осыған орай қазақ музыкалық фольклорына байланысты арнайы зерттеу еңбектерімен танысып, фольклор туындылары – халық ән – күйлерін тереңірек игеру міндеті де туады.Көне дәуірлерден келе жатқан музыка үлгілерінің халықтық тыныс – тіршілігі – этнографиясымен байланысты екені айқын. Музыкалық фольклордың тікелей халқымыздың тұрмыс – салт ерекшеліктерінен де туындайтын үлгілері де аз емес. Осы белгісіне орай, қазақ халқының музыкалық фольклорын үлкен екі арнаға жіктейміз:


12

  1.    Салтқа байланысты туған фольклор үлгілері. Оған « Сыңсу »,              « Тойбастар », « Бесік жыры », « Жоқтау » секілді салт – дәстүр аясында өмір сүретін шығармалар жатады.

  2.    Салттан тыс фольклор туындылары. Бұл салаға эпикалық жанр – жыр, толғау, терме, желдірме, ертегілік, тарихи, лирикалық әндер мен халық күйлері жатады. » [ 1, 8-9 б Қазақ халқының музыкалық фольклоры ғылымда әр түрлі аталып келеді: бірде халық шығарашылығы, бірде халық поэзиясы, бірде халық әндері «Қазақ халқының музыкалық фольклорына қатысты мәліметтер XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі шетел, орыс ориенталистері мен қазақ ағартушыларының еңбектерінде азды – көпті қамтылған. Олардың қатарында А.Е.Аллекторов, А.Э.Бимбоэс, Г.И.Гизлер, Ә.А.Диваев, болып жүр











13


Әдеби тіл мәселесі туралы сөз болғанда, тілші, әдебиетші, яғни филологтар арасында әрдайым екіұшты түсінік тудыратын бір мәселе – халық ауыз әдебиетінің әдеби тілге қатысы. Бұрынғы зерттеулердің қай-қайсысы да ауыз әдебиетінің тілі «әдеби емес» деп кесіп айтпаған. Дегенмен, оны «әдеби қалыпқа түскен, өзіндік заңдылығы бар» деп мойындай қою да дәлелді қажет етеді. Ал «әдеби тілдің ауызекі үлгісі бар» дегендердің өзінде бірауыздылық жоқ.Олардың бір жағы фольклор нұсқалы әдебиеттің тіл көркемдігін де, өзіне тән суреттеу, сөз саптау тәсілдерінің болатынын да, ауыз әдебиетінің әр алуан туындылары бір-бірінен жанрлық айырым белгілері арқылы дараланып тұратындығын да, әр жанрда көзделетін идеялық мақсатқа сәйкес лексикалық аясы, көркемдегіш құралдары болатындығын да мойындайды. Бірақ халық ауыз әдебиеті – ауыздан-ауызға таралып, ұрпақтан-ұрпаққа жатталып жететін болғандықтан, оның тілін жетілдіру ережелерге сәйкес жүзеге аспайтыны себепті «әдеби тіл» деп айтуға да бола қоймайды.
Сол себепті профессор Т.Қор­дабаев былай деп тұжырым жасаған: «Сөз жоқ, ауыз әдебиетінің әдеби тілдің қалыптасуына тигізген әсері өлшеусіз. Оның әр саласының ғасырлар бойына қалыптасып шыңдалған, әбден тұрақталған сөз саптауы, нормасы, көркемдеу әдісі мен тәсілі болғандығы белгілі. Қазақ халқының өте ертеден келе жатқан көлемді, шебер де сырлы фольклоры халық тілінің ең асылдарын жинақтап, сақтап әдеби тілге әкеп қосқан. Ауыз әдебиеті арқылы жинақталып, сұрыпталған, стилистикалық жүйеге келтірілген тілдік байлықсыз әдеби тілдің туа алмайтындығы белгілі. Жазуы әріректен басталғанмен, халықтық тіл негізінде әдебиеті кеш дамыған қазақ топырағында сол әдебиеттің қызметін, кітаби тілмен жарыса өмір сүрген ауыз әдебиеті атқарады. Бірақ осыларға қарап ауыз әдебиеті үлгілері әдеби тілдің болғандығын білдірмейді, фольклор тілі әдеби тіл тарихы басталғанға дейінгі тіл, тарих алдындағы тіл дейтін лингвистикадағы қағидаға қайшы келмейміз бе?». Бұл орайда біздің тіліміздің басқа, өзімізбен туыстас жұрттармен салыстырғанда «таза» қалпымен бүгінгі күнге келіп жеткені түркітану әлеміне белгілі. Сонымен қатар ананың ақ сүтімен сүйегімізге сіңген, еліміздің елдігін жырлаған, биіміздің шешендігін, сан рулы ел болып

14

өркен жайған жерін де жаттатқан сол халық әдебиеті емес пе деген ой туады.
«Фольклор» деген сөздің қазақшасы «халық әдебиеті» болса, «әдебиет» деген сөздің мәні «асыл сөз» дегенді білдіреді. Сонда «Әдеби тіл болу үшін жазу тілінің болуы шарт па, әлде жазу тілінсіз де әдеби тіл бола бере ме?!», «Ауыз әдебиетіне жататын туындылар әдеби тіл барлығының кепілі бола ала ма?» деген сауалдар туады. Бұл сұрақтарға әлем лингвис­тикасында және кеңестік кезеңдегі лингвистикада екі түрлі жауап бар.
Жоғарыда қойылған бірінші сұрауға әлем лингвистикасында болсын, кеңес лингвистикасында болсын екі түрлі жауап берілгені белгілі. Оның бірі – әдеби тіл болуы үшін жазу тілі, баспасөз болу қажет. Екінші топтағылар оны шарт деп санамайды, қандай формада көрінуіне (жазбаша ма, ауызша ма) қарамастан, тілдік материалды екшеп, іріктеп қолдану бар жерде әдеби тіл де бардеп санайды.
Ауыз әдебиеті әдеби тілге жата ма, жоқ па деген мәселеге қатысты 60-шы жылдардың басында академик Р.Сыздықованың айтқан пікірлері белгілі. «Әдеби тілдің болуы жазба әдебиетке байланысты ма, жоқ па?» деген сұрауға жауап беру үшін ғалым ең әуелі «әдеби тіл» деген ұғымның өзін айқындап алуды ұсынады. «Әдетте, көпшілігіміз әдеби тіл деген ұғымды осы күнгі кемелденген, стильдік дифференциациясы ажыраған, мәдени өмірдің алуан түрлеріне қызмет ететін ұлттық жазба әдеби тіліне телиміз де, басқа жайларды көп ескермейміз» дей келіп, ол өзінің ойтолғамын былайша түйіндейді: «Бұл мәселені объективті түрде шешу үшін әр халықтың ауыз әдебиетінің сол қоғам өмірінде атқаратын әлеуметтік, мәдени рөліне жеке-жеке қарау керек. Жазуы болмаған қазақ сияқты халықта сөйлеу мәдениетінің ғасырлар бойғы тұрақтала түскен нормалары мен тілдік көркемдеу әдістері осы ауыз әдебиетінен орын алып, әрі қарай дами бергенін және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғанын ескерсек, біздіңше, ауыз әдебиеті үлгілерінің ең құндылары және ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы тарихи қазақ әдебиеті өкілдерінің тілдері жазба әдеби тілдің аралығындағы көпір, яғни ауыз әдеби тілі деп түсінеміз».
Фольклор өзінің түр мен мазмұнға, жанр мен стильге тән белгілерін мейлінше берік сақтап әкелді. Демек, қазақ ауыз әдебиеті де өз кезінде үлкен қоғамдық қызмет атқарды. Ол- биліктің, шешендіктің, шежіренің, елші мен жаушының тілі болды, айтысты, ақындықты дамытты, жер-судың, ел-жұрттың, ем-домның, кәсіп пен өнердің аттарын сақтап берді. Ол біздің жазба әдеби тілімізге келіп ұласты.Фольклор-қазақ халқының тұрмысының айнасы. Фольклордағы бейнелі, бедерлі сөз үлгілері-поэзияның суреттілік сипатын арттыратын шарттың бірі. Поэзиядағы нақышты сөз шығарманың ажарын ашады, оның эстетикалық-эмоциялық әсерін арттырады. Адамды нәзік сезімге бөлеп, оның ойын оятады. Көркемдік қуаты әлсіз болса,шығарсаның нәрсіз болуы әбден мүмкін. Сондықтан, оның көріктеулерінен ақпа-төкпе ақындардың талай бундары үлгі алып, өздерінің шеберліктерін шыңдаған. Қазақ әдебиеті сахнасында есімі алтын әріптермен

15



жазылған көрнекті ақын Ілияс Жансүгіров шығармаларының да фольклормен байланысы болуы заңды құбылыс. Ақынның ауыз әдебиетіне жақындығы оның арнау өлеңдерінен, фольклорлық жанрлар аясында шығарма тудыруынан да көзге түседі. Яғни, Ілияс Жансүгіровтің алмас қылыштай жарқылдаған жыр жазып, жалынды ақын болуы біріншіден оның туа біткен талант-дарынына байланысты болса,екінші жағынан халық поэзиясының айшық ажарына өз өлеңдерінде аса шеберлікпен пайдалана білуінде болса керек. Өйткені, фольклордың құнарлы топырағынан нәр алмаған ақын бола қояр ма екен?! Кез-келген көрнекті ақындардың белгілі бір дәстүр негізінде туып, оның жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мұндай дәстүр мен сабақтастықтан Ілияс та сырт қалмаған. Демек, Ілияс Жансүгіровтің поэзиясының бір бастау көзі-фольклор болып табылады.

Ендігі кезекте ақынның фольклорлық дәстүр негізінде жазылған бірқатар өлеңдеріне тоқтала кетейік.
Мәселен, ақынның «Беташар» деген өлінңін алайық. Бұл  өлең былайша жырланады:

«Айт-айт келін, айт келін,
Атың басын тарт келін,
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала-құла демеңіз,
Атын айтып беріңіз»,-деп келеді.

Беташар- қазақ халқының фольклорында қалыңдық түскенде айтылатын жыр үлгісі. Осы жыр үлгісінің фольклорлық шығармаларда орын алуына тоқталып өтейік. Әдетте, беташар «келін, келін келіп тұр,келіп үйге еніп тұр» деп басталады. Бұл бөлімде жаңа түскен келінді ел-жұртымен таныстырса, «айт келін-ау, айт келін,атыңның басын тарт келін»-,деген жолдардан екінші бөлім басталып, келінді алдағы өмірі туралы, мінез-құлық мен тірлігі қалай болу керек екендігі туралы айтылалы. Яғни, бірінші бөлім;

«Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Күйеуіңе шақ, келін,
Ел-жұртыңа жақ келін»,-деп келсе,
екінші бөлімде:
«Бетіңді келін ашқаным,
Жаңа жұртқа тосқаным…»- деп өріле береді.
Демек, ақын жас келінге өсиет айтуды, оларға өнеге үйретуді мақсат еткен де, осы мақсатты жүзеге асыру үшін ең қолайлы тәсіл ретінде беташар жыр үлгісін пайдаланған.

16

Сонымен қатар, ақынның «Бөбек бөлеу» атты өлеңін талдап көрейік. Ілияс Жансүгіровтің бұл өлеңі:

«Бөл-бөл бөбек, бөл бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым төр төсек.
Бөпешім бесік отауың,
Отауыңа кір бөбек»,- деп жырлайды
.

Сәби тәрбиесә мен құлқын қалыптастыруда өзіндік орны ерекше қазақ халқының  бесігі туралы ой қозғайды. Бұл туында қазақ фольклорындағы үлкен тарау «Бесік жырымен» үндес келеді. Ауыз әдебиетімізде «Бесік жыры»:

«Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама,бөпем,жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның жілігін,
Жіпке тағып берейін»- деген сияқты жолдармен

жеткізіледі. Бұл екі шығарманың да айтар ойы мен көздеген нысанасы-бесіктің сәби өміріндегі маңызына тоқталу, бесік жырының сәби өміріндегі алғашқы өнер мектебі екендігін жеткізу. Міне, Ілияс Жансүгіровтің жырларының фольклорлық шығармамен үндемтігі осыдан аңғарылса керек.

Жоқтау-ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі. Көне дәуір салтымен сабақтас туған өлең түрін Ілияс Жансүгіров те кеңінен пайдаланған. Ақынның  «Бай-бай Құлагерім» атты өлеңінде:

«Бай-бай-ай
Бай-бай-бай-ай.
Шынымен кеткенің бе Құлагерім,
Қасымда қасынасып тұрар едің.
Бас па бас қызға бермесжануарым,
Басылар өлгеніңше қайтіп шерің?!

Құлагер айналайын, арғымағым,
Осы еді өлмегенде шабар шағың.
Құтсыз көл Жыландының жарысында,
Құшақтап қанды басың зар жыладым»,-
деген жолдарда ақынның досындай көрген ажалына қатты қайғырған күйін білдірген өлеңі жоқтау үлгісінде ұшырасады





17

ІІІ.Қорытынды.

Халық ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанрдың маңына топтауға болады. Сондықтан, ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақХалық ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін эпостық, драмалық және лирикалық жанрдың маңына топтауға болады. Адамзат тарихын, философиясын, мемлекет пен құқық мәселелерін зерттеген ойшылдар мен ғалымдардың назарынан ешқашан да фольклор мәселелері түсіп қалмаған. Керісінше, фольклордың бай құндылықтарын, ұлағатты сөздерін саяси-құқықтық, әлеуметтік тәжірибеде өте тиімді пайдаланған. Соның нәтижесінде жазған әдебиет көркемдік жағынан түрленіп, тәжірибеден алынған ұлағатты сөздер мен ғибратты мысалдар кітаптың рухын арттырды. Қоғамдық ғылымдарда фольклордың жетістіктері мен мол идеялары тиімді пайдаланылады. Осы мәселелерге ерекше назар аударған заң ғылымдарының докторы, профессор Н.О.Өсеров мына мағынадағы қарқынды ой-пікір білдіреді: « ... ұзақ дәуірлер бойы келе жатқан қазақ этносы өзіне хас тілінінен, дәстүр-салтынан, әдет ғұрпынан ажыраса немесе әлсіретіп, жоқ етсе, этностың кейпін жоғалтады. Қазақ деген атау тарихтан өшеді. Қазір осындай салдардың кейбірі көрініс беруде. Ол-тілінің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің әлсіреуі. Егер дер кезінде оларды жинақтап, түзеп алмаса іс насырға шабары айқын. Құдайға шүкір, тәуелсіздігімізді алғалы қазақ тілі - мемлекеттік тіл аталып, орын алған келеңсіздіктер жойылу үстінде. Әрине, жолында этнология, мәдени, және әлеуметтік антропология, археология, тарих, әлеуметтану, тілтану, өнертану, фольклор, философия, құқық, жантану тәрізді ғылым салаларын бірлесе зерттеп, тұжырымдар жасаған абзал.» Міне, осыған байланысты қазақ зиялылары фольклордың қоғамдық, философиялық, саяси-құқықтық ой-пікірде алатын орнына ерекше мән берген, шығармашылықтарында кеңінен пайдаланған. Соның нәтижесінде шығарманың мазмұны тартымды, ойды тереңдеткен, мәндік мағынасы көркейе түскен.

Халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениетфольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.






18

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.    Қазақ фольклористикасының тарихы. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, Алматы, 1988,-432 бет.

2.М.Әуезов. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959, ... бет.

3.Абай Құнанбаев. Шығармалар. Екі томдық, 11 том, «Жазушы», Алматы, 1968,-251 бет.

4.Шәкәрім Құдайбердіұлы . Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, «Сана» баспасы, 1991,-80 бет.  Қазақ ұлттық энциклопедиясы

5. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927

6. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931

7. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988

8.Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993

9.Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958

10. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981

11.Уәлиханов Ш., шығ. жинағы, 5 т. А., 1984

12.Фольклор шындығы, А., 1990;





  













19

Оқушының ғылыми зерттеу күнделігі


Ғылыми зерттеу журналының зерттеу кезеңдері

Зерттелеген тақырыптарға байланысты атқарылған жұмыстар

Мерзімі

Тақырыпты жуйелеу , тақырыпқа байланысты әдеби деректер жинау

1.Жұмыстың тақырыбын бекіту.

2.Ғылыми ізденіс жұмысының жетекшісін бекіту

3.Кітапханалардан, архивтен, ғаламтордан тақырып бойынша материалдар жинақтау .

Қыркүйек

2018 жыл

Зерттеу жұмыстары

1.Жинақталған материалдарды мұқият оқып танысу.

2.Қажетті материалдарды сараптау талдау .

3.Ғылыми зерттеу жұмысын рәсімдеу

Қазан

2018жыл





Ғылыми зерттеу жұмысын тапсыру

1.Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша мектеп оқушыларының ғылыми конференциясында баяндама жасау.

2. Мектеп ғылыми қоғамы алдында ғылыми зерттеу жұмысын алдын ала қорғау.

3.Ғылыми зерттеу жұмысын түптеп тапсыру

Қараша

2018 жыл













20

Тараз қаласындағы №51 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Махатаева Анель қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ешова Динара Жамбайқызының жетекшілігімен жазылған «Фольклор –халық өмір айнасы» тақырыбындағы

ғылыми жұмысына пікір



Махатаева Анель «Фолклор –халық өмір айнасы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы өзінің мақсат-міндеттерін орындаған, талапқа сай жазылған еңбек. Зерттеудің тақырыбы қазақ әдебиетіндегі өзекті мәселені көтерген. Халықтың ең асыл өнері – бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген,тарихи шындықты аша білген. Оны нақты әр жылдары жазылған жазушылардың көлемді туындыларынан дәлелдер келтіру арқылы зерттеу жасаған. Оқушы ізденіс барысында қазақ әдебиетіндегі «Фольклор –халық өмір айнасы» мен көрініс алуын толық анықтаған. Зерттеу әр жылдарда шыққан пьесалардан,шығармалардан дәлелдер көрсетілген. Жансүгіровтің поэзиясының бір бастау көзі-фольклор болып табылады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Шілдеханадан» «Ер Тарғын», “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” сияқты еңбектерден білуге болады.

Фольклор –халық өмір айнасы, бірінші рет зерттеу нысанына айналып отыр. Жұмыстың өзектілігі мен зәрулігін дәлелдеген оқушы Елбасы Н.Назарбаев, Ілияс Жансүгіровтің пікірлерін негіз етіп, қазіргі ғылыми-теориялық түсініктерге сүйене отырып саралайды.

Қорыта айтқанда, ғылыми жұмыстың құрылымын және жүйелілігін оқушы дұрыс түзген. Қайталаушылыққа ұрынбау үшін зерттеу нысанын нақты тарауларға бөліп, ішкі байланысты, сабақтастықты ескерген.




І санатты қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Д.Ж. Ешова









21


Анықтама

Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ешова ДинараЖамбайқызы және 10 «А » сыныбының оқушысы Махатаева Анель екуміз 2018-2019 оқу жылындағы ғылыми жобаға « Фольклор –халық өмірінің айнасы» атты тақырыпты зерттеуге кірістік. Ең алдымен біз «Абай» атындағы кітапханаға барып «Қазақ фольклористикасының тарихы,А.,1988»Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993» атты оқулықтардан фольклор және оны зерттеген ғалымдар туралы мәліметтер жинауға кірістік.Одан кейінгі сапарымыз филология ғылымдарының доценті Баян Байқадамовамен кездестік, ол «Әр халық өзінің тарихи даму жолында өзіне тән этнос ерекшеліктерін айқындайтын дәстүр, әдет- ғұрып, әдебиет, мәдениет сияқты құндылықтарын қалыптастырады. Жеме-жемге келгенде аталмыш құндылықтардың бәрінің қайнар көзі-фольклор қалыптастырған, қоғамдық сана болмысында орын тепкен категориялар мен ұғымдар, әрекеттерімізге әсер ететін, құқықтық тәрбиелік сипатқа ие құндылықтар. Ғасырлар бойы этнос санасына қоғамдық тәжірибеде сыннан өту арқылы қоғамдық- саяси, философиялық және құқықтық ой-пікірден нық орын алған фольклор мемлекеттің дамуына, формалары мен рәміздеріне де тікелей ықпал етеді» деген пікірмен келісетіндігін айтып өтті.

Келесі сапарымыз, фольклор синкретті өнерге жататындықтан біз «Баласағұн» мәдениет сарайымен қатар «Бауыржан Момышұлы» драма театрына да бардық. Сол жерлерде біз расында да бірнеше өнердің түрлеріне куәгер болып қайттық.






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
2951
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12