Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектебі
Ғылыми жоба
Жоба атауы: «Ілмек бізбен кестелеу»
Бағыты: Кесте тігудің түрлі технологияларымен таныстыра отырып, ілмек біз арқылы кестелеудің өзіндік қыр-сырларын ашу, көрсету
Секциясы: Технология
технология пәні мұғалімі:Абдрахманова Айгуль
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе …...................................................................................................3
ІІ Теориялық бөлім
2.1 Кесте түрлері............................................................................................5
2.2 Керекті құрал-жабдықтар.......................................................................6
2.3 Кесте тігуге дайындық............................................................................7
ІІІ Зерттеу бөлім
3.1 Кесте және көркемдеп тігу....................................................................8
3.2 Кестені бізбен жəне жай инемен əшекейлеу.......................................9
3.3 Ілгек бізбен кесте тігу өнері..................................................................9
ІY Қорытынды.............................................................................................10
Ү Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................11
І Кіріспе
Ілмек бізбен тоқу өте ертеден
Солтүстік Африкада 13-14 ғасырда ұзын ілмекпен тоқудан одан Шығыс
Еуропадан Литвада кейінірек Ресей елінде дамыған. Ілмек бізбен
киімдер сан алуан бұйымдар өрнектерге бай болды. Ілмек бізбен
тоқыма тоқу өте кеңінен таралған. Оның мыңдаған жылдық тарихы бар.
Ілмек бізбен тоқу өнері ескірген жоқ. Ілмек біз материалдары
-сүйек,ағаш,металл. Біздің сабы мен ұшы болады. Ұшы ілмектеп
жасалады. Кестелеу (өрнек
салу) - мата бетіне
әшекей өрнек салу өнерінің бір түрі. Кестелеуге кез
келген маталар және әр түрлі жіптер
(мулине, жүн жіп, жібек
жіп, синтетикалық жіп) пайдаланылады.
Кестелеу өнері қазақ мəдениеті
мен өнерінің қалыптасуы мен даму тарихында өзіндік үлесі бар
қолөнердің бірі. Бұл өнер атадан-балаға қалып, алдыңғылардың өнерін
кейінгілер жалғастыру жолымен біздің заманымызға жеткен. Оның өзіне
тəн ғылымилығы мен заңдылығы бар. Кесте тігу өнерімен қазақ халқы
ерте кезден айналысқанын əдебиеттер мен тарихтан, архелогиялық
қазбалар мен жазба ескерткіштерінен білеміз. Кестешілер – сан
ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдары
мен шеберлік құдіретін байланыстырып, бейнелеген. Кестенің даму
барысында да басқа өнер салалары сияқты тарихи дəуірдің таңбасы
бар. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер
мəдениеті жəне қазақ мемлекетінің құрылуы, Ресейге қосылуы, Кеңес
үкіметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапқан. Негізінен
алғанда кестелеп тігудің «баспа кесте», «біз кесте», «маржандап,
моншақтап кестелеу», «қабырға кесте», «шекпе кесте», «тығыз кесте»,
«түкті кесте» немесе «төкпе кесте», «бөртпе кесте», «ашамай кесте»,
«шыраш», «бұзау тіс», «тышқан із», «оюлау», «жапсырма кесте»,
«ойма», «құрақ кесте» т.б. түрлері белгілі. Кестемен ұлттық
тұрмыстық бұйымдардан түскиіз, сырмақ, аяққап, т.б. заттар түрлі
оюлармен кестелеп безендірілсе, əйелдер киімінен: кимешек,
көйлектің етегі, белдемше төңірегі, ерлердің бас киімі, шапан
жағалары, шалбар балақтары өрнек салынып кестеленген. Кесте – қазақ
халқының сəндік қолөнерінің ежелден кеңінен дамыған ерекше бір
түрі. Кестенің алғашқы үлгілерін 1929 жылы М.П. Грязновтың
жетекшілігімен Таулы Алтай өңіріндегі екінші Пазырық жəне Ноинұлан
қорғанында жүргізілген археологиялық экспедициядан табылған киізге
өрнектеліп жəне бейнеленіп кестеленген құрал-жабдықтар, тұскиіз,
тұскілем, ер тоқымдар, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су
қағарлары, шекпен, қамзолдар куəлік етеді. Кесте – сан ғасырлар
бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік
құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары. Аналарымыз
кесте өнерінің қыз баланың табанды, сабырлы, мінез-құлқын
қалыптастыруға тигізетін пайдасы көп деп есептеген. Бойжеткен
қыздар өзіне арналған жасаудың кестеленетін түрлерінің бəрін өздері
тіккен. Олардың іс үстінде ісмерлігі
шыңдалған. Өрнек- бұл қандай да бір зат немесе
бұйымдарды сәндеуге
арналып,
бір элементті бір ырғақпен қайталай отырып
құрастырылған немесе бүтін композиция құрайтын
сурет. Кесте өрнек құрастыру
кезінде суретші нұсқаға қарап нобайлар жасайды. Қазақ сәндік
бұйымдарын кестелегенде көбінесе кесте тек тұрмыстық бұйымдарды
сәндейді, бірақ ол өзінше жеке мәнге ие бола алмайды. Ал, бұйым
кестенің көмегімен ғана көркем де сәнді болып бағалана алады.
Қазақтың ұлттық, жануарлар, өсімдік бейнесіндегі геометриялық
ою-өрнектерін таңдайды. Олардың өзін кестеленетін бұйымның түріне,
материалдық фактурасы мен кесте түріне қарап қолданылады. Мысалы
геометриялық өрнектерді көбінесе ірі тоқылған маталарға айқас
тігісінен кесте тіккенде салады. Кестеленетін кестенің қай түрімен
немесе қандай жіппен тігуіне байланысты әр түрлі етіп салуға
болады. Өрнекпен бұйымның барлық
жері тегіс немесе оның жеке бөліктері дастархан шеті, жастық қаптың
ортасы т.с. кестеленіп сәнделеді. Өрнектің барлық бөліктерінің
өлшемдерін дұрыс орналастыру керек. Ереже бойынша кесте белгілі бір
геометриялық формамен шектелген жазықтық бетіне түседі, мысалы
төртбұрышты дастархан, үшбұрышты шәлі, дөңгелек формалы жастық қап.
Қазақ кестелері негізінен симметриялы болып келеді. Өрнектің
орналасуы бұйым түрі мен шебердің ойластыруына
байланысты. Бүгінгі күнде елімізде кесте өнеріне қызығушылық танытып,
кесте ісімен шұғылданып жүрген оқушылар мен мұғалімдер, зейнеткер
жасындағы əжелер де баршылық. Республикамызда 400-ден астам
кестешілер есімі белгілі. 1926 жылы Парижде өткен Халықаралық
этнографиялық көрмеде тараздық Р. Барлыбаева қазақ қолөнерінің
байлығы мен əсемдігін бүкіл дүние жүзіне паш етіп, кестелі тұскиізі
үшін халықаралық сыйлық алды. 1957 жылы республикалық 1 көрмеде
Қарағандылық З. Баймағамбетова, Зайсандық А. Құнақова, Семейлік Қ.
Абаева, Талдықорғандық Ж.Молдабергенованың кестелері көркемдік
жағынан жоғары бағаланып, бірнеше сыйлыққы ие
болды. Зейнелхан Мұхамеджан
- суретші,
көркем біз
кестенің негізін
қалаушы, Моңғолия Суретшілер
Одағының мүшесі. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан суретшілер одағының
мүшелері, біз кесте өнерінің шеберлері Айнұр мен Гүлназым
Өмірзақтардың «Дала аруы» атты көрмесінің ашылу рәсімі
өтті. Қазақ халқының кесте өнеріне тəн стильдегі бұйымдар
жасайтын Алматыда «Тұскиіз», Таразда «Өнерпаз», Өскеменде «Өрнек»
секілді фабрикалар ашылған.
ІІ Теориялық бөлім
2.1. Кесте түрлері. Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Кесте түрлеріне шыраштап тігу, баспа кесте, тышқан із, қайып тігу, кенебе, албыр кесте, айқас кесте, біз кесте, жіп салып тігу т.б. Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Біз кесте-кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген (сызылған), ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен ілмек бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Баспа кесте деген материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады. Шым кесте ақ матаға тегістікті сақтау арқылы жіпті қатар орналастыру әдісімен тігіледі. Шым кестеге өрнек пен оюдың, аң-құс, гүлдің түрлі сұлбалары салынып, көбіне орамалдың шеті, кимешектің жағы, жастықтың тысы, жейденің жаға-жеңі, сәукеле сияқты басқа да көптеген киімдерге тігіледі. Айқас тігіс (шыралжың). Инемен тігілетін кестенің көп тараған түрі. Өрнек инемен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстіне екінші жіпті крест түрінде айқастырып бастырып отырады. Маржандап, моншақтап кестелеу. Әйелдердің бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба, камзолдар және сән-салтанатты киімдерді ғана маржандап, моншақтап кестеленеді. Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады. Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады. Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр. Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді. Кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды. Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап-сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбінеее екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін. Есіп жөрмеу — көбінесе су таситын қарын, мес, матадан, кенептен тіккен сондай ыдыс қапшықтардың шеттерін тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге тіккенде қолданылады. Ондай заттардың қусырындысын, шеттерін сол қолдың көмегімен ширата бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет бүктесін тігісі ескен сияқты болып өз-өзіне кіріге жұмырланып түседі.
2.2 Керекті құрал-жабдықтар Кестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет. Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді. Өте нәзік бұйымдарды кестелеуге өте жұқа бірақ құрылымы тығыз маталарды пайдаланған жөн, себебі ол жұмысқа қосымша айқындық әсер беріп тұрады. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді. Ілмек біздің ұшы ине сияқты үшкір, матаға оңай кестелеуге арналады. Кестеге жіптің ұзындығы 50-60 см. артық болмауы керек болса, ілмек бізбен кестелеуде жіпті тұтас алып керегінше кестелеп болған соң ғана кесіп аламыз. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді. Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады. Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады. Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см. болғаны дұрыс. Оймақ - қалың маталарды кестелеген кезде қолды жарақаттамай матаға иненің кіруін жеңілдетеді. Оймақтар қандай материалдан жасалса да ортаңғы саусаққа киюге ыңғайлы болғаны дұрыс. Түс. Кестеленетін бұйымға жіптерді дұрыс таңдау үшін түстердің үйлесімділігін, олардың бір-біріне әсерін ескеру керек. Түстік оң-бұл әр түстің өзіндік ерекшелігі- қызыл, көк, сары, т.с.с. Түстік оң түстерді бір бірінен ажыратуға көмектеседі ( жасылды көктен, көкті көгілдірден т.с.с.) Мысалы , қызыл түске диаметрлік қарама қарсы түс жасыл көгілдір, қызыл-сарыға көгілдір, сарыға көк т.с.с. сарының жасыл сарымен үйлесімділігі. Ақ қарамен, қара сұрмен, ақпен. Барлық жағдайдада олардың үйлесімділігіне екі түстің бірі үлкен ықпал береді. Түс нәрсенің формасын және өлшеніп көз мөлшерінде өзгертіп көрсетеді. Ашық және түстер үлкейтіп нәрсені бізге жақындатады. Бұл ерекшелікті өрнектікң қандайда бір бөлігін ерекшелеп көрсету үшін пайдалану керек. Жіптердің түсін бұйымның түріне, көлеміне және өрнектің қалоай орналасатынына қөарап таңдайды. Ереже бойынша фонға (мата түріне) қосымша орын, ал өрнекке негізгі деп қарау шарт. Фон өрнектен ашық болып ерекше көзге түспеу керек. Түстік шешім сонымен бірге кестенің орындалу техникасына да байланысты. (Айқас тігіс, шым кесте, әредік кесте т.б.) Мата мен жіп таңдау. Мата мен жіпті болашақ бұйымның түріне, өрнекке және кестенің орындалу техникасына қарап таңдайды. Мысалы, дастархан, қол орамал сияқты үй жиһаздарына шым кесте орындайтын болсақ лавсан қосылған лен матасын және түрлі түсті бірнеше қабатталға жіптер таңдаймыз. Ал, әредік кестемен көркемделген жейде орындағымыз келсе онда жұқа мата (маркизет, ситец) мен бір түсті қабатты мулиме жіп аламыз. Айқас тігісті кесте тігу үшін ірі тоқылған лен немесе жартылай лен маталар таңдаған дұрыс. Ойма кесте орындау үшін негізгі жібі мен арқау жіптері бірдей жуандықпен тоқылған мата алу керек. Мұндай кесте үшін жартылай лен мата жарамайды. Себебі оның негізгі мақта- мата жіп те, арқауы лен болады. Салынған өрнектің сызығы бойымен кестелеу үшін лен , жібек, жұн, сукно, клетка, жолақ түскен, тіпті күрделі кұрылымы ( егер олар , әрине,кестенің өрнегімен көлемімен үйлесетін болса) маталар бола береді. Кесте тігу үшін лен, мулине, жүн, штапель, жібек, синтетикалық жіптер түстерін пайдалануға болады. Жіп мықты бірқалыпты боялған, сумен күнге оңбайтын болу керек. Жіптің мықтылығын оны қолмен созып көреді, жақсы жіп үзілмейді және шиыршықталып тұрады.
2.3 Кесте тігуге дайындық. Бұйымға кестені пішімі кесілмей тұрып немесе кесілген пішімге тігу керек. Бірінші жағдайда бұйымның бөлігіне пішіп бойынша сызықтар түсіріліп, оның ішіне өрнек салынып, содан кейін ғана кестеленеді. Қарапайым, күрделі емес өрнектерді дайын бұйымдарда кестелей беруге болады. Өрнекті көшірерде матаның астына қатты қағаз немесе ағаш тақтайша қою керек. Жазық матаға кесте түсірерде (дастархан, қол орамал т.с.с.) матаның шетін тегіс қию үшін шетіндегі бір жіпті суырып алып тастаймыз, пайда болған түзу сызықтың бойымен қиып шығамыз. Матаның енін де ұзындығын да осы әдіспен қияды. Дастарханның жиектерін көркем тігіс түрлерімен кестелеуде матаға түзу сызықты жіптерін суырып алып тастау арқылы түсіреді. Көлденеңнен, тігінен суырылған жіптердің арасынан пайда болған тік төртбұрыш, төртбұрышткр арасына негізгі өрнектер көрсетіледі. Ал, суырылған жіптің үстіне өрнектің қосымша тігісі түседі. Егер өрнек геометриялық, ал мата біркелкі жіптермен тоқылған болса, оны матадағы жіптерді есептей отырып орындауға болады. Ал, кесте түрі мата структурасына байланысты болмаған дағдайда (шым, біз, әредік кестелер) өрнекті мата бетіне көшіріп салу керек. Суретті матаға көшіру. Бірінші кезекте түп нұсқадағы өрнек жақсы ұшталған қаламмен калька немесе милиметрлік қағазға көшіріледі. Содан кейін ғана барып матаға көшіру керек. Суретші көшірме қағаздың көмегімен түсіру. Алдын ала үтіктелген матаны тегіс жазықтыққа (үстел, тақта) тегістеп жаяды. Сызықпен немесе іші толтырылған (сабақты, бір жақты шым) кестеге арналған өрнек салынған кальканы түйреуіштер арқылы матаға бекітеді. Кальканың астына майлы бетін матаға қаратып көшірме қағаз салады да, өрнек сызығы бойымен өткір ұшталған қаламмен сызып шығады. Өрнек сызылып боялған соң, көшірме қағазды алып тастап, кальканың бір жағының ғана түйреуіштерін алып тастап, суреттің матаға дұрыс көшірілгендігін тексеру керек. Содан кейін ғана кальканы алып тастайды. Геометриялық өрнектерді (есептеп тігетін жіптер үшін) де осылай көшірме қағаздың көмегімен көшіруге болады. Бұл үшін жуан иненің ұшымен (мектеп циркулының аяғымен) милиметрлік және көшірме қағазда өрнекте көлденең, тік сызықтардың түйіскен жерлерінен тесіп шығады. Матада нүктелерден құралған өрнек пайда болады.Мата мен жіп кірлемес үшін бұрын пайдаланылған көшірме қағазды пайдаланған дұрыс. Жаңа қағазды пайдаланбас бұрын, оның майлы бетін құрғақ мақтамен немесе матамен сүртіп тастау керек.
ІІІ Зерттеу бөлім
3.1 Кесте және көркемдеп тігу Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар. Ілмек бізбен кестені дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді. Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады. Кестеде материалдың әр жері өшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.
3.2 Кестені бізбен жəне жай инемен əшекейлеу Кестені ілмек бізбен жəне жай инемен əшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерімен тереңірек танысу үшін мен оның ең күрделі жəне көп тараған түрі тұскиіз кестесі мен тұскиіздің жасалу түрлерін білуде көп іздендім. Тұскиіз – халық арасында ең көп тараған кестелі бұйымның бірі. Оның негізгі екі түрі бар: біріншісі – Матаны кергішке керіп,матаға өрнекті салу. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен ілмек бізбен кестелеу. Екіншісі – əр түрлі маталарды оюластырып кестелеу. Əр түрлі матаны өзара оюластырып кестелегенде кестеші өз қалауынша түстері əртүрлі бірнеше бөлек маталарды бір-біріне оюластырып, сол ою тігістерін бойлай инемен кестелейді.
3.3 Ілгек бізбен кесте тігу өнері Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын ешкім білмейді. Бірақ таңғажайып шалу біздің дәуірімізден бұрын пайда болған. Ілмек бізбен кестелеу - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.
ІY Қорытынды
Ізденіс жұмыс, ізденіс жолдары, жұмыстың орындалу барысы. Менің негізгі ізденіс жұмысымның тақырыбы «Ілмек бізбен кестелеу» деп аталады. Кестелеу техникасында орындалған. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулықпен әсемдікті таңдайда, талғай білген. өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сән саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастырған.
Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр – өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс. Халқымыздың сонау арғы кезеңдердегі мәдени өміріне көз жүгіртіп көрсек ерте заманда да он саусағынан өнері тамған іскер шеберлердің жасаған бұйымдары таңғажайып шежіре болып шертіледі. Біздің ата-бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екенін жете танымаған. Сол ол халықтың өтеуі халық қолөнерін зерттеу қалын қауымның игілігіне айналдыру біздің заманымызда жүзеге асырылып келеді. Сәндік қолөнері-халықтық мәдениет пен өнердің айқын көрінісі өнегелі елден өнерлі, өнегелі бала туады - дейді халық мақалы. Мемлекетіміздегі қолөнер шеберханаларының өнімдерінің саны мен сапасының жақсаруы-оның бірден-бір айқын көрінісі деуге болады.
Біздің қаламызда өнерге байланысты жалпы мектептердегі тереңдетілген сыныптар, арнайы көркем-сурет, өнер мектептері, колледждер, жоғары оқу орындары жұмыс істеп, жастар арасында қолөнерді көркейту шараларын насихаттауға оқып үйретуге үлес қосуда. Адамзат қоғамында бұрын соңды жасаған мұраны мәдени, жүйесі меңгеруге, жалпы әсемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу қашанда маңызды мәселе. Сондықтан халқымыздың келешегі үшін, оның өсіп-өркендеу, дамуы үшін жас ұрпаққа жақсы тәрбие беріп, өнер мен білімді үйреніп, мәдениетін көтеру қажет. Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың таланатты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнеленген ақыл парасаттарының жауһары. Небір керемет кесте үлгілері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, толықтырылып, жаңғыртылып келеді. Кестешілік дәстүрі толысып, кемелденуімен бірге өзінің көз тұнытар көркемдігімен, жан сергітер әсемдігімен, өміршеңдігімен халқымыздың тірлік тынысына мән мағына қосып, материалдық және рухани өмірін әрлей, салтанатын ашуға үлес қосуда. Бұл ерекшеліктер арқылы біз қазақ халқының қолөнері кесте өнерінің бүгінгі таңдағы қолданысында қалыс қалмай жоғары сипатқа ие екендігіне көз жеткіземіз. Сырлы сипатпен мазмұнның тереңдігі арқылы көркем кестедегі ұлттық сипат өзіндік мәнін жоймасын.
Y
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. «Халық қолөнері» Әбдуәлиева
Ш.. Алматы 1992ж.
2. «Қазақ халқының қолөнері» Қасиманов С. Алматы «Қазақстан» 1969ж.
3. «Казахское народное прикладное искусство» Марғұлан А.Х. Алматы «өнер» 1986ж
4. «Қазақтың кесте өнері» Автор: Мұхамеджанұлы С. Алматы кітап баспасы2014 ж
5. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы.
6. «Мектептегі технология» Республикалық әдістемелік журнал
7. «Қазақ халқының қолөнері» Арғынбаев Х, Алматы 1987 ж
8. «Қазақтың қолданбалы өнері» Дәркембай Шоқпарұлы, Даулет Дәркембайұлы, Алматы 2007 ж
Аңдатпа
Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан қолөнерін қайта жаңғырту. Оқушы бұл жұмысында қазақ халқының ежелден сақталып жеткен, ұлттық қолөнер бұйымы кестелеу туралы мағұлматтар жинақтап зерттеген. Ілмек бізбен кестелеу әдістеріне тоқталып, оны қазіргі заман талап үлгісін, сұранысын орындай отырып, тұтыну арқылы өз қолөнерімізді қолданамыз. Кілт сөздері: тұтыну, қайта жаңғырту, ілмек біз
Зерттеудің мақсаты: Кесте тігудің түрлі технологияларымен таныстыра отырып, оның ішінде ілмек біз арқылы кесте тоқудың өзіндік қыр-сырларын ашу, жаңа технологияларды таныстыра отырып, олардың жасалу жолдарын көрсету.
Міндеттері:
- Ілмек бізбен кесте тігудің сан алуан қыр-сырын ашу; - Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығын таныту; - Ілмек бізбен кестелеу технологиясын жан-жақты сипаттау; - Панно жасаудың технологиялық картасын жасау.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқы кестені өте жоғары бағалай, қастерлей білген. Қай заманда болсын оны құрметтеу, бағалаудың жолын, әдістерін де білген. Өкінішке орай, халықтың тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгеруі көптеген салт-дәстүрлеріміз бен ата-бабамыз дәстүрін сақтап, оны жаңғырту. Ал бұл біздің мәдениетіміздің, ұлттық ерекшелігіміздің ажырамас бір бөлігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында айтқанындай: «Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады». Олай болса, жас ұрпақтың өз халқының ұлттық ерекшеліктерін біліп, қолөнердің бүгінгі күнгі қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын түрлерін жан-жақты негіздеу, қажет тұстарын жетілдіру, даярлаудың нақты технологиялық тізбегін ұсыну аса маңызды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба: «Ілмек бізбен кестелеу»

шағым қалдыра аласыз