жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба. Иштван Қоңыр Мандоки
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ И.Қ.МАНДОКИ АТЫНДАҒЫ №154 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Тақырыбы: «Қазақ пен мажар арасындағы алтын көпір»
Орындаған: 7 «А» сынып оқушысы Тынысбек Әкежан
Жетекшісі: Спанәлі Назерке Тәжібайқызы
Алматы
2020 жыл
Алматы қаласы Алатау ауданы И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектептің 7 «А» сынып оқушысы Тынысбек Әкежанның «Қазақ пен мажар арасындағы алтын көпір» тақырыбындағы ғылыми жобасына берілген
ПІКІР
Тынысбек Әкежанның қазақ халқының біртуар ұлына айналған Қоңыр Мандокидің өмір жолын зерттеп, қызығушылық танытуына оның Мандоки атындағы мектепте оқуы себеп болды. Жобаны жазудағы мақсаты Қоңырдың біздің тарихымыз бен ғылымымыздың дамуына қосқан зор үлесін ескере отырып жан-жақты зерттеу. Жас ізденуші өзінің зерттеуінде екі елдің арасына алтын көпір орнатқан Қоңырдың ғылыми мұраларымен таныса отырып, оның түркология саласындағы еңбектеріне баса назар аударған.
Қоңырдың саналы ғұмырындағы мақсат-мүддесі өзі шыққан Мажарстандағы қыпшақтардың ұмытылып кеткен тілін, ділін қалпына келтіру болды. Бұл жобада қыпшақ тілінің түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне жақын екендігі және қыпшақ тілі мен түркі халықтары тілінің шығу тарихына көңіл бөлінген. Зерттеу жобасы барысында ізденуші қазақ тілі мен қыпшақ тілінің ұқсастықтарына, тілдік ерекшеліктеріне баса назар аударуға тырысқан. Сонымен қатар әдеби оқулықтар мен баспасөз беттеріндегі деректерді зерделей келе, тақырыптың мән-мазмұнын ашуға ұмтылған. Жоба құрылымы сақтала отырып, жүйелі жазылған. Тақырыптың мазмұнын ашуға бағыттылған деректер нақты келтіріліп, оларды салыстыра отырып жүйелеген. Зерттеудің тұжырымдары, негіздемелері жеткілікті деңгейде келтірілген деп санаймын.
Қорытындылай келе, жоба авторы алға қойған мақсатына жете отырып, ойын ұтымды жеткізе білген. Тақырыптың маңыздылығын ескере отырып, зерттеу жұмысын қорғауға жіберуге болады деп санаймын.
Пікір білдірген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ғылыми жетекші Спанәлі Назерке Тәжібайқызы
Аннотация
Қыпшақ және қазақ халқының арасына алтын көпір орнатқан Иштван Қоңыр Мандокидің ғылыми еңбектерін зерделей келе, қазақ-мажар халықтарының тілдеріндегі ұқсастықтарды ашып көрсете білу және ғылыми деректер арқылы нақтылау.
Аннотация
Изучение научных трудов Иштвана Коныра Мандоки, установивший золотой мост между кыпчаком и казахским народами, умение раскрыть сходства в казахско-венгерских языках и уточнить научные данные.
Annotation
Studying the scientific works of Istvan Konyr Mandoki, who established a Golden bridge between Kipchak and the Kazakh people, the ability to reveal similarities in the Kazakh-Hungarian languages and clarify scientific data.
Мазмұны:
Кіріспе.....................................................................................................5
І ТАРАУ. Туысқан халықтар.............................................................6
1.1. Құман-қыпшақтар және Қоңыр.................................................................................................................6
1.2. Қазақ пен мажар арасындағы алтын көпір – Қоңыр Мандоки.............................................................................................................9
ІІ ТАРАУ. Тілі таза емес елдің жаны да таза болмайды.........................................................................................................11
2.1. Қыпшақ сөздерінің түркі тіліндегі этимологиялары...................11
2.2.Кодекс куманикус жұмбақтары......................................................14
Қорытынды...........................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................20
Кіріспе
Ғылыми жобаның өзектілігі: Қазақ және қыпшақ этимологиясының мәнін аша отырып, олардың табиғатына тереңдеу арқылы тарихи құгдылығын анықтау. Иштван Қоңыр Мандокидің ғылыми еңбектеріне талдау жасау және деректер келтіре отырып талдау.
Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақ және мажар халықтары арасындағы тарихи, мәдени байланыстарды көрсету; екі халықтың тілін, мәдениеті мен әдебиетін салыстыру арқылы еңбектің құндылығын көрсету.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1. Құмандар мен мадиярлардың байланысын анықтау.
2. Қыпшақ және қазақ тіліндегі тілдік ұқсастықтарды көрсету.
3. Екі халықтың фольклоры мен этнографиясына назар аудару.
Тақырыптың ғылыми жаңашылдығы:
Тың деректер мен мәліметтерді пайдалана отырып зерттеу жүргізу.
Жұмыстың құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми жобаның орындалу әдісі:
Ғылыми-әдеби еңбектерді пайдалана отырып ізденіс жасау.
І ТАРАУ. Туысқан халықтар
1.1.Құман-қыпшақтар және Қоңыр
Тынық мұхитынан Еуропаға дейін көшіп-қонып өмір сүріп жүрген түркі тайпалары болды. Сол түркі тайпалары Х ғасырда Карпат тауларына дейін жетіп, Мажарстанға қоныстанады. Орта ғасырларда әр түрлі рудан құралған түркі тайпалары бір-бірін жақын тұтып, Еуропа тарихында қыпшақтар деген атпен қалды. Кейбір деректерге қарағанда бұл көшпелі түркілердің саны жарты миллионға жеткен. Ол кезең үшін бұл үлкен халықтардың санымен пара-пар еді.
Түрколог ғалым Агнеш Бирталанның айтуы бойынша, қыпшақтар көне венгерлердің өмір салтын ұстанған. Мұнда олар көшпенділік ұстаныммен өмір сүре алмас еді. Дегенмен олар осында қалып, ұзақ уақыт бойы тілдерін сақтауға, ерекше бір дәстүр қалыптастыруға мүмкіндік алды. Мандоки ғалым ретінде құман-қыпшақтардың тілін терең және жан-жақты зерттеді.
Қыпшақ ханы Қотан мажар жеріне қоныстанғаннан кейін 7 ғасыр өте, яғни 1956 жылы тек қана Венгрияны емес бүкіл батысты дүр сілкіндірген әрі Мандокидің тағдырын айқындаған оқиға Будапештте орын алды. Мадиярлар коммунисттік идеологияға қарсы шығып көтеріліс бастайды. Алайда оны Совет Одағы әскер кіргізіп басып тастайды. Сол кезде Қоңыр 12 жаста болған. Әкесі беделді әрі танымал адам болған деседі. Көзқарасы антисоветтік болғандықтан оны ұрып, сабап, өлуге дейін жеткізеді. Содан ол кісі қайтыс болады. Төсек тартып жатқан кезде кіші ұлы Қоңырға айтады: «Біз Еуропада жалғызбыз, маңайымызда ешбір туысқан халық жоқ. Біздің тегіміз сонау шығыста, сен өскен соң соған жол тап. Біз түркі тайпаларынан шыққанбыз» деп айтып кетеді. Солай әкесінің аманатын, өсиетін орындап Қоңыр түрколог ғалым болады. Бірақ ол жолда талай қиыншылық көреді.
Мына бір мәлімет ерекше назар аудартады. Венгрияны Кеңес әскері басып алғаннан кейін бүкіл Мандоки әулеті ұлтшылдар деп аталды. Сол кезде қаржылық қиыншылық көрсе де, әкесі 12 жастағы Иштванға кітап базарынан қыпшақ сөздігін сатып алып берді. Өзінің естеліктерінде Мандоки бұл сол кезде үлкен ақша еді деп еске алады. Шандор Мандоки өз ұлының білімге, әсіресе тарихқа деген ұмтылысын ұдайы қолдап отырды және осы әулеттің арманын жүзеге асырады деп сенді.
Қоңыр өзінің ата-бабаларының жойылып кеткен тілін өзі сөйлемесе де, ешқашан естімесе де соншалықты сағынып сөйлегісі келген. Басқа балалар музыкаға, ойындарға, футболға қызықса, ол кішкене кезінен бастап ата-бабаларының тілін үйренуді мақсат етіп қойды. Құман-қыпшақ тілін қайтсем де тірілтем деген ой пайда болды.Шығыс далаларындағы өздерінің ата-жұрты туралы аңыз-әңгімелерді беріле тыңдаған Қоңыр ғұндардың тіліне ұқсас тілдерді үйренуге тырысып бақты. Бұл ретте ол кез келген мүмкіндікті пайдалануға ұмтылды. Бір күні ол совет әскерінің құрамындағы қазақ солдатын кезіктірді. Ол әлгі солдатқа өзінің қыпшақ екендігін жиі айтатын. Қазақ солдатымен бірге Қоңыр қазақ тілін құштарлана үйренеді. Бұл тілден ол өз тілінің көптеген сөзін кезіктірді.
Мектепті үздік бітіргеніне қарамастан Мандоки деген фамилиясына байланысты Қоңырды Будапешттегі бірде-бір лицей оқуға қабылдамайды. Сөйтіп ол Қарсаққа қайта оралып ауылшаруашылық техникумына оқуға түседі және жергілікті кооперативке ат бағушы болып орналасады. Қоңыр ат бағушылықты бекерге таңдамап еді. Ол жылқының түрі мен түсін ғана емес, олардың мінез-құлықтарын да өте жақсы білетін. Ол бала кезінен жылқыға құмар еді.
Көне түркі әдебиеттерінде Венгрияны Мажарстан деп атаған. Кейбір елдер әлі осы атауды пайдаланып келеді. Қыпшақ тілі ХІХ ғасырға дейін-ақ ұмытылып кеткен. Қоңырдың аталары бала кезінде қыпшақ тілінде ептеп сөйлей білетін бір қария кісіні көрген екен. Одан соң қыпшақ тілі мүлде жойылып кеткен. Зерттеу жұмыстарын жүргізе келе ол түркі тілдерінің ішінде қазақ тіліне жақын болып шықты. Той, жиын, алма, қамшы, арқан, жүген, ер, апа, ата, балдыз, жезде сөздері мажар тілінде де осылай айтылады. Қыпшақ тілі ұмытылып кеткенімен, оның тарихын зерттеуші ғалымдар аз емес. 1967 жылдан бастап Мажарстанның Кешкемет қаласында «Кумания» деп аталатын жыл сайынғы басылым шығып тұрады. Бұл басылымда қазіргі Венгрия жеріндегі антропологиялық, этнографиялық, археологиялық зерттеулердің нәтижелері жарияланып отырады екен. Ауыз әдебиетінің жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі сияқты үлгілерінде екі халықтың тамырлас екендігін айқындайтын белгілер жиі кездеседі.
Мажарстаннан батысқа қарай барсақ, ешбір жерде Азияны елестететін жер жоқ. Еуропа жылқы мен қой өсіруге қолайсыз деседі. Еуропада тек Мажарстанда ғана жылқы өсіру қолға алынған. 50 жылдары қараңғылықтың бір себебі жылқы деген теріс ұғым пайда болып,жылқының саны азая бастады.Қыпшақтар атқа өте құмар болған.
Қоңыр көне мажар тарихының түркілерге қатысты тұстарын зерттеп, бірнеше мақалалар жазған. Б.з.IV ғасырда Еуропаға қоныстанған Аттила бастаған ғұндар қазіргі Мажарстан аумағынан орын тепкені белгілі. ІХ ғасырда Карпат қойнауын қоныс еткен мадиярларға ХІІІ ғасырдың орта тұсында барып қосылған құман-қыпшақ тайпалары мадияр халықтарының қалыптасуына әсерін тигізбей қоймады. Көне латын деректерінде мадиярларды түріктер деп атайды. Мадиярлардың Осман түріктерінің қол астында болуы олардың түркі жұрттарының тілдік, мәдени ерекшеліктерін қабылдауына себеп болды.
Қоңыр мектеп бітірген соң Қазақстанға хат жазады. Қазақ Ұлттық университетінде қазақ тобында оқығым келеді деген өтінішін білдіреді. Алайда советтік зиялы қауым өкілдері үнсіз қалады. Оның себебі Мажарстан капиталистік, ал Кеңес одағы коммунисттік ел болғандығынан болса керек. Содан Қоңыр Мажарстандағы университетке түседі. Түркологиямен айналысып, түрік тілінің маманы болып шығады. Қоңырдың шығыстануға арналған алғашқы еңбегі мамандардың назарын аударды.
1.2. Қазақ пен мажар арасындағы алтын көпір – Қоңыр Мандоки
Қоңыр бала кезінен құмандардың арасында өсті. Құмандардың топонимдері, кейбір өзіндік сөздері оған таныс болды. Осы ұқсастықты ол зерттеушілікпен айналысқан кезде түсінді. Ол көптеген түркі тілдерін меңгерді. Соның арқасында Мандоки ежелгі түркі тілдері тамырының бір екендігін зерттей келе, тілдеріндегі ұқсастықты нақты дәлелдей білді. Бүкіл өмірін әке өсиетін жүзеге асыруға, өз халқының ата-тегін зерттеуге арнады.
Ол 1980 жылы «Қыпшақ біздің атамыз» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Мажар қыпшақтары XV-XVI ғасырлардан бастап, христиан дінінің протестанттық бағытын қабылдаған деседі. Сол кезде олар Інжілді өз тілдерінде айтып жүрген екен. Сол арқылы жазылған 12-13 жолдық тақпақтың реконструкциясын жасап, диссертация қорғады. Ал өзінің негізгі арманы Мажарстандағы қыпшақтардың тілін зерттеу болды. Қоңырдың мақсатын қыпшақ тілін реконструкциялау және мажар қыпшақтарының тілін жаңғыру болды.
Қоңырдың айтуы бойынша, мың жыл бұрын Қазақстанның бір түкпірінен түркі халықтары Еділ бойынан батысқа қарай ауды. Егер сіз мажарлардың астанасы Будапештке барып мен қазақпын десеңіз, олар сіздерді құшақ жайып туысым қарсы алады. Басқа түркі халықтары барған сайын түркі дүниесінен алыстай бастаса, қазақтар мен қырғыздар өз тілдерін таза сақтап қалған.
1977-1979 жылдары қатарынан үш рет Қоңыр Баян-Өлгейге барды. Әр барғанда бір жарым айдай уақыт болатын еді. Ол өзінің бос уақытын, демалысын Баян-Өлгей қазақтарының арасында өткізді. Олардың тілін, салт-дәстүрін зерттеді. Ол уақытын босқа өткізбей ешкімге белгісіз 8 көне түркі ескерткіштерін тапты. Ал бұрын табылғандарын жаңаша оқуды ұсынды.
Қоңыр өзінің естелігінде былай дейді: «Маған қазақтармен таза қазақша сөйлесу өте қиынға түсті. Алматыдағы жастар қазақша білсе де сөйлескісі келмейді немесе жартылай орысша, жартылай қазақша сөйлейді. Егер тіл таза бол маса, ұлттың ой-пікірі де таза болмайды. Сондықтан менің бір тілегім қазақтар өздерінің тілін таза сақтаса, әрі қарай дамытса және балаларына осы таза тілді үйретсе, ұрпақ бақытты болады. Кейбір балалар өз ата-аналарын кінәлайды. Менің әке-шешем қазақ тілін үйреткен жоқ, мені орыс мектебіне оқуға берді деп. Ұлт ана тілінен айрылса, ол өліммен бірдей болады »
Мандоки түркілердің болмысын бойына сақтап қалған қазақ халқы деп есептеген. Қазақтардың өз тілі мен мәдениетін сақтап қалуын армандады. Қазақстанға келгенде көңілі құлазыған кездері де болды.
Еуропа ғалымдары Қоңырды шығыстанудың кемеңгері деп есептеді. Қоңырдың түркі халықтары мен тіліне деген қызығушылығы орта мектепте басталған. Өз зерттеулерінің нысаны ретінде мажарлардың көне тарихы мен түркі-мадияр байланысын бағдар етіп ұстанды. Мадиярлардың түркілермен байланысын диалект сөздер, антропонимдер мен топонимдер арқылы дәлелдей білді.Оның 1985 жылы өз қолымен қағазға түсiруi бойынша ғылыми зерттеу нысанының негiзгi бағыттары мыналар едi:
-
Көне жəне бүгiнгi қыпшақ жұрттарының тарихы, тiлi, мəдениетi мен əдебиетi, фольклоры жəне этнографиясы;
-
Моңғолиядағы түркі жəне ұйғыр руникалық жазба ескерткiштерiне қатысты деректердi жинақтау жəне зерттеу;
-
Монғолиядағы тува, сондай-ақ (бұрынғы) Кеңес Одағындағы өзбек, түркiмен жəне Романия мен Бұлғариядағы гагауздарды этнографиялық лингвистикалық жəне фольклорлық тұрғыдан зерттеу;
-
Түрiк-мадиярлардың көне тарихи байланыстарын (мадияр тiлiндегi көне түрiктiң кiрме сөздерi, печенег-қыпшақ кiрме сөздерi сондай-ақ башқұрттар мен мадиярлардың тарихи жəне тiлдiк байланыстары) зерттеу.
Бұған қоса құмандардың заттық этнографиялық мəдениетке қатысты көлемдi деректер мен татар, қазақ фольклорының бiрнеше томға жүк боларлық үлгiлерiн – халық ертегiлерi, батырлар жыры, халық əндерi, айтыс үлгiлерi, жұмбақ, мақал-мəтел, шешендiк сөздер үлгiлерiн жинақтаған жəне бұл тақырыптар бойынша бірнеше мақала жариялаған.
ІІ ТАРАУ. Тілі таза емес елдің жаны да таза болмайды
2.1. Қыпшақ сөздерінің түркі тіліндегі этимологиялары
Қыпшақ филологиясындағы Добруджа татарлары мен ноғайларынан жинаған материалдары өте маңызды. Добруджа татарларының көлемді сөздігі жарияланған жоқ. Қазақ, қарақалпақ, қарашай, құмық, татар жəне чуваш тілінен жинағандарының біразы ғана жарық көрді «Келеткуташашта (Шығыс зерттеулер), «Яскуншагта » жарияланған халық əндерінің аудармасын Юлия Барта бір жинақ етіп бастырғанына да көп болған жоқ. Тіл жəне этнография жөнінен материал жинау – оның құмар ісі болатын.
Баспаға өзі тапсырып үлгермеген Мажарстандағы қыпшақ тілінің ескерткіштер туралы кітабын – ең басты еңбегін – соңынан қалған жалғыз қалың кітап болғандығы үшін ғана емес, ең алдымен ғылыми жаңалығы үшін негізгі еңбегі деп ұғамыз. Бүгінгі күнге дейін осы тақырыптағы жалғыз ғылыми еңбек болашақ зерттеулерге жол ашты. Тірі болғанда өзі де осы салада қызметін жалғастырар еді. Өмірден ерте кетуі себепті бұл тақырыптағы жұмыстар кейінгі ұрпақтың еншісіне көшпек. Ғалым қыпшақ тіліндегі ескерткіштерді екіге бөліп қарастырды: тұтас мəтінді мен үзік (қысқа үзінді) мəтінді ескерткіштер (үзінділер). Олардан бүгінге жеткен қыпшақ тіліндегі «Отче наш». XVIII–XIX ғасырлардан бұл ескерткіштің көп бұрмаланған жазбалары жеткен. Мəтін өзі XVI ғасырда қыпшақтардың пұтқа табынушылықтан христиан дініне өту кезінде пайда болған.
Иштван Мандоки жеткен мəтіндердің негізінде ықтимал түпнұсқа мəтінді қыпшақ-түрік тілінің ерекшеліктерін қалпына келтіре отырып, қайта жаңартады. Бұдан соң қыпшақ санамақтарын талдайды . Бұл – еңбегінің жаңалығы мол, батыл филологиялық пікірлерге толы көркем тарауы. Түсінбестей етіліп бұрмаланған санамақтарды тілдік тұрғыдан қайта жаңғыртып басқа түркі халықтарының ұқсас санамақтарымен теңестіреді. «Халаш жыры» (Мажарстан аумағында қыпшақтар мекендеген екі жер бар: Ұлы Куншаг, орталығы – Қарсақ; Кіші Куншаг, орталығы – Кишкунхалаш немесе қысқаша Халаш (–Р.З.) жəне дастархан басында айтылатын дұға, баталарды қалпына келтіру мəтіндердің аса қатты бұрмаланып жеткендігі себепті тым сəтті болған жоқ.
Ұзақ мəтіндерді (үзінділерді) зерттеу барысында мажар тіліндегі қыпшақ кірме сөздерін қарастырады (бичак – пышақ , чанақ –шанақ, чакоеь – соқа, кбоз – қобыз, кобак - қабақ, комондор – құман, қыпшақ, ит тұқымы, төзег – тезек, т .б.). Кей ретте бұларды мажар тіліндегі печенег-оғыз кірме сөздерінен ажырату қиын.
Бұдан əрі Куншагтағы кун төркінді диалектілерді талдайды. Осы тарауда көп жаңалықтар ашады. Мəселен, онток (нан үгіндісі ұнтағы) жəне байца (бұйрық, рұқсат) сөздері. Қазіргі мажар тіліндегі барца сөзі XIII ғасырда моңғол-татарлар əкелген татардың байса сөзінен шығады. Бұл сөзді татарлар қытай тілінен пайцзе сөзін мағынасын сақтай отырып алған.
Келесі кезекте қыпшақ тіліндегі жер-су жəне адам аттары. Мандоки осы тұста тың ойлар айтады. Алайда, бұл ойлары арқылы алдағы көп зерттеулерге берген тапсырма іспетті. Ғалым көне көздер тірі тұрғанда тілдік материалдарды жинап қалуға тырысқан , ал мұрағаттану жəне туу туралы куəліктерден материал жинақтау күте тұрады, зерттеушілер кейін де үлгереді деп ұқса керек. Бұл мəселе төңірегінде табылар жаңалықтарға жол ашатын жə не қыпшақ ономастикасында қарастыруға болатын материалдар мол.
Қоңыр айналысқан үшінші мəселе – көне мажар тарихының түркілерге қатысты тұстары. Оған Мандоки бірнеше мақала арнады. Дьюла Немет өмірінің ақырына таман Еуропаға көшкен уақыттағы мажар тайпалары аттарының, көбі башқұрт тайпаларының аттарында кездеседі деген ой түйген.
Егер Мандоки Қоңыр Иштванның ғылыми қызметін бағалауға тырыссақ, еңбектерін лайықты ғылыми əдіснамамен жазды деп айта аламыз. Ойлары қисынды, дəлелдері айқын, айғақтары ақылға қонымды. Еңбегі көпке үлгі болса да, жазғандарының өңделмей қалғаны жанға батады. Гуманитарлық саладағы ғылыми еңбегін негізінен қырықтан асқан шағында жаза бастайды, ғұмыры жетсе 50, 60, 70-те, кейде тіпті 80-нінде де шығармашылықтан қалмайды. Мəселен Лайош Лигети өмір бойы зерттеушілікпен айналысып, «Мажар тіліндегі түркі кірме сөздері» атты ең басты еңбегін 81 жасында аяқтаған. Еңбегінің жарияланғанын да көріп кеткен. Мандокиге қамшының сабындай қып-қысқа 48 жыл жазылыпты. Бұл – бірінші себеп. Екінші себеп, Мандоки көп сапар шекті, ұшан-теңіз материал жинады, алайда жазуға азырақ уақыт бөлді. Жазғандарын өңдеуге енді бір жиырма жыл бұйырса керек еді.
2.2.Кодекс куманикус жұмбақтары
Валенциядағы Марсиан (Əулие Марк) кітапханасының бай коллекцияларындағы көптеген, қызғылықты, көне қолжазбалары арасында біз үшін өте маңызды құнды ескерткіш бар. Ол – «Кодекс куманикус» деген атпен белгілі еңбек. Бұл кодекс Еуропаға кіндік Азиядан халықтар миграциясының соңғы толқыны ретінде келіп қоныс тепкен құман жұртына қатысты ең үлкен, ең маңызды тілдік жəне мəдениет тарихының айтулы ескерткіші. Бір кездегі қыпшақ-құман тайпалар одағының күнбатыстағы бөлігі Мажарстанға [Венгрия] жəне Балқанға көшті. Ал, басқалары Қыпшақ Даласында, яғни Қара теңіздің теріскейіндегі (далалы) алқапта, Қырым түбегінде жəне Каспий теңізі мен Арал теңіз аралығындағы өңірлерде қалды. Солайша, Codeх Cumanicus немесе Құман Кодексі, яки Қыпшақ кодексі, осында [Венгрия аумағында] бір кездердегі Құмания – қыпшақ елінің жерінде дүниеге келген.
Кодекс Куманикустың бізге жеткен варианты 82 хаттық парақтан (хат жазуға арналған қағаз форматы ) тұратын, яғни 164 беттік мəтіннен, екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімі латын-парсы-қыпшақ тілдерінің сөздігін қамтиды. Тұпнұсқасы 1284–95 жж. Қырым түбіндегі Солхат қаласында, ондағы итальялық қоныстанушыларға арналып дайындалған. Оны 1303 жылы Еділ дариясының төменгі ағысындағы Сарай атты қыпшақ қаласында немесе оған жақын жердегі Əулие Янош монастырына қайта көшірілген.
Бүгінге жетіп, бізге мəлім болып отырған «Кодекс куманикус» сол нұсқаның 1330 жылдары қайта көшірілген варианты. Аталмыш вариант кейін неміс сопыларының қолына тиіп, оның бос беттеріне қыпшақ (құман)-неміс жəне қыпшақ (құман)-неміс-латын сөздігін қосып жазған. Мұнан кейін Кодексті бір уақыт бойы итальялық саудагерлер иемденді. Сол кезде Кодекстегі бұрыңғы қателерді түзеткен, бос беттеріне аздаған парсы- қыпшақ (құман) сөздерді (глосса), ұйғыр қарпімен бір қыпшақ сөзін ( «бітік»- жазу, кітап, сөздік – деп Мандоки Қоңыр мадияр тілінде түсініктеме берген.
Кодекстің екінші бөлімінде, көбіне, қыпшақ (құман) тіліне аударылған христиандық уағыздамалар мəтіндерді, əсіресе, литургия, предикация, гимн жəне діни құлшылық мəтіндері келтірілген. Сонымен бірге басқадай белгілемелер де сонда ұшырасады. Айталық, екі латын- қыпшақ, бір қыпшақ-неміс сөздік, қыпшақ тілінің морфологиясына қатысты латынша жазылған дерек, қыпшақ тілінің «англарман - intelligio» – түсіну, аңдау мағынасындағы етістіктің жіктелуі, сондай-ақ қыпшақ тіліндегі тағы бір фольклордың түпнұсқа мəтіні жəне бір толық парақта қыпшақ жұмбақтары бар. Бұл екінші бөлімді италиялықтар құрастырмаған жəне ол Қырымдағы италиялықтардың иелігіндегі елді-мекендердің тұрғындары үшін дайындалмаған. Оны қыпшақтарды өз иелігіне алмақ болған, яки алуға ниет еткен немістер отарлаушылары сопыларының ісін жеңілдету мақсатында жасаған. Латыншадан қыпшақ тіліне аударған діни уағыздар мəтіні жазылған парақтарды XIV ғ-дың қырқыншы жылдары немістердің францискан бағытының өкілдері Қырымда емес, керісінше Қара теңіздің айналасындағы жақын өңірдің бірінде жазып дайындаған.
Немістер мен итальян тұрғындары, саудагерлерінің қолына алмакезек ауысқан мұра 1350 жылдар шамасында басқа неміс миссионерінің қолына тиеді. Олар еңбектің екі бірдей бөліміндегі бос парақтарды жоғарыда аталған сөз тізбелерімен, сөздікпен, грамматикалық мысалдармен толықтырған. Тіптен, олар Кодекстегі жұмбақтарды да жазған. Ақыр соңында, неміс жəне италия тіліндеріндегі жеке-ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген