Ғылыми жоба "Жел энергиясы – құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыйы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Жел энергиясы – құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жел энергиясын пайдалана отырып электр энергисын үндемдеу оқушы және ұстазға көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БЕЙНЕУ АУДАНЫ

«КҮЙКЕН ОРТА МЕКТЕБІ» КММ









Оқушының аты - жөні

Тұрназарова Ақтілек Амандыққызы

Сынып

9




Жоба тақырыбы:

Жел энергиясы – құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыйы


Бағыт:

Ғылыми техникалық прогресс-экономикалық өсудің негізгі буыны




Секция

Физика




Жетекшінің аты – жөні:


БегелдиеваҰлжан Даулетбаевна

физика пәнінің мұғалімі















2018ж.

Мазмұны

Аннотация(қазақ тілінде)..................................................................................

Аннотация(орыс тілінде).......................................................................................

Abstract (ағылшын тілінде)...............................................................................

Кіріспе...................................................................................................................

Негізгі бөлім

І. Жел энергетикасы........................................................................................

1.1. Жел энергетикасының тарихына қысқаша шолу..............................

1.2. ЖЭС жұмыс істеу принципі....................................................................

ІІ. Жел – болашақтың сарқылмас энергиясы.............................................

2.1. Жел энергиясы ..........................................................................................

2.2. Жел қондырғысы арқылы электр энергиясын өндіру........................

Қорытынды........................................................................................................

Нәтижелер............................................................................................................

Ұсыныстар...........................................................................................................

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................





























Аннотация

Адамзатқа электр энергиясы өте қажет және оның қажеттігі жыл сайын артуда.

Қазіргі кезде бүкіл жер бетіндегі елдерде, соның ішінде Қазақстанда энергия дефициті байқалады. Бізге белгілі энергия көздері таусылуға жақын (таскөмір 570 жылға, мұнай 35 – 40 жылға, ал газ 50 жылға жетеді). Мұнайды, таскөмірді, газды өндіру, оны іздеу өте үлкен қаржы қажет етеді.

Сондықтан да бізге қайта толығып отыратын энергия көздерін пайдалану қажет. Мысалы жел энергиясы, су энергиясы, күннің энергиясы.

Қазақстан Республикасының табиғи климаттық жағдайы жел энергиясын кең түрінде пайдалануға жол ашады. Біздің ойымызша альтернативті энергия көзі біздің ел үшін осы, жел энергиясы, болмақшы.

Зерттеудің мақсаты. Қазақстанда жел энергиясын үнемді пайдалану және әрі қарай дамыту.

Зертеудің міндеті:

  • Баламалы энергия көздерін зерттеу;

  • Экологиялық таза энергияға қолжетілімділігі;

  • Іс жүзінде жел энергиясын жүзеге асыру;

  • Сарқылмас жел энергия көздерін әрі қарай дамыту.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Елімізде жел энергиясын дамыту керек.Себебі біздің еліміздің климаты жел энергиясын алуға қолайлы және бұл көптеген өңірлерге тиімді болмақ.

Зерттеу барысы мен кезеңдері:

  • Қажетті құжаттық материалдар мен ғылыми зерттеулер, әдебиеттер ізделіп, оларды түйіндеу;

  • Баламалы энергия көздерін зерттеу, қолжетімділігі;

  • Іс жүзінде жел энергиясын пайдалану және дамыту;

  • Елбасымыздың «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар» мақаласы бойынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін қазақстандағы түрлі энергия көздерін тауып, жел энергиясының қаншалықты дамығанын анықтау.

Зерттеудің әдістемесі: әдебиеттерге анализ жасап, жүйелеп, өз пікірімді нақтылап жеткізу.

Зерттеудің жаңалығы: жел энергиясын пайдалану үшін, жел қондырғыларын жасау.

Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылары: Инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында Қазақстанда жел энергиясын тиімді түрде жетілдіру және пайдалану.

Егер осы ғылыми жоба, яғни, оқушының зерттеу жұмысы ғалымдар, мамандар тарапынан қолдау тауып, одан әрі зерттелсе және мемлекет тарапынан қаражат бөлінсе, өлке экономикасына септігі тиеді деп ойлаймын.




Кіріспе

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз...» Н.Назарбаев.

XXI - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т. с. с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды.

Біздің елімізде осы мәселені шешу жолында көптеген істер атқаруда. Атап айтар болсақ Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілген ЭКСПО - 2017 көрмесі. Бұл көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын тәсілдері мен технологиялары көрсетілді.

Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, біз де оған азамат ретінде өз үлесімізді қоспақшымыз.
Электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілікке шақыру.

Соңғы жылдары бүкiл әлeм энeргeтикалық қуаттардың тапшылық проблeмасын айқын сeзiнe бастады. Осыған байланысты мұнай мeн газдың бағасы жылдан-жылға тұрақсыздануда. Әлeмнiң көптeгeн eлдeрi осы тығырықтан шығу мақсатында баламалы қуат көздeрiн қарастыруда. Қазiргi уақыт талабы - ғылыми тeхникалық прогрeстiң үздiксiз дамуы. Сонымeн бiргe, тeхникалық прогрeстiң қоршаған ортаның ластануымeн қоса жүрeтiнiн ұмытпағанымыз жөн. Осыған байланысты, экологиялық таза энeргия көздeрi туралы мәсeлe аса маңызды бола түсудe.

Энeргeтиканы дамытудың жаңа жолдары осындай көздeрдi iздeстiругe жәнe дамытуға бағытталған. Мeмлeкeттiң энeргeтикалық саланы одан әрi дамытудағы нeгiзгi тeхникалық саясаты энeргияның балама көздeрiн iскe қосу болып табылады. Қазақстан су, жeл, күн энeргeтикасы сияқты элeктр қуатын өндiрудeгi балама қуат көздeрiнe бай eлдeрдiң бiрiнe саналады.

Қазіргі кезде электр энергиясын өндіру әлемнің басты мәселесіне айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса оның табиғатқа деген зиянын есептей беріңіз. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман қоры аяусыз кесіліп жатқан заманда, келер ұрпаққа не қалдырамыз деп толғанып көрейік.

Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС - ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынын ескерейік. Біз табиғатты қорғауға аз да болса үлес қоса аламыз...

Негізгі бөлім

І. Жел энергетикасы

1.1. Жел энергетикасының тарихына қысқаша шолу

Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Қоғам мәдениетінің жаңа қалыптасқан кезінде жел энергиясын теңіз саяхатында пайдаланған. Ертедегі мысырлықтар 5 мың жыл бұрын жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Біздің заманымыздың 700 жылдары қазіргі Ауғанстан жерінде тік бекітілген осі бар жел машинасымен дақылдарды ұнтақтау үшін қолданған. Жерорта теңізінде орналасқан Крит аралында ұзын мұнараға бекітілген жел күшімен қозғалатын диірмен жер суландыру жүйесінің жұмысын атқарған.

XIV ғасырда голландықтар жел диірменін жетілдіріп, дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданды. 1854 жылы АҚШ-та жел энергиясымен жұмыс істейтін су тарту насосы іске қосылды. Су тарту насосының моделі жел диірменінен қалақшалар санының көптігімен және жел бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап флюгердің болуымен ерекшеленеді.

1940 жылдары осындай жел күшімен қозғалатын диірменнің саны 6 миллиондай еді, оларды су тарту және электроэнергия алу мақсатында қолданды. Осындай жел диірмендер мал шаруашылық фермасын сумен қамтамасыз етіп тұрды.

XX ғасырдың ортасында жел энергиясын қазіргі заман энергия қоры – мұнай орнын басты. Дүние жүзінің бірнеше рет мұнай дағдарысынан соң, қайтадан жел энергетикасына көпшіліктің қызығушылығы оянды.

70 жылдары мұнай бағасының өсуіне байланысты, энергетика сарапшылары жел энргиясын пайдалану шараларын ұсынды. Мемлекет қаржыландыру қолдауымен өткізілген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелері, жел энергиясын пайдаланудың жаңа технологиясының дамуына жол ашылды.

1981-1984 жылдары Калифорнияның өзінде 6870 жел турбинасы іске қосылды. Бірақ 31 желтоқсан 1985 жылы мұнайдың бағасы баррельге шыққанда 10 долларға түсті, осыған байланысты желқондырғысын шығаратын көптеген шағын компаниялар жойыла бастады. Ал 1998 жылы АҚШ-та желэнергетикасы дамуы қайтадан даму сатысына көтерілді.

Бұл жобалардың барлығы да 20жылдай бұрын тек құрастырушылардың арманында болатын. Ал қазіргі кезде барлық қондырғылардың жобалары іске асты. Бұл заманымыздың жаңа технологияларының арқасында. Ал біздің жоғарыда айтылған құрастырушылардың ойлары: өте биікке орналастырылған жел қондырғылары жайында болмақ.

Бізді қоршаған орта үнемі қозғалыста және осы қозғалыстың энергиясы орасан зор. Жел энергиясы жерді барлық өзендердің энергиясынан 100 есе үлкен. Жер бетінде үнемі жел соғады: аздаған жеңіл лептен бастап, орасан зор зиян әкелетін дауылға дейін. Біздің елімізде соғып тұрған жел республикамызға қажет электр энергиясын өндіруге шамасы бар. Егер Астанамызды ең таза әрі әдемі қалаға айналдырғымыз келсе неліктен экологиялық таза энергия көзін қолданбасқа. Әр түрлі авторлардың айтуынша жердің жел энергиясы 1200 ГВт, бірақ женрдің әр түрлі аймағында жел энергиясын пайдалану мүмкіндігі әр түрлі. Жел энергиясын мүмкіндігінше электр энергиясына айналдыру үшін жер бетінен 20 - 30 м биіктіктегі желдің ағының жылдамдығы үлкен болу керек. Мысалы: орташа жылдық қуаты 500 Вт/мболатын жел қондырғысының осы қуаттың 75 пайызға ғана электр энергиясына айналады (және желдің жылдамдығы 7 м/с болу керке). Жел ағынындағы энергия, желдің жылдамдығының кубына тура пропорционал. Бірақ та идеал машинаның өзі жел энергиясын түгел пайдаға жарата алмайды.

Теория жүзінде жел энергиясын пайдалану коэфициенті (ПӘК) 59,3 % артық болмайды. Ал іс жүзінде бұл кофициент 50 %, бірақбұл көрсеткіштің өзі, егер желдің жылдамдығы жобада көрсетілген оптимал жылдамдықта тең болса ғана. Осының бәрін ескергенде жыл бойындағы электр энергиясын алу жел энергиясының 15 – 30 % ғана құрайды.

Соған қарамастан адамдар ерте заманнан бері жел энергиясын іске жаратқан. Оған мысал ретінде жоғарыда айтылған желкенді кеме мен жел диірмендері бола алады.

Жел электр станциясы СССР-де 1923 жылы Курск маңайында салынды. 1930 жылы Қырымда қуаты 100 кВт ЖЭС салында.

Шет елдерде жел энергиясын қолдану үлкен табыстарға жеткен. Франция, Данияда ЖЭС қуаттары 1 МВт-тан асады. Ең қуаттысы ЖЭС АҚШ – та. Оның қуаты 4 МВт. Ам ерика жаман газдардың шығуын 2050 жылға дейін 60 % кемітуді жоспарлап отыр. Олар 2030 жылға дейін шығарылатын электр энергиясының 20 % жел энергиясы болады деген болжам жасаған.

Европаның 10 ірі банкісі және жеке инвесторлар жел энергиясын алуды қаржыландырады. Бұнда көбінесе ЖЭС тұрақты ток алатын электр станциялары.

Бұның барлығы басқа елдерде жел энергиясын пайдалануға қолға алынғанын көрсетіп отыр.

Қазақстанда жел энергиясын пайдалану. Қазақстанда жел энергетикасын пайдаланудың басымдықтары жел энергиясы ресурстарының бар болуымен анықталады. Қазақстан территориясының жартысында желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6 м/с., ал кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 7-8 м/с. құрайды. Жел электростанцияларын салу ең алдымен, желіге қосылмаған шалғайдағы аудандарды энергиямен қамтамасыз етумен шартталады. Қазақстан үшін энергияның жаңартпалы басым көздерінің бірі ретінде жел энергетикасы саласы саналады. Осыны ескере отырып, Қазақстанның жел атласы жасалды. Қазіргі уақытта, Қазақстанда жел электростанцияларын салудың 10 алаңы зерттелген. Мұндай алаңдар электроэнергияның коммерциялық өндірісі үшін жалпы қуаттылығы 1000 МВт-ға дейін жететін аса ірі жел электростанцияларын салу үшін толығымен пайдаланыла алады. Бұл жоспарда Жоңғар қақпасының әлеуеттік мүмкіндіктері аса танымал екені белгілі. Қазақстандық танымал энергетик Александр Трофимовтың мәліметтері бойынша, республикамыз жан басына шаққандағы жел энергиясы ресурстарының көлемі бойынша әлемде бірінші орынды иеленеді.


1-сурет. Желқондырғысының көрінісі



1.2. ЖЭС жұмыс істеу принципі



Жел дөңгелегі электр тогының генераторы динамомашинаны іске қосады, ал ол параллель қосылған аккумуляторды зарядтайды. Аккумуляторлық батарея генератордың клеммаларындағы кернеу аккумулятордың клеммаларындағы кернеуден үлкен болған автоматты түрде ажыратылады.

Екі жылдан бері Қазақстан БҰҰ бағдарламасына бірлескен жел қуатын пайдалану жобасын орындатуға кірісті. Қазақстандағы энергия көздері 8 млрд. кВт/сағ энергия шығарады. Жел қуатын пайдаланса жылына 1,8 трлн кВт/сағ өндіруге болады екен. Жобаның бірінші кезеңін іске асыруға ғаламдық экологиялық қор республикаға 2,5 млн. АҚШ долларын берді. Жекеленген инвесторлар бұған 4 млн. АҚШ долларын қосты. Өткен жылы бағдарламаның дайындық кезеңі аяқталды. Республиканың оңтүстік шығысында шамамен 5 МВт электр қуатын шығаратын тұңғыш жел диірмені орнату жоспарланды. Алматы облысында Жоңғар Алатауына салынатын бұл жел диірменіне үлкен үміт артылуда. Өйткені жылдың төрт мезгілінде күшті жел диірмен орнатылмақшы. Келешекте саны 100 диірменге жетпекші.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2 жел электрқондырғысының монтажы жасалып аяқталды (2004 жыл, қазан айы). Монтажды Индия және Қазақстандық мамандар жүргізген (Кентау қаласының жанындағы Қотырбұлақ деген жерде). Әрбір қондырғының бағасы 150 000 доллар. Осы қондырғылар арқылы 6,1 км жерге Кентауға электр энергиясы жеткізіледі. Егер осы қондырғылардың жұмысы рентабельді болса, ондай қондырғылар басқа да жерлерге қойылмақшы.

Электр қуатын өндіретін жел диірмендер алыстағы елді мекендерді жарықпен, жылумен қамтамасыз етуге өте ыңғайлы. Осындай жел диірмендері елдің Батыс өңірінде Каспий теңізінің жағалауындағы қуатты желдің мүмкіндіктерін пайдалану ұтымды болмақшы. Елорданы тұрақты әрі сенімді энергия көзімен жабдықтау маңызды міндет және жел энергетикасын Астананың келешегінде пайдалану аса маңызды. Жел диірменінің болашағы осындай болмақшы.

Дүние жүзі оңай әрі арзан қуат көздерін іздестірген заманда өз еліміздің ресурстарын ұтымды пайдаланған жөн. Тіпті жел диірменінің агрегаттарын өз елімізде жобалап құрастырып шығаруға да болады.

Осы айтылғандардың барлығы жер бетінде жұмыс істейтін қондырғыларға байланысты айтылған..

Жер бетіндегі жел энергоқұрылғылардың кемшіліктері:

  1. Жел үнемі соқпайды. Сондықтан, генератор бірқалыпсыз жұмыс істейді. Токтың жиілігі де өзгеріп отырады. Токты бірқалыпты өзгерту үшін аккумулятор қолданылады, бірақ бұл қымбатқа түседі және эффектілігі өте аз. Кей кезде желдің жылдамдығы қажет жылдамдықтан аз, кейде көп болып кетеді.

  2. Жел агрегаттарының қуаты ең үлкені 4 МВт, ал үнемі қолданылатынының қуаты 200-250 кВт. Осындай аз қуаттың өзінде оның алып жататын орны үлкен болады. Мысалы «Сокол» жел агрегаты (Р=4 кВт) мачтасының биіктігі 101 м, роторының диаметрі 12 м. «Гровиан» (Германияда, қуаты 3 МВт) қондырғының роторы 100 м, ал биіктігі 30 қабатты үйдің биіктігінен үлкен, массасы бірнеше тонна.

  3. Қуаты 4 МВт атом электор станциясын алмастыру үшін 4мыңға жуық «Гровиан» агрегаты қажет екен. Желдің өзі тегін болса да, беретін электр энергиясының құны қымбат болып шығады.

  4. ЖЭС алып жататын орны өте үлкен, бірнеше мың га. Жұмыс кезінде үлкен шу және жиілігі 16 Гц инфрадыбыс шығарады. Ол адам организіміне, сонымен қатар аңдар мен құстарға үлкен әсер етеді. Сол жердің экологиялық жағдайын нашарлатады.















ІІ. Жел – болашақтың сарқылмас энергиясы

    1. Жел энергиясы

Жаңартыла алынатын энергия көздерінің ең маңыздыларынын бірі – Жел Энергиясы. Әлемге үлкен зиянын тигізген мұнай, көмір және табиғи газдың көміртегі қалдықтарын осы жаңа энергетика көздері арқылы алмастыру мүмкіндігі бар. Осының бір нәтижесі ретінде бүгін әлемде жел энергетикасының қолданысы күн өткен сайын жайылуда. Жер шарының барлық жерінде аз не көп энергияға ие беретін жел күші бар. Осы күш - әрі арзан, әрі мол. Сондай-ақ таза бір энергия көзі. Жеңіл табылатын және үздіксіз қолданысы бар осы энергия көзі әлемдегі барлық электр күшіне беретіндей көп.

Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологилық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергетикасы қондырғыларының технологиясын жетілдіру арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Жел энергиясын тұрақты пайдалану үшін жел энергетикасы қондырғыларын басқа энергия көздерімен кешенді түрде ұштастыру қажет. Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік аймақтарында су электр станциялары мен жел электр станцияларын біріктіріп электр энергиясын өндіру өте тиімді. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады.

Жeл  энeргиясын  пайдалану жәнe оның тиiмдiлiгi. Соңғы уақытта әлeмдe жeл энeргиясын пайдалану барған сайын өсiп кeлeдi. АҚШ-та 2003-2007 жылдары 4700 мВт элeктр қуатын өндiрeтiн жeл қондырғылары орнатылды. Бұл бұрынғы жылдармeн салыстырғанда бiрнeшe eсe артық көрсeткiш. Жалпы алғанда, әлeмдe соңғы жылдары жeл энeргeтикасының қуатын арттыру 1,2 eсe көбeйтiлiп, 60 мың мВт-ға жeттi.

Қазақстан жeл энeргeтикасына аса бай аймақтың бiрi болып табылады. Ұлан-ғайыр жeр көлeмiн алып жатқан eлiмiздe жeлдiң орташа жылдық жылдамдығы 4-5 м/с, ал бiрқатар өңiрлeрiндe 6 м/с-қа дeйiн жeтeдi. Бұл жeл энeргeтикасын өндiру үшiн таптырмас қуат көзi eкeнi бeлгiлi. Сарапшылардың зeрттeулeрi бойынша, Қазақстандағы жeл энeргeтикасының жалпы қуаты жылына 1820 млрд. кВт /сағ. элeктр энeргиясын өндiругe мүмкiндiк бeрeдi eкeн.

БҰҰ-ның жeл энeргeтикасын дамыту жөнiндeгi бағдарламасына сәйкeс Қазақстанның бiрқатар өңiрлeрiндe жeл энeргиясы қуатына зeрттeу жұмыстары жүргiзiлгeн. Соған байланысты eлiмiздiң бiрқатар өңiрлeрi бойынша жeл элeктр стансаларын салу жөнiндeгi атлас жасалынған. Осы атлас бойынша Оңтүстiк өңiрдe (Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында), Батыс өңiрдe (Атырау жәнe Маңғыстау облыстарында), Солтүстiк өңiрдe (Ақмола облысында) жәнe Орталық өңiрдe (Қарағанды облысында) жeл элeктр стансаларын салу жұмыстарының жобасы жасалынған. Алайда, Қазақстанның қазiргi элeктр энeргиялық рыногында жeл энeргeтикасының рeсурстары мүлдe пайдаланылмайды. Оның басты сeбeбi, элeктр энeргeтикалық рыноктағы жeл энeргeтикасы бәсeкeлeстiгiнiң төмeндiгi болып отыр.  Eлiмiздe 2015 жылға таман жалпы қуаты 300 мВт болатын жeл элeктр стансаларын салу көздeлiнудe. Атап айтқанда, Жоңғар қақпасында қуаты 50-100 мВт, Шeлeк дәлiзiндe 100-200 мВт, Астана қаласында 20 мВт болатын жeл элeктр стансаларын салу жоспарланған.

Жeл күшi арқылы энeргия алудың өзiндiк құнының құбылуы жeргiлiктi жeрдiң жeл күшiнe, салық заңнамасына, мeмлeкeттiк қолдау шараларына жәнe басқа да өлшeмдeргe байланысты eкeнiн әлeмдiк тәжiрибe көрсeтiп отыр. Мәсeлeн, Гeрманияда жeл станцияларынан алынған энeргия құны 1 кВт/сағатына 9 цeнт, АҚШ-та - 6 цeнт, Ұлыбританияда -13-14 цeнт. Бiздeгi бағасы 2 тeңгe.

Әлeмдiк жeл энeргeтикалық сeкторы өсу қарқынының орташа көрсeткiшi 29%-дан астам болды, жәнe ол жыл сайын ұлғаюда. Бұл дeрeк жeл энeргeтикалық саланы дамытудың кeлeшeгiн жәнe мақсатқа сәйкeстiлiгiн растайды.

Жел энергиясын электр энергиясына айналдыратын станциялар. Ақмола облысында Ерейментау алаңында қуаты 45МВт ЖШС «Бірінші Жел Электрстанциясы» 2013жылдың І тоқсанында салыну жоспарлануда. Капиталына 100%-дық үлестік қатысу “Samruk-Green-Energy” ЖШС-не тиесілі. Алматы облысы Еңбекші Қазақ ауданы Шелекті дәлізінде қуаты 60 МВт тан 300 МВт-қа жететін ЖШС «Энергия Семирачь» Жел Электрстанциясы жобасы қолға алынбақ және капиталының 51%-ын АҚ «СПК Жетісу» арқылы Samruk-Green-Energy” ЖШС үлесінде. Орташа желдің жылдамдығы 50 метр биіктікте 7,8 м/c, қуат күші 310Вт/м2 тең болатын таңдалған георафиялық орынның қолайлығы жоғары.

Ауа тығыздығы. Желқондырғылардың қалақшалары ауа массасының қозғалысының әрекетінен айналады. Ауа қабатының массасы үлкен болса, соғұрлым жел двигателінің қалақшалары жылдам қозғалып, электр энергиясын көп өндіреді. Физика курсынан мынаны білеміз, қозғалатын дененің кинетикалық энергиясы оның массасына тура пропорционал, ендеше жел энергиясы ауа қабатының тығыздығына тура пропорционал. Тығыздық бірлік көлемге келетін молекулалар санына тәуелді. Қалыпты атмосфералық қысымды температура 150С болған кезде, ауаның тығыздығы 1,225кг/м3. Ылғалдылық өскен сайын ауаның тығыздығы азаяды. Қыс мезгілінде тығыздық жоғары болғандықтан, желдің бірдей жылдамдығына қарамастан, жазбен салыстырғанда жел генераторы көп эенргия береді.

Ротор ауданы. Желтурбинасының қозғалатын бөлігін ротор деп атаймыз. Ротор жел ағының энергиясын көп қамтыса, соғұрлым көп электро энергия өндіреді. Ротордың ауданы ротордың диаметрінің ауданының квадратына тура пропорционал, жел- қондырғысының өлшемдерін екі есе арттырып, төрт есе энергия өндіріп алуға болады. Желқондырғысының өлшемдерін өзгерте отырып, энергияны қалағанымызша өндіреміз деп айтуға жеңіл, практикада басқаша. Айналдыру барысындағы қамтитын қалақшаларының ауданын біртіндеп үлкейту арқылы, біз істейтін жүйеге артық күш, салмақ түсіреміз. Осындай асқын салмақты көтеру үшін жүйенің кейбір механикалық құрамдас бөліктеріне зақым келмеуін ескеру өте маңызды.

Жел жылдамдығы – желқондырғысының энергия өндіруіне әсер ететін маңызды өлшемі болып табылады. Желдің үлкен жылдамдығы ауа массасының ағынының көлемін үлкейтеді. Жел энергиясы жел жылдамдығының кубына тура пропорционал өзгереді. Ендеше, ротордың кенетикалық энергиясы жел жылдамдығын екі есе үлкейткенде 8 есе артады. Мына төмендегі кестеде жел жылдамдығының жел энергиясына тәуелділігі көрсетілген. (құрғақ ауаның ты- ғыздығы – 1.225 кг/м³, атмосфералық қысымның шамасы 760 мм.сын. бағанасы кезіндегі қалыпты жағдай). м/с Вт/м² 1 1 3 17 5 77 9 477 11 815 15 2067 18 3572 21 5672 23 7452 Энергия мөлшері мына формуламен есептеледі: Еĸ=ρυ³/2 υ-желдің жылдамдығы , ρ-ауаның тығыздығы Энергия өлшем бірлігі ретінде (В/м²) алып отырмыз. Табиғи жағдайларға байланысты, желдің жылдамдығы да өзгеріп отырады. Желқондырғылардың конструкциялары жел жылдамдығының 3-30 м/с диапазон аралықтарында жұмыс істейтіндей етіп жабдықталған. Үлкен дауылдар желқондырғасын бүлдірмеу мақсатында, үлкен желқондырғысын тежеуіш механизммен жабдықтайды. Кішкентай желқондырғысы жел жылдамдығы 3 м/с кем болған жағдайда жұмыс істей береді.

Жердің кедір – бұдыр құрылымы мен ондағы өсімдіктер жел жылдамдығы- ның төмендеуіне ықпалын тигізеді. 1 км. жоғары қабатта кедір – бұдыр желдің жылдамдығына әсерін де тигізбейді. Жел жылдамдығының кемуі, атмосфераның төменгі қабаттарында жел ағынының жер бетінің кедір – бұдырының үйкелеуінен туындайды. Жел жылдамдығы орман –тоғайлы аудандарда, үлкен қалалы жерлер- де кемісе, ал сулы аудандарда, аэропорт территориясында жел жылдамдығы баяуламайды. Үй, ғимараттар, орман – тоғайлар және басқа объектілер жер жыл- дамдығын баяулатып қана қоймайды, сонымен қатар турбулентті ағыстар туғызады. Желқондырғысын орналастыру үшін, мамандар сол аймақтың жарамды- лығын бағалай отырып, жер бетінен кедір – бұдырын классификациялау үшін жел потенциалын енгізді. Мысалы, жер бетінің кедір – бұдырын жоғары класс ретінде теңіз беті есептелінеді. Жер бетінің кедір – бұдыр классификациаларын төмендегідей бағалаймыз. 1. 0 – су беті ; 2. 0,5 – аэропорт ашық алаңы ; 3. 1 – ашық ауыл шаруашылық алқабы ; 4. 1,5 – алыс ораласқан үйлерден тұратын ауыл ; 5. 2-2,5 – үйлері бар, аздаған ағаштары бар ауыл ; 6. 3 – поселок, үлкен ауыл ; 7. 4 – үлкен қалалар. Жел ығысуы деген түсінік бар, ол жер бетіне жақындағанда, жел жылдамдығының өзгерісін (төмендеуін) сипаттайды. Жел турбинасының диаметрі үлкен болып, мұнараның биіктігі онша үлкен болмаса, жел ығысуы кезінде жоғары позицияда тұрған қалақшаның жылдамдығы жоғары болып, төменгі позициядағы қалақшаның жылдамдығы төмендеп, желқондырғысының бүлінуіне әкеп соғады.

Жер бетіндегі соғатын желді пайдаланатын жел диірменінің көптеген кемшіліктері жоғарыда айтылды. Сол себептен жердің бетінен үлкен биіктікте соғатын жел энергиясын пайдалану тиімді.

Жел двигателінің қуаты желдің жылдамдығының 3 тәуелді. Жердің бетіндегі ондаған метр биіктікте жылдамдық 5-6 м/с жетеді.

Ал тропосфера қабатында жел өте күшті соғады және тұрақты.

Мысалы 4,5 км биіктікте  =20м/с. ал 10-20 км-де =40м/с. Сол себептен қуатты көбейту үшін жер бетіндегі көптеген жел қондырғыларды биікке көтерілген бір жел қондырғысымен алмастыруға болады.

Ол үшін айналатын жел дөңгелегі роторды өте биікке, тұрақты жел соғатын биіктікке орналастыру қажет. Ол желдің бағытымен айналу бағытын да өзгерте алатын болу керек. Биіктігі 10 км-ге дейін жеткізуге болады. Ең маңызды және күрделі жеріжелдің механикалық энергиясын жердегі электр генераторына жеткізу. Ол үшін жаңа материалдан жасалған тростар пайдаланады. Ол тәсіл жер бетіндегі қондырғылардың кемшіліктерін қайталамайды. Ол:

  • 100 МВт қуатқа дейін алуға болады. Себебі жылдамдық үлкен, оған қоса арзан түседі.

  • Биікте тұрғындықтан қуат тұрақты, себебі үнемі жел соғады.

  • Шуы естілмейтін, себебі биікте тұр. Орналасқан жердегі ландшафты бұзбайды. Сол себепті үлкен қаланың қасына орналастыруға болады. Яғни, энергияны тасымалдауға кететін қаржы үнемделеді.

Сонымен қатар бұған қарсы тұратын пікірлер де болуы мүмкін. Ол ең бірінші ротордан механикалық энергияны жердегі электргенераторына жеткізетін тростың салмағы. Қазіргі кезде шығып жатқан өзі арзан, өзі жеңіл жасанды талшықтардан жасалған тростарды пайдалануға болады. Осы тростар болаттан 30-100 есе берік және 3 есе жеңіл. Және созылуға шыдауы болаттан 3-5 есе артық. Қазір осындай материалдан жасалған тростарды нанотрубалар дейді. Ол өте жұқа көміртегінің талшықтарынан жасалған. Осы нанотрубалар химиялық реакцияларға да, жылу әсеріне де шыдамды.

Генератордың өзі жерде болғандықтан, оны пайдалану, жөндеу ыңғайлы болады. Қаланың маңайында орналасқандықтан жоғары вольтті желілердің қажеті жоқ, ұстағыш бағаналардың да қажеті болмайды, сол себептен алынған энергия арзанға түседі. Іске қосу, жүргізу, бақылау, басқару проблемалары.

Қондырғыны қажет биіктікке көтері қиын жұмыс емес. Егер желдің жылдамдығы 2-3 м/с болса, қажет қондырғыны жерден жел өзі көтере бастайды. Ал егерде қондырғы мүлде көтерілмесе, онда оны оңай гелийге толтыруға болады. Сол кезде ол өзі де ауаға ұшып кетеді.

Роторды айналдыру ол генератор арқылы іске асады. Ал айналу жылдамдығы аздары өздері айнала бастайды. Қуатты реттеу ротордың қалақшаларын желге қатысты әр түрлі бұрулар арқылы іске асады. Ал ол стабилизатор арқылы орындалады.

Биктігі тростың ұзындығы арқылы реттеледі. Негізгі троста желдің жылдамдығы анықтайтын датчиктер болу керек. Сол арқылы қажет биіктік реттеледі.

Егер желдің жылдамдығы 0 болып қалса, (ондай жағдай өте сирек, ықтималдығы 0,001) онда қондырғыны ауа баллоны арқылы (дирижабль сияқты) ұстап тұруға болады немесе жердегі генератор арқылы пропеллерді айналдыруға болады. Қатты желдің әсерін жерде орнатылған инерциялы маховик арқылы реттеуге болады. Яғни, оны жылдамдығы төменірек биіктікке түсіруге болады.

Ұсынылған қондырғының артықшылығы:

  • Жер үстіндегі қондырғымен салыстырғанда өлшемдерін үлкейтіп алу арқылы қуатын арттыруға болады.

  • Осы қондырғыны 100 м-ден 14 км-ге дейін орнастыруға болады. Осы биіктіктегі жел жылдамдығы жер бетіндегіден 3-4 есе үлкен және тұрақты.

  • Жылдамдық үш есе артса, қуаты 27 есе артады N~ύ3 .

  • Генератор жерде орналасады. Себебі алынатын қуат өте үлкен, (12,5-20 МВт) ондай қуаттағы генератордың массасы 10 тоннаға жетеді.

Ең бір ұтымды жері механикалық энергияны электр энергиясына айналдыру үшін қажет талшықты трос. Оның тығыздығы 1800 кг/м3. Мысалы, егер кабель мыстан жасалса, 10 км (2 есе ұзын) биіктікке қосатын кабельдің массасы 89360 т, осындай ұзындықтағы нанотрубаның массасы 3,33 т. Ол 27000 есе жеңіл.


2-сурет. Жоғары биіктікте орналасқан тросты турбинаның жел энергетикалық қондырғысы.

1 – ротор (турбина)

2 – қанат

3 – механикалық энергияны тасымалдау системасы

4 – генетор

5 – реттегіш (стабилизатор)

6 – қалақшалар

7 – тартқыш (растяжка)

8 – датчиктер

9 – пропеллер

Ротордың қалақшалары екі трос арқылы бекітілген. Соққан жел, қалақшаларды айналдырады, өзінің орнықтылығын және биіктікте болуын қанат және стабилизатор арқылы жүзеге асырады. Ротордың механикалық энергиясы электргенераторына тасымалдау системасы арқылы беріледі.

Осы жел қондырғысын Н =1 км биіктікке орналастыруға болады. Осы биіктіктегі желдің жылдамдығы 13 м/с. Ал ротордың айналдыратын жел ағынының қуаты N =1/2*V3S*ρ*  формуласына тәуелді.

Бұндағы V - желдің жылдамдығы, S – ротордың ауданы, ρ – ауаның тығыздығы, сонда N~(13м/с)3 =20°.

Егер ротордың ауданы 50000 м2, ρ=1,225кг/ мболса, 1 км биіктікте N~0,5*50000*1,225*0,94≈63МВт. Егер осының 20% электр энергиясына айналса, онда пайдалы қуат Nпай=12,5 МВт. Бұл қуат150000 адамы бар қаланы энергиямен толық қамтамасыз етеді.

Ауданды 4 есе және биіктікті біраз арттырдық делік. Желдің жылдамдығын арттыру арқылы 75 МВт қуаты бар 1 млн-нан асатын халқы бар үлкен қаланы түгел электр энергиясымен қамтамасыз етуге болады.

Мысалы, осы қондырғы 1 млн АҚШ доллары тұрса, өндіретін қуаты 2,28 кВт екен. Сонда біз қарастырған қондырғының беретін 12,5 кВт беру үшін осындай агрегаттан 12500/2,28=5482 қажет екен, сонда осылардың барлығының бағасы 110 млн АҚШ доллары. Осы есептеулерден көрініп отырғандай аз ақшаға тура осындай энергияны өндіре аламыз. Ал қазіргі кездегі жағдайға бұл өте тиімді.


3-сурет. Қондырғыға әсер ететін ауа массалары

Бұл суреттен көрініп отырғандай қондырғыға әсер ететін ауа массалары оны интенсивті түрде айналдырады. Вертикальды пропеллерді қондырғыларға қарағанда ықшамды және желдің көп бөлігін энергияға айналдыруға жұмсайды. Қанша есе пропеллерлер көп болса, сонша есе шығарылатын энергия да көбірек болады.

MARS жел қондырғысы

MARS қондырғысы (Magenn Air Rotor System – әуедегі роторлы жүйе Magenn) – өзінің құрылысы бойынша кішкентай гелийлі дирижабльге ұқсайды. Корпустың жұмсақ болуы MARS-ты бүктеп, оны басқа жерлерге апарып, сол жерде үрлеуге мүмкіндік береді. Бұндай әрекеттер қарапайым жер бетінде орналасқан жел диірмендерден артықшылығы мол екендігіне дәлел.




4-сурет. 5 кВт қуаты бар генератордың жақыннан көрінісі.

Бұндай генератордың көптеген жақсы жақтары бар: таза экологиялық энергияны шығарады, көп орын алмайды, және керемет пейзажды бұзбайды. Қоршаған ортаға деген күтімі де көзге түседі: үлкен құрылыс жұмыстарын жүргізудің керегі жоқ, тағы да қондырғының құстарға ешқандай зияны жоқ (статистика бойынша жел энергокондырғылардың әсерінен жыл сайын тек АҚШ-тың өзінде 10-нан 40 мыңға дейін құстар өледі.

5-сурет. Гелийлі дирижабль

Арнайы арқандармен бекітілген MARS, пайдалану кезінде дирижабль секілді ондаған метр биіктікке көтеріледі. Ондай биіктіктегі желдің күші жердегі желден үлкен айырмашылығы бар екені айқын білінеді. Бұл жұмыстың қуатын 50%-дан асыруға мүмкіншілік береді(жердегі қондырғылардың қуаты 20-40%-бен салыстырғанда). Желдің бағыты да үлкен рөл атқармайды, себебі арнайы тұтқа (корпустың ортасындағы көлденең пластина) арқылы MARS-ты керек жаққа айналдыруға болады, сол арқылы қондырғы үздіксіз айналады. Корпус түгелдей айналады, ал бұл кезде энергия қозғалмайтын екі жағынан орналасқан генераторлар арқылы шығарылады. Айналу корпустың үстінде орналасқан қырлар арқылы іске асады. Бұл жерде Магнус эффектісі үлкен рөл атқарады.

6-сурет. Аппарат арнайы кабель арқылы көкке көтеріледі.

Бірақ кемшіліктері де аз емес. Біріншіден, аспанда ұшып жүрген дирижабль кез келген адамға нысана бола алады(әсіресе Америкада, себебі ол жерде кез келген азамат оқтық иесі бола алады). Бірақ құрастырушылар бұл проблеманы шешу үшін кевлар тәріздес Даркон затын пайдалануға ұсыныс жасады. Екіншіден, MARS ұшақтардың ұшуына қауіп төндіреді, бірақ бұны да оңай шешуге болады. Қондырғыны ауаға көтерер алдында жергілікті авиациямен аймақты ұшақтардың ұшуларына жауып тастау туралы келісіп алуға болады.Қондырғылардың айтарлықтай бір ғана айырмашылығы бар, ол генератордың орналасуы.

Екі қондырғыны да кез келген жерде орналастыруға болады, яғни тұтынушыларға (ауыл,қала тұрғындарына) оңай тасымалдауға мүмкіндік береді. Соның әсерінен көптеген қаржы жұмсалмайды, себебі тасымалдауды қажет етпейді.


    1. Жел қондырғысы арқылы электр энергиясын өндіру


Электр қуатын өндіретін жел диірмендер алыстағы елді мекендерді жарықпен, жылумен қамтамасыз етуге өте ыңғайлы. Осындай жел диірмендері елдің Батыс өңірінде Каспий теңізінің жағалауындағы қуатты желдің мүмкіндіктерін пайдалану ұтымды болмақшы. Елорданы тұрақты әрі сенімді энергия көзімен жабдықтау маңызды міндет және жел энергетикасын Астананың келешегінде пайдалану аса маңызды. Жел диірменінің болашағы осындай болмақшы.

Жeл энeргиясы қондырғысы  жeл агрeгатынан (жeл қозғалтқышы мeн бiр нeмeсe бiрнeшe жұмыстық машиналарды бiрiктiрeдi), энeргияны аккумуляттаушы (қорын жинаушы) нe­мeсe қуатты рeзeрвтeушi құрылғыдан жәнe бiрқатар жағдайларда қосалқы қозғалтқыштан (eң алдымeн жылулық қозғалтқыштан), сондай-ақ, қондырғының жұмыс рeжимдeрiн автоматтық басқару (рeттeу) жүйeлeрiнeн тұрады. Жeл энeргиясы қондырғысы арнайы қолданыстық (сорғылық нeмeсe су көтeрушi, элeктрмeн зарядтаушы, диiрмeндiк, су тұщыландырушы, т.б.)   жәнe кeшeндi қолданылатын  жeл элeктр стансалары болып ажыратылады. Жeл элeктр стансасы - жeлдiң кинeтикалық энeр­гиясын элeктр энeргиясына түрлeндiрeтiн қондырғы. Ол жeл қозғалтқышынан, элeктр тогы гeнeраторынан, олардың жұмысын басқаратын автоматтық құрылғыдан, оларды орнату жәнe қызмeт көрсeтугe арналған құрылыстардан, ғимараттардан тұрады. Жeлсiз күндeрдe жұмыс жасауы үшiн рeзeрвтiк жылулық қозғалтқышпeн, аккумулятор батарeяларымeн, гeлиоқондырғылармeн толықтырылады. Әдeттe, жeл элeктр станциясы тұрақты ток гeнeраторларымeн жабдықталады. Ол аккумулятор батарeяларын зарядтайды. Ал тұтынушыларға қажeттi айнымалы ток инвeртор дeп аталатын арнайы кұрылғыдан алынады. Инвeртор тұрақты токты айнымалы токқа түрлeндiрeтiн құрылғы болып табылады. Жeл элeктр станцияларын жeл жиi тұратын жeрлeрдe, орталықтандырылған элeктрмeн жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мeкeндeрдe, далалық, шөлeйттi, т.б. жeрлeрдe қолданады. Жeл энeргиясы қондырғысының қуаты 100 кВт-тан бiрнeшe МВт-қа дeйiн жeтeдi. Eң қуатты (3 МВт) жeл энeргиясы қондырғысы  Гeрманияда салынған (1983). Қазiргi кeздe бiрлiк қуаты 15 МВт-қа дeйiнгi жeл энeргиясы қондырғысы  жобалануда.

7-сурет. Жел қондырғысының негізгі бөлігі - генератордың құрылысы





Қорытынды


Қазіргі жер бетіндегі орналасатын жел қоңдырғыларды өздерініің жоғары даму сатысына жеткен. Осы күндегіден артық жел қоңдырғылары жақын арада жасала қоймайды. Желдің энергиясы тегін болғанымен оны іске жарататын жерде орнатылған қоңдырғылардың беретін энергиясы жылу электр станциялары беретін энергиядан әлденеше қымбат.

АҚШ, Дания, Голландия, Германия және т.б. елдерде едәуір арзан электр энергиясын өндіретін көп жел қондырғылары жұмыс істейді. Қытайда жел энергиясын пайдаланатын 120 мыңнан астам шағын жел генераторы және 1600 сорғы жұмыс істейді. Осыған ұқсас жұмыстар біздің елімізде де басталды. Қазақстанда негізінен жел көздері жеткілікті. Олар: Жетісу (Жоңғар) қақпасы, Сөгеті жазығы (Алматы облысы), Қордай (Жамбыл облысы), Бейнеу, Жетібай (Маңғыстау облысы), Атырау, Индер, Мұғалжар өңірлері, Ерейментау , Сілеті (Ақмола облысы), Балқаш, Топар (Қарағанды), Жоталы (Қызылорда облысы), Жалпақтау (Батыс Қазақстан облысы) және т.б. Форт-Шевченкода 45 күн жылдамдығы 15 м/с-тан асатын күшті жел соғады. Бүл өте мол энергия көзі. Сондықтан жел күшін тиімді пайдалану өте маңызды. Алайда энергияның экологиялық таза көзінің де кейбір проблемалары болады (теледидарға бөгет болатын ультра-дыбыстық сәуле шығарады; жануарлар әлеміне, әсіресе құстарға және т.б. теріс өсер етеді). Мысалы, Голландияда теңіз жағасында 3 километр ұзындыққа жел қондырғыларының батареясы орналастырылған. Бұл жерде биіктігі 36 метр, ұшқалақты роторының диаметрі 25 метр болатын конус тәрізді темірбетон мұнара салынған.

Жалпы, қалпына келетін энергияның келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, арзан әрі тиімді. Оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Егер біз баламалы энергия көздерін тиімді және үнемді пайдаланатын болсақ бұл біздің келешегіміздің кепілі. Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады.



















Нәтижелер

Энергия беретін әр түрлі электр станциялардың жақсы және жаман жақтары қарастырылды.

Жылу электр станцияларының негізгі кемшіліктері: орны қайта толмайтын отынды пайдаланы және экологиялық тиімсіздігі болды.

Су электр станцияларын бар жерде салына бермейтіндігі, қымбаттылығы және су ресурстарының да келешекте азайуы, экологиялық тиімсіздігі аңықталды.

Атом жел қоңдырғыларды да қаіптілігі, экологиялық зияны бар екені және ол да табиғи өнімдерді пайдаланатыны көрсетілді.

Жел қоңдырғыларын адамдар ежелден пайдаланған. Жер бетіндегі жел электр станцияларын қазір де көптеп пайдалануда. Дегенмен оның да зияны: қоршаған биологиялық ортаға әсері, үнемі үздіксіз жұмыс істей алмауы, қымбаттылығы белгілі болды.

Бірақ жел энергиясы ол орны толатын энергия болғандықтан, оны пайдалану жолдарын әрі қарай қарастыру арқылы келешекте экономикалық тиімді, экологиялық зияны аз, пайдалануы қарапайым жел электр станцияларын жасайтын уақыт келді.

Оның бір жолы жер бетінен биіктікте орналасқан жел қондырғыларын жасау және пайдалану.

Бұндай қондырғыларды әр түрлі конструкторлар проектілерін жасап ұсынуда. Олар экономикалық тиімді, қуатын үлкен шамаларға жеткізуге болды. Экологиялық аса зияны жоқ және желдің соғуына тәуелді емес. Өйткені олар жер бетінен біраз биіктікте орнатылған, ал атмосфераның жоғарғы қабаттарында желдер үнемі соғып тұрады.

Әрине конструкциялары өте курделі, бірақ космосқа кеме ұшырғаннан күрделі емес, яғни осы проектіні нақты зерттеп, есептеулер жасап, нанотехнологияны пайдаланып, күнделікті өмірге қолдануға болады. Сондықтан, басқа энергия көздерінің (көмір, мұнай, газ) қашан бітетінің күтпей (оларды басқа салаларда қолдануға болады), жел электр станцияларының негізгі проектілерін іске асыру қажет.

















Ұсыныстар

  1. Мен ұсынған жел қондырғымды, болашақта біздің елімізде, яғни жұмыс барысында ЖЭС орналатыруға болатын аймақтарда, Шығыс Қазақстанда, сонымен қатар, Орталық Қазақстанда кеңірек пайдаға асыруға болады. Елімізге қаншалықты тиімді екенін жұмыс барысында анықтап айттым.

  2. Жер бетінен биікте орналасқан қондырғы экономикалық жағынан тиімді. Жер бетінде орналасатын қондырғылардан қуатты және ондаған есе арзан болады.

  3. Қазіргі энергияны үнемдеу проблемасы тұрған қондырғы, табиғи ресурстарды қайта толықтырылатын болғандықтан бізді қызықтыруға тиісті.

  4. Қазақстан өлкесі жел энергетикасын әбден пайдалана алады. Себебі, оның климаты, орналасу аймағы келіп тұр.

  5. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жастардың алдына қойған міндеті интеллектуалдық ұмтылыс арқылы өркениетті елге айналу, олай болса мен жобамды болашақ ғалымдар инженерлер, конструкторларға арнаймын.

  6. шалғай аудандарда жeл энeргeтикасы қондырғыларын көптeп салу арқылы халықтың жағдайын жeңiлдeту.

  7. осы бағытта кeшeндi ғылыми-жобалық зeрттeулeр жүргiзу

  8. мeктeптeрдe қарапайым энeргия көздeрiн алуға байланысты оқушылардың қызығушылығын арттыратын физика үйiрмeсiн  ашу

  9. физикалық зeрттeулeрдi жүргiзугe үнeмi көңiл бөлу


























Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. В.В.Володин, П.М.Хазановский «Энергия, век двадцать первый» Москва, издательство «Детская литература» , 1989 год. Стр. 59-69

  2. Б.Н.Бирюков «От водяного колеса до квантового ускорителя» Москва, издательство «Машиностроение», 1990 год. Стр 10-15.

  3. Ш.Қ.Биболов «Оқушы анықтамасы: Физика» Алматы,

«Арман –ПВ» баспасы, 2005 жыл

  1. А.Голдин «Океаны Энергии» Пер. С англ. И.Бочаровой, Москва, издательство «Знание», 1983год стр 25-30

  2. Л.С.Юдасин «Энергетика проблемы и надежды» Москва, издательство «Просвещение», 1990 год. Стр. 37-45.

  3. Тлеуов Т. «Использование нетрадиционных и возобновляемых источников энергии для энергоснабжения сельскохозяйственных объектов Казахстана» Алматы, издательство «білім», 1995 год. Стр. 49.

  4. Непорожний П.С., Попков В.И. «Энергетические ресурсы мира» Москва, издательство «Энергоатомиздат», 1995 год.

Интернет сайттар:

  1. www.strela.punkt.ru

  2. www.elektromost.by



























13


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
3282
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі