Ғылыми жоба күнделігі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғылыми жоба күнделігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба күнделігінде атқарылған жұмыстар туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сатыбалды негізгі орта мектебі









ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ





Зерттеу тақырыбы: Сүйек сорпасының ғажайып пайдасы



Оқушының аты жөні: Салауат Еркеназым Хамитқызы



Мектеп:Сатыбалды НОМ



Сынып :3



Ғылыми жетекшінің аты –жөні:ТЕМИРГАЛИЕВА НАЗЫМ ФАТИХОВНА












2025ж





Жұмыс мазмұны

Зерттеу әдістері

Ғылыми жетекшінің ескертуі мен бағыт беру нұсқамасы

7.09

Бүгін мен апайыма сүйек сорпасы туралы түрлі сауалдар деректер қызықтыратынын айттым.Осыдан кейін ұстазым менің ойымды құптап,зерттеу жұмысын бастауға кеңес берді.

Кеңесу,әңгімелесу

Сүйек сорпасы туралы білгің келетіні мені ойландырды.Мен сені қолдаймын.

10.09

Сонымен мен «Сүйек сорпасының ғажайып пайдасы»деген тақырыпты таңдадым.Оның себебі соңғы уақыттарда анамның бізге сүйек сорпасын жиі дайындап беруі еді.Содан кейін ойыма сүйек сорпасы туралы түрлі сауалдар келді.Сол сауалдарға ізденіп жауап таппақшы боп бекіндім.Өзіме СӘТТІЛІК тлеймін

Талдау ,іздену,ақпарат жинау

Керемет таңдау ізденіс жұмыстарыңды бастай ғой!

1.10

«Сүйек сорпасының ғажайып пайдасы» тақырыбында іздене бастадым.


Анамның көмегімен 2апталық отбасылық тәжрибемді бастап кеттім

Кітапханаға бару,интернет беттеріне шолу





Мақсатым:Апта сайын ағзамызда боп жатқан өзгерістерді бақылап,түртіп отыру.қорытындылау

Өзіңе үлгілік жоспар құр!Жоспар жұмыстың тиянақты болуына үйретеді.



Жарайсың!

7.10

«Сүйек сорпасының ғажайып пайдасы» тақырыбында жетекшіммен үлгілік жоспар құрдық.

Талқылау,жоспарлау

Осы жоспар бойынша жан-жақты ізденуді баста,Еркеназым!

10.10

«Неге сүйек сорпасы пайдалы?», «Оның құрамында не бар?», «Оның адам ағзасына қандай пайдасы бар ?»деген көкейімдегі сұрақтарға жауап іздеуді бастап кеттім

Әртүрлі газет-журнал беттерін,ғаламтор беттерін ақтару, Жүнісова С. «Дәстүрлі ас пен денсаулық» кітабы қолыма түсті.

Керемет!МЕН сенімен мақтанам!

15.10

Тағы да зерттеу жұмыстарын жүргізіп өз жобам туралы көп деректер білдім.

Интернет желісі арқылы мәлімет жинақтау.


Көрген «ЮТУБ»арнасындағы роликтеріңнің сілтемесін жүктеп ал!

7.09

1.Сорпаны дайындау тәсілдерімен таныстым.


2.Отбасылық тәжірибемді қорытындылап,кестеге салдым.


Сүйек сорпа шығу тарихы туралы білдім


Талдау ,жинақтау

Нәтиже бар,қуаныштымын

Керемет!Тағы да тың материалдар қарастыр!


Тәжірибе дұрыс жүргізілген!


9.09

Іздену барысында сүйек сорпасын әлем елдерінде дайындайтындары туралы білдім. Кореяда оны «сульлёнгтхан», Қытайда “гу-тхан”, ал Еуропада “bone broth” деп атайды екен

Мектеп кітапханашысы А.Самалқызы маған ақпараттар жинауға көмектесті..

Әдебиеттерге шолу.

Мектеп кітапханасымен байланыс

Сүйек сорпасының денсаулыққа пайдалы екенін білдім.

Picture 3

Ізденісің ұнады!Жарайсың!

Сүйек сорпасын ұнататындар туралы психология не дейді екен мектеп психологы С.Ғайсақызынан сұрап көр!

12.09

Жетекшімнің кеңесі бойынша мектебімнің психологі С.Ғайсақызымен сөйлесіп, сұрақтарыма жауап алдым.

Мәліметтер жинау

Жарайсың!Жинаған мәліметтеріңді электронды түрде жинақта!

15.09

Мектеп оқушылары мен мұғалімдерден сауалнама алдым.


Мақсатым: Адамдардың сорпаға көзқарасын анықтау.


Сауалнама құру,өткізу, жетекшім екеуміз қорытындылау


Сауалнама нәтижесін пайызбен көрсетіп, диаграмма жасадым.


Нәтиже: Көпшілік сүйек сорпасын пайдалы деп санайды.

Үлкен жұмыс атқардың,КЕРЕМЕТ!

Талдау нақты әрі түсінікті.


Енді химия пәні мұғалімінен сүйек сорпасының құрамы ондағы пайдалы элементтер туралы сұрап біл!

20.09

Сауалнамаларымды электронды түрде жинақтап болып,химия пәні мұғалімі Ф.Ғизатолла қызымен жолықтам

Пайдалы химиялық элементтер туралы білу




Өте жақсы!

Енді сүйек сорпасының пайдасы туралы мектеп аспазшысы Самал апайыңның пкірін сұрап көр!


Жетекшімнің нұсқауымен мектеп аспазшысы Самал апайға сұрақтарымды дайындап, сұхбат жүргіздім.

Сұхбат сілтемесі

Жетекшім екеуміз ютубқа жүктедік.

Рисунок 13

Тамаша!Біраз жұмыс бітірдің!

Еркеназым,ауыл фельдшеріменсүйек сорпасы туралы сұхбат жүргіземіз,сауалдарыңды дайындай ғой

27.09

Н.Фатихқызы екеуміз жұмысымызды толықтыру үшін ауыл фельдшері Г.Қанатқызымен сұхбат жүргіздік

Әңгімелесу,Ізденіс

Нәтиже: Сүйек сорпасы – пайдалы, дәруменге бай тағам екені дәлелденді.

Сенің қолыңнан бәрі келеді!


Сұхбат нақты әрі түсінікті.

1.10

Бүгін зерттеу жұмысым туралы тың деректер іздеу үшін ауыл кітапханасына бардым.Ауыл ктапханашысы Ж.Талғатқызы маған көмектесті.

Әдебиеттерге шолу,Ізденіс,жұмыстары

Тамаша!



Ақпарат жеткілікті, жақсы ізденіс байқалады


5.10

Тапқан барлық материалдарымды жүйелеп жинақтадым.


Жетекшіммен ОRкод жасап жұмыстандық

Ноутбукпен жұмыстану,жинақтау

Кереметсің!

Сенің ойың жүйрік!

10.10

Бүгін барлық жинаған деректерімді жетекшімнің көмегімен екеуміз сараладым.Ғылыми жобамның нақты жоспарын құрып, жазуға кірістім.

Саралау,

Жинақтау

жоспар құру,

орындау


Бұл жұмыс осындай тиянақтылықты қажет етеді!Іске сәт!

Енді жобаңның негізгі бөлімі мен қорытындысын жазуға кіріс!

15.10

Жобамның негізгі бөлімі мен қортындысын жазуды бастадым.Онда сүйек сорпа туралы жинаған бүкіл мәліметтерімді пайдаланып, талдап жаздым.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасадым.

Талдау,жинақтау


Сүйек сорпасының денсаулыққа пайдалы екеніндігі туралы толық дәлелдедім деп ойлаймын..

Еркеназым жұмысыңа сәттілік!



Еркеназым, маған әдемі түскен фотоңды жібер.

Диктофонға дауысыңды жазамыз.

Ғылыми жоба таныстырылымына ЖАСАНДЫ интелектпен фотоңды сөйлетіп көрейік


Бүгін фотоға түстім және диктофонға дауысымды жаздым,жетекшіме жібердім.

ЖИмен жұмыс

Picture 2

Жетекшім ЖИ мен менің фотомды сөйлетті.Мен таң қалдым.

Еркеназым,ЖИ мен видеоң сәтті шықты.


Әрі қарай келесі жоспарыңның практикалық бөлімін орындай ғой.Анаңмен бірге сорпа дайындаған кезде мұқият бол,қауіпсіздікті сақта!

20.10

Бүгін анаммен бірге сүйек сорпасын дайындап көрдім.

Анаммен бірге практикалық жұмыс



Анаң сенің керемет жан!


Саған қолдау көрсеткен ата-анаң қандай Керемет!


Жетекшім зерттеу жұмысымды тексерді.Сол кісі берген ескерпелер бойынша жұмыстандым.

Түзету жұмыстары

Керемет жұмыстанғансың!


27.10

Жобаның жазбаша бөлігін рәсімдеу, жоба стилін іздеу бойынша мұғаліммен кеңесу

Презентация жасау. Мұғаліммен кеңесу, компьютерлік презентацияны редакциялау және мұғалімнің ескертулерін ескере отырып, оны нақтылау.



Қорытындылау

Тиянақты жұмыс атқардың!

Сәттілік,Еркеназым!

30.10

Жетекшіме зерттеу жұмысымды тексертіп,ескертпелер бойынша түзеп,барлық бөлімдерін өңдеп редакцияладым. Бұйырса жобамды аяқтадым.Жетекшіме тексерттім.

Жүйелеу,тиянақтау

Үлкен ,қызықты жұмыс тыныдырдық!Саған сәттілік тілеймін!


Енді жобаны сырттай аудандық байқауға ұсынатын боламыз.Сәттілік тілеймін!

4.11

Жобамды басынан бастап пысықтап шықтым. Өзіме сәттілік тілеймін!

Нәтиже: Жобам толық дайын болды.

Сенің қолыңнан келеді,мен саған сенемін!

7.11

Жобаны қорғауға дайындық.

Мектепішілік ғылыми жоба байқауына қатысу дайындық жасадым.

Мәтінді жазып, слайд жасап, сөйлеу жаттығуын өткіздім

Жобаны алдын-ала қорғау бойынша мұғаліммен дайындық және кеңес беру сабақтарына қатысу. Жобаны қоғамдық қорғаудың жалпы репетициясы.

Қорғауға дайын, сөз сөйлеуі анық.


Байқауға сәттілік!Мен саған сенемін!

10.11.25

Жобаны көпшілік алдында қорғау.


Мақсаты: Ғылыми жобаны көпшілік алдында қорғау.

Өзіме сәттілік тілеймін.

Ізденіс.Нәтиже.


Комиссия алдында жобамды таныстырдым.

Нәтиже:
Тақырыпты жақсы меңгергенімді дәлелдедім.


.


Жарайсың!Өте сенімді сөйледің!

Еркеназым нәтижелі жұмыстанып,ізденіп, ғылыми жобаның барлық кезеңін сәтті орындадың. Тақырып өзекті, нәтижесі нақты.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2025
11
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі