Материалдар / Ғылыми жоба: Күзетші ит
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: Күзетші ит

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба робототехникаға негізделген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Робот (чех. robot, robota — еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) — антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі кұрылғы.[1]

Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.[2]



1-бөлім. Робототехника – болашақтың бағдары

ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Экономикамызды ілгерілету үшін осы салаға терең ден қоюымыз керек. Астана қаласында орналасқан «Шаг» Компьютерлер Академиясының да мақсаты – сол.

Бұл академияның елордамыздан бөлек, Алматы, Қарағанды қалаларында филиалдары бар. Жалпы, әлемнің 16 елінде, 45 филиалы жұмыс жасайды. Оқу бағдарламалары 9-11 жас (5 жыл) пен 12-14 жас (3 жыл) аралығындағы балаларға арналған.

Мұнда оқыған балалар түрлі жобаларды жоспарлап, оны дамытуды, Windows 10 ОЖ-ін орнатуды және баптауды, Microsoft Оffice пакетінің: Word Excel, PowerPoint бағдарламаларымен жұмыс жасауды меңгереді. Сондай-ақ, ұялы телефонға және компьютерге арналған ойындар құрастыруды, Lego роботтарын жинап, әрі бағдарламауды, Photoshop пен Illustrator-да жұмыс жасауды, 3D-обьектілер мен интерьерді моделдеуді де меңгеріп шығатын болады. Оған қоса, Web-сайттарды әзірлеуді, кәсіби фотосуретке түсіруді, видеоларды өңдеуді, қарапайым қолданбалы қосымшаларды жасауды, Arduino микроконтроллерін бағдарламауды, Anime Studio бағдарламасында мультфильмдер жасауды үйренетін болады.

Осы академияда робототехникадан жаттықтырушы болып жүрген жас маман Талант Төлеубековтің айтуынша, бұл оқу орнында дәріс алатын баланың ғылымға, техникаға деген қызығушылығы жоғары болып, болашақта керекті маманның иесі болып шығады. Өзі жаттықтырып жүрген Дамир мен Ерсұлтанның да болашағына сеніммен қарайды.

«Дамир мен Ерсұлтан екеуі бір команда болып, қазір Мәскеуде болатын ірі турнирге дайындық жүргізіп жатыр. Онда өтетін жарысқа Шығыс Сібір аймағынан үздік шығып, жалғыз жолдаманы жеңіп алды», – дейді.

Дамир Әбілқасым Астана қаласындағы №27 мектеп-лицейінің оқушысы, ал серіктесі Ерсұлтан Нұрпапа №67 мектеп-гимназиясында білім алады. Екеуі де 4 сынып оқушысы.

Дамир бұл академияға жазғы лагерь кезінде келген екен. Оның алғырлығын Талант сол кезде байқайды. Ал Ерсұлтанның бұл екінші оқу жылы. Академия жарысқа балалар апару үшін хабарландыру жариялап, іріктеу жүргізген. Сонда Ерсұлтан өзінің техникаға деген білгірлігін көрсете білген. Осылайша, жаттықтырушы команда құру үшін Ерсұлтанға серік болатын алғыр оқушыны іздейді. Есіне, жазғы лагерьде бәрінен оқ бойы озық жүретін Дамир түседі. Бұл екеуінің алғашқы қадамдары жаман емес. Ендігі меже – Мәскеуде өтетін «Бүкілресейлік РОБОФЕСТ-2018» жарысында топ жару. Онда өздері секілді әртүрлі аймақтардан алғашқы орынды жеңіп алған командалар бақ сынайтын болады.

Балалардың мақсаты – мынандай робот жасап, оған арнайы бағдарламаны құйып, дұрыс жүргізіп, керекті ұпай жинау. Жұмыс істейтін бағдарламанын аты – Lego EV3 mindstorms.

«Академияда жұмыс істеп жүргеніме бір жылдың шамасы болды, – дейді Талант. – Ал Роботехника саласында жүргеніме 3 жылдай болып қалды. Өзім Қазақ технология мен бизнес университетіндегі IТ мамандығын бітіргенмін. Қазір Еуразия ұлттық университетінде магистратурада оқимын. Менің қазіргі диссертациямның да тақырыбы осы робототехникамен тығыз байланысты, яғни – электронды оқулық жасау. «Робототехниканы қалай дұрыс жасаса болады?», «Қандай бағдарламаларды пайдалану керек?» деген сияқты сауалдарға жауап іздеп жатырмын. Legо жалпы 9 жастан жоғары балаларға арналған, ал мен 7-20 жас аралығындағы балаларға лайықты оқулық жазып жатырмын. Мақсатым – ауылдағы оқушыларға да қол жетімді ету. Мәселен, мына роботтың құрылыстары 150 мың теңге тұрады. Яғни, әркімнің қалтасы көтере бермейді. Диссертациямда 10 сабақ тәжірибе тапсырмаларымен қоса берілетін болады».

«Робот» адамның көмегінсіз өзі бір нәрсені жасай алу керек. Ал мынаны балалардың өзі бағдарламалағанымен, толық роботқа жатпайды. Күзде Санкт-Петербург қаласында жарысқа қатысқанымызда, ұйымдастырушылар робот деген бағдарламалап жібере салу емес, жалпы соны істеу барысында «несімен робот?» екеніне мән беру керектігін баса айтқан еді. Яғни, робот сырттан қарастырылмаған жағдайда өзі дұрыс шешім қабылдап, күтпеген қадамдар жасауы керек».

Жаттықтырушы робототехника – физика, геометрия, жаратылыстану, математика және тағы басқа ғылымдардың заңдарының бір-бірімен байланысу негізінде жүзеге асатынын айтады.

«Мысалы, мұнда моторды алға қарай жүргізу, бұру сияқты дайын бағдарламалар бар. Омск қаласында біздің қарсыластарымыз осындай блогтармен жұмыс істегенде, жинаудан гөрі, бір-біріне ұзын етіп жалғап кете берді. Дамир мен Ерсұлтан математика, физика заңдылықтарын жақсы түсінбесе де, байланыстырып, бір-біріне қосу арқылы көптеген блогтарды қысып, екі ғана блок жасады. Градустар мен сантиметрлерді өздеріне ыңғайландырып алды. Ал қалған қарсыластары жинауды білмей, ұзын етіп 30-40-қа дейін созып кете берді. Ондай сәтте олар роботтың бұрылуы мен алға жылжуында қателіктер жібереді. 30-40 блогтан бала түгілі ересектің өзі шатасатыны белгілі. Сол сияқты онда балалар роботты өздері жинап шығады. Роботтың сызатын қарандашы бар. Оны көтеріп-түсіретін бөлігін Ерсұлтан, негізгі бөлігін Дамир жинайды. Шамамен 6-8 минутта олар дайын робот құрастыра алады», – дейді Талант.

Омскте өткен турнирдің бірінші айналымында 2 орынға тұрақтаған команданың ұпайы 150 болса, Дамир мен Ерсұлтан 225 ұпайға қол жеткізген.

«Егер робот мына қара нүктеге түссе 50 балл, қара шеңберге кірсе 25 балл береді, ал мүлде кірмесе айып салынады. Біздің балалардың бағдарламасында қателіктер аз болады, олар компьютерде өздері жианаған екі блогқа бұрылыс грдусы мен роботтың қанша сантиметр жүретінін жазады. Соның арқасында алуға болатын 700 баллдан оқушыларым 500-ін жинады. Ал екінші орынға тұрақтаған команданың жиған ұпайы 300 ғана болды».

Таланттың балаларды жаттықтыруға деген ынтасы өте жоғары. Роботтың жүріп өткен жолын мұқият қарап, қай жерде қандай қателіктер болып жатқанын балалармен бірге талқылап жатыр.

«Міне, мұнда робот қиыс кетті, қара шеңберге жетпей қалды. Ол үшін стартты дұрыс бастау керек еді. Қайта бастаңдар!», «Алғашқы бұрылыстар өте сәтті болды. Мұндағы градусты дұрыс епсептеңдер. Сантиметрді қанша деп жазып едіңдер?» – деп, ақыл-кеңесін айтып жатыр.

Осында қызмет етіп келе жатқан бір жылдың ішінде Таланттың шәкірттері біраз белестерді бағындырған. Қалаішілік жарыстарда, сол сияқты Айжан Жакеева басқаратын Қазақстандағы жалғыз «Қазроботикс» федерациясы ұйымдастыратын турнирлерде бірнеше категория бойынша жүлдегерлер қатарынан көрінген.

«Биатлон, футбол секілді бірнеше категориялар бар. Онда балалар робот құрастырып, сол ойындарды ойнайды. Әзірге Қазақстанда Ресейдегі секілді сызу роботтары ұйымдастырылмайды», – дейді Талант.

Таланттың арманы - Қазақстандағы робототехника саласын жетілдіру, еліміздің болашағы болатын бүлдіршіндерді осы салаға бейімдеу. [3]

Робот жасау үшін арнайы құрастырмалы робот-конструктор, компьютер және біраз да болса қабілетіңіз жеткілікті. Толығырақ SMARTROBO сайтынан көре аласыздар.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылды. Бұл жобаны «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасының мемлекеттік грантын жеңіп алған Астана қаласындағы Назарбаев университетінің түлектері қолға алып отыр. Роботтарды құрастырудың алғашқы жобасы Астанада сәтті жүзеге асырылған соң жастар кибермашиналарды құрастыру негізін шымкенттік балаларға үйретуге шешім қабылдапты.

3 млн теңге қайтарымсыз грант иеленген түлектер бұл қаржыға ғимарат жалдап, қажет техника сатып алған. Жоба жетекшілерінің бірі Саодат Естиярованың айтуынша, олар балаларға робот жасау техникасының барлық негізін үйретпек. Бұл әдіс Астана қаласында сәтті тәжірибеден өтіпті.

— Төрт ай бойғы үйрету мерзімінде балалар электромобильдермен квадрокоптер құрастыруды үйренеді. Мұнымен қоса бағдарлама жасауды, 3D модельдеу мен басып шығару, гаджет, қосымшалар мен сайт жасауды оқиды. Маңыздысы — бағдарлама жасауға үйрету процесі ойын түрінде өтеді. Соның нәтижесінде балалар оқығандарын жақсы меңгереді, — дейді жоба жетекшісі және Назарбаев университетінің түлегі Саодат Естиярова.

Айта кетейік, аталған мектепке балалар 5-7 жастан қабылданады. Курс 4 айға созылады. Оқу ақысы — айына 15 мың теңге.

Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде бастауыш кәсіпкерлерге беріледі. Бұған қоса, әйелдерге, мүгедектер мен жасы 50-ден асқан жандарға экономиканың басым секторлары мен өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін тегін және қайтарымсыз гранттар беріледі.

— Бір кәсіпкерге берілетін гранттың ең көп сомасы 3 млн теңгені құрайды. Қолдаудың осынау грант түрі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы бері жалпы сомасы 300 млн теңге болатын 96 грант берілді. Оның ішінен 2017 жылы 29 миллион теңге болатын 10 грант берілді, — дейді ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм баcқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі



-бөлім. Робот техникасы

Роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс ісі және басқа да салаларға еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптің жеделдетіле индустрияландырылуы, жаңа технологиялардың қарқынды дамуы өскелең ұрпақты жоғарғы білікті техникалық сала мамандары ретінде даярлауды талап етеді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арнап «Робот техникасы» курсы 1-деңгейінің (5, 6 және 7 сыныптарға арналған) бағдарламасын әзірлеп шығарды.

Оқушылар аталған курс аясында жаратылыстану-ғылыми бағыттағы математика, физика, информатика және т.б. пәндер бойынша алған білімі мен дағдыларын кіріктіре отырып, робот техникасы, инженерлік дизайн және технология негіздерін зерттейді.

Практикалық жобаларды орындау принципіне негізделіп құрастырылған курста робот техникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласы бойынша білім негіздері мен дағдылары меңгертіледі. Оқушылар курс барысында әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлейді, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар құрастырады. Курстың теориялық материалдары практикалық бөлігімен сәйкестендірілген. Оқушылар 2 немесе 3 адамнан тұратын топта жұмыс жасап, күрделі роботтарды жинақтайды және тестілеуден өткізеді. Курс жұмысы роботтар жарысымен аяқталады.

Курс барысында білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін алдыңғы деңгейлі LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары пайдаланылады.

Осы бағдарлама бойынша білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, жоғары оқу

орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болады деп болжанып отыр.

Бағдарлама оқушылардың өз бетінше білім алуына да мүмкіндік береді.

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

Оқушылар курс соңында:

* робот техникасы дамуының тарихы және білім негіздері туралы;

* роботтардың қабылдау, жоспарлау, жауап берулеріне қатысты негізгі тәсілдерін біледі.

Оқушылар курс соңында:

* түрлі мақсаттағы міндеттерді жүзеге асыру үшін роботтарды жобалау;

* робот техникасы жүйелеріндегі датчиктер мен моторларды қолдану;

* қарапайым роботтарды басқару;

* жоспарланған концепцияларды сипаттау және таныстыру;

* LEGO® MINDSTORMS® Education EV3 және LEGO® Digital Designer бағдарламаларында жұмыс жасай алу;

* математика, физика, геометрия және информатика пәндерінде алған теориялық білімдерін робот техникасы жүйелерінде қолдану;

* алған білімдерін топтық және жобалық тапсырмалар кезінде қолдану;

* бірнеше дереккөзден алынған ақпараттарды синтездеу т.б. жұмыстарды жүзеге асыра алады.

Оқушылар курс соңында:

* білім алуға арналған конструкторларды пайдалану арқылы роботтарды жинастыру, модельдеу және құрастыру;

* роботтарды визуалды графикалық ортада бағдарламалау;

* топтық, зерттеушілік және эксперименталды жұмыстарды жасау дағдыларын меңгереді.



Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы.

 

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін

~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»

Альберт Эйнштейн


              Мектептердегі Робототехника туралы білім беру бүгін маңыздылығы мен өзектілігіне ие. Технология заңдар технологиясы, білім құбылыс түсіну, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік береді.

 Оқушылар  алғашында шетелдік кинолардан көрген түрлі робот кейіпкерлеріне қызығу арқылы келеді. Мұнда оларға роботтардың түрлерін таныстырып, олардың маңыздылығын түсіндіреміз. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданылады. Өздігінен ашылып-жабылатын есіктерден бастап нанотехнологияларға дейін робототехника пайдаланылады. Біз үйірмеде «Lego» роботтары негізінде үйретеміз. Бізде қазір осы робототехника саласын жалпы білім беретін мектептерге енгізу бойынша әлеуметтік жоба жүргізілмек. Қазір Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушыларды оқытса,  енді  қарапайым мектептерде  информатика  пәні мұғалімдері робототехника негіздерін үйретеді.

            Робот істеу – әр адамның ойлай білуіне байланысты. Мұнда мақсатқа жету маңызды. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін бағдарлама жазылады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар болады. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді.  Мектепте робототехниканы үйрету жөнінде үйірме  ашылады. Оқушылар сабақтан кейін үйірмеге қатысып, құлтемір жасауды үйренеді. Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесім табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін пайдаланады. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді. Мұндағы басты мақсат – балаларды ғылымға баулу.   Робототехника математика, физика, информатика, технология, инженерлік негіздері және т.б. интеграциялануын қарастыратын пәнаралық элективті курс болып табылады. Бұл курс – ғылыми-техникалық бағыттағы оқушылардың шығармашылық әлеуеттерін анағұрлым толық ашатын және жасөспірімдердің жеке білім маршрутын жасау мен кәсібін анықтауға арналған құрал болып табылатын, білімге деген жеке қызығушылықтарын қанағаттандырудың маңызды механизмдерінің бірі. 
Жаңа технологиялардың қарқынды дамуы, Қазақстан Республикасының өндірісін жедел индустрияландыру келесі буындардан жоғары білікті техникалық кадрларды даярлауды талап етеді. Курс техникалық өнім-моделін өз бетінше әзірлеу бойынша логикалық ойлауының дамуына, білік пен дағдыларының дамуына ықпал етеді. Робототехникаға оқыту оқушыларға 21 ғасырдың жаңа техника мен технологиялық жетісіктерімен танысуға мүмкіндік береді. 

Робототехника — елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала. Ал әлемде бұл саланың тарихының тамыры тіпті тереңде жатыр. Ежелгі Египетте, Вавилонда, Қытайда аяқ-қолы қозғалатын құдайлардың мүсіндері жасалған. Ал біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырларда римдік ақын Клавдий ғалым Архимед жасаған автоматты құрылғы туралы айтқан. Андроидты алғаш рет он үшінші ғасырда өмір сүрген алхимик Альберт фон Больштедт жасаған көрінеді.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аталған сала қарқынды дамып, тіпті бұл тақырып әдеби шығармаларда да көріне бастады. Ағылшын жазушысы Мэри Шеллидің «Франкенштейн», чех жазушысы Карл Чапектің «R. U. R.» сынды туындылары соның айғағы. Сахналарда фантастикалық туындылар қойылды. Осылайша бірте-бірте «робот» термині әдебиеттен ғылым мен техникаға ауыса бастады.
Әлемдегі Жапония, Германия, АҚШ, Корея сынды елдерде аталған сала жоғары деңгейде дамыған. Бұл елдерде робототехниканың үздік жетістіктері ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады. Германиядағы өндірістік роботтарды шығару жөніндегі әлемдік көшбасшы «KUKA» компаниясы, Жапониядағы «KAWASAKI ROBOTICS», «FANUC», «OTC Daihen», «Panasonic», АҚШ-тағы «Triton Manufacturing», «Kaman Corporation» сынды компаниялар соның айғағы.
Қазақстандағы робототехника саласы бұл елдермен салыстырғанда 15-20 жылға кенже дамыған. Аталған сала алдағы 10-15 жылда қарқын алатын секілді. Онда да қолдау болса, қаржыландыру мәселесі шешілсе. Ал мамандарға тапшылық болмайтынына сенуге болады. Себебі қазір елімізде Назарбаев зияткерлік мектептерінде, Назарбаев университетінде, басқа да оқу орындарында балалардың, жастардың аталған саланы игеруіне мүмкіндігінше жағдай жасалып отыр. Биыл маусым айында елімізде Автоматтандыру және робототехника ассоциациясы құрылды. Іле-шала Ақтөбеде республикалық «КазРоботикс» федерациясы жұмыс істей бастады.
Бұл ұйым не үшін құрылды? Балалардың робототехникаға деген қызығушылығы қандай? Осы тақырыпта ұйымдастырылған шаралар не береді? Қаржыландыру мәселесі неге қолға алынбай отыр? Өзімізде жасауға болатын автоматтандыру құрылғыларын неге шетелден сатып аламыз? Ақтөбелік жастар жасап жатқан «Құтқарушы роботқа» төтенше жағдайлар, ішкі істер департаменті тапсырыс берер ме екен? Өздігінен жүре алатын ойыншық көліктерді біздің балалар жасай ала ма? Қалалық техникалық шығармашылық орталығының оқушылары биыл неге халықаралық олимпиадаға бара алмайды?
Осы және басқа да мәселелер төңірегінде «АйТиKZ» компаниясының директоры, аталған федерацияның президенті Антон Ауловпен, қалалық техникалық шығармашылық орталығының оқытушысы Александр Гончаровпен сұхбаттасқан едік…

Әр балаға бірдей мүмкіндік жасалуы тиіс!

«ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы «ЭКСПО — 2017» көрмесінің ұйымдастырылуы қарсаңында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Федерация мақсаты — болашақта қазақстандық инженерлердің жас буынын даярлау, білім беру және спорттық робототехниканы насихаттау арқылы ғылыми-техникалық бағытты дамыту.
— Ең алдымен балалардың робототехника үйірмелеріне еркін қатысуына мүмкіндік беруді, олардың республикалық, халықаралық байқауларға қатысуына қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Осы тақырыптарда түрлі семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізуді де қолға алу керек. Балалар түрлі техниканың қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көріп, түсінуі тиіс. Тек қана теорияны жетік білгеннен ештеңе өнбейді. Сондықтан балалардың қандай да бір техниканың қалай жұмыс істейтінін түсіндіретін, оларды өз қолымен жасауға мүмкіндік беретін платформа құруды мақсат еттік. Егер ойға алғанымыздың барлығы сәтті жүзеге асатын болса, Ақтөбе болашақта робототехниканы дамыту орталығына айналатынына күмәніміз жоқ, — дейді А.Аулов.
Федерация басшының айтуынша, бүгінде робототехника бойынша байқаулар Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында өткізіледі. Алайда бір мектеп талантты балалардың барлығын бірдей қамти алмауы мүмкін, жаңадан құрылған федерация да жалғыз өзі бұл салада ештеңе істей алмасы анық.
— Рас, бір ғана ұйым барлық шаруаны өз қолына ала алмайды. Дегенмен, ең болмаса, «боламын» деген баланың «белін бууға» тырысу керек. Оқитын мектебіне қарамастан, барлық балаға бірдей мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймын. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын балалардан, мәселен, Алға қаласындағы қарапайым мектептің баласының таланты кем болмауы мүмкін. Алайда екеуінің мүмкіндіктері екі түрлі болуы мүмкін. Назарбаев зияткерлік мектебінде керемет база бар, сондай база бізде де болса, артықтық етпес еді. Себебі талантсыз бала болмайды, балалардың барлығының қиялында шек жоқ, роботтың неше түрін жасай алады, әттең… — дейді Александр Гончаров.
Қалалық техникалық шығармашылық орталығының оқытушысы Александр Гончаровтың «әттеңінің…» ар жағында айтылмаған мәселе көп.
Ол балаларды радиотехника іліміне 25 жылға жуық уақыт бойы баулып келеді.
2011 жылдан бастап үйірме «робототехника» деп аталады. Оқушылары да осал емес.

Қазақстан 2013 жылы халықаралық робототехника олимпиадасы ұйымына кіріп, былтыр аталған олимпиадаға тұңғыш рет қатысты. Сочиде өткен шарада ақтөбелік балалар да жақсы нәтиже көрсетті. Ал биыл халықаралық олимпиада қараша айының басында Катар астанасы Доха қаласында өткізіледі. Бұл шараға Ақтөбеден Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары аттанбақ.
— Алдымен республикалық деңгейдегі байқау өткізіліп, ең таңдаулы жұмыстар іріктеледі. Биылғы Астанада өткен байқауда Назарбаев зияткерлік мектебінің де, қалалық техникалық шығармашылық орталығының да оқушыларының еңбектері жоғары бағаланды. Қалалық шығармашылық орталығының оқушылары Тамерлан Елеуов пен Ернұр Жұмабектің «Маржан теруші» роботы кіші топта, ал Нұрмұхамбет Ахметұлы мен Филипп Евдокимовтің «Тау-таста жүретін роботы» жоғарғы топта екінші орындарға ие болып, жоғары нәтиже көрсетті және Қазақстанның Катарда өтетін халықаралық олимпиадаға баратын құрама командасына енді. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына осы сапарда сәттілік тілейміз. Алайда бұл байқауға біздің балалардың баруына мүмкіндік болмай тұр. Себебі қаржы жоқ, демеуші жоқ, — дейді А.Гончаров. Егер жаңадан құрылған федерация қолдау көрсетсе, ол одан арғы жылдары Үндістан, Бразилия елдерінде өтетін халықаралық додаларға өз оқушыларын апармақ.

Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Нұржігіт Мұқанов, Мәжит Жараспай және Нияз Төлеуов республикалық іріктеу турында бірінші орын алған еді. Қазір олар Катарда өтетін халықаралық додаға қызу дайындық үстінде.
— Біз өз санатымыз бойынша «Футболшы роботтар» жасадық. Яғни алаңға қорғаушы және шабуылшы роботтар шығарып, кәдімгі футбол ойынын көрсеттік. Нәтижесінде біздің команданың жұмысы іріктеу турына барған 22 топтың ішінде үздік деп танылды, — дейді балалар.
Байқау нәтижесінде оқушылар Астанадан робототехника жинақтарын алып келді. Қарашада Катар астанасы Доха қаласында өтетін халықаралық додада Қазақ елінің құрамасын тағы да алға сүйреуге уәде беріп отыр.
— Роботтармен жұмыс істеу, программалау, оны жетілдіре түсу өте қызықты. «Лего» өнімдері әуесқой деңгей үшін жақсы. «Макрикс» сынды кәсіби нұсқалармен жұмыс істеу тіпті қызық, — дейді Нияз Төлеуов.

Инновациялық жоба — «Құтқарушы робот» кімге керек?

«ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы балалармен қоса студенттердің арасындағы талантты жастарға да қолдау көрсетпек. Осы мақсатта жуықта Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің басшылығымен келісіп, оқу орнының базасында робототехника зертханасын ашпақ. А.Ауловтың айтуынша, алдағы жылдары федерация Ақтөбеде облыстық, республикалық олимпиадалар өткізуді қолға алмақ. Бұл додаларға балаларды да, студенттерді де қатыстыру жоспарланып отыр.
— Балалар — ертеңгі студенттер. Кезінде қалалық шығармашылық орталығында оқыған бүгінгі студенттер робототехника саласында бірқатар инновациялық жобаларын жасап жатыр. Қазір жаңадан ашылатын зертханада жас жігіттеріміз «Құтқарушы робот» жобасын қолға алды, — дейді А.Гончаров. Ұстазы А.Гончаровтың идеясын іске асырып жатқан жастардың айтуынша, бұл робот суда да, жазықты, таулы аймақтарда да жұмыс істей алады. Төрт доңғалақты төрт бұрышты платформаның екі «қолы», екі камерасы болады. Оны қашықтықтан басқаратын оператор арнайы шлем киіп, смартфонға жалғанған чип арқылы әрекет етеді. Бұл жағдайда оператор виртуалды түрде сол құтқарушы роботтың үстінде кетіп бара жатқандай болады: робот жүрген жердің бәрін көзімен көріп, қолымен басқара алатындай…
— Қазір құтқарушы роботқа төтенше жағдайлар жөніндегі, ішкі істер департаменттері қызығушылық танытып отыр. Дегенмен сатып алу туралы ұсыныс әзірге түскен жоқ. Егер шынымен де біздің балалар жасаған робот нақты өндірісте пайдаланылатын болса, бұл Қазақстандағы ерекше инновациялық жобалардың бірі болар еді, әрі біздің балалар жасаған роботтың өндірісте алғашқы қолданылғаны ретінде айтарлықтай жаңалық болары сөзсіз. Екіншіден, осындай құрылғыларды өте көп ақша төлеп, сырт елдерден әкелгенше, өз жерімізде жасап, шығаруға болатынын дәлелдей алар едік. Құтқарушы роботтың макетінің техникалық бөлігі қазір дайын тұр. Оны соңына дейін жеткізуге тағы да қаржы қолбайлау, — дейді А.Гончаров.
Шынында да қалалық шығармашылық орталығына келетін балалар жасаған дүниелерді көрдік — қашықтан басқару арқылы өздігінен жүретін көліктер, футбол ойнайтын, пайдалы қазбаларды іздейтін, суда маржан іздейтін, басқа да түрлі конструкторлар самсап тұр. Бірі бірінен өтеді. Бұл балаларға мүмкіндік берілсе, ең болмаса, сырттан келетін сапасыз ойыншық көліктер сататын дүкен сөрелерін өздері толтырар еді деген ой келді…

P.S. «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы балалар үшін робототехника саласындағы ең қарапайым «Lego education» өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, аталған ұйым Автоматтандыру және робототехника ассоциациясымен бірлесе жұмыс жасау үшін өзара меморандумға қол қойған. Қазір еліміздің барлық өңірінде аталған федерацияның филиалдары ашылып жатыр. Алдағы уақытта федерация Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті құрамына енсе, бұдан да іргелі жұмыстар атқармақ. Соның бірі — робототехника бойынша өткізілетін республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына грант берілу мәселесін көтеру…


04 12 - robot АҚШ-тың «Nightscope» компаниясы ғалымдары күзетшінің робот нұсқасын жасап шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. Күзетші роботтың бойы 1,5 метрді құрайды. Ол бейнекамера, тепловизор, қашықтық өлшеуіш, радар, ауа сапасын тексеру құралы және микрофонмен жабдықталған. Роботтың ерекшелігі, ол жадына алдын-ала енгізілген учаскеде өз бетімен күзетшінің жұмысын атқара береді екен. Алдағы уақытта ғалымдар роботқа сенсор арқылы адамның бетін танып біліп, оның қаруланған я қаруланбағанын анықтайтын құрылғы қондырмақ. «Біз «Сэнди хук» мектебінде орын алған қайғылы оқиғадан кейін осы жұмысты қолға алуды жөн көрдік, – дейді «Nightscope» компаниясының атқарушы директоры Уильям Ли. – Әр мектепті қаруланған полицеймен қамтамасыз ету мүмкін емес қой». Коннектикут штаты Ньютаун қаласындағы «Сэнди хук» мектебінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда қайғылы оқиға орын алған еді. Мұнда 20 жасар Адам Лэнза есімді азамат 20 оқушы мен алты ересек адамды атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған. Роботты жасап шығарушылардың есебі бойынша, робот күзетшінің қызметі мектеп әкімшілігіне арзан түспек. АҚШ-та күзетшінің айлығы орта есеппен сағатына 8 долларды құраса, роботтың жұмысы сағатына 6,25 доллардан бағаланып отыр екен. [1]

Адамның қолы жетпеген жерге ойы жетеді. Бұның дәлелі, бүгінгі заманауи роботтар. Адамзат баласы өзінің қолынан келмейтін көп шаруаны осы құрылғылар арқылы игеріп жатыр. Соңғы шыққан роботтар, тіпті, адамның кейпінде сөйлеп, ойлап та жүргенін жақсы білесіздер. Робототехника қарыштап дамығалы бері сәтті шыққан роботтардың үздік ондығын назарларыңызға ұсынамыз. [2]


2-бөлім. Роботқа арналған идеялар

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!