Материалдар / Ғылыми жоба: "Математика оқытудың заманауи технологиялары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: "Математика оқытудың заманауи технологиялары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануы өз педагогикалық идеяларын оқу- тәрбие үдерісінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Заманауи технологияларды математиканыны оқытуда қолдану, компьютерлік технологияларды оқушыларға жаңа деңгейде білім берудің таусылмас мүмкіндіктері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2023
621
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика оқытудың заманауи технологиялары

Өмірбек Нұрлан Пернебекұлы

С.Сейфуллин мектебінің математика пән мұғалімі

Электрондық почта: nurlanumirbek123@gmail.com

Аңдатпа: Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті — білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу болып табылады. Олай болса, ескі сүрлеуден арылып, жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Математика пәні бойынша оқу модельдерін, технологияларын әзірлеу және замнауи жаңа әдістемелерді жинақтау, оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу, деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау, оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру. Бүгінде оқушылардың білімге деген қызығушылықтарының төмендеуі, оқуға деген құлықсыздығы және таным қызығушылықтары даму деңгейінің төмен болуына заманауи технологияларды пайдалану үлкен көмегін тигізеді.

Кіліт сөздер: математика оқыту, педагогикалық техноглогиялар, ақпараттық– коммуникациялық технологиялар, оқу- тәрбие үдерісі, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.

Ключевые слова: преподавание математика , педагогические технологии , справочно-коммуникационные технологии , учебный процесс, педагогическое мастерство учителя.

Keywords: teashing of mathematics, pedagogical technologies, reference and communication technologies, educational process, pedagogical skill of teacher.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» №319–III Заңының 51–бабының 2–тармақшасында педагог қызметкерлердің ғылыми – зерттеу, тәжірибелік жұмыспен айналысуға, педагогтың тәжірибеге заманауи технологияларды енгізуге құқығы барлығы қарастырылған, 11–бабының білім беру жүйесінің міндеттері туралы 1–тармағының 9) тармақшасында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде ең алдымен ақпараттық– коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану керектігі атап көрсетілген [ 1].

Сондықтан математиканы оқыту жүйесі мен технологиялары оқыту мақсатын келесі көлемде қамтамасыз етуі керек:

  • математика ғылымының негізін меңгерту;

  • Болашақ маманның құзіреттілігін (интелект) дамытуы;

  • Тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін тәрбиелеуі.

Бүгінде ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыттарының атқаратын педагогикалық ізденістер келесі міндеттерді жүктейді:

  • Жетілдірілген оқыту технологиясын қолдана отырып оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық іс-әркетті дамыту, үздіксіз жетілдіру, тәжірибеде қалыптастыру.

  • Ақпарат легі үздіксіз жаңарып отырады, сол себепті жаңартылған ақпараттан құлақдар болып, уақытылы қол жетімділікті қамтамасыз ету;

  • Бүгінгі қоғамымыздың талаптары жаңа оқыту және заманауи технология құралдарын еркін меңгерген жұмыс жасай алатын сауатты, білікті жастарды тәрбиелеу;

  • ҰБТ нәтижелері мектеп бітірушілердің жаратылыстану пәндерін әсіресе математика, физика білімдерінің жеткіліксіз екендігі мәлім, сондықтан оқыту технологияларын жетілдіре отырып студенттердің білім сапасын көтеру [ 2].

Қазіргі кездегі мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануы өз педагогикалық идеяларын оқу- тәрбие үдерісінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Заманауи технологияларды химияны оқытуда қолдану, компьютерлік технологияларды оқушыларға жаңа деңгейде білім берудің таусылмас мүмкіндіктері. Жаңа технологиялар оқушылардың тұлғалық дамуы мен жеке дара қабілеттерін жарыққа шығаруына кең мүмкіндік ашады. Оқу бағдарламаларындағы анимациялар мен дыбыстық жабдықтаулардың пайдалануы оқушының бірнеше сезім каналдарына (аудиальды, кинестетикалық, визуальды) әсер етеді. Оқу материалының аудиовизуальды жиынтығының, дәстүрлі оқытуға қарағанда жетістігі шексіз, атап айтар болсақ оқыту көрнекіліктерінің жеткіліктілігі соның ішінде динамикалық көрсету құралдары арқылы өте жылдам жүзеге асатын химиялық үдерістерді баяулатуға немесе қиын байқалатын табиғи қүбылыстарды моделдеуге, мультипликация құралдары немесе көріністі схемалау үшін компьютерлік анимацияларды пайдалану оқушылардың ғылыми түсініктерінің қалыптасуына әсер етеді. Интерактивті оқыту технологиялары химияны оқыту үрдісін оқытушы мен оқушы арасында, оқулықпен, мәтінмен, оқу материалдарын меңгеру үшін өз-өзімен болуда диалог ретінде құрылған. Басқаша айтқанда, интерактивті оқыту үрдісінде оқушылар бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынаста болады немесе әңгімелесу мен диалог режиміндегі оның интелектуальды және шығармашылық қабілеттері мен өз білімін көтеру мен дамытуға бағытталады. Сол себепті орта және жалпы білім беретін оқу орындарының оқытудың интерактивті технологияларына баса назар аударып шығармашылық мәселелердің белсенділігін арттыру қазіргі уақытта мақұлданып отыр [3].

Қазіргі таңда 500-ге жуық педагогикалық технологиялар бары айтылуда. Алайда осы технологиялардың барлығын химия пәнін оқытуда қолдану мүмкін емес. Сәйкесінше математика пәнін оқытуда қолдау тапқан, әдістемелік жағынан зерттелген 10 технология ұсынылуда. Атап айтқанда: дәстүрлі технология; бағдарламалап оқыту технологисы; дамыта оқыту технологиясы; дербес жеке оқыту технологиясы; топтап оқыту технологиясы; деңгейлеп оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы; кіріктірілген оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; ойын арқылы оқыту технологиясы [4].

Дәстүрлі оқытудың Мәні мен мақсаты: білім, ептілік, дағдыны меңгерту . Мұғалімнің қызметі: дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы. Көрсету ,түсіндіру , жаттықтыру , бақылау ,бағалау әдіс- тәсілдері пайдаланылады.

Бағдарламалап оқытудың ерекшелігі: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді ,әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді. Егер жауап қате болса, осы бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағыда жауап береді. Бағдарламалап (жоспарлап) оқыту-оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі; 2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған [5].

Дамыта оқыту түсінігінде біз баланың жан-жақты дамуына тура бейімделген ұйымдастырудың түрін, әдісін және мазмұнын оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі деп түсінеміз. Дамыта оқыту технологиясының мақсаты – оқушылар оқу әрекетінің белсенділігінің психологиялық негізін қарастыру, мектептегі дамыта оқытудың әдісі мен амалдарын көрсету. Көптеген жаңа әдістемелердің қатарында дамыта оқыту білім сапасын көтеру жағынан жетекші орында. Дамыта оқытудың негізі оқытудың белсенді әдісі болып есептеледі .

Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім–сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес.Дегенмен,әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылау үйренеді [6].

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында[7].

Оқыту бірдей бағдарламамен жүреді, бірақ әр оқушыға дербестендіру формасы мен әдістері қолданылады. Сондықтан оқытуды дербестендіру деп әр оқушының дербес (жеке) ерекшеліктеріне сай оқу процесін ұйымдастыруды айтады. Бұл тәсіл оқушының потенциалды мүмкіндіктерін толық іске асыруға ықпал етеді. Нақты мектеп жүйесінде дербестендіру салыстырмалы түрде өтеді. Өйткені сыныптағы оқушылардың санының көп болуы, олардың оқуға қабілеттілігінің бірегейлілігі бұл технологияны толық өткізуге мүмкіндік бермейді. Дербес оқытуға тірек конспектісі арқылы оқыту технологиясы да жатады. Технологияның авторы-В.Ф.Шаталов. Оның технологиясының негізгі өзегі-тірек белгілері және оларды жинақтап тірек конспектісін құру. Тірек белгісі-ассоциативті символ(белгі,сөз,сызбанұсқа,сурет және т.б.)бір мағынаны білдіреді.Тірек сызбанұсқалары оқушылардың білім деңгейін жаттанды түрде емес, тыңғылықты оқып үйренуін, түсінуін жеңілдетеді, сонымен қатар олардан алған білімін оңай еске түсіруіне мүмкіндік туғызады, ой-өрісін кеңейтеді.

Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі: топ ішінде ортақ проблеманы шешуде идея тастауы, өз пікірін дәлелдеуі, талқылауы, оқушылардың ортақ ойға келуі. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Балалар өз топтарын артта қалдырмау мақсатында жұмыла жұмыс жасайды және әркім жауапкершілікті сезінеді [8].

Жобалап оқыту технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек.

Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.

Ойын арқылы оқыту технологияның тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, ізденуге, дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Окушыларды тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың көне тәсілдерінің бірі- ойын болып есептеледі. Жинақталған тәжірибені аға ұрпаққа берудің бір тәсілі- ойын арқылы беру. Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекетінің түрі. Оқу процесіне ойынның енгізілуі химия пәніне оқушылардың қызығушылығын едәуір арттырады, эмоциялық сезімдерге тола жағдаят туғызады және оларды іс-әрекетке ынталандырады. Ойын мезеттері кез-келген сабақта әр қилы, қызық сәттерді туғызып, эмоциялық бояу береді. Ойын барысында оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан да В.В. Сериков ойын арқылы оқытуды жеке тұлғаға бағытталған оқу технологиясына қосады. Ойын кезінде оқушылардың арасында ортақ байланыс түзіледі, бір-бірімен жарысу белгілері оқу процесін белсенді жүргізуге және математика пәніне танымдық туғызушылыққа баулиды [9].

Қорыта келгенде алдыңғы қатарлы елдердің барлығы оқуға жалпы білім берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндіктерін, жолдарын іздеп, зерттеп, оны ұтымды түрде білім беруге енгізу көкейтесті мәселеге айналып отыр. Қазіргі уақтта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын кеңірек қолдану тиімді болып табылады.



Әдебиеттер

  1. Қ. М. Нағымжанова. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.

  2. С. Х. Сираждинов, Г.П. Матвиевская. Ал- Хорезми- выдающийся математик и астроном средневековья. Москва. «Просвещение», 1983.[102бет]

  3. «Математика және физика» журналдары 2009- 2016ж.[12бет]

  4. Б.В.Гнеденко. Математика в современном мире. Москва. «Просвещение» 1980.[77-78бет]

  5. Бітімбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алматы 2003

  6. Сарсенова Н.С Дамыта оқыту технологиясы « Өрлеу» 2018ж

  7. Самашова Г.Е, Құрымбаев С.Ғ, Егоров В.В Оқыту технологиясының түрлері Куәлік №1235 11 қазан 2012 ж

  8. Манбаева А.Ш, Абылайхан С.М, Байжұманова Н.С Оқытудың жаңа технологиялары Қарағанды: КарМУ баспасы, 2010 204-б

  9. Омарова Л.С Химияны оқыту әдістемесі// [электрондық ресурс]: Шымкент:М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007



Резюме:

В настоящее время главной задачей системы образования страны является повышение уровня знаний молодого поколения посредством перехода к национальному модулю образования на международный уровень. То тогда в первую очередь надо избавиться от старого понятие и начать с новой строки, как и момент рождения преподавательскому составу мероприятий. В этом направлении перед учителями стоит задача создать благоприятные условия для развития личности, используя новые технологии обучения и воспитания. Разработка учебных моделей, технологий и разработка современных методики обучения по математики, изучение личности учащихся, определение влияния уровневого и дифференцированного обучения на удовлетворение потребностей личности и ее развитие, формирование у учащихся устойчивого интереса к предмету. Сегодня большая помощь в использовании современных технологий доказывает снижение интереса учащихся к знаниям, неумение к учебе и низкий уровень развития познавательных интересов.

Abstract:

At present, the main task of the country's education system is to increase the level of knowledge of the young generation through the transition to the national education module at the international level. Then, first of all, you need to get rid of the old concept and start with a new line, as well as the moment of birth for the teaching staff of events. In this direction, teachers are faced with the task of creating favorable conditions for personal development, using new technologies of training and education. Development of educational models, technologies and development of modern methods of teaching in math, study of students 'personality, determination of the impact of level and differentiated training on meeting the needs of the individual and its development, formation of students' sustainable interest in the subject. Nowadays, a lot of help in using modern technologies proves a decrease in students ' interest in knowledge, inability to study and a low level of development of cognitive interests.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!