Материалдар / Ғылыми жоба: «Математикалық есептерге Визуалды бағдарлама жасаудың тиімділігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: «Математикалық есептерге Визуалды бағдарлама жасаудың тиімділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жобаны қорытындылай келе визуалды бағдарламалаудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі салада жасалған жобаны қолдануға болады, өзектілігі осында деп есептеймін. Математикалық есептерді тез шығару және әр салада қолдануда компьютердің мүмкіндіктерін адам өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтадым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
762
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО

Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Рисунок 7











Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Математикалық есептерге Визуалды бағдарлама жасаудың тиімділігі»







Пәні : Информатика

Орындаған: 10 «А» сынып оқушысы

Нәзілова Гауһар Манарбекқызы

Жетекшісі : Кунсафина Айтжамал Рахметоллақызы

Информатика пәні мұғалімі



2017 - 2018 оқу жылы




Мазмұны


I. Кіріспе .................................................................................................

1.1. Алгоритм, программа ұғымы .................................................1-3 бет

1.2. Visual Basic.   Визуальды  бағдарламасының  жүйесі...............4-5 бет

II. Негізгі бөлім .....................................................................................

2.1. Визуал бағдарламасы ортасымен жұмыс...................................6-7 бет

2.3. Пішінді, оқйғаны, әдістерді пайдалана отырып бағдарламалау………………………………………………………..8-14 бет

2.2. Математика және физика есептерін бағдарламалау ..............15-17 бет

2.3. Визуал бағдаламасында жоба дайындау....................................18-19 бет

III . Зерттеу бөлімі

3.1.6. Визуал бағдарламасында жобаны қорғау ................................19-бет

3.2. Басқа пәндерде жобаны пайдалану , компьютердің мүмкіндіктерін күнделікті өмірде қолдану ..................................................................20- бет

IV.Қорытынды.....................................................................................20-бет

V.Пайдаланылған әдебиет .................................................................21-бет














Кіріспе.

Алгоритм, программа ұғымдары

«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми ( 763-850 ж.ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан. Ол санаудың ондық жүйесінде көп орынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған. Бұл ережелер қосынды мен көбейтіндіні табуға арналған амалдарды орындауға қажетті тізбектен құрылған. Сол ереже осы күнге дейін қолданылып келеді.[2, 4 бет]

Әл-Хорезмидің ұсынған тәсілін жатқаушыларды алгоритмдіктер деп, ал «алгоритм» ұғымын бірқатар қасиеттері бар ережелер жүйесі деп атаған. Қазіргі кезде «алгоритм» ұғымы тек математикалық есеп шешу әдісімен ғана шектелмейді. Оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын-ала берілген алгоритммен, яғни жоспарлы жұмыс істейді.

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен орындалуы. Кез-келген есепті қарапайым амалдарды тізбектей орындау арқылы шығаруға болады. Алгоритімді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек. [2, 8 бет]

Программа компьютерге түсінікті командалардан тұрады. Осы командалар тізбе орындау соңында есептің нәтижесі шығады. Командалар тізбегін – программа қарастыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде қабылданады. Командалар: арифметикалық немесе логикалық амал; ақпарат тасымалдау командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; берілген сандарды салыстыру командасы; нәтижені экранға, қағаз басып шығару командасы; келесі командаға көшу тәртібін орындау; т.б. болып бөлінеді.




Алгоритмнің орындалу

Күнделікті тұрмыстан алгоритмге бір мысал келтірейік. Студент болу үшін алгоритм мынадай қадамдарын орындау керек:

  1. Мектепті тәмамдау.

  2. Бірыңғай ұлттық тестілеуден өту.

  3. Керекті құжаттарды, аттестаттың түпнұсқасын емтихан қорытыдысымен белгілі бір мамандықты көрсетіп, конкурсқа тапсыру.

  4. Конкурстан өту.

  5. Таңдаған мамандығы бойынша оқитын жоғары оқу орнын анықтау.

Бұл пункттердің орнын ауыстыруға бомайды. Олар көрсетілген ретпен кезегі орындалуы тиіс. Сонда ғана көздеген нәтижеге қолымыз жетеді.

Алгоритм – информатика мен есептеу техникасының іргелі ұғымдарының бірі. [2]

Техникалық құрылғылдары дұрыс пайдалана алу үшін есеп шешу жолы, яғни орындалатын іс-әрекеттердің тізбегі әрі түсінікті, әрі нақты болуы қажет.

Қазіргі дамыған заман талабына сай адамдар атқаратын жұмыстарын (жазу, математикалық есептер шығару, суреттер салу, модельдер құруды) компьютер арқылы орындайды. Сондықтан кез келген атқаратын жұмыстың алдын ала жазылған алгоритмі бар болуы қажет. Алгоритм арқылы істің нәтижесіне жетуге болады және алгоритм негізінде программа құрылады. Орындалатын іс-әрекеттің немесе алға қойған мақсаттың нәтижеге жету жолын реттелген тізбектер түрінде орындау алгоритм деп аталады.

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

Алгоритмдерді жәні алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды. Паскаль, Си, Дельфи, Бейсик, Фортран тәрізді программалау тілдері – ағылшын тіліндегі кейбір сөздерді алгоритм құруда кеңінен пайдаланады. Ол сөздердің саны онша көп емес, оларды түйінді сөздер деп атайды. Әр компьютердің өзінің машиналық тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады. Алгоритмдік тілде және программалау тілінде программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программалар болуы керек, оларды транслятор деп атайды. Трансляторлар үш түрге бөлінеді: интерпретатор, компилятор және ассемблер.[2, 6-7 бет]

Интерпретатор – берілген прогамманың әрбір жолын (командасын) жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор түрі.

Компилятор – бірден барлық программа мәтінін толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз бойынша орындайды. Алгоритм орындаушысы дегеніміз құрастырылған алгоритмді басқарушы адам немесе машина. Программа – алгоритм, ол арнайы программалау тіліне негізделіп жазылады.

Программалау тілі – алгоритмдерді және алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл. [1]

Программалау жүйелері:






Қазіргі кезде Windows-е  жұмыс  істейтін  қолданбалы  программалар (қосымшалар) жасауда  Visual Basic   және  Object Pascal (Delphi)  технологиялық  тілдері  кеңінен  қолданып келеді. Windows-те   жұмыс  істейтін  қосымшалардың  қолайлылығы –пайдаланушы  компьютерге  командаларды  экранда  көзге  көрініп  тұратын  батырмаларды  түрту  арқылы беріп, нәтиже  ала  алатындығында.[1]



Visual Basiс – бағыт-бағдарлау программалау тілін ұстанатын алғашқы тілдердің бірі. Бағыт-бағдарлау программалау тілінде әрбір қадамды толықтай сипаттаудың орнына әр түрлі оқиғаларға, яғни пайдаланушының әрекеттеріне қалай жауап қайтару керек екенін көрсетсе болғаны. Бұл бағдарламалау жүйесі арқылы бір ауқымды бағдарлама емес, Windows-тың пайдаланушы басқаратын, өзара байланысты микро-программалары бар қосымшасы құрастырылады. [1]

Visual Basiс көмегімен осындай қосымшаларды жылдам құрастыруға болады.
Visual Basic - ті іске қосу үшін ПУСК – VISUAL BASIC 6. 0. командасымен жүзеге асырылады. VISUAL BASIK - ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобаларының менеджері өзінің New Project терезесімен пайда болады.
Терезе үш қосымша беттен тұрады: New (Жаңа жобалар), Existing (Қолданыстағы жобалар), Recent (Жақында пайдаланылған жобалар)
New қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон таңдайсың
Existing қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады. Бұл сенің немесе басқа біреудің бұрын дискіге жазылған жобасы болуы мүмкін. Сондай – ақ VISUAL BASIC комплектісінің әлде бір үлгіні таңдап алуға болады.
Recent қосымша беті Existing қосымша бетіне ұқсас, бірақ онда өздерінің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.
VISUAL BASIC - пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады, алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан New қосымша бетіндегі Standard EXE таңбашасымен екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобалар менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі. [3, 63бет]
Экранда Project 1 – Microsoft Basic (design) жаңа жобасының үнсіздік бойынша меншіктелетін аты, оны кез келген уақытта өзгертуге болады.
Бұл терезеде мыналар бар: ол – терезелер, менюлер, инстурменттер панельдері, олар – даярламаның жинақталған ортасы немесе ағылшынша IDE (Integrated DeveIopment Environment) деп аталады.
IDE - VISUAL BASIC – ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламанады. IDE бірнеше элементтен тұрады.
• басты меню;
• иструменттер панелі;
• жоба терезесі;
• қасиеттер терезесі;
• пішін макетінің терезесі;
• элементтер панелі;
• пішіндер конструкторы;
• обьектілерді қарау терезесі; [3, 65бет ]
VISUAL BASIC – ті оқып – үйренудің кезеңінде біз обьект, қасиеттер, оқиғалар және әдістер деген секілді ұғымдарды пайдаланып іс жүргізетін боламыз. Осы ұғымдарға анықтама берейік.
Пішін, батырма, енгізу, өрісі, жазу, т. б. іспетті барлық визуальды обьектілерді обьект атауға болады. VISUAL BASIC – те жүзден аса құрамдас обьекті бар. Пайдаланушы VISUAL BASIC – те құрамдас обьектілерден басқа өзінің жеке обьектілерінің жасай алады. Обьектілер мен обьектілік – бағдарлық бағдарламалауды пайдалану шын мәнінде күрделі тапсырмаларды шешу мүмкіндіктерін едәуір молайтады.
Обьектінің өзі оншалықты маңызды емес. Обьектімен нендей іс - әрекеттер жасауға болатыны және обьектінің қандай қасиеттерге ие екендігі әлдеқайда маңыздырақ. Әдіс дегеніміз – обьектіге қатысты жасалатын әрекет болып табылады.
Әдісті қолдану синтаксисі:
Обьект. Әдіс
Қасиет дегеніміз – обьектінің сипаттамаларын (өлшемі, түсі, экрандағы жағдайы нмесе обьектінің күйін (мысалы, қол жетерліктігі немесе көзге көрінерліктігі) белгілейтін обьект атрибуты. Обьектінің сипаттамаларын өзгерту үшін оның қасиеттерінің мәндерін өзгерту жеткілікті. [ 3, 69 бет ]
Қасиет мәнін орнату синтаксисі:
Обьект. Қасиет =Қасиет Мәні
Оқиға дегеніміз обьектімен танылатын әрекет (мысалы, тышқанмен визуальды шерту немесе пернені басу) болып табылады, ол үшін үн қосуды бағдарламалауға болады. Оқиғалар осы қолданбалы немесе басқа бағдарламаларды пайдаланушының әрекеттері нәтижесінде туындайды.
Визуальды бағдарламалауың мәні осы екі түсінікте түйінделеді: оқиға және оған үн қосу. Егер пайдаланушы әлдебір әрекет жасаса, мысалы, батырманы басса, үн қосу ретінде пайдаланушы жасаған процедураның коды орындалады. Егер ондай үн қосу жасалмаса, яғни тиісті процедура жазылмаса, онда обьект бұл оқиғаға ешқандай назар аудармайды да, ол жауапсыз қалады. Сөйтіп, әрекеттер оқиға, оған үнқосулар процедуралар болып табылады. Оқиғаларға үн қосуды генерациялайтын процедуралардың бұл арнаулы түрі оқиғаларды өңдеу процедуралары деп аталады. Тұтас алғанда VISUAL BASIC – те бағдарламалау оқиғаларға үн қосуды тікелей немесе жанамалай генерациялайтын бағдарламалардың кодын жасаудан тұрады.
Басқару элементтері инструменттер панелі арқылы жасалады. Бұл панельде басқару элементтерін құрастыруға қатысатын батырмалар көрсетілген. Инструменттер панелінің біріншісінен басқа барлық батырмалары, басқару элементтерін жасауға қызмет етеді.
Бірінші батырма Pointer (Указатель) деп аталады. Нұсқағышты шертіп, пішінде жасалып қойған басқару элементін таңдауға, оның өлшемін өзгертуге, жылжытуға немесе қасиеттерін өзгертуге болады. Пішінде басқару элементін орналастыру үшін инструменттер панелінің тиісті батырмасын басыңдар да, тыгқанның көмегімен басқару элементінің жақтауын қажетті орынға жетелеп апарыңдар. Мұнан кейін басқару элементін жылжытуға, оның өлшемдерін өзгертуге, алмасу буферіне көшірмелеуге және алмасу буферінен кірістіруге болады.
Код редакторы
Басқару элементінің немесе пішіннің қасиеттерін орнатқан соң олармен байланысты кодты жазуға кіріседі. Кодта оқиғаларды өңдеу процедуралары ерекше орын алады. Әр басқару элементінің сол немесе басқа әрекеттермен байланысты оқиғалардың толық жиынтығы бар, пішін және басқару элементтеріне ортақ кейбір оқиғаларды келтірейік.
Ағымдағы пішінге және ондағы басқару элементтеріне қатысты барлық код
яғни бағдарлама) осы пішіннің бағдарламалық модулі деп аталады. Пішін де, модуль де txt кеңейтуімен бір файлда сақталады. Егер ерекшеленген объектіде тышқанды екі рет шертсеңіз, осы пішін модулінің терезесі ашылады да, онда объектімен байланысқан процедура активтенетін болады. Код терезесін жоба терезесінде View Code батырмасын басып та ашуға рұқсат.
TextBox басқару элементі Енгізу өрісі TextBox батырмасымен жасалады. Негізінде, TextBox мәтін енгізу үшін қолданылады, әрі қарай ол бағдарлама немесе оған бағдарлама есептерінің нәтижелерін шығару үшін қолданылады. Енгізу өрісіне енгізілген мәтін бағдарламада әдетте не санға, не формулаға айналады немесе оның пішімді өзгертпейді.
Label Жазу [3, 94 бет]
Label Жазу басқару элементі Label А батырмасымен жасалады. Негізінде бұл басқару элементі Caption қасиеті жоқ жазуларды, мысалы, тақырыптарды бейнелеу үшін қолданылады. Қолданба орындалу кезінде пайдаланушы жазуға кіре алмайды. Жазудағы өзгертулер қолоданба орындалу кезінде тек бағдарламалық түрде ғана іске асырылады.
CommandButton Батырма
Басқарудың бұл элементі CommandButton Батырма батырмасымен жасалады да, негізіне батырманы басумен шақырылатын кейбір әрекеттердің орындалуын инициалау үшін қооданылады.
OptionButton Ауыстырып қосқыш
OptionButton Ауыстырып қосқыш басқару элементі OptionButton батырмасымен жасалады. Ауыстырып қосқыш екі күйде болуы мүмкін: таңдалған және таңдалмаған. Әдетте ауыстырып қосқыштар жақтаулар көмегімен топтарға бірігеді.
Ауыстырып қосқыштар тобында біреу ғана таңдаулы мүмкін. Сөйтіп, ауыстырып қосқыш бірнеше бірін - бірі жоққа шығаратын параметрлер немсе әрекеттердің ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, көшенің түйіскенжеріндегі бағдаршам уақыттың әр мезетінде үш күйдің бірін ғана бейнелей алады.
Ауыстырып қосқыштың ең жиі қолданылатын қасиеттерін келтірейік.
ListBox
Тізім
ListBox
Тізім басқару элементі ListBox батырмасымен жасалады және мәндер тізімін бейнелеу үшін қолданылады. Пайдаланушы тізімде кейін бағдарлама мәтінінде қолданылатын бір немесе бірнеше мәндер таңдай алады. [3, 98 бет]
Айналдыру жолағы басқару элементі HscrollBar көлденең және VscrollBar тік батырмаларымен жасалады. Айналдыру жолақтары Windows қолданбаларында жиі қолданылады, ысалы, Word мәтіндік процессорында құжатты жоғары - төмен немесе оңға - солға айналдыру үшін қолданылады. Мұндайда айналдыру үшін жүгірткі аталатын кішкентай төртбұрыш қолданылады. Жүгірткіні жылжытқанда біз айналдыру жолағының мәндерін, тиісінше жолақтың өзі қисынды бекітілген объектінің де (мысалы, Word құжаты немесе Excel кенстесі) мәнін өзгертеміз. Айналдыру жолақтарының екі мәні болады: минимальды және максимальды. Жүгірткі мәндерді осы ауқымнан қайтарады. VISUAL BASIC - тегі HscrollBar және VscrollBar құрамдас басқару элементтері тек бүтін кері емес мәндерді қабылдай алады.
Frame
Жақтау
Frame
Жақтау басқару элементі Frame батырмасымен жасалады. Жақтау элементтерді пішінде визуальды топтау үшін қооданылады. Жақтау ішінде неше түрлі басқару элементтері: мәтіндік өрістер, суреттер, жалаушалар, ауыстырып қосқыштар және т. б. орналасуы мүмкін. Frame элементінің ішінде орналасқан ауыстырыпқосқыштар басқа барлық ауыстырып қосқыштардан ерекшеленіп, бір топ болып саналады.
Басқару элементін жақтау ішінде екі әдіспен орналастыруға болады:
жаңа басқару элементін тікелей жақтау ішінде жасау;
элементті ерекшелепоны алмасу буферіне ойып салу. Сосын жақтауды ерекшелеп, алмасу буферінен кірістірме жасау.
Visual Basic   бағдарламасының  компоненттері және  олардың  негізгі  сипаттамалары

TextBox, Label, List және   CommandButton [3, 92 бет]
компоненнтерін  қолданып  қосымша  жасау.

TextBox –  қосымшаға  әртүрлі  ақпарат  енгізу  және  шығару  үшін  қолданылатын  компонент.  Қосымша  орындалғанда  бұл  өрісте  жазылған  мәтін  редакцияланады.

TextBox-тің  негізгі  қасиеттері:  Name –  обьектіге  ат  беру,    Text  – өріске  мәтін  енгізу.

Alignment –  мәтінді  сол жақпен, оң жақпен немесе  ортамен  түзету.

Label – ақпаратты  шығару  үшін  қолданылады. Көптеген  қасиеттері TextBox-ке ұқсайды,  ал  одан  өзгешеліктері: мұнда  қосымша  орындалғанда  мәтін  редакцияланбайды, бұл  обьектіні  батырма  ретінде  де  пайдалануға  болады.

Label –дің  өзіне  тән  қасиеттері: Caption – жазу  орнату. Бұл  қасиетке  мән  беру кезінде  кез-келген  әріптің  алдына  &  амперсенд белгісі қойылса сол  әріптің  асты  сызылып  тұрады.  AutoSize- обьектінің  шекара  өлшемдерін жазудың  ұзындығына  байланысты  горизонталь бағытта  автоматты  түрде  созатын  бульдік  шама. WordWrap – обьектінің  шекара  өлшемдерін  вертикаль  бағытта  созу. BolderStyle – жазу алаңының  түрін  өзгерту, бұл  қасиеттің мәнін 1- FixedSingle шамасына  орнатса жазу  алаңы TextBox секілді  өзгереді, бірақ  ондағы  жазу  редакцияланбайды.

ListBox компоненті  бірнеше  мәтіндік  қатарлардан  тұратын  тізім  жасау  үшін  қолданылады. ListBox- тің  негізгі  қасиеттері:  List – қатарға  мән  беру  немесе  оның  мәнін  анықтау. Тізім қатарлары мәндерін  қасиеттер  терезесінде  және  программалық  код  терезесінде  толтыруға  болады. Тізімнің  алғашқы  қатарының  нөмірі  0-ге  тең  болады. ListIndeх – толтырылған  тізімнен  қатардың  нөмірін  анықтау. ListCount – тізімдегі  қатарлар санын  анықтау. Column – тізімді  бірнеше  бағандарға  бөліп  көрсету мүмкіндігін  орнатады.

CommandButton компоненті  батырма  жасау  үшін  қолданылатын обьектілердің  бірі.

CommandButton-ның  негізгі  қасиеттері: Caption-  батырмаға  жазу  орнатады;  BackCokor – батырмаға  түс  беру; Picture – батырмаға  сурет қою; DisabledPicture – батырманың  өшірілген  күйінде  ғана  көрінетін  сурет  орнату; Down Picture- батырманың  басылған күйінде  көрінетін  сурет  орнату;  Style- обьектінің жоғарыда  айтылған  графикалық  мүмкіндіктерін  орнату; (BackCokor, Down Picture- ); Cancel –ESC  пернесін  қолдану  мүмкіндігін  орнату; Default- ENTER пернесін  қолдану  мүмкіндігін  орнату. [3, 92-99 бет]


Енді  осы қарастырған  компоненттерді  пайдаланып  Визуалды программалау негіздерін   қарастырайық. [1]



Visual Basic тілінде программалаау жаттығулары.

  1. Төртбұрыш ауданын табу.

Private Sub Command1_Click()

Dim a, b

a = Val(Text1.Text): b = Val(Text2.Text)

If Command1.Value = True Then Text3.Text = a * b

End Sub

  1. ЕОБ табу

Private Sub Form_Load()

Dim x, y, m, n, e As Integer

m = InputBox("m -canin engiz ")

n = InputBox("n-canin engiz")

x = m

y = n

While x <> y

If x > y Then x = x - y Else y = y - x

e = x

Label1.Caption = e

Wend

End Sub

Есеп: № 1 «Қаріп» менюін құрыңыз. Меню келесі ішкі менюден тұрсын: Жирный, курсивный. Жирный ішкі менюіне «8 сынып» деген сөз және фонның түсі көк, курсивный ішкі менюіне «М.Әуезов атындағы орта мектебі» деген сөз фонның түсі қызыл болатындай код жазыңыз.

ШShape1

Private Sub жирный_Click()

Label1.Caption = "8 сынып"

Label1.BackColor = vbBlue

End Sub


Private Sub курсивный_Click()

Label2.Caption = "М.Әуезов атындағы орта мектебі"

Label2.BackColor = vbRed

End Sub

ешуі:


Есеп № 2. «Қаріп» менюін құрыңыз. Меню келесі ішкі менюден тұрсын: Жирный, курсивный. Жирный ішкі менюіне өзіңнің тегіңді жаз, жазылған шрифтің мөлшері «10» және фонның түсі қызыл , курсивный ішкі менюіне өзіңнің атыңды жаз, жазылған шрифтің мөлшері «20» және фонның түсі көк болатындай код жазыңыз.

Ш ешуі:

Shape2

Private Sub жирный_Click()

Label1.Caption = "Гауһар"

Label1.FontSize = "10"

Label1.BackColor = vbRed

End Sub

Private Sub курсивный_Click()

Label2.Caption = "Нәзілова"

Label2.FontSize = "20"

Label2.BackColor = vbBlue

End Sub


Есеп № 3 «Қаріп» менюін құрыңыз. Меню келесі ішкі менюден тұрсын: Жирный, курсивный. Жирный ішкі менюіне Казахстан сөзін жаз, жазылған шрифтің түсі қызыл, қалың және курсивный ішкі менюіне Республика сөзін жаз, жазылған шрифтің түсі көк, қалың, курсивті болатындай код жазыңыз.

Shape3

Private Sub жирный_Click()

Label1.Caption = "Казахстан"

Label1.ForeColor = vbRed

Label1.FontBold = vbRed

End Sub


Private Sub курсивный_Click()

Label2.Caption = "Республика"

Label2.ForeColor = vbBlue

Label2.FontBold = vbBlue

Label2.FontItalic = vbBlue

End Sub



  1. Жолдық функция. Len функциясы

Private Sub Form_Load()

C ls

Dim D, N

D = InputBox("Тегінді енгіз")

N = MsgBox(Len(D))

Print "Сенін тегінде"; N; "Эріп бар"

End Sub


  1. L eft функциясы

Private Sub Form_Load()

Cls

Dim F, L

F = "Мектеп окушылары"

L = MsgBox(Left(F, 6))

Print L

End Sub



  1. R ight функциясы

Private Sub Form_Load()

Cls

Dim F, L

F = "Мектеп оқушылары"

L = MsgBox(Right(F, 9))

Print L

End Sub


  1. M id функциясы

Private Sub Form_Load()

Cls

Dim F, L

F = "Мектеп оқушылары"

L = MsgBox(Mid(F, 7, 6))

Print L





Жобаны дайындап, қорғау:

1 жоба Арифметикалық амалдарды (қосу, алу, көбейту, бөлу) орындайтын арифмометр жобасын жасау.
Программасының орындалуы:
- Visual Basic ортасын ашып, жаңадан проект құрыңыз.
- Формаға келесі элементтерді орналастырыңыз және қасиеттерін өзгертіңіз:
Объект Қасиеті Мәні
Text1 Text Бос ету
Text2 Text Бос ету
Text3 Text Бос ету
Label1 Caption 1 - айнымалы
Label2 Caption 2 - айнымалы
Label3 Caption Нәтиже
Label4 Caption Қосу (+)
Label5 Caption Алу (-)
Label6 Caption Көбейту (*)
Label7 Caption Бөлу (/)
Command1 Caption Іске қосу
Command2 Caption Шығу
OptionButton1,OptionButton2, OptionButton3, OptionButton4



  1. С ағатты шығару программасын құру.

Private Sub Timer1_Timer()

Label1.Caption = Time

End Sub

Нысан

Қасиеті

Timer1


Image1

Сурет

Interval

1000

Enabled

True





  1. Төртбұрыш ауданын табу.



Нысан

Қасиеті

Image1

Сурет

Label1

Фамилия

Label2

Аты-жөні

Text1

Бос ету

Text2

Бос ету

Command1

келесі



4. Бағдаршам. /Светафор/

P rivate Sub Timer1_Timer()

Static c As Integer

If c = 0 Then

Shape6.Visible = True

Shape7.Visible = False

Shape8.Visible = False

c = 1

Shape6.Visible = True

Shape7.Visible = True

Shape8.Visible = False

c = 2

Else

Shape6.Visible = False

Shape7.Visible = False

Shape8.Visible = True

c = 0

End If

End Sub


5 жоба Апта күндерінің аты жазылған тізімнен таңдалған мәнге байланысты сол кунге сәйкес жұмыс күндерін атауын шығаратын жоба жасау









6. Ауа температурасын жасаңдар.

  • Формаға төмендегідей нысандарды орналастырып, олардың қасиетін орнатыңдар.


Нысан

Қасиеті

Мәні, мағынасы

Label1

Caption

212

Label2

Caption

100

Label3

Caption

Фарангейт бойынша

Label4

Caption

Цельсий бойынша

Label5

Caption

-40

Label6

Caption

-40

Тшк жолақ

Name

vsbTherm

Max

40

Min

100

LageChange

10

SmallChange

1

TextBox1

Name

TxtF

TextBox2

Name

TxtC


Коды:

D im tempC, tempF As Integer

tempC = CInt(VSbTherm.Visible)

TxtC.Text = Str(tempC)

tempF = CInt(tempC * 9 / 5 + 32)

TxtF.Text = Str(tempF)



7 . Осы компонентті екі рет түртіп Command1_Click процедурасының денесін төмендегі бағдарламамамен толтырамыз. Жоба төмендегідей болып көрінеді:

 Private Sub Command1_Click()
X = Val(Text1.Text): Y = Val(Text2.Text)
List1.AddItem “жай сандар:”
For K = X To Y
P = 0
For I = 2 To K / 2
If K Mod I = 0 Then P = 1
Next I
If P = 0 And K <> 1 Then List1.AddItem K
Next K
End Sub

8. Аюдың суретін салу бағдарламасын құру.

















9 . Герон формуласы бойынша ұшбұрыштың формуласын және сызбасын салу.







Квадрат теңдеу” жобасы:



Калькулятор” жобасы:

























Парабола” жобасы:


ТЕСТ жобасын жасау.


Бұл жобамды қорытындылай келе визуалды бағдарламалаудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі салада жасалған жобаны қолдануға болады, өзектілігі осында деп есептеймін. Математикалық есептерді тез шығару және әр салада қолдануда компьютердің мүмкіндіктерін адам өмірінде алатын орнынының зор екендігін анықтадым.



Қолданылған әдебиеттер тізімі :

1. Электронды оқулық , 10-сынып, 2008 ж


2. Бөрібаев Б. Информатика және есептеуіш техника негіздері 9 сынып

3. Н.Е. Ермеков Информатика, 10 сынып, “Жазушы” баспа, 2006 ж.

4.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!