Материалдар / Ғылыми Жоба "Отбасың бай болсын десең"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми Жоба "Отбасың бай болсын десең"

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз бала кезімізден «байлық» сөзін жиі естіп өстік. Бізге ең маңызды байлық ол – денсаулық және жанұя деп үлкендеркішкентай кезімізден үйретті. Денсаулығы жақсы адам болашақта қалаған жоспарын құрып, оны жүзеге асыруға бейім болады. Ал жаныңдағы жақсы адамдармен өткізкен бақытты сәттер-өміріңдегі ең маңызды байлықтың бірі деген түсінік көптеген адамдарда қалыптасқан. Байлықтың қолмен ұстап, көзбен көруге болатын моралдық түрін біз-ақша деп білеміз. Қазіргі таңда байлық, ақша көптеген мәселелерді шешіле алады. Ақшаға күнделікті киетін киім мен жейтін тамағымызды сатып аламыз. Тіпті мектепке барып білім алу үшін керек кітап салатын сөмке, жазу жазатын дәптер мен қаламды сатып алу үшін де ақша қажет. Қалтасы қалың адамның өмірі басқаларға қарағанда қайда жақсы деген ұғым бар. Не киемін, не жеймін деген ой болмайды. Әрине, адами қасиеттер мен құндылықтар ақшамен сатып алу мүмкін емес, олар өздері жеке рухани байлық саналады. Қаншалықты ақшаны қолдың кірі дегенменде, күнделікті тіршілігімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2024
244
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы

Төлеби ауданы

Ленгір қаласы

«№2 Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі « КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:Иманбекова Улжалгас Дербисбековна

«Отбасым бай болсын десең!»

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Біз бала кезімізден «байлық» сөзін жиі естіп өстік. Бізге ең маңызды байлық ол – денсаулық және жанұя деп үлкендеркішкентай кезімізден үйретті. Денсаулығы жақсы адам болашақта қалаған жоспарын құрып, оны жүзеге асыруға бейім болады. Ал жаныңдағы жақсы адамдармен өткізкен бақытты сәттер-өміріңдегі ең маңызды байлықтың бірі деген түсінік көптеген адамдарда қалыптасқан. Байлықтың қолмен ұстап, көзбен көруге болатын моралдық түрін біз-ақша деп білеміз. Қазіргі таңда байлық, ақша көптеген мәселелерді шешіле алады. Ақшаға күнделікті киетін киім мен жейтін тамағымызды сатып аламыз. Тіпті мектепке барып білім алу үшін керек кітап салатын сөмке, жазу жазатын дәптер мен қаламды сатып алу үшін де ақша қажет. Қалтасы қалың адамның өмірі басқаларға қарағанда қайда жақсы деген ұғым бар. Не киемін, не жеймін деген ой болмайды. Әрине, адами қасиеттер мен құндылықтар ақшамен сатып алу мүмкін емес, олар өздері жеке рухани байлық саналады. Қаншалықты ақшаны қолдың кірі дегенменде, күнделікті тіршілігімізде еш қиындық көрмеу үшін, және болашақты еш қамсыз армандау үшін материалдық байлық- ақшаны өте маңызды екені рас. Осы себептен, адамдар бай болуға, ақша көп табуға тырысады.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты ақша мен байлық ұғымдарымен таныстыру, байлық пен ақшаға деген отандық және шетелдік көзқарасты талқылау, бала үшін байлық не саналатыны туралы зерттеу, бала бухгалтериясы ұғымымен таныстырып, балаларға үнемдеу, жинау, және табыс табу жолдарына үйрету және бай болуға және табыс табуға көмектесе алатын лайфхактармен бөлісу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Байлық және ақша ұғымдарын түсіндіру;

  • Байлықтың бұрынғы және қазіргі көрінісін талқылау;

  • Байлықтың әдебиеттегі көрінісін талқылау;

  • Бала бухгалтериясымен таныстыру;

  • Балаларға бай болуға көмектесетін ұсыныстар беру.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Білімділік маңызы: Оқушыларға ақша, ақша қызметі, ақша айналымы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық маңызы: Қаражатты үнемдеуге, оны ақылмен жұмсауға және табыс табуға ынталандыру және үйрету.

Тәрбиелік маңызы: Еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке және қаражат сауаттылығына тәрбиелеу.

Негізгі бөлім

Ақша туралы қысқаша мәлімет

Ақша –тауар мен қызмет айналымы үшін өте қажет айырбас құралы [7]. Ертеде ақша орнына алғашқы тайпалар мен халықтар сауда-саттық жүргізу үшін тауарлардың құнына қарай айырбас жасаған. Бұрынғы заманда Қытайда тұз, ал славян,моңғол, қыпшақ және гректерде мал ақша рөлін атқарған. Кейіннен тауар айналымының дамуы нәтижесінде, бүгінгі күні түсті металдар мен құны белгіленген қағаз ақшалар айырбас рөлін атқарады [2].

Айтып өткендей ақшаның ел экономикасында алатын орны зор. Ақша тек айналым құралы ғана емес, сонымен қатар құн шамасы, төлем құралы, еңбек өлшемі, қор жинау мен сақтау құралы және қоғамдық қатынас жасау құралы қызметтерін атқарады[2].

Қазақстанның ұлттық валютасы және ел ішіндегі төлем құралы – теңге. Теңге Қазақстан Республикасының елбасысының1993 жылғы 13 қарашадағы шыққан «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығымен 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға шығарылды [2]. Бүгін күні еліміз 15 қарашада Теңге күнін тойлайды.









Баланың байлық туралы алғашқы түсінігі

Көптеген балалар сәби кезінен бастап жерден өзгеше зат табып, оны өзінің байлығы мен қазынасы ретінде ойнағанды жақсы көреді. Көбіне олар қоршаған ортада сан-алуан заттардың арасында болмашы, жолда аяқ астынан кездесіп қалған, өзгеше «заңнан тыс» заттарды жинақтап ойнайды [6]. Мысалға, бала ойындағы өзгеше заттарға ерекше формадағы немесе түстегі тастар мен түймелер, әлдекім жоғалтып алған тиындар, белгішелер, түрлі-түсті әйнектердің сынықтары секілді ұсақ-түйек заттар жатады.

Сәби жастағы балалар көбіне тапқан заттарын қазына етіп тығып ойнаса, 5 жастан үлкен және бастауыш сынып оқушылары бұл заттарды тұрақты валюта немесе айырбас қарым-қатынасының лайықты нысаны ретінде көреді [6]. Жиі бұл жерден табылған ұсақ заттар дүкен ойынында қолданылады [6]. Ал егер ол басқа балаларға қаттырақ ұнаса, оны өз пайдаңа қажет затқа айырбастауға болады. Психолог мамандардың айтуынша, осы ойындар баланы еңбекқорлыққа, алғырлық және табыс табуға үйретеді екен[6].

Тарихшылардың айтуынша Кеңестік Қазақстан кезеңінен бастап, қоғамда адамдардың ақшаға жеккөрінушілігін арттыру саясаты жүргізілген. «Байлар жаман, жемқор. Кедей байғұс адал, қайырымды, сондықтан да оның ақшасы аз» деген ой негізінде бірнеше ертегілер және мультфильмдер жасалған екен. Тіпті өзіміз көретін «Алдар көсе» мультсериалында да байлар сараң, байлықты арам жолмен тапқан залым кейіпкер ретінде бейнеленген. Өкінішке орай, сол саясат әсерінен біраз адамдардардың санасына «Ақша жаман, бай болсам проблемам көбейіп кетеді, осы күніме шүкір» деген қағида қалыптасқан. кедейлік қағида қалыптасып қалған.

Төмендегі суреттерде Кеңес кезінде «Экран» шығармашылық бірлестігінен шыққан «Приключения поросёнка Фунтика»мультфильмінің залым кейіпкері Беладонна ханым мен 1965 жылы жазылған роман негізінде «Союз-Видео» қауымдастығымен түсірілген «Незнайки на Луне» мультфилмініндегі жағымсыз кейіпкер Спрутс мырза бейнеленген. Батыс секілді шет елдердің мәдениетіндегіге қарағанда, Кеңес кезіндегі байлардың сыртқы келбеті әлдеқайда жағымсыз болып бейнеленгенін осы суреттерден байқауға болады.

«Приключения поросёнка Фунтика» мультфильмінде Беладонна ханым басты кейіпкер Фунтикті аяусыз қанаушы және алаяқ басты залым рөлінде бейнеленген [5]. Шығарма мазмұны бойыншаФунтик ашкөз бастығы Беладоннадан қашып, өз саяхатында мейірімді достар табады. Фунтик Беладонна ханымның бұйрығымен 11 ер баланы, 15 қызды және өте мейірімді қарияныалдау арқылы ақша табуға мәжбүр болады, ал табысты түгелімен Беладоннаға береді [5].

Дәл осы шығарма секілді, қандай жағдайда да адам болып қалуға, достыққа адал болуға, сараңдық пен бос сөзге бой алдырмауға үйрететін«Незнайки на Луне» мультфилмінінде де жаман адам рөлінде бай кейіпкер Спрутс мырза бейнеленген [5].

«Незнайки на Луне» мультфильмі. Спрутс мырза.

«Приключения поросёнка Фунтика» мультсериалы. Беладонна

Әрине, ұлттық аңыз ертегілердің бәрі байлықты жаман жағынан көрсетпейді. Кейбіреулері бай адамдардың жомарттығы мен ақылдылығы туралы әңгімелейді. Осындай әңгімелердің және шетелдік тәжірибелердің арқасында бүгінгі күні қазақ қоғамында баланы жастайынан еркіндікке, ақшаға деген қызығушылыққа үйретеді.

Заманауи психологтар қазіргі қоғамды «Бай немесе кедей болу – адамның санасына байланысты. Байлар секілді киініп, солар сияқты ойласаң, сен де дәулетті боласың» деп байлыққа ынталандыруда [8]. Нәтижесінде қазір шетелдік қаржы сауаттылығына үйрететін кітаптар қазақ тіліне аударылуда. Сол аудармалардың арасында тіпті мектеп жасындағы кішкентай балалар түсініп, үйрене алатындары да бар.

Бай болуды үйренудің бір жолы осы кітартар мен аудармалармен танысу, себебі мамандар дәлелдеп өткендей, адамның балалық шағында алған білімі мен үйренген өмір сүру салты кейінгі өміріне бағдар болады[9].

Төмендегі кішкентай әңгіме де балаларға табыс және байлықты түсінуге көмектесетін әңгімелердің бірі. Бұл әңгіме баланы алғырлыққа, мүмкіндіктерді көре алуға және жағдайға басқа көзқараспен қарауға үйретеді.



Бала көзіндегі байлық

Бірде бай әкесі кішкентай ұлын жергілікті фермалардың біріне алып шығады. Сондағысы, адамдардың қаншалықты кедей тұратындығын ұлына көрсету еді. 

Әке мен ұл бір күндерін ферма ауласындағы ең жұпыны отбасында өткізіп қайтты. Үйге келген соң, әкесі ұлынан сұрады:

- Саяхат қалай болды?

- Өте керемет өтті, әке!

- Көрген шығарсың, адамдардың қаншалықты кедей болатындарын? - деп сауал қойды әкесі.

- Иә.

- Өзіңе қандай пікір түйіп қайттың? - деді.

Ұлы жауап берді:

- Көргенім бойынша, біздің үйде бір ит болса, оларда төрт бірдей төбет бар екен. Бізде бақ ортасында бассейн жайғасса, оларда - шеті көрінбейтін теңіз айлағы. Біз бақшаны шаммен жарықтандыратын болсақ, оларға жұлдыз түсіріп тұрады. Бізде артқы аулада патио орналасса, оларда - бүтін бір көкжиек. 

Әкесі ұлының жауабын естіп, жұмған аузын аша алмай қалды.Ұлы болса, әлі жауап беруде:

- Рақмет, әке, осы бір адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңіз үшін [3].





Бала бухгалтериясы



Баланың ақша ұстап, қаражатты басқарып үйренуі туралы тақырып барлық елдерді мазалайды. Балаға қалталы ақша беру керек пе, қанша жастан ақша менеджментіне үйрету керек, балаға қанша ақша беру керек сұрақтары ата-аналарымызды ойландыратын маңызды сұрақтардың бірі саналады.

26 жасында "Ауқатты әке, кедей әке " бестселлерін жазған Роберт Кийосакидің айтуынша, баланың болашағы жақсы тәрбие мен білімде емес, ақшаны бала жастан қалай жарата білгендігінде екен [9]. Себебі, Кийосакидің ойынша, бала немесе ата-анасының байлығы мен қоғам жағдайы туралы түсінікті бала күнделікті шай-пұлға деп берген ақшаның мөлшеріне қарап қалыптастырады екен [8].

Қаржы мамандары мен психоаналитиктердің зерттеуінше, балаға қымбат пен арзанның айырмашылығын 2,5-3 жастан бастап, күнделікті ақ­шасын ретімен жұмсай білуді 3-6 жастан бастап үйреткен дұрыс екен [8]. Сонымен қатар, мамандардар осы жас аралығында балалар ақшаның басқа тауарға айырбастауға болатын құнды қағаз екенін түсіндіруді жөн санайды.

АҚШ және Батыс елдерінде баланың қаржы туралы біліміне көп назар аударыды екен. АҚШ-тағы дәулетті отбасылар балаларын ақша үнемдеуге және жинауға 3 жасынан бастап үйретеді екен [8].Олардың айтуынша, "Балаға ақша санауды өмірдің өзі үйретеді" деген ой қате және баланы табыстың қалай және қайдан келетінін және ол табысты қалай жұмсау керектігін үйрету қажет[9]. Осы себептен, ол елдерде балаларға арналған ақша туралы кітаптар көп жазылып, тренингтер өткізіледі екен.

Бүгінгі күні балаға қаражатты басқару туралы зерттеулер көбіне Қытайлық балалар әлемін зерттеуші Лу Чин ұсынған үш ұстаным төңірегінде жүргізіледі. Ол ұстанымдар:

  • балаға бірден ақша бермес бұрын, оны қалай жаратуды үйрету;

  • баланы тек ақша жинауға ғана емес оны табыс табуға ынталандыру ;

  • балаға мақсатсыз ақша бермеу [9].

Психолог Елена Никалаевнаның айтуынша, балалар ақшаны басқаруды ата-анамыз күнделікті беретін қалталы ақша көмегімен үйренеді екен [9]. Ал өзіміз білетіндей, бай болу үшін ақша басқару туралы білім өте қажет.

Қолдарына берілген қаражатты басқару тәжірибесінің көмегімен балалар ақшаны тиімді жұмсауды, үнемдеуді және инвестициялауды үйренеді. Мамандардың сөзінше, қалталы ақшаны 6-7 жас аралығындағы балаларға күн сайын, 8-10 жасар аралығындағы балаға аптасына 2 рет, ал жасөспірімдерге айына 1 рет ақша беру дұрыс саналады[4]. Бұл баланы үнемдеуге өз қаражат жоспарлауға үйретеді жәнеқалтадағы қаражат жетіңкіремеген жағдайда табыс табуға ынталандырады.

Келесідегі кестеде қалталы ақша берудің жақсы мен жаман жағы туралы ақпарат берілген.



Балаларға ақша беру керек пе қолдау және қарсы аргументтер


Қалталы ақша беру керек

Қалталы ақша бермеу қажет

1

Өз ақшасының болуы баланы жеке бюджетін басқаруға үйретеді;

Ақша оңай келгендіктен бала ақшаны бағаламайтын болады;

2

Бала қажеттілігіне қарай таңдау жасап үйренеді;

Балаға жақсы мінез-құлық үшін ақша беру кейін бопсалауға итермелейді;

3

Қалталы ақшамен жүру баланы болашақта бай болуға ынталандырады;

Ақша бала мінезін құртуы мүмкін: қызғаныш пен ашкөздік пайда болуы мүмкін;

4

Бала тәуелсіздік, жауапкершілік және сенімділікке тәрбиеленеді;

Бала ақшаның шынайы құнын түсінбей өсуі мүмкін;

5

Бала өзі бағалауды үйренеді және қоғамда өзін толыққанды мүше ретінде сезінеді.

Бала өз қажеттіліге жастайынан ақша тауып үйренуі қажет. Тіпті шетелдік бай отбасылар балаларын ақша табуға ынталандырады.

Бай болам десеңіз. Ұсыныстар

Бала бай болам десе ақша жинап, оны таба білу өте қажет. Бала миллиардер ретінде әлемге танылған адамдардың бірі Джон Рокфеллер бала кезінде ата-анасынан алған қалталы ақшаны жинап, оған кәмпит сатып алып, оны бөліп өзімен қатарлас балаларға және өз бауырларына екі есеге көтермелеп сатып, табыс тауып бастаған екен[9]. Кейіннен ол 7 жасында күркетауық өсірумен шағын бизнеспен айналысса, 12 жасында көршшісіне 50 долларды жылына 7 пайыздық өсіммен қарызға беріп отырып қаражат тапқан екен [9].

Осыған ұқсас жағдайларды қарастырып, мен балаларға ақша табуға көмектесе алатын бірнеше ұсыныстар мен лайфхактар жинадым.



  1. Заттарды сатып ақша табуға болады.

Жоғарыда айтылғандай қалталы ақшаны жинап, оған кәмпит немесе мектепке қажет қалам, қарындаш және дәптер секілді кеңсе заттарын жаппай сатылым немесе жеңілдік кездеріне сатып алып, кейін мектепте өзіңмен жастас балаларға көтерме бағаға сату жақсы ұсыныстардың бірі.

Ал егер қалталы ақшаны жинау қиын болса, ескі заттарды интернет желісінде сатуға болады. Көпшілігімізде сыймай қалған киімдеріміз, оқып қойған кітаптар және ойнап қойған ескі ойыншықтар, бейне ойындар, дискілер бар [1]. Сол ескі заттарды олХ арқылы немесе инстаграм, фейсбук секілді әлеуметтік желілерде сату ақша табудың тамаша тәсілі саналады. Алайда, интернетте сатқан кезде сатушымен кездескенде үлкендерден көмек сұрауды ұмытпау қажет, себебі, танымайтын адаммен ересек адамсыз кездесу өте қауіпті.

Кітап, ойын мен дискілерді қайтадан жергілікті дүкендерге сатуға болады. Винтаждық дүкендерге ескі киімдерді апарып, сату арқылы да ақша табуға болады [1].

Сонымен қатар, үйде гаражда босқа тұрған ескі заттарды байқасаңыз, ата-анаңызға қайта сатуды ұсынып, рұқсат алғаннан соң, үйдегі ескі заттарды олХ секілді қайта сату сайттарына жариялап, сату арқылы да қомақты қаражат табуға болады. Бірақ заттарды қайта сатқан кезде, ескі заттар өз құндылығын жоғалтқанын ескеріп, шамамен бастапқы бағаның 30-40 пайызындай сомада сатыңыз [1].

  1. Қызмет көрсету немесе біреуге көмектесу арқылы табыс көруге болады.

Ата-анамен келісіп, үй шаруашылығымн және үй айналасында орындалуы керек шаң сору, ыдыс жуу, үй жинау, бақшаны жинау секілді жұмыстарды орындау арқылы ақша табуға болады [1]. Әрине бұл жұмыстарды атқарған үшін көп қаражат ала алмаймыз. Алайда, біз әрқашан ата-анамымызбен қайта келісе аламыз жіне қосымша жұмыстар алып, көбірек ақша сұрай аламыз. Бұл қолдағы қаражатты тез арттырудың ең оңай жолдардың бірі.

Сонымен қатар, көршілерге көмектесу немесе қазметтерді атқару арқылы да ақша табуға болады. Көршілермен келісіп үй жұмыстарын орындағанға, шөп шабысу, қар тазалау, шатыр мен гараж тазалау секілді қызметтерді ұсынып, қаражат табуға болады [1].

Сонымен қоса, егер жануардың тілін таба алатын болсаңыз және жануарды жақсы көрсеңіз, көршілер демалысқа қыдырып кеткен кезде үй жануарын ақыға қарауды және күтім жасауды ұсынуға болады [1]. Егер сізде жасы кіші бауырларыңыз болса, ата-анамен келісіп бала қарасу арқылы да табыс табуға болады.



  1. Балалар да жұмыс жасай алады.

Қазіргі кезде барлық жұмыстар мен құжаттар компьютердің көмегімен жасалады. Алайда көптеген егде жастағы адамдар мен ересек кісілер компьютер, интернет және смартфондармен жұмыс жасағанда қиналады. Оларға қарағанда біз кішкентайымыздан технологины көріп өскендіктен компьютер тілін жақсы білеміз. Осы білім көмегімен, үлкендерге репититор болып, оларға интернет, электрондық пошта және де басқа компьютерлік дағдыларды ақшаға үйрету арқылы табыс табуға болады.

Сонымен қатар қазір барлық құжаттар мен анықтамалар электрондық Егов (https://egov.kz/)сайты арқылы жасалады. Егов сайтымен қалай жұмыс жасауды интернеттен үйреніп, басқа адамдарға ақыға анықтама алуға көмектесу де ақша табудың жақсы жолы.

Балалар инстаграм,фейсбук, тикток секілді әлеуметтік желілер мен YouTube-та канал жүргізіп табыс таба алады [1]. Көрермен мен жазышылар жеткілікті болса, YouTube сізге жарнама кеңістігі үшін төлейді. Көрермен жинау үшін өзіңіздің жасыңыздағы адамдардың қызығушылығына сәйкес тақырыптарды көтеруге тырысу қажет. Мысалы, фильмдер мен телешоулардың топтамасын жасауға немесе сән мен музыка турал кеңестер беретін видеоларды салуға болады. YouTubeжелісіндегі әрбір 1000 көруге орта есеппен 3.62 доллар тенгемен есептегенде шамамен 1800 теңге ақша табуға болады екен.

Қазақстандық өте танымал бала блогер Аминка Витаминка өзінің актерлік карьерасын осы YouTube желіснде видео салып, табыс тауып бастаған екен.

Сонымен қатар, парақ, газет-журналдар және жарнама қағаздарын көшедегі өтіп бара жатқан адамдарға тарату және сату да балалар үшін ақша табуңа болатын жұмыс түрлерінің бірі. Бұл жұмыс тәжірибені қажет етпейді және жауапкершілікке үйрететін бала үшін тамаша жұмыс [1].

Оның үстіне, демалыс кезінде немесе жас мезгілінде жергілікті жәрмеңкелерде немесе саябақтарта лимонад, көже секілді сусындарды сату да балалар үшін табыс табудың жақсы бір жолы саналады[1].

Ең бастысы бұл жұмыстар тек тез ақша табудың жолдары ғана емес, болашақта бай болуға көмектесетін еңбекқорлық, жауапкершілік, көпшілдік және алғырлық секілді қасиеттерді дамытудың бір тәсілі. Дәл осы сәттен бастап, қызығатын саланы анықтап, сол салада даму қажет.

Білім мен тәжірибе алу бай болу үшін өте маңызды. Себебі, білім мен тәжірибе ақша табуға болатын көп мүмкіндіктерге жол ашады. Көп адамдардың көзқарасында байлық тектілік пен мәдениеттілік көрінісі ретінде саналады. Бұл ой бекер қалыптаспаған, себебі көп ақшаны таба алу үшін адам баласы бір істің маманы не шебері болуы қажет. Бұл өз кезегінде білім мен өнерді талап етеді.







Қорытынды

Қорытындылайтын болсам, біздің күнделікті өмірде қолданатын тамақ және киім секілді заттарымыз тіпті шаш қию немесе тісті емдету сияқты қызметтер де ақша арқылы іске асырылады және сатып алынады. Міне осы себептер үшін көптеген бала мен адамдар бай болуға және ақшаны көп табуға тырысады. Бұл дегеніміз бай болуға талпыну мен табыс табуды, қаражат басқарып үйрену тақырыптарының маңыздылығын айқын көрсетіп тұр. Осы жобада, мен байлықтың қоғамдағы орны туралы кішігірім зерттеу жүргіздім. Сонымен қатар, ақша, қаржы сауаттылығы мен бала бухгалтериясы ұғымдары туралы мәлімет беріп, шетелдік және отандық тәжірибелерді талқыладым. Бұл зерттеу жұмысында ең бастысы зерттеулер нәтижесінде балаларға қалай өздеріне қажет қаражат табуға, оны қалай жинап, дұрыс жұмсау туралы ұсыныстар жасалды. Мысалы, мен балаларға компьютерлік дағды мен әлеуметтік желі туралы білім арқылы ақша табуға ұсыныс жасадым. Жоба нәтижесінде балалар өздерінде бай болуға деген талпыныстарын ашып, ұсыныстардың көмегімен табыс табуды үйренеді деп білемін. Ал ата-аналар мен ересектер жобадан баланы қалай ақшаны бағалауға және қаржы сауаттылығына үйрету жолдары мен әдістерін түйіндейді деп үміттенемін.

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

  1. How to Get Rich (Kids). Wikihow. 2022. Ақпарат дереккөзі: https://www.wikihow.com/Get-Rich-(Kids)

  2. Ақша. Уикипедия порталы. Ақпарат дереккөзі: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D1%88%D0%B0#cite_note-3

  3. Бала көзіндегі байлық. massaget.kzпорталы. 2013. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/11649/

  4. Балаға ақша ұстауды үйрету. Күніне қанша теңге беру керек? Баланы ақша жинауға тәрбиелеу. Ана мен бала бағдарламасы. Khabar TV. 2017. Ақпаратдереккөзі: https://www.youtube.com/watch?v=vpSR3l1TEZ0

  5. Дудкина Ю. Чему учат детей бизнесмены из сказок и мультфильмов Беладонна, Скрудж МакДак и другие. Секрет фирмы. 2017. Ақпарат дереккөзі: https://secretmag.ru/trends/whatsup/mezhdu-dobrom-i-dengami-chemu-uchat-detej-biznesmeny-iz-skazok-i-multfilmov.htm

  6. ЖАҚСЫ АТА-АНА болуды үйренеміз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметті даму министрлігі. Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ). 115-121 беттер.Ақпарат дереккөзі:

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!