Ғылыми жоба "Қазақ ауыз әдебиетіндегі байырғы өлшем бірліктер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғылыми жоба "Қазақ ауыз әдебиетіндегі байырғы өлшем бірліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жобада қазақтың байырғы өлшем бірліктері зерттеліп, қазақ ауыз әдебиетінде кездесетін байырғы өлшемдерге тоқталған. Сонымен қатар, практикалық бөлімде зерттеу жұмысы жүргізіліп, сауалнама алынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

І.КІРІСПЕ

Қазақ халқы - дана халық. Неге десеңіз, әр сөзге аса талғампаздықпен мән беріп, сәтті атаулар құрастырған. Өлшем – бір нәрсенің көлемін, салмағын анықтайтын өлшеу бірлігі.

«Халық айтса қалып айтпайды» дегендей  халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені  оны ата-бабаларымыз  сан ғасырлар  бойы қолданып  және сол арқылы  өлшем негіздерін  жасаған.  [1, 56 б.]         Халықтық өлшемдер тым ерте кездерден қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін тіл қолданысынан шықпай өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп, баяндаудың бір тәсілі болып саналады.  Бірақ, кейде әлдебір әдеби шығарма оқып отырғанда қандай да бір қазақы өлшем атауы кездессе, түсінбей қалатын сәттеріміз де болады. Тіпті кейбіреуі мүлдем көнерген сөз болып, қолданыстан шығып та қалды. 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - делінген.[7]

Шындығында, қазіргі математикалық өлшемдердің астарында қазақ халқының ойлап тапқан өлшемдік атаулары жатыр. Бұл халықтық өлшем атаулары қазіргі таңға қалай жетті? Халық ауыз әдебиеті тәрізді ауызша, халықтан-халыққа, ұрпақтан-ұрпаққа тарады. Бүгінгі таңда байырғы өлшем атаулары біздің қоғамда қалай қолданылып жүр, қазақ әдебиетіндегі өлшем атауларын менің құрдастарым түсіне ме деген сауалдардың түрткі болу нәтижесінде өлшем атауларымен танысып, жүйелеуді жөн көрдім.





































ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

2.1.ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІНІҢ АТАУЛАРЫ

Байырғы қазақ өлшемдері – қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан өлшем бірліктері. Бұл замандағыдай дәлдік өлшем аспап-жабдықтары жоқ ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқыда алынған.[2] Ғалымдар қазақ тілінде кездесетін ескілікті өлшем атауларын төмендегі такырыптык топтарға бөліп қарастырған.

1. Уақыт өлшемдері

  • Уақыт өлшемдері

Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенеді.

Апта – «жеті» деген сөзді білдіреді

Жеті күнді санау

1. Бүгін

2. Ертең

3. Бүрсігүні

4. Арғы күні

5. Қасиетті күн

6. Соңғы күн

7. Азына

Түнеугүні – бірнеше күн бұрын.

Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі» сөзінің алдына парсының 1, 2, 3, 4, 5 сияқты реттік сан есімдерін қою арқылы жасалған.

Олар мыналар:

ЖЕКсенбі – бірінші сенбі

ДҮйсенбі – екінші сенбі

СЕЙсенбі – үшінші сенбі

СӘРсенбі – төртінші сенбі

БЕЙсенбі – бесінші сенбі


  • Тәулік мезгілдерінің атаулары

1.  Күн шығар алдыңдағы мезгіл атаулары – бұл мезгілді таң немесе таңертең деп атайды.

2.  Алагеуім, алатөбе, алаң – ғұлан, алаң – елең – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.

3.  Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.

4.  Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

Күн көкжиектен көтерілген мезгіл атаулары

Бұл мезгілді сәске деп атайды.

1.    Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.

2.    Сәске түс – түске жарқындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.

3.    Ұлы сәске – тал түске жақыңдаған мезгіл


  • Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері

1.  Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.

2.  Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.

3.  Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт

4.  Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнатымдай мерзім

5.  Қайнам: қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі

6.  Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем

2. Азық-түлікке қатысты өлшем атаулары

  • Азық-түлікке қатысты өлшемдер

1.  Бір асым (ет)

2.  Бір елі (қазы)

3.  Бір жапырақ (ет, нан)

4.  Бір жұтым (қымыз, сүт)

5.  Бір тұтам (қазы)

6.  Бір ұрттам (қымыз, ет)

7.  Бір уыс (бидай, тары)

8.  Бір үгім (тұз)

9.  Бір үзім (нан)

10.  Бір шөкім (тұз)

11.  Бір шымшым (тұз)

12.  Жұдырық (ет, қазы)

13.  Қайнатым: бір қайнатым (шай)

14.  Салым: бір салым (тұз, шай)

15.  Турам (ет, нан)


3. Ұзындық, қалыңдық өлшем атаулары


  • Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері

1.    Елі – саусақтың көлденең қалыңдығы, ені

2.    Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 – еліге тең ұзындық өлшем.

3.    Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.

4.    Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.

5.    Қарыс сүйем – бас бармақ пен орта саусақтың аралық мөлшері.

6.    Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.

7.    Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.

8.   Кере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Кейде жарты қарыс деп те атайды.


  • Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдері

1.     Білем – саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы.

2.     Шынтақ – қолдың бас пен шынтақ аралығы.

3.     Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың аралығы. Кез деп те атайды.

4.     Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы.

5.     Кере (сала) құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы.


  • Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері

Табан – Аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы

Адым (қадам) – Жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы

Аттам – Екі аяқты кере созғаңдағы қашықтық.


  • Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері

1.    Шымшым – Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем.

2.    Шөкім – Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.

3.    Бір уыс – Қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем.

4.    Қос уыс – Қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі өлшем.


4. Қашықтық өлшемдері

  • Өте жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

1.  Аттам (бір аттам) жер

2.  Бөрік тастам жер.

3.  Иек артпа жер.

4.  Қозы көген жер.

5.    Қол (құлаш) созым жер.

6.    Қырық қадам.

7.    Тас лақтырым жер.

8.    Таяқ тастам жер..

  • Жақын деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

1.    Ат жетер жер.

2.    Ат шаптырым жер.

3.    Аяқ жетер жер.

4.    Әудем жер.

5.    Қозы көш жер.

6.    Құнан шаптырым жер.

7.    Тай шаптырым жер.

8.    Сәскелік жер.

9.    Талай жер.


  • Өте алыс деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

1.    Айшылық жер.

2.    Ит өлген жер.

3.    Қырық күншілік жер.


5. Тереңдік өлшемдері

  • Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдер.

1.    Тобыққа дейін.

2.    Тізе бойы.

3.    Белуар (белбуар) бойы.

4.    Кіндік бойы.

5.    Кісі бойы.[1]





2.2. Қазақ ауыз әдебиетіндегі өлшем атаулары

Бүгінгі таңда қазақ өлшемдері көпшілік ортада жиі қолданыла бермейді. Себеп те бар шығар. Алайда, әдебиеттерден оқып жатып, кейде түсінбей қалып жататын жайымыз бар. Ондағы жазылатын өлшем бірліктері көнерген сияқты болып көрінуі де мүмкін. Шын мәнінде қазақ халқында өлшем бірлікке байланысты айтылатын әдемі сөздер жеткілікті.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ең алдымен әр түрлі әдебиеттердегі байырғы өлшем бірліктері туралы ақпараттармен таныс болдым. Зерттеудің келесі кезеңінде қазақ ауыз әдебиетінде, яғни батырлар жыры, ертегілер, мақал-мәтелдерде кездесетін байырғы өлшем бірліктерді табуға тырыстық.

1. «Қобыланды батыр» жыры

***

Естеміспен екеуі
Қонып жатса бір тауда,
Намазшамнан өткенде,
Құтпан мезгіл жеткенде,
Құлағына батырдың
Бір дауыс кеп шулайды.


***

Барғанмен кезек келмес-ті,
Баланы көзге ілмес-ті,
Бағып жатқан Құртқаны
Қырық бес кез Қызыл ер,
Шырағым, тектен бермес-ті».


***

Алпыс құлаш ала арқан,
Қызыл ердің ілулі
Босағада тұр еді.


***

Дүйсенбі күні бесінде,
Отауды жығып, көшірді,
Бурылын құндақтап,
Биені тіркеп көшіне.

***

Алты қабат ор қазып,
Тереңдігін мол қазып,
Бекіткенін қарашы.


***

Он екі құлаш кезеңнен
Атылып Бурыл ойнайды.

***

Түстік жерге келгенде,
Қарындасы сөйледі.


***

Кез қылды Құдай қабанды,
Қабанның ойыны жаман-ды.
Қырық мың атты қызылбасқа
Тұтам қылды заманды.


***

Айқайлап жайған көп жылқы
Бір уыс болып қалады. [3]




2. Қазақ ертегілерінде кездесетін өлшем атаулары

1. Алтын санаған аштан өледі.

Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып,басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы меңдеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сайғалап қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады.

Жарлының жолын кес – кестеп:

- Оян! – депті. - Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны табылар. Сақтиянның аузын ашып – жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған өміріңе бұйырған несібе осы. Қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады. Жүрегі алып – ұшып атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды.Опырылған жертөленің орнына кезігеді.


2.Алдардың шайтандарды алдауы

Түлен, Құлан, Алдар үшеуі жортып жүріп, бір жерге келіп дем алады. Арқалаған бір қап жиһазы бар. Демалып отырып әңгімелеседі.

- Дүниеде біздей жан болсайшы! Еш нәрседен қорықпаймыз, дегенімізді істейміз, - дейді Алдар шайтандардан сыр тартқысы келіп.

- Айта көрме! Еш нәрседен қоықпаймызың не? Біріншіден, құдай қазақтың қамшысынан сақтасын. Екіншіден, инедей жердің тікенінен сақтасын. Бұларды көрсек, көш көрім жерден қашып жүреміз. Кәпірдің бетін аулақ қылсын! – дейді Түлен мен Құлан отырып...

3. Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс.

...Бай жұмысының түрімен таныстырмақ болып кедей ұлына: бір қара нарым бар, күніне қырық бөшке су ішеді, қырық арба құмалақ шығарады. Қырық арба пішен жейді, осыны баға алсаң қызметке аламын, егер бұны атқара алмасаң басың алынады, - дейді. Жарлының үлкен ұлы жұмыстарды амалсыздан орындауға кіріседі. Алғашқы күннен – ақ үлгере алмайды. Бай 4 – 5 күннен кейін келіп қараса шөп те, су да жетіспек қара нар арықтап қалған екен. Бай ашуланып кедейдің үлкен ұлының басын алады. Жұмыс сұрап келген адамдарға бай осындай қолдан келмейтін жұмыс тапсырып өлтіре беретін болыпты. Бұдан соң ортаншы ұлы да осы жолмен қаза табады. Ендігі үйде қалған кіші інісі ағаларын іздеп шығады. Оны жұрт « бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс » деп атайды екен.
Нан батыр бір уақытта салдыр етіп жеті қабат есік жерге құлап түседі. Батыр жалт қараса, бойы бір
 қарыс, сақалы жеті кез аппақ қудай шал кіріп келеді екен.Әлгі шал келісімен Су батырдан қазандағы етті сұрайды. Батыр: Сен өзің кімсің? Бермеймін, - деп жауап береді.

4. Керқұла атты Кендебай

Құлын күн сайын емес, сағат сайын өседі. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығады. Оны түсіне қарай Керқұла деп атайды. Кендебай атты үйретіп мініп, түн қатып жүріп аң аулайды. Керқұла өсе келе қуса жетіп, қашса құтылатын сәйгүлікке айналады. Аузымен құс тістеген ерен жүйрік болады. Кендебай алтын науаны Керқұла өңгеріп алып, жөнеліп береді. Барлық құлын оның соңынан ере береді. Бір уақытта алдарынан бір үлкен тау көрінеді. Бұл жеті басты дәу еді. Дәу теңселіп, бұларға қарай жақындап келеді. Кендебай алтын науаны жерге қояды. Құлындар науаға иіріліп тұра қалады. Ал, қолына жүз батпан шоқпарын алған батыр Керқұлаға отырып, дәуге қарай шаба жөнеледі. Бір кезде алыстан арыстанның ақырған дауысы естіледі. Кендебай Керқұланы құлындардың қасына қаңтарып тастап, дауыс шыққан жаққа жаяу жүре береді. Ілгері екі – үш аттағанда бір леп Кендебайды тартып ала жөнеледі. Батыр арыстанның апандай аузын көреді. Оны тартып бара жатқан соның лебі екен. Кендебай алты құлаш алмас қылышын көлденең ұстай қояды. Алмас қылыш арыстанды екіге бөледі. Кендебай өлген арыстанның терісін сыпырып алып, қоржынына салады да жолын әрі қарай жалғастырады. [4]

5.Бір үзім нан.

Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығады. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

- Әй, кедей, мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.

- Жоқ, алтынын өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап қайтарады кедей.[5]

3. Мақал-мәтелдерде кездесетін өлшем атаулары

1. Алтын тағың болғанша,

Алақандай жерің болсын.

2. Бір батпан алтының болғанша,

Бір табан жерің болсын.

3. Тауға сүйенген таудай бәледен аман қалады.

4. Кішкене тастан қауақтай бас жарылады.

5. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам

6. Бетегеден биік, жусаннан аласа («Алтын сақа»)

7. Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін.

8. Екі елі ауызға- төрт елі қақпақ.

9. Қарыстан сүйем жақын.

10. Қара арғымақ арыса,қарға адым жер мұң болар.

11. Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

12. Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.

13. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. [6]



















ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.3. БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕГІ БАЙЫРҒЫ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕР

1 зерттеу жұмысы.

«Елі», «сүйем», «қарыс» деп аталатын өлшемдер қазақ өмірінде үлкен рөл атқарған. А йталық, киім пішу, киім тігу, сырмақ жасау, түскиіз кестелеу, киіз басу және қолөнер бұйымдарын жасаудың бәрі де осы өлшемдер бойынша орындалып отырған. Ол көбісінде сол өңірдің қолөнер шеберінің қарыс, сүйемдерімен өлшеніп отырғандықтан, тегіс, бірыңғай, олпы-солпысы аз, бір қалыптан шыққандай көрікті әрі әдемі болып жасалған.[8]

Жобамның практикалық бөлімінде мен ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыз – көне өлшем бірліктерді пайдалана отырып алжапқыш пішіп, тіктім. Сүйем/15-18 см/, сынық сүйем/сүйемнің төрттен үш бөлігі мөлшермен 13-14 см/, қарыс/18-20/, елі/2 см/ сияқты көне өлшемдермен пішіп, қазіргі заманғы сызғышпен өлшеп, екі өлшем бірлігін салыстырдым. Өлшемдер арасындағы аса үлкен айырмашылықты байқамадым. Ата-бабаларымыз ешқандай сызғыш, борсыз, компьютерсіз дәлме-дәл керек заттарын өлшеп, қателеспей пішіп, тіге берген.


Shape2 Shape1









Shape3 1-cурет 2-cурет







3-сурет №2 Зерттеу жұмысы.

Келесі зерттеуім шамалық өлшемдерге арналды. Шамалық өлшемдерді таразыға өлшеп көріп, байырғы мөлшеріне көз жеткіздім. Бір шымшым- 5 гр, бір шөкім 10 гр, бір уыс – 60-70 гр, қос уыс – 200 гр. Бұл өлшемдер заттың ауыр-жеңілдігіне қарай өзгеруі мүмкін. Әйтседе, күнделікті тұрмыста таразыны қолданбай-ақ шамалық өлшемдермен түрлі тағамдар дайындайтын аналарымыз бар.

Shape4 Shape5











4-cурет 5-cурет

Shape6










-cурет




2.4. САУАЛНАМА

Байырғы өлшем бірліктердің бүгінгі тұрмыс-тіршілігімізде қаншалықты жиі қолданылатындығын зерттеу мақсатында мектебіміздің оқушыларына, мұғалімдеріне сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға барлығы 30 адам қатысты. Сауалнамада төмендегідей сұрақтар қамтылды.

  1. Байырғы өлшем бірліктерді күнделікті тұрмыста қолданасыз ба?

  1. Сіз жиі қолданатын байырғы өлшем бірліктер?



Сауалнамаға жауап берушелердің көпшілігі күнделікті тұрмыста мынандай өлшемдерді қолданатындығын айтқан:қадам, қарыс, адым, батпан, кез, бір аттам, бір жапырақ, бір уыс, бір жұтым, елі, тұтам, бір шымшым, алақандай.

  1. Ұлттық өнімдерімізді байырғы өлшем бірлік атауларымен айналымға шығаруға көзқарасыңыз?

Бұл сауалымызға қатысушылардың басым бөлігі қолдаймыз деп оң көзқарас танытса, кейбір оқушыларымыздың қазіргі таңда бұл өлшемдерді көп ешкім қолданбағандықтан түсініксіз болады деген пікірлері де кездесті. Біздің мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының көпшілігі өлшемдерді сирек болсада күнделікті тұрмыста қолданады екен. Қазақтың салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмаған жерде тіліміз де өз көркемдігін сақтайды деген тұжырымға келдім.














ІҮ.ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда,  өлшем бірліктердің көбі халықаралық аренада тең қолданылатындықтан, оларды өзгерту оңайға соқпас. Оның тиімділігі болады деп те айта ал­маймыз.

«Қазақ ауыз әдебиетіндегі байырғы өлшем бірліктер» тақырыбын зерттей келе, қазақ халқының батырлар жырында, мақал-мәтел­дерінде, ертегілерінде өлшем бірлік атаулары молынан кез­десетінін байқадым.
Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге болып, зерттеу жұмысыма басты бағдар, негізгі арқау болып табылды. Себебі, тіл тарихын зерттеуде, халық тілінің сөз байлығын меңгеруде байырғы өлшем бірліктерінің атауларын танып білудің маңызы зор. Байырғы өлшем бірліктерінің атаулары күнделікті өмірімізде өз маңызын жоғалтпайды, өз қызметін тоқтатпайды. Ендеше,тіліміздің жаңа дәуір талабына сай өркендеп,өсуіне бүгінгі күні мағынасы көмескіленген байырғы өлшем-бірлік атауларын қайта жаңғырту арқылы үлес қосу, дәстүріміздің, тарихымыздың, қасиетті тіліміздің жанашыры болу-бүгінгі ұрпақ, біздің міндетіміз.





Ұсыныс:

  • Байырғы өлшем атауларының қолданыстан шығып қалмай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткенін қаласақ, қазір өндірісіне ерекше көңіл бөліп жатқан қазымызды, шұбат-қымызымызды, құрт-ірім­ші­гімізді тарихи өлшемдермен атауға болады деп ойлаймын. Қымызды - сабамен (10-15 литр), сүтті - кө­некпен (6-7 литр), айранды - торсықпен (6-7 литр) айналымға шығаруды ұсынамын.

  • Зерттеу жұмысымда жинақталған мәліметтер негізінде жасалған «Байырғы қазақ өлшем бірліктері» кітапшамды қазақ әдебиеті, тарих сабақтарында және сынып сағаттарында пайдалануға болады.






 ІҮ.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1.  Кенжеахметұлы С .«Жеті қазына». 1-кітап, 3-кітап. -Алматы: «Ана тілі», 2007-136 б /1-кітап 48-58 б; 3-кітап 57-66 б /.

  2. Зейнолла Ж. «Қазақ тіліндегі өлшем атаулардың сипаты». Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршы. Шығыстану сериясы. №3 (86). 2018/129-134 б/.

  3. «Қобыланды батыр» жыры. /bilim-all.kz/olen/4899 l

  4. «Керқұла атты Кендебай» kitap.kz/audio-book/kerqula-atty-kendebay/

  5. «Қазақ ертегілері» . balaqai.kz сайты

  6. Тұрманжанов Ө, Ахметбекұлы К. « Қазақтың мақал-мәтелдері» -Алматы: «Раритет», 2004.-440 б

  7. Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала. –Астана, 2017  жыл
    8. Зейнолла Сәнік «Қазақ этнографиясы». . -Алматы: «Ән Арыс», 2016 -900 б


16



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2024
147
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі