Материалдар / Ғылыми жоба: "Қазақстан жеріндегі ежелгі тайпалардың мәдениеті мен салт-жоралары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: "Қазақстан жеріндегі ежелгі тайпалардың мәдениеті мен салт-жоралары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығы үрдісінде берілетін тәрбие ісінің тұғырын қалыптастыру. Ғасырлар бойы жинақталған халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып, ұлттық психологияның ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету. Мәдени мұра бағдарламасы ауқымында екі мың жылдық тарихымыз тарту еткен қасиетті жәдігерлеріміздің жаңа ғасырдағы алатын орнын ашып-көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
921
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин кенті

Жарық жалпы орта білім беру мектебі




Жобаны жасаушы: 9 «Ә» сынып оқушысы

Қуатжан Ажар

Жоба жетекшісі – тарих пәнінің мұғалімі

Орымбекова Перизат Маратовна.




Ғылыми жоба

«Қазақстан жеріндегі ежелгі тайпалардың мәдениеті мен салт

жоралары»

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт, тарих секциясы










С.Сейфуллин кенті - 2020 жыл.

Аннотация


Исследовательский проект основан на культуре и ритуалах древних племен на территории Казахстана, чтобы сформировать основу воспитательной работы, которая предоставляется школьникам в процессе слияния национальных ценностей и общечеловеческих ценностей, духовного и культурного наследия. Древние племена, населяющие территорию Казахстана, относятся к раннему железному веку, в том числе сакское, уйсуньское, кангюйское, сарматское, гуннское. Родина Саки практически охватывает всю территорию нынешней казахской земли, а так же Жетысуская, Тянь-Шаньская, Тарбагатайская области, кангюи - средние и нижние течения реки Сырдарья, то есть Южный Казахстан, сарматы - Арало-Каспийский или Западный Казахстан. Хотя племя гуннов перебралось в кангюи с востока, они перебрались с Арала на запад и высадились в современной Европе. Тем не менее мы считаем племени гуннов своими предками. Приводятся исторические данные историков, специальные исследования древних племен в Казахстане. Чтобы открыть место наших священных реликвий в новом столетии, которое было представлено нашей двухтысячелетней историей на протяжении всей программы культурного наследия. Доказывая исторический фон нашей национальной идентичности, раскрывая культурные достижения древних племенных объединений в казахских степях, он доказывает важность национального образования для молодого поколения как важного инструмента укрепления позиции нашего национального единства, который постепенно исчезает.








Мазмұны


І. Кіріспе…………………………………………………..............................4 – 5

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақ жерінде мекендеген ежелгі тайпалар туралы жалпы мәлімет – хронологиялық шегі, мекендеген аумағы, тайпа атаулары...................................................................................................................6

2. 2. Мәдениет, оның мазмұны, адамзат тарихындағы рөлі, мәдениеттің түрлері, даму сатысы...............................................................................................7

2. 3. Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн мәдениетінің жәдігерлері – баға жетпес асыл мұрамыз.....................................................................................................8-11

2.4. «Мәдени мұра» бағдарламасының тәрбиелік мәні......................................12

ІІІ. Қорытынды......................................................................................................13

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................14
















І. Кіріспе


«Қазақстан жеріндегі ежелгі тайпалардың мәдениеті мен салт жоралары» атты ғылыми жобаны таңдаған себебім, өткен сабақта мұғалім бізге темір дәіріндегі ежелгі тайпалардың мәдениеті жөнінде сұрақ қойған болатын. Мен сол сұраққа жауап беруге қиналдым. Сол себепті осы тақырыпты зерттеп, оны тереңірек түсінсем деген ой келді. Осы тақырыпты зерттеу үшін, өзім ғаламтор желісінен ақпараттар ізденіп, түрлі мағлұматтар жинап, тақырыпты аша білдім. Егер мен осы тақырыпты таңдап алмағанда мен бұл тақырыпты түсінбейтін едім.

Жобаның өзектілігі: ұлттық құндылықтар – Ана тіліміз, Ата тарихымыз, Төл мәдениетіміз, Ұлттық дәстүрлеріміз негізінде менің замандастарыма берілетін тәлім мен тәрбие ісінің нәтижесінде біз бойымыздағы ұлттық санамызды, намысымызды мінез-құлқымызды және дүниетанымымызды қалыптастыра аламыз. Туған топырағымызда ежелден өмір сүрген – сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының қалдырған мәдени мұраларын оқып-үйрене, зерттеп-біле отырып, парасатты да білікті, мәдениетті де білімді болып шығамыз, таным көкжиегіміз кеңейеді.

Жобаның мақсаты: мектеп оқушыларына ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығы үрдісінде берілетін тәрбие ісінің тұғырын қалыптастыру. Ғасырлар бойы жинақталған халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрып, ұлттық психологияның ерекшеліктері мен мазмұнын ашып көрсету. Мәдени мұра бағдарламасы ауқымында екі мың жылдық тарихымыз тарту еткен қасиетті жәдігерлеріміздің жаңа ғасырдағы алатын орнын ашып-көрсету.

Жобаның мақсатына байланысты мынадай міндеттері алдыма қойдым: 

  • жоғарыда аталып кеткен ұлттық құндылықтар арқылы ата-баба тарихына құрметпен қарауды, өз ұлтымыздың дәстүр-салтын, әдебиеті мен мәдениетін жетік білуді, тарихи саналылықтың жоғары деңгейіне жетуді, паториоттық ұстанымымызды қалыптастыруды қамтамасыз ету;

  • ерте темір дәуірі тайпаларының мәдени жетістіктері туралы мектеп оқушылары мен тағы басқа қызығушылық танытар жандарға тың тұжырымдар тізбегін ұсыну;

  • біздің ұрпақтың адами және рухани болмысымыздың негізін жағымды жағынан қалау үрдісін үзбей жалғау.

Жобаның жаңалығы: қазақ даласында ежелден өмір сүрген тайпалық бірлестіктердің мәдени жетістіктерін ашып-көрсету арқылы ұлттық болмысымыздың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп, бүгінгі таңда біртіндеп жоғала бастаған ұлттық бет-бейнеміздің тұғырын берік етудің маңызды құралы ретіндегі – өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісінің маңыздылығын дәлелдеп шығады.

Зерттеу әдістері: 

  • дереккөздермен жұмыс;

  • интернет материалдарын пайдалану;

  • баспасөз беттерінен деректер іздеу;

  • табылған, қол жеткізген материалдарды талдау, талқылау, ой елегінен өткізу, салыстыру, т.б.














2.1. Қазақ жерінде мекендеген ежелгі тайпалар туралы жалпы мәлімет – хронологиялық шегі, мекендеген аумағы, тайпа атаулары.


Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі тайпалар – сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларының өмір сүру кезеңі ерте темір дәуіріне жатады. Ерте темір дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б.VIII ғасырдан – б.з.V ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Оның ішінде сақтар – б.з.б. VIII – III ғасырларда өмір сүрсе, үйсіндер – б.з.б.III – б.з.V ғасыр, қаңлылар – б.з.б.III –II – б.з.V ғасыр, сарматтар – б.з.б.III – б.з.V ғасыр, ғұндар б.з.б.III –б.з. IV ғасырларда өмір сүрген. Сақтардың ата мекені қазырғы қазақ жерінің аумағын тұтас дерлік қамтып жатса, үйсіндер – Жетісу, Тянь-Шань, Тарбағатай өңірлерін, қаңлылар – Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысын, яғни Оңтүстік Қазақстан жерін, сарматтар – Арал-Каспий аралығын, немесе Батыс Қазақстанды мекендеген. Ал ғұн тайпалық бірлестігі қаңлылар жеріне Шығыстан келіп қоныс тепсе де, ол жерлерде байырқаламай, Арал бойынан Батысқа қарай жылжып, тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» атымен қалған зор оқиғаға себепші болып, қазырғы Еуропа жеріне табан тіреген еді. Әйтсе де, біз ғұндарды өзіміздің арғы ата-бабаларымызға жатқызамыз. Оған дәлел ретінде Мағжан Жұмабаевтің «Пайғамбар» деген өлеңін алуға болады, ақын ол өлеңінде « ... ғұн – түркілердің арғы атасы» деген тұжырымын жария еткен. Ғұндар Ұлы дала төсін құр тастамай, түркі тілдес халықтар деп аталатын өз ұрпақтарының құт мекені етті.









2.2. Мәдениет, оның мазмұны, адамзат тарихындағы рөлі, мәдениеттің түрлері, даму сатысы.


Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етіп, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуде пайда болды. Тас дәуірі кезеңінен бастап табиғатпен қоян-қолтық өмір сүрген адам баласы өзінің даму барысында мәдениеттің бастапқы қарапайым түрінен адам ойының небір таңғажайып туындыларына дейінгі жетістіктерді дүниеге әкелді. Мәдениет – адамның ақыл-ойы, іс-тәжірибесі, тұрмысы, жасап шығарған дүниелері, пайдаланған заттары, т.б. Адам ақыл-ойының туындысын – рухани мәдениетке жатқызсақ, тұрмыстық жағын – материалдық мәдениетке жатқызып, жалпы мәдениетті – екі салаға бөлеміз, рухани және материалдық. Мәдениеттің адамзат тарихындағы рөлін бір ауыз сөзбен – қоғам мен адамның тарихи дамуының деңгейі деген тұжырыммен түйіндеген дұрыс.Яғни, мәдениеті қаншалықты жоғары болса адам да, қоғам да соншалықты деңгейде жетілген, дамыған деп қорытынды жасауға болады. Адамзат баласы мәдениетінің дамуы ұзақ та күрделі кезеңдерден өтті, бүгіндері ол адам баласын Мәңілік өмірге бастап барады. Мәдениеттің алғашқы белгісі – ежелгі адамдардың діни наным-сенімдерінен көрінеді.

Табиғат құбылыстарының себебін дұрыс түсіне алмаған тас дәуірінің адамдары әлдебір құдіреттің барлығына шек келтірмей сеніп, сол құдіретке табына бастады, құдайлар туралы аңыздарды ойлап шығарды. Адам санасы жетілген сайын мәдени өмірдегі өзгерістер де көбейе түсті, оның мазмұны байып, жаңа сипатқа, жаңа түрге айнала бастады. Адам өмірінің барлық жағын қамтитын мәдени көрсеткіштердің тізімі де арта түсті. Адам ақыл-ойының жемісі – мәдениет ұғымының маңызы өте зор. Десек те, мәдениетті жасаушы адам ғой, адам қоғамда өмір сүреді, яғни мәдениет адам мен қоғамның жемісі.


2.3. Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн мәдениетінің жәдігерлері – ата-баба қалдырған асыл мұра.


Сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпаларынан бізге жеткен мәдени мұра

қатарын екі салаға бөліп қарастырамыз. Біріншісі, рухани мәдениетін көрсететін жәдігерлерге келсек аталған тайпалардың барлығына ортақ дүние – олардың діни наным-сенімдерінде жатыр. Сақтарда әлемнің құрылымы туралы түсінік қалыптасқан, олардың ойынша әлем 3 бөліктен тұрады және әлемнің 4 бұрышы болады. Осы бір ғарыш туралы түсінік Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінде бейнеленген – күн, қанатты 4 пырақ, 4 алтын жебенің суреті. Бір атап өтетін жайт, сақтардан басқа тайпаларда мұндай мазмұндағы деректер жоқ, бұл олардың мәдени мұраларының әлі толық зерттелмеуінің салдары ма деп ойлаймын. Ата-баба аруағына сиыну бағытындағы нанымдар мен әдет-ғұрыптар барлық тайпаларда ортақ, қай тайпа болмасын арнайы рулық, отбасылық зираттарға мәйітті оның дүние-мүліктерін қоса жерлеген, өлген адамның аруағына сиынып, о дүниеде қайта тіріледі деген сенімде болған. Ер адамдардың жанына қару-жарақтарын, тұрмыстық заттарын қойса, әйел адамдардың жанына көбінесе әшекей бұйымдары мен әсемдік заттарын қойған. Тарихи деректерді саралай қарап отырсақ рухани мәдениеттің тағы бір көрінісін қаңлылардан көреміз: «... қаңлыларда ән-күй, музыка, би өнері жақсы дамыды, қос ішекті және бес ішекті музыкалық аспаптары мен сыбызғылы сырнайлары болған». Көрші елдердің деректерінен «Биші бикеш» атты өлең де мәлім, яғни қаңлылардың рухани мәдениетінің өзіндік өзгешелігі бар, мен бұл арада қазақтың қасиетті музыкалық аспабы – домбыраның қаңлылардан тарағаны туралы гипотезаны батыл ұсына аламын, шынында да түркі тілдес халықтар арасында кездесетін қос ішекті аспап – қырғыздарда домра, түркімендерде дутар, өзбектерде най, қазақтарды домбыра неге қаңлылардың аспабы болмасқа, нағыз зерттеп, дәлелдеуді қажет етіп тұрған тарихи деректің өзі ғой.Сондай-ақ ежелгі тайпалардың барлығы да жаратушы күшке, отқа, күнге табынған. Сақтар от пен күнді жылқымен байланыстырған екен, бұндай наным-сенімдерге біз бүгіндері куә болып та жүрміз. Баланы бесікке бөлеген кезде апаларымыз бесікті арша жағып, отпен аластайды, жын-шайтан ұяламасын деген ырыммен, жаңа үйге кіргенде де бұрыш-бұрыштың барлығын отпен аластап шығады, оттың құдіретіне табыну ырымы біздің заманға да жеткенінің дәлелі. Жылқы малын біздің қазақтай қадірлейтін халық жер бетінде жоқ шығар, түліктің осы бір түрімен байланысты құрмет сезімін біз бала күнімізден бастап бойға сіңіріп өсеміз. Қайтыс болған адамның жылын бергенде оның төл атын жылдығына сойып, кейін бас сүйегін зират басына іліп қоятын салтты бәріміз де білеміз, бұл да жылқы малына деген ерекше құрметтің бірі, аты мен иесі о дүниеде де бір-біріне серік деген ырым, ежелгі тайпаларда да бар екен. Ежелгі тайпаларда жеткен рухани мәдениеттің тағы бір көрінісі – құрбандық шалу, ата-баба аруағына арнап, табиғаттан тыс құдіретті күштерге табынып, құрбандық шалынған. Жаңа ғасырда өмір сүріп келе жатсақ та, құрбандық шалу, тасаттық беру ырымдарын ұмытпаған қазақ халқын ежелгі тайпалардың ұрпақтары емес деп айта аласыз ба?! Тайпалардың салт-жоралары да қазағымның қанмен дарыған қадір-қасиеттерінің өзегі, мысалы гректер сақтарды әлемдегі ең шыншыл, ең әділ халық деп есептесе, қазақ халқының осы қасиеттері біздің беделімізді әлі күнге дейін түсірмей келеді, ғұндардағы ақсақалдар кеңесі қазақ аулында кешегі күнге дейін өз өкімін жүргізгенін білеміз. Ғұндар секілді табиғат аясында дүниеге келген кез келген қазақ сол табиғаттың аясында тіршілік еткенде бап таңдамаған, қоршаған ортаның ыңғайымен өмір сүрген. Осы арада аса бір мақтанышпен атап өтетін жай бар, ол – сол кездегі тайпалардан бізге жеткен баспана киіз үй. Материалдық мәдениеттің негізгі түріне жататын баспана – киіз үй, қазақ халқының ғасырлық серігі, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз баспана ретінде киіз үйді пайдаланса, барлық бөліктері мал өнімдерінен жасалған, күнделікті ішіп-жем тағамдарын, киім-кешектерін де мал өнімдерінен алған. Ұлы дала төсінде көшіп-қонып тіршілік еткен ежелгі тайпалардың барлығы да осылай еткен. Ұрпақтар сабақтастығына осыдан артық қандай дәлел болмақ.

Ежелгі тайпалар қалдырған мәдени мұраның енді бір саласы - материалдық мәдениетке жататын ескерткіштер. Сіздерге ұсынып отырған ғылыми жобамда материалдық мәдениет ескерткіштерін тұтасымен, толық етіп, егжей-тегжейлі, бүге-шігесіне дейін қалдырмай баяндап шығуды мақсат етіп алмағаныма көңіл аударуларыңызды өтінемін. Ежелгі тайпалар мәдениеті туралы жобаның басты мақсаты ұрпақтар сабақтастығы бағытындағы мәселелерге тоқталу. Бүгінгі Қазақстан Республикасының негізін құрайтын – қазақ халқының сол ежелгі тайпалар ұрпақтары екендігін ашып беріп, дәлелдеп көрсету. Бұл мәселені рухани мәдениетке байланысты зерттеулерде толыққанды көрсетуге мүмкіндік мол, ал материалдық мәдениет ескерткіштері бойынша сабақтастық, мәдени мұра төңірегіндегі сұрақтарға жауап табу қиынға түседі. Сонда да мен бұл жобамда кешегі мен бүгінгіні байланыстыратындай деректерге шолу жасап көрейін. Ең әуелі әрбір тайпаның атын шығарған, даңқын асырған археологиялық ескерткіштерді атап кетсем бе деймін, олар сақтарда – «Алтын киімді адам», үйсіндерде – Қарғалы диадемасы (тәті), ғұндарда – «полихромдық стиль», сарматтарда – екінші алтын адам (сармат көсемі). Қаңлы тайпасында мұндай жәдігерлер әзірге табылмаған. Сақ мәдениетінде сәндік сипатта қолданатын «аң стилі» өнері жақсы дамыған, «Алтын киімді адамның» бойынан осы үлгідегі 4000 астам әшекей табылған, барлығы да қазақ даласында кездесетін аңдар мен жануарлардың бейнелері. Ғалымдар «алтын адам» бейнесіне қарап, жауынгер сақ тайпалары қазақ халқының негізін қалаған деген тұжырымға келген. Үйсіндерден табылған тәті (диадема) Есік қорғанынан табылған сақ патшасының бас киіміне ұқсайды, ондағы пырақты аттар күнді бейнелейді, жылқы немесе аттар бейнеленген әшекейлер қазақ даласын мекендеген тайпалар арасында мәдени үндестік болғанын дәлелдейді. Ғұн мәдениетіндегі «полихромдық стиль», безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар заттар жапсырған, әдісімен жасалынған аңдар мен жануарлар бейнелері де сақ мәдениетіндегі «аң стилі» бағытындағы өнімдерге мейлінше ұқсас. Сарматтардан табылған екінші алтын адамның да сақ, үйсін, қаңлы, ғұн ескерткіштеріне ұқсастығы негізінде Қазақстан жерінде мекендеген ежелгі тайпалардың арасындағы мәдени байланыстың болғанын дәлелдеуге болады. Қазақстан жеріндегі ежелгі тайпалар біздің ата-бабаларымыздың нағыз өзі екендігін дәлелдейтін тарихи деректер қатары көп болса да, мен бұл жобамда жарыққа шығарған дүниелеріммен тоқталуды жөн көрдім























2.4. «Мәдени мұра» бағдарламасының тәрбиелік мәні.


Елбасымыздың тапсырмасын басшылыққа алып, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының кемелді келешегін қамтамасыз ету ісі пәрменді түрде жүзеге асырылуда. Еліміз тәуелсіз даму жолында, біртіндеп дамыған, гүлденген, өркениетті елдер қатарына қосылып келеміз. «Мәңгілік ел» болу идеясының да жарыққа шыққанына көп уақыт өткен жоқ, жалпы бұл идеяны өмірдің өзі дүниеге әкелген дер едім. Идеяны шындыққа айналдырып, ақиқатқа айналдыратын біздің ұрпақ, ал бізге – өз еліміздің өткен тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жете білу міндет, өткенді білмей келешекті болжау қиын, сондықтан да еліміздің тарихын жатпай-тұрмай оқып-үйренуіміз керек. Бұл істі «Мәдени мұра» бағдарламасына сүйене отырып, барлық қазақстандықтар қолға алғаны жөн. Қазақстан тарихы – Отан тарихы, туған Отанының тарихын білмесе АҚШ сияқты елдерде азаматтық берілмейді екен, сондай үрдісті бізге де енгізу қажет. Тарихқа, оның ішінде Отан тарихына енжар, немқұрайды қарайтын отандастар жеткілікті, солардың санасын ояту міндетін нәтижелі атқарып келе жатқан Мәдени мұра бағдарламасының тәрбиелік маңызы өте зор. Ұлттық құндылықтар жүйесін насихаттайтын бағдарлама біздің ұлттық санамыздың қалыптасып, дамуы мен жетілуіне мейлінше қолайлы жағдай туғызады. Төл тарихымызды мақтан тұтатын менің құрдастарымның қатары көбейе берсін.










III. Қорытынды.


Таңдап алған тақырыппен жазылған ғылыми жобамада жоспарланған

дүниелерімді тегіс қамтып, ашып шықтым деген ойлаймын. Негізгі мақсатым қазақ даласын мекендеген ежелгі тайпалардың біздің ата-бабаларымыздың қатарына жататынын дәлелдеп шығу болса, мақсатыма жеттім деп санаймын. Мен өз мүмкіндігімше жұмыс істедім, жеткешім – тарих пәнінің мұғалімі Перизат Маратовна берген оқулықтар, журналдар, тағы басқа да жазбаларды оқып-қарап шығып, интернетке кіріп өзіме қажетті материалдарды теріп, көшіріп алдым. Ғылыми жобамның кемшіліктері бар екендігіне келісемін, бірақ бұл менің алғашқы жасаған жобам екендігін ескерсеңіздер деймін, келесі жолғы жобамда сіздердің ескертулеріңізді қалт еткізбей орындап, жұмысымның сапасын жақсартуға уәде беремін.


















ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі


1. Қазақстан тарихы.  5 томдық. 1 том. –Алматы, 1996.

2. Акишев КА., Кушыев Г.А. Древняя культура саков  средней долины реки –Алматы, 1963.

3. Жолдасбайұлы С.  Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. – Алматы, ”Ана тілі”. 1995. –176 бет.

4. Әлиев Ө.Ә. Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы. – Шымкент, 2005, 85 б


 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!