Аннотация
Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді. Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы.
Аннотоция
Для того, чтобы перейти на латинский алфавит, государство дает большие возможности. Если подойти к чистоте языка, то нужно сократить неизвестные знаки, тогда за счет этого есть возможность сохранить природную чистоту казахского языка. Для изучения казахского языка, нужно исключить ненужные знаки, тогда со школьной программы будет легче изучать латинский алфавит.
The summary
The transition to the Latin alphabet will allow us to expand the application of the state language in. With regard to the purity of the language, the sounds and letters marking, competitions, Olimpiads, reducing thereby obtain the ability to store pure natural style og the Kazakh language. The home has decreased more than for signs of the rules of spelling of the Kazakh language, the learning process in an education al institution, from schools and everything will be easier. The transition to the Latin alphabet the way our national consciousness tarsitano.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
-
Негізгі бөлім
-
Латын алфавитінің шығу тегі.
-
Латын графикасына көшу - рухани жаңғырудың басты құндылығы.
2. Қорытынды бөлім
-
2.1 Латын тілінің ғылымдағы маңызы.
2.2. Жаңғыру жазудан басталады.
-
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Латын әліпбиі бүкіл дүние әліпбилерінің тұғыры деп ойлаймын. Сондықтан әліпбе жасауда таза латын әліпбиінің өз заңдылықтарын негіз еткеніміз жөн. Сонымен қатар кирилица латын факторының әсерінен бүкілдей арылуымыз керек. Немесе қазіргі кириль әліпбесін мүлде жоқ деп есептеп, таза латын топырағынан таза қазақ тіліне 100 пайыз сай әліпбе жасауымыз керек. Қазіргі таңда Ағылшын тілінің дүниені жаулауының бір себебі де осы жолды мықты ұстанғанында. Сол себепті қазақ әліпбесінің болашағы ретінде қазақтың тілдік дыбыстың заңдылығы латын графикасындағы әліпбиді қолданысқа енгізу керек деп санаймын.
Зерттеу жаңалығы: ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, аса маңызды мәселе ретінде алға қойылған тұста – Ахмет Байтұрсынұлы ұлт тілі мәселесіне өте жауапкершілікпен қарап, өзінің ұзақ жылдар бойғы төлеңбегі – арап графикасы негізінде жасалған «Төте жазу» әліпбесін жарыққа шығарды. Сонымен қатар осыдан бастау алып, қазақ әліпбесі түрлі саясаттардың қажетімен түрленіп жаңара берді.
Зерттеу әдістемесі: Осы тақырыптың бізді қызықтырғаны, қазіргі таңда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймын деп айтқан пікірі. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз. Сол мақсатта жүргізіліп жатқан жаңа жобалар ойландырды.Көптеген ғалымдардың пікірін ескеретін болсам, латын әліпбиіне көшу соншалықты қиындық тудырмайды.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыстың негізгі бөлімі үш тараудан тұрады. Латын алфавитінің шығу тегі, латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың басты құндылығы, латын әліпбиіне көшу өмірдің қажеттілігі жайында түсінік бердік. Жұмыс қосымша ақпараттармен құрылған жоба.
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді. Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Зерттеу объектісі: латын алфавиті.
Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі. Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді. Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден - араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші—латын әліпбиі(1929-1940 жж.), үшіншісі - кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз). Латын тілінің шығу тегіне келсек Рим өркениеті 2 мың жыл бұрын пайда болса да, біз ежелгі римдіктердің өмірі туралы көп нақтылы мәліметке иеміз, бірақ бұлардың барлығы тарихи фактілер емес. Ол көбінесе аңыздармен, ертегілермен, риторикалық қиялдармен тығыз байланысты (кейде тіпті әдейі бұрмаланған). Мысал ретінде Тит Ливийдің «Со дня основания города» атты 142 кітаптан тұратын монументтік шығармасы алынады, кезінде ол замандастар арасында үлкен беделге ие болып кеңінен тарағанын айтуға болады. Археологиялық қазбалар адамдардың Италияда палеолит дәуірінен бастап пайда болғанын нақтылайды. Олар үңгірлерде өмір сүріп, аңшылықпен айналысқан. Шамамен б.з.д. 1800 жылы түбекте солтүстіктен келген жаңа қоныстанушылар пайда болды, олар өздерімен бірге «террамаре» мәдениетін ала келген (итальянша –қара, майлы жер). Рим құрылғанға дейін Италияға Еуропаның басқа елдерінен түрлі халықтар қоныс аударған. Шамамен алғанда б.з.д. 2000 жылдан бастап орталық Еуропаның қоныстанушылары Альп тауларынан өтіп, көбінесе Италияның солтүстік-батысында тұрақталған (олардың ішінде қазір латындар деп аталатын тайпалар да бар).
Кейбір қоныстанушылар, «финикийліктер» деген атпен таралған тайпалар тобы, Сицилияға, Сардиния мен Корсикаға Солтүстік Африкадан қоныс аударған. Шамамен, б.з.д. 750 жылы Грециядан шыққан қоныс аударушылар оңтүстік Италия мен Сицилияның жағалауында тұрақтала бастаған. Бұлардың осы аудандағы ықпалы басым болғандықтан, римдіктер бұл ауданды «Ұлы Греция» деп атаған. Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. ҮІІғасырдада Римде грек және этрус әліп-биінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Әліпбиге б.з.б. 230 жыл-дары G,Y және Zәріптері енген, соңғы екеуі грек тілінен кірген сөздер үшін алынған, ал J,U, W әріптерінің қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Амери-ка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 32 әріп бар.
1.2. Латын графикасына көшу- рухани жаңғырудың басты құндылығы.
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынып отыр. Бұл мәселелерде де қарама қайшылықтар бар. Дегенмен де, диалектика заңдылығы бойынша қарама-қайшылықсыз даму жоқ. Сол үшін бұл – заңды құбылыс. Қазақ жазуын латын графикасына көшіруде қазақ зиялылары екіге бөлінді. Бірі – графиканы көшіруді қолдаса, екіншісі – кириллицада қалғанды жөн санап отыр. Қазақ жазуы туралы Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады...» деп, графиканы өзгерту мәселесіне өзіндік ойын ашық айтып, қолдайтынын нақты түрде жеткізген.
Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп жетілген қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстыру – мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге оң әсер етеді, қазақ тілінің табиғатына айрықша мән беріп, қазақ тілін үйренуге құлшыныс танытады. Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар. Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазірде өлі тілдерге айналған тілдермен танысуға немесе қазіргі тілдердің ертедегі қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу - тіл білімі ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы, археология мен этнография үшін де айрықша маңызды. Жазудын, жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады:
1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу. Әріп жазуының таралуы біздің заманымызға дейінгі I мың жылдықтың алғашқы ғасырларынан басталады. Араб алфавиті дауыссыздар мен жартылай дауысты әріптерден құралған. Араб жазуы құрылысы жағынан флективті, сөздерінің түбір құрамы консонантты болып келетін семит тілдері үшін қолайлы болғанмен, басқа тілдер үшін жанасымды бола алмады. Араб жазуы түркі тілдерінде сөйлейтін халықтарға ертеректе тараған болатын. Араб жазуы түркі тілдерінің дыбыстық құрамына, яғни агглютинативті сипатына сай келмеді. Сондықтан оны түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар өз тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне ыңғайластырып өзгертті, қосымша әріптер мен диакритикалык белгілер енгізді. Қазақ тілі – түркі тілдері тобындағы біршама жас тіл екеніне қарамастан, дамудың күрделі процестерінен өткен, құрылымы әр түрлі тіл. Қазақ тілінің фактілері оның осы күнгі ұлттық дамуында үш негізгі тармақ бар екенін көрсетеді. Олар: 1) әр түрлі стильдік салада қолданылатын жазба және ауызша түрлері бар әдеби тіл; 2) жергілікті немесе әлеуметтік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен говорлар; 3) жалпыхалықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі. Осы күнгі ұлт тілінің жоғарыда айтылған үш тармағын тек кейінгі заманда пайда болған деп қарауға болмайды. Оның негізі халық тілі қалыптасқан кезде салынған. ХҮ – ХҮІ ғасырлар мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы қазақтың халық тілі де үш тармақтан: 1) ауызша әдеби тілден; 2) жергілікті диалектілер мен говорлардан; 3) ауызекі сөйлеу тілінен тұратынын көреміз. Қазақ жазуының өзіндік даму тарихы бар. Оның бірнеше рет өзгеріске ұшырағаны тарихтан аян. Қазақ жазуының дамуына көптеген ғалымдарымыз зор үлесін қосты. Солардың бірі – А.Байтұрсынов. Ол 1910 жылдардан бастап қазақтың жазу таңбасын ретке келтірумен шұғылданады. Бұрыңғы араб жазуын сол қалпында қолданудың қолайсыздығын ескеріп, енді оны қазақ тіліне икемдеп жөндей бастайды. Қазақ дыбыстарының табиғатын терең зерттей отырып, оларды білдірмейтін араб таңбаларын алмау, ы, е, и, о, ұ, ү дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, тұтас сөздің жіңішкелігін білдіру үшін (к, г дыбыстарынан басқа дыбыстар арқылы жасалған сөздерде) сөздің алдынан дәйекше қою қажеттігін дәлелдейді. Араб жазуын қазақ тілінің дыбыс заңдылықтарына сай осылайша реформалау нәтижесінде «Жаңа емле» деп аталатын қазақтың әліпбиі пайда болды. Әліпби мен оған лайықталған жазу жүйесі 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ оқығандарының тұңғыш съезінде қабылданды. Бұл әліппені қазақ халқы 1929 жылы латын әліппесіне көшкенге дейін пайдаланады. Ол графиканың қазақ тілінің дыбыс ерекшелігіне, үндесу заңдылығына негізделіп жасалғандығын осы күнгі лингвист ғалымдар дәлелдеп отыр. А.Байтұрсынұлының пікірін М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, А.Байтасұлы, І.Ахметұлы, т.б. қолдады. Бір елдің жазуын өзгерту оңай шаруа емес. Бірнеше рет жазуды өзгерту арқылы халық жаппай сауатсызданады, өткенінен қол үзеді. Ол отарлау саясатын жүргізген мемлекеттерге тиімді болса да, жергілікті халықтар үшін саяси-экономикалық және мәдени мен ұлттық сананың құлдырауына әкеледі. Кеңес үкіметі осындай мақсаттағы миссиясын 1924-1940 жылдар аралығында жүзеге асырды. Мұны Алаш зиялылары жақсы түсінді. А.Байтұрсынұлының төте жазу жобасының да ғұмыры ұзақ болмады. А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынды. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады. «Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде?» деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келді. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті.Сөйтіп латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткі жайтқа негізделді. Осылайша қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Ғалым М.Мырзахметұлы: «1924-1940 жылдар аралығында ұлт зиялыларының қарсылығына қарамай латын жазуын зорлықпен алдырды. Әрине, латын жазуын алдыру уақытша саяси маневр болғанын біз білеміз. Негізі сонда қаланған қазақша бейімделген латын жазуынан несіне жерінеміз. Бүкіл түркі халқы латын жазуына көшіп жатқанда біз не себепті олардан оңашаланып бөлектенеміз. Біздің тегіміз түркі халықтарының тобына жатады...» деп, латын графикасына көшу – заман талабы екенін айтады. Осы жылдары еліміздегі түркі тілдерінде сөйлейтін басқа халықтар латын алфавитіне көшті. Латын алфавитінің сауат ашуда болсын, баспа ісінде болсын, араб жазуы негізіндегі алфавитке қарағанда, әлдеқайда прогрестік маңызы болды. Латын алфавитіндегі әрбір әріп өзінің жеке тұрғандағы қалпын сақтайды. Бұл алфавиттің құрамында 29 әріп берді. Сол кездегі латын графикасындағы алфавит сауатсыздықты қысқа мерзім ішінде жоюға көмектесті. Кейін 1940 жылы қазақ халқы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті қабылдады. Орыс алфавитіндегі 32 әріп түгелдей қабылданып, оған қоса орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынды да, әріп саны 40-қа жетті. Оған екі таңба (ь-ъ) қосылды. Міне, содан бері крилиицамен жазудамыз. Сол кездегі қазақ жазуының мәселелерін көтеріп, оны шешу жолдарын Алаш зиялылары «Дала уалаяты», «Айқап», «Қазақ» баспасөз беттерінде жариялады. «Жазу тәртібі», «Тіл сақтаушылық», «Оқу мәселесі», «Школдарда ана тілімен оқыту», «Туған тілге» және т.б. осындай мақалалар мен өлеңдер жарық көрді. Осындағы жарияланған мақалалардың көздеген мақсаты бір ғана еді. Ол – қазақ тілінің табиғатын бұзбау, акустика-артикуляциялық заңдылығын ұстау. Қазақ тілінің үйлесімділік заңын сақтау. Бәлкім, сол кезде зорлықпен кириллицаны енгізбегенде, қазірде латын графикасына көшу қажеттілігі тумас та еді.
Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерткенде мына мәселелерді басты назарда ұстаған:
-
араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қосымша таңбалар ендіру;
-
араб әліпбиіндегі (алфавитіндегі) қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді қолданыстан шығару;
-
араб жазу заңдылығына тән харакат, ташдид, сукун, тануин сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау;
-
үш дауыстыға ғана негізделген араб әліпбиіндегі дауыстылар жүйесін қазақ тілінің үндестік заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру;
-
ұзақ ғасырлар бойы «ескі тілде» қызмет етіп, «бөтендік сипатта» болған жазу жүйесін барша қазақтың түсінікті сөйлеу тіліне бейімдеп, негіздеу.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білеміз. VI-VII ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қолданылды. Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.
V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлығының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды. Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құжаттары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді. Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руникалық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.
Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби - «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.
1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.
Латын графикасының жобасын А.Байтұрсынұлының осы қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманауи тілге сай жасауымыз қажет. Сонда тіл тазалығы сақталып, әріп сандары кемиді. Осылайша компьютерге сыйымды болады. Оның үстіне түрік халықтарымен ортақ графика шығып, саяси-мәдени қарым-қатынасымыздың дамуы оңай өрбиді. Сондай-ақ санамыздағы күнде әсер етіп отырған кеңестік идеология мен дүниетанымнан арыламыз. Алаш зиялыларының ана тілін дамытудағы идеологиясын ұстана отырып, Елбасының «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады!» деген сөзін жадымызда түйіп, мемлекеттік тілдің жаңа даму сатысына жетелейтін латын графикасына көшу мәселесі – уақыт талабы тудырған тарихи, рухани қажеттілік.
-
Латын тілінің ғылымдағы маңызы

Мына сызбанұсқада латын әліпбиінің әлемде таралуы көрсетілген. Қою-жасылмен латын әліпбиі ресми (немесе де-факто ресми) жазу болатын елдер; ал ашық-жасылмен - латын әліпбиі басқа жазулармен қатар пайдаланатын елдер көрсетілген. ЛАТЫН ТІЛІ, үндіеуропа шоғырының италиялық тобына жатады. Б.з.б. 6 ғасырда Рим говоры ретінде пайда болып, Жерорта теңізінің батысындағы елдерді қамтыды. Римдіктердің Галлия, Иберия түбегін, Солтүстік Африка, Британия, Норик, Паннония және Дакияны жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады. Ол үнді-парсы және хетт тілдеріне жақын. 9- ғасырдада Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен 15-16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тілі италия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан, португал, ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін қалыптастырды. Плавт (б.з.б. 254 - 184) комедиялары (20-ға жуық) ең көне туынды ретінде танылды. Цицерон мен Цезарь (“Commentarіі de bello Jallіco”) прозалары, Вергилийдің поэзиясы классикалық Латын тілінде жазылған.Латын тілі – ғылым мен техниканың тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Біріншіден, латын әрпі бүкіл әлемнің қатынас белгісі болып отыр. Демек, дүниежүзі халқының 80%-ы қолданатын латын әліпбиіне көшу озық инновациялар мен технологияларға бір табан жақындатып, өркениетті елдермен байланысымызды жақсартып, экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бет-бедерін сақтап қалуға оң әсерін тигізеді.Екіншіден, түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени жақындасуының бірден-бір жолы. Олай дейтініміз, қашан да әріп ауыстырудың әлеуметтік маңызынан гөрі, саясилығы басым болып келген. Мәселен, біз көне түркі жазуымыз бола тұра, араб әліпбиінде жазуға мәжбүр болдық. Өткен ғасырдың басында бүкіл исі мұсылман халқы араб әрпінде отырдық. Қызыл империяның көсемі И.Сталин бір-бірімізден ажырату үшін қазақ халқын латын әліпбиіне ауыстырып жіберді. Сол тұста араб әрпінде отырған Түркия қазақтармен арадағы рухани байланысты үзіп алмау үшін шұғыл түрде латынға көшті. Е.В.Сталин бұған қарсы дереу шара қолданып, латын әліпбиінде отырған бізді кириллицаға көшірді. Яғни 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзеге асырылды. Ал латын әліпбиінен бүгінгі кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, ол 1940 жылы толық аяқталған болатын. Ал өзінің туған халқы Грузияны, оның көршісі Армяндарды төл әріптерінде қалдырды. Міне, бұдан шығатын қорытынды, латынға көшу – көк түркінің ұрпағының еркіндік ауасымен тыныстауына мүмкіндік туғызбады. Астана. 20 мамыр. Baq.kz - Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. Еуропалық тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін құрайтын латын лексикасымен танысу студенттердің ой өрісін кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға беруге үйретеді. Латын тілін оқыту арқылы гуманитарлық факультеттердің болашақ мамандарының кәсіптік дайындалуының негізі қаланады, сондықтан студенттер тілдің грамматикалық құрлымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін терең меңгеру керек.Аудару техникасын үйретуде латын тіліндегі еркін сөз тіркесінің тәртібі, тұйық рай және есімшелі орам үлкен қиындық келтіреді, сондықтан да оқырмандар басынан бастап аударудың негізгі ережелеріне міндетті түрде сүйенудің маңызы зор екендігін ұғыну қажет
«Қазақ тілін латын алфавитіне көшіру – ішкі қажеттілік»
– Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Қазақ халқы кеңестік қызыл империяның пәрменімен ХХ ғасырдың 20-30 жыл ішінде 3 рет әліпбиін (алфавитін) ауыстырған екен. Мұның астарында халықтың ғасырлар бойғы жинақталған бай рухани тарихын біржолата ұмыттыру, отарлау, орыстандыру, жалған «сауаттандыру», мәңгүрттендіру саясаты жатқандығын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.1929-1940 жылдар аралығында ресми түрде қолданылған латын әліпбиімен үкіметтің қаулы-қарарлары, мемлекеттік баспасөзі, көркем әдебиеті т.б. жарық көріп тұрды. Кейіннен бұл жазу кеңестік идеологияның саясатын мүлтіксіз жүргізуге кедергі келтіреді, біртұтас кеңес халқын жасаймыз, барша жұрт орыс тілінде сөйлесе, солғұрлым коммунизмге тез жетеміз деген желеумен әліпбиді кириллицаға көшіріп жіберді. Соңғы уақытта осы латын жазуына қайта көшу немесе қайта оралу мәселесі көпшілік арасында біраз пікірталасқа айналып отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың 2006 жылы өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген ел, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», – деген пікірі, 2012 жылғы желтоқсан айында жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек», – деген мәлімдемесі, әсіресе зиялы қауым ортасында үлкен резонанс тудырды. Радио, теледидарда, газет-журнал беттерінде латын жазуына көшу не көшпеу туралы қызу пікірталас басталды. Жаңа әліпбидің бірнеше үлгі жобасы жасалғандығы айтылғанымен, мына жобаны пайдалануға болады деген нұсқасы халықтың талқылауына ұсынылған жоқ.
Украина мен Қырымдағы 2014 жылғы саяси оқиғаларға байланысты латын әліпбиіне көшу мәселесі күн тәртібінен түбегейлі алынып тасталмаса да, мемлекеттік мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдары бұл жазу жайында мүлде жақ ашпай кетіп еді. Мұндай үнсіздік бәріміздің ойымызға Қазақ елінің 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшу, көшпеуі екіталай деген күдік ұялатқаны жасырын емес. Бұл күдікті Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2017 жылдың 12 сәуірінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы әбден сейілтті деп айта аламыз.«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.
Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек», – деген мемлекет басшысының сөздері латын әліпбиіне көшу туралы дау-дамайға нүкте қойғандай болды. Десек те, латын әліпбиіне көшуді жақтайтындар бұл мемлекеттік тілдің нығаюына оң ықпалын тигізеді десе, қарсы жақ халық арасында сауатсыздық басталады деп үрейленуде. Яғни «Латын әліпбиіне көшу қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың көкейкесті мәселесі. Қолданылып келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді, неден ұтамыз, неден ұтыламыз деген секілді сұрақтарға келсек, оған мынадай жауаптар беруге болады:
-
Тілдері ұқсас, діні бір, түп негізі ортақ түркі тектес елдер осы күнге дейін әртүрлі әліпбимен жазып келеді, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес мемлекеттердің жазуы да бірізге түсірілмей келеді, барлығына ортақ әліпби құрастыру (жазу) түркі мемлекеттерінің тарихи, рухани, мәдени байланыстарының нығаюына, ынтымақтастыққа, өзара интеграцияға алып келер еді;
-
Өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу орындарыаралық келісімшарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас студенттерімізді оқыту барысында көріп жүрміз. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.
-
Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік. Мәселен, алаш арыстарының латын әліпбиімен жазылып жарияланған қаншама еңбегі көпшіліктің кәдесіне асырылмай, іздеушісін күтіп жатқаны жасырын емес.
-
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы.
Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу бүгінгі жас ұрпаққа көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.
-
Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.
-
Латын әліпбиіне ауысу – біздің ұлттық санамыздың отарсыздануының бір жолы. Бір ғана мысал, еліміздің латын әрпіндегі транскрипциясын Kazakhstan деп емес, Qazaqstan деп жазған болар едік.
Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі – көршіміз Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуы деген сөз емес. Бұл – тәуелсіз елдің ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатынастарға қатысы жоқ. Ресей мен Қазақстанның достық негіздегі байланыстары екі ел үшін де пайдалы екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға еш кедергі келтірмейді.
-
Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне де өз әсерін тигізер еді. Мәселен, бұған дейін кириллицамен жазылып келген қазақ тіліндегі сөздерді латын әрпімен таңбалайтын болсақ, тіл үйренушілер ол сөздерді басқаша қабылдайды, олардың ойында басқа ассоциация пайда болады: Қазақстан – Qazaqstan, өнер – öner, өзен – özen, өмір – ömir т.б.
Қазір қолданылып келе жатқан көзіміз де, құлағымыз да әбден үйреніскен кирилл жазуы аса жетілген, кемел еместігін қазақ сөздерінің орфографиясына, орфоэпиясына келгенде анық байқадық. Жазуда қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне бағынбайтын жат тіркестер, көпшілік үйреніп кеткенімен, кірме сөздердің орыс тілі заңдылықтары негізінде сақталып жазылуы, басы артық ь, ъ таңбалары, в, ф, ц, щ, ю, я әріптері т.б. қиындықтар кездесуде. Бүгінгі ұрпақ дыбыстардың тіркесім заңдылығына, дыбыс үндестігіне мән бермей, жазудың жетегінде, әріптің негізінде сөйлеп (дыбыстап), тіліміздің ең басты ерекшелігі болып табылатын, мыңдаған жыл бойы атадан-балаға мирас болып келе жатқан үндестік заңдылығын бұзып, артикуляциялық базамызды бүлдіруде. Мысалы, Құнанбай – Құнамбай, көкөніс дүкені – көгөнүс түкөнү, күн күркіреді – күң гүркүрөдү, таза ауа – тазауа т.б. болып тіл және ерін үндесіміне бағынып барып дыбысталуы тиіс. Сөйтіп, орыс жазуына негізделген 42 әріптен тұратын әлемдегі әрпі көп жазуымыздың арқасында әріппен сөйлейтін ұрпақ қалыптаса бастады. Тіл мамандарының таңба басқа, дыбыс басқа болады деген пікірі ескерілмеді. Орыс жазуына негізделген қазақ жазуы дыбыстық жүйеге мынадай өрескел қателіктер әкелді:
– қазақ тілінің фонетикасы қате теориялық түсінік бойынша оқытылды;
– и, у дыбыстары біресе дауысты, біресе дауыссыз деген қате тұжырым пайда болды;
– кірме сөздер мен терминдер тіліміздің басты заңы – сингармонизмге бағындырылмады, таза орыс тілінің дыбыстық заңы бойынша айтылды;
– қазақы акцент жоғала бастады;
– жуан және жіңішкелік белгі бойынша сөйлеу қалыптаса бастады, мәселен, Асель, халің қалай? (Әсел, қалың қалай?)
– сөзде екі дауысты дыбыс қатар жазылатын орфограмма енгізілді, мысалы, киім, киік, тиын, қиын, жиын, суық, буын т.б.;
– ерін үндестігі есепке алынбады, мектеп бағдарламасына енгізілмеді;
– қазақ тілінде дыбыс «сингема» емес, «фонема» деген тұжырым енгізілді;
– орфографиялық сөздікте фонетикалық ұстаным басты болмады, орфографияда ала-құлалықтар пайда болды;
– сөйлеуде орфоэпиялық норма басты болмай, орфографиялық норма басты болды;
– емле саласында күрделі қиындықтар пайда болды т.б.
Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керектігін қазіргі фонетист-ғалымдардың бірі Ә.Жүнісбек тынбай айтып келеді. Ғалымның: «Реформа бір ғана әліпби ауыстырумен шектелмейді. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және еміле-ереже – бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби – сол дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; еміле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың алғы шарты және ең төте жолы болып табылады. Егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тіл бұзар әріптер мен еміле-ережелер өзінен-өзі түсіп қалады» [4], – деген пікірі көңілге қонымды айтылған. Қазақ тілінің төл дыбыстарын түгендеп, соған лайықтап таңба санын ықшамдау – қазіргі күннің талабы. Ұлы А.Байтұрсынұлы бастап белгілеп берген қазақ тілінің төл дыбыстарының саны 28 (а, ә, б, ғ, г, д, е, ж, з, й, қ, к, л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у, ұ, ү, ш, ы, і) десек, осы дыбыстардан бөлек қазақ тілінің дыбыстарын іздеп әуре болмау керек, өзге дыбыс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүрген й, у таңбаларының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі кездесетін, езулік, еріндік, үнді [y, w] дауыссыз дыбыстарға жатады: ми [mɪy], қи [qɪy], ти [tіy], ауа [awa], әуе [äwe], су [suw], суы [suwu], у [uw], уық [uwuq], уіл [üwül], күлу [külüw], аю [ayuw], үю [üyüw] т.с.с. Мұндай дауыссыз дыбыс орыс тілінде жоқ, ал ағылшын тілінде бар, қазақ тілінде де бар. Яғни латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиін жасауда тілдің дыбыс жүйесіндегі төл дыбыстар мен орыс тілінен кірме дыбыстар жеке-жеке қарастырылып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен жазу барысында туындайтын әртүрлі заңдылықтары ескерілуі тиіс. Бұл істі кез келген адам атқара алмайды, арнайы фонолог мамандар мен компьютер технологиясының тілін жетік меңгерген программистердің әліпби мәселесіне ғылыми тұрғыда зерттеу жүргізіп, оны әбден пысықтап алып барып, жүзеге асыруына тура келеді.
Ұлттық жаңғыру бағытында атқарылатын шаралардың бірі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы айтқан ойлары жұртшылықтың, әсіресе, тіл мамандарының ерекше қолдауына ие болып отыр. Бұл мақала қазақ әліпбиі мен жазуын латын графикасына көшіру арқылы елімізді рухани жаңғыруға бастайтын маңызды құжат. Қазақ әліпбиі мен жазуын латын қарпіне көшіру мәселесі туралы еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап ғылыми ортада сөз қозғала бастаған еді. Ғылыми қауыммен кездесулерде, басқа жағдайларда да тіл мәселесіне ерекше назар аударып жүретін Елбасымыз Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2006 жылғы 24 қазанында өткен ХІІ сессиясындағы сөзінде «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік»,- дей келіп, «біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген болатын. Одан кейін 2012 жылғы «Қазақстан - 2050» «стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деп тағы да атап көрсеткен еді. Ал осы жылғы сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек»,- деп, нақты тапсырма берген болатын. Латын әліпбиі туралы алғаш сөз қозғалғаннан бері ғылыми ортада латын әліпбиінің мүмкіндіктері мен оны қазақ әліпбиіне көшіру мәселесі жөнінде түрлі дәрежедегі талқылаулар болып, көптеген ғылыми зерттеу мақалалар да, түрлі авторлардың құрастырған әліпбилері де жарияланды.
«Қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп Елбасы атап көрсеткендей, қазақ жазуын латын әріптеріне көшірудің басты мақсаты - бұл қазақ тілін дамыту үшін жасалып жатқан шаралардың бірі. Қазіргі орфографиямызды жетілдіру, сөзіміздің қазақ тілінің табиғи үндесіміне сай жазылуын қамтамасыз ету болып табылады. Заман ағымына сай тіл де үнемі дамып, сөздік құрамы толыға түседі. Күнделікті өмірде танылған барлық заттар мен құбылыстар сол тілде сөз арқылы қолданыс табады. Егер осы сөздер өз ана тілінде, немесе ана тілдің заңдылығына бейімделіп қолданылмаса, онда кез-келген тілдің сөздік қоры жұтаң тартып, ол тілдің табиғи заңдылықтары бұзыла бастайды. Барлық уақытта да тілдің өзіндік заңдылықтарын ескеріп, үнемі жетілдіріліп отыруы керек. Қазіргі жазуымызда басшылыққа алатын негізгі емле ережелеріміз 1983 жылы қабылданды, одан бері тілімізге енген сөздер де көбейді. Сондықтан сөзіміздің қазақ тілінің басты заңдылығы-үндестік заңына сай жазылуына назар аударған жөн. Мысалға, қазақтың Жанар, Айнұр, Өтеміс деген аттарын Жанара, Айнура, Утемис деп айтуға үйреніп кеттік. Қазақтың үндесе айтылатын сөздерін Ысмайыл-Смайл, Ысқақ-Сқақ, Ырысты-Рысты деп тіліміздегі дыбыстар тіркесін, айтылым заңдылығын бұзып жүрміз. Мұндай мысалдар өте көп. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін, қазақ сөзін сол дыбыстармен айтып-жазу керек екендігін де сақтамай, кейінгі ұрпақты шатастыра бастадық. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде «х» дыбысы жоқ. Сондықтан қабар-хабар, қош-хош, қат-хат, қан-хан деген сөздерде қазақтың «қ» дыбысының орнына орыс тілінің «х» дыбысын жазғаннан сөздің мағынасы өзгеріп тұрған жоқ. Бұл бір дыбысты екі әріппен жазу деген сөз, басқаша айтсақ, бір адамның екі түрлі төлқұжаты бар дегенмен бірдей болады. Бұл тіл заңдылығын бұзу болып табылады, яғни грамматикалық және орфоэпия-орфография заңдылығы бұзылды. Қазақ тілі - мемлекеттік тіліміз болып табылады. Осы тұрғыда қарағанда, жазуымызды латын әріптеріне көшірудің мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейтуге де қосар үлесі зор деп білеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып, мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай келуін күнделікті өмірдің өзі талап етіп отыр. Қазір шетелдермен әр түрлі саладағы байланыстардың күшеюіне байланысты осы шараларды рәсімдеу құжаттарын жазуда латын әріптерінің қажеттілігі анық байқалады. Сондай-ақ Елбасының мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы сарабдал саясаты, оның шетелге барған сапарында БҰҰ мәжілісінде қазақ тілінде сөйлеуі қазір мемлекеттік қызметтегі адамдарға ерекше ықпал етті деп айта аламыз. Қазір шетелден келушілер саны көбейіп, Қазақстанға әлемнің назары ауып отырған тұста еліміздегі өзге ұлттармен қатар, шетел азаматтарының да мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасы артып отыр. Мысалы, кешегі Қытай жерінде өткен ән додасында жерлесіміз Димаш Құдайбергеновтың қазақ тілінде ән айтып, елді аузына қаратуы, әншінің шетелдік жанкүйерлерінің қазақша ән айтуға, қазақ тілін үйренуге деген ықыласын оятқаны баршаға аян. Қазіргі Қазақстанның дамып, әлем көз тіккен талай маңызды шаралардың ұйтқысы болуы, оның мемлекеттік тілі мен жазуының да осы биіктен көрінуіне түрткі болып отыр. Осындай көптеген жағдайлар, күнделікті өмірдің өзі, жаңа технологиялар заманы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің қажеттілігін алға тартты.
Сонымен бірге қазақ жазуының латын әріптеріне көшірілуі ел болашағы - жас ұрпақтың оқу-білім және ғылым жолындағы ізденістеріне де жол ашады. Қазіргі заман - жазу заманы, ғылым мен техника, оқу-білім, ақпарат, жаңа технологиялар заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады, яғни хаттама, түрлі қатынас іс қағаздары, компьютер, интернет, агент т.б. арқылы хабарласулар - бәрі де жазу арқылы жүзеге асады. Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатаны байқалады. Барлық дәрі-дәрмек атаулары, математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады. Осы жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б. адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан айналып өте алмайды. Сондықтан латын әріптері өркениеттің жазуы ретінде өмірдің өзі талап етіп отырған басты қажеттіліктердің бірі деп білеміз. Латын әріптерімен жазу арқылы басқа тілді де меңгеру, оны жазу да бір-біріне жақындап, бір әріптен екінші әріпке ауысып отыру қиындығын жеңілдетіп, тілдің қолданысына да оң әсер етеді. Осындай жағдайда білім алып, мамандығын шыңдап жатқан жастарға әлемнің қай жерінде жүрсе де кедергі келтірмей, жұмысын жеңілдете түсуге ықпал етеді. Ендеше латын әліпбиінің болашағы да зор. Классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады, олар 6 дауысты, 20 дауыссыз дыбысты таңбалайды: Аa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss,Tt, Uu,Vv,Ww, Xx,Yy, Zz. Латын әріптері роман, герман және басқа да тілдердер жазуына негіз болған. Бірақ барлығы да латын әріптерін алғанмен, әр халықтың әліпбиіндегі әріптердің бәрі де бірдей фонемаларды таңбалай бермейді, әр әліпбидің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Әріптің аз болуы әр тілдің дыбыстар санына сай келмегендігінен, бір дыбысты бірнеше әріппен біріктіріп таңбалау қажет болған. Бір дыбысқа бір таңба ұстанымы толық сақталмады. Әріп тіркестері алынып, бір дыбысқа екі әріп ұстанымы қоса жүрді. Барлығы да латын әріптерін қолданса да, Европа халықтарының әліпбиінде өзгешеліктер бар. Мысалы: «Х» фонемасы: неміс тілінде - Ch, ағылшын тілінде -Kh, француз тілінде - Kh, ал «Ш» фонемасы; неміс тілінде - sch, ағылшын тілінде - Sh, француз тілінде – sz таңбалары арқылы жазылады. Француз тілінде 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде 16 дауысты, 21 дауыссыз, ағылшын тілінде 15 дауысты, 15 дауыссыз және дифтонг бар.Латын әліпбиіне түрік тілі 1928 жылы, әзірбайжан тілі 1991 жылы, өзбек тілі 1993 жылы көшірілген. Әліпби жасалған тұста дыбыс саны толық анықталмауы салдарынан түрік тіліндегі үш дыбысты таңбалайтын «қ», «ң», «ә» әріптері түрік әліпбиіне енбей қалған екен. Ал өзбек тілінің әліпбиін жасауда тілші ғалымдарға қарағанда компьютерлік техника саласы мамандарының ұсыныстары басымдық алып кеткен, сондықтан қазіргі өзбек әліпбиі интернет желісіне икемді болғанымен, ұлттық тілдің мүддесінен шықпай отыр деген көзқарастар бар. Өзбек тілінің әліпбиінде «ң» дыбысы латын әліпбиінің «ng» әрпінің тіркесі арқылы белгіленуі де кей жағдайда дұрыс оқымауға әкеліп соқтырады екен. Ал әзірбайжан әліпбиінде классикалық латын әліпбиінен тыс, кирилл әліпбиінен де алынған әріптер бар екен. Әзірбайжан тіл мамандарының айтуынша, тілдерінде өте жиі қолданылатын «Ә» дыбысын кирилл әліпбиіндегі осы графемамен таңбалаған, себебі өте жиі қолданылатын болғандықтан оны латынның «А» әрпінің үстіне екі ноқат қойып таңбаласа, жазу кезінде мәтін үстінде нүкте таңбалары жыпырлап, мәтінді оқу - жазу қиындап кетеді екен. Қазір біздің ғалымдарымыз бауырлас түрік халықтарының латын жазуына көшу кезіндегі жетістіктері мен жіберілген кейбір кемшіліктеріне назар аудара зерттеп отыр.
Жұртшылықпен кездесулерде: «Қазақтың жаңа латын әліпбиінде неше әріп болады, қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріпті латын әрпімен ауыстыра саламыз ба?» - деген сұрақ көп қойылады. Орынды сұрақ. Көпшілік жұрт әліпби ауыстыру дегенді бір таңбаны екінші таңбаға алмастыра салу деп түсінеді. Ол дұрыс емес. Біз үш мәселеге назар аударуымыз керек, алдымен тілдегі дыбыстар санын анықтау, одан кейін сол дыбыстарға сай әріптермен таңбаланған әліпби жасау, одан кейін осы әріптермен жазудың емле ережелерін жасап бекіту қажет. Біз қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріпті латын әрпімен сол қалпында ауыстыра салатын болсақ, оның пайдасы болмайды. Біз алдымен таза қазақы әліпби жасауымыз қажет. Ол үшін алдымен тілімізде қанша дыбыс бар деген сұраққа жауап беру керек. Қазір көпшілік ғалымдарымыз алғашқы кезекте, жаңа қазақ әліпбиіне қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты, 19 дауыссыз) алып, бұған қоса, кірме сөздердегі «в», «ф», «һ» сияқты әріптерді де қоса алу керек деген көзқарасты ұстанып отыр. Ал одан кейінгі кезекте, орыс сөздерін жазуға қажет болатын әріптерді таңдап алынып,содан кейін қазақ жазуының емле ережелерін қайта қарастыру керек болады. Ал екінші бір ғалымдарымыз қазіргі әліпбиіміздегі 42 әріпті латын әрпімен сол қалпында ауыстыра салу керек деген көзқарас танытып, сөзіміздің айтылуын дәл береміз деп жүріп, қазіргі әліпби құрамындағы қыруар әріпті жат дыбыстарға жатқызып, әліпби құрамынан шығарып тастасақ, емлені шешуі қиын өте күрделі түйінге айналдырамыз деген пікір айтады. Сонымен қатар, қазір компьютер заманына сай қазақ жазуын латын әріптеріне көшіруде автоматтандыруға ыңғайлы латын әліппесінің нұсқасын жасаушылар да бар. Кейбір адамдар халықтың жаңа әріптерді меңгеруі, әсіресе, қарттардың оқып-жазуға бейімделуі қиын болатынын алға тартып жатады. Қандай іс қылсаң да, ол оңай бола қоймайды, оның қиындығы да қоса еріп жүреді. Сондықтан «Шегірткеден қорққан егін екпейді» дегендей, қиындықтан қорықпау керек. Тілдің болашағы - елдің болашағы. Жазуымызды латын әліпбиіне көшіру бір күннің ісі емес, ол осы жазуымызбен қатар жүріп, елдің көзі үйреніп, көңілі орнына түсіп, жаңа әліпбиді әбден меңгеріп кетуіне мүмкіндік жасайды. Қазірдің өзінде жастар ұялы байланыс кезінде бір-біріне осы латын әріптерімен хабарлама жібереді. Айналадағы түрлі мекемелер, банктер, машина маркалары, көше жарнамалары, т.б. латын әріптерімен жазылған сөздерді барлығымыз да жатсынбай оқып, түсініп жүрміз. Ал жастарымыздың барлығы да мектептегі ағылшын сабағынан латын әріптерін жақсы меңгергенін білеміз. Әр істің өз қиындығы бар дегендей, орыс мектептерінде оқитындар бұрынғы жазумен жүретін болса да, көштен қалмай,олар да осы елдің азаматтары ретінде латын әріптерін меңгеруге ұмтылады. Ал кейбір пікір айтушылардың латынға көшкен кезде «орысша оқығандар латын әріптерін меңгермей қалады, қазақша оқығандар орыс тілінен алыс қалады» деген сөздері ешбір қисынға келмейді. Қазір біздің жастарымыз ағылшын тілін аз уақытта қалай меңгеріп алса, орыс тілін де солай тез меңгереді. Себебі қазіргі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі өте жақсы, елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқуға ерекше қамқорлық жасалып отырғаны да баршаға аян.
2.2. Жаңғыру жазудан басталады
Елбасының 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын. Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз еді.
Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздар, мерзімді баспасөздер, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиіне көшу қажет. Бұл кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Мектеп қабырғасында ағылшын тілін оқып, үйреніп жатырмыз. Сондықтан, жас буын біз үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. Латын жазуы – жер бетіне кең тараған әліпби. Оның түп-тамыры ежелгі Грек және Рим елдерінен бастау алады. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап-ақ латын әліпбиіне көшу, қазақ жазуын қайта қарау мәселесі күн тәртібіне қойылған. 1991 жылы қоғам қайраткері, белгілі тілтанушы ғалым, академик Әбдуәли Қайдар латын әліпбиінің құндылығы, оған көшу туралы айтқан еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдар мен жұртшылықтың көмегімен жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің біртекті стандартын қабылдауды тапсырған болатын. Бұл тапсырма орындалып, өткен аптаның 26 қазанында Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды.
«Еліміздің әрбір азаматы латын тіліне көшу – бұл әлемдік өркениетке қол жеткізудің басты жолы екенін білуге тиіс. Өйткені латын тілі – адамзатты дамытуда ең күшті тілдердің бірі. Бұл – ғылым мен техниканың, XXI ғасырдағы интернет пен IT-технологияның тілі, сондықтан осындай жауапкершілікке біз үлкен дайындықпен келдік, көптеген жұмыс жасалды», – деп Нұрлан Нығматулин өзінің ойын жеткізді.
Президенттің айтуынша, 2018 жылдан бастап, жаңа әліпбиді оқытатын мамандар мен орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындау керек. 2025 жылға қарай Қазақстанда латын әліпбиіне көшу жаппай орын алуы тиіс.
Қазақстан билігі қазақ тілінің латыншаға ауыстыру аясында 600 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр.
ҚР Парламенті мәжілісінде 2018-2020 жылға арналған республикалық бюджет жобасының презентациясы ұсынылды. Презентация материалдарына сәйкес, латын әліпбиіне көшу үшін республикалық бюджеттен 2018 жылы 300 миллион теңге бөлінсе, қалған 300 миллион теңгені 2019 жылы бөлу қарастырылған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан тілшілері жаңа латын әліпбиінде жаңалық жазып көрді. Көп ұзамай ұлттық ақпараттық сайттарда жаңалықтар осылай жазылатын болады:
-
Memleket bass'ysy Nursultan Nazarbaev qazaq tili a'lipbi'in ki'ri'lli'sadan latyn grafi'kasyna ko's'iry‘ ty'raly jarlyqqa qol qoi'dy. Jarlyq Aqordanyn' sai'tynda jari'i'alandy, dep habarlai'dy Sputnik Qazaqstan.
-
Qazaq tili a'lipbi'inin' ki'ri'lli'sadan latyn grafi'kasyna ko's'irily'in qamtamasyz ety' maqsatynda qay'ly etemin:
-
1. Qosa berilip otyrg'an latyn grafi'kasyna negizdelgen qazaq tili a'lipbi'i bekitilsin.
-
2. Qazaqstan Respy'bli'kasynyn' U'kimeti:
-
Qazaq tili a'lipbi'in latyn grafi'kasyna ko's'iry' jo'nindegi ulttyq komi'ssi'i'a qursyn;
-
qazaq tili a'lipbi'inin' 2025 jylg'a dei'in latyn grafi'kasyna kezen'-kezen'imen ko's'y'in qamtamasyz etsin;
-
osy Jarlyqty iske asyry‘ jo'ninde o'zge de, sonyn‘ is'inde ui'ymdastyry's'ylyq ja'ne zan'namalyq si'pattag'y, s'aralar qabyldasyn.
-
3. Osy Jarlyqtyn' oryndaly'yn baqylay' Qazaqstan Respy'bli'kasy Prezi'dentinin' A'kims'iligine ju'ktelsin.

Өмірзақ АЙТБАЕВ, «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик
Елбасы латын әліпбиіне көшу туралы Жарлыққа қол қойды. Енді 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар – бәрі де латын әліпбиімен басылатын болады. Дегенмен, мен латын әліпбиі әлі талай талқыға түседі деп есептеймін. Өйткені, онда әлі де талдайтын, талқылайтын мәселелер баршылық. Себебі, жаңадан енгізілетін латын әліпбиінде ұлттық тіліміздің заңдылығының бәрі толық сақталуы тиіс.
Ерден ҚАЖЫБЕК, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры
Латын әліпбиіне көшкенде тіл ережелері қайтадан жасалады. Ең бастысы, тіліміздің бүкіл заңдылықтарын өзінің табиғатына сай жасап шығаруымыз керек.
Зиялы қауым өкілдері, тілшілер қауымы жаңа әліпбидің ережелерін, оқулықтарын, мұғалімдерін дайындау ісіне асықпай, науқандатпай жұмыла кіріскені жөн.
Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР ҰҒА президенті
Апострофпен жазу да, оқу да оңай болмақ. Ұлттық, өзімізге тән дыбыстарымыз апостроф арқылы көрсетіледі. Соған орай, жаңа нұсқада барлық дыбыстар қамтылды. Біз бір деммен әліпбидің жақсы үлгісін таңдадық. Әрине, қоғам болған соң әрбір жаңалық жеңіл қабылдана бермейді. Дегенмен, жаңа ұсынылған нұсқаның артықшылығы көп.
-
[Э] дыбысы- e ( латын тілінде е әрпі э дыбысын береді vena, regula)
-
[ Ц ] дыбысы - ts диграфымен , мысалы: tsirk, tsirkul
-
[ш] дыбысы
француз , португал тілдерінде ch диграф
ағылшын тілінде sh диграф
неміс тілінде sch триграф
-
[и] созылыңқы - Ĩ , мысалы: Aisha - Aĩsha
-
[Ә] дыбысы - Ä ä san-sän
-
[ө] дыбысы - Ö ö ot-öt
-
[ү] дыбысы - Üü un-ün
-
[і ] дыбысы - Ÿÿ ys-ÿs
-
[и] дыбысы - Ĩ ĩ Aisha - Aĩsha
-
[Ғ] дыбысы - Ğ ğ ğalym
-
[ң ] дыбысы -ng tang
-
[х] дыбысы – ch chat
[ш] дыбысы – sh shara
Қорытынды
Қорыта айтқанда, кез-келген әліпбидің міндеті графикалық (әріптің дыбысты таңбалау, көру, оқу, жазуға оңтайлы болуы), лингвистикалық (тілді дәл жеткізуі), техникалық (баспа ісі, компьютер, телефакс, интернет т.б.) талаптарға сай болуы керек. Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптар биігінен көрініп, үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Қазіргі әліпбиімізге байланысты жазуымызда орын алған қиындықтарды түзетіп, тіліміздің табиғи айтылымына қайшы келетін кемшіліктерімізден арылатын кез келді. Әр сөзді бабалар салған жолмен ұлттық үндесіміне қарай айтуымыз үшін жарыса қапталдап кедергі келтіріп келген ескі әліпбиімізді латын әліпбиіне ештеңеден қорықпай алмастыра салуға мүмкіндік туды. Латын әліпбиін кезінде профессор Қ.Жұбанов та қолдап, осы әліпбиді қазақ тіліне бейімдеу бағытында белсене жұмыс жасаған еді. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері латын әліпбиін қолданады, латын әріптері – өркениет жазуы, өмір талабы, сондықтан оның бұл артықшылығын ескеріп, біз де өз мақсатымызға сай латын жазуының игілігін көруіміз қажет.
Латын әліпбиі бұл бүгінгі күннің ғана емес, бұл күнделікті зерттеудің үстіндегі қаралып жатқан мәселе. Латын әліпбиіне көшу көп қиындық туғызады деген бос сөз.
Елбасының 26 қазан күні латын әліпбиіне көшу заңына қол қойғанын бәріміз білеміз. Осы заң аясында іс шаралар жасалып, дөңгелек үстелдер біздің мектепте де өтуде.
Бұл бүгінгі күн талабы. Себебі, тілдің мәртебесін көтеру. Жаңа әліпби барлық Қазақстандықтарды біріктіреді. Рухани жаңғыру аясында менде осы жаңалықты қолдаймын.
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.Себебі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру – әлемдік өркениетке жетуіміздің басты кепілі. Сонымен бірге жаңа әліпби – бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор. Латыншаға көшу бүгін көтеріліп отырған мәселе емес. Елбасы бұл туралы айтқан болатын. Енді рухани жаңғыру аясында қолданысқа енгізуді міндеттеп отыр. Жылдар бойы толғандық. Сараладық. Талқыладық. Енді жаңа әліпбиге көшетін кез жетті. Әрі 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлейтінін ескерсек, күтетін уақыт жоқ. САуытбек Әбдірахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Адам қателесуі мүмкін, қоғам қателесуі мүмкін.Тіпті заман қателесуі мүмкін. Бірақ уақыт қателеспейді. Уақыттан өткен данышпан болмайды. Уақыт бұл мәселеде өзінің сөзін айтып үлгерді. Латын жазуы уақыттың сан ғасырлық сынынан өтіп болды. Парламен қабырғасында ұсынылған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы әлі қоғамда сан мәрте талқыланады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сондықтан дүйім жұрт болып, баршамызға ортақ іске атсалысуда – ортақ парызымыз деп ойлаймын.
Әдебиеттер
1 Большая Энциклопедия Кирилла и Мефодия с изменениями и дополнениями: монография. – М. : Сварог, 2003. – 456 с.
2 Ботвинник М.Н., Рабинович М.Б., Стратановский Г.А. Жизнеописание знаменитых греков и римлян: книга для учащихся. – М. : Просвещение, 1988. – 205 с.
3 Винничук Л. Латинский язык: самоучитель для студентов гуманитарных факультетов университетов и педагогических вузов. – М. : Высшая школа, 1980. – 327 с.
4 Винничук Л. Люди, нравы и обычаи Древней Греции и Рима. – М. : Высшая школа, 1988
5 Виппер Р.Ю. Просветительский век Римской империи // Вестник древней истории. – 1997. – № 1
-
Ғаламтор
-
«Егемен Қазақстан»-2006-2017 ж.ж.
-
«Жас алаш» газет 2006-2017ж.ж.
-
Журнал «Жұлдыз»
-
«Ақиқат» журнал
11
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ғылыми жоба «ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН ӘРІПТЕРІНІҢ ЕНГІЗУДЕГІ БАСТЫ СЕБЕПТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ»

шағым қалдыра аласыз