Материалдар / Ғылыми жоба "Қазақтың ою-өрнектері"

Ғылыми жоба "Қазақтың ою-өрнектері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Керимбай Арунаның қорғаған ғылыми жобасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
1180
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Алматы облысы

Қарасай ауданы

«Береке орта мектебі» КММ


1 сынып оқушысы Керимбай Аруна Абзалкызына

«Ою-өрнектер әлемі» атты ғылыми зерттеу жұмысына




Пікір


Ғылыми зерттеу жұмысында 1 сынып оқушысы Керимбай Аруна қазақ халқының ою-өрнектерімен танысып, әртүрлі оюдың жасалу жолдарын және көне атауларын зерттеуді мақсат етті.

Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімінде ою-өрнектің тарихи шығуына шолу жасаған. Екінші , үшінші бөлімінде жалпы ою-өрнектердің мазмұны мен атаулары туралы жазылған. Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін тұрмыста қолдану аясын өзара салыстырып , өзіндік зерттеу жүргізген.

Керимбай Арунаның бұл зерттеу жұмысын әдебиеттік оқу, көркем еңбек , дүниетану сабақтарында , сынып сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Ғылыми жұмысты оқи отырып, оқушының алдына қойған мақсатына жеткенін байқауға болады.


Жетекшісі: «Береке орта мектебі» КММ-нің жоғары санатты педагог-зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі :Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы










Тақырыбы: «Ою-өрнектер әлемі»

Секциясы: Этно мәдениеттану.






Орындаушы: Керимбай Аруна Абзалкызы

Жетекшісі: Әлжанова Жұмагүл Ергешқызы













Аннотация

Ғ ылыми жобамыздың негізгі мақсаты:

Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей , ата –бабамыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүрін дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру.

Ғылыми жобамыздың гипотезасы:

Қазақтың ою-өрнектерінің халық өмірі мен мәдениетінде алатын орнын және қайта түлеп, бай мазмұнымен жаңа түр тауып рухани қазынасына айналғанын дәлелдеу.

Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:

-Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып,

қазақтың ою-өрнектері туралы материалдар жинау;

-Материалдар жинағын құрастыру;

-Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару.

Ғылыми жобамыздың зерттеу әдісі:

-Зерттеу жұмысында қазақ ою-өрнектерінің ежелгі нұсқалары мен

атаулары туралы материалдар іздестіріп жинақтау;

-Ата –аналарымызбен, әжелерімізбен сұхбат жүргізу;

- Бақылау, әңгімелесу, талдау,қорыту.

-Қазіргі кезде ою-өрнектер күнделікті өмірде қалай қолданылатынын көрсету

Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы:

-Көне оюлар туралы материалдар жинақталды;

-Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдарын топтау;

-Ана тілі,еңбеке баулу, бейнелеу өнері, дүниетану сабақтарында материал

ретінде пайдалануға болады.





Аннотация

Цель научной работы:

В данной научной работе мы старались показать историю казахских национальных орнаментов , их происхождение и название.

Гипотеза научной работы:

Доказать что орнаменты – это богатство и наследие народа. Показать какое место занимают национальные орнаменты в жизни и культуре нашего народа.

Этапы работы:

-Из книг, журналов, исторической литературы собрать материал о каз. национальных орнаментах.

-Классифицировать собранный материал.

- Материал напечатать.

Методы исследования:

-Собрать материал об орнаментах.

-Взять интервью у родителей, бабушек и дедушек.

- Побеседовать с работниками библиотеки.

- Провести анкетирование с уч-ся класса, школы

Цель и результаты научного проекта:

-Собрали материал о казахских национальных орнаментах.

-Сгруппировали изделия и предметы с изображениями каз. орнаментов.

-Данный материал можно использовать на уроках труда, изобразительного искусства, познание мира,литературы,на классных часах.










Мазмұны



І. Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------6 бет

ІІ. Негізгі бөлімі--------------------------------------------------------------------7-18 бет

2.1.«Ою ойғанның ойы ұшқыр»----------------------------------------------7- бет

2.2.Қазақ ою-өрнегінің тарихы-----------------------------------------------7-8бет

2.3.Дәстүрлі ою-өрнектер -----------------------------------------------------8-9 бет

2.4. «Мүйіз» оюы-қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні --------------9-15 бет

2.5.Ою-өрнектердің қолданылуы--------------------------------------------15-18 бет

ІІІ.Зерттеу бөлімі -------------------------------------------------------------------22 бет

ІV.Қорытынды ----------------------------------------------------------------------23 бет

V.Қолданылған әдебиеттер -------------------------------------------------------24 бет

















Кіріспе

Ою-өрнек халықтық өнердің бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде жатыр. Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс-тіршілігіне, тұрмыс-салтына орай өзгеріп, жетіліп отырған. Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнері қайта түлеп, бай мазмұнымен жаңа түр тауып, материалдық және рухани қазынамызға айналып отыр.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын ою-өрнектермен танысу.Асыл мұралар тарихын зерттеу арқылы ою-өрнек түрлерін, жасау жолдарын білу.Келешекте осы әртүрлі оюларды заманымызға лайықты жаңғырту.Ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.

Жұмыстың мақсаты:

Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей , ата –бабамыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан

дәстүрін дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру. Халқымыздың бай өнеріне сүйіспеншілік сезімін тудыру.

Мақсатымызға жету үшін мынандай міндеттер жүктеледі:

-Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы материал жинақтау;

-Жинақталған мәліметтерді сұрыптау;

-Қазіргі кезде ою-өрнектер күнделікті өмірде қалай қолданылатынын

нықтау.

Міндеттерді шешу әдістері:

-Ұлттық өрнектердің түрлерін жинақтау;

-Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдардын топтастыру.

-Ата –аналарымызбен, әжелерімізбен сұхбат жүргізу

-Өзіндік ой топшылау;




Жұмыстың жаңашылдығы:

Х алқымыздың мәдени –тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шыңдай түсті.Жаңадан көркем- кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендіріледі.

Компьютер арқылы әрбір оқушы ой-өрісіне қарай оюдың жаңа түрлерін ойлап табуға болады.

Жұмыстың практикалық маңызы:

Бастауыш сынып оқушылары дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, ана тілі, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.






Негізгі бөлім

2.1. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді.Ою-өрнексіз орындалған бұйымдарының айтарлықтай әдемі, көрнекті болмайтыны белгілі. Көркемдік – көңіл көтереді. Ұлттық қолөнер –халықтың ғасырлар бойы көркемдік тәжірибесінің қайнар көзі.

Ұлттық киім, үй жиһаздарындағы әшекейленген әрбір ою терең ой, мағына беріп, өте нәзіктікпен жасалады. Ою-өрнек – адамның ойлау қабілетін дамытып, икемділігін,шеберлігін қалыптастырады. Бұған «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деген дана халқымыздың мақалы дәлел болады.

Ою дегеніміз – бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген ұғымды білдіреді.Ал өрнек деп, әр түрлі ою, бедер бейнені күйдіріп, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауын айтады.Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтылады. Ою-өрнектің барлығына ортақ заң – симметрия яғни, ою-өрнек бөліктерінің бір –бірімен мөлшерлес келуі.

Сондықтан да мұндағы басты мақсатым: бүгінгі күні ою-өрнектерді үйреніп, болашақта осы үрдісті жалғастырып, ғасырлар бойы сақталған ұлттық ою-өрнектерді дәріптеу.Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы ұлтымыздың бай өнеріне сүйіспеншілік тудыру.

Ою-өрнек төртке бөлінеді. Хайуанаттық, геометриялық, ғарыштық, өсімдік бейнесіндегі.









2.2. Қазақ ою-өрнегінің тарихы

Қ азақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталып, қазақ жерін мекен

еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән бір жүйеге келген.

Ою-өрнек (латынша ornament – әсемдеу, сәндеу) – геометриялық және бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын, әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар (Қазақ энциклопедиясы, А., 1976, 8 т., 627-б).

Күн көрісі төрт түлік мал болған көшпелі қазақтың мал жүнінен иіріп киіз үй жасауларын, киімдерін тоқығаны, ал сүйегінен, мүйізінен және терісін илеп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын дайындағаны, осы асыл бұйымдарға қиыннан қиыстырып, алуан түрлі шытырман ою-өрнектерді түсіріп отырғаны тарихтан мәлім. Осыдан туындаған қазақ әйелдерінің тоқу өнері де қаншама тарихи оқиғалар болуына қарамастан, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала берді. Ою-өрнектерден сол кезеңнің кескін-келбеті елестейді, халықтың салты, әдет-ғұрпы, тіршілігі, дүниеге көзқарасы, тіпті көңіл-күй сезімі айқын көрініп тұрады. Сол үшін де туысқан түрікмен халқы «жайшы алдыма кілеміңді, білейін мен жүрегіңді» деп бекер айтпайды. Мысалы, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрпы, салты бойынша бөтен жерге, алыс ауылға ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс болған. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай ақ жарғаққа көгершін мен гүл бейнесі кестеленсе немесе «құсмұрын», «құстұмсық» ою-өрнекті түскиіз, басқұр, құстұмсық жүзік сияқты зат келсе, ата-анасы баласының барған жерінде басы бостандықта, құстай ерікті, жағдайы жақсы екенін ұғынатын болған.

Сондай – ақ ою-өрнек элементтері арқылы халықтың арман-мүддесі, дүниетанымы берілетінін мынадан көруге болады. Пазырық қорғанынан


табылған сақ дәуіріндегі кілем үлгісінде Ел, Байлық, Қорғаныс ұғымдары шартты түрде «Таңба», «Марал», «Салт атты сарбаз» бейнесі ретінде берілген. Мұндағы символды ұғымның мегзері – елді, ел мұрасын сақтау. Сондай-ақ, VII-VIII ғасырларда қалыптасқан «қорған өрнекті» кілем үлгісінде «қала», «өзен», «күмбез», «су», «қорған» бейнеленген. Бұл кілемдегі шартты түсініктің тұспалы «кіндіккесті мекеніңді айла-тәсіліңмен қорғай біл».

2.3.Дәстүрлі ою-өрнектер

Бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.

Қазақтардың өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақстанның барлық жерлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнердің қалыптасып, дамуына көрші халықтардың ықплы зор.

Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жақсарту – қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді.

Қазақ «өнер алды-қызыл тіл» дейді. Дегенмен, сурет өнері осы тілден бұрын пайда болған тәрізді. Өйткені сонау тас ғасырынан қалған таңбалы тастарда ою-өрнектер арқылы адам баласы тым ерте-ақ өз ойын суретпен жеткізуге талпынған көрінеді.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.

Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып,



қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.

Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.

Т үзу және ойқастыра тоқу тәсілдері көп қолданылады. Түркі халықтарының қолтаңбаларында өрнексіз заттың мәні жоқ. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан. Бас киімдегі ою-өрнекке қарап, қай ұлттың ұрпағы екенін таныған, кімнің қазақ, кімнің ұйғыр, татар екенін білген. Қырғыздарда «қошқар мүйіз», «тұмар», «теке мүйіз», ұйғырларда «бадам», «шәдә», өзбектерде «пахта гүл», «бадам» деп аталады. Қазақтардың оюын сипатына қарай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп үш топқа бөледі.

Қазақтар өздері жасаған ою-өрнектің атауын таба білген. Осы атауларды олар өз тіршілігіне лайықты қолдана түскен. Әрбір тарихи кезең өзіндік ою-өрнектермен ерекшеленген. Ескіден келе жатырған мешіт, күмбез ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихын, өмір тіршілігінің сұлулығын және әсемдігін айқындайды.

Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір ай-мағының өзінің стильдік ерекшеліктері, үлгілері болған. Соған карамастан, барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі — «мүйіз» тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының түрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған.Мені солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнектер қызықтырады.




2.4.«Мүйіз» оюы-қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні

«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.

Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер.

Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған.

Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді.

Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы


қ ойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.



«Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жер

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ