Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғылыми Жоба: Қазақтың ырым-тыйым сөздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
«Дауқара орта мектебі» КММ
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Қазақтың тыйым сөздері»
Орындаған: Құрмаш Дамир Қанатбекұлы
Жетекшісі: Жахиена Айнаш Алтаевна
Ғылыми жетекші: Жахиена Айнаш Алтаевна
2020-2021 оқу жылы
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Халқымыз ежелде ұрпақ тәрбиесінде жемісі үзілмей келе жатқан көне салт – дәстүрді, әдет – ғұрыптарды, шешендік өнерді, мақал – мәтел, ырым – тыйым сөздерді кеңінен пайдаланған. Қазіргі кезде сол тілімізді, тарихымызды, әдет – ғұрыптарды, ұмыт бола бастаған ырым – тыйым сөздері мен шешендік өнерді жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде.
Біздің мақсатымыз ұлттық тәлім – тәрбие мәселесіндегі ырым – тыйым сөздерінің алар орнын ашып қөрсету. Олар:
-
Тақырыптық ғылыми негізділігін арттыру
-
Дана халқымыздың ұлттық тәрбиесінің бірі – ырым, тыйым сөздерімен таныстыру.
-
Мағынасын түсіндіру.
-
Нақыл, ырым, тыйым сөздер арқылы оқушыларды тәрбиелеу және оларды шешендік өнерге бейімдеу.
-
Дұрыс қолдана білуге үйрету.
-
Оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
-
Балалар өсиетін өмірде жүзеге асыру.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
1. Ырым – тыйым сөздерді бала тәрбиесінде қалыптастыру.
2. Күнделікті өмірде жиі қолдану.
3. Ырым – тыйым сөздерін мектепте өткізілетін іс- шараларының күн тәртібіне енгізу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
-
Қазақ халқының ырым – тыйым сөздеріне зерделі шолу жасады; ала – жіпті аттамау, кіндік кесу, жер жаңғақа қатысты ырым – тыйым сөздері енгізілді.
-
Жобады қатысты ырым, тыйым сөздері жинақталды.
-
Қарапайым түрде ырым, тыйым сөздеріне арналған кесте түзілді жүйеленді.
4. Бала тәрбиесінде ырым-тыйым сөздерінің маңызы зор екендігі көрсетілді.
5. Жас ұрпақтың тәрбиесінде зор үлесін табатын ырым-тыйым сөздері іріктелініп алынды.
6. Ырым-тыйым сөздерін қолдану арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейтіп, сол сөздерді күнделікті өмірде қолданылуы басты назарға алынды.
7. Сөздік қорын байытуға, тіл байлығын арттыруға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге, дұрыс оқуға, дұрыс сөйлеуге қалыптастырады.
Мазмұны
Мазмұны.....................................................................................................
Аннотация..................................................................................................
Пікір..........................................................................................................
Кіріспе.........................................................................................................
Тыйым сөздер мен ырымдардың жалпы мағынасы..........................
Тыйым сөздер мен ырымдардың жүйеленуі.......................................
Қазақ ырымдары мен тыйым сөздердің тәрбиелік мәні..................
Қорытынды...............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................
Аннотация
Құрмаш Дамирдің «Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері» тақырыбында орындалған ғылыми жобасы үш бөлімінен тұрады:
Кіріспе бөлімінде жалпы ұлттық тәрбиеге , қазақ халқының ырым – тыйым сөздерінің жастар үшін тәрбиелік мәніне тоқталған .
Қазақ халқы ұл – қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралы мінез – құлық ережесі түрінде қалыптастыруға тырысқан. Сонамен қатар жұмыстың мақсаты, міндеті, жаңашылығы берілген.
Негізгі бөлімінде Тыйым сөздер мен ырымдардың, қазақтың салт – дөстүрлерінің сызбанұсқалары мен жүйеленуі берілген. Әрине, бұл өте пайымды жасалған дүние. Сонымен қатар тыйым сөздер мен ырымдардың туу себептері және олардың тәрбиелік мәні ашылған.
Ғылыми жобаның қорытындысында алдына қойған мақсаты мен мәселелерінің түйінін, шешілу жолдарын мәлімдеген.
Болашақ зерттеушінің зерделі шолуы аса ұқыптылықпен орындалған.
Аннотация.
Научная работа Курмаш Дамира на тему «Казахские народные приметы и запретные слова» состоит из трёх частей.
Во вступительной части рассматривается и даётся общая характеристика национального и народного воспитания, в частности посредством народных примет, запрет и о их воспитательном значении.
Казахский народ всегда осуждал непристойные поступки и в поведении девушек , парней, и назидательные правила были орудием в воспитании молодежи.
Во вступительной части так же отражены цели, задачи и новшество данного научного проекта.
В основной части приводится систематика, даётся характеристика примет, устойчивых словосочетаний и казахских обычаев.
Работа очень содержательная, грамотно выполнена. Мерей раскрывает причину возникновения народных примет и запрет, о их роли в воспитаний подростающего поколения.
В целом , заключительной части приведены пути решения поставленной задачи и проблемы.
Образ будущего исследователя выполнен с большим старанием.
ПІКІР
Құрмаш Дамирдің «Қазақ ырымдары мен тыйым сөздері» тақырыбында орындаған ғылыми жобасы мазмұнды, тәрбиелік мәні зор және сауатты жазылған. Ырымдар мен тыйым сөздердің мәнін, мағынасын аша білген. Өз жасына лайықты зерделі шолу жасап , мазмұнын жан – жақты қамтып , алдына мәселе қоя білген.
Қазіргі жастар арасында ұлттық әдет ғұрып, салт – дәстүрге айтарлықтай қызығушылық, оған құндылықпен қарау жоқтын қасы. Сондықтан Дамирдің алдына қойган мақсаты жас ұрпаққа ұлттық сана, тәрбие қалыптастыру ұстанымы болса, мақсатына жетті деуге болады.
Жұмыстың жоспарына сәйкес барлық сұрақтарының мазмұны толық ашылған және ғылыми жоба талапқа сай, өз деңгейінде орындалған.
Кіріспе
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат – міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесіне , терең мән беріп оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Оның тәрбие – тәсілімдері мен тәжірибелері өте көп Қазақ халқы - әдет, әдеп – ғұрыпына өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.Белгілі қоғам қайраткері, заңгер М.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдын ғасырға ұлт қасиетін салт – дәстүрін, өнегені әдеп – ғұрыппен, үлгіні жөн – жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайрымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған.
Халқымыздың өзіне тән салт – дәстүрлерінің өмірдегі қолданылмалы көріністеріне айналған ырым мен тыйым сөздердің алатын орны ерекше. Ырым мен тыйым сөздерді ұлтымыздың қоршаған ортаға, табиғатқа және адамдардың ара – қатынасына берген философиялық тұжырымы, түйіндеген қағидалары.
Қазақ халқы ұл – қыздарының бойындағы кейбір оғаш қылықтарын бетіне басып, жүгенсіздікті тыйымдармен тәртіпке салып отырған, яғни тәрбиенің бұл құралы мінез – құлық ережесі түрінде қалыптастыруға тырысқан. Жас ұрпақ бойына тек адамгершілік ұрығын, қайырымдылықты, адалдық пен әділдікті, ізеттілікті, имандылық пен инабаттылықты егіп, игі әдеттерді сіңіруге, тәрбиелеуге ұмтылған. Басқаша айтқанда, ырым мен тыйым сөздер тұрмыста заң іспеттес іске асып отырған.
Осынау асыл мұраларымыз біршама уақыт ескілік сарқыншағы саналып, елеусіз қалып келді. Сондықтан да тәрбие қөзі ретінде пайдалану үшін бұларды ең алдымен бір жүйеге жіктеп келтіру қажет.
Ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптей, баланың бойына озық әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерді сіңіретіндей имандылыққа , ізгілікке тәрбиелейтіндей шешендік сөздерді кеңінен қолданып, ырым – тыйым, сөздерінің дағуыларын қалыптастырсақ:
-
Ана тілін сүйюге, ана тілінде шешен сөйлеуге тәрбиелейді, әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
-
Отанын сүюге , қоргауға, тілін, ділін сақтауға, қадірлеуге, рухани байлығын арттыруға батырлыққа, ержүректілікке тәрбиелейді.
-
Сөздік қорын байытуға, тіл байлығын арттыруға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге жетелейді және дұрыс оқуға, дұрыс сөйлеуге үйретеді.
-
Ғылыми шығармашылық жоба жұмыстарды орындау нәтижесінде оқушыны ойланту, өздігінен ізденіске салу, ойын тұжырымдату, ой - өрісін кеңейту, шығармашылығын дамытуға дағдымендырады.
Жас ұрпақтың ырым – тыйым сөздері арқылы өз елінің, ата – тегінің дәстүрі және мұраларымен танысуға мүмкіндік алады.
Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі:
Ырым - халқымыздың тәлім, тәрбиелік қызметі бар салт, дәстүрлерінің ішіндегі қызық әрі ойланарлық ғұрыптарының бірі. Ырымның ұлттық салт – дәстүрлермен, әдет – ғұрыптарды қалыптастырудағы орны зор.Жас ұрпақтың өзін өзі ұстау, тіл әдебімен адамдар арасында қатынас түзе білуінде ерекше орынға ие. Ырым – тәрбиелік мәні бар сенім – наным, жосын жоралғылар көп.
Ырым - ешқандай ерсілігі, оғаштығы жоқ ұлттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Ырым сөздер – белгілі бір наным салдарынан адамдардың санасында қалыптасып қалған алда болуы мүмкін, істерге психологиялық – эмоциялық сезім күйлерін, иланымдарын білдіретін сөздер.
Тыйым - халықтың тәлім – тәрбие, үлгі- өнеге, ақыл – кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю» - деген мақал осыған байланысты шыққан.
Тыйым – жаман істеуден жиреніп, жақсылыққа елінтеу, бейімдеу мақсатында шыққан халықтық педагогикалық ұғым. Тыйым сөздер – белгілі бір іс- әрекеттерді тыю мақсатында ырымдармен байланысты айтылатын сөздер.Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.
Адам – халықтың тарихи дамуының барысында қарын – қатынас пен қоғамдық қатынасқа түсе отырып, ырым тыйым сөздері арқылы рухани мәдениет пен этиканы қалыптастырды. Адамдарға қатысты ырым – тыйым сөздер:
Кісіге қарап есінеме
Есеп бер әр ісіңе,білу керек түсіне.
Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге.
Ондай – ондай баланы, ақыл – есі шамалы-
-
Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан кісі келеді.
-
Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол қөзі тартса – ренжиді.
-
Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
-
Адамның иегі қышыса , бір жерден дәм татады.
-
Адам түшкірсе «әлһәмдулә» дейді.
-
Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
-
Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе , оның несібесі көп болады.
-
Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
-
Мақтап жүретін адам тамақ үстіне келеді, ал жамандап жүретін адам дастарқан жиналғанда келеді деп санайды.
-
Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
-
Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
-
Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, көз тиеді деп түкіртеді.
-
Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.
-
Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.
-
Қазақ жек көрген немесе енді көрмесем деген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.
-
Жас адамдар «басым ауырды» десе , «басына бас қосылады екен» дейді.
-
Біреу қайтыс болды деп естіп, кейін бұл хабар жалған болып шықса , ол адам «көп жасайды екен» деп ырымдайды.
-
Жас адам ожаумен су ішсе жарының мұрны үлкен болады.
-
Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды.Сейсенбі «сәтсіз күн» деп, іс бастамайды.
-
Түнде үрейлі түс көрсе, қазақ таңертең жерге үш рет түкіріп, «Түс – түлкінің боғы» деп, үш қайтара айтып түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Мұнысы – тоймас қара жер жаман түсімді жалмап қойсын дегені.
-
Қазақ мүшелжасын жасырады, оны басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас – қатерлі жас.Тіл мен көз сұғынан сақтасын деген оймен жасын айтуға тура келсе, не асырып, не кемітіп айтады.
-
Қазақ шашты далаға тастамайды, оны жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса, адамның басы айналғыш болады.
-
Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрлаған адам аспаққа асылады, оның мойнына қыл арқан түседі деп сенеді.
Сәби, бала – қазақ халқы ұрпақ қамын ойлайтын, бала өсіріп тәрбиелеуге аса назар бөлетін ұлт. Балалы болуды қалайтын халық. Баласыз болуды үлкен кемістік, кемшілік деп көреді. Қазақ халықта «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп атайды. Қазақ бала туралы «Балаңды бес жасқа дейін хандай көр, он бес жасқа дейін жұмса, он бестен ары онымен досыңдай ақылдас» дейді.Баланы дұрыс тәрбиелеу үлкен ұлағатты іс болмақ. Қазақ халқында балаға қатысты ырым сөздер көп. Олардың бала тәрбиесіне, оның өсіп - өнуіне зор ықпал бар деп көріледі.
Бос бесікті шайқама
Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма?
Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама.
Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда.
Өліп - өшіп таңданып, нәрестеге сұқтанба.
-
Дүниеге келген нәрестенің кіндігін ақ балтамен кесіп, таза жіппен байлайды да, түбіне күл себеді. Ақ балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қояды. Ер баланың кіндігін «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырады. Ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген ырыммен ошақ түбіне көмеді.
-
Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малыңған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған, сондықтан да бұл ырым бала қасқырдай қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған.
-
Нәрестенің ұйқысы тыныш болуы үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бөлерден бұрын бесікті айналдырып, аластап шығарады.
-
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңізАшық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап табыс табыңыз!Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз. (kaspi Gold, Halyk bank)
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз